07-04-2021 17-13-02
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4753 Сәлеметсіз бе! 2 семестр сессиясын яғни көктемгі сессияны жеңілдетуді сұраймыз! Себебі 1 семестрде болмаған интернет сеть ноутбук 2 семестр де болады деп ойлаймын. Өз басым қалада тұрсамда свет өшіп қалу, сеть баяулап кетуі деген сияқты ақаулар жиі болып тұрады, онымен қоса универ жүйесі рубежка кезінде істемей қалады сессия кезінде жұмыс жасайды деп ойламаймын. Сонымен қатар ноутбук жоқ болса қайдан табамыз, ағайынымнан алайын десем ол ноутбукте камера жоқ. 1 семестр сессия алдында пробный тесттер болған, сол пробный тесттің өзіне кіре алмадық. Осы жағдайларды ескере отырып 2 семестр сессиясын 2 рубежка баллын қосып орташа балл қоюды сұраймыз!
Жауап:
Құрметті студент! Көктемгі емтихан сессиясының формасы бекітілуде. Емтиханға қатысты барлық талап-өтініштеріңіз ескеріліп, арнайы нұсқаулық беріледі. Рахмет!
07-04-2021 17-03-57
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4752 Сәлеметсіз бе! Бізде осы жолы сессия болады деп жатыр, бірақ 1 семестірде болмаған. Бірақ осы жолы болады дейді,бірақ 1 семестрде ұстамағн сеть осы жолы ұстайды деп ойлайсыздар ма? Оның үстіне көбісі ауылдық жерде тұрады, ал ауылдық жерлерде сеть дұрыс емес, жарайды басқалар үшін айтпасам да, мысалы менің өзімнің ауылымда сеть жақсы ұстайды деп айта алмаймын, тіпті нормальный ұстап отырған кездің өзінде кез келген кезде сеть нашарлап кете салады, жай сабақтардың өзінде, нормально ұстап тұрып, әп сәтте нашарлар шығып кете салады, не болмаса свет сөніп қалса, онда ол кезде де сеть ұстамайды. Өтінемін осы мәселелрдің барлығын қарастыруларыңызды сұраймын!
Жауап:
Құрметті студент! Көктемгі емтихан сессиясының формасы бекітілуде. Емтиханға қатысты барлық талап-өтініштеріңіз ескеріліп, арнайы нұсқаулық беріледі. Рахмет!
06-04-2021 17-04-47
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4749 Здравствуйте. У Вас на сайте есть только Методические рекомендации по выполнении дипломной работы. Можно выдюжить на сайт МУ по заполнению магистерских и докторских диссертаций. Спасибо.
Жауап:
Уважаемый магистрант! Порядок выполнения магистерских работ распределен по директоратам институтов, также имеется на каждой кафедре.Мы учтем Ваши предложения и разместим информацию на сайте. Спасибо!
06-04-2021 15-26-21
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4748 Сәлеметсіздер ме?! Менің президенттік шәкіртақыға байланысты сұрағым бар еді. 2020жылдың желтоқсан айының соңғы күндері 3-4 курс студенттеріне сессия қорытындысына сәйкес шәкіртақы түсті. Білуімізше, президенттік шәкіртақы бір жылға тағайындалады. 2021 жылдың,яғни, 2-семестрдің шәкіртақысы студенттерге қашан түсіріледі? (Қаңтар,ақпан,наурыз,сәуір айларыныкы) қысқы сессия стипендиясы бөлініп-бөлініп түскен болатын. Нақты бір айға қанша сумма бекітілгенін түсіне алмадық. Көтерілген педагогикалық стипендия есебімен төленеді ме? 2-семестрдің стипендиясы қашан түседі? (деканаттан және бухгалтериядан нақтысын біле алмадық, жауапты сіздерден аламыз деп ойлаймыз)
Жауап:
Құрметті студент! Президенттік шәкіртақы 1 жылға емес, тек 1 академиялық кезеңге ғана тағайындалады. Шәкіртақы төлеу мемлекет тарапынан жүзеге асырылатындықтан, білім алушыларға берілетін шәкіртақы көлемін мемлекет белгілейді. Сұрағыңыз бойынша институт директоратынан қосымша ақпарат алуыңызға болады. Рахмет!
05-04-2021 18-24-37
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4747 Кеш жарық! Осы жылы докторантураға түсу үшін, ағылшын тілі бойынша IELTS қандай болуы тиіс(academic немесе general)? педагогика және психология институтына. РАХМЕТ!
Жауап:
Құрметті талапкер! Оқуға қабылдау туралы ережелер 20 маусымнан бастап университет сайтында жарияланады, толық ақпаратты сол кезде біле аласыз. Қосымша ақпарат алу үшін университеттің Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығына хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-57-68, 291-87-80. Рахмет!
05-04-2021 18-23-17
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4746 Саламатсыз ба,акиматский грантта оқитын студенттерге әлі наурыз айының стипендиясы түспеді,не себеп екенін білесіздер ме?
Жауап:
Құрметті студент! Шәкіртақы ректор бұйрығы негізінде әр айдың алғашқы күнінен бастап жартыжылдық емтиханына дейінгі аралықта төленеді. Егер шәкіртақыңыз уақытылы түспесе, толық ақпаратты студенттік бухгалтериядан біле аласыз. Байланыс тел.: 291-37-54.
05-04-2021 13-11-53
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4745 Сәлеметсіз бе. Қысқы сессия қорытындысы бойынша, босаған ваканттық грант иегерлері қашан анықталады?! Приказ әлі шықпады ма
Жауап:
Құрметті студент! Босаған бос білім беру гранттарына ұсынылған үміткерлерді іріктеу ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан жүзеге асырылады, Білім және ғылым министрі грант тағайындаған студенттер (магистранттар) тізімі министр бұйрығы түрінде келеді. Бұйрыққа сәйкес грант тағайындалған білім алушылар тізімі университет сайтының «Хабарландыру» бөліміне, «Univer» жүйесіне орналастырылады және институт директораттарына хабарланады.
05-04-2021 12-24-36
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4744 Сәлеметсіз бе Тахир Оспанұлы! Мен көктемгі сессия жайлы, көбісінде өзіңіз білетіндей дұрыс сеть ұстамайды,студенттердің көбісі ауылдарда тұрады. Менде сеть дұрыс ұстамайды далаға шығып сеть ұстап, сабаққа кіремін. Оған қоса ноутбук,веб камера, микрофлн жок. Алдындагыдай қысқы сессиядай әркім өз таңдауы бойынша емтихан тапсырауды сізден сұраймын. РК баллына қанағаттанбайтындар емтихан тапсыра берсін.
Жауап:
Құрметті студент! Көктемгі емтихан сессиясының формасы бекітілуде. Барлық талап-өтініштеріңіз ескерілетін болады.
05-04-2021 12-14-21
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4743 Салеметсизбе! Такир Балыкбаев 2 курс екі шет тілі мамандығынан жазып отырмын. Сізге сессияда барлық пәндерімізден тест түрінде алуыңызды сұраймыз. Екі пәніміз жазбаша екен (практикалық сабақ: екінші тіл, құқық) осы екі пәнді тест түрінде тапсыруға рұқсат берсеніз деп өтінемін! Жағдайға түсіністікпен қарап , осыны қарастырсаңыз.
Жауап:
Құрметті студент! Көктемгі емтихан сессиясының формасы бекітілуде. Барлық талап-өтініштеріңіз ескерілетін болады.Рахмет!
05-04-2021 12-02-36
Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4742 Қайырлы кеш Тахир Оспанұлы! Сессия жайлы сұрақ қояйын деп едім. Менің қызым лсы университеттің студенті. Сіздер ноутбук, веб камера, компьютер барлықтарына міндетті деп кураторлары жазып жатыр! Біздің веб камера, компьютер, ноутбук, алатын жағдайымыз жоқ! Және біз ауылда тұрамыз интернет желісі өте өте нашар! Зумның өзіне әрең кіріп отырады. Сессия уақытында сеть болмай қалса не болмақ? Ауылдық жердің интернеті өте нашар және жарық өшіп қала береді. Және біздің қалада туысқандарымыз жоқ. Ата аналардықэң, студенттердің өтінішін орындап,осы жылы Рк баллымен қойылса екен! Мен осы студенттермен, ата-аналардың шағымын қарауыңызды өтінемін!
Жауап:
Құрметті студент! Көктемгі емтихан сессиясының формасы бекітілуде. Барлық талап-өтініштеріңіз ескерілетін болады.
05-04-2021 11-50-38
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4741 Қайырлы күн құрметті Такир Оспанұлы! Алда болатын емтихан жайлы сұрайын деп едім! Құқық және екінші шет тілі пәндеріміз жазбаша болады екен. Онлайн форматқа тест жақсырақ болушы еді. Барлық пәнді тест қылсаңыздар. Екінші шет тілін үйреніп бастағанымызға аз ғана уақыт болды ғой. Ағылшынға да, екінші шет тіліне де уақыт тым аз бөлінген.Құқық,философия,дене шынықтыру деген сабақтардың орнына негізгі ағылшын тілі мен екінші тілге көп көңіл бөлу керек еді. Біз екінші тілден жазбаша тапсыра алмаймыз ғой. Ол өте қиын және компьютер мен ноутбукте ол тілдердегі клавиатура жоқ қой. Тест түрінде өткізсе екен. Қазір ауа райы да тұрақты емес. Жел сәл соқса свет өшіп, сеть жоқ боп кетеді. Оның үстіне ноутбук те таппай отырмын. Тым болмаса ұялы телефонмен тапсыратындай мүмкіндік жасалса екен! Қазір еліміздегі қиын жағдай бәрімізге де ауыр тиіп отыр. Түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын!
Жауап:
Құрметті студент! Көктемгі емтихан сессиясының формасы бекітілуде. Барлық талап-өтініштеріңіз ескеріліп, арнайы нұсқаулық беріледі. Рахмет!
05-04-2021 00-01-16
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4740 Алдағы сессия тағыда әркім өз еркімен тапсыратын формада,яғни 2рк-балымен қорытылса дейміз!!!Өйткені елдегі жағдай әліде бәсеңсір емес!Әліде интернет мәселесі барлық жерде бірдей оң шешімін тапқан жоқ.Осы мәселелерді ескере отырып,студенттер пікірін ескерсеңіздер!
Жауап:
Құрметті білім алушы! Көктемгі емтихан сессиясының формасы бекітілуде. Емтихан сессиясының формасын бекіту кезінде барлық талап-өтініштеріңіз ескеріледі.
04-04-2021 23-18-39
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аяжан Сұрақ № 4739 Құрметті Тахир Оспанұлы! Мен екі шет тілі, 2 курс студенті боламын. Қазіргі уақытта интернет желісі нашар болып жатыр, зумға, митке әрең кіреді, шығарып жіберіп жататын болды. Вайфай желісі де бірде ұстап, бірде ұстамай жатады, Қазақтелекомға хабарлассақ, қазіргі уақытта бәрінде солай деп айтып жатыр. Жалғыз менде емес, тобымдағы студеттерде де, сеть, интернет нашарлығына байланысты сабаққа кіре алмай жатқандар да бар. Қазірден осылай болса, сессия кезінде қалай болатынын білмеймін. Свет те ескерусіз жиі өшіп жатыр. С
Осы жағдайды ескеріп, сессия баллын рк баллдарымен қойып беруіңізді сұраймын.
Жауап:
Құрметті білім алушы! Көктемгі емтихан сессиясының формасын бекіту кезінде білім алушылардың талап-өтініштері ескеріледі.
04-04-2021 22-56-28
Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4738 Қайырлы кеш Тахир Оспанұлы! Сессия жайлы сұрақ қояын деп едім.. менің қызым осы универдің студенті.Сіздер ноутбук, наушник ,веб камера компьютер барлықтарында міндетті болсын деп қазір кураторлары жазып жатыр!! Біз өзіміз ақылы бөлімде оқиымыз!! Және қызыма ондай заттар алып бергенге әлеуметтік жағдайым жетпейді. және біз ауылда тұрамыз қызым сабақ оқу үшін далаға шығып кетеді ,сонвң өзінде сеть тартпайды , қораның шатырына шыққан кездері болды.Сессия уақытында шығып кетсе ол қалай болмақ!! Шықпай жатып, кіреде алмайтын секілді.Зумның өзіне әрең кіреді!!! Не қалада туысымыз жоқ..Сессияны ауыл шалгайда интернет желісі тартпайтын ноутбугы жоқ студенттердің мұң мұқтажын тыңдап, ескерсеңіз екен!!! Сессия рк балымен қойылса екен!! Ертең сессия уақытында шығып кетіп ,қызым депрессия түсема деп қорқамын !!Мен сізден өтінерім осы студенттердің шағымын қарауыңызды өтінемін!!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Көктемгі емтихан сессиясының формасы бекітілуде. Барлық талап-өтініштеріңіз ескерілетін болады.Рахмет!
04-04-2021 22-43-20
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4737 Саламатсыздарма?! Құрметті Тахир Оспанұлы , мен ЕкІ шет тілі мамандығының 2 -курс студентімін!!Сессия туралы 2 сұрағым бар еді, 1.екінші тілді жазбаша деп бекітіпті, біз қалай жазамыз , ноутбук ,компьютермен жазасыздар дейсіздер , ноутбук біреуден сұрап тапқанның өзіңде қытай ,араб тілінде ондай клавиратура жоққой , қалай жазамыз ?! Тест қылыңыздаршы бізге қиын және онымен жаза алмаймыз клавиратурамеен тест болса қарап оқып белгілейміз !! Соны қарап мән берсеңіздер, оқытушылармыз тест сіздерге бекітіп берссе ,сіздер бекітпепсіздер!!! Неге бізді түсінбейсіздер?!
2 .оны және алдынғы семестрдегідей оқылық, аеро программалармен өтіледі екен , менде оған интернет желісі тартпайды, ауылда тұрамын! Оқулыққа аероға кірген кезде сеть тартпай қалса мен сессиядан 0 алып қаламынба?!ол жағында қарастырыңыздаршы!!
Жауап:
Құрметті ата-ана! Көктемгі емтихан сессиясының формасы бекітілуде. Көктемгі емтихан сессиясының формасын бекіту кезінде барлық талап-өтініштеріңіз ескеріледі. Рахмет!
02-04-2021 12-27-44
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4736 Здравствуйте! скажите,пожалуйста, к кому нужно обратиться, или куда написать с жалобой на преподавателей, которые не выполняют правильно свою работу от лица всей группы?
Жауап:
Уважаемый студент! Если у вас есть претензии к преподавателям-предметникам, в первую очередь просим обратиться к директору своего института.
29-03-2021 23-42-57
Басқа
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4734 Доброго времени суток, хотела поступить в этот университет(после колледжа), на специальность "два иностранных языка". Подскажите пожалуйста какие предметы нужно будет сдавать? Есть ли возможность поступить на грант? есть ли подготовительные курсы, если есть то напишите пожалуйста стоимость.
Жауап:
Здравствуйте! Если у вас в колледже специальность была «два иностранных языка», то на ЕНТ будете сдавать два предмета: основы педагогики и психологии и иностранный язык. Да, конечно, есть возможность претендовать на государственный грант, но нужно набрать минимум 25 баллов. К сожалению, на нашей базе нет подготовительных курсов по подготовке к ЕНТ.
Если хотите на «дистанционку» поступить, то тогда нужно только собеседование пройти. Спасибо!
29-03-2021 17-58-57
Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4733 Поясните, пожалуйста, порядок подачи и рассмотрения жалобы на действия преподавателя вашего университета. Преподаватель является сотрудником кафедры анатомии, физиологии, зоологии.
Жауап:
Здравствуйте! Дайте, пожалуйста, подробную информацию и укажите причину инцидента.
26-03-2021 20-26-55
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4732 Сессияның жазбаша түрін, тест турине калай ауыстыруга болады ? Қайда өтініш жазуға болады
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Өтініш жазып, тест бойынша толық ақпарат алу үшін институт басшылығымен хабарласуыңыз қажет.
26-03-2021 17-09-47
Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 4731 Сәлеметсіз бе, менің балам 2 курста онлайн білім алып жатыр еді осы универде.Сіздерге өтінішіз - сабақ уақытының азаюын немесе күніне аз сабақ өткізе аласыздар ма? Себебі балам сағат 13 00ден, кешкі 19 00 ге дейін соткадан ноутбуктан көз алмайды. Әрі әр пән өзіндік көптеген тапсырмалар береді, соны орындау үшін түнде, азанғысын тағы ноутбуктан соткадан көз алмай тапсырмасын орындайды(презентация, слайд, реферат). Баламның көзі -3, және -5, ауыруы одан сайын асқынып жатыр сотка, ноутбуктан. Оған дәрігерлер күніне тек 3 4 сағат ғана пайдалан деп еді телефонды, бірақ сабақтың уақытының көптігінен, үй тапсырмасын көп беруіне байланысты балам күніне кем дегенде 12 14 сағат отырады. Бұл адамның тек көзіңе емес, сонымен қатар, жүйке жүйесіне үлкен кері әсерін тигізетіні сөзсіз. Тек менің балам емес, көп студенттер қиналып жатқаны айдан анық. Осы мәселенінің шешімін тауып, дұрыс шешім шыгарсаныз деп ойлаймыз! (Не күндсабақ уақтын азайту, немесе үйге көп тапсрма бермеу!)
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сабақ кестесі Университеттің бекітілген Жұмыс оқу жоспарына сәйкес құрылады. Хатыңызда көрсетілген мәселені қарастыру үшін өтініш жазып, балаңыздың денсаулығын растайтын құжаттарды тапсыру қажет. Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін институт директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарына хабарласуыңызға болады. Рахмет!
Барлығы: 4046