Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Welcome to the rector’s blog!

 

 

Dear visitors to the website!
 
The Rector`s blog was created to connect with students, staff and teachers of the University. You can leave your comments, ask questions and make suggestions. Open and regular discussion of issues will help the University administration to work fruitfully.
 
I hope that this platform will expand opportunities for the solution of many problems in our common work, will become an important mechanism for effective mutual exchange of information and implementation of tasks.
 
We are open for dialogue, all appeals will be considered. Every question will be answered.
 
 
Email: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 
 
 
 
 
The Rector's personal reception takes place on the 1st and 3rd Fridays of each month during the academic year - from 3.00 p.m. to 5.00 p.m.
  • Quessions-answers
  • Ask a question
  • Statistics
19-10-2018 13-15-56   From students

Author: Anonymous

Question # 582
Здравствуйте Уважаемый Такир Оспанович!В 2017 году заведующая N 1 общежитии Турысбекова Маржан взяла мою знакомую в общежитию за 15 тысячи тенге в месяц!!!И когда летом была проверка она её выгнала потому что все узнали об этом,и она не одна левая была в общежитии.И вот проверка была,и в сентябре моя знакомая хотела вернуться и поговорила с заведующим,мы зашли в её кабинет и она сказала что моя знакомая должна сделать годовую оплату,то есть по 15 тысячи на 12 месяцев.Естественно она не может такие деньги найти в короткий срок,и попросила её хотя бы за пол года отдать,заведующая согласилась и она сделала оплату.И в конце сентября мы узнали что её уволили с работы.И она не вернула ей деньги!!!И даже когда зимой была проверка она её выгнала в 40 градусную холод,хотя тогда она за 2 месяца отдала деньги,не смотря на это она выгнала её когда ей некуда было идти.Она за ремонт ещё 2000 тысячи собрала.Я хочу с этим сказать что мы не хотим чтобы она вернулась!!!Она думает только о себе,и о деньгах.Не умеет работать со студентами.В выходные дни когда студенты отдыхали она нам не дала нормально поспать утром,пинала дверь и кричала!!!Мы не хотим чтобы она вернулась!!!Прошу вас оставьте Гульжан Есеналиевну,в отличии от Маржан Турысбековой она умеет работать со студентами ,с её приходом уже многое изменилось в общежитии в хорошую сторону!!!Во время Маржан Турысбековой было беспредел ,студенты выходили из окон ночью,когда вздумается приходили а им открывали окна.А сейчас такого нету вообще!!!Прошу вас не дайте ей вернуться!!!
Answer:

Здравствуйте! Администрация университета рассматривает ряд вопросов, непосредственно касающихся заведующей  общежитием №1 Маржан Турысбековой. Решение будет принято (с учетом Вашего мнения) в ближайшее время.

19-10-2018 12-00-13   From students

Author: Аргынбай Әсет

Question # 578
Курметти Тахир Оспанович! Биз 5 жатакхананын бир топ студенттери Сизге жатакхана менгерушисинин устинен шагым айткымыз келеди. Ол киси жатакханага орналастырганда студенттерден фонд деген сылтаумен акша жинайды.
Answer:

Құрметті студент! Жатақхана меңгерушісіне қатысты шағымыңызды растайтын мәліметтеріңізді rector_blog@kaznpu.kz электронды поштасына жіберуіңізді сұраймыз. Сұрағыңызға рахмет!

 

18-10-2018 23-22-01   From students

Author: Anonymous

Question # 577
Құрметті ректор мырза!
Мен Педагогика және психология институтының 3курс студентімін.Біздің группамызда 20 студент болса оның 15і оқу ақысын төлемеді.Сол төлемеген студенттерді бүгін болған жиналыста оқудан шығарылсын деген мәселе көтеріліпті.Сонда біз не істейміз? 2жыл босқа оқып,ақша төлеп жүрміз бе?Жағдайды түсіну керек қой.Төлемейміз емес төлейміз!Мен өзім жартылай жетім,көпбалалы отбасынанмын!Сол себептен қаражат жағынан қиындықтар болып жатыр.Түсіністік танытқаныңызды қалаймыз!
Answer:

Құрметті студент! Оқу орнының келісім-шарты бойынша әрбір білім алушы оқу ақысын уақытылы төлеуге міндетті. Оқудан шығарылған студент оқу ақысын төрт апта ішінде төлесе, оқуға қайта қабылдануына мүмкіндік бар. 

Егер Сіз әлеуметтік жағдайыңызға байланысты оқу ақысын уақытында төлей алмасаңыз, өтініш жазу арқылы рұқсат алсаңыз болады. Сұрағыңызға рахмет!

18-10-2018 15-26-12   From students

Author: Anonymous

Question # 576
Құрметті Тахир Оспанұлы! Мен жаратылыстану жəне география институтының студентімін. Жатақхана мәселесімен. Шымкент қаласы, көп балалы отбасынанмын.қазіргі таңда квартира жалдап тұрып жатырмын. Əке- шешем жұмыссыз. Квартирада тұру қымбат болып тұр . Жатақхана өте қажет . Қиналып тұрмын. Замдеканға бірнеше рет бардым. Айтатыны сол баяғы орын жоқ.
Answer:

Құрметті студент! Биыл оқу орнымызға қабылданған студенттер санының көбеюіне байланысты жатақхана тапшылығы ең күрделі мәселе болып отыр. Сондықтан бірінші кезекте 1 курс студенттерін және әлеуметтік жағдайы төмен, толық жетім, мүмкіндігі шектеулі студенттер және әлеуметтік қолдауға зәру студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта студенттерімізді  жатақханамен қамтамасыз ету үшін бірқатар жұмыстар жоспарланып отыр.  Жатақхана мәселесін түбегейлі шешу уақыт пен қаражатты талап етеді, сондықтан бұл мәселеге түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

18-10-2018 00-42-27   From applicant

Author: Anonymous

Question # 575
Сәлеметсіз бе! Менің сұрағым мемлекет тарапынан игерілмей калған қосымша гранттар берілдіме?
жәнеде 1курс магистранттар шет елге жіберіледі ме?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Қазіргі уақытта магистратура бағдарламасы бойынша білім алушыларға мемлекет тарапынан қосымша грант бөлінген жоқ. Қосымша грант берілген жағдайда, институт директораттарына ақпарат беріледі.

Академиялық ұтқырлық бойынша шетелдік университеттермен жасалған келісім-шарттарға сәйкес қаржы бөлінсе, шет елге баруыңыз мүмкін. Екінші сұрағыңыз бойынша нақты ақпаратты Халықаралық ынтымақтастық басқармасынан білуіңізге болады. Байланыс тел.: 291-36-92, 291-12-45.

17-10-2018 18-21-11   From students

Author: Anonymous

Question # 574
Біз 1 жатақхана студенттеріміз 12 қыркүйектен бастап жатақхана меңгерушісі Тұрысбекова Маржан апай еңбекке жарамсыз болып жатыр. Сол күннен бастап бізде Искакова Гүлжан апай жатақхана меңгерушісінің жұмысын атқарып жүр. Гүлжан апайға рахмет. Сол кісі келгелі жатақханамыз тыныш, ешбір артық адам жоқ. Студенттерге өте мейірімді. Жатақханамызда тәртіп, тазалық, студенттер арасында бір-біріне сыйластық пайда болды. Біз ендігі жерде Тұрысбекова Маржан апайдың келуін қаламаймыз. Ол кісі студенттердің арасында жұмыс жасай алмайды. Онысымен қоймай студенттерге дөрекі сөйлейді. Техаспын, еркек қатынмын, қан көрген адаммын деп қорқытады. Маржан апайдың жатақханамызға қайтып келуіне қарсымыз. Жатақхана студенттерінің пікірлерін сұрауыңызды өтінеміз. Ергер Тұрысбекова Маржан апай қайтып 1 жатақханаға оралса студенттер көтерілуге дайын. Бір шешімін жасауыңызды сұраймыз.
Answer:

Құрметті студент! №1 жатақхана меңгерушісі Маржан Тұрысбекованың мәселесі қазіргі таңда университет басшылығымен толықтай қарастырылуда. Қысқа мерзімде бұл мәселе шешіледі.

16-10-2018 18-14-41   From students

Author: Аноним

Question # 572
Құрметті Т.О.Балықбаев мырза мен 1жатақхана студентімін.Бізге Маржан апай қайтадан комендат болып келейін деп отыр екен.Біз Маржан апайдың келгенін қаламаймыз.Маржан апай жұмыс істеген уақытта жатақханада тәртіп болған жоқ.Тазалық жағынан да тәртіп жағынан да ең соңғы орында болдық.Жеке өзінің жұмысын дұрыс атқара алмайды.Өзінің өтініш арыздарын студенттерге жазғызады.Өзі жаза
алмайды.Студенттерге дөрекі сөйлейді.Таңда ұйқы бермейді.Бөлмеміздің есігін теуіп тұрып ұрады.«Мен тахаспын,мен еркек әйелмін,көрсетем мен сендерге»үнемі айтатыны осы.Фондқа бізден 600 теңгеден жинап,алып кетті.Оны бізге қолданған жоқ.Жалпы айтқанда біз Маржан апайдың келуіне қарсымыз.Қазіргі комендат Искакова Гүлжан апай болғанын қалаймыз.
Answer:

Құрметті студент! Бұл мәселе қазіргі уақытта басшылық тарапынан қарастырылу үстінде, қысқа мерзімде қызметкерге қатысты тиісті шешім қабылданады.

15-10-2018 20-52-30   From students

Author: Магистрант

Question # 570
Добрый день! Я являюсь магистрантом 2 курса, обучаюсь на гос. гранте двухгодичное, научное направление, гуманитарная дисциплина Философия. Должен ли я отрабатывать свой гос. грант в течении 3 лет? Кто занимается этим вопросом?
Answer:

Здравствуйте! По данному вопросу Вам следует обратиться к директору Департамента по академическим вопросам Хайрулле Нышановичу Жанбекову (Главный учебный корпус, каб.  221). Контактный тел.: 291-13-71.

15-10-2018 13-58-14   From students

Author: Anonymous

Question # 569
Курметти Такир Оспанович! 1 курс магистранттарына степендия кашан тусетини жайлы акпарат алгым келеди. Улкен рахмет
Answer:

Сәлеметсіз бе! Шәкіртақы 20-30 қазан аралығында беріледі.

15-10-2018 00-06-55   Other

Author: Anonymous

Question # 566
Салеметсизбе. Сиздерден гаражды тексеруди сураймын. Гараж бастыгы бензин мен дизельди озинин калтасынан бергендей бизге толык бермейди. Списанияда кобейтилип жащылады. Бизди озинин жеке шаруаларымен жумыс истетип кояды. Бензин жагын шешип беринизши
Answer:

Сәлеметсіз бе! Шағымыңызда көрсетілген мәселені қарастыру үшін арнайы комиссия құрылып, тексеріс жүргізіледі. Тексеріс барысында шағымыңызда аталған мәселелер анықталса, жауапты тұлғаларға шара қолданылады. Сұрағыңызға рахмет!

14-10-2018 14-00-26   From students

Author: Anonymous

Question # 565
Қайырлы күн! Құрметті Такир Оспанович, осы жылы магистратураға gmat тапсырып, грантқа оқуға түстім. Енді белгілі жағдайларға байланысты оқуымды дәл осы мамандыққа басқа қалаға ауыстыру қажеттігі туындап отыр. Сұрақ: ауысуға болады ма, ауысқан жағдайда грант және степендия сақталады ма? Egov сайтының мәліметі http://m.egov.kz/cms/ru/articles/20students
Answer:

Құрметті студент! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бекітілген жалпы ережелеріне сәйкес білім алушыны бір мамандықтан екіншісіне, бір оқыту нысанынан екіншісіне ауыстыру ақылы негізде ғана жүзеге асырылады, яғни екінші мамандыққа ауысу кезінде білім гранты сақталынбайды. Бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысу жолдары туралы Университетіміздің Академиялық мәселелер жөніндегі департаментіне келіп немесе 8 (727) 291-13-71, 291-71-06 телефон нөмерлері арқылы толық ақпарат алсаңыз болады. Сұрағыңызға рахмет!

13-10-2018 21-57-47   From applicant

Author: Anonymous

Question # 564
Салеметсизбе!Менин сурагым сонгы курстын январында окуымды тастагам.Грант болиминде енди сырттайга ауыстырыпты Маган акша толеу керекпе?
Answer:

Құрметті студент! Егер Сіз қаңтар айынан бастап оқудан шығарылған болсаңыз, оқуыңызды тек ақылы бөлімде жалғастыра аласыз. Сұрағыңызға толық жауап алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент қызметкерлеріне жолығуыңызға болады. Сұрағыңызға рахмет!

13-10-2018 20-30-49   From students

Author: Anonymous

Question # 563
Сәлеметсіз бе!!! Тарих және құқық институтындағы 2 ауысымда оқитын темекі шегетін студенттерге қатысты шара қолданса деп сұраймын. Оқу мекемесінде тыныс алу мүмкін емес. Темекінің иісінен зардап шегетін біз,сондықтан зиянды әдетті студенттерге шара қолданған жөн.
Answer:

Құрметті студент! Шағымыңызда көрсетілген мәселе бойынша арнайы комиссия құрылып, тексеру жүргізіледі. Студенттердің зиянды әдеттеріне бей-жай қарамағаныңыз үшін рахмет!

 

13-10-2018 11-42-45   Other

Author: Ұстаз

Question # 562
Құрметті, п.ғ.д, профессор Балықбаев Такир Оспанович !
Мен Сіз басқарып отырған оқу ордасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты, 15 жылдан астам ұстаздық қызмет атқарып жүрген қызметкермін.Сіздің білім саласына жанашырылық танытып, қолға алған әрбір тың жұмыстарыңыздың арқасында университет беделі одан әрі көтерілу үстінде. Менің осы білім ордасының бір мүшесі ретінде мынадай қоятын сұрақ-өтінішім бар.
1) Отандық біліктілікті арттыру орталығымен қатар, шетелдік үздік оқу орындарына өз бетімізше шақырту алып, сол білім ордаларының үздік білім беру технологияларын үйреніп, кәсіби біліктілікті жетілдіру курсына баруға университет тарапынан қаржылай көмек ұсынылса. Өйткені, қазіргі ұстаздың жағдайы өзін-өзі қаржыландырып барып келуге жағдайы келе бермейді.
2) Университетімізде ағылшын тілінде жүргізілетін жаратылыстану (биология, химия, информатика (ИКТ), физика) пәндерінен ағылшын тілінде сабақ өткізетін оқытушыларға қосымша жалақысына үстеме ақы қосылуын сұраймыз. Ағылшын тілінде осы пәндерді өткізуде оқытушылар әрі пәннің өзін, әрі ағылшын тілінде мән мазмұнын түсіндіріп, болашақ кадрларымызды халықаралық тіл ағылшын тілінде білім мен ғылымға баулиды. Ағылшын тілінде кез келген оқытушы өз пәнін бере алмайды. Ағылшын тілінде сабақ беру үшін оқытушы өзінің деңгейін арттырып, әр түрлі курстарға қатысып, сертификатпен нақтыланады. Бұндай кезеңдерден өтуде оқытушы бірнеше уақыты мен қаржысын жұмсайды. Соған байланысты, университет тарапынан қосымша үстемақы беруіңізді сұраймыз. Бұл өтінішті Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры мен проректорларға емес тікелей Сізге жетуін сұраймыз.
Ұстаздардың өтініші жақын арада қарастырылса деген өтініш білдіреміз.
Answer:

Сәлеметсіз бе!  Рахмет, өте орынды сұрақ. Елбасы жақында жариялаған Жолдауында білім және ғылым саласын дамытуға бағытталған нақты тапсырмалар берді. Онда мұғалім мәртебесі туралы бастамалар айтылғаны бәрімізге мәлім. Сондықтан биылғы оқу жылында оқытушыларымыздың тәжірбие жинақтауын, кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыру қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілетін болады.

Сұрағыңызға жауап беретін болсам, біріншіден, өзіңізге белгілі былтырдан бері Назарбаев университетінде біраз оқытушылар біліктілікті арттыру курстарына қатысып қайтты. Университетімізде оқытушыларымыз үшін арнайы ағылшын тілі курстары ұйымдастырылды. Бұл Университетіміз тарапынан оқытушыларымызға деген үлкен қолдау деп ойлаймын. Егер тілді жеткілікті деңгейде меңгерген болсаңыз, шетелдік оқу орындарынан шақырту алу туралы  ұсынысыңызды Біліктілікті арттыру және қашықтықтан білім беру орталығының басшыларымен ақылдаса отырып қарастыруға болады.

Екінші сұрағыңызға келетін болсақ, 2018 жылдың 8 маусымындағы Ғылыми кеңес шешімімен  ағылшын тілінде сабақ жүргізетін профессор-оқытушылар құрамына оқу жүктемесіндегі сағат көлеміне байланысты негізгі айлықтарына қосымша 20% үстеме жалақы ағылшын тілін меңгеру деңгейіне байланысты қарастырылып, бекітілген.

Болашақ жас мамандарға сапалы білім беру мақсатында білімін көтергісі келетін оқытушыларымыздың қадамдарын әрқашан қолдаймыз. Сұрағыңызға рахмет!

12-10-2018 11-52-49   Other

Author: Аноним

Question # 561
Уважаемый Такир Оспанович!!! Хотели донести до вашего сведения что в университете в административном депортаменте творится мы жаловались Сабиту директору адм депортамента отвечающий за кадры, на творящийся произвол устроиный людьми занимающие руководящие должностя а частности директор депортамента Кенишбек продоющий места комендантов не умеющий работать с людьми вообще,при этом прекрывающийся вашим Советриком Каныбеком а так же Докторант который по Закону не имеет права занимать какую либо должность началтник госзакупок Амирхан который вымогает со всех.А Сабит бездейсивует будто с ними за одно уже нет сил разберитесь пожалуйста иначе нам придется обратится в уполномоченные органы. Надеемся на Вас
Answer:

Здравствуйте! По данному вопросу было проведено собрание директором Департамента Сабитом Даубасовым – с комендантами и и.о. директора Департамента инфраструктуры и развития. Ваша жалоба о продаже места комендантом не потвердилась. Начальник отдела госзакупок Амирхан Баялиев с сентября переведен на полставки, так как обучается в докторантуре.

Если у Вас по указанным в Вашем обращении нелицеприятным фактам есть доказательства, прошу записаться ко мне на прием или отправить информацию на rector_blog@kaznpu.kz .   

12-10-2018 11-19-15   From students

Author: Бисенбаева Мира

Question # 560
Құрметті Таxир Оспанұлы!
МФжИ институтының 4 курс студенті Бисенбаева Мира боламын. 3 жыл бойы N5 жатақxанада тұрып, 2-3 курсымда өзін-өзі басқару ұйымының төрайымы міндеттін атқардым. Студенттермен тығыз байланыста болып, жатақxанадағы жағдайды да қадағалайтынмын. 3 жыл бойы жатақxанадағы өмірімде ешқандай жамандық көрмедім. Иә, біздің меңгерушіміз қатал. Тәртіпке және тазалыққа аса мән береді. Бізге де кезінде ұрысып алатын. Бірақ барлығы орнымен. Осы тәртіп болмаса, жатақxананың күйі кетпей ме? тәрбие жөніндегі директордың орынбасары Біргебаев Ақтай Біргебайұлы ағайымызбен де тығыз байланыста отырамыз. Осы екі басшының арқасында Наурыз, Құрбан айт т.б. Мерекелерде мал сойып, студенттерге үлкен дастарxан жайылатын. "Ең белсендi бөлме", "Ең таза бөлме" номинациялары бойынша марапатталып, Тұрмыс жағдайға керек заттарды сыйлайтын. Басқа жатақxаналарды болдым. Достарым сол жақта тұрады. Бірақ дегенмен де еш жатақxанадан бұндай тәртіп және тазалық көрмедім. Мен ешкімді жақтап отырған жоқпын. Тек менің 2-ші үйімдей болып кеткен жатақxанымды және оның басшысын жазықсыз даттағанына қарап отыра алмаймын. Тәртіп бұзбаған, тазалық сақтаған адамға кім жазықсыз тиіседі?! Осыған дейін бұндай мәселе болмаған. Мүмкін 1-курс студенттері бұндайға үйрене алмай жүргені шығар. Қазіргі таңда ас бөлмелердегі тұрмыстық теxникалар, себезгілер жаңартылды. Әрқашанда студенттердің жағдайын ойлап жүретін адамға жала жапқанына қарап отыра алмаймын. Өзіңіз келіп көрсеңіз де болады. Рақмет.
Answer:

Құрметті Мира! Қызметкер жұмыс барысында кәсіби-этикалық принциптерді ұстанып, лауазымына сай қызмет атқарса, ешқандай мәселе туындамайтынына сенімдімін.

Университетіміздің қызметкерлеріне қатысты жолданған арыз-шағымдар жан-жақты қарастырылып, дәлелдер негізінде ғана шешім қабылданады. Жоғарыда көрсетілген мәліметтер міндетті түрде ескеріледі. Меңгеруші Ғайни Ахатаеваның қызметін бағалап, пікір білдіргеніңіз үшін рахмет!

12-10-2018 10-48-08   From students

Author: Anonymous

Question # 559
Қайырлы күн! Құрметті Такир Оспанович, сізге қояр сұрағым: биыл "gmat" тапсырып магистратураға грантқа түстім. Енді белгілі жағдайлар бойынша басқа қалаға ауысу қажеттігі туындауда. Енді, дәл осы мамандығым бойынша басқа оқу орнында оқуымды жалғастыруыма болады ма? Ауыстырған жағдайда грант және степендия сақталады ма?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Мемлекеттік білім беру гранты Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне бөлінгендіктен, мамандығыңыз бойынша басқа жоғары оқу орнына ауысу кезінде мемлекеттік грант сақталмайды. Бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысу туралы толық мәліметті Академиялық мәселелер жөніндегі департамент қызметкерлерінен алуыңызға болады. Байланыс телефондары: 8 (727) 291-13-71, 291-71-06.

10-10-2018 08-57-55   Other

Author: Anonymous

Question # 558
Саламатсызба Ректор мырза
Мен биылгы жылы Магистратурада 6М011600
География мамандыгынын акылы болымыне окуга тустым.
Мемлекеттен болынген 64 гранттын 63 иемделген калган 1 орын колданылмаган.
Менын Мемлекеттык грантка ауысуга мумкындыгым барма? Менын жинаган жалпы балым 157.
Отбасылык жагдайыма байланысты мены Мемлекеттык грантка ауысуыма комектесуынызды сызден отынемын?
Answer:

Құрметті студент! Мемлекеттік білім беру грантына ауысуыңызға мүмкіндік бар, ол үшін Сіздің барлық емтихандарыңыздың көрсеткіші жоғары болуы керек. 1 семестрдің қорытындысы бойынша GPA көрсеткішіңіз жоғары болып, мемлекеттік грант үміткерлеріне қойылатын талаптарға сай келсеңіз, өтінішіңізді жолдауыңызға болады. Міндетті түрде қарастырылады. Сұрағыңызға рахмет!

08-10-2018 12-32-47   Other

Author: Anonymous

Question # 557
Саламатсыз ба ректор мырза
Мен Атагази Олжас Сапарбайұлы қазіргі таңда Қостанай қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде Биотехнология мамандығы бойынша 1курсата білім алып жатырмын. Шынымды айтайын маған өз мамандығым ұнамайды. Кейін ұнап кетеді деген оймен келген болатынмын бірақ ұанған жоқ. Менің сізге кояр сұрағым мен осы жылы сіздің универдің дайындық курсында оқып келесі жылы КТ тапсырып Химия пәні бойынша білім ала аламын ба?
Мен бұл туралы әлуметтік желі арқылы оқыған болатынмын. Сол жайлы толық мағұлмат білейін дегенмін. Маған Мұғалім болып балаларға білім берген қатты ұнайды әсіресе химия пәнінен. Химия пәнін көптеген оқушылар ұната бермейді. Мен сол балаларға химия пәнінің қандай қызықты пән екенін үйреткім келеді.Мен қазіргі таңда грантымнан бас тартып сізге барап ақылы түрде оқиын десем отбасылық жағдайым оны көтере алмайды.
Answer:

Құрметті талапкер! «Биотехнология» мамандығының келешегі зор, сондықтан берілген мемлекеттік грант бойынша өз мамандығыңызды оқығаныңыз дұрыс. Еліміз бойынша барлық ЖОО-да 1 және 2 курс пәндері жалпы білім беретін пәндер болып табылады. Тек 3-4 курста ғана мамандыққа сәйкес пәндер оқытылады. Сіз мемлекеттік гранттан бас тартқан жағдайда, дайындық курсында тегін оқи алмайтындығыңызды ескеріңіз.

07-10-2018 08-12-38   From students

Author: Anonymous

Question # 556
Сәлеметміз бе?!
Сізге қояр сұрағым: биыл магистратураға грантқа (gmat-пен) оқуға түстім. Енді, оқу орнын басқа қалаға ауысуға болады ма? Және ауысқан жағдайда грант және степения сақталады ма?
Answer:

Құрметті студент! Мемлекеттік грант Қазақ ұлттық педагогикалық оқу орнына берілгендіктен, білім алушы басқа оқу орнына ауысқан жағдайда білім гранты сақталынбайды. Бір оқу нысанынан екінші оқу нысанына ауысу ережелері туралы институтыңыздан немесе Академиялық мәселелер жөніндегі департамент қызметкерлерінен білуіңізге болады. Сұрағыңызға рахмет!

Total records: 4046

« перв. ... < пред. ...  175  176  177  178  179 180  181  182  183  ... след. > ... посл. »

First name: *


E-mail:



Phone:



Subject:


Question: *


Enter the code from the image: *


Number of questions

May, 2024
4
April, 2024
10
March, 2024
5
February, 2024
20
January, 2024
11
December, 2023
21
November, 2023
19
October, 2023
17
September, 2023
25
August, 2023
39
July, 2023
29
June, 2023
60
May, 2023
41
April, 2023
49
March, 2023
22
February, 2023
42
January, 2023
68
December, 2022
55
November, 2022
50
October, 2022
62
September, 2022
52
August, 2022
33
July, 2022
32
June, 2022
49
May, 2022
139
April, 2022
64
March, 2022
45
February, 2022
46
January, 2022
57
December, 2021
29
November, 2021
43
October, 2021
70
September, 2021
75
August, 2021
109
July, 2021
79
June, 2021
62
May, 2021
69
April, 2021
74
March, 2021
47
February, 2021
42
January, 2021
68
December, 2020
61
November, 2020
62
October, 2020
42
September, 2020
48
August, 2020
57
July, 2020
81
June, 2020
88
May, 2020
65
April, 2020
86
March, 2020
57
February, 2020
37
January, 2020
28
December, 2019
47
November, 2019
72
October, 2019
70
September, 2019
61
August, 2019
88
July, 2019
47
June, 2019
71
May, 2019
54
April, 2019
70
March, 2019
51
February, 2019
45
January, 2019
75
December, 2018
87
November, 2018
51
October, 2018
54
September, 2018
77
August, 2018
105
July, 2018
46
June, 2018
43
May, 2018
45
April, 2018
36
March, 2018
30
February, 2018
28
January, 2018
17
December, 2017
17
November, 2017
12
October, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений