
27-09-2023 14-17-44

From parents
Author: Ата ана Question # 7363 Сәлеметсіз бе, құрметті ректор мырза! Баламның қандай жерде оқып жатқанын көргім келген. Бас ғимаратта әжетхана жұмыс жасамайды, есіктері қирап тұр, ғимарат меңгеушісі жоқ, тазалық жоқ дәлелге 3 қабатқа келіп тексеріңіз. Іші толған қоқыс Сұмдық, қандай жерде оқып жатыр деп ойлап қалдым!
Answer:
Құрметті ата-ана! Шағымыңыз бойынша жауапты тұлғаларға тапсырма беріліп, тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру нәтижесінде әжетханадағы қоқыстар мен лас жағдайлары анықталған жоқ. Әжетханадағы әдейлеп күшпен сындырылған есік қалпына келтірілді. Ғимараттағы (аудиториялар, дәліздер, дәретханалар) санитарлық талаптарға сәйкес күнделікті тазалық жүргізу жұмыстары тұрақты түрде тексерілетін болады.
Университет білім алатын орын болғандықтан, оның әрбір заты ұқыптылық пен күтімді қажет етеді. Ондағы тазалыққа жауап беретін тұлғалардың еңбегіне деген құрмет болу керек. Оқу орнындағы мәдениеттің, тазалықтың сақталуы, оның әрбір затына ұқыптылық таныту қызметкерлер мен білім алушылардың өздеріне байланысты екенін ұмытпаған жөн.Сұрағыңыз үшін рақмет!

27-09-2023 11-03-41

From students
Author: Anonymous Question # 7362 Сәлеметсіздер ме! Биылғы бітіруші студент боламын. Қазіргі таңда мектепте өндірістік тәжірибеде жүрген жайым бар. Сұрақ: неге біз мектепте өзімізді қызметші немесе құл секілді сезінуіміз керек? Мектепке кірсең барлығы жақтырмай, ала көзбен қарайды. Қайтсем осыны пайдалынып қалсам деп жүрген 1040 адам. Оның үстіне біз тегін барып жатқан жоқпыз. Оларға ақша бөлінетінін біз де білеміз. Егер мұғалім Абайдың бір өлеңінің мағынасын дұрыс ашып бере алмаса, ол маған не үйретеді? Сол үшін мен мектеп ауыстырғым келеді. 3курста болған мектеп әлдеқайда күшті еді. Мұғалім де білімді. Осы хаттан кейін мені универ және мектеп мұғалімдері қыспаққа алмайды деген ойдамын. Себебі мектепке барғанда бізді олай да қорқытқандай болды. Менің қалауым: мектеп ауыстыру
Answer:
Сәлеметсіз бе! Хатыңыздағы мәселе назарға алынды. Жауапты тұлғаларға тапсырма берілді. Сұрағыңыз бойынша Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.:291-13-71. Рақмет!

26-09-2023 03-19-09

From applicant
Author: Anonymous Question # 7361 Здравствуйте, уважаемый ректор! Я обнаружила неточности по моему диплому ,подскажите где в архивах университета мне могут найти мой договор чтобы я могла сверить заполняемые данные?
Answer:
Здравствуйте! Архив университета находится по адресу: Толе би, 31, тел. 291-84-04.

22-09-2023 19-30-35

From applicant
Author: Anonymous Question # 7360 Доброго времени суток, уважаемый ректор! У меня к вам один вопрос, я закончила университет в этом году, училась на гранте, устроилась на работу. Итак, собственно вопрос, куда мне нужно отправить справку о том, что устроилась на работу? Обязательно ли сдавать его лично в университет, или же можно сделать это онлайн?
Спасибо за ответ!
Answer:
Здравствуйте! По данному вопросу просим обращаться в Центр «Мансап». Контактные данные: ул. Казыбек би, 30, кабинет №204, 291-83-50.

22-09-2023 13-58-24

From students
Author: Anonymous Question # 7358 Сәлеметсіз бе, құрметті ректор! Үшінші оқу аптасы аяғына келді. Ал біз, жаратылыстану және география институтының биология (педагогика) мамандығының студенттері, бірнеше пәнді мүлдем өтпедік. Алдағы апта сіз білетіндей СӨЖ аптасы, студенттер тапсырмаларын орындап, бағаларын алуы тиіс. Неге сол пән мұғалімдері студенттерін іздеп, кестеге сабақтарын қоймайды? Неге сабақ кестесінде жоспардағы пәндер әлі жоқ? Оқу форматы да дұрыс емес. Бір пәндер онлайн, екіншісі офлайн болады. Басқа қаладан келген студенттер, сабаққа келудің орнына, жалдамалы пәтерлерінде құр уақыт өткізіп жатыр. Басқа институт студенттері әдеттегіше қыркүйектің басынан бері сабақтарын өтуде. Бұл мәселе неге қадағаланбайды?
Answer:
Құрметті білім алушы! Хатыңыздағы мәселе назарға алынды. Жаратылыстану және география институты мен басқа институттардан келетін профессор-оқытушылардың сабақтары бір-бірімен бір уақытта сәйкес келгендіктен, сабақ кестесі тұрақталғанша 18-22 қыркүйек аралығында сабақтар ішінара аралас форматта өткізілді. Қазіргі кезде 224-ші үлкен дәрісханаға ағымдағы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты уақытша сабақ кестесі қойылмайды. Институтқа қарасты басқа барлық оқу аудиторияларында сабақтар сабақ кестесіне сәйкес жүргізілуде.
Барлық онлайн форматта өткізілген сабақтардың видеожазбалары арнайы құрылған чатта сақталған. Дәстүрлі түрде оқытылған пәндердің өту барысы директорат тарапынан тексеріліп жатыр. Бұл оқу үрдісінде орын алған уақытша мәселе болғандықтан, түсіністік танытуыңызды сұраймыз. Рақмет!

22-09-2023 11-58-57

From students
Author: Anonymous Question # 7357 РАСПИСАНИЕ ТҰРАҚТАЛСЫН. Мен студент ретінде өз атымнан универдің расписаниесі тұрақталғанын қалаймын!!! Бір пар лекция үшін сонау Ащыбұлақ, гресс, жас қанат, қаскелең сияқты алыс жерлерден автобуспен бір аяқпен тұрып келу студенттерге оңай емес, жақсы аудитория жетіспейді деп 2 апта онлайн болды, универдің жағдайына кіріп келістік, енді сіздер де біздің жағдайды түсінсеңіздер. НЕМЕСЕ РАСПИСАНИЕ ТҰРАҚТЫ ҚОЙЫЛҒАНША ОНЛАЙН БОЛА БЕРСІН. Алматының жаңбырлы ауа-райында бір пар үшін сонша жол жүріп, су-су тоңып қайта кету біз үшін тиімсіз болып отыр...осы мәселені шешіп берулеріңізді сұраймын!!!
Answer:
Құрметті білім алушы! Биыл Жаратылыстану және география институтына оқуға 1012 білім алушы қабылданып, институттың контингент саны 3023 адамға жетті. Жаңа оқу жылында институттың оқу үрдісі 1,4 курс студенттеріне дәстүрлі форматта, 2-3 курс студенттеріне онлайн форматта басталды. Қазіргі кезде 224-ші үлкен дәрісханаға ағымдағы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты уақытша сабақ кестесі қойылмайды. Институтқа қарасты басқа барлық оқу аудиторияларында сабақтар сабақ кестесіне сәйкес өткізілуде. 2-3 курс бакалавриат студенттері 18 қыркүйектен бастап жартылай дәстүрлі форматқа көшірілді.
Жаратылыстану және география институты мен басқа институттардан келетін профессор-оқытушылардың сабақтары бір-бірімен бір уақытта сәйкес келгендіктен, сабақ кестесі тұрақталғанша 18-22 қыркүйек аралығында сабақтар ішінара аралас форматта өткізілді. Барлық онлайн форматта өткізілген сабақтардың видеожазбалары арнайы құрылған чатта сақталған. Дәстүрлі түрде оқытылған пәндердің өту барысы директорат тарапынан тексеріліп жатыр. Бұл оқу үрдісінде орын алған уақытша мәселе болғандықтан, түсіністік танытуыңызды сұраймыз. Рақмет!

21-09-2023 15-42-07

From students
Author: Anonymous Question # 7355 Физ матта оқимыз
Қадырбаева Бағдагүл апай сабақ өтуі мүлдем ұнамайды сабақ барысында студенттерге атаңның басы,түр көрсете берме,бәріңді жоямын құртамын,оңбағандар,шалдар т.б студент пен ұстаз арасындағы қарым қатынасты жаман ғып көрсетеді. Лекция мүлдем оқымайды.Лекция барысында хиджаптағы қыздарға,студенттердің киімдеріне сағаттап пікір айтады.Одан қалса баяғыда алған жетістіктерін,одан қалса қыдырған шетелін айтады.Мек топтарында апайды ауыстырып беріңіздерші өтінемін.Тіпті ол кісінің сабақ өтуін видеоға түсіріп жіберейін.
Answer:
Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз бойынша жауапты тұлғаларға тапсырма берілді. Түсіндірме жұмысы міндетті түрде жүргізіледі.

20-09-2023 12-37-36

From students
Author: Аноним Question # 7354 Мен 4 курс студентімін. Бүгін міне қыркүйектің 20 сы болды, біздің,(қай факультет екенін айтпай- ақ кояйн) факультетте әлі сабақ тізімдері шыққан жоқ, апай,ағайлар өздеріне ыңғайлы кез келген күнде, қалаған уақытында шакырып калып жатыр. Біз кешке дейін хабар күтіп, ешкандай хабар болмаған сон азанда жұмысқа щығып кетеміз, ал апай, ағайлар азанда жазып шакырып турады.Бізде Алматыда тегін жерде тұрып жатпағандықтан, тұратын үй- жайымызға төлеу керек, күнделікті жүріс-тұрысқа ақша керек дегендей қосымша жұмыс жасайтынымз өтірік емес, оны студент болған сіздерде жақсы түсінетін шығарсыздар деп ойлаймын)Алматы қымбат қала, бір степендиямен күн көру мүмкін емес, ал алмайтындар қаншама,ата -анамызға ауыстпайлық жасамайык деп жүрген жайымыз бар) Сабақтың тізімдері шығып, соған карай жұмыстыда қатар алып журсек деген ниетіміз бар еды. Осы жағдайды басшылығыңызға алып, тезырек арекет жасаса, оте жаксы болар еды, алдын - ала рахмет)
Answer:
Сәлеметсіз бе! Хатыңызда көрсетілген мәселе назарға алынды.

20-09-2023 11-57-02

Other
Author: Әкімжан Сайлыбаев Question # 7353 Университет ректорының толық аты-жөнін, ғылыми атақ-дәрежесін жазып жібересіз бе?
Answer:
Сәлеметсіз бе! Ректордың аты-жөні: Тлеп Болат Анапияұлы, ғылыми дәрежесі - саяси ғылымдарының кандидаты.

20-09-2023 10-53-47

From students
Author: Даулет Айгерім Question # 7352 Қайырлы күн! ӨМСИ институты, Абая 56б корпусындағы тазалық жұмыстары мен асхана ісін қатаң тексеруіңізді сұраймын. Студентке білім алушы ретінде емес, үлкендігін пайдаланып, дауыс көтеру, мәдениетсіз сөйлеу дейтін адамға тән емес қасиеттер толып жатқан, қызметкерлер. Асханадағы тамақтың иісі бүкіл корпусты алып, дұрыс сабақ өте алмаймыз. Сабақ оқуға емес Қағанатқа келген сияқтымыз. Өте ұят. Сабақ оқығың келмейді. Ең болмағанда тазалық жұмысы мен сабақ оқуға жақсы жағдай жасауыңызды сұраймын. Білім алушы ретінде балықтың иісі мүңкіп тұрған корпуста сабақ алу мүмкін емес. Өтінішімді жауапсыз қалдырмайсыз деп ойлаймын. Рахмет!
Answer:
Құрметті студент! Оқу орнымыздың Абай, 56б мекенжайында орналасқан №8 оқу ғимаратына қатысты шағымыңыз назарға алынды. Ғимараттағы (аудиториялар, дәліздер, дәретханалар) санитарлық талаптарға сәйкес күнделікті тазалық жүргізу мәселесі бақылауда болады. Қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Асхана мәселесіне келетін болсақ, тексеру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Қазіргі уақытта асханадағы желдету жүйесінің нашар жұмыс істеуіне байланысты құбырдың ішкі қуысына тазарту жұмыстары жүргізілуде. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Рақмет!

19-09-2023 19-54-27

From students
Author: Anonymous Question # 7351 Салеметсізбе, қыркүйек айының стипендиясы 4 курс студенттеріне қашан түседі екен?
Answer:
Сәлеметсіз бе! Стипендия туралы студенттік бухгалтерияға хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.: 291-37-59.

14-09-2023 23-22-39

From parents
Author: Байгельдина Айнагуль Мусаевна Question # 7345 Саламатсыз ба! Менің қызым Байгельдина Сымбат Ринатовна, 1курс студенті,Байқоңыр қаласынанбыз.Ресей азаматы,сондықтан ақылы оқып жатқан. Енді біз РВП істеу үшін тамыз айында Асел ханымға жолыққанбыз ,шет ел азаматтарымен өзім айналысамын деген. 2күн болды қызым посольствода,миграционная да жаңғыз, бөтен қалада табалдырықтарын тоздырып жүр.Мен Асел ханым мойнына алмағанда,Байқоңырға қайтпайтын едім.19.09.23жылы миграционная картасы бітеді.,депортация істейді.Ату,МИТУ да осы орында отырған адам өз міндеттерін орындап жатыр,студенттері еш уайымдамай. Абай студенттері қаңғып табалдырық тоздыруда.
Answer:
Құрметті ата-ана! Шетел азаматшасы Сымбат Байгельдинаға қатысты Абай атындағы ҚазҰПУ мамандары тарапынан ешқандай құқық бұзушылық және де талаптарды орындамау әрекеттері орын алмағанын хабарлаймыз.
Оқуға қабылдау кезінде шетел азаматшасы Сымбат Байгельдинаның құжаттарын Халықаралық ынтымақтастық департаментінің маманы Әсел Исатаева ережеге сәйкес қабылдап, тіркеуге қою үшін Алматы қаласы көші-қон басқармасына бір емес, үш рет тапсырған. Алматы қаласы, Медеу аудандық көші-қон басқармасы шетел азаматшасы Сымбат Байгельдинаның ешқандай жерде тіркеуде болмағандықтан, әрі шекарадан өтпегендіктен, тіркеуге қоюдан бас тартты. Себебі құжатты рәсімдеу кезінде шетел азаматшасы тарапынан заң бұзушылық орын алған: С.Р. Байгельдина кәмілеттік жасқа толып кеткен, ешқандай жерде тіркеуде жоқ. Сондай-ақ, шекарадан тіркеуден өтпеген төлқұжатына мөр басылмаған. Аталған мәселелерді шешу үшін Халықаралық ынтымақтастық департаменті С.Р.Байгельдинаның ата-анасымен байланысқа шығып, құжатарын дұрыстауы туралы хабарлаған. Барлық құжаттар С.Р.Байгельдинаның өз қолына тапсырылып, құжаттарын реттеп келу үшін еліне қайтарылған.

13-09-2023 14-33-46

Other
Author: Ксения Стишенко Question # 7344 Уже третий день не могу дозвониться ни на один из телефонов университета. В 2008 году я закончила КазНПУ им. Абая, сейчас поступаю в еще один университет, и они просят отправить скан моего диплома с любой официальной почты университета. Скан у меня есть, к кому можно обратиться, чтобы переотправить этот скан? Звоню в центр "Шапагат", не берут трубку ни утром, ни после обеда. Звоню в колл-центр - сбрасывает. Звоню в центр карьеры - отправляют в архив, в архиве отправляют в канцелярию ректора, а канцелярия ректора не отвечает также ни утром, ни после обеда. На письмо глава "Шапагат" тоже не отвечает. Какое подразделение вообще работает? к кому обратиться?
Answer:
Здравствуйте! Ваше обращение направлено ответственным лицам, с Вами обязательно свяжутся. Для получения информации касательно учебного процесса можете обращаться в Отдел организации учебного процесса КазНПУ имени Абая. Тел.: 8 (727) 291-71-06, okubolimi220@mail.ru.

13-09-2023 12-47-54

From students
Author: Anonymous Question # 7343 Сәлеметсіз бе! Менің қоятын сұрағым, мен дипломды биыл алуым керек еді университеттен, бірақ өзім қазір басқа қалада жұмыс істеп жатқандықтан университетке қараша айында ғана бара аламын ол кезге дейін кеш болмайма
Answer:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін институт директораты немесе Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің мамандарымен хабарласуыңызға болады.Байланыс тел.:291-13-71. Рахмет!

12-09-2023 10-03-15

From applicant
Author: Аноним Question # 7342 Саламатсыздар ма, магистратура 2 курс педагогикалық мамандықтар бос грант орындарына өтініш жазған едік. Жауабын қайдан, қашан біле аламыз? Универ жүйесіне салынады деп еді жауап ала алмадық. Оқу ақысын төлемей, жауап күтіп отырмыз.
Answer:
Сәлеметсіз бе! Бос грант орындарына қатысты толық ақпаратты өзіңіз білім алып жатқан институт директоратынан біле аласыз.

12-09-2023 09-53-43

From students
Author: Anonymous Question # 7341 сәлеметсіз бе, ақылы бөлім 2 курс магистрантымын. 1 курс магистранттарына жеңілдік бар екен, call центр хабарлассам 2 курсқа жеңілдік жоқ дейді . Бұл қалай? Оқу ақысы бірден 50% көбейген жылы (2022-2023оқу жылында) түстік. Ол кезде мүлдем жеңілдік жоқ еді. Бітіруші жылы жеңілдік бізге де көрсетілсе әділетті болар еді??
Answer:
Сәлеметсіз бе! Абай университетінде ақылы негізде оқитын білім алушыларына әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында оқу ақысына жеңілдіктер қарастырылған. Жеңілдік алу үшін әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды тапсыруыңыз қажет. Жеңілдіктер беру тәртібі туралы ережеге сәйкес жеңілдік келесі санаттар бойынша беріледі:
- 23 жасқа дейінгі жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар және оқу кезеңінде ата-анасының екеуінен немесе жалғыз ата-анасынан айырылған тұлғаларға;
- Жалғыз ата-ана тәрбиелеп отырған толық емес отбасынан шыққан білім алушыларға;
- Мүмкіндігі шектеулі білім алушыларға (I, II, III топтағы мүгедектер);
- Көпбалалы отбасылардан, яғни төрт және одан да көп оқушы балалары бар отбасылардан шыққан студенттер;
- Басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, сондай-ақ қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне;
- Ата-анасы Қоғамда (Университет) 3 жылдан астам уақыт жұмыс істейтін білім алушыларға;
- «Өзіміз» – екінші жоғары білім беру бағдарламарына, магистратураға және докторантураға түскен Қоғам (Университет) түлектеріне, оқытушыларына және қызметкерлеріне;
- Республикалық, халықаралық конкурс және фестиваль жеңімпаздарына;
- Спорттық жарыс жеңімпазы (ҚР чемпионаты, Азия, Еуропа және Әлем чемпионаты).
Жеңілдік мәселесі бойынша қосымша сұрақтарыңыз болса, Abai student center коворкинг орталығының (Қазыбек би, 30/1 көшесі) қызметкерлеріне жолығып, ақпарат алсаңыз болады. Рақмет!

06-09-2023 18-23-01

From students
Author: Anonymous Question # 7340 Сәлеметсіз бе, Ректор мырза
Қазіргі таңда 4 курс студентімін
4 курстың алғашқы семестрін Алматы қаласында оқып, соңғы семестрді белгілі бір себептермен тұрғылықты мекен-жайымыз бойынша өз қаламыздан қалай өтуге болады?
Қандай жағдайларда соңғы семестрді сырттай өз қаламызда оқысақ болады?
Answer:
Сәлеметсіз бе! Абай университетінде сырттай оқу бөлімі жоқ. Абай университетіне оқуға түсу және құжаттарды тапсыру бойынша толық ақпаратты қабылдау комиссиясының сайтынан білуге болады: https://abiturient.abaiuniversity.edu.kz/. Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін қабылдау комиссиясының қызметкерлерімен хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.: 8 727 291 57 68; Call-орталығы: 8 727 221 85 14. Рақмет!

06-09-2023 15-22-10

Other
Author: Anonymous Question # 7339 Уважаемый ректор университета им Абая .Просим Вас решить вопрос по оплате за практикантов 4 курса за 2022- 2023 учебного года. На сегодняшний день учителя английского языка гимназии 56 не получили оплату за работу со студентами. Нужные документы были сданы в августе Сауле Жантореевне из центра мансап.Акт до сих пор не готов .
Answer:
Здравствуйте! Оплата за практикантов 4-го курса за 2022-2023 учебный год будет произведена в ближайшее время. По данному вопросу просим обращаться в Центр «Карьера». Тел.: 2-91-83-50.

05-09-2023 17-58-09

From parents
Author: Орынша Question # 7338 Қызылорда облысы, Арал ауданында тұратын балам Рустемұлы Самат Абай университетінің ғылыми-химия мамандығы бойынша сіздерде 2-курс студенті және грант иесі атанды. Алайда, мен Сізге қойып отырған мәселем, біздер шалғай жатқан Арал ауданы экологиялық мекенінде тұратынымызды ескеріп және көп балалы, егіз балаларды бағып отырған анамын. Жолдасым жұмыссыз, Сіздердегі шығармашылық жұмыстарға белсене араласып жүрген студентіңіз Рустемұлы Самат жатақханамен қамтылмай отыр. Алматы да туыс-туғанымыз жоқ. Пәтер, хостел жалдауға тұрмыстық-жағдайым келмейді, 20 күннен бері балам ешқайда орналасқан жоқ. Әр жерде қоныстанып жүр. Ана болғасын күнде балама алаңдап отырамын. Баламның өмір қауіпсіздігіне кім жауапты. Мемлекеттік грант иегері атанып, елдің болашағы үшін жұмыс жасайтын жастарымызды қолдауға, қорғауға неге мүмкіндік жасалмасқа. Осы жатақхана мәселесін шешіп беруіңізді өтініп, Сізден сұраймын. Хат жолдаушы Рустемұлы Саматтың анасы Көлдеева Орынша.
Answer:
Сәлеметсіз бе! Жатақхана мәселесін міндетті түрде қарастырамыз. Хатыңыз жауапты тұлғаларға жолданды.

04-09-2023 10-15-34

From applicant
Author: Тусе алмай калган докторант пен магистрант Question # 7337 Курметти ректор мырза! Биз магистратура пен докторантурага оте алмай калдык
агылшын тилинен тестен откизуге комек сураган едик. Оган комектесип журген филология институты директорының орынбасары Найманбаев Алмас агай әр кайсымыздан бир миллион тенге сурады. Неге кымбат агай деп едик мен емес Борибаев деген биреуге беремин деди. КазНПУ али де коррупция екен гой дедик
Answer:
Сәлеметсіз бе! «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес Сіздің Ректордың блогына жазған өтінішіңіз Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметіне қарастыруға жіберілгенін хабарлайды. Сізде сыбайлас жемқорлық фактілерін растайтын нақты ақпараттар болса, compliance@abaiuniversity.edu.kz эл.поштасына жолдасаңыз болады. Байланыс деректері: +7(727) 291-25-76, Алматы қ., Қазыбек би, 30. 205 кабинет. Рахмет!
Total records: 3933