10-09-2018 16-30-42
Other
Author: Куланбаева Галиябану Алисултановна Question # 508 Саламатсизба Тахир Оспанулы! Менин мамам Илипбаева Керимжан Жолдасбаевна 1980-1982 жылдар аралыгында окыган. Ендиги маселе дипломды жогалтып алдык, Алда зейнетке шыгады. Сол себепти Сизден архивтик справка алуга руксат етуинизди сураймын.
Answer:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз Университеттің Мұрағат бөліміне жолданды. Анықтама даярланып, құжаттың электронды және түпнұсқасы көрсетілген мекен-жайға жіберіледі.
10-09-2018 16-11-58
From students
Author: Аноним Question # 507 Қайырлы күн! Мен осы университеттің 2 курс магистрантымын. Аталмыш курста шетелге 10 күндік тәжірибе алмасуға бару қажеттігін білемін. Алайда оған барудың мен үшін қажеттілігі аз. Сол себепті шетелге барудан бас тартуға бола ма? Болса, қайда барып өтініш жазу керек? Толық әрі нақты жауап береді деген үміттемін.
Answer:
Құрметті студент! Сұрағыңызда көрсетілген тағылымдамадан өту мәселесін Ғылым департаменті және Халықаралық ынтымақтастық басқармасы арқылы қарастыру қажет. Себебі магистратура және докторантура бағдарламаларының жалпы ережелеріне сәйкес тағылымдамадан өту міндетті. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін жоғарыда аталған құрылымдық бөлімдермен хабарласуыңыз қажет. Байланыс телефондары: 291-65-29, 291-36-92.
09-09-2018 18-18-29
From parents
Author: Anonymous Question # 506 Сәлеметсізбе Тахир Оспанович! Менің қызым биыл 2 курс студенті, осы уақытқа дейін жатаханадан бөлме ала алмай жүр. Күнделікті ақшасын төлеп пәтерде тұрып жатыр, әкесі қайтыс болған мен жалғыз басты анамын пәтерге браз қаражат кетіп қалды. Сізден, Өтініш жатахана беруіңізді сұраймын!10 күн болды тұратын жері жоқ, сабағына да дұрыс көңіл бөле алмай жүр. Алматы облысы болғанмен біз 600 км қашықтықта тұрамыз.
Answer:
Құрметті ата-ана! Биыл оқу орнымызға қабылданған студенттер санының көбеюіне байланысты жатақхана тапшылығы ең күрделі мәселе болып отыр. Сондықтан бірінші кезекте 1 курс студенттерін және әлеуметтік жағдайы төмен, толық жетім, мүмкіндігі шектеулі студенттер және әлеуметтік қолдауға зәру студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуді ұйғардық. Сіздерден бұл мәселеге түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
09-09-2018 16-38-50
From students
Author: Студент Question # 505 Саламатсыз ба, Тахир Оспанович. Биыл магистранттар аптасына неше рет окиды? Осы суракка жауап береди деген умиттемин. Рахмет
9508
Answer:
Сәлеметсіз бе! Аптасына қанша рет оқитыныңызды және сабақ кестесін институтыңыздан білуіңізге болады. Сұрағыңызға рахмет!
09-09-2018 14-52-17
From students
Author: шолпан абаева Question # 503 Құрметті Тахир Оспанұлы,сізден 1ші жатақхананың коменданттын ауыстыруыңызды сұраймыз.Маржан Тұрысбекова өз жұмысын дұрыс атқармайды,мәдениетті сойлеуді білмейді,балалармен тіл табыса алмайды оған қоса жатақхананың тазалығын сақтай алмайды.Комендант студенттерден ақша жинайды,біз жатақханаға орналаса алмай жүргенде,бөтен адамдарды ақшаға тұрғызады.2018жылғы жазғы каникулға кетерде бізден ремонтқа деп 2000теңгеден жинаған еді,бірақ ремонтты университет жасатқан екен,сонда біздің ақшаның қайда кеткені?Ақшаны бермейміз деп қарсылық білдірушілерге дөрекі сөйлеп,қоқан лоқы корсетеді.Комендант бөлмелердің қулпысын студенттерге 1000теңгеден сатады.Сізге бұл өтінішпен 3рет шағымданғанбыз,ешқандай шара қолданылмады.Бұл сізден сұрайтын соңғы өтінішіміз,еш шара қолданылмаса, министр Е.K.Сағадиевтың блогына жазамыз.
Answer:
Құрметті Шолпан! Меңгеруші Маржан Тұрысбекованың мәселесі қазіргі таңда университет басшылығымен толықтай қарастырылуда. Қысқа мерзімде бұл мәселе шешіледі.
09-09-2018 14-11-38
From students
Author: Anonymous Question # 502 Құрметті Тахир Оспанович мен осы универдин 1курс студентимин мен тарих динтану факультетінде оқимын мен грантты сактай отырып құқықтану факультетіне қашан ауыссам болады
Answer:
Құрметті студент! Білім алушыны бір мамандықтан екіншісіне, бір оқыту нысанынан екіншісіне ауыстыру ақылы негізде ғана жүзеге асырылады, яғни екінші мамандыққа ауысу кезінде білім гранты сақталынбайды.Мамандықтан екінші мамандыққа ауысу жолдары туралы Университеттің Академиялық мәселелер жөніндегі департаментіне келіп немесе 8 (727) 291-13-71, 291-71-06 телефон нөмерлері арқылы толық ақпаратты алсаңыз болады.
09-09-2018 08-52-24
From applicant
Author: Anonymous Question # 501 Сәлеметсіз бе!Мен 1курс студентімін.Ақтөбе қаласынан Алматыға мемлекеттік грантпен оқуға түстім.Енді сіздерден сұраиын дегенім 2 семестірде өз мамандығымда грантты сақтап Ақтөбеге ауыса аламба?Денсаулық жағдайға байланысты?!
Answer:
Құрметті студент! Мемлекеттік білім беру грантының бос орындарына үміткер студенттердің тізімі Білім және ғылым министрлігіне жіберілді. Жауабы белгілі болған жағдайда, министрлік тарапынан бекітілген грант иегерлерінің тізімі бойынша бұйрықтар рәсімделіп, университеттің ресми сайтында жарияланатын болады. Сұрағыңызға рахмет!
08-09-2018 16-46-24
From applicant
Author: Anonymous Question # 499 Құрметті Такир Оспанұлы , биыл мен докторантураға " Лингвистика " мамандығына тапсырдым , ағылшын тілінен 83 алдым , 15 тамызда мамандық бойынша емтиханға қатыстым, біріншіден емтихан 1 корпуста 614 аудиторияда болады делінген кестеде , келгенімізбе Педагогика және психологиа институтында өтеді деп мәлімдеді , ол институтқа барғанымызда бір сөзбен айтқанда " бардак" , " хаос " болды , университеттің қызметкерлері қаРындастарын , інілерін ашық алып кіріп жүрді , аудиторияға кіргенімізде емтихан төрайымы келмеді , емтиханды бақылау процессінде студенттер жүрді , өздерінің оқытушыларына көмек беріп , екіншіден барлық адамдар емтихан сұрақтарын жазу барысында бастарын телефон мен жасаған шпорларынан көтермеді. Емтихан нəтижесі шыққанда таң қалдым , естуімше докторантураға түсудің ставкасы 8 жəне 10 мың доллар , не деген əділеттсіз нəтижелер ?! Құжаттарымды алып кеттім , егер сол емтихан тапсырғандарды қайта жинасаңыз мен міндетті түрде келіп , докторантураға оқуға лайықты екенімінді дәлелдеуге дайынмын , қайта тапсыруға бұйрық берсеңіз Сіз Абай атындағы ҚазҰПУ тарихындағы ең "Əділетті" ректор екеніңізге күмəн болмайды !
Answer:
Құрметті талапкер! Шағымыңыз міндетті түрде қарастырылады. Сұрағыңызда аталған мәселелерге байланысты қызметкерлерге және пара алу фактісіне қатысты дәлелдеріңізді rector_blog@kaznpu.kz электронды поштасына жіберуіңізді сұраймыз.
08-09-2018 10-08-40
From parents
Author: Қарғалтаева Айнаш Question # 498 Құрметті Такир Оспанович сізден өтініп сұраймын көмек көрсетуінізді.Қызым Төкебай Назыкен жатахана ала алмай жүр.өзім жалғызбасты анамын.2-інші қызым мүгедек.Квартира жалдап беруге жағдайым жоқ.Қалада жанашыр туыста жоқ.
Answer:
Құрметті ата-ана! Оқу орнымызда оқитын білім алушылардың басым бөлігі республикамыздың шалғай аймақтарынан келіп оқитын студенттер болғандықтан, Университетімізге қарасты 5 жатақхананың жалпы сыйымдылығын ескере отырып, бірінші кезекте жатақхана 1 курс студенттеріне және әлеуметтік қолдауға мұқтаж білім алушыларға үлестіру туралы шешім қабылданған. Осыған орай, білім алушы әлеуметтік қолдауға мұқтаждығын растайтын құжаттарын (толық жетім, көп балалы отбасы, мүмкіндігі шектеулі туралы т.б. анықтамалар) толықтырып, өзінің институты жанындағы арнайы комиссияға өтініші мен құжаттар топтамасын ұсынуы қажет. Тапсырылған құжаттарға сәйкес комиссия шешімі негізінде жатақханаға жолдама беріледі. Сұрағыңызға рахмет!
08-09-2018 09-58-34
From students
Author: Мадина Question # 496 Құрметті Такир Оспанұлы!
Сізге жатақхана мәселесі бойынша хабарласып тұрмын. Мен Псих. және Пед. Институтының 2 курс студентімін. Өзім Ақтөбе қаласынан келіп тұрмын. 5 қабатты жатақханадан бір орын табылмай жатқаны өте өкінішті. Онсызда өзіміз орын таппай сыймай жатқанда филология факултетінің студенттері одан қалса 3 курс біздің жатақхананы жағалап жүргені ызамызды келтірді. Менің үй жалдап тұруға шамам жетпейді.үйде тек анам жұмыс жасайды. Әкем жұмыссыз. Сізден өтінерім маған жатақханадан бір орын тауып беріңізші. Сабақ болса басталыпта кетті. Мен енді қайтем. Осы жағдайды шешіп беруіңізді өтінемін! Рахмет.
Answer:
Құрметті Мадина! Әлеуметтік жағдайыңызға байланысты өзіңіз оқитын институттың арнайы комиссиясына өтінішіңізді тапсыруыңызға болады. Университетімізде білім алушыларды жатақханаға орналастыру тәртібі әрбір институтта құрылған арнайы комиссия шешімінің негізінде жатақханаға аса мұқтаж студенттерге және оқу орнымыздың шалғай аймақтардан келген 1 курс студенттеріне жолдама беріледі. Қазіргі таңда жатақханаға қатысты мәселелерді шешу мақсатында бірқатар жұмыстар жоспарланып отыр. Жатақхана мәселесін түбегейлі шешу уақыт пен қаражатты талап етеді, сондықтан түсіністік танытуларыңызды сұраймыз.
07-09-2018 21-08-48
From students
Author: Anonymous Question # 495 Курметті Такир Оспанұлы 1 жатақxанадагы былыкты шешіп берунізді сураймыз.Жатақxанада комендант оз жумысын дурыс аткармайды, озінін жеке жумыстарын істетеді студенттерден акша жинайды, студенттер жатаxанага орналаса алмай жургенде ,баска жактан келгендерге акшага комната береді.Комендантты ауыстыруынызды сураймыз .Шара колдауынызды сураймыз, шара колданылмаган жагдайда министр Е.Сагадиев мырзанын блогына жазамыз.
Answer:
Құрметті студент! Қазіргі таңда №1 жатақхана меңгерушісінің қызметтік тәртібіне байланысты тексеріс жүргізіліп жатыр. Меңгеруші Маржан Тұрысбекованың тарапынан тәртіп бұзушылық анықталған жағдайда, заңға сәйкес тиісті шара қолданамыз. Сауалыңызға рахмет!
07-09-2018 18-37-57
Other
Author: Бекарстанова Галия Абикеновна Question # 494 Добрый, мой родственник решил восстановится в другой ВУЗ Казахстана, для полного пакета документов, необходимо получить - Справку об оформлении академ.
Это возможно ли?
В связи с трудовой деятельностью у него нет возможность выехать в Алматы, можно через курьерскую службу.Наше оформление заявки и оплата, то есть мы курьеров направим к Вам по готовности.
спасибо.
Answer:
Здравствуйте! По правилам МОН РК студент сам должен явиться в вуз. Если Вы пришлете Ваш запрос, мы все же постараемся Вам помочь. Подготовка академической справки, в данном случае транскрипта, займет некоторое время, так как необходимо будет поднять архивные документы.
07-09-2018 18-08-02
From students
Author: Ардак Калиева Question # 493 Сәлеметсіз бе?! Мен, Калиева Ардак Айсултанкызы. ФИЛКББИ, 3 курс, 5В012100 мамандығының студентімін. Келген жерім-Ақтөбе обл. Байғанин ауд. Қарауылкелді селосы. Әлеуметтік жағдайым: толық жетім.
Жатақханаға өтінішті 28 тамыз күні әлеуметтік жағдайымды растайтын барлық құжаттармен қоса өткіздім.
Бірақ маған 3 курс оқитынымды себеп етіп, жатақхана берілмейді деп деканаттан қысқа қайырды. Алматыда мүлдем туыстарым да, таныстарым да жоқ. Пәтер жалдауға жағдайым да мүлдем келмейді. Студент қыздармен бірлесіп, күндік пәтерде тұрып келдім. Жатақхананы жақын арада алып қаламын-ау деген үмітпен.
Қай курста оқитынымды есепке алмай-ақ жатақханамен қамтамасыз етілуім керек емес пе?! Жағдайыма түсіністікпен қарап, оң шешімін берерсіз деген үміттемін!
P.S. Жатақханаға байланысты қандай мәселелер болып жатқанынан хабардармын. Оны түсіндірмесеңіздер де болады. Рақмет!
Answer:
Құрметті Ардақ! Әлеуметтік жағдайыңызды ескере отырып, Сіздің өтінішіңізді институтыңызға қарасты комиссияға хабарладық. Осыған орай, әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды институтта құрылған арнайы комиссия құрамына тапсыруыңызға болады, қысқа мерзімде жауабын өзіңізге хабарлайды. Сауалыңызға рахмет!
07-09-2018 17-01-24
From applicant
Author: Anonymous Question # 492 Здравствуйте, Такир Оспанович. Я студентка 3 курса(грант). Когда я поступала в наш ВУЗ, нам сказали, что обеспечат общежитием на все четыре года обучения. А теперь приехав после каникул нам объявляют, что нам не будет выделять общежитие, в связи с большим количеством студентов 1 курса. Мы не были готовы к такому повороту событии. В моей семье помимо меня еще три студента, я живу на одну стипендию,по финансовому положению моя семья не сможет обеспечить меня съемным жильём.
Хочется узнать решается ли вопрос с выделением мест для всех тех кто не получил общежитие? Что нам делать?
Спасибо за внимание, надеюсь Вы решите нашу проблему!
Answer:
Уважаемый студент! Порядок размещения студентов в общежитиях осуществляется решением специальной комиссии, созданной при каждом институте. В первую очередь места в общежитиях получают студенты 1 курса и студенты из социально уязвимых групп. В этом учебном году в связи с увеличением контингента обучающихся проблема с общежитиями стала особенно острой.
В настоящее время планируется ряд мероприятий для решения вопросов, связанных с расселением студентов в общежитиях. Кардинальное решение проблемы требует времени и финансовых ресурсов.
06-09-2018 15-06-17
From parents
Author: Кәрібаева Жанар Арғынғазықызы Question # 491 Құрметті Тахир Оспанович! Сізге көп рахмет ақшамызды счетқа түсіріп берді.
Answer:
Сәлеметсіз бе! Жауабыңызға рахмет!
06-09-2018 11-10-28
From students
Author: Наргиз Question # 490 Құрметті Такир Оспанұлы! Университетіміздің студенттері атынан жазып отырмыз. Қазіргі таңда университет қабырғасында жұмыс жасап жатқан асхана тағамдарының сапасы төмендеп кеткеніне байланысты өтінішімізді білдіреміз. Бірнеше студенттеріміз тағамнан уланып ауырған жағдайы бар. Сонымен қатар тазалық сақталмай және тағам бағаларының шамадан тыс шығып кететін кездері кездеседі. Осыны ескере отырып бірінші кезекте (университет асханалары тағамдарының сапасын) және тазалық нормаларын жоғарылатуға ықпалыңызды тигізуіңізді сұраймыз.
Answer:
Құрметті студент! Шағымыңыз міндетті түрде қарастырылады. Сұрағыңызда көрсетілген мәселелер тексеріліп, қадағаланатын болады.
06-09-2018 08-57-53
From students
Author: Anonymous Question # 489 Сәлеметсіз бе, құрметті Таxир Оспанұлы. Менің айтайын дегенім жатақxана мәселесі. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті мен Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Теxнологиялық Зерттеу университетіне де талапкерлердің (қазіргі таңда бірінші курс студенттерінің) көп тапырғаны бәрімізге белгілі. Демек бұл университетте де жатақxана мәселесі бар. Алайда жоғарыда аталған университеттер бұл мәселені әкімдіктен қосымша орын сұраумен, пәтер типтегі жатақxаналармен келісімшартқа отырумен шешіп, жоғарғы курс студенттерін осылай баспанамен қамтамасыз етіп отыр. Біздің университетімізде бұл мәселе шешімін таба ма?
Answer:
Құрметті студент! Жатақхана мәселесін шешуде жоғарыда аталған Университеттердің тәжірибелері міндетті түрде ескеріледі. Қазіргі таңда жатақханаға қатысты мәселелерді шешу мақсатында бірқатар жұмыстар жоспарланып отыр. Жатақхана мәселесін түбегейлі шешу уақыт пен қаражатты талап етеді, сондықтан түсіністік танытуларыңызды сұраймыз. Сауалыңызға рахмет!
05-09-2018 20-44-16
From parents
Author: Мен Кенжегарйева Гулнара Агадыл кызы Question # 488 меным кызым осы уневердын дефектологя ыокултетынын 2 курсында окйды Бйыл.оку жылынды жатахана берылмейды дегенды естып отырамыз быз атырауданбыз Неге екенын деканддекан конактар келетын болды соган байланысты деп жауап берып келесы жылдын февраль айында гана аласындар деген студенттерге меным кызым куныне 8 500 ден квартйра жалдап калган Енды кыздарымыз кайда барады сонда олай болганда неге августте ескерылтпеды студенттерге Студенттердын айтуынша жатаханага семялы адамдарды жаткызып койганын Сыздерден сурайтыным комектесындер кыздар баратын жерлеры болмай кйгалып жатыр акшалары быткен 29 августте беры суточный квартйрде жатыр акесы маган согысынын ардагеры комек бермесеныздер жогаргы органдарга шагындануыма турм келеды отынышымды караусыз булдырмейды деген умыттемын.Тек меным кызым емес атыраудан сол факультете бырнеше кыздар бар
Answer:
Құрметті ата-ана! Биыл оқу орнымызға қабылданған студенттер санының көбеюіне байланысты жатақхана тапшылығы ең күрделі мәселе болып отыр. Сондықтан бірінші кезекте 1 курс студенттерін және әлеуметтік жағдайы төмен, толық жетім, мүмкіндігі шектеулі студенттер және әлеуметтік қолдауға зәру студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуді ұйғардық. Оқу орындардың жатақханалары студенттерге арналғандықтан, Университетіміздің 90 жылдығына келетін ешбір қонақ жатақханаға орналастырылмайды.
Жатақхана тапшылығы мәселесін түбегейлі шешу уақыт пен қаражатты талап етеді, сондықтан түсіністік танытуларыңызды сұраймыз.
05-09-2018 18-02-59
From students
Author: Anonymous Question # 487 Сəлеметсіз бе,Тахир Оспанұлы!Жаңа оқу жылы баршамызға құтты болсын!Мен педагогика жəне психология факультетінің 3 курс студентімін.Осы жылы жатақхана мəселесі туындап отыр.Туған жерім,Қызылорда облысы.Алматы қаласында баспана жоқтықтан,сізге өтінішпен жазып отырмын.8жатақханадан маған жəне басқа да 3 курс студенттеріне орын тауып беруіңізді өтінеміз, айына жалға алатын квартиралар бағасын қалтамыз көтермейді, өтінеміз көмек қолын созыңызшы, өтінішім жауапсыз қалмайды деп үміттенемін,рахмет!
Answer:
Құрметті студент! Оқу орнымызға қарасты 5 жатақхана ғана болғандықтан, білім алушылардың барлығын жатақханамен қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан бірінші кезекте жатақханадағы орындар еліміздің шалғай аймақтарынан келген 1 курс студенттеріне және әлеуметтік жағдайлары төмен білім алушыларға жолдама беріледі. Жатақхана тапшылығы мәселесін түбегейлі шешу уақыт пен қаражатты талап ететіндіктен, түсіністік танытыңыздар. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Сұрағыңызға рахмет!
05-09-2018 16-18-15
From students
Author: Anonymous Question # 486 Саламатсызба Тахир Оспанович мен июнь айында мемлекеттик бос грант орнына отиниш жазып едим Сол отиништин жазабы кашан шыгады
Answer:
Құрметті студент! Білім және ғылым министрлігінен қосымша грант берілген жағдайда, жоғары балл жинаған үміткерлердің өтініштері міндетті түрде қарастырылады. Грант иегерлерінің тізімі ресми сайтымыздың «Хабарландыру» бөлімінде жарияланады.
Total records: 4046