Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Welcome to the rector’s blog!

 

 

Dear visitors to the website!
 
The Rector`s blog was created to connect with students, staff and teachers of the University. You can leave your comments, ask questions and make suggestions. Open and regular discussion of issues will help the University administration to work fruitfully.
 
I hope that this platform will expand opportunities for the solution of many problems in our common work, will become an important mechanism for effective mutual exchange of information and implementation of tasks.
 
We are open for dialogue, all appeals will be considered. Every question will be answered.
 
 
Email: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 
 
 
 
 
The Rector's personal reception takes place on the 1st and 3rd Fridays of each month during the academic year - from 3.00 p.m. to 5.00 p.m.
  • Quessions-answers
  • Ask a question
  • Statistics
23-08-2018 11-54-31   Other

Author: Борангалиева Гулшара

Question # 412
Мен, Борангалиева Гулшара 1980-1986жж. аралығында Абай атындағы Қазақ Педагогикалық институтын "тарих және советтік право негіздері" мамандығы бойынша бітірдім. 2018 жылдың 20 қыркүйегінде зейнетке шығуыма байланысты осы аралықта аталған оқу орнында оқығандығымды растайтын анықтама алуыма ықпал етуіңізді сұраймын.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Сіздің өтінішіңіз қарастырылып, қажетті құжаттың түпнұсқасы мен электронды нұсқасы 28 тамыз күні көрсетілген мекен-жайға жіберілді.

23-08-2018 10-27-35   From applicant

Author: Anonymous

Question # 411
Құрметті, Тахир Оспанович! Мен сіздерге физматтағы докторантураға түсу кезіндегі әділетсіздік, ондағы орындардың бәрі сатылып кеткені туралы жазып едім, неге жауап жазбайсыз!
Answer:

Құрметті талапкер! Докторантура бағдарламасы бойынша емтихан тапсырған талапкерлердің шағымдары қарастырылуда. Егер шағымдарда аталған қызметкерлердің пара алу фактісіне қатысы расталса, міндетті түрде тиісті шара қолданылады. Қызметкерлерді бұл  мәселе бойынша дәлелсіз жұмыстан шығару, шара қолдану заңсыз болып табылады.

23-08-2018 02-35-55   From applicant

Author: Anonymous

Question # 410
ЖООКББ бойынша гиант иегерлерінiң тізімін қалай корсек болады? 22.08.2018, сайтка шыгадф деп еди, таппадым
Answer:

Құрметті талапкер! 2018-2019 оқу жылында магистратура мен PhD докторантура бағдарламалары бойынша оқуға түскен грант иегерлерінің тізімі ресми сайтымыздың «Хабарландырулар» бөлімінде жарияланған. Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімімен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: http://www.kaznpu.kz/kz/1467/notice/ . Сұрағыңызға рахмет!

23-08-2018 02-33-05   From applicant

Author: Anonymous

Question # 409
Биылгы магистратура, докторантура грант иегерлерінiң тізімін қайдан көрсек болады? Телефонмен сураганымда 22.08.18 сайтка шыгады деген, таба алмадым.
Answer:

Құрметті талапкер! 2018-2019 оқу жылында магистратура мен PhD докторантура бағдарламалары бойынша оқуға түскен грант иегерлерінің тізімі ресми сайтымыздың «Хабарландырулар» бөлімінде жарияланған: http://www.kaznpu.kz/kz/1467/notice/ .

22-08-2018 23-50-55   From parents

Author: Курмангалиевна Гулвира

Question # 408
Құрметті Тахир Оспанұлы. Мен ата-анамын. Сізге сұрағым болмасада айтар сөзім бар еді. Менің қызым номері 1 ші жатақханада 1 жыл тұрды. Бірақ қызым коммендант Маржанның үстінен шағым айтады. "Апай ақша сұрайды, аузына келгенін айтып қызымның құқығына тиетін сөздер айтады, демалыс күндері де демалдырмайды,таң ертеңмен оятады, жұмысқа жұмсайды" дейді. Соны біржақты етесізбе. Маржан комменданттың алдындағы апай жақсы болыпты... Әрбір ата ананың алаңдайтын жағдай ғой.
Answer:

Құрметті ата-ана! Жатақхана меңгерушісі Маржан Тұрысбекованың қызметіне қатысты шағымыңыз бойынша тексеріс жүргізу Экономика және өндірістік мәселелер жөніндегі проректорға жүктелді. Тексеріс барысында аталған фактілер анықталатын болса, қызметкерге заңға сәйкес тиісті  шара қолданылады.

Сұрағыңызға байланысты қосымша ақпаратыңыз болған жағдайда, проректордың қабылдауына жазылуыңызға болады. Байланыс тел.: 293-03-87.

22-08-2018 13-32-28   Other

Author: Anonymous

Question # 406
Сәлеметсізбе мен осы университетте 4 жыл бакалавр 2 жыл магистр окыған азаматшамын биыл докторантурага тапсырдым. Жазбаша өте әділетсіз өтті.НЕГЕ АЛДЫН АЛА ГРАНТТАРДЫ САТЫП КОЙГАНБА СЕБЕБІ АПЕЛЦИЯ БАРДЫМ БОЛМАДЫ. Елдің бари артта отырып шпормен соткамен көшірді. Өз көзіммен көрдім. Сіз сияқты адал ректор келді деп куанып едим бирак биыл магистратура мен докторантураға түсу неге әділетсіз отіп жатыр сенбесеніз камерадан көринз
Answer:

Құрметті талапкер! Шағымыңыз бойынша арнайы тексеріс жүргізіледі. Егер шағымыңыз расталса, комиссия мүшелеріне басшылық тарапынан тиісті шара қолданылатын болады.

22-08-2018 12-56-17   From applicant

Author: Anonymous

Question # 405
сәлеметсізбе? сіздердің университетте қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі және филология мамандықтары барма? және оқу ақысын қайдан көре аламыз?
Answer:

Құрметті талапкер! Сіз сұрап отырған педагогикалық мамандықтар бар. Университетімізде оқытылатын мамандықтар тізімі мен оқу ақысы туралы ақпараттармен ресми сайтымыздың келесі сілтемесі арқылы танысуыңызға болады:  http://kaznpu.kz/kz/2150/page/.
 
Оқуға тапсыруға қатысты сұрақтарыңыз болса, Университетіміздің Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.:  8(727)291-57-68, 291-73-71, 291-87-80.
22-08-2018 10-58-39   Other

Author: Anonymous

Question # 404
Такир Оспанович, айлық жалақымызды қашан көтеру ойыңызда бар өзі??? Былтыр қыркуйек айында деп естідік, болмады, сосын жаңа жылда деді, оны күттік, кейін наурызда көтереді деді, ол да болмады, енді тағы да қыркуйекте деп жатыр. Нақты қашан көтересіз, болмаса ондай ой жоқ па сізде? Көтеретін шығар деп жұмыстан шықпай жүрміз, басқа университетте қызмет істейтін коллегаларымыз таң қалады, жалақымызды айтсақ уйялып қаламыз жерге кірердей. 20-30мың қосылса да, біз үшін ол бір қарызымызды жауып отыратын ақша. Мемлекет бөліп отырған ақша болғандықтан неге қарастырып, өз қызметкеркерліңіздің жағдайына көңіл бөлмеске? Сізден үлкен үміт күтеміз ректор мырза!!!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Университет қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесі міндетті түрде қарастырылады.  Жалақы мәселесі бойынша арнайы жұмыстар жүргізілуде. Бұл мәселеге түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

22-08-2018 01-34-08   From students

Author: Anonymous

Question # 403
Құрметті ректор! Мен "Педагогика және психология"институтының 3-курс студентімін. Президенттік шəкіртақыға қалай ие болуға болады.
Answer:

Құрметті студент! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 07 сәуірдегі №136 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау» Ережесіне сәйкес стипендия күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге 3-курстан бастап, магистранттарға – екінші оқу жылынан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде тек «өте жақсы» (А, А-) оқитын студенттерге беріледі. Президенттік стипендияға республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздары,республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары бар,табыстары дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысатын білім алушылар үміткер бола алады. Стипендияларды тағайындау кезінде үміткерлерді іріктеу Ереженің 5, 6 тармақтарында жазылған өлшемдер тәртібінде жүзеге асырылады. Тең жағдайда басымдық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі.

Сұрағыңыз бойынша нақты ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлына (221-кабинет) жолығуыңызға болады. Сұрағыңызға рахмет!

21-08-2018 13-05-25   From applicant

Author: Anonymous

Question # 402
Биыл 48балл жинап калдым. Сіздерге шартты турде окып кейін Кт кайта тапсырып оки аламын ба. Юриспрундицияға түсейін деп едім.
Answer:

Құрметті талапкер! Оқуға тапсыруға байланысты сұрағыңызға толық ақпарат алу үшін Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.:  8(727)291-57-68, 291-73-71, 291-87-80.

20-08-2018 19-48-17   From applicant

Author: Anonymous

Question # 401
Салеметсизбе Агай! Докторантурага тусу ушин биздын универдын мугалымдері заң бұзушылық әрекеттерді жүзеге асырды.P.S. пара алушылық! Оның ішінде Дефектология мамандықтарына сабақ беретін ұстаздарымыз! Осындай жағдайлардың алдын алуыңызды сұраймыз!!! Оң Шешімін шығарады деп үміттенеміз!
Answer:

Құрметті талапкер! Шағымыңыз бойынша арнайы тексеріс жүргізіліп, тиісті шара қолданылатын болады. Егер шағымыңызға байланысты қосымша ақпаратыңыз немесе нақты дәлелдеріңіз болса, rector_blog@kaznpu.kz электронды поштасына жіберуіңізді сұраймыз.

20-08-2018 12-38-59   From applicant

Author: Anonymous

Question # 399
Salemetsizbe!!! Kazirgi zamanda okuǵa túsý óte kyin. Sony bile tura muǵalimder kórypsiaǵa bárip jatyr. Zorǵa balymdy jınaǵanda, sátip jiberip otyr, men sońyna deýi baram aǵay. Nege bireýdin akwasynan kein men okuǵa tuspeyim kerek. Otbasimnin jaǵdayi jetpeidi akýli bólimge. Sol jaǵyn karastirinizshy. Dokazatelstva tolyp tur. Maǵan sońǵy jaýap aitinizdarwy...
Answer:

Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз бойынша міндетті түрде арнайы тексеріс жүргізіледі. Пара алу фактісіне қатысы бар қызметкерлердің есімін және нақты дәлелдеріңізді rector_blog@kaznpu.kz электронды поштасына жіберуіңізді сұраймыз.

19-08-2018 17-11-38   From applicant

Author: Anonymous

Question # 398
Здравствуйте. 16.08.18 сдавал вступительный спецэкзамен в докторантуру и уехал в свой город. Где на сайте можно посмотреть результаты? (Из-за выходных не могу позвонить в приёмку, а до этого говорили результаты будут на сайте)
Answer:

Здравствуйте! Результаты вступительных экзаменов в докторантуру размещены на доске объявлений приемной комиссии.

18-08-2018 15-31-39   From applicant

Author: Anonymous

Question # 397
Сәлеметсіздерме! Абай атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде 6D010500-Дефектология мамандығы бойынша докторантураға емтихан тапсырдық. Өкінішке орай емтихан әділетсіз деңгейде өтті. Себебі, 16.08.18ж күні Ұстаздарымыздың құрған тізімі бойынша қажетті талапкерлерді қалдырып, қалғандарың 17.08.18 куні келіңдер деп қайтарып жіберді. Екіншіден, Дефектология мамандығы туралы мұрнына иісі де бармайтын басқа саланың талапкерлеріне қалайша 90-100 деген балл қойып қабылдап алды?! Берілген 3 сұрақтың жауабын толық жазып бергеніміздің өзіне Біздерге 50 деген балл қойып шығарып салды. Бұл заман талабы ма әлде ҰСТАЗДАРЫМЫЗДЫҢ жеке саясаты ма?!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Екінші рет қайтадан кешенді тесттің ұйымдастырылуына байланысты осы аталмыш мамандыққа тапсырған 80-нен астам талапкерлер 2 лекке бөліген болатын. Техникалық хатшылардың қателігінен үміткерлердің 1-ші немесе 2-ші лекпен тапсыратыны туралы хабардар етілмеген. Екінші лек үміткерлеріне 16 тамыз күні емиханға келген кезде айтылғандығы анықталды. Тізімнің бөліну реті бойынша ешқандай арнайы тізім құрылмаған, жалпы тапсырушылар тізімі теңдей екіге бөлінген.

Болашақта докторантураның және магистратураның әрбір жазбаша жұмыстары тәуелсіз комиссиямен тексеріліп, қойылған бағалардың әділеттілігіне сараптама жасалады. Осы кезде келеңсіз жағдайлар анықталса, комиссияға қатысты арнайы шаралар қолданылатын болады. Емтихан тапсыру кезінде бірде-бір пән мұғалімдерінің және кафедра меңгерушілерінің емтиханның жүру барысына жұмылдырылмағандығын мәлімдейміз.

 

18-08-2018 01-12-42   From applicant

Author: Студент

Question # 396
Саламатсыз ба? Магистратуранын 2-ші экзаменінің результаты кай сайтка жарияланады?
Answer:

Құрметті талапкер! Емтихан нәтижелері қабылдау комиссиясының арнайы хабарлама тақтайшасында жарияланады.

17-08-2018 22-55-02   From applicant

Author: Азизхан Сауыт

Question # 395
Салеметсыз бе,Мен Алтын Белгы иегерымын жане де убтдан 120 балл жинадым тандау паным дуние жузы тарихы жане адам когам,конкурстан мемлекеттык грантка тусе алмадым ,сыздерде мен ушын женылдыктер табылады ма?
Answer:

Құрметті талапкер! Университетімізде бакалавриат бағдарламасы бойынша білім алушыларға 2018/2019 оқу жылына бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. «Алтын белгі» иегерлерінің оқу ақысына 100% жеңілдік бір академиялық мерзімге беріледі. Жеңілдіктер туралы толық мәліметті ресми сайтымыздан келесі сілтеме арқылы қарауыңызға болады: http://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/skidka_kaz.pdf.    Құжаттар 25 тамызға дейін қабылданады.

17-08-2018 22-20-05   From applicant

Author: Anonymous

Question # 394
Құрметті Такир Оспанұлы!Мен 6D010500-Дефектология мамандығы бойынша докторантураға түсуші үміткермін. Шет тілінен жеткілікті балл жинап 16.08.2018 ж. күні мамандық бойынша жазбаша түрде емтихан тапсырдым. Емтиханның ұйымдастырылу нашар.1. Өткізілетін орны өзгертілгені туралы ескертілмеді;
2. Емтихан 1 сағат 45 минутқа кеш басталды;
3.Мамандықтарды бір аудиториядан екінші аудиторияға бірнеше рет ауыстырды;
4. Аудиторияда сағат ілінбеді;
5. Емтиханға (жазбаша) 1 (бір) сағат уақыт берілді; * басқа ЖО орындарында емтиханға 2 сағат 30 минут берілген және ереже бекітілген.
5. Емтихан кезекшілері мәдениеттілік, этика деген сияқты факторларды бұзды. Дөрекі түрде және дауыс көтеріп талапкерлерден тыйым салынған заттарды алды.
Құрметті Такир Оспанович, жоғарыда айтылған барлық пунктер емтиханға өзіме қанағаттанарлық жауап беруге кедергі келтірді. Бұл мәселелерді 17.08.2018 ж. күні аппеляция мүшелері қарастырмайтынын мәлімдеді. Екі емтиханнан мемлекеттік грантқа жеткілікті (яғни тура проходной 150 балл) жинақтадым. Бірақ, күмән келтірген көп талапкерлер 180 баллдан жоғары жинақтаған. Және кейбір талапкерлер магистратураны 2018 жылы бітіргендер. Ереже бойынша 1 жылдан кем емес еңбек өтілі қажет.
Осы мәселерді тексеріп, қарастырып беруіңізді сұраймын.
Құрметпен, 2018-2019 жж.докторантураға тапсырушы үміткер.
Answer:

Құрметті талапкер! Жалпы екінші рет қайтадан кешенді тесттің ұйымдастырылуына байланысты докторантура емтихандары 7 этажды ғимарттан Педагогика және  психология институының оқу ғимаратына ауыстырылды. Ұйымдастырылу жағынан қателіктер жіберілгені анықталды. Ал кезекшілердің мәдениеттілік этика және дөрекі дауыс көтеру сияқты мәселелеріне келетін болсақ, сол күнгі кезекші болған қызметкерлер мен волонтерлардың аты-жөндері анықталып, егжей-тегжейлі тексерілетін болады.

Қазіргі магистратура бағдарламасына тапсыру ережесі бойынша 1 жылдан кем болмауы тиіс, егер ережеге сәйкес емес қабылданған талапкерлер анықталатын болса, оқудан шығарылады.

17-08-2018 19-35-07   From students

Author: Қайнар

Question # 393
Саламатсызба! Магистратураға бүгін тапсырған мамандық бойынша экзаменнің бағасын қайдан біле аламын?
Answer:

Құрметті Қайнар! Емтихан нәтижелері қабылдау комиссиясының арнайы хабарлама тақтайшасына ілінеді.

17-08-2018 17-57-19   From applicant

Author: Anonymous

Question # 392
Құрметті ректор мырза. Сізге айтар шағымым бар. Қабылдау комиссиясында жұмыс істейтін қызметкерлер магистратураға тапсыруға құқысы бар ма? Қабылдау комиссиясының ғимаратында 27 кабинетте отырған Толғанай және Шынар деген қызметкерлер быйыл магистратураға тапсырып, жақсы бағалар алып отыр. Былтырда тапсырған бірақ түсе алмаған. Ал быйыл қабылдау комиссиясында жұмыс істегендіктен түсіп отыр. Олармен сөйлескенінде өздеріде солай айтты. Мен диктафонға жазып алғам. Осыған байланысты сізді бір шара қолданар деп үміттенемін.
Answer:

Құрметті талапкер! Біріншіден, оқуға қабылдау ережесінде оқу орнында және қабылдау комиссиясында қызмет жасайтын талапкерлер оқуға тапсыруға болмайды деген нақты талап қойылмаған. 

Екіншіден, шағымыңызда аталған есімдер бойынша арнайы қызметтік тексерулер жүргізіліп, қабылданған шешім негізінде тиісті шаралар қолданылатын болады.

Егер шығымыңызды растайтын дәлеліңіз болса, rector_blog@kaznpu.kz электронды поштасына жіберуіңізді сұраймыз. Сұрағыңызға рахмет!

17-08-2018 11-59-49   From students

Author: Anonymous

Question # 391
Сәлеметсізбе! Айтарға сөзім жоқ! Мен ҚазҰПУ-нің магистратурасын өте жақсы бітірдім. Докторантураға гранттардың бәрі сатылып қойды дегенде сенбей, өз біліміме сеніп құжаттарымды докторантураға тапсырдым. Ағылшыннан 90-нан жоғары балл алып, спец.емтиханға келгенде төмен балл қойып тастап түсе алмадым. Бірақ грантқа түскен адамдардың бәрін білем, олар универ қабырғасында әрең сабақ оқып жүрген адамдар, 2000-5000 доллар беріп сатып алдық деп отыр. Бұл сұмдық жайт қой, универ басшылары не қарап отыр! Неге адамның білімін бағаламайсыздар! Мен барлық сұрақтарыма жауап беріп, есебімді де шығардым. Такир ағай, Сіз келіп жағдай түзеледі ме екен деген ой болып еді, бірақ ештеңе өзгермепті. Коррупцияға былығып жатқан универ, әлі былығып жатыр екен! Мен физматты бітірдім, ондағы былық бастан асады, кәрі, коррупционер мұғалімдерді ауыстыратын уақыт болды ғой! Менің жан айқайымды сізге сөзбен жеткізу мүмкін емес! Үлкен бір шара қолдануыңызды сұраймын және жауабыңызды күтемін!
Answer:

Құрметті талапкер! Қазіргі таңда емтихан нәтижелері бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Шағымыңыздағы мәселелерге қатысты басшылық тарапынан шара қолдану үшін нақты дәлелдер қажет. Егер пара алу фактісіне қатысы бар қызметкерлер туралы ақпаратыңыз болса, rector_blog@kaznpu.kz электронды поштасына жіберуіңізді сұраймыз.

Сіздің шағымыңызда аталған Физика, математика және информатика институтының директоры жаңадан сайланғанын ескертеміз. Сонымен қатар биыл институт директорлары мен профессор-оқытушылар құрамына конкурс жарияланып, конкурс нәтижесі бойынша бірқатар өзгерістер енгізілді. Сұрағыңызға рахмет!  

 

Total records: 4046

« перв. ... < пред. ...  182  183  184  185  186 187  188  189  190  ... след. > ... посл. »

First name: *


E-mail:



Phone:



Subject:


Question: *


Enter the code from the image: *


Number of questions

May, 2024
4
April, 2024
10
March, 2024
5
February, 2024
20
January, 2024
11
December, 2023
21
November, 2023
19
October, 2023
17
September, 2023
25
August, 2023
39
July, 2023
29
June, 2023
60
May, 2023
41
April, 2023
49
March, 2023
22
February, 2023
42
January, 2023
68
December, 2022
55
November, 2022
50
October, 2022
62
September, 2022
52
August, 2022
33
July, 2022
32
June, 2022
49
May, 2022
139
April, 2022
64
March, 2022
45
February, 2022
46
January, 2022
57
December, 2021
29
November, 2021
43
October, 2021
70
September, 2021
75
August, 2021
109
July, 2021
79
June, 2021
62
May, 2021
69
April, 2021
74
March, 2021
47
February, 2021
42
January, 2021
68
December, 2020
61
November, 2020
62
October, 2020
42
September, 2020
48
August, 2020
57
July, 2020
81
June, 2020
88
May, 2020
65
April, 2020
86
March, 2020
57
February, 2020
37
January, 2020
28
December, 2019
47
November, 2019
72
October, 2019
70
September, 2019
61
August, 2019
88
July, 2019
47
June, 2019
71
May, 2019
54
April, 2019
70
March, 2019
51
February, 2019
45
January, 2019
75
December, 2018
87
November, 2018
51
October, 2018
54
September, 2018
77
August, 2018
105
July, 2018
46
June, 2018
43
May, 2018
45
April, 2018
36
March, 2018
30
February, 2018
28
January, 2018
17
December, 2017
17
November, 2017
12
October, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений