Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Welcome to the rector’s blog!

 

 

Dear visitors to the website!
 
The Rector`s blog was created to connect with students, staff and teachers of the University. You can leave your comments, ask questions and make suggestions. Open and regular discussion of issues will help the University administration to work fruitfully.
 
I hope that this platform will expand opportunities for the solution of many problems in our common work, will become an important mechanism for effective mutual exchange of information and implementation of tasks.
 
We are open for dialogue, all appeals will be considered. Every question will be answered.
 
 
Email: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 
 
 
 
 
The Rector's personal reception takes place on the 1st and 3rd Fridays of each month during the academic year - from 3.00 p.m. to 5.00 p.m.
  • Quessions-answers
  • Ask a question
  • Statistics
24-10-2018 22-29-37   Other

Author: р

Question # 596
Саламатсызба!Такир Оспанұлы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде киім дизайнер мамандыгы барма ,оқу ақысы және неше жыл
Answer:

Сәлеметсіз бе! Университетіміздің Өнер, мәдениет және спорт институты «Дизайн» мамандығы бойынша мамандарды даярлайды.  Оқу ақысы 506 000 тенге. Өнер, мәдениет және спорт институтында оқытылатын мамандықтар мен оқу ақысы туралы ақпаратты сайтымыздың талапкерлерге арналған бөлімінен (http://www.kaznpu.kz/kz/2150/page/) қарауыңызға болады. Сұрағыңызға рахмет!

23-10-2018 23-04-57   From parents

Author: Anonymous

Question # 595
Здравствуйте ! 1 вопрос : как записаться на приём к ректору?
2 вопрос : почему сборы за учебу собирают до конца этого года!? А не до конца мая как указано в договоре ?
3 вопрос : по какому принципу идёт допуск к дипломной работе
Заранее спасибо
Answer:

Здравствуйте! 1. На прием к ректору можно записаться во вторник и четверг с 15.00 до 17.00.  2. Время оплаты определено согласно договору, когда Вы поступали в вуз, Вас об этом уведомили. 3. Разрешение на допуск  к диплому выдается обучающимся, которые сдали все экзамены и практики; освоили все кредиты;  имеют Gpa 2.33. 

23-10-2018 21-50-46   Other

Author: Даркен Ардақ

Question # 594
Сәлеметсіз бе? Тахир Оспанұлы!Сіз басқарып отырған университеттің жалпы орталық ғылыми кітапханасының (Төле би, 85) қызметкерімін.Университетіміздің 90жылдық мерейтойына орай Сіздің бұйрығыңыздың негізінде түскен 72000 теңге көлеміндегі сыйақыны алдым.Сізге үлкен алғысымды білдіремін.Біздің университетіміге жасап жатқан еңбегімізді бағалағаныңыз үшін рахмет!Менің айтайын дегенім осы сыйақыны бізді алды дегенді естіп кітапханадағы әріптес кісілер өз наразылықтарын білдірді.Сыйақы алмаған кісілер біз алған сыйақыны толығымен қайтар деп отыр.Мен оларды түсініп жарты ақшасын қайтармақшы болдым.Бірақ ол кісілер оны қанағаттанбай толық ақшаны талап етіп отыр.Мен ол алған сыйақыны өз қажетіме жаратып қойдым.Енді олар алдағы айлығымыздан ұстап қаламыз дейді.Ол сыйақы менің еңбегімнің бағаланғанына түскен ақша ғой.Мен ол ақшаны өзге адамға беруге тиісті емеспін.Кеше,бүгін осы мәселе қозғалып,менің жанымдағы әріптестерім жерге алып-салумен болды.Жұмыста маған қысым көрсетіп,жұмысты жасауыма мүмкіндік бермеді.Университетіміздің 90жылдық мерейтойына өткізлген іс-шарада ол кісілер көмектесуге келмеді.Біз таң атқаннан көрмені ұйымдастырып,басы аяғында жүрдік.Осы еңбегімізді бағалап директорымыз сыйақы алушылардың тізіміне ұсынды.Ал қалған сыйақы алмаған әріптестер басшымыздың бұл шешіміне қарсы шықты.Ешқандай еңбектері болмай тұра сыйақыны талап еткендері дұрыс емес деп ойлаймын. Тахир Оспанұлы сізден осы мәселені қарастырып,бір шарасын қолдануыңызды өтінемін.
Answer:

Құрметті Ардақ! Сізге сыйақы ректордың бұйрығымен берілгендіктен, оны бөлісуге ешкімнің құқығы жоқ. Бұл мәселе қадағаланатын болады. Сұрағыңызға рахмет!

23-10-2018 10-49-44   From students

Author: Жусупова Жанерке

Question # 593
Сәлеметсіздер ме? Менің қоятын сұрағым осы Қазан айында менің грантқа өтуге мүмкіндігім бар ма? Мен ректорский грантта 50 пайыз скидкамен оқимын.
Answer:

Құрметті Жанерке!

Оқу барысында мемлекеттік білім беру гранты бойынша орын босаған жағдайда, белгіленген тәртіппен грант орындарына үміткер білім алушылардың өтініштері қарастырылады. Нәтижесі бойынша тиісті құжаттар рәсімделіп, бұйрық шығарылады. Сұрағыңызға рахмет!

23-10-2018 03-53-16   Other

Author: Аскар Магзумов

Question # 592
Ассалаумугалейкум Тахир Оспанович! Мен осыдан 3 ай бурын собеседованиядан откенмин Сиздин университеттен, алайда отпей калдым, тажиберем аздык етти, алайда кейн бир мумкиндик тагы болар деп умиттенип журмин, уйымдастыру жумыстарына кабилттимин жане осы багытта жумыс тажиберем 10 жылдай бар, TV саласында уйымдастыру жумыстармен айналыстым. Мамандыгын журналист. Егер мумкиндик болып жатса Алматыга ауыскым келеды Астанадан. Рахмет
Answer:

Құрметті Асқар! Университетіміздің Қоғаммен байланыс бөлімінде бос орын болмағандықтан, Сіздің өтінішіңізді қанағаттандыра алмайтынымызды назарыңызға саламын.Сұрағыңызға рахмет!

22-10-2018 16-35-24   From students

Author: Anonymous

Question # 591
Уважаемый Такир Оспанович! У меня вопрос такой, откроется ли доп.семестр для 4 курсов?
Answer:

Здравствуйте!
По кредитной технологии обучения для обучающихся выпускных курсов дополнительный семестр не предусмотрен. 

22-10-2018 14-57-48   From students

Author: Anonymous

Question # 590
Сəлеметсіз бе ректор мырза!Мен педагогика жəне психология институтының 4курс студентімін.Мен 3курста 2 пəннен жазғы сессияға қалғам едім.Отбасылық жағдайыма байланысты ол пəндерді жаба алмай қалдым.Енді сол пəндерді жабу үшін офис регистраторларға барсам ол жақтағылар бұл сабақтар 4курста оқытылмайтын пəндер болмаған соң кесте шықпайды деп қайтарып жіберді.Енді не істесем болады?Менің бұл сұрағымды ескерусіз қалдырмасаңыз екен!
Answer:

Құрметті студент! Кредиттік технология жүйесі бойынша бітіруші курстарда қосымша жазғы сессия ұйымдастырылмайды. Сондықтан Сіз биылғы оқу жылын, яғни 4-курсты академиялық қарызбен бітіресіз. Академиялық қарызыңызды жою үшін келесі оқу жылы пән айырмашылығын тапсыруыңыз керек.

21-10-2018 07-27-40   From students

Author: Anonymous

Question # 589
Құрметті Такир Оспановаич, университетімізде магистранттарға академиялық ұтқырлық бойынша бір семестр Қазақстанның басқа қалаларында барып оқуға мүмкіндік бар ма?
Answer:

Құрметті студент! Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша толық ақпаратты алу үшін Халықаралық ынтымақтастық басқармасының қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-36-92, 291-12-45. 

20-10-2018 22-39-43   From students

Author: Anonymous

Question # 588
Құрметті, Тахир Оспанұлы! Мен Тарих және құқық институтының 5В011400 Тарих мамандығының 1курс ЖО (жоғарғы оку орнынан кейін) сырттай бөлімінің студентімін. Анам осы оқу орнында 19 жылдай жұмыс атқарып келеді.Осыған байланысты оқу төлемакыма жеңілдік ала аламын ба?
Answer:

Құрметті студент! Жеңілдік берілу үшін университетімізде анаңыздың 19 жыл қызмет атқарғандығы туралы мәліметтер көрсетілген анықтаманы және өтінішіңізді  институт директоратына өткізуіңіз қажет. Өтінішіңізді институт жанынан құрылған комиссия қарастырып, университет деңгейіндегі арнайы комиссия қарауына ұсынады.

20-10-2018 10-54-57   From applicant

Author: Anonymous

Question # 586
Добрый день, уважаемый Такир Оспанович!
У меня такой вопрос. Мной, и еще несколькими студентами 31 августа сего года было написано заявление на присуждение вакантных образовательных грантов. О такой возможности мне стало известно так же 31 августа и от третьих лиц. Результатов присуждения грантов нам так и не озвучили.
На нашем сайте выложили список тех, кому присудили гранты по приказу от 29.08.18. И вот в чем вопрос - это и есть те самые гранты? и если это так, то как получилось так что у нас взяли заявление 31.08, а приказ вышел 29.08?
Answer:

Здравствуйте! По рассмотрении данного вопроса сообщаем следующее: после окончания сессии (в каникулярное время) на высвободившиеся места были выбраны по три претендента на одно место из тех, кто имел максимально высокий GРА балл. Все заместители директоров институтов 20 августа были уведомлены о  кандидатурах студентов, назначенных  на грантовое обучение. Что-либо изменить сейчас не представляется возможным.

К сожалению, все последующие действия исполнителей, в том числе сотрудников директората, были некорректными. И по всей видимости, произошедшее вызвано их, мягко говоря, неосведомлённостью об истинном положении дел со сроками зачисления и условиями приема заявлений.

Директорам и заместителям директоров институтов руководством университета сделано предупреждение о недопустимости подобных ситуаций.

Просим в аналогичных случаях записываться на прием к проректору по учебной работе Асану Сатмурзаеву. Тел.: 293-81-53.

20-10-2018 10-09-26   Other

Author: Anonymous

Question # 585
Сәлеметсізбе!менің білгім келгені неге хатшы,инженер,лобаранттардын айлыгы аз біздің универде.Айлык аз болған менен талап етілетін жұмыс көп. Еки есе көп десем қателеспеймін.Айлыкты истеген жұмысына карай алгымыз келеді. Алып жүрген айлык жолымыз бен түскі асымызга гана жетеди.Осы жагын карастырып корсениздер деймін.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Қызметкерлердің жалақы мәселесі оқу орнымыздың жаңа стратегиялық жоспарына сәйкес қарастырылып жатыр.

19-10-2018 14-33-49   From students

Author: Бисенбаева Мира

Question # 584
Құрметті Таxир Оспанұлы!
МФжИ институтының 4 курс студенті Бисенбаева Мира боламын. 3 жыл бойы N5 жатақxанада тұрып, 2-3 курсымда өзін-өзі басқару ұйымының төрайымы міндеттін атқардым. Студенттермен тығыз байланыста болып, жатақxанадағы жағдайды да қадағалайтынмын. 3 жыл бойы жатақxанадағы өмірімде ешқандай жамандық көрмедім. Иә, біздің меңгерушіміз қатал. Тәртіпке және тазалыққа аса мән береді. Бізге де кезінде ұрысып алатын. Бірақ барлығы орнымен. Осы тәртіп болмаса, жатақxананың күйі кетпей ме? тәрбие жөніндегі директордың орынбасары Біргебаев Ақтай Біргебайұлы ағайымызбен де тығыз байланыста отырамыз. Осы екі басшының арқасында Наурыз, Құрбан айт т.б. Мерекелерде мал сойып, студенттерге үлкен дастарxан жайылатын. "Ең белсендi бөлме", "Ең таза бөлме" номинациялары бойынша марапатталып, Тұрмыс жағдайға керек заттарды сыйлайтын. Басқа жатақxаналарды болдым. Достарым сол жақта тұрады. Бірақ дегенмен де еш жатақxанадан бұндай тәртіп және тазалық көрмедім. Мен ешкімді жақтап отырған жоқпын. Тек менің 2-ші үйімдей болып кеткен жатақxанымды және оның басшысын жазықсыз даттағанына қарап отыра алмаймын. Тәртіп бұзбаған, тазалық сақтаған адамға кім жазықсыз тиіседі?! Осыған дейін бұндай мәселе болмаған. Мүмкін 1-курс студенттері бұндайға үйрене алмай жүргені шығар. Қазіргі таңда ас бөлмелердегі тұрмыстық теxникалар, себезгілер жаңартылды. Әрқашанда студенттердің жағдайын ойлап жүретін адамға жала жапқанына қарап отыра алмаймын. Өзіңіз келіп көрсеңіз де болады. Рақмет.
Answer:

Құрметті Мира! Сұрағыңызда аталған мәліметтер міндетті түрде ескеріледі. Университет қызметкерінің еңбегін жоғары бағалап, пікір білдіргеніңізге рахмет!

19-10-2018 13-15-56   From students

Author: Anonymous

Question # 582
Здравствуйте Уважаемый Такир Оспанович!В 2017 году заведующая N 1 общежитии Турысбекова Маржан взяла мою знакомую в общежитию за 15 тысячи тенге в месяц!!!И когда летом была проверка она её выгнала потому что все узнали об этом,и она не одна левая была в общежитии.И вот проверка была,и в сентябре моя знакомая хотела вернуться и поговорила с заведующим,мы зашли в её кабинет и она сказала что моя знакомая должна сделать годовую оплату,то есть по 15 тысячи на 12 месяцев.Естественно она не может такие деньги найти в короткий срок,и попросила её хотя бы за пол года отдать,заведующая согласилась и она сделала оплату.И в конце сентября мы узнали что её уволили с работы.И она не вернула ей деньги!!!И даже когда зимой была проверка она её выгнала в 40 градусную холод,хотя тогда она за 2 месяца отдала деньги,не смотря на это она выгнала её когда ей некуда было идти.Она за ремонт ещё 2000 тысячи собрала.Я хочу с этим сказать что мы не хотим чтобы она вернулась!!!Она думает только о себе,и о деньгах.Не умеет работать со студентами.В выходные дни когда студенты отдыхали она нам не дала нормально поспать утром,пинала дверь и кричала!!!Мы не хотим чтобы она вернулась!!!Прошу вас оставьте Гульжан Есеналиевну,в отличии от Маржан Турысбековой она умеет работать со студентами ,с её приходом уже многое изменилось в общежитии в хорошую сторону!!!Во время Маржан Турысбековой было беспредел ,студенты выходили из окон ночью,когда вздумается приходили а им открывали окна.А сейчас такого нету вообще!!!Прошу вас не дайте ей вернуться!!!
Answer:

Здравствуйте! Администрация университета рассматривает ряд вопросов, непосредственно касающихся заведующей  общежитием №1 Маржан Турысбековой. Решение будет принято (с учетом Вашего мнения) в ближайшее время.

19-10-2018 12-00-13   From students

Author: Аргынбай Әсет

Question # 578
Курметти Тахир Оспанович! Биз 5 жатакхананын бир топ студенттери Сизге жатакхана менгерушисинин устинен шагым айткымыз келеди. Ол киси жатакханага орналастырганда студенттерден фонд деген сылтаумен акша жинайды.
Answer:

Құрметті студент! Жатақхана меңгерушісіне қатысты шағымыңызды растайтын мәліметтеріңізді rector_blog@kaznpu.kz электронды поштасына жіберуіңізді сұраймыз. Сұрағыңызға рахмет!

 

18-10-2018 23-22-01   From students

Author: Anonymous

Question # 577
Құрметті ректор мырза!
Мен Педагогика және психология институтының 3курс студентімін.Біздің группамызда 20 студент болса оның 15і оқу ақысын төлемеді.Сол төлемеген студенттерді бүгін болған жиналыста оқудан шығарылсын деген мәселе көтеріліпті.Сонда біз не істейміз? 2жыл босқа оқып,ақша төлеп жүрміз бе?Жағдайды түсіну керек қой.Төлемейміз емес төлейміз!Мен өзім жартылай жетім,көпбалалы отбасынанмын!Сол себептен қаражат жағынан қиындықтар болып жатыр.Түсіністік танытқаныңызды қалаймыз!
Answer:

Құрметті студент! Оқу орнының келісім-шарты бойынша әрбір білім алушы оқу ақысын уақытылы төлеуге міндетті. Оқудан шығарылған студент оқу ақысын төрт апта ішінде төлесе, оқуға қайта қабылдануына мүмкіндік бар. 

Егер Сіз әлеуметтік жағдайыңызға байланысты оқу ақысын уақытында төлей алмасаңыз, өтініш жазу арқылы рұқсат алсаңыз болады. Сұрағыңызға рахмет!

18-10-2018 15-26-12   From students

Author: Anonymous

Question # 576
Құрметті Тахир Оспанұлы! Мен жаратылыстану жəне география институтының студентімін. Жатақхана мәселесімен. Шымкент қаласы, көп балалы отбасынанмын.қазіргі таңда квартира жалдап тұрып жатырмын. Əке- шешем жұмыссыз. Квартирада тұру қымбат болып тұр . Жатақхана өте қажет . Қиналып тұрмын. Замдеканға бірнеше рет бардым. Айтатыны сол баяғы орын жоқ.
Answer:

Құрметті студент! Биыл оқу орнымызға қабылданған студенттер санының көбеюіне байланысты жатақхана тапшылығы ең күрделі мәселе болып отыр. Сондықтан бірінші кезекте 1 курс студенттерін және әлеуметтік жағдайы төмен, толық жетім, мүмкіндігі шектеулі студенттер және әлеуметтік қолдауға зәру студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта студенттерімізді  жатақханамен қамтамасыз ету үшін бірқатар жұмыстар жоспарланып отыр.  Жатақхана мәселесін түбегейлі шешу уақыт пен қаражатты талап етеді, сондықтан бұл мәселеге түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

18-10-2018 00-42-27   From applicant

Author: Anonymous

Question # 575
Сәлеметсіз бе! Менің сұрағым мемлекет тарапынан игерілмей калған қосымша гранттар берілдіме?
жәнеде 1курс магистранттар шет елге жіберіледі ме?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Қазіргі уақытта магистратура бағдарламасы бойынша білім алушыларға мемлекет тарапынан қосымша грант бөлінген жоқ. Қосымша грант берілген жағдайда, институт директораттарына ақпарат беріледі.

Академиялық ұтқырлық бойынша шетелдік университеттермен жасалған келісім-шарттарға сәйкес қаржы бөлінсе, шет елге баруыңыз мүмкін. Екінші сұрағыңыз бойынша нақты ақпаратты Халықаралық ынтымақтастық басқармасынан білуіңізге болады. Байланыс тел.: 291-36-92, 291-12-45.

17-10-2018 18-21-11   From students

Author: Anonymous

Question # 574
Біз 1 жатақхана студенттеріміз 12 қыркүйектен бастап жатақхана меңгерушісі Тұрысбекова Маржан апай еңбекке жарамсыз болып жатыр. Сол күннен бастап бізде Искакова Гүлжан апай жатақхана меңгерушісінің жұмысын атқарып жүр. Гүлжан апайға рахмет. Сол кісі келгелі жатақханамыз тыныш, ешбір артық адам жоқ. Студенттерге өте мейірімді. Жатақханамызда тәртіп, тазалық, студенттер арасында бір-біріне сыйластық пайда болды. Біз ендігі жерде Тұрысбекова Маржан апайдың келуін қаламаймыз. Ол кісі студенттердің арасында жұмыс жасай алмайды. Онысымен қоймай студенттерге дөрекі сөйлейді. Техаспын, еркек қатынмын, қан көрген адаммын деп қорқытады. Маржан апайдың жатақханамызға қайтып келуіне қарсымыз. Жатақхана студенттерінің пікірлерін сұрауыңызды өтінеміз. Ергер Тұрысбекова Маржан апай қайтып 1 жатақханаға оралса студенттер көтерілуге дайын. Бір шешімін жасауыңызды сұраймыз.
Answer:

Құрметті студент! №1 жатақхана меңгерушісі Маржан Тұрысбекованың мәселесі қазіргі таңда университет басшылығымен толықтай қарастырылуда. Қысқа мерзімде бұл мәселе шешіледі.

16-10-2018 18-14-41   From students

Author: Аноним

Question # 572
Құрметті Т.О.Балықбаев мырза мен 1жатақхана студентімін.Бізге Маржан апай қайтадан комендат болып келейін деп отыр екен.Біз Маржан апайдың келгенін қаламаймыз.Маржан апай жұмыс істеген уақытта жатақханада тәртіп болған жоқ.Тазалық жағынан да тәртіп жағынан да ең соңғы орында болдық.Жеке өзінің жұмысын дұрыс атқара алмайды.Өзінің өтініш арыздарын студенттерге жазғызады.Өзі жаза
алмайды.Студенттерге дөрекі сөйлейді.Таңда ұйқы бермейді.Бөлмеміздің есігін теуіп тұрып ұрады.«Мен тахаспын,мен еркек әйелмін,көрсетем мен сендерге»үнемі айтатыны осы.Фондқа бізден 600 теңгеден жинап,алып кетті.Оны бізге қолданған жоқ.Жалпы айтқанда біз Маржан апайдың келуіне қарсымыз.Қазіргі комендат Искакова Гүлжан апай болғанын қалаймыз.
Answer:

Құрметті студент! Бұл мәселе қазіргі уақытта басшылық тарапынан қарастырылу үстінде, қысқа мерзімде қызметкерге қатысты тиісті шешім қабылданады.

15-10-2018 20-52-30   From students

Author: Магистрант

Question # 570
Добрый день! Я являюсь магистрантом 2 курса, обучаюсь на гос. гранте двухгодичное, научное направление, гуманитарная дисциплина Философия. Должен ли я отрабатывать свой гос. грант в течении 3 лет? Кто занимается этим вопросом?
Answer:

Здравствуйте! По данному вопросу Вам следует обратиться к директору Департамента по академическим вопросам Хайрулле Нышановичу Жанбекову (Главный учебный корпус, каб.  221). Контактный тел.: 291-13-71.

Total records: 4038

« перв. ... < пред. ...  174  175  176  177  178 179  180  181  182  ... след. > ... посл. »

First name: *


E-mail:



Phone:



Subject:


Question: *


Enter the code from the image: *


Number of questions

April, 2024
6
March, 2024
5
February, 2024
20
January, 2024
11
December, 2023
21
November, 2023
19
October, 2023
17
September, 2023
25
August, 2023
39
July, 2023
29
June, 2023
60
May, 2023
41
April, 2023
49
March, 2023
22
February, 2023
42
January, 2023
68
December, 2022
55
November, 2022
50
October, 2022
62
September, 2022
52
August, 2022
33
July, 2022
32
June, 2022
49
May, 2022
139
April, 2022
64
March, 2022
45
February, 2022
46
January, 2022
57
December, 2021
29
November, 2021
43
October, 2021
70
September, 2021
75
August, 2021
109
July, 2021
79
June, 2021
62
May, 2021
69
April, 2021
74
March, 2021
47
February, 2021
42
January, 2021
68
December, 2020
61
November, 2020
62
October, 2020
42
September, 2020
48
August, 2020
57
July, 2020
81
June, 2020
88
May, 2020
65
April, 2020
86
March, 2020
57
February, 2020
37
January, 2020
28
December, 2019
47
November, 2019
72
October, 2019
70
September, 2019
61
August, 2019
88
July, 2019
47
June, 2019
71
May, 2019
54
April, 2019
70
March, 2019
51
February, 2019
45
January, 2019
75
December, 2018
87
November, 2018
51
October, 2018
54
September, 2018
77
August, 2018
105
July, 2018
46
June, 2018
43
May, 2018
45
April, 2018
36
March, 2018
30
February, 2018
28
January, 2018
17
December, 2017
17
November, 2017
12
October, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений