Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Welcome to the rector’s blog!

 

 

Dear visitors to the website!
 
The Rector`s blog was created to connect with students, staff and teachers of the University. You can leave your comments, ask questions and make suggestions. Open and regular discussion of issues will help the University administration to work fruitfully.
 
I hope that this platform will expand opportunities for the solution of many problems in our common work, will become an important mechanism for effective mutual exchange of information and implementation of tasks.
 
We are open for dialogue, all appeals will be considered. Every question will be answered.
 
 
Email: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 
 
 
 
 
The Rector's personal reception takes place on the 1st and 3rd Fridays of each month during the academic year - from 3.00 p.m. to 5.00 p.m.
  • Quessions-answers
  • Ask a question
  • Statistics
22-11-2018 22-42-03   Other

Author: Anonymous

Question # 653
Ұлы мәртебелі ректор мырза!Менің туған бауырым 2-топтағы мүгедек, жанұиясымен ауылдық жерде тұрады.Соның үлкен ұлы Керімқұлов Асланбек Асқарбекұлы сіз басқарып отырған оқу ордасында білім алып жатыр.Ол менің үйімде тұрады.Бүгін үйге көңілсіз оралды.Себебін айтпай 4 сағаттан соң әрең айтты.Ол осы қараша айының стипендиясын ала алмапты.Барлық документтерді түгел деканатқа уақытында өткізген.Сіздің ұжымның бухгалтерия қызметкерлерінің салғырттығынан осындай жағдайға тап болып отырмыз. Сізден өтініп сұраймын,тез арада баламның стипендиясын түсіртуіңізді өтініп сұраймын.Өзіме келсем менде денсаулығыма байланысты зейнеттегі азаматпын, меніңде үш балам бар.Сізге алдын ала зор рахмет!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Шағымыңызда көрсетілген мәселеге қатысты оқу орнымыздың Қаржы-экономикалық департаменті берген мәліметі бойынша ағымдағы жылдың 21 қарашасында 3 курс студенті Асланбек Керімқұловтың Цеснабанктегі есеп-шотына шәкіртақы жіберілгендігі анықталды.

Білім алушының карточкасына ақшаның түскендігі туралы ақпаратты білу үшін банк қызметкерлерімен хабарласуыңызды сұраймыз. Сұрағыңызға рахмет! 

22-11-2018 17-30-09   From students

Author: Anonymous

Question # 652
Уважаемый, Такир Оспанович!

Надеясь на ваше содействие пишу сюда. Из-за халатности, недальновидности сотрудников "Центра карьеры", мне пришлось оставить работу, которая не мешала моей учебе. Меня уверили сотрудники Центра, что я обязан отработать свой грант именно в гос. учреждениях, что все обладатели грантов должны работать именно в гос. организациях, подписал договор по их настоянию. Позвонив в МОН РК, я убедился, что это далеко не так. По моей специальности я должен отработать грант, но не обязательно в гос. орг-ях, могу работать где угодно, ТОО, АО, ИП, главное, чтобы это было в РК, не менее 3-х лет. Почему некомпетентные сотрудники национального вуза, могут давать ложную информацию, они даже с Законом "Об Образовании" не ознакомлены, начальница Центра даже не знает как Закон называется. Прошу принять меры, от их работы многие молодые выпускники могут пострадать, так как отработка в гос. организациях касательно только пед., мед., тех., ветеринарных дисциплин, но не всех, как вы знаете, с заработной платой гос. организаций всю семью прокормить очень сложно. Такая пагубная работа "Центра Карьеры" напрямую повлияет на имидж моего родного КазНПУ имени Абая.
Answer:

Здравствуйте. По данному вопросу от начальника Центра «Карьера» получено разъяснительное письмо, в котором сообщается следующее:
 
«... согласно пункту 4 Постановления Правительства Республики Казахстан от 30 марта 2012 г. № 390 «Об утверждении Правил направления специалиста на работу, предоставления права самостоятельного трудоустройства, освобождения от обязанности или прекращения обязанности по отработке гражданами, обучавшимися на основе государственного образовательного заказа», граждане, поступившие на обучение по педагогическим и медицинским специальностям на основе государственного образовательного заказа, отрабатывают в государственных организациях образования и государственных организациях здравоохранения не менее трех лет после окончания вуза. Все обучающиеся были уведомлены и была проведена разъяснительная работа.
 
Ваша жалоба принята к сведению.
 
21-11-2018 16-55-07   Other

Author: Anonymous

Question # 651
Здравствуйте, уважаемый Такир Оспанович!
Хотела бы задать вопрос по размеру стипендии докторантов. На сайте http://egov.kz/cms/ru/articles/razmer_stipendii_rk указано что размер стипендии докторантов составляет 81998 тенге, а на самом деле на счет поступает 81178. С чем связана данная разница?
Answer:

Здравствуйте! Размер ежемесячной  стипендии докторанта составляет  81 998 тенге. Из этой суммы удерживается 1%, что составляет 820 тенге. Это членские взносы  в профком студентов.
 
21-11-2018 11-32-57   From students

Author: Филология факультеті 2 курс

Question # 650
Сәлеметсіз бе,Такир Оспанович. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2-курс студенттері жазбаша тапсырылатын сабақтарды тест түрінде тапсыру үшін сізден рұқсат сұраймыз. Тест түрінде тапсыру біз үшін ыңғайлы.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Емтихандардың тапсыру түрлері Ғылыми кеңестің шешімімен бекітілгендіктен, өзгертілмейді. Ұсынысыңызды келесі оқу жылына қарастыруға болады. Сұрағыңызға рахмет!

21-11-2018 11-25-41   From applicant

Author: 2-курс студенттері

Question # 649
Сәлеметсіз бе, Такир Оспанұлы! Сізден сұрайын дегеніміз, сессия тапсыратын сабақтарды түгел тест түрінде тапсыру үшін өтініш жазсақ, ол қарала ма? Біз емтиханды жазбаша түрде тапсырғаннан гөрі, тест түрінде тапсыруды сұрасақ дейміз. Осы мәселені қарастыруыңызды сұраймыз.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Емтихандық сессиялар кезінде тапсырылатын пәндердің  жазбаша, ауызша немесе тест түрінде қабылданатындығы жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесінде талқыланып, емтиханның әр оқу пәні бойынша тиісті шешім қабылданады.

Сұрақтарыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Оқу ісі жөніндегі проректор Асан Адасбекұлы Сәтмырзаевпен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 293-81-53.

20-11-2018 19-16-05   Other

Author: Anonymous

Question # 648
Салеметсіздерме, менің сіздерге сұрағым не себепті оқытушылар өздері сабақ үстінде қолданылмаған әдістерді немесе тәсілдерді бізден міндеттейді. Неге жай ғана ой қосып, көмектесулеріне болмайдыма? Бірдене сұрай қалсан айқайлап, ұрыса жөнеледі, бізге педагогика сабағынан магистранттарға алдында сабақ өткізіп яғни практикалық жағынан сабақты жүргіземіз дейді оқытушы, жарайды деп келіссек жоспарымызда оқытушы бекітпей қайтарып жібере береді. Қаншама магистранттың сабақ жоспарын қабылдамай 4-5 рет қайтырып жібере береді, бізге оқытушы сабақты интербелсенді әдістер арқылы өтпейді, енді келіп бізге әдістерді қолданып өтіңдер дейді, оның үстіне сабақ жоспарын қабылдамай жібереді. Неге сонда оқытушы жай жол көрсетіп айтуға болмайдыма, сабақ өткен магистранттарға сын қатты айтып тастайды, біз қанша еңбектенеміз, оқытушыны күтіп отырамыз кафедрасына барып, неге? Дұрыс, бұрыстығын сұрайын десек айқайлап, нервная болып отырады. Жақсы өткізген сабақтарды фестиваль өткізгенде, қайта көрсетесіндер деп айтады, келмеген студенттерге аралық бақылау қоймаймын дейди оқытушымыз
Answer:

Құрметті студент!

Сұрағыңызда аталған мәселелерге қатысы бар нақты кафедра атауы және оқытушының есімі нақты көрсетілмегендіктен, шағымыңыз бойынша Педагогика және психология институтына қарасты кафедра меңгерушілеріне ескерту жасалды. Барлық институт директорларына оқу үрдісінде аталмыш мәселелер туындамауы үшін арнайы тапсырмалар берілді. Сұрағыңызға рахмет!

19-11-2018 18-14-41   Other

Author: Anonymous

Question # 647
Құрметті Таxир Оспанұлы!
№6 Бас оқу ғимаратының еден жуушыларынның атынан сізге өтініш жазып отырмыз. Біз осы бас оқу ғимаратының коменданты Төлегенов Аманбектің үстінен, осыған дейін сіздің атынызға жазылған түсініктеме хатымыз болған. Сіз ол түсініктеме хатты Проректор Құлжабаевқа қарастыруға жібергенсіз. Бірақ ол шешілусіз қалды. Қалтасында 7-8 тегін алып жүрген корточкалары сол қалпында қалып қойды. Өзінің әйелі 2- корточкаға жуып жүр. Қалғандарын басшыларға таратып қойдым. Енді маған ештене істей алмайсындар деп күшейді. Шілде айында еңбек демалысында жүрген техничканың үстінен өтірік рапорт жазып, оның 1 ставкасын өз әйеліне берді. Өзімнің көмекшім болады деді. Аула сыпырушының артына түсіп жүріп жұмыстан шығарып жіберді. Жаңадан келген кісіге 1 ставка берді. Енді ректоратты 205, 203,208,213, кабинеттерді жуып жүрген кісі 1,5 ставкаға жуған еді, жаңа келген қызметкерге 1 ставка қылып берді. 0,5 ставка фондқа алдым деді. Ол қандай фонд??? Мұныңыз қалай десек ауыздарыңды жауып тыныш жүріңдер деп өзімізге дауыс көтерді. Сендерді жұмыстан шығарамын деп кез-келген нәрсеге сылтау қылып соңымызға түсіп алды. Біз осында алдымыз 20-жылдан сонымыздағы 8-9 жылдан жұмыс істейміз. Табель бойынша 34-35 техничка ал негізінде 21 техничка жұмыс істейді. Құрметті Тахир Оспанұлы біздің өтінішімізді дұрыс қарап шешімін тауып берсеңіз жақсы болар еді. Алдын-ала рахмет!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Университетіміздің №6 оқу ғимаратының меңгерушісі Аманбек Төлегеновке қатысты шағымыңыз бойынша Инфрақұрылымды дамыту жөніндегі департаменті басшылығының тарапынан тексеріс жүргізілді. Тексеріс барысында Аманбек Төлегеновтың берген штаттық бірлігі дұрыс деп табылып, хатта көрсетілген деректер анықталмады.

16-11-2018 09-22-32   From students

Author: Anonymous

Question # 645
Саламатсызба
Біз 4 курс студенттері сіге сұрағымыз бар.Воудтан біз проходной бал жинадық.Алдын біз сол болса болды деген.Және Біз Тарбие теориясын мүлде өтпегенбіз,сонда да тапсырдық.
Бірақ қайта келіп қорқытып баға қоймаңдар деп мазамызды алуда. Неге бұлай.Заң бойынша бұл сырттай бақылау және ешқандай пәнге әсері жоқ деген.Сонда бұл қалай?
Енді диплом алмайсыңдар,т.б қорқутулар көп болып кетті.енді ғана кредиттік жүйе туралы айтып,таңдау құқықтарын болған пәндерді деп бізге кінані үйіп төгуде.Соңғы курсымның мұндай болатынын білмедік.
Аман-есен бітіріп шықсақ екен.
Басшыларға айсаңыз екен біздің басқа сабақтан алған балымызға зиянын тигізбесін.
Сіз бір шешімін табады деп үміттенеміз.
Рахмет!
Answer:

Құрметті студент! Шағымыңызда мамандығыңыз және пәннің атауы көрсетілмегендіктен, бұл мәселе бойынша шара қолданылмайды. Сондықтан оқу үрдісіне байланысты шағымыңызды қарастыру үшін Университетіміздің оқу ісі жөніндегі проректоры Сәтмырзаев Асан Адасбекұлына жолығуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 293-81-53. Сұрағыңызға рахмет!

15-11-2018 19-38-55   Other

Author: Anonymous

Question # 644
Салеметсизбе!оқу ақысы қанша заочный факультет биология жалпы 113 кашан жане сабактары басталады?казир Деканат Ким жаратылыстану география факультетинде?жане группада бир Гана студент оки атама?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Сұрақтарыңыз бойынша нақты ақпарат алу үшін Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Дүйсенбайқызы Каймулдиновамен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-47-66, 291-64-57.

15-11-2018 02-53-17   From applicant

Author: Anonymous

Question # 643
Сәлеметсіз бе ректор мырза! Мен осы жылы магистратурага тапсырып едым,екі емтиxанды қоскандағы балым 155 болды,грантка тусе алган жоқпын.Менің сізге қояр сұрағым,мен егерде мемлекет тарапынан берілетін қосымша грат берілсе,маған беруін сұрап өтініш қалдырғанмын,менің жағдайым жетпегендіктен ақылы оқи алмадым.Мемлекет тарапынан қосымша граттар бөлінеме?егер бөлінген жағдайда мен универде оқымасамда грантты ала-аламын ба?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Қосымша грант мемлекет тарапынан бөлінетіндіктен, грант туралы нақты ақпарат бере алмаймыз.

Сұрағыңыз бойынша ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефоны: 8 (727) 291-13-71.

15-11-2018 00-06-25   From applicant

Author: Anonymous

Question # 642
Сәлеметсіз бе, құрметті Тахир Оспанұлы! Мен 1 курс, магистрантымын. Академиялық ұтқырлыққа байланысты сұрақтарым бар еді. Қазір ешқандай конкурс жарияланбады, біран шақырту алу өз мойнымда бола ма, әлде белгілі бір демартамент қол ұшын созады ма? Рахмет!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Академиялық ұтқырлық бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан қаржыландырылады. Мемлекет тарапынан арнайы қаржы бөлінген жағдайда ғана Халықаралық ынтымақтастық басқармасының академиялық ұтқырлық секторы конкурс өткізеді. 
Сіз білім алушыларға арналған Эразмус+, DAAD, MEVLANA сияқты халықаралық алмасу бағдарламалары туралы қосымша ақпаратты Халықаралық бағдарламалар мен ынтымақтастық бөлімінің қызметкерлерінен алуыңызға болады. Байланыс телефондары: 291-36-92, 291-12-45. Сұрағыңызға рахмет! 
 
14-11-2018 14-09-46   From applicant

Author: Кульзифа Абылкасымовна Жанабердиева

Question # 641
Сәлеметсизбе Такир Оспанович! Мен сизбен бирге Казақ Білім академиясында жұмыс істедим. Қазир пенсиядамын.Әли де жұмыс істегим келеді. Осы институттың түлегімін. Бірақ неше жыл болды орналасамаймын. к.п.н., доцент, биолог, методист. педагог. "Салауаттану" оқулығының авторы Көмегіңізді сұраймын. Рахмет.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Түйіндемеңізді Әкімшілік департаментінің персоналды басқару бөліміне өткізуіңізге болады. Байланыс телефондары: 291-71-91, 291-18-29.

13-11-2018 16-30-42   From students

Author: Anonymous

Question # 640
Ағай сәлеметсіз бе? Маған жатақхана керек еді ӨТІНІШ! Ақылы бөлімде оқитындар мен Алматы Тараз Шымкент облыстарынан алып жатыр. Неге маған берілмей жатыр!
Answer:

Құрметті студент! Білім алушыларға жатақханадан орын бөлу мәселесін оңтайлы жүргізу мақсатында әрбір институт жанынан арнайы комиссия құрылған. Егер Сіздің әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттар болса, онда өз институтыңыздың жанынан құрылған комиссияға өтінішіңізді беруіңізге болады. 

11-11-2018 13-06-46   From applicant

Author: Anonymous

Question # 639
Сәлеметсіз бе ! Мен 1 ші курс студентімін . Университетте қашықтан оқытуға шет елдерге жібереді екен. Ол үшін қандай талаптарға сай болу керек IELTS міндетті түрде керек пе және оны қай уақыттан бастап жібереді соны толығырақ түсіндіріп беруіңізді өтінемін .
Answer:

Сәлеметсіз бе! Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша толық ақпарат алу үшін Халықаралық ынтымақтастық басқармасының қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-36-92, 291-12-45. 

10-11-2018 23-02-12   From students

Author: АЙЖАН ОРАЗБАЙ

Question # 638
Құрметті Такир Оспанович, сізден сұрарым қашан қысқы демалысқа шығамыз? Екінші аралық бақылау қашан басталатынын нақты айтсаңыз.Біз алыстан келген едік сол себепті алдын ала билет алуымыз керек еді.Жауабыңызға алдын ала рахмет!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Екінші аралық бақылау ағымдағы жылдың 10-15 желтоқсан аралығында өтеді. Аралық бақылау, емтихан және қысқы демалыс  уақыттары туралы сұрақтарыңызға әр топқа бекітілген эдвайзерлер жауап беруге міндетті. Оқу үрдісіне қатысты ақпаратты институт директоратынан білуіңізге болады.    

10-11-2018 21-03-44   From students

Author: Anonymous

Question # 637
Сәлеметсіз бе, мен 2-курс студентімін. Осы оқу жылы басталғаннан бері менде бір сұрақ туындап жүр. Қай курстан бастап біз өзіміз оқитын сабақтарды таңдауға мүмкіндік береді?
Answer:

Құрметті студент! Оқу үрдісіне байланысты туындаған сұрақтарыңызға жауап алу үшін институт директорымен немесе Академиялық мәселелер жөніндегі департамент қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-13-71, 291-71-06.

08-11-2018 04-58-26   Other

Author: Anonymous

Question # 635
Здравствуйте, уважаемый Такир Оспанович! Я доктор наук и профессор (ККСОН МОН РК), стаж работы в нашем вузе в этом году в декабре будет 20 лет. Но, получаю эти 20 лет до сих пор приблизительно одну и ту же зарплату, без повышения, хотя, как я думала, с повышением стажа работы должна повышаться и зарплата. По Расчетному листку за сентябрь месяц этого года, выданный мне бухгалтерией, моя зарплата за 1 ставку составляет 174.254 тенге из них 20% = 34.850 тенге - уходит на пенсионные отчисления и подоходный налог, кроме этого я обнаружила только в этом месяце, что у меня снимают ежемесячно еще и партвзносы - 283 тенге, хотя я не состою ни в какой партии и уже более 10 лет назад написала отказ от членства каких-либо партий. А также еще ежемесячно снимают профвзнос - 1% = 1.743 тенге, хотя за все 20 лет работы в вузе я не получила ни одной социальной поддержки от профсоюза, даже когда скончался мой отец не было никакой материальной поддержки, хотя обещали в отделе кадров. В итоге получается зарплата на руки -137.378, хотя почему-то я получала всегда на карту меньше 124-125.000 тенге. Но, сейчас, второй год уже я работаю на 1,25 ставки. И на эти 0,25 ставки мне начислено всего 29.421, из них: 12.609- коэфф.за нац.статус и всего лишь 16.812 - оклад по совместительству за мои 0,25 ставки. Вопрос: почему у доктора и профессора с 20-летним стажем в одном нашем вузе и с 37 летним общим науч-пед.стажем такая маленькая зарплата? Мне даже самой стыдно перед собой. И, почему, как я понимаю, не учитываются ученая степень и ученое звание, а также вузовская должность при работе на более 1 ставки, ведь это в одном вузе, где статус преподавателя подтвержден и нет необходимости доказывать свою проф.компетентность как в другом вузе. Итого на сегодня я получаю за 1,25 ставки - 164 тыс. тенге, хотя нам приходится работать всегда с пед.нагрузкой в часах больше положенных по положению согласно степени и должности, не учитывая еще огромной общественной и научной-исследовательской нагрузки. Более того, я заметила, что зарплата уменьшилась в этом году на 8-10 тыс. по сравнению с прошлым годом, и это при нашем ожидании наоборот повышения, с чем это связано? Хотелось бы задать вопрос также нашему МОН РК: в связи с повышением статуса педагога рассматривается ли вопрос повышения зарплаты педагогам вузов? Буду весьма признательна за ответ!
Answer:

Здравствуйте!

Изменение коэффициента для исчисления заработной платы производится каждые три года, свыше 20 лет работы коэффициент остается неизменным. Увеличение заработной платы с учетом повышающего коэффициента составляет примерно до 1500 тенге один раз в три года.

С 1 марта 2015 года удерживается  (на основания Вашего заявления)  1%  из заработной платы - это партвзносы в «Нұр-Отан». Если Вы в данный момент не состоите в партии «Нұр Отан», Вы должны письменно уведомить об этом Финансово-экономический департамент, чтобы удержание не производилось.

Что касается профсоюзного взноса. Каждый сотрудник, когда заполняет индивидуальный трудовой договор, «автоматически» становится членом профсоюза. В случае отказа от этого сотрудник пишет заявление о том, чтобы взносы не удерживали.

Для получения более подробного ответа Вам следует обратиться в Финансово-экономический департамент. Спасибо за вопрос.

07-11-2018 16-32-43   Other

Author: Anonymous

Question # 634
Құрметті Такир Оспанұлы!Мен кафедра оқу шеберімін, жалақым 38 000 тенге! Бұл жалақы жолмен тамаққа жұмсалып кетеді, оған қоса мен жалғаз басты анамын. Жалақы 38 000 болсада жұмысы өте көп, барлық ректораттан және институттан келген барлық хаттармен тапсырмаларды оқу шеберлері мен лаборанттар істейді. Алдыңғы жылдары мейрамдарда сыйлықақы берілген ол біз үшін сәл болсада дем беретін, ал осы жылы не Тәуелсіздік күніне, не Мұғалімдер күніне сыйлықақы берілмеді, біз үшін 38 000 тенгеге өмір сүру қиындап бара жатыр.Сізден сұрайтыным өтініш жалақыны көтеруге ықпал жасасаңыз НҰР үстіне НҰР болар еді!!! Тағы бір ұсынысым: жалғыз басты аналарға университет тарапынан бір көмек немесе жеңілдік (льготы)беруге ықпал тигізуіңізді сұраймын!Бұл хатымды назарсыз қалдырмағаныңызды сұраймын!Алдын ала рахмет!!!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Университет қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесі міндетті түрде қарастырылады. Жалақы мәселесі бойынша арнайы жұмыстар жүргізілуде. Сіздің ұсынысыңызды қарастыру үшін әлеуметтік қолдауға мұқтаждығыңызды растайтын тиісті құжаттарыңызды жинап, өтініш жазуыңыз қажет. Өтінішіңіз  университеттің арнайы комиссиясында қарастырылып, басшылық тарапынан тиісті шешім қабылданады. Сұрағыңызға рахмет!

05-11-2018 23-27-29   From students

Author: Anonymous

Question # 633
Сәлеметсізбе? қысқы демалысқа қашан шығамыз және екінші семестр қашан басталады, айтып жіберсеңіз?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Аралық бақылау, емтихан уақыттары және оқу кестесі туралы сұрақтарыңызға әр топқа бекітілген эдвайзерлер жауап беруге міндетті. Оқу үрдісіне қатысты ақпаратты институт директоратынан білуіңізге болады.    

05-11-2018 15-24-57   From students

Author: Anonymous

Question # 632
Құрметті, Тахир Оспанұлы! Универ жүйесіне кірген кезде неге қарыздеп 1 деп шығады? басқа студенттердеде бұрын летникке қалған пәндері шығып тұр,бірақ транскрипте сол пән 2 рет көрсетілген, бұл пәндеріміздің ақшасын төлеп оқығанбыз, офис регистраторға барып төленген қағазымызды таптық бірақ жеке ведомость қағазымыз жоғалған, бұл мәселені тіркеу басқармасының бастығы шешуге де асықпайды
Answer:

Құрметті студент! Егер Сіздің төлем ақыңыз банк есеп шотына өз уақытында енген болса, ол техникалық қателіктен болған. Ведомость жоғалған жағдайда, офис тіркеушісі табуға міндетті. Бұл мәселені шешу үшін тіркеу офисінің бастығы  Бақыт Мырқайқызы Күзембаевамен хабарласыңыз.

Тіркеу офисінің бастығы тарапынан шешілмесе, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековке жолығуыңызды сұраймыз.

Total records: 4046

« перв. ... < пред. ...  172  173  174  175  176 177  178  179  180  ... след. > ... посл. »

First name: *


E-mail:



Phone:



Subject:


Question: *


Enter the code from the image: *


Number of questions

May, 2024
4
April, 2024
10
March, 2024
5
February, 2024
20
January, 2024
11
December, 2023
21
November, 2023
19
October, 2023
17
September, 2023
25
August, 2023
39
July, 2023
29
June, 2023
60
May, 2023
41
April, 2023
49
March, 2023
22
February, 2023
42
January, 2023
68
December, 2022
55
November, 2022
50
October, 2022
62
September, 2022
52
August, 2022
33
July, 2022
32
June, 2022
49
May, 2022
139
April, 2022
64
March, 2022
45
February, 2022
46
January, 2022
57
December, 2021
29
November, 2021
43
October, 2021
70
September, 2021
75
August, 2021
109
July, 2021
79
June, 2021
62
May, 2021
69
April, 2021
74
March, 2021
47
February, 2021
42
January, 2021
68
December, 2020
61
November, 2020
62
October, 2020
42
September, 2020
48
August, 2020
57
July, 2020
81
June, 2020
88
May, 2020
65
April, 2020
86
March, 2020
57
February, 2020
37
January, 2020
28
December, 2019
47
November, 2019
72
October, 2019
70
September, 2019
61
August, 2019
88
July, 2019
47
June, 2019
71
May, 2019
54
April, 2019
70
March, 2019
51
February, 2019
45
January, 2019
75
December, 2018
87
November, 2018
51
October, 2018
54
September, 2018
77
August, 2018
105
July, 2018
46
June, 2018
43
May, 2018
45
April, 2018
36
March, 2018
30
February, 2018
28
January, 2018
17
December, 2017
17
November, 2017
12
October, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений