Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Welcome to the rector’s blog!

 

 

Dear visitors to the website!
 
The Rector`s blog was created to connect with students, staff and teachers of the University. You can leave your comments, ask questions and make suggestions. Open and regular discussion of issues will help the University administration to work fruitfully.
 
I hope that this platform will expand opportunities for the solution of many problems in our common work, will become an important mechanism for effective mutual exchange of information and implementation of tasks.
 
We are open for dialogue, all appeals will be considered. Every question will be answered.
 
 
Email: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 
 
 
 
 
The Rector's personal reception takes place on the 1st and 3rd Fridays of each month during the academic year - from 3.00 p.m. to 5.00 p.m.
  • Quessions-answers
  • Ask a question
  • Statistics
02-09-2018 15-09-37   Other

Author: Anonymous

Question # 464
Құрметті, Такир Оспанұлы!
Алда Ұлттық Университетіміздің 90-жылдық мерейтойы келе жатыр. Сіздің адал, ашық және әділетті саясатыңызды толықтай қолдай отыра, марапаттауға жіберілетін тізімді 2009 жылдан бастап статистикалық анализ жасай отыра қайта тексеруіңізді сұраймыз, себебі осы күнге дейін барлық марапаттаулар тек таныс арқылы беріліп келді, сондықтан да осы жылы да дәл сол адамдардың қайта марапаттауға ие болу ықтималдығы бар. Раxмет
Answer:

Сәлеметсіз бе!  Марапаттауға ұсынылған тізім толық комиссиямен қаралып, Ғылыми кеңесте бекітілген. Сұрағыңызға рахмет!

02-09-2018 12-00-31   From students

Author: Гулдерайым

Question # 463
Салеметсыз бе?Мен осы аталшан университетке магистратуга география мамандыгына грантка тустым.Сыздерде жатакхана маселесы неге шешымын таппай отыр.Мен Жетысай каласынан келып отырмын.Отбасылык жагдайымда квартирада туруга жагдайым котермейды.Анам да,Акем де жумыссыз.Агам ушыншы топ мугедегы.Алматыда ешкандай туыстарым жок.Кужаттарды тапсырдым.Быр айдан сон белгылы болады дейды.Онда да накты беретыныне кепылдык жок дейды.Сонда мен не ыстеуым керек.Сызден жауап кутемын.Магистранттарга болек болу керек емеспе?Студенттерге караганда жатакхана толемакысы жогары.Сурагым жауапсыз калмаса екен.Алдын койган сурактарыма жауап ала алмаган болатынмын.
Answer:

Құрметті магистрант! Университеттің 5 жатақханасына 1800 ғана білім алушыны орналастыруға мүмкіндігіміз бар. Биыл оқу жылына 2000-нан астам 1 курс студенттері қабылданды. Сондықтан бірініші кезекте комиссия 1 курс студенттеріне жатақхана бөлуде. Жатақханадағы орындардың тапшылығын ескере отырып, бұл жағдайға түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз. Сіздің өтінішіңізді комиссия қарастырып, қысқа мерзімде жауабын өзіңізге хабарлайды. Сауалыңызға рахмет!

02-09-2018 10-57-36   From applicant

Author: Тогуспаева Гульбану Бахытбеккызы

Question # 459
Құрметті, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Н.Әуесбекүлы!
Мен, Тогуспаева Гульбану Бахытбеккызы сізге төмендегі жағдайларды мәлімдеймін.
Мен, ректор блогына жазған сұрағыма сәйкес жауабыңызды алдым. Алайда жауап қанағаттанарлық емес. Сіздің жауабыңызға сәйкес: Біріншіден, ешбір талапкер докторант 15.08.2018ж күні емтихан тапсырмады. Кесте төмендегідей етіп, «Казнпу» сайтында жарияладыңыздар:

Екінші мына талапкерлерді де қарастыруыңызды сұраймын:
1. Курманов Алмас Аскарович (мамандық бойынша жинаған балы 80);
2. Жұмабекова Рамиля Рысхановна (мамандық бойынша жинаған балы 80);
3. Арысбаева Айжан Сайранбаевна (мамандық бойынша жинаған балы 87);
4. Кушербаева Майкуль Рахманбердиевна (мамандық бойынша жинаған балы 78);
5. Карабасова Гульдана Бердигалиевна (мамандық бойынша жинаған балы 93);
Шет тілінен (ағылшын) тапсырған емьтихан нәтижелері бойынша мәлімет мынадай:



Осы мәліметке сүйенсек, барлығы дерлік ретімен яғни жоғарыдан төмен балмен көрсетілген. Жоғарыда аталған 5(бес) талапкер шет (ағылшын) тілінен жинаған балдары 54(елу төрттен) кем сияқты.Дәлел ретінде сертификаттарын көргім келеді.
Жоғарыда көрсетілген мәселелерді жіті зерртеп, анық-қанығына көз жеткізуіңізді сұраймын.
Answer:

Құрметті Гүлбану! Шағымыңыз бойынша толыққанды жауап алу үшін Оқу ісі жөніндегі проректор Сәтмырзаев Асан Адасбекұлына жолығуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 293-81-53.

02-09-2018 00-07-11   From applicant

Author: Anonymous

Question # 458
Салеметсизбе, Тахир Оспанович! Сизге кояр сурагым докторантура бойынша косымша грант боладыма? Себеби жалпы гранттык конкурска жинаган балым жогары болсада илине алмадым. Откен жылы косымша гранттар болган екен.Сизди билимди жастарды колдайды деп сенемин.
Answer:

Құрметті талапкер! Университет тарапынан Білім және ғылым министрлігіне жалпы магистратура және докторантура бағдарламаларының игерілмей қалған гранттары бойынша және қосымша грант туралы хат жіберілді. Грант берілген жағдайда бірінші кезекте жоғары балл жинаған үміткерлердің өтініштері қарастырылып, жоғары балл жинаған  үміткер ұсынылады.

01-09-2018 11-19-54   From applicant

Author: Нургуль

Question # 457
Салеметсизбе! Мен 2 курста окитын студент снилимнин апасы боламын.
Синилим оте алыс турады. Окуга али жетеалмай жур.жагдайы болмай жатыр.Коп балалы отбасы.1 курста общ.турды.
енди 2 курска общ.али алмадык.бугин мине уже 1 сентябрь
окуга барары барар ал общ.дан орын алмадык али не бирден барган бетте толер акша жагы кинап тур
алматыга барган ьетте барар жери де жок
не истеримизди билми жатырмыз
кандай комек корсете аласыздар
Answer:

Құрметті Нүргүл! Университетімізде білім алушыларды жатақханаға орналастыру тәртібі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Аталмыш бұйрыққа сәйкес әрбір институтта құрылған арнайы комиссия шешімінің негізінде жатақханаға аса мұқтаж студенттерге және оқу орнымыздың шалғай жатқан аймақтардан келген 1 курс студенттеріне  жолдама беріледі. Сондықтан, жаңа оқу жылында жатақханаға мұқтаж екендігіңізді көрсете отырып, өтініш жазуыңыз қажет. Өтінішіңізді және әлеуметтік жағдайыңызды растайтын тиісті құжаттарыңызды институт директоратына тапсыруыңызды сұраймыз. Қазіргі таңда жатақханаға қатысты мәселелерді шешу мақсатында бірқатар жұмыстар жоспарланып отыр. Жатақхана мәселесін түбегейлі шешу уақыт пен қаражатты талап етеді, сондықтан түсіністік танытуларыңызды сұраймыз.

31-08-2018 22-05-10   From students

Author: Куатова Айнур

Question # 456
Сәлеметсіз бе,өтініштің соңғы күні 31.08.18 дегесін екі өкпемізді қолымызға алып асығып келдік Алматыға! Бүгін барсақ әлі 1курстың ата-аналары есік күзетіп тұр. Өзім 3-курс студентімін. Жолдама қашан беріледі,қашан төлеп,қашан аламыз жатақxананы! Комиссия мүшесі сонша аз ба,неге бәрі жай? Қазір пәтер жалдап жатырмыз күніне бәленбай ақшаға,қанша күн жалдауымыз керек сонда? Комиссия мүшесән көбейтіп,1-ді,2-3 ті бөліп-бөліп қарап бітіруге болмай ма тезірек! Әлеуметтік жағдайларды растайтын құжаттар мен өтініш өткізіліп тұр, тек тезірек қарап,тиісті орнымызды берсе екен деген өтініш! 5 күнге пәтер жалдап,5-6 қыркүйекті күтетін болсақ онсыз да қампимай тұрған қалтамыз сөлпиіп қалайын деп тұр,ағай! Батыс Қазақстаннан келіп отырмын!
Answer:

Құрметті студент! Биылғы оқу жылында университетке 2000-нан астам білім алушы оқуға қабылданды. Қазіргі күні комиссия 1 курс студенттерін жатақханаға орналастыру мәселесімен айналысып жатыр. Одан бөлек еліміздің шалғай облыстарында тұратын 1 курс студенттері әлі де болса толық келіп болған жоқ. Сондықтан кішкене сабырлық сақтап, кезегіңізді күтуіңізді сұраймыз. Мүмкіндігінше Сіздің өтінішіңізді тез арада шешуге тырысамыз.

31-08-2018 18-56-29   From applicant

Author: Anonymous

Question # 455
Здравствуйте! Уважаемый Такир Оспанович и Асан Адасбекович!
В этом году, учитывая свои возможности, стаж работы, навыки и знания, я подавала документы в приемную комиссию докторантуры КазНПУ им. Абая по специальности Дефектология, но не прошла по общему конкурсу, хотя набрала проходные баллы (153 балла).
1. Хотелось бы высказать несколько замечаний по поводу организаций ПК Института Педагогики и психологии, работники которой, всем абитуриентам, разглашали разную информацию, например, у некоторых даже не требовали планируемую тему, у некоторых принимали документы даже если и не было полного пакета документов
2. Набрав проходной балл по англ.языку, через неделю мы пришли сдавать второй экзамен по спец.предмету, на организаций которого, не участвовали сами сотрудники кафедры или предметники, еще хуже, мы сдавали экзамены вместе с магистрантами других специальностей.
Почему -то, экзамен по спец.предмету принимал у нас член Студ.Совета Университета (даже не преподаватель)
3.Почему на листах ответов мы писали свои фамилий? А не специальные коды абитуриентов?
4.Если бы мы, не подходили бы по специализации, то почему Декан Института ПиП не объявил нам сразу о том, что мы не подходим или не можем участвовать в конкурсе? (Так как, ушло много средств и времени на сбор документов)
5. Можно ли на сайте вывесить Протокол заседания конкурсной комиссий по специальностям с печатью и подписями?
Уважаемая администрация Университета, Просим Вас ответить на данные вопросы и провести полную служебную проверку по данным фактам? Заранее Вас благодарим! С Уважением, от команды абитуриентов по специальности Дефектология
Answer:

Здравствуйте! Ваше обращение было направлено проректору по учебной работе Асану Адасбековичу Сатмырзаеву и директору Департамента по академическим вопросам Хайрулле Нышановичу Жанбекову. Для получения подробного ответа Вам следует обратиться в Главный учебный корпус, каб. 210. Конт. тел.: 293-81-53.

31-08-2018 17-05-37   From applicant

Author: Anonymous

Question # 453
Сәлеметсіз бе! Мен осы жылы магистратураға тапсырып едім,менен грантқа түсу үшін ағылшынан-1000$,ал спец сабақтан 500000тг сұрады.Менде ондай ақша болмағандықтан берген жоқпын.Ағылшынан жақсы балл жинадым,ал спец сабақтан төмен қойып тастады.Мен ақшасын бермегенім үшін грантқа түсе алмай қалдым,ал менің қасымда отқан қыз ештеме жазбай тапсырған болатын, ол грантқа түсіп кетті.Осы жылғы тест өте әділетсіз өтті.Соны қайта қарауларыңызды сұраймын!
Екінші сұрағым-қосымша гранттар бөлінеме,жәнеде ректорлық гранттар болама?
Answer:

Құрметті талапкер! Біріншіден, шағымыңызда аталған мәселеге қатысты нақты ақша талап еткен қызметкердің аты-жөнін және пара алу фактісін растайтын нақты дәлелдеріңізді rector_blog@kaznpu.kz электронды поштасына жіберуіңізді сұраймыз.

Екінші сұрағыңызға келетін болсақ, басшылық тарапынан Білім және ғылым министрлігіне қосымша грант туралы арнайы хат жолданды. Министрліктен қосымша гранттар бөлінген жағдайда, берілген грант орындарына өтініш берушілер қатарынан ең жоғары балл иеленген үміткерлер ұсынылатын болады.

Сұрағыңызға байланысты толық ақпаратты Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттен білуіңізге болады.

 

30-08-2018 16-10-55   From applicant

Author: Аноним

Question # 452
Салеметсизбе, Тахир Оспанович! Докторантура мамандыктарына откен жылдагыдай косымша гранттар бериледиме?
Answer:

Құрметті талапкер! Білім және ғылым министрлігіне Университет тарапынан қосымша грант туралы арнайы хат жолданды. Жоғары оқу орындарына гранттар  мемлекеттің тарапынан бөлінетіндіктен, мамандықтар бойынша қосымша гранттың бөлінуі министрліктің қабылдаған шешіміне сәйкес жүргізіледі.

30-08-2018 13-55-29   From applicant

Author: Anonymous

Question # 451
Салеметсізбе, Тахир Оспанұлы. Сізге қоятын сұрағым бар еді. Биылғы жылғы алғашқы қоңырауға арналған салтанатты шара 1 қыркүйек күні бола ма? Әлде 3- не ауыстырылды ма? Рахмет.
Answer:

Құрметті студент! «Білім күніне» арналған мерекелік іс-шара 1 қыркүйек күні сағат 10.00-де өткізіледі. Аталмыш іс-шара туралы ресми сайтымыздың «Хабарландырулар» бөлімінде берілген.

29-08-2018 16-17-12   From students

Author: Anonymous

Question # 450
Такир Оспанович қызметкерлеріңіздің айлық жалақысын қашан көтересіз???? Қай отделге барсан, барлығы айқайлап ашуланып жауап береді студенттерге,артық жұмыс жасағылары келмейді, ақшаларын көбейтіңізші өтініш
Answer:

Құрметті студент! Шағымыңызды ескереміз.

29-08-2018 13-58-19   From applicant

Author: Anonymous

Question # 449
Салеметсызбе
Медосмотр қай жерде орналасқан
Answer:

Құрметті талапкер! Университетіміздің Денсаулық сақтау пункті №1 жатақханада орналасқан. Мекен-жайы: Төле би көшесі, 10,  Уәлиханов көшесінің қиылысы.

28-08-2018 17-35-34   From students

Author: Төребек Әлия

Question # 447
Сәлеметсізбе ағай!Колледжден кейін тускен студентпін,жатақхана жөнінен кімнен сұраймын?Алматыда емеспін,тел ешкім көтермеді.
Answer:

Құрметті Әлия! Жатақхана туралы мамандығыңыз бойынша институт директоратынан сұрасаңыз болады.

28-08-2018 12-10-23   From applicant

Author: Anonymous

Question # 446
Құрметті, Балықбаев Такир мырза!
Мен, Тогуспаева Гульбану Бахытбеккызы сізге төмендегі жағдайларды мәлімдеймін.
Биыл сіз басқарып отырған Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіне 6Д011000-физика мамандығы бойынша докторантураға тапсырдым. Бірінші кезең ағылшын тілінен емтихан тапсырып 76 балл жинадым. Екінші кезең ЖОО қабырғасында арнайы физика пәнінен емтихан тапсырып 80 балл жинадым. Барлығын қосқанда 156 балл жинап конкурстың нәтижесін күттім. Нәтиже 25.08.2018 кешкі сағат 20:15 тер шамасында ҚазҰПУ сайтында нәтижелер шықты. Конкурс нәтижесін көріп таң қалған жайым бар. Себебі, бірінші ағылшын тілінен тапсырған емтиханнан 54 балл жинап, екінші емтиханға қатыспаған Куатбаева Дана Ергазиевна грантты ұтып алыпты. Бұл қыз екінші емтиханға қатысып 100 балл жинады дегеннің өзінде барлығы 154 балл болса да маған балл бойынша жетпейді. Бұл қандай тәртіппен ұйымдастырылып отыр?
Жоғарыда көрсетілген мәселелерді жіті зерртеп, анық-қанығына көз жеткізуіңізді сұраймын. Менің жинаған баллым барлық көрсеткіштерге сай келіп тұрса да, неге үкімет бөлген он екі гранттың біреуін ұтып ала алмадым. Менің педагогикалық стажым да жеткілікті. Тапсырған мамандығым бойынша 19 (он тоғыз) грант бөлінген оның 7 (жетеуі) целевой бойынша берілген. Қалған 12 (он екі) гранттың 11 (он бірі) игерілген. 1 (бір) грантты игерілмей министрлікке қайтарыпты. Осы қайтарған грантты маған берулеріңізді сұраймын.
Answer:

Құрметті Гүлбану Бахытбекқызы! Шағымыңыз бойынша тексеріс жүргізілді. Тексеріс барысында шағымыңызда аталған Дана Қуатбаева денсаулығына байланысты 15 тамыз күні кешігіп келгендіктен емтиханға кіргізілмеген. Талапкер өтініш жазып, 19 тамыз күні әр мамандық бойынша белгілі-бір себептермен тапсыра алмаған үміткерлермен бірге емтихан тапсырғандығы анықталды. Арнайы мамандықтар бойынша құрылған комиссияның қатысуымен өткен емтихан нәтижесінде І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетіне бөлінген 1 мақсатты даярлау орнына грантқа  Дана Қуатбаева өткен. Типтік ережеге сәйкес мақсатты даярлау орнына шектік 150 баллдан кем емес жинаған үміткер өтетіндігін ескеру қажет.

«6D011000-Физика» мамандығы бойынша мақсатты даярлауға бөлінген грантқа қатысты сұрағыңыз бойынша жауап беретін болсақ,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №109 Қаулысында бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру  бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының» 31,32 тармақтарына сәйкес аталмыш мамандық бойынша игерілмеген 1 орын Білім және ғылым министрлігіне  қайтарылғандығын хабарлаймыз.

Сұрағыңызға қатысты нақты ақпаратты алу үшін Оқу ісі жөніндегі проректор Сәтмырзаев Асан Адасбекұлына жолығуыңызға болады. Байланыс тел.: 293-81-53.

28-08-2018 00-44-15   From applicant

Author: Досмухамбетов Еламан

Question # 445
Саламтсыз ба? менің қойайын деген сұрағым Бейнелеу өнері факультетіне шет ел азаматтарының сырттай оқуына болама? жəне құжаттарды қашанға дейін қабылдайсыздар, егерде
болып жатса қандай құжаттар керек болады? Жауап үшін рахмет.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Оқуға тапсыру бойынша сұрағыңызға толық ақпаратты Университетіміздің Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығынан білуіңізге болады. Байланыс тел.: 291-87-80, 291-73-71.

27-08-2018 16-42-16   From applicant

Author: Боранқұлова Жанерке

Question # 444
Сәлеметсізбе! Педагогика және психология мамандығына тапсырғам алайда 1 ғана грант болғансон өте алмадым. Екі эмтихан бойынша 169 балмен докторантураға басқа мамандыққа грантқа ауыссам болама немесе қосымша грантқа өте аламынба? 2-ші топ мүгедектігім бар және жетімдік анықтамаларым бар.Мүгедектік бала кезден және өмір бақилыққа берілген.Өтініш жазыпта өткіздім.
Answer:

Құрметті Жанерке! Басшылық тарапынан Білім және ғылым министрлігіне қосымша грант туралы арнайы хат жолданды. Министрліктен қосымша гранттар бөлінген жағдайда, берілген грант орындарына өтініш берушілер қатарынан ең жоғары балл иеленген үміткерлер ұсынылатын болады. Сұрағыңызға байланысты толық ақпаратты Академиялық мәселелер жөніндегі департамент қызметкерлерінен білуіңізге болады.

27-08-2018 16-21-35   From applicant

Author: Anonymous

Question # 443
Салеметсизбе! Целевой грант ақталмаған жағдайда орнына басқа адам алуына болама жинаған балы жеткілікті болса?
Answer:

Құрметті талапкер! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлына (221-кабинет) жолығыңыз.

27-08-2018 15-16-32   From students

Author: Anonymous

Question # 442
Сəлеметсіз бе!Менің білгім келетіні,биылғы түлектерге "озат" жеңілдігі 50% беріліпті. Былтыр менде үздік аттестатпен түскен едім. GPA баллым 3.71. Осындай жеңілдіктің бір түріне ие бола аламынба?
Answer:

Құрметті студент! Оқу орнымызда ақылы бөлімде оқитын білім алушыларға бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Жеңілдіктер туралы ақпарат сайтымызда берілген: http://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/skidka_kaz.pdf. Білім алушыларға жеңілдік беру кезінде студенттің оқу үлгерімі мен әлеуметтік жағдайы ескеріледі. Ол үшін білім алушы жеңілдіктер Ережесіне сәйкес тиісті құжаттарын тапсыру қажет.

Жеңілдік бойынша нақты ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаментімен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефондары: 291-71-06, 291-16-65.

27-08-2018 14-47-54   From students

Author: Магистрант

Question # 441
Добрый день, уважаемый Такир Оспанович. В порядке ли вещей, когда преподаватель говорит, что магистр/докторант должен выполнять/помогать кафедральной работе?
Answer:

Здравствуйте! Докторанты и магистранты прежде всего должны выполнять задания по учебе и работать над курсовыми и диссертационными исследованиями. Помощь кафедре обучающимися осуществляется лишь на добровольной основе.
 

26-08-2018 22-00-14   From students

Author: Anonymous

Question # 434
Сәлеметсіз бе? Мен педагогика және психология факультетінің 2курс студентімін, бізге жатақхананы екінші жыл кеш бергелі отыр. Сіңілім екеуміз қонақ үй жалдап тұрып жатырмыз 24.08.2018ж бастап жалдап жатырмыз тәулігіне 3000тг, ұзақ уақытқа қаражатымыз жеткіліксіз, сіңілім биыл ҚазҰПУ 1курс студенті. Жалпы жатахананы ертерек беруін өтініп сұраймын.Бізге 03.09.2018 немесе 04.09.2018ж береміз деп отыр.
Answer:

Құрметті студент! Жатақханаға білім алушыларды орналастыру туралы бұйрыққа сәйкес білім алушыларға жатақхана беру 29 тамыздан бастап жүргізілетінін хабарлаймыз.

Total records: 4046

« перв. ... < пред. ...  180  181  182  183  184 185  186  187  188  ... след. > ... посл. »

First name: *


E-mail:



Phone:



Subject:


Question: *


Enter the code from the image: *


Number of questions

May, 2024
4
April, 2024
10
March, 2024
5
February, 2024
20
January, 2024
11
December, 2023
21
November, 2023
19
October, 2023
17
September, 2023
25
August, 2023
39
July, 2023
29
June, 2023
60
May, 2023
41
April, 2023
49
March, 2023
22
February, 2023
42
January, 2023
68
December, 2022
55
November, 2022
50
October, 2022
62
September, 2022
52
August, 2022
33
July, 2022
32
June, 2022
49
May, 2022
139
April, 2022
64
March, 2022
45
February, 2022
46
January, 2022
57
December, 2021
29
November, 2021
43
October, 2021
70
September, 2021
75
August, 2021
109
July, 2021
79
June, 2021
62
May, 2021
69
April, 2021
74
March, 2021
47
February, 2021
42
January, 2021
68
December, 2020
61
November, 2020
62
October, 2020
42
September, 2020
48
August, 2020
57
July, 2020
81
June, 2020
88
May, 2020
65
April, 2020
86
March, 2020
57
February, 2020
37
January, 2020
28
December, 2019
47
November, 2019
72
October, 2019
70
September, 2019
61
August, 2019
88
July, 2019
47
June, 2019
71
May, 2019
54
April, 2019
70
March, 2019
51
February, 2019
45
January, 2019
75
December, 2018
87
November, 2018
51
October, 2018
54
September, 2018
77
August, 2018
105
July, 2018
46
June, 2018
43
May, 2018
45
April, 2018
36
March, 2018
30
February, 2018
28
January, 2018
17
December, 2017
17
November, 2017
12
October, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений