Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректордың блогына қош келдіңіз!

 

 

Құрметті сайт қонақтары!
 
Ректор блогы университет студенттерімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер сұрақтарыңызды қойып, өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және үнемі талқылау университет басшылығының жемісті жұмысына көмектеседі.
 
Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.
 

Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

 
 
Электронды пошта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz
 
 
Ректордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы оқу жылы бойы әр айдың 1-ші және 3-ші жұмаларында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
15-10-2020 14-53-55   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2434
Қайырлы күн! Бізде тап қазір оқу дистанционды түрде қашықтықтан оқып жатырмыз. Бірақ неге? Не үшін? Күндізгі бөлімнің оқу ақысы төмендетілмеді?

Қаншама ата ана, студенттің тап қазіргі ұсынысы осы дистанционды оқудың ақысын төмендету. Себебі дистанционды оқу күндізгі оқумен ақысыда, сапасыда мүлде сай келмейді!!!!

Қазірде карантин талаптары күшеюде, сол себепті ата-аналарда жұмыс барысында уақыт қысқартылуы болып жатыр. Сол жағдайларды ескеріп қарасаңыздар.


Жауап:

Құрметті студент! Біріншіден, оқу орындары еліміздегі карантин жағдайына байланысты қашықтан оқу жүйесіне көшірілді. Қазіргі уақытта сіздердің толыққанды білім алуларыңыз үшін университет тарапынан барлық жағдай жасалуда. Оқу орны қашықтан білім беру үдерісін толықтай қамтамасыз ету үшін техникалық, ақпараттық, материалдық жағынан жұмысын тоқтатқан жоқ, сондықтан барлық білім алушыларына жеңілдік жасай алмайды. Жаңа жүйе тек сіздерге ғана қиындық тудырып жатқан жоқ. Оқытушылар арнайы біліктілікті арттыру курстарына қатысып, білімдерін шыңдауда. Сондықтан ұстаздарыңызға қолдау көрсетіп, білім алуға тырысуларыңыз керек. Түсіністік танытуларыңызды сұраймыз. 

Оқу ақысына жеңілдік алу үшін өтінішіңіз бен әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды директоратқа тапсырсаңыз болады.Құжаттарыңызды арнайы құрылған комиссия қарастырады. Рахмет!
15-10-2020 14-50-49   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2433
Қайырлы күн! Бізде тап қазір оқу дистанционды түрде қашықтықтан оқып жатырмыз. Бірақ неге? Не үшін? Күндізгі бөлімнің оқу ақысы төмендетілмеді?

Қаншама ата ана, студенттің тап қазіргі ұсынысы осы дистанционды оқудың ақысын төмендету. Себебі дистанционды оқу күндізгі оқумен ақысыда, сапасыда мүлде сай келмейді!!!!

Қазірде карантин талаптары күшеюде, сол себепті ата-аналарда жұмыс барысында уақыт қысқартылуы болып жатыр. Сол жағдайларды ескеріп қарасаңыздар.


Жауап:

Құрметті студент! Карантин шектеулеріне байланысты білім алушыларымыз бен оқытушыларымыздың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оқу үдерісі онлайн режиміне көшірілді. Сіздер толыққанды білім алуларыңыз үшін университет қызметін тоқтатқан жоқ. Аталған мәселелерді ескере отырып оқу ақысын бөліп төлеу және білім алушылардың әлеуметтік жағдайына байланысты жеңілдік беру мүмкіндіктері берілді. Жеңілдік Сіздің әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңыздың негізінде қарастырылады. Өтінішіңізді жазып, институт директораты қызметкерлеріне жолдауыңызға болады. Рахмет!
13-10-2020 19-13-24   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2431
Сәлеметсіз бе Такир Балыкбаев мырза.Сізге сұрағым мен 1 курстагы GPA балым- 3,51 юолып тұр.(4 пән отлично,6пән хорошо). Осы GPA балыммен қызыл аттестат алуыма мүмкіндік бар ма?Жалпы қызыл аттестат алу үшін қандай ережелер бар?Осы 2 сұрағыма жауап бере аласызба??(курартордан сурайын десем,кураторымыз ауысып жатқаннан туракты куратор койылмады)Жауап бере аласызба 2 сұрағыма???
Жауап:

Сәлеметсіз бе!  Қызыл диплом алу үшін семестр қорытындысы бойынша оқу үлгеріміңіз 3,5 баллдан кем болмауы керек. Сондай-ақ мемлекеттік емтихан мен диплом жұмысы "өте жақсы" бағамен тапсырылуы қажет.

13-10-2020 12-24-37   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2430
Салеметсизбе мен сизге коррупция туралы айткым келип отыр. Менен 1курста осы универде жумыс жасайтын Гулнар Сисембаевна деген мугалим(толык кай жерде отыратынын билмеймын, всегда жгига шакыратын)менен 2семестр грантка ауыстырам деп 400мын тенге акша алган болатын. Уйдегилер акшаны арен тауып берды. Маган егер грант болмаса окудан шыгасын деп ескертты. Ол жалгыз менен алган жок! Тагы комнаталас 4 кыздан алган! 2семестр болды Гулнар Сисембаевна ауыстырган жок! Одан болек сессиянын балын дурыстап берем деп акша сураган болатын. Бирак мен беруден бас тарттым. Негизи ол апайдын тагы акша алган кездеры коп. Мына жерге барин жазбаяк кояйн. Сонымен карантин болып уйге кайтып кеттик. Менен универ оплата сурай бастады(мен универге тускенде 30% толеп койганмын) Мен оны Гулнар Сисембаевнага айттым ол бугн толим кешке толим деп сонымен 2курс басталды. Менен ата-анамда сурай бастады грант кайда деп мен болад болад деп журдым. Гулнар Сисембаевна акшаныда кайтармады! 100мын тенгены кырылып айкаймен арен алдык! Енды калган 300мынды али кайтара алмай журмиз! Кунде жазамыз, бир апайды айтады акша сол апайда деп. Уйне барам акшаны алуга дитта жок болып кетеды. Биресе апай больницада жатыр дейды. Тахир Оспанулы мен сизге комек сурап жаздым. Егер бул маселе шешилмейтын болса ата анам буны жай калдырмаймын деп отыр!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз назарға алынды. Хатыңызда көрсетілген пара алу фактісі бойынша жауапты тұлғалар тексеріс жүргізеді. Тексеріс нәтижесі бойынша шешім қабылданады. Рахмет!

09-10-2020 20-47-26   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Сотрудники университета

Сұрақ № 2429
Добрый вечер, Тахир Оспанович! Весной этого года, до начала карантина, была информация о проведении курсов английского языка. БЕСПЛАТНАЯ ПРОГРАММА. Собрали списки участников, помним, что провели в актовом зале презентацию о предстоящем курсе. Это был выделенный грант по линии МОН вроде. Обьявили. что 10 месяцев будут проводить курсы лучшие преподаватели, лучших школ англ языка.Организатором выступал Игисинов Талгат. Хотим получить информацию, что стало с этим грантом, будут ли проводиться бесплатные курсы. Спасибо!
Жауап:

Здравствуйте! По Вашему вопросу сообщаем следующее.​ Наш университет выиграл грант Всемирного банка на развитие офисов коммерциализации, в рамках которого планировалось провести обучение наших​ ученых​ английскому языку. В начале марта 2020 года проводились мероприятия по реализации данного проекта. По условиям конкурса проект должен был быть реализован до конца календарного года. Однако, в связи с карантином реализация проекта в 2020 году оказалась невозможной. Поэтому с грантодателем​ ведутся переговоры​ о переносе проекта на 2021 год.

09-10-2020 20-39-10   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: аноним

Сұрақ № 2428
Тахир Оспанович. здравствуйте! Замените пожалуйста директора Шапагат. Некомпетентный, не владеет ситуацией. устали уже писать о проблемах Шапагат
Жауап:

Здравствуйте! Ваше обращение принято к сведению. Будет проведен тщательный анализ​ деятельности данного центра и его руководства. Только после этого​ мы примем соответствующее​ решение. Спасибо.

09-10-2020 14-56-23   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2427
Салеметсизбе мен сизге коррупция туралы айткым келип отыр. Менен 1курста осы универде жумыс жасайтын Гулнар Сисембаевна деген мугалим(толык кай жерде отыратынын билмеймын, всегда жгига шакыратын)менен 2семестр грантка ауыстырам деп 400мын тенге акша алган болатын. Уйдегилер акшаны арен тауып берды. Маган егер грант болмаса окудан шыгасын деп ескертты. Ол жалгыз менен алган жок! Тагы комнаталас 4 кыздан алган! 2семестр болды Гулнар Сисембаевна ауыстырган жок! Одан болек сессиянын балын дурыстап берем деп акша сураган болатын. Бирак мен беруден бас тарттым. Негизи ол апайдын тагы акша алган кездеры коп. Мына жерге барин жазбаяк кояйн. Сонымен карантин болып уйге кайтып кеттик. Менен универ оплата сурай бастады(мен универге тускенде 30% толеп койганмын) Мен оны Гулнар Сисембаевнага айттым ол бугн толим кешке толим деп сонымен 2курс басталды. Менен ата-анамда сурай бастады грант кайда деп мен болад болад деп журдым. Гулнар Сисембаевна акшаныда кайтармады! 100мын тенгены кырылып айкаймен арен алдык! Енды калган 300мынды али кайтара алмай журмиз! Кунде жазамыз, бир апайды айтады акша сол апайда деп. Уйне барам акшаны алуга дитта жок болып кетеды. Биресе апай больницада жатыр дейды. Тахир Оспанулы мен сизге комек сурап жаздым. Егер бул маселе шешилмейтын болса ата анам буны жай калдырмаймын деп отыр!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз назарға алынды. Хатыңызда аталған пара алу фактісі бойынша тексеріс жүргізіледі. Тексеріс нәтижесіне байланысты шешім қабылданады.

09-10-2020 13-55-24   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2426
Қайырлы күн! Мен қазір ҚазҰУ-де биология мамандығының 3-курс студентімін. Сіздердің университеттеріңізге ағылшын тілі мұғалімі мамандығына қалай ауыса аламын?
Жауап:

Құрметті студент! Бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысу жолдары туралы сұрағыңызға  толық ақпарат алу үшін  Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс деректері: 291-13-71, 291-71-06, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!

07-10-2020 12-29-29   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2424
Сәлеметсіз бе!
бізге магистранттарға степендия қашан түседі ?
1 курс
Жауап:

Құрметті магистрант! Шәкіртақы қазан айының соңына дейін  міндетті түрде беріледі. 

07-10-2020 10-52-34   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2423
Сәлеметсіз бе, алтын белгімен оқуға түсіп, бірінші курсты тек "5" пен бітірген студенттерге 100 пайыз жеңілдік берілді. Менің өтінішім, көпбалалы және қызыл аттестат алған студенттерге де жеңілдік болса! Барлығына бірдей қарап, Жағдайды түсінсеңіздер деймін!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Университет тарапынан ақылы негізде оқитын білім алушыларға 100 пайызға дейін жеңілдік қарастырылған. Жеңілдік алу үшін өтінішіңіз бен әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды өткізуіңіз қажет. Оқу орнымыздың жеңілдіктер ережесімен сайтымыздан таныса аласыз: https://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/Pol_2020.pdf. Рахмет!

06-10-2020 18-09-55   Басқа

Сұрақ қоюшы: Кулпейсова Гулжазира

Сұрақ № 2420
Құрметті Такир Балыкбаевич,қайырлы кеш! Сіздер (білім ордасы) ұйымдастырған,24 қыркүйек 2020ж.сағат 14-00-де Абай Құнанбаевтың 175ж.мерей тойына арналған "Актуальные проблемы национального воспитания учащейся молодежи в современных условиях" тақырыбында zoon арқылы конференция өткен болатын. Өте тамаша,тағылымы мол конференция болды.Рахмет.Бізге (мен және әріптесім)Мен-Кулпейсова Гулжазира Елубайкызы, әріптесім- Какабаев Мурат Елегенулы конференцияға қатысқанымызды айқындай алатын, яғни дәлелдеу үшін ұсынатын куәлік (сертификат) келген жоқ. Конференцияға қатысқанымыз туралы сертификат қашан берілетіні жөнінде хабарласқан едім.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Хатыңыз конференция ұйымдастырушыларына жолданды. Жауапты тұлғалар Сізбен хабарласады.Рахмет!

06-10-2020 12-52-29   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2419
Сәлеметсізбе, Такир Оспанұлы. Мен осы сұрақты тікелей өзіңізге қояйын деп шештім. Бұл сұрақ букіл ҚАЗҰПУ-дағы  әріптестерімді де толғандырады деп ойлаймын. Білім министірі Асхат Аймағамбетовке тікелей эфирде кездесуде ЖОО-да қызмет жасайтын қызметкерлердің жалақысы туралы сұрақ қойғанда - 2020 жылы қыркуйектен бастап 30-40% көтереміз деген болатын. Осы аталған нәрсенің ҚАЗҰПУ-ға қатысы бар ма? Жалпы жалақымызды 2020 жылы көтеру жоспарда бар ма? Бұл сұрақты қойғанымның себебі наурыз айынан бастап АЗЫҚ-ТУЛІК, КИІМ-КЕШЕК,БЕНЗИН,ОҚУ АҚЫСЫ, КӨРСЕТІЛЕТІН ТУРЛІ ҚЫЗМЕТТЕР, ПӘТЕРЛЕРДІҢ БАҒАСЫ  40-50% жоғарылағаны өзіңізге белгілі болар, сондықтан қойып отырмын. Куз келгенде қымбатшылықтың кушейгенін бәріміз байқадық. Сондықтан жалақының көлемін қарастыруларыңызды сұраймын.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап профессор-оқытушылар құрамының жалақысы 25%-ға, қызметкерлердің жалақысы 20%-ға көтерілді.

06-10-2020 12-37-04   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2418
Сәлеметсіздер ме,егер 1 ші курста ақылы бөлімде оқитын студент оқудан өз еркімен ,1 семестр аяқталғанға дейін оқудан шыққысы келсе,оқуға төлеген ақысы қайтарыла ма?
Жауап:

Сәлеметсіз бе!  Оқудан шығу туралы бұйрық шыққан күнге дейінгі уақыттың (айлардың) төлемақысы ұсталынып, қалғаны қайтарылады. Сұрағыңыз бойынша студенттік бухгалтерия қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Телефон: 291-37-54.

05-10-2020 00-29-59   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2417
Сәлеметсіз бе! Мен магистратураның 1 курс студентімін. Бакалавр басқа мамандық болғандықтан, разница төлеуім керек. Өзім көпбалалы отбасынанмын. Пандемия әсерінен ата-анам жұмыссыз қалды. Осы жағдайға қатысты разницаның төлемін азайтуға болады ма? Қандай да бір скидка болады ма?
Жауап:

Сәлеметсіз бе!  Сұрағыңыз бойынша өтінішіңіз бен әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды институт директоратына өткізуіңіз қажет.  Өтінішіңізді арнайы құрылған комиссия қарастырады. Байланыс телефоны: 291-83-82. Рахмет!

03-10-2020 11-48-09   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2416
Қайырлы күн, Тахир Оспанұлы! 5 қазаннан бастап Хореография мамандығы офлайн түрде сабағын жалғастырады. Ал сол мамандықта оқитын льгота(толық жетім, көп балалы, жартылай жетім) бар студенттерге 4 жылдық жатақханамен қамтамасыз етіледі деген болатын. Ол студенттер жатақханаға сеніп қалды. Ендігіде оқуға тұратын жері болмағандықтан бара алмай отыр. Бұл жағдайдын қандайда бір шешімі барма?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Ата-аналардың өтініші бойынша «Хореография» мамандығы 2-3 курс студенттерінің сабақтары офлайн және онлайнға көшіру мәселесі қарастырылды. 5 қазаннан бастап,  тек 2-4 курс студенттері ғана офлайн сабаққа шақырылады. Ал жатақхана мәселесіне келетін болсақ, аса мұқтаж санатындағы (толық жетім) студенттерге жатақханаға жолдама берілді.   

 

02-10-2020 17-04-32   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2415
Қайырлы күн құрметті Тахир Балықбаев. Мен ҚазҰПУ-нің бітіруші түлегімін. Елімізде болып жатқан ахуалға байланысты дипломдық жұмысты жазу һәм қорғау мәселесі қарастырылып жатыр ма? Емтихан тапсырамыз ба? Жалпы қандай форматта ұйымдастырылады? Рақмет!!!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Оқу үдерісі мен қорытынды аттестаттау 2020/2021 оқу жылының Академиялық күнтізбесіне сәйкес офлайн форматында өткізілу жоспарлануда.

02-10-2020 14-28-06   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2414
Сәлеметсіздер ме! Біздің университетте неге 3-курстың үздік оқитын студенттеріне әлі күнге дейін президенттік шәкіртақы тағайындалмады? Өзіміз қатарлы басқа да педагогикалық ЖОО-ларда 3-курстан бастап үздік үлгерімді студенттер алып жатыр. Бізге қашан? Нақты ақпаратты сізден білуді жөн көрдім(оқу бөлімінен сұрасаңыз болады деп бағыттамауыңызды өтінемін)
Жауап:

Құрметті студент! Президенттік шәкіртақы мемлекет тарапынан тағайындалатындықтан, нақты ақпарат бере алмаймыз. Ресми ақпаратты сайтымыздан бақылап отыруыңызды сұраймыз. Қосымша институт директоратынан да хабарланатын болады. Рахмет!

01-10-2020 12-37-36   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2413
Саламатсыз ба?
Маған бұрын оңайлықпен алынатын документтерді қазіргі таңда алу қиыншылыққа алып келіп жатыр. Бізде дистонционное обучение болып жатқандықтан мен Алматы қаласында бара алмаймын. Документтерді қашықтықтан ала алтындай етіп жағдай жасаңыздаршы. (Шапағат тағы оқып жатыр деген справка емес)
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Қажетті құжаттар тізімі көрсетілген өтінішіңізді институт басшылығына жолдасаңыз болады. Институт директораты қызметкерлері міндетті түрде көмектеседі. Рахмет! 

29-09-2020 21-18-17   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Байғазы Сая

Сұрақ № 2412
Сәлеметсізбе? Мен 1 курс студентімін!
Басқа студенттердің карточкасы дайын екен,мен звондап сұрап едім,менікі тіпті заяка берілмеген,мен қалай,қайдан білемін оны,қалай аламын степендияны?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңызда көрсетілген мәселе бойынша жауапты тұлғаларға тапсырма берілді. Рахмет! 

29-09-2020 18-51-37   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 2411
Сәлеметсіз бе! Мен Педагогика психология институты, Дефектология мамандығының 4 курс студентімін. Өндірістік практика жәйлі өтінішім бар. Мен ауыл квотасымен грант иегерімін. Сол себепті, өндірістік практиканы ауылдың инклюзивті білім беру бағдарламасы бар ЖББ мектебінде офлайн түрде өткім келіп еді,себебі бұл мен үшін үлкен тәжірибе. Яғни, ол мектепте арнайы білім беруді қажет ететін балалар бар, және де Дефектолог маманының штаты бар.
Бірақ, біздің практиканың методист тәлімгері рұқсат бермей отыр. Мен практиканы өткім келіп отқан мектеп, алдағы уақытта, оқу бітіргеннен кейін жұмысқа міндетті түрде қабылдау туралы анықтама беріп отыр. Және де сұраныс хат жібереміз деп отыр. Бірақ тәлімгеріміз ол практиканы алдағы уақытта қорғау туралы айтып, бізді кішкене қорқытып қойды. Қазақстанның ешкандай ауылында арнайы білім беру мекемелері жоқ,тек инклюзивті білім беру бағдарламасы бар ЖББ мектепте ғана жұмыс жасай аламыз ғой алдағы уақытта, грант өтеу үшін. Неге соны ескермеске? Неге студентке мүмкіндік бермеске?!
Жауап:

Құрметті студент! Бітіруші курс студенттеріне кәсіби (өндірістік) практикадан өту үшін университет тарапынан бірқатар мүмкіндіктер жасалуда:

- мамандық бойынша келісім шарт жасалған арнайы білім беру мекемелерінде пратикадан өту;

- мамандығы бойынша жұмыс жасап жүрген студенттер, жұмыс орнынан анықтама және жұмысқа қабылдану туралы бұйрықтың көшірмесін ұсынған жағдайда;

- мамандығы бойынша практикадан өтуге мүмкіндік жасап, мекемеде мамандандыруға сай (сурдопедагогика, олигофренопедагогика, тифлопедагогика, логопедия) жетекшілік ететін, арнайы дефектолог маман - әдіскер бекітіліп, оқуды бітіргеннен кейін сол мекемеге жұмысқа қабылдау туралы сұраныс хат жіберген жағдайда практикадан өтуге рұқсат беріледі.

Өзіңіз жазғандай бұл кәсіби өндірістік тәжірибе, инклюзивті оқу тәжірибесі емес. Сіз сұранып отырған мекеме инклюзивті сыныптары бар ЖББ мектеп болғандықтан, мамандандыру (сурдопедагогика, олигофренопедагогика, тифлопедагогика, логопедия) бойынша практикадан өту мазмұнын толықтай ашпайды. Даму бұзылысының түріне байланысты, яғни белгілі категория бойынша ерекше білім беруді қажет ететін балалармен арнайы түзету сабақтарына (жеке, фронтальды) қатысып, ұйымдастырып өткізу, кәсіби құзыреттіліктерге ие болу - аталған практиканың негізгі мақсаты. Сол себепті аталған білім беру мекемесінде кәсіби өндірістік практика мазмұнын, өзіңіз таңдаған мамандандыру (сурдопедагогика, олигофренопедагогика, тифлопедагогика, логопедия) бойынша толық орындау міндеттеледі. Практикадан өту барысында барлық студенттерге бірдей талап қойылады, барлық студенттермен бірге қорытынды есеп беруге (қорғауға) қатысасыз. Рахмет!

 

Барлығы: 4046

« перв. ... < пред. ...  101  102  103  104  105 106  107  108  109  ... след. > ... посл. »

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Мамыр, 2024
4
Сәуір, 2024
10
Наурыз, 2024
5
Ақпан, 2024
20
Қаңтар, 2024
11
Желтоқсан, 2023
21
Қараша, 2023
19
Қазан, 2023
17
Қыркүйек, 2023
25
Тамыз, 2023
39
Шілде, 2023
29
Маусым, 2023
60
Мамыр, 2023
41
Сәуір, 2023
49
Наурыз, 2023
22
Ақпан, 2023
42
Қаңтар, 2023
68
Желтоқсан, 2022
55
Қараша, 2022
50
Қазан, 2022
62
Қыркүйек, 2022
52
Тамыз, 2022
33
Шілде, 2022
32
Маусым, 2022
49
Мамыр, 2022
139
Сәуір, 2022
64
Наурыз, 2022
45
Ақпан, 2022
46
Қаңтар, 2022
57
Желтоқсан, 2021
29
Қараша, 2021
43
Қазан, 2021
70
Қыркүйек, 2021
75
Тамыз, 2021
109
Шілде, 2021
79
Маусым, 2021
62
Мамыр, 2021
69
Сәуір, 2021
74
Наурыз, 2021
47
Ақпан, 2021
42
Қаңтар, 2021
68
Желтоқсан, 2020
61
Қараша, 2020
62
Қазан, 2020
42
Қыркүйек, 2020
48
Тамыз, 2020
57
Шілде, 2020
81
Маусым, 2020
88
Мамыр, 2020
65
Сәуір, 2020
86
Наурыз, 2020
57
Ақпан, 2020
37
Қаңтар, 2020
28
Желтоқсан, 2019
47
Қараша, 2019
72
Қазан, 2019
70
Қыркүйек, 2019
61
Тамыз, 2019
88
Шілде, 2019
47
Маусым, 2019
71
Мамыр, 2019
54
Сәуір, 2019
70
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений