05-09-2018 14-59-47
From parents
Author: Кәрібаева Жанар Арғынғазықызы Question # 485 Құрметті Такир Оспанович!Биыл Сіздің университетке оқу ақысына төлеген ақшаны қайтып алуға өтініш тастаған болатынбыз.Бізге филология факультеті бойынша Саян деген кісіге және деканға кіргенімізде бұйрықта жоқсыздар деген.Бізге ешқандай договор берілген жоқ. Бухгалтерияңыздағы Роза есімді қыз бізге центр кредит банктен счет аштырып келіңіздер деп счет аштыртып, өтінішіміз бен төлеген ақшаның түбіртек оригиналын алып қалған үш күн ішінде қайтарып береміз деп.Сонымен құжаттарымызды қайтып берді енді төлеген ақшамызды не себепті қайтармай отырғандығын түсіндіріп беріңіз. Мемлекеттің ақшасы емес өз қалтамаздан шыққан ақша ғой не себепті қайтармай отыр.
Answer:
Құрметті Жанар! Ақшаңыз Сіздің банктік есеп-шотыңызға 6 қыркүйек күні жіберілгендігі анықталды. Карточкаңызға ақшаның түскендігі туралы ақпаратты білу үшін банк қызметкерлерімен хабарласуыңызды сұраймыз. Сұрағыңызға рахмет!
05-09-2018 13-11-10
From students
Author: Ардак Калиева Question # 484 Сәлеметсіз бе?! Мен, Калиева Ардак Айсултанкызы. ФИЛКББИ, 3 курс, 5В012100 мамандығының студентімін. Келген жерім-Ақтөбе обл. Байғанин ауд. Қарауылкелді селосы. Әлеуметтік жағдайым: толық жетім.
Жатақханаға өтінішті 28 тамыз күні әлеуметтік жағдайымды растайтын барлық құжаттармен қоса өткіздім.
Бірақ маған 3 курс оқитынымды себеп етіп, жатақхана берілмейді деп деканаттан қысқа қайырды. Алматыда мүлдем туыстарым да, таныстарым да жоқ. Пәтер жалдауға жағдайым да мүлдем келмейді. Студент қыздармен бірлесіп, күндік пәтерде тұрып келдім. Жатақхананы жақын арада алып қаламын-ау деген үмітпен.
Қай курста оқитынымды есепке алмай-ақ жатақханамен қамтамасыз етілуім керек емес пе?! Жағдайыма түсіністікпен қарап, оң шешімін берерсіз деген үміттемін!
P.S. Жатақханаға байланысты қандай мәселелер болып жатқанынан хабардармын. Оны түсіндірмесеңіздер де болады. Рақмет!
Answer:
Құрметті студент! Егер Сіз құжаттарыңызды өткізген болсаңыз, өтінішіңіз міндетті түрде қарастырылады.
05-09-2018 12-29-08
From applicant
Author: Anonymous Question # 483 Сәлеметсізбе!Мен Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің 2курс студентімін.Сізден сурарым жатақхана берілуін қамтамасыз ете аласызба.Себебі мен үй жалдап жатырмын.Қаражатымның таусылуына байланысты сізден жатақхана беруіңізді сұраймын.Тамыздың 28нен бастап үй жалдап тұрып жатырмын бүгінгі күннен бастап үй иесі үйді босатуды талап етуде.Туған туыстарым жоқ қайда жарасымды білмеймін.Жатақхана берілуін қарастыра аласыз ба ?
Answer:
Құрметті студент! Университетімізде білім алушыларды жатақханаға орналастыру тәртібі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Аталмыш бұйрыққа сәйкес әрбір институтта құрылған арнайы комиссия шешімінің негізінде жатақханаға аса мұқтаж студенттерге және оқу орнымыздың шалғай жатқан аймақтардан келген 1 курс студенттеріне жолдама беріледі. Қазіргі таңда жатақханаға қатысты мәселелерді шешу мақсатында бірқатар жұмыстар жоспарланып отыр. Жатақхана мәселесін түбегейлі шешу уақыт пен қаражатты талап етеді, сондықтан түсіністік танытуларыңызды сұраймыз.
05-09-2018 12-22-01
From applicant
Author: Айгерім Question # 482 Салеметсизбе!Мен педагогика псиxология институтының 2курс студентімін.Батыс Қазақстан облысы Орал қаласынан келдім.Сізге айтарым жатақxана керек еді.бұл жақта туыстарым баратын жерім жоқ еді.Алматыға25келіп едім содан бері квартира жалдап жүрмін ары қарай жалдап тұруға қаражат жағы кысып тұр.2курстарға берілмейді деп айтыпсыз сол распа? осы жағдайды қарастырсаңыз.Сізден өтінемін
Answer:
Құрметті студент! Биыл оқу орнымызға қабылданған студенттер санының көбеюіне байланысты жатақхана тапшылығы ең күрделі мәселе болып отыр. Сондықтан бірінші кезекте 1 курс студенттерін және әлеуметтік жағдайы төмен, толық жетім, мүмкіндігі шектеулі студенттер және әлеуметтік қолдауға зәру студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды. Сол шешімге сәйкес ұсынылған өтініштер қарастырылып, әлеуметтік мұқтаждықтарын растайтын құжаттар негізінде жатақханаға орналасуға жолдама беріледі. Егер Сіз тиісті құжаттар топтамасын институт жанындағы арнайы комиссияға ұсынған болсаңыз, өтінішіңіз міндетті түрде қарастырылады. Сұрағыңызға рахмет!
05-09-2018 09-43-52
From students
Author: Алмаxан Муxаммед Question # 481 Ассалямуалейкум! Мен Тариx ж/е құқық факультетінің 2 курс [грант] студентімін. Түркістан обл-ы, Төлеби ауданынан келдім. Алматыда туған -туысқандарым жоқ.Отбасында әкем де, анам да жұмыссыз. Көпбалалы жанұямыз, бала саны 8. Мен ең үлкенімін.Сізден маған жатақxанадан бір орын беруіңізді сұранамын.
Answer:
Құрметті студент! Егер Сіз тиісті құжаттар топтамасын институт жанындағы арнайы комиссияға ұсынған болсаңыз, өтінішіңіз міндетті түрде қарастырылады. Сұрағыңызға рахмет!
04-09-2018 21-49-56
From students
Author: Anonymous Question # 480 Құрметті, Такир Оспанович.Мен ФилКББИ 3 курс студенті боламын, көпбалалы отбасыдан шыққанмын жəне де ата-анам жұмыссыз. Қазіргі уақытта тұратын жайым жоқ,бар болғаны 3 курс студенттерімен пəтерді күніне жалдап, қалтамызға өте ауыр соғуда, жағдайымыз тіптен нашар. Ия,деканатқа күнде барамыз, естейтініміз "1 курс студенттері əлі орналасып біткен жоқ,жағдайға қарап орналастырамыз" деп айта береді. Алайда, жағдайға мүлдем қарап жатқаны жоқ. Тіпті "өздерінің" 4 курс студенттерін орналастырып,ал тізімнен алып тастап жатқанын да істеген болатынмын. 3 курстарға біресе берілмейді дейді, онда неге #8 жатақханаға орналасады? Неге теңқұқылы емес? Бəрі де тек сөз жүзінде ғана!Неліктен, біздер, шалғай жерден осы ұлы қарашаңырақтан білім алуға келе тұра,көше кезіп, қаңғырып қалуымыз керек?! Неге əділетсіз?!
Answer:
Құрметті студент! Биылғы жылы университетке оқуға қабылданып жатқан студенттердің көптігінен, 3-4 курс студенттерін жатақханаға орналастыру мүмкін болмайды. Қазіргі уақытта студенттерімізді жатақханамен қамтамасыз ету үшін бірқатар жұмыстар жоспарланып отыр. Жатақхана мәселесін түбегейлі шешу уақыт пен қаражатты талап етеді, сондықтан түсіністік танытуларыңызды сұраймыз.
04-09-2018 21-27-16
From parents
Author: Anonymous Question # 479 Құрметті Такир Оспанович.əлеументтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығында оқитын қызым Төкебай Назыкен жатахана ала алмай жүр.Сізден өтініп көмек сұраймын. Қызым ауыл квотасымен оқиды және əкесі жоқ.өзім жалғызбасты анамын.
Answer:
Құрметті ата-ана! Биыл оқу орнымызға 2000-нан астам 1 курс студенттері қабылданды. Контингенттің өсуіне байланысты бірінші кезекте 1 курс студенттерін және әлеуметтік жағдайы төмен, толық жетім, мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік қолдауға зәру студенттер жатақханамен қамтамасыз етіледі.
Өзіңіздің әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды және өтінішіңізді институттың арнайы комиссиясына тапсыруыңызға болады, қысқа мерзімде жауабын өзіңізге хабарлайды. Сауалыңызға рахмет!
04-09-2018 20-42-28
From students
Author: Anonymous Question # 478 Здравствуйте,Тахир Оспанович. Я-студентка 2 курса института педагогики и психологии. Пишу вам по проблеме того,что озадачена вопросом об общежитии. Нам 2-3 курсам было сказано о том, что общежитие нам не выдадут, в связи с тем, что университету исполняется 90 лет и будут заселены гости к празднику. Я приехала с Мангистауской области, г.Жанаозен и учусь на платном обучении, естественно снимать квартиру для меня дорого. На данный момент мы снимаем квартиру посуточно и завтра нас уже выселят, нам больше некуда идти, так как нам обещали дать общежитие до 4-5 сентября. Хотелось, чтобы вы, Тахир Оспанович, приняли меры по этому поводу, не оставляли своих студентов на улице.
Answer:
Уважаемый студент! Порядок размещения студентов в общежитиях осуществляется решением специальной комиссии, созданной при каждом институте. В первую очередь места в общежитиях получают студенты 1 курса и студенты из социально уязвимых групп. В этом учебном году в связи с увеличением контингента обучающихся проблема с общежитиями стала особенно острой.
В настоящее время планируется ряд мероприятий для решения вопросов, связанных с расселением студентов в общежитиях. Кардинальное решение проблемы требует времени и финансовых ресурсов.
04-09-2018 20-42-25
From parents
Author: Жулдыз Question # 477 Саламатсызба,менин кызым Педагогика психология институтынын 2 курс студенти.Батыс Казахстан облысы Актобе каласынан жазып отырмын. Жатакхана маселеси бойынша сизге айтар арыз-шагымым бар еди. Улкен 5 кабатты жатакханага тек 1 курс жатады деген не сумдык?! Калган бос орынды университетимиздин 90 жылдыгына орай келген конактарымызга беремиз депти,сонда сиздердин студенттериниздин жайы толгандырмайдыма? Биз осы кара шанырак иеси,билимнин кайнар кози улы Абай атындагы оку орнына тусирип отырымыз,сонданы окимын деп сонаау кашыктыктан ат жетектеп келген студенттерге деген жасаган жагдайларыныз осыма???! Менин бул ана журегиммен шырылдаган отинишимди ескерусиз калдырмайсыз,бир шара колданарсыз деген ойдамын!
Answer:
Құрметті ата-ана! Университетіміздің жатақханалары студенттерге арналғандықтан, оқу орнымыздың 90 жылдығына келетін ешбір қонақ жатақханаға орналастырылмайды.
Биыл оқу жылына 2000-нан астам 1 курс студенттері қабылданды. Студенттер санының көбеюіне байланысты жатақхана тапшылығы күрделі мәселеге айналып отыр. Сондықтан бірінші кезекте 1 курс студенттерін және әлеуметтік жағдайы төмен, толық жетім, мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік қолдауға зәру студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуді ұйғардық.
Қазіргі уақытта студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар жоспарланып отыр. Жатақхана тапшылығы мәселесін түбегейлі шешу уақыт пен қаражатты талап етеді, сондықтан түсіністік танытуларыңызды сұраймыз. Сұрағыңызға рахмет!
04-09-2018 20-33-06
From parents
Author: Anonymous Question # 476 Салематсизба!Неге бұл универдің жатақхана мәселесі шешілмей жатыр?Бұл не деген масқара.Неге студенттерге арналған жатақхананы ,90 жылдыққа келетін қонақтарды жатқызады?Университеттің өз студенттерін далаға қалдырайындеп отыр.Бұл мәселені дұрыстап қарауын сұраймын.Қай жерге барсаңда екі сөйлейді.Қазұпу-да үнемі осы.
Answer:
Құрметті ата-ана! Биыл оқу орнымызға қабылданған студенттер санының көбеюіне байланысты жатақхана тапшылығы ең күрделі мәселе болып отыр. Сондықтан бірінші кезекте 1 курс студенттерін және әлеуметтік жағдайы төмен, толық жетім, мүмкіндігі шектеулі студенттер және әлеуметтік қолдауға зәру студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуді ұйғардық. Оқу орындардың жатақханалары студенттерге арналғандықтан, Университетіміздің 90 жылдығына келетін ешбір қонақ жатақханаға орналастырылмайды.
Жатақхана тапшылығы мәселесін түбегейлі шешу уақыт пен қаражатты талап етеді, сондықтан түсіністік танытуларыңызды сұраймыз.
04-09-2018 19-50-58
From students
Author: Мәліқұлова Балжан Question # 474 Сәлеметсіз бе, Тахир Оспанұлы! Мен филология және көптілді білім беру институтының 2 курс студентімін. Биыл бізді жатақханамен қамти аласыздар ма? Жолдама қашан беріледі? Бізге әлі 1 курсты қамтамасыз етіп жатырмыз деді. Былтыр 1)1 курстың грантпен оқитын студенттерді,2) 2 курстың грантпен оқитын студенттеріне беріп еді гой жатақхананы. Биыл неге солай жасамайсыздар? 2 курстың студенттерінің бәрі қазір далада жүр. Менің естуімше сіздер арендаға жатақхана іздеп жүрген екенсіздер, сол нарсе рас па? Біз сол жаңалықпен өзімізді жұбатып жүрміз әні-міні беріліп қалатын шығар деп. Сұрағым жауапсыз қалмаса екен?
Answer:
Құрметті Балжан! Биылғы жылы 1 курс студенттерінің саны былтырғы жылға қарағанда екі есеге көбейді. Сондықтан бірінші кезекте 1 курс студенттерін және әлеуметтік жағдайы төмен, толық жетім, мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік қолдауға зәру студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды.
Қазіргі уақытта жатақхана тапшылығы оқу орнымыздың ең басты мәселелерінің бірі болғандықтан, студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету бойынша бірқатар жұмыстар жоспарлануда. Жатақхана мәселесін түбегейлі шешу уақыт пен қаражатты талап етеді, сондықтан түсіністік танытуларыңызды сұраймыз.
04-09-2018 19-42-47
From students
Author: Балжан Question # 473 Сәлеметсіз бе,Тахир Оспанұлы! Мен филология және көптілді білім беру институтының 2 курс студентімін. Биыл бізге жатақхана беріле ме,берілмейді ме? Бізге әлі 1 курс студенттері толық қамтылған жоқ деп отыр. Біз қанша уақыт күтуіміз қажет, жатақхана берілуі үшін. Өзіміз дәл қазір тәулігіне 7000тгден пәтер жалдап тұрып жатырмыз, жатақхана беріледі дегенше ақшамыздан ақша қалмайтын болды. Басқа басқа 1-2 студенттерін жатақханамен толық қамтуларыңыз керек ғой! Сұрақ-өтінішіміз жауапсыз қалмаса екен.
Answer:
Құрметті Балжан! Биыл университетіміздің білім алушылар саны екі есеге артып отыр, олардың 85 пайызы еліміздің шалғай аймақтарынан келген. Сондықтан бірінші кезекте 1 курс студенттерін және әлеуметтік жағдайы төмен, толық жетім, мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік қолдауға зәру студенттер жатақханамен қамтамасыз етіледі.
Оқу орнымызға қарасты 5 жатақхана ғана болғандықтан, өкінішке орай, білім алушылардың барлығын жатақханамен қамтамасыз ету мүмкін емес. Түсіністік танытуыңызды сұраймыз.
04-09-2018 16-34-56
From students
Author: Anonymous Question # 472 Салеметсизбе курметти ректор мырза.сизге сурагым 2курс филология факултетине жатакхана беруиниз суралады.менин квартира жалдауга жагдайым жок.Алматыда жакын туыскандарымыз жок.Университтетин табалдырыгын тоздырганыма 10кун болды жатакхана сурап.Аталган маселени шешуинизди сураймыз.биз аптен сандалдык.Болмаса бизди баска жатакханага орналастыруынызды сураймыз.
Answer:
Құрметті студент! Биылғы жылы университетіміздің білім алушылар саны екі есеге артып отыр, олардың 85 пайызы еліміздің шалғай аймақтарынан келген. Сондықтан бірінші кезекте жатақханадағы орындар шалғай аймақтардан келген 1 курс студенттеріне және әлеуметтік жағдайлары төмен білім алушыларға беріліп жатыр. Өкінішке орай, барлық білім алушыларды жатақханамен қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан түсіністік танытуыңызды сұраймыз.
04-09-2018 14-26-34
From students
Author: Айнур Question # 471 Салеметсизбе!менин кояр сургым неге магистраттар танертен окиды. Бизге ол оте тиимсиз. Барлык жактта тустен кеиин окытыладыгой.не себепти сабак кестесин булай койдыныздар. Сабак 5 кунге койылган.3 Кун окушы едигой
Answer:
Құрметті Айнур! Магистранттардың оқу жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына» сәйкес оқу күндізгі оқу нысаны түрінде жүзеге асырылып, бекітілген сабақ кестесі бойынша жүргізіледі. Оқу үрдісіне қатысты сұрақтарыңызға нақты жауапты Академиялық мәселелер жөніндегі департаментіне келіп немесе 8 (727) 291-13-71, 291-71-06 телефон нөмерлері арқылы алсаңыз болады.Сұрағыңызға рахмет!
03-09-2018 23-56-27
From applicant
Author: Anonymous Question # 470 Сәлеметсізбе, Тахир Оспанұлы! Докторантура бойынша басқа ЖОО-да игерілмей қалған гранттық орындар университетке берілуі мүмкінбе?
Answer:
Құрметті талапкер! Игерілмеген гранттардың оқу орнына берілуі туралы шешім қабылдау Білім және ғылым министрлігінің құзырында.
03-09-2018 18-11-41
From students
Author: Сахиева Дана Question # 469 Уважаемый Такир Оспанович! Я поступила на грант по специальности Дошкольное образование и воспитание, на магистратуру в 2018 году в казахское отделение, по моей не внимательности я выбрала язык обучения на казахском языке, но хотела изначально обучаться в русском отделении.Я в безвыходной ситуации, я была и у деканата института педагогики и психологии, а также и в приемной комиссии. Куда бы я не обращалась все перенаправляют от одного отделения в другое отделение. У меня грудной ребенок, сегодня в первый учебный день я была в университете до 6 вечера и таки не услышала ответа. Секретарь приемной комиссии Нурмухан Ауесбекулы сказал что можно решить эту проблему и направил к своему техническому секретарю по имени Бауыржан, который сидит в институте педагогики и психологии (18 кабинет).Когда я пришла в этот кабинет там сидел молодой человек, который утром сказал мне что Бауыржана нет, а после вечером сам нагрубил и представился Бауыржаном, когда я сказала что мне нужна помощь он ответил что никакого заявление он не будет принимать, пусть сам Нурмухан Ауесбекулы принимает, этот человек не соизволил мне вежливо объяснить, а просто сказал что это мои проблемы, жалуйся кому и куда хочешь, предложил отказаться от гранта и перевести меня на русское отделение. Такир Оспанович прошу посодействовать и откликнуться на мою просьбу. Прошу принять меры ведь все таки это Национальный университет а сотрудники так халатно относятся к студентам, мы ведь не знаем как и куда пойти. Прошу вас помочь мне с переводом в русское отделение я сейчас на казахском отделении, но экзамен по спец предмету я сдавала на русском языке (грант) , потому что я не хочу отставать от программы, а учебный процесс нашего вуза уже начал свою работу. С уважением студентка вашего вуза!
Answer:
Уважаемая Дана! Для решения данного вопроса обратитесь в приемную проректора по учебной работе – Асана Адасбековича Сатмырзаева (Гл. учебный корпус, каб. 210), тел.: 293-81-53.
03-09-2018 09-40-45
From students
Author: Anonymous Question # 468 Сәлеметсізбе, құрметті Такир Оспанұлы! Мен филология және көптілді білім беру институтының 3курс студентімін. Биылғы жылы 3 курс студенттеріне жатақхана қарастырылмайды деп жатыр. Көпбалалы отбасынан шыққанмын, мемлекеттік грант иегерімін. Пәтер жалдап тұруға жағдайым жоқ. Жатақханадан орын қарастыруыңызды сұранамын!
Answer:
Құрметті студент! Қаламызға келіп оқитын білім алушылардың басым бөлігі республикамыздың шалғай аймақтарынан келіп оқитын студенттер болғандықтан, барлық білім алушыларды жатақханамен қамтамасыз ету мүмкін емес.
Университетімізге қарасты 5 жатақхананың жалпы сыйымдылығын ескере отырып, білім алушыларды жатақханамен қамтамасыз етіледі. Бірінші кезекте жатақхана 1 курс студенттеріне және әлеуметтік қолдауға мұқтаж білім алушыларға үлестіріледі. Осыған орай, әлеуметтік қолдауға мұқтаждығын растайтын құжаттары (толық жетім, көп балалы отбасы, мүмкіндігі шектеулі туралы т.б. анықтамалар) бар кез-келген білім алушы өзінің институты жанындағы арнайы комиссияға өтініші мен құжаттар топтамасын ұсынуына болады. Жатақханаға орналасу әрбір институт жанынан құрылған комиссия шешімі негізінде жүргізіледі. Сұрағыңызға рахмет!
03-09-2018 09-38-15
From students
Author: Anonymous Question # 467 Сәлеметсізбе,құрметті ТаҺир Оспанұлы! Мен филология факультетінің 3 курс студентімін.Мен үшін қазір жатақхана алу проблемасы 1 орында тұр,бұл жағдай мені ғана емес менің анама да уайым болған.3 курс студенттеріне жатақхана ала алмайсыңдар деген әңгімеден күн де жатақхананы уайымдаумен жүрміз.Пәтер жалдауға жағдайымыз келмейді."Жартылай жетім" деген әлеуметік жағдайым бар. Анамның жырымдалған жалақысы пәтер түгілі, күндегі күн көріске кетеді. Мемлекеттік грант иегерімін.Құрметті ТаҺир Оспанұлы,менің жалғыз сенерім жатақхана болып отыр,одан басқа барар жерім жоқ,сізден жатақхана қарастырып беруіңізді сұранамын!
Answer:
Құрметті студент! Әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңыз және өтінішіңіз міндетті түрде қарастырылады. Жатақханадан орын берілген жағдайда, Сізге жауабы хабарланады. Сауалаңызға рахмет!
03-09-2018 09-33-30
From students
Author: Anonymous Question # 466 Құрметті Балықбаев Такир Оспанович,мен филология жəне көптілді білім беру институтының белсенді 3 курс студенті боламын.Отбасылық жағдайыма байланысты (көпбалалы, ата-анам жұмыссыз) жалдамалы пəтерде тұруыма мүмкіншілігім жоқ, əрі Түркістан облысынан боламын.Сондықтан сізден жатақханадан орын бөлуіңізді өтініп сұраймын.
Answer:
Құрметті студент! Биыл жатақханаға бірінші кезекте 1 курс студенттері мен толық жетім және мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік қолдауға зәру студенттер орналастырылуда. Қазіргі уақытта барлық жатақханаға мұқтаж білім алушыларды бірдей жатақханамен қамтамасыз ету мүмкіндігіміз болмай тұр. Жатақхана мәселесін түбегейлі шешу уақыт пен қаражатты талап етеді. Сондықтан бұл мәселеге түсіністік танытуыңызды сұраймыз. Сауалаңызға рахмет!
02-09-2018 20-41-31
From students
Author: Anonymous Question # 465 Салеметсизбе! Сизге кояр сурагым жане айтар затым бар еди. Мен Казнпу университетинде жаратылыстану-география кафедрасынын 4 курс студентимин. Мен акылы окимын. Биыл оку акысын 100% жане 1 семестрде толеу кажет екен. Копшилигине олай толеу киын. Сондыктан жылдагыдай 2 семестрге оку жылынын сонына дейн созса болады ма? Сол жагын карастырсаныз. Жане, мен сабагымды жаксы окимын. Бирак али де грантка ие бола алмадым. Грант жок дейди кашан барсамда. Сол жагын карайласаныз деймин. Биология болими. Рахмет сизге!
Answer:
Құрметті студент! Оқу үрдісіне қатысты сұрақтарыңызға нақты жауапты Академиялық мәселелер жөніндегі департаментіне келіп немесе 8 (727) 291-13-71, 291-71-06 телефон нөмерлері арқылы алсаңыз болады.
Total records: 4046