19-09-2018 16-08-11
From students
Author: Anonymous Question # 531 Здравствуйте Тахир Оспанович! Я докторант, хотела написать свое возмущение по поводу секретарши проректора по учебной работе, которая зовут Айнур, полное имя к сожалению не знаю. Накрашенная куколка, у которой даже и высшего диплома нет, которая не только не понимает свою работу, но и не умеет обращаться с людьми уважительно. По какими требованиями вы берете к себе сотрудников? Не хотела сюда писать, зная что никакого результата не будет, хотела обратиться к ее проректору лично, но эта Айнура сказала что проректор его дядя и я все равно не смогу ничего сделать. Как можно понимать эту структуру?
Answer:
Здравствуйте! Ваше обращение направлено на рассмотрение проректору по учебной работе Асану Адасбековичу Сатмырзаеву, к которому Вам следует обратиться для получения подробного ответа. Спасибо!
19-09-2018 14-44-42
From students
Author: Anonymous Question # 530 Сәлеметсіздерме.Қоятын сұраныс.Мен Алтын Белгі иегерімін,сол себептен университеттің 100% грантындамын.Енді сұрақ:мен басқа оқу орнына ауысуына мүмкіндік бар ма? 2 курстар әлде 1 семестрден кейін бе? (грант сақталуы керек болып тұр)...
Answer:
Құрметті студент! Басқа жоғары оқу орнына ауысқан жағдайда, университет тарапынан бөлінген 100% жеңілдік сақталмайды. Қазір ауыса алмайсыз, ауысқан жағдайда оқудың төлем ақысын төлеуге тура келеді.
19-09-2018 09-09-30
From applicant
Author: Сейтбатталова Фариза Question # 529 Құрметті Таxир Оспанұлы мен Сейтбатталова Фариза жаратылыстану және география институтының экология мамандығының 4 курс студентімін және группамның старостасымын. Біздің GPА балымыз 3.3ден асып тур жанеде дипломдық жұмыс жазуға жеткілікті,бірақ группадан 4 ақ адам жазады деп бекітілген.Бізге дипломдық жұмыс жазу мүмкіншілігін беруіңізді сұраймыз!!!
Answer:
Құрметті Фариза! Сіз жолдаған сұрақ бойынша Жаратылыстану және география институты басшылығынан ақпарат алынды.
«Univer» ақпараттық жүйесінен алынған транскрипт бойынша, Сіздің 1-3 курстағы жалпы GPА көрсеткішіңіз 3,24-ті құрағандықтан, диплом жазатын бітірушілер тізіміне енгізілмеген.
Егер осыған дейін ғылыми бағытта жұмыс жасап жүрсеңіз, онда институт кеңісінің шешімімен қайта ұсынуға болады. Институт тарапынан ұсынылған шешімнің негізінде Ғылыми кеңесте қарастырылады.
18-09-2018 21-47-44
From students
Author: Anonymous Question # 528 Мен Педагогика және психология институтының 2 курс студенті едім. Мамандығым дефектология. Бізге осы жылы Динара Байдосова деген аға оқытушы береді . Бізге сабақ өткен әдістемесі ұнамайды. Нашар өтеді. Жұмыстан шығарныз. Барлық 2 курс атынан айтып отырмын
Answer:
Құрметті студент! Шағымыңыз бойынша Педагогика және психология институтының арнайы білім беру кафедрасынан ақпараттық хат алынды. Ақпараттық хатта «Дефектология» мамандығының 2 курс студенттеріне 1 семестрде аға оқытушы Динара Байдосованың сабақ бермейтіндігі туралы айтылған. Бұл мәселеге қатысты Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директорына жолғуыңызды сұраймыз. Сұрағыңызға рахмет!
18-09-2018 11-41-57
From students
Author: Anonymous Question # 527 Құрметті Таxир Оспанұлы! Қайырлы күн! Мен Жаратылыстану-География институнының 2курс студентімін. Бізге 2017-2018 оқу жылында білім гранты бөлінеді деген жаңалық айтылған болатын. Аталмыш жылдың аяғында , яғни шілде айының ортасында Халықаралық IELTS, TOEFL емтиxандарын тапсырып, қыркүйек айының ортасына дейін алып келіндер деген xабарландыру айтылды. Аталмыш емтиxандарды 1 ай бұрын тіркелу қажет болды, бірақ сондада үміттеніп тапсырып, 3- қыркүйек күні емтиxан жауабын алфп келген болатынбыз. Бірақ алдынғы айтылған xабарландыруды жоққа шығарып, бізге уақыт өтті, кешіктіңдер деді. Құрметті Таxир Оспанұлы, шара қолдануыңызды сұраймын!4,2,1, курс арнағы ағылшын топтарының барлық студенттері мемлекеттік грантта. Тек 3 курстар да ғана грант жоқ. Шара қолдануыңызды сұраймын!
Answer:
Құрметті студент! Шағымыңызда көрсетілген мәселе институт директораты тарапынан дұрыс ақпараттың берілмегендігінен туындап отыр. Грант мәселесіне қатысты сұрағыңызға толық жауап алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлына (Бас оқу ғимараты, 221 кабинет) жолығуларыңызды сұраймыз.
17-09-2018 20-04-10
From applicant
Author: Турмуxанова Алтынгүл Question # 526 Сәлеметсізбе,Такир Оспанович !
Мен Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласынан келдім.ФилКББИ 2 курс студентімін.Маған жатақxанадан орын тауып беруіңізді өтінемін!?Қазіргі таңда тұратын жерім жоқ!Квартира жалдайын десем қасыма адам жоқ және қаражатым да жеткіліксіз!Бұл мәселе туралы Жатақxанаға және универге көп бардым,бірақ ешқандай жауап жоқ!Соңғы үмітім сізде?!
Answer:
Құрметті студент! Оқу орнымызда оқитын білім алушылардың басым бөлігі республикамыздың шалғай аймақтарынан келіп оқитын студенттер болғандықтан, Университетімізге қарасты 5 жатақхананың жалпы сыйымдылығын ескере отырып, бірінші кезекте жатақхана 1 курс студенттеріне және әлеуметтік қолдауға мұқтаж білім алушыларға үлестіру туралы шешім қабылданған. Осыған орай, әлеуметтік қолдауға мұқтаждығыңызды растайтын құжаттарды (толық жетім, көп балалы отбасы, мүмкіндігі шектеулі туралы т.б. анықтамалар) толықтырып, институт жанындағы арнайы комиссияға өтінішіңізді және құжаттар топтамасын ұсынуыңыз қажет. Тапсырылған құжаттарға сәйкес комиссия шешімі негізінде жатақханаға жолдама беріледі. Сұрағыңызға рахмет!
17-09-2018 19-03-28
Other
Author: Anonymous Question # 525 Уважаемый Такир Оспанович!
Я являюсь докторантом 3-го курса общеуниверситетской кафедры социально-философских наук КазНПУ им.Абая по специальности – философия на платном отделении. В 2016 году окончила магистратуру на данной кафедре и поступила на платное отделение PhD-докторантуры. В связи с семейными обстоятельствами (3 детей, родители на попечении, арендуемое жилье), а также учитывая то, что я являюсь выпускницей данного университета, прошу рассмотреть возможность снижения оплаты за обучение. Заранее благодарю!
Answer:
Здравствуйте! Вам необходимо написать заявление, сопроводив его подтверждающими документами, и подать его проректору по воспитательной работе. Ваше заявление рассмотрит комиссия, по решению которой может быть предоставлена скидка на оплату.
17-09-2018 16-47-08
From students
Author: в Question # 524 Салеметсиз бе ректор мырза! Мен осы университетте лаборант кызметин аткарамын, оз институтымнан жогары жактагыралга кол койдыртуга главный корпуска кунине 5-6 рет барып келип жугиремин. Айтайын дегеним, оку иси проректоры Асан Адасбекович мырза казир ауырып калыпты, бирак неге хатшысы орныныда отырмайды??? Тура еки апта болды, кабинети жабык, ен болмаганда кагаздарымызды алып кете алмай отырмыз, канша студент кутип отыр справкаларын, Асан агайдын орнында баска проректорлар койып жатыр екен, кагаздарымызды кашан аламыз? Жауапкершили жок кызметкерлерди неге жумыска аласыздар? Осыган дейин де канша жумыспен толтырган кагаздарымызды да жогалтып, кайта жасатуга жумсап жиберип журди, кагаз жогалтуга кандай кукыгы бар? Студенттер мен ата-аналары бизге айкайлап жур, неге хатшысы телефонга жауап бермейди? Биз, лаборанттар - институттын барлык жумыстарын аткарып, куни бойы жугирип журип, директорымыз келмеген куннин озинде кабинетте отырып хаттарды кабылдап жумысты жургизип отырамыз, сондагы алатын айлыгымызды айтуга да уяламыз, 30мынга да жетпейди. Мен тусинбедим,биз жумысымызды молшеринен асырып кызмет аткарамыз ба немесе бастыгымыз келмеген кундери, хатшыларына да демалуга руксат берилген ба? Накты жауап беруинизди сураймын, рахмет
Answer:
Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз міндетті түрде қарастырылып, тиісті шара қолданылады.
17-09-2018 16-27-06
From students
Author: Anonymous Question # 523 Сәлеметсізбе Таxир Оспанулы!Біз 1 жатақxана студенттері Маржан апайдын жұмыстан шығарылғанына қарсымыз!Өйткені Маржан апай жатақxанаға көп үлесін қосты.Студенттермен өте жылы қарым қатынаста,жасаған жақсылықтары көп.Басқа жатақxана коменданттарына қарағанда әлдеқайда әділетті,шыншыл,бәріне бірдей қарайды.Осы жазда жатақxанамызға жоғары деңгейде жөндеу жұмыстары жасалды.Сондықтан Маржан апайымыздың мәселесін қайта қарауыңызды сұраймыз!!!
Answer:
Құрметті студент! Қазіргі уақытта №1 жатақхана меңгерушісі Маржан Тұрысбековаға қатысты білім алушылардан түскен арыз-шағымдар басшылық тарапынан қарастырылып жатыр. Қысқа мерзімде мәселенің толық шешімі жарияланады.
16-09-2018 11-18-55
From students
Author: Anonymous Question # 521 14-07-2018 21-05-29 От студента
Автор вопроса: Аноним
Вопрос № 297
Саламатсызба, Такир Оспанович!
Міне бізде әскери кафедраны бітірдік деп қуанып отырмыз. 35 күндік әскери жиында біз көп нәрсеге үйреніп, офицер деген қандай болу керек екенін, ар-намыс, шын достық, адамгершіліктікті бойымызға сіңдірдік. Оған кафедра офицерлеріне мыңда бір рахметімізді айтамыз. Кафедра офицерлері күн-түніне, уақытына қарамай бар білімін, тәжірибесін бізге беріп тұрды. Офицерлер бізге әкесіндей, ағасындай қамқорлықпен қарады. Олардың бізге ұрысқан кездері де болды, бірақ студенттердің ар-намысын біреуі қорламады. Әрине бұл офицерлерді біз әр уақытта естен шығармаймыз және де көрген жерде сыйлап жүреміз.
Бірақ, Такир Оспанович, бір құмалақ бір қарын майды
шірітеді деген мақал бар ғой қазағымызда. Бұл кафедрадада сондай жағдай болып тұр. Осы мәселелермен сізге біз, бірнеше студенттер сізге жазып отырмыз. Бұның себептері: томенде айтылатын жаман нәрселерді тоқтатпаса болмайды дейміз.
Әскери кафедрада жақында цикл бастығы болған полковник бар, фамилиясы Баймаганбетов Ерен және старшина Ахметов Болат дегендер бар. Осы екеуі әскери жиын кезінде екі жыл бойы офицерлер «міндет, абырой, ерлік, офицердің ар-намысы» деген түсініктерін төңкеріп тастады.
Бірінші күннен бастап старшина Ахметов түрлі себептермен ақша жинауға кірісті. Оның бәрін не үшін жинадық? Бізге кафедрадағы аяғы ауыр капитан Федороваға детский коляска алып бересіңдер деді. Бірақ ол колясканың бағасы жүз қырық мың теңгеден жоғары екен. Оны алмадық. Старшинаның айтқаны бойынша Баймағанбетовтің машинасының сиденьесіне жаңа чехолдар, полына жаңа ковриктер, дворниктер алғызды. Ахметов өз машинасына сиденьелеріне жаңа чехолдар, полына жаңа ковриктер, жаңа радиатор, стеклоподъемник, рулевой рейкаларын ауыстырып бергізді баллардың ақшаларына. Тағыда старшина бірінші ротаның балларынан бір жарым мың теңгеден жинады. Оны старшина кафедраның қажеттілігіне керек деп түсіндірді. Ол ротаның командирі Баймағанбетов болды. Ол ақша кімге керек екенін біз сразу түсіндік. Старшинаның талабы бойынша жиырма сегізінші маусымда студенттер оны саунаға алып барды. Бірақ оның құтырғаны: «Зачет емес, он бірінші шілдеде тағы қайталайсыңдар» деген.
Бұған қоса, екеуінің стутенттермен сөйлескендегі мәдениетін көрсеңіз... Ауыздарынан шыққан сөздерін Сізге айтуға біз ұялып отыр-мыз. Сөздерінің бергі жағы «Эй, бараны... ишаки... тупые... черти...». Басқа балағаттап сөйлейтін сөздерді өзіңіз түсінерсіз. Баймағанбетов айқайлап балағаттағанда, біз өзімізді болашақ педагогтар емес мал ретінде сезініп қалып жүрдік. Бір сенбі күні офицерлер сағат төртке дейін сабақтар болады, сонан соң боссыңдар деген. Полковник Баймағанбетов үшке дейін жоқ болды. Сағат үштен асқанда Баймағамбетов пайда болып, «кешкі алтыға дейін жұмыс істейсіңдер» деп бәрімізге қара жұмыс ісвтетіп қойды. Мәселе жұмыста, уақытта емес болды. Мәселе оның жағдайында – беті қызарып, аузынан перегар ұрып түрды. Әрине, біз кафедра бастығына жазайын дедік сол кездерде, бірақ бәрімізге кесірі тиіп кетеді ма деп ойладықта үндемедік. Біз әлі қорқуға себептер бар. Оқуды бітіріп, дипломның копиясын өткізіп звание алғанша кафедраға тәуелді екеніміз анық. Осыменен штаршинада бәрімізді қорқытып жүрді.
Такир Оспанович, бұнын бәрін Сізге жазып жатқан себебіміз, аталған адамдарды қудалап, қаматып тастау, кафедраны төңкеру емес. Ойымызша осы екуі кафедрадағы білімді де ар-намысы мықты офицерлер ұжымына кір келтіреді. Бұл хат Сізге мәлімет үшін. Әрине бізде, басқа кафедрада оқыған баллар да ешқашан, ештеңе жазып қол қоя алмайды. Нағып екенін түсінесіз деп ойлаймыз.
Мұғалим офицерлермен жыл сайын келісім-шарт жасалады деп есітенбіз. Солай болса олардың келісім-шартын қайта қарасаңыз. Ендігі жылы кафедрадағы баллар олармен кездеспесе өте тамаша болар еді дейміз.
Ответ
Құрметті студенттер!
Бұл мәселе міндетті түрде университеттің жемқорлыққа қарсы отырысында қарастырылады. Сонымен қатар, университет басшылығы тарапынан аталмыш мәселеге қатысты арнайы тексеріс жүргізіліп, қабылданған шешімнің негізінде тиісті шаралар қолданылатын болады. Егер шағымдарыңызда аталған қызметкерлерге қатысты нақты дәлелдеріңіз болса, аптаның бейсенбі күні сағат 15:00-17:00 аралығында қабылдауыма келсеңіздер болады. Сұрақтарыңызға рахмет!
Кызык ештене шешилмеген
ОТИРИК РЕКТОР БЛОГЫ
Бул система омир бойы озгермитин шгар
Аттен
кандай факты сурап тур
вообще ужас
жемкорлык кашан куриды екен
Answer:
Құрметті студент! Сіздің шағымыңыз бойынша тексеріс жүргізілді. Тексеріс нәтижесін хабарлайтын боламыз.
15-09-2018 17-10-40
From students
Author: Жақсылықова Ұлдана Question # 520 Сəлеметсізбе Тахир Оспанұлы.Мен Жаратылыстану жəне География институтының 3-курс студентімін. Менің қояр сұрағым ағылшын тобында оқитындар 3курста сендерге грантқа ауысу мүмкіншілігі бар деп айтқан болатын 2-курстың соңына қарай. Біз ол үшін не істеуіміз қажет дегенде əлі белгісіз бастысы GPA баллдарың жоғары болсын деді. Бізге демалыс уақытында хабарландыру келді. Құрметті 1,2-курсты бітіріп жатқан биология ағылшын,қазақ, орыс тобының студенттері тезірек IELTS немесе TOEFL тапсырып сертификатты тамыздың соңына немесе қыркүйек айының ортасына дейін алып келу қажет. GPA 2.67ден жоғары болса автоматты түрде грант болады деп. Мен хабарландыруды көре салысымен TOEFL тапсыруға өтініш жаздым. 15тамызда тапсыруым керек болған. Ал бізге 13-тамыз жəне бір хабарландыру келіп ертең соңғы күн сертификат алып келіңдер дейді.Мен TOEFL тапсырдым бірақ оның жауабы барлық жерде тек 3аптадан соң шығады. Біз 5-қыркүйек сертификат алып келгенде кешіктіңдер деді. Бізге берілген уəде бойынша қыркүйектің ортасына дейін уақыт берілген еді. Бізден басқа 1,2,4курс ағылшын топтары түгелдей грант.Былтырғы жылы грант берілгендей бізге грант берілмеуінің себебі неде?
Answer:
Құрметті Ұлдана! Шағымыңызда көрсетілген мәселе институт директораты тарапынан дұрыс ақпараттың берілмегендігінен туындап отыр. Грант мәселесіне қатысты толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлына (Бас оқу ғимараты, 221 кабинет) жолығуларыңызды сұраймыз.
14-09-2018 15-56-01
From students
Author: Танатарова Шынар Кобейсиновна Question # 519 Кайырлы кун,курметти, Тахир Оспанулы!!!Мен КазНпу университеты, ЖГИ институты, 3 курс агылшын тобынын студентымын.Бизди мазалаган сурак: бизге грант болинет деген 2 курста бирак али болинбеди. Казиргы 4 курстар 2 курста агылшынга ауысканда автоматты турде грантка ауыскан болатын, бизге де дал солай грант болинеди деп келе жатканына 1 жылдын колеми болды((( бизге шилде айынын сонында кимде ielts 5.5 сертификат бар сол автоматты турде грантка ауысады деди, тапсыру уакыты кыркуйек айынын ортасына дейн деген болатын, бирак тамыздын 15 нде сонгы кун деди, озиниз де билесиз ielts ты тапсыру ондай кыска мерзимде мумкин емес( жарты ай)... Группамдагы студенттер соны естип консул га барып toefl тапсырып, сертификатын кутип жургенде тамыздын 15 отип кетти, келип сурасак улгермединдер,Сол кезде тапсыру керек еди деди. Жане де айтарым егер биз ielts ты сондай дарежеде тапсыра алатындай агылшын билсек, Казахстанда журмес те едик кой...Сизден отинип сурайтынымыз грант болине ме жок па соны бизге нактысын айтсаныз, себеби бизге ешким ештене накты айтпайды, бири кыста тагы болинет дейди, бири болинбейди болды дейди, бири jpa га карап берет дейт, арким артурли нарсе айтып жур, Сизден отинип сураймыз, нактысын озиниз айтынызшы, канша уакыттан бери алданып журмиз,агылшын группалары бизде толык грантта (1,2,4 курстар),биз гана акылыболимдемиз(((, грант болине ме алде тест тапсырып болмаса экзамен тапсырып алуымызга бола ма ( ielts емес) ? Осы суракты назардан тыс калдырмасаныз екен, отиниш Сизден)) жауабынызды кутемиз, Рахмет!
Answer:
Құрметті Шынар! Шағымыңызда көрсетілген мәліметтерге қарағанда, институт директоратынан студенттерге дұрыс ақпарат берілмеген. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлына (221-кабинет) жолығыңыз.
14-09-2018 14-33-28
Other
Author: МФ және И институтының аға лаборант, инженерлерінен Question # 518 Математика,физика және информатика институтының аға лаборанттары мен инженерлерінен өтініш. Жалақымыз өте аз, өспегеніне бираз жыл болды. Алдымыз 36 жыл еңбек етіп келеміз. жалақының өте аз себебінен банктен кредитте ала алмаймыз. Жалақының көлемі 38000-48000 аралығында. Басқа жоғары оқу орнындарында ақылы түрде оқитын балаларымыз бар. Осы өтінішіміздің жауабын кутеміз.
Answer:
Сәлеметсіз бе! Қазіргі уақытта оқу орнымыздың жаңа стратегиялық жоспарына сәйкес жалақы мәселесі қарастырылып жатыр. Сұрағыңызға рахмет!
14-09-2018 07-18-33
From parents
Author: Аноним Question # 517 Жатакханалардын коменданттарын тегис ауыстыру керек деп ойлаймын
Олар кашангы отыра береди.4 орындыкты осы уакытка дейн сатып келгендер калай уялмай
комендант болып отыр али.Меним бир балам 5 жатакханада екинши балам 3 жатакханада турды
Содан жаксы билем.4 орындыкты сатып алдык 4 жыл бойы.Тарбие баскармасына айтып едим кезинде оларда еш шара колдана алмады.Сонда тарбие баскармасы да олармен ауызжаласкан болганы гой
Answer:
Құрметті ата-ана! Шағымыңызда аталған мәселелерге байланысты арнайы жұмыс тобы құрылып, жатақханаларда тексеріс жүргізіледі. Тексеру нәтижесі бойынша орын сату мәселелері анықталса, оған қатысты тұлғаларға тәртіптік шаралар қолданылады. Жатақханаларда орын сату мәселесі бойынша жазбаша шағымыңыз және нақты дәлеліңіз болса, Университетіміздің Бірінші проректоры Мақтағали Әбдімәжитұлына немесе жемқорлыққа қарсы комиссия Төрағасына ұсынуыңызға болады. Сауалыңызға рахмет!
13-09-2018 14-19-40
From students
Author: Өтикеев Мағжан Question # 515 Саламатсызба , Таxир Оспанұлы , МенІң есімім Өтикеев Мағжан, Жаратылыстану және География факультетінің Биология - агылшын тобының 3 курс студентімін.Агылшын тобында 1- ші Курстан бері ақылы бөлімде оқып келемін . 4 курс агылшын тобы - грант
2 курс агылшын тобы -грант
1 курс агылшын тобы - грант
*3 курс агылшын тобы - ақылы*
2 курс аягында бізге грант беріледі деген , бірақ 3 курста берілмейді деді
Осы мәселені Қарауыңызды өтінемін !!!! Раxмет
Answer:
Құрметті Мағжан! Сұрағыңыз бойынша нақты ақпаратты алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-13-71.
13-09-2018 13-45-42
From students
Author: Anonymous Question # 514 Құрметті Таxир Оспанұлы, сізге өтініш жазу себебім, «Тарих және құқықтану» институтында студенттік лифтің жасамай тұруы!
Мүмкін болса сол мәселені қарастырып, жасалуына ықпалдассаңыз!
Answer:
Құрметті студент! Қазіргі уақытта Тарих және құқық институты орналасқан университеттің №10 корпусына қатысты шағымыңыз бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сұрағыңызға рахмет!
12-09-2018 18-54-12
From students
Author: Anonymous Question # 513 Салеметсиз, тахир оспанулы, сизге алгысымызды билдиремиз, осы жылы студенттерден бираз акша алатын мугалимдер алынып тасталыпты,сол ушинде рахмет!!! Сонымен катар осы жылы магистранттардын емтихан тапсыру формасын тест жуйесын озгертсениз, магистранттын дарежесине мулде сай емес, студент кезимизде тапсырып шыктык, бир созден жаттап шыгамыз, ол тесттыде озимиз курастырамыз мысалы, шыны керек сапасыз дуние, 500 тест курастырып, онын жауабын жаттап алу, оте онай нарсе сиякты магистрант ушин, сол ушин осы жылы кишкене болсада емтиханды ауызша тапсырып,не болмаса, билетпен созбен сойлеп айткан дуние дурысау, онын устине кобиси тест центрмен сойлесип дайындалмаган магистранттар орнына емин еркин бакалавр студенттерин киргизип койып ак отыра бернди, тест центр басшылыгы акша алып кобисинин баллын жасап берип жатканын да кордик, осы жылы емтихан системасына озгерис енгизсениз магистранттар мен докторонттар
ушин
Answer:
Құрметті студент! Сұрағыңызда көрсетілген ұсыныстар міндетті түрде ескеріледі. Тестілеу орталығына қатысты шағымыңыз бойынша нақты дәлелдеріңіз болса, rector_blog@kaznpu.kz электронды поштасына жіберуіңізді сұраймыз. Пікіріңізге рахмет!
12-09-2018 00-46-44
From students
Author: Anonymous Question # 512 Сәлеметсіз бе?Үшінші курс студентімін. Жартылай жетіммін,тагы да алеуметтик жагдайлар туралы кужаттар тапсыргам. Жатакxана бериле ме,жок па? Кай уакытка дейн кутейк? Накты бир жауабын берсениздер жақсы болар еди.
Answer:
Құрметті студент! Биыл оқу орнымызға қабылданған студенттер санының көбеюіне байланысты жатақхана тапшылығы ең күрделі мәселе болып отыр. Сондықтан бірінші кезекте 1 курс студенттерін және әлеуметтік жағдайы төмен, толық жетім, мүмкіндігі шектеулі студенттер және әлеуметтік қолдауға зәру студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды. Сол шешімге сәйкес ұсынылған өтініштер қарастырылып, әлеуметтік мұқтаждықтарын растайтын құжаттар негізінде жатақханаға орналасуға жолдама беріледі. Егер Сіз әлеуметтік жағдайыңызға байланысты құжаттар топтамасын институт жанындағы арнайы комиссияға ұсынған болсаңыз, өтінішіңіз міндетті түрде қарастырылады. Сұрағыңызға рахмет!
11-09-2018 11-48-37
From students
Author: Anonymous Question # 511 Курметти Тахир Оспанович! Вакантный гранттардын иегерлери тизими кашан шыгады? Осы айдын сонына дейин шыгу мумкин ба? Рахмет!
Answer:
Құрметті студент! Мемлекеттік грант Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне берілгендіктен, біздің университеттен басқа жоғары оқу орнына ауысу кезінде мемлекеттік грант сақталмайды. Сұрағыңыз бойынша толық мәліметті Академиялық мәселелер жөніндегі департамент қызметкерлерінен алуыңызға болады. Байланыс телефондары: 8 (727) 291-13-71, 291-71-06.
11-09-2018 03-14-00
From students
Author: Аноним Question # 510 Здравствуйте, ув. Такир Оспанович. Я учусь на 2 курсе, по специальности иностранный язык:2 ин.языка, на платной основе. Возможно ли мне перевестись на грант?
Answer:
Здравствуйте! Возможно, если Вы учитесь без троек и GPA максимально высокий. Для участия в конкурсе на получение вакантного гранта Вам следует в конце семестра подать заявление на имя ректора в ЦЦОС «Шапағат».
Total records: 4046