Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректордың блогына қош келдіңіз!

 

 

Құрметті сайт қонақтары!
 
Ректор блогы университет студенттерімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер сұрақтарыңызды қойып, өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және үнемі талқылау университет басшылығының жемісті жұмысына көмектеседі.
 
Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.
 

Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

 
 
Электронды пошта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz
 
 
Ректордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы оқу жылы бойы әр айдың 1-ші және 3-ші жұмаларында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
13-12-2020 19-32-16   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4460
Сәлеметсіз бе, Такир Оспанұлы. Мен 3 курстың студентімін, сабақ нәтижем тек қана бес, енді президенттік степендияға қалай және қашан набор болады, факультеттегі жауапты адамдардан хабар ала алмаған соң сұрап отырмын, жауап берерсіз деген үміттемін.
Жауап:

Құрметті студент! Президенттік шәкіртақы мемлекет тарапынан тағайындалатындықтан, нақты уақытын айта алмаймыз. Шәкіртақыны тағайындау туралы толық ақпарат сайтта жарияланып, директорат тарапынан хабарланады. Ресми ақпаратты сайтымыздан бақылап отыруыңызды сұраймыз. Рахмет!  

12-12-2020 22-44-08   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4458
Қайырлы күн,құрметті Такир Оспанұлы!
Біз сіз басқарып отырған білім ордасында қанша жылдар бойы педагог қызметін атқарған,қаншама студенттерге сапалы білім беріп,болашаққа нық қадам басуына және ең бастысы әрбір студент өзін болашақ педагог ретінде тәрбиелеуіне өз үлесін қосқан ,біздің сүйікті апаймыз-Жұмашева Светлана Сатыбалдықызына алғыс айтқызым келеді.
Құрметті,Жұмашева Светлана Сатыбалдықызы сіздің университетке сіңірген еңбегіңіз ерен!Біздер студенттер сіздің сол еңбегіңізге,бізге берген сапалы біліміңізге үлкен алғыс айтамыз.Біз осыған дейін өз жұмысының майталманы,студенттер,сабақ десе ішкен асын жерге қоятын педагогты алғаш көруіміз.Жақсының жақсылығын айт дегендей,біздің сізге айтар алғысымыз шексіз!!!Жұмысыңызға табыс тілейміз.Шәкірттеріңіз үмітіңізді ақтай берсін!Біз сізді жақсы көреміз,апай!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Алғыс білдіргендеріңіз үшін сіздерге рахмет  айтамыз. Алдағы сессияда сәттілік тілейміз!

12-12-2020 18-28-17   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4457
Сәлеметсіз бе! Желтоқсан айының степендиясы қай уақытта түседі. Рахмет!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Шәкіртақы 15 желтоқсан күні беріледі. Келе жатқан Тәуелсіздік күні құтты болсын! 

12-12-2020 14-06-32   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Әмірханова Арайлым Оразбайқызы

Сұрақ № 4454
Біз МФжИ 6В01501 - Математика, мамандығының 2-курс МОК-191 студенттеріміз.
Біз аталған өз алғыс тілегімізді ақпараттық коммуникация пән мұғалімі Құрметті Нургул Курмагалиева білдіреміз.
Себебі қазіргі пандемия кезінде оқу қанша қиын болсада, бізге бар білгеніңізбен, біліміміңізбен бөлістіңіз. Жай ғана wordтың өзінен біз білмейтін нәрселер көп екенін ұқтырдыз және біздің техникалық білімімізді арттырдыңыз. Барлық тапсырманы бір ссылкамен ақ ұтымды көрсетуді сізден үйреттіңіз.
Бұл аталған кішкене ғана word біздің үйреуіміздегі біліміміздің тек кішкене бөлігін ғана құрайды. 15 апта бойы сапалы да заман талабына сай біліміңіз бізге үлкен септігін тигізіп біз тек Акт сабағынан ғана емес үштілді білім алып білімге деген тынысымызды кеңейттік.
Әр кезде түсіністік танытқаныңызға мың алғыс!!! Студенттер сұрағына кез-келген уақытта жауап беріп, түсінбеген жағдайда қайта мүмкіндік жасап алтын уақытыңызды бөлгеніңіз үшін рақмет! Қанат бітірер жігерлі сөздеріңіз бізге білім жолымызда үлкен қуаныштар сыйлады! Сіздей Ұстаздың студенті болғанымызға қуанамыз.
Сізге жұмысыңызға табыс, отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілейміз. MOK-191 топ студенттері сізге шын жүректен алғысытарымызды айтамыз!
Жауап:

Құрметті студенттер! Ұстаздарыңыздың еңбегін бағалап, алғыс жолдағандарыңыз үшін рахмет айтамыз. Келешекте сіздердің жоғары дәрежелі маман иесі болуларыңызға тілектеспіз! 

12-12-2020 11-15-49   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4449
Қайырлы күн Такир Балықбаев мырза ! Мен 4-ші курс студентімін.Әлемдік пандемия әсерінен қашықтықта оқутылуымыз себеп, тұрғылықты жерде интернет әлсіздігі мен керекті құралдармен жабдықталмағандықтан, мен күзгі семестрде бір пәннен емтиханға рұқсат ала алмай қалдым.Мұндай жағдайда келесі жылы оқытуға қалдырылып,дипломды бір жыл кешіктіріп алатындығынан енді ғана хабардар болып тұрмын. Осы мәселеде уақытша болған қиындықтарды ескере отырып, жазға қалып қойған пәнімді ақысын төлеп,қысқы семестрден соң оқуға рұқсат берсеңіз.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Хатыңызда көрсетілген мәселе бойынша Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.: 8 (727) 291-13-71. Рахмет!

11-12-2020 19-33-54   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4446
Салеметсізбе Тахир мырза!Сізден сұрайын дегенім жаратылыстану институтының биылғы жатақхана ақшасы соңғы 2 ай қайтарылды.Ал номері 5 ші жатақхана ақшасы қашан қайтарылады?Неге бәрін бірге қайтармайды?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Өтінішіңізді және жатақхана орнына төленген төлемді растайтын түбіртекті өткізсеңіз қайтарылады. Рахмет!

11-12-2020 17-42-13   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4445
Құрметті, Такир Балықбаев!!! Мен физика-математика факультетінің 4 курс студентімін 2020 ж 1 семестрде онлайн сабақтар болуына байланысты өз білімімді толқ көрсете алмай бір сабақтан 1рк және 2 рк және аралық бақылаулардың соммасы 27 балл болп қалды. Ереже бойынша 30 баллдан асу керек екен. Енді сұрағы пандемияға байланысты осындай кедергілер болуына байланысты лето сабақтарына мемлекеттік емтиханға дейін төлеп тапсыруға болады мекен? 4курста летога қалып тағы бір жыл оқу міндеттіма?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефондары: 291-13-71, 291-71-06, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!

11-12-2020 17-04-15   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Лабакова Айгерим

Сұрақ № 4444
Біз 1курс МОК-201у тобының студентіміз. Осы семестр бойынша сабақ берген барлық педагогтарға алғысымыз шексіз! Әрқашан жүздеріңізден күлкі кетпей, тәрбиелеп шығарған студенттеріңіздің құрметіне бөленіп жүре беріңіздер. Атқарып жүрген қиындығы мен қызығы қатар жүретін қызметтеріңіздің тек жемісін көре беріңіздер!
Әсіресе, тобымызбен бірге осы семестр бойынша Капарова Рымкуль, Алмагуль Кайырбаевна, Жансейтова Лаззат апайларға ерекше алғыс айтамыз! Барлығын нақты үйретіп, түсіндіріп, көмектескеніне. Алдағы семестрлерде де сабақ бергенін қалаймыз! Мықты педагогтар.
Жауап:

Құрметті студенттер! Ұстаздарыңызға жолдаған алғыстарыңыз үшін рахмет айтамыз. Сіздерге білім және еңбек жолында тек сәттілік тілейміз! 

11-12-2020 16-02-11   Студенттен

Сұрақ қоюшы: МОК191 тобының студенттері

Сұрақ № 4443
Құрметті профессор Балықбаев Такир Оспанұлы!
Біз Математика, Физика және Информатика институтының 6В01501- Математика пәнінің мұғалімдігін даярлау мамандығының 2курс студенттері МОК 191 тобы психология пәнінен берген Сәлмеке Салтанат Аманқызына алғысымызды білдіреміз. Әрбір сабағын қызықты, түсінікті өткізгенініздің арқасында психология пәні туралы біраз мәліметтермен таныстық. Әрбір оқушының өзінше бір ерекшеліктері бар. Сол оқушылармен қандай қарым-қатынаста болу керектігін, қалай жұмыс істеу керектігін жетік меңгердік. Алған білімімізді болашақ педагог ретінде қолданарым сөзсіз!Өзінің ұтқыр ойлауымен, қызықты сабақ өткізуімен МОК191 студенттерінің жүрегіне жол тапқан ұстазым сізге алғысымыз шексіз!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Ұстаздарыңыздың еңбегін бағалап, алғыс білдіргендеріңіз үшін рахмет айтамыз. Білім және еңбек жолында толағай табыстар тілейміз!

11-12-2020 15-34-40   Студенттен

Сұрақ қоюшы: МОК191 тобының студенттері

Сұрақ № 4442
Құрметті профессор Балықбаев Такир Оспанұлы!
Біз Математика, Физика және Информатика институтының 6В01501- Математика пәнінің мұғалімдігін даярлау мамандығының 2курс студенттері МОК 191 группасы 2020-2021 оқу жылында психология пәнінен сапалы білімі мен өнегелі тәрбиесін берген Жігітбекова Бахыт Дастанқызына ерекше алғыс білдіреміз! Құрметті Жігітбекова Бахыт Дастанқызы, әрбір бағажетпес дәрістеріңіз мен өмірлік жолымызда қажет болатын тәжірбиелеріңізбен бөліскенінізге көп рахмет! Әрбір дәріс сабақтарыңызда студенттермен кері байланыс жасап, әрбір студентті бағалап, қазіргі жағдайға байланысты студенттерге моралдық тұрғыдан көмек көрсеткенініз үшін рахмет! Бізді қанша жерден қашықтықтан болсада таласып тармасып сабақ айтатын, дебат жасайтын, пікір алмасатын, жан-жақты айтқан пікірімізді бағалайтын сіздей маманнан сабақ алғанымыз үшін қуанамыз.МОК191 тобы сізге шығармашылық табыс тілейді!!
Жауап:

Құрметті білім алушылар! Ізгі тілектеріңіз бен алғыстарыңыз үшін көп рахмет. Білім және еңбек жолында толағай табыстар тілейміз!

10-12-2020 22-58-21   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Ақжолбек Жанель

Сұрақ № 4440
мен 1 курс студенті боламын. фек -201 тобы. мен қазір Ақпараттық-коммуникациялық технология пәнінен беретін Диана Ермекова ға алғысымды айтамын. Бізге көөөптеген сапалы білім үйретті. Біз білмейтін көп нәрсені көрсетті. шын жүегіммен алғысымды білдіремін ДИАНА ЕРМЕКОВА
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Алғыс жолдағаныңыз үшін Сізге рахмет айтамыз. Білім және ғылым жолында табыс тілейміз!

10-12-2020 02-14-53   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4427
Сәлеметсіз бе Тахир Оспанович.Мен осы универдің (ақылы)платный бөлімінде оқимын.Байқағаным универде көбінесе гранттағы студенттерге көңіл бөледі!! Мұғалімдер студенттер гранттан түсіп қалмасын деп олардыда ескеріп жатады!Әрине ол дұрыс!Менің оған ешқандай өкпем жоқ!Бірақ неліктен Студенттің оқыған біліміне лайықты балл қоймайды?Платныйда оқып жатсақта ,грантка ауысу үшін қолымыздан келгенше күн-түн демей оқимыз.Алайда Ол студент-Грант десе болды гранттан түспесін деп көтермелейді,ал егер ол студенттің ақылы екенін білсе,ақылы екенгойййй дейдіда төмен балл қойып тастайды!Сонда Студенттің біліміне қарап бағалау қайда қалды?!Бізді әке-шешеміз қатарынан қалмасыншы деп тапқанын оқуымызға төлеп отырады.Біздіңде грантка ауыскымыз келеді.Біз әдейі түсейікші деп ақылы бөлімге түскен жоқпызғой,бізде тек грант/ақылы деп алаламай оқығанымызға лайық қойып берсе екен дейміз.
Алайда, Универде қатып қалған ереже бар-Студентті Гранттан құлатпау деген!!!
Сонда Универге Грантпен түссе , бітіргенге дейін студенттің білім деңгейі төмен ,грантта оқуға тұрмайтын студент болсада грантта қалуы керекпа?
Бұл Біздің Универде Ақылы бөлімде оқитын көп студенттің басындагы Үлкен ПРОБЛЕМАСы деп ойлаймын.Басқа Универде гранттан, степендиядан құлатпау деген қағида жоқ.Тек ,Білім сапасына мән береді!Ал біздің Универімізде неліктен Білім сапасына көңіл бөлінбейді?
Осыны қарастырасыз деген ойдамын!!!
Жауап:

Құрметті студент! Біз үшін әр білім алушы маңызды. Грант иегерлеріне мемлекет тарапынан шәкіртақы берілсе, университет тарапынан ақылы негізде оқитын білім алушыларға бірқатар жеңілдік қарастырылған. Жеңілдік білім алушылардың әлеуметтік жағдайын растайтын құжаттар негізінде, арнайы комиссия құрамының шешімімен ұсынылады. Сонымен қатар оқу үлгерімі "өте жақсы", белсенді студенттерімізге бос мемлекеттік грант орындарына ауысуына мүмкіндіктер берілген. Ол үшін бос мемлекеттік грант орындары конкурсына қатысуыңызға болады. Конкурс туралы ақпараттар ресми сайтта жарияланады.

Сұрағыңыздағы білім алушылар білімінің дұрыс бағалануы туралы мәселені міндетті түрде ескереміз. Бұл мәселе бойынша жауапты тұлғаларға тапсырма берілді. Рахмет!  

09-12-2020 21-23-01   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Сара

Сұрақ № 4426
Сәлеметсіз бе! Сізге үлкен өтініш филиппин мұғалімдері біздің білімімізді дұрыс бағалай алмайды, сабақтан қалмай,уақытылы қатысып барлық тапсырманы орындап жүрсекте!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңызда көрсетілген мәселе қарастырылады. Рахмет!

09-12-2020 10-30-28   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4421
Сәлеметсіз бе, Такир Оспанович! Мен Педагогика және психология институтының 2-курс студенті боламын. Мен сізбен кездесуге қатысқан болатынмын. Сіз өтінішті кез келген уақытта жаза аласыздар деген болатынсыз. Алайда бізден 8 желтоқсан таңғы сағат 10 ға дейін тапсырыңыздар деген. Енді мен өтінішті қайта жаза аламын ба!? Мен кез келген уақытта жаза аламын деп ойлаған едім.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Өтінішті директорат тарапынан белгіленген уақытта өткізу қажет. Сұрағыңыз бойынша институт директораты қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Рахмет!

08-12-2020 17-51-12   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4420
Салеметсизбе мен осымен 3 рет хат жазудамын, али жауап бермединиз,
Менин маселем мен 4 курс информатика мамандыгынын студентимин, толык емес отбасы ретинде оку акысына женилдик алушы едим, осы жылы пандемияга байланысты кужаттарды онлайн тапсыратын болдык , кужаттарымды группа старостасы алган еди откиземин деп, енди оку акысын толер уакыт келгенде кужаттарын откизбегенсин кешиктин енди женилдик берилмейди деп жатыр, сизден сурайын дегеним кужаттарды кешиктирип откизуиме руксатынызды берсениз, себеби оку акысын женилдиксиз толеуге мумкиншилигим болмай тур.Бей жай карамауынызды отинемин.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Хатыңызда көрсетілген мәселе бойынша жауапты тұлғаларға тапсырма берілді. Өтінішіңіз бойынша Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен хабарласуыңызға болады. Тел.: 8 (727) 291-13-71. Рахмет!

08-12-2020 17-41-09   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4419
Сәлеметсізбе Тахир Оспанұлы. Менің сізге қояр өтінішім бар еді.Мен 2-курс студенті ФилКбби да оқимын. Бізді апайлар дұрыс бағаламайды.Латынәліпбиі қазақ жазуынан пәнінен сабақ беретін апай, яғни Бисенбаева Меруерт РК бағамды төмен қойып қойған.Әйтпесе мен барлық тапсырмаларды жіберіп жүрмін, әр апта сабақ айтып жүрмін, сабақ айтпаған болсам бір сабағын айтпаған шығармын болмаса сабақтарға қатысып жүрмін.Осы мәселені қарастырып берсеңіз құрметті Тахир Оспанұлы.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Хатыңызда көрсетілген мәселе бойынша Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен хабарласуыңызға болады. Тел.: 8 (727) 291-13-71. Рахмет!

08-12-2020 15-24-35   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4418
Құрметті, Такир Балықбаев!!! Сізге өтініш айтсам деп едім. Отбасылық жағдайға байланысты оқудың төлемақысын кешіктіріп төлеуге рұқсат етіңізші!!! Төлемақы міндетті түрде төленеді. Оған дейін менің 1 семестр бағамды қоя беруге рұқсат етіңізші!!
Жауап:

Құрметті студент! Рұқсат беріледі. Өтінішіңіз бойынша институт директорымен немесе Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен хабарласуыңызға болады. Тел.: 8 (727) 291-13-71. Рахмет!

08-12-2020 09-01-16   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Студент

Сұрақ № 4417
Курметти Тахир Оспанұлы! Биздин сизге айтар назымыз бар.Бизге Серік Асылбекұлы деген агай сабак береди.Сабағында Каралы сұлу жане Ақбілек романдарындағы айелмен еркектің ара қатынасы туралы сұрақ коп койып,сол жағын талдата береді.Бизге қыз балаларға оны айту ынғайсыз.Осыны ескерсеніз.Откулак асады деген ойдамыз
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Хатыңыз назарға алынды. Аталған мәселені қарастыру үшін жауапты тұлғаларға тапсырма берілді.

07-12-2020 21-57-27   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4416
Құрметті, Тахир Оспанұлы! Сызге ФМжИ институтының 5в010900 - Математика мамандығында окитын МОК-182 тобының студенттері атынан мың алғыс айткымыз келеді. 2 күн уакытынызды болып, әр бір студенттің сұрагына жауап беріп, сонымен қоса қысқы емтиханға бірталай жеңілдіктер жасап бердіңіз. Біздің университет студенттеріне барлық жағдай жасап отыр, біз сізбен мақтан тұтамыз!!!
Жауап:

Құрметті студенттер! Қысқы сессияны сәтті аяқтап, ата-аналарыңызды қуантыңыздар. Алғыстарыңыз үшін үлкен рахмет! 

07-12-2020 19-18-10   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 4415
Сәлеметсіз бе,Құрметті Такир Оспанұлы.Мен Жаратылыстану және География институтының 1 курс студентімін.Негізі мәселем,бізді ИКТ және Ағылшын пәндерінен дұрыс бағаламайды.Тапсырмаларды айтқан уақыттында жібереміз,сабақ үстінде бәріміз белсенді қатысамыз.Рубежка баллдарымыз аз болып жатыр.Кейде интернет желісі дұрыс ұстамай қалып жатады.Бірақ,көп жағдайда бар жағдайымыз жеткенше сабаққа қатысуға тырысамыз.Кейбір мұғалімдер оны түсінбейді.Осы мәселе қазір студенттерді толғандырып тұр!
Жауап:

Құрметті студент! Оқытушы тарапынан біліміңіз дұрыс бағаланбаған жағдайда институт директорымен кез келген уақытта хабарласуыңызға болады. Институт деңгейінде арнайы комиссия құрамымен тексеру жүргізіліп, білім алушының орындаған тапсырмалары қайта бағаланады.

Сіздерге айтатынымыз, оқытушы берген тапсырманы уақытылы орындап, білім және ғылым, шығармашылық жолында білімдеріңізді шыңдауға тырысыңыздар. Сіздердің жарқын болашақтарыңыз үшін білімнің маңызы зор екенін ескертеміз.

Барлығы: 4045

« перв. ... < пред. ...  95  96  97  98  99 100  101  102  103  ... след. > ... посл. »

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Мамыр, 2024
3
Сәуір, 2024
10
Наурыз, 2024
5
Ақпан, 2024
20
Қаңтар, 2024
11
Желтоқсан, 2023
21
Қараша, 2023
19
Қазан, 2023
17
Қыркүйек, 2023
25
Тамыз, 2023
39
Шілде, 2023
29
Маусым, 2023
60
Мамыр, 2023
41
Сәуір, 2023
49
Наурыз, 2023
22
Ақпан, 2023
42
Қаңтар, 2023
68
Желтоқсан, 2022
55
Қараша, 2022
50
Қазан, 2022
62
Қыркүйек, 2022
52
Тамыз, 2022
33
Шілде, 2022
32
Маусым, 2022
49
Мамыр, 2022
139
Сәуір, 2022
64
Наурыз, 2022
45
Ақпан, 2022
46
Қаңтар, 2022
57
Желтоқсан, 2021
29
Қараша, 2021
43
Қазан, 2021
70
Қыркүйек, 2021
75
Тамыз, 2021
109
Шілде, 2021
79
Маусым, 2021
62
Мамыр, 2021
69
Сәуір, 2021
74
Наурыз, 2021
47
Ақпан, 2021
42
Қаңтар, 2021
68
Желтоқсан, 2020
61
Қараша, 2020
62
Қазан, 2020
42
Қыркүйек, 2020
48
Тамыз, 2020
57
Шілде, 2020
81
Маусым, 2020
88
Мамыр, 2020
65
Сәуір, 2020
86
Наурыз, 2020
57
Ақпан, 2020
37
Қаңтар, 2020
28
Желтоқсан, 2019
47
Қараша, 2019
72
Қазан, 2019
70
Қыркүйек, 2019
61
Тамыз, 2019
88
Шілде, 2019
47
Маусым, 2019
71
Мамыр, 2019
54
Сәуір, 2019
70
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений