28-01-2024 12-45-33
From applicant
Author: Аноним Анонимович Question # 7797 Здравствуйте! Когда поступит дорожка иногородним студентам? И почему за январь поступила неповышенная стипендия тем студентам, которые сдали осеннюю сессию на отлично?
Answer:
Здравствуйте! Дорожная компенсация за проезд по Положению выплачивается два раза в год - в феврале и в июне, также по Положению стипендия по итогам зимней сессии назначается с февраля по 31.08.2024 года.
25-01-2024 09-43-35
From students
Author: Anonymous Question # 7792 114 топ, 1 курс. 2семестр басталғалы, расписание 3-4 рет ауысты. 114 группа екі шет тілі мамандығы бойынша 1 курс. Бізде екінші семестрда паралардың өтетін кабинеттерімен қиындықтар туып жатыр. Расписание осы 2-3 кун ішінде 3 рет ауысты. Соңғы шыққан расписание туралы мұғалімдер білмима? Сондай жауапкершіліксіз қарайма өз жұмыстарына? Бізді жамбыла 25 тегі корпус пен сарбона арасында бір кунде екі рет жүгіртеді. Сарбонаға келіп отырсақ расписание бойынша жоқ жамбылаға келіндер деп айтады сабақ басталып кеткеннен кейн. Мен ол жаққа бара алмаймын, ол расписаниені көрмедім өздерің келіңдер деп айтады оқытушылар. Қазақстанның дәрежелі университетінде студенттергк деген қарым-қатынас осындай болғаныма? Кей оқытушылар келіп жатырғой жұмыстарына осы сонғы расписание бойынша басқаларының өз жұмысында қандай жаңа өзнерістер болып жатқанынан неге бейхабар?
Answer:
Сәлеметсіз бе! Хатыңызда көрсетілген мәселе назарға алынып, жауапты тұлғаларға жолданды. Сұрағыңыз бойынша институт басшылығынан толық ақпарат алуыңызға болады. Байланыс деректері: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/3/page/.
24-01-2024 15-55-34
From students
Author: Орысбаева Дамежан Question # 7788 Құрметті Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, Тілеп Болат Анапияұлы! Шағым жазар мақсатым, Дизайн моды кафедрасының оқу орыны - Главный корпустың подвалы жайлы. Төленетін оқу ақшасына сай, оқу орны да сай болу керек деп есептеймін. Себебі қай күні болмасын , бірдеңе атылып, бір жерден су ағады да жатады. Алдыңғы жылы Қолданылған тепловой пушкалар, сол кезде қолданылды. Бұл жағдайдың қайталанып отырғанын көрсетеді. Екіншіден техника жағы оңбайды. Жаңа әкелінген машиналар қондырылмай , кезегінде күтіп тұр. Үшіншіден жұмыс орынының өзі ыңғайсыз, қалған парталар, улкен қағазға тік сызықты да түзу сыза алмаймыз , Себебі сол парталардың өзі де қосылып тұр . Арасы келіспейтін, отырып тұруға жұмыс болатын ыңғайсыз ағаш. Өтінемін сол жақтардың қарастырыңызшы!
Answer:
Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз назарға алынды. Өнер, мәдениет және спорт институты қызметіне қатысты мәселелер қарастырылып, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді. Қазіргі таңда оқу үрдісіне қажетті оқу құралдары мен жабдықтарды жаңарту, тігін машиналарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Су құбырларының ескірген жүйесін жаңа құбырлармен ауыстыру жұмыстары жүргізіліп, тазалық мәселесі қадағаланатын болады.
24-01-2024 14-34-20
From students
Author: Anonymous Question # 7787 Сәлеметсізбе ректор мырза мен 4кур студенті боламын денсаулығыма байланысты ауырып больницаға жатып ем кабылдап сабаққа бара алмай жүрмін брақ сондада рапорт жазып жатыр кемегеним ушин енди тагы рапорт жазып окудан шығарамыз деп жатыр ал мен болсам али ауырып жатырмын.Осы маселени сизден сурайын деп шештим.
Answer:
Сәлеметсіз бе! Хатыңыз бойынша Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-13-71, 291-71-06.
24-01-2024 13-29-10
From students
Author: Қайырғали Айзада Question # 7785 Саламатсыз ба, Главный корпустағы цокольный этажының кабинеттері туралы мәселені айтайын деп едім. Кабинеттер жиналынбаған, каробкаларды ұйып қойған, машинкаларды орнатпаған, Жиі ротор болады. Студенттердің жағдайын ойламаған, басқа этаждардың қоқыстарын бізге қарай әкеліп тастай береді. Бұл енді сұмдық нәрсе. Біз деген бұл универге білім алу үшін келген адамбыз. Ал бұндай жағдайда біз қалай білім алуымыз керек? Студенттердің беріп жатырған ақшалары ауаға кетіп жатқандай. Сіздің бұл мәселелерді қарастырып, тезірек шешуіңізді сұраймын.
Answer:
Құрметті студент! Сіздің шағымыңыз бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында кабинеттердегі тазалық жұмыстары уақытылы жүргізіліп тұрғаны анықталды. Оқу ғимараттарындағы санитарлық талаптардың сақталуы, тазалық мәселесі алдағы уақытта да үнемі қадағаланатын болады. Хатыңыздағы мәселелер назарға алынды. Оқу жағдайына алаңдаушылық білдіргеніңіз үшін рақмет.
20-01-2024 13-35-36
From students
Author: Anonymous Question # 7780 Сәлеметсіз бе! Қысқы емтихан сессияның нәтижесі қашан шығады яғни приказ ректордың атынан
13-01-2024 11-42-57
From students
Author: Anonymous Question # 7777 Сәлеметсіз бе!Сізге қоятын сұрағым студенттер әр семестрде болатын пәндердің оқытушыларын өздері таңдау құқығы бар ма? Бізге таңдау құқығы бар делінген еді бірақ физматта өздері оқытушыларды белгілеп тастайды студенттер емес
Answer:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің мамандарымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.:291-13-71,29171-06. Рахмет!
09-01-2024 10-20-43
Other
Author: Anonymous Question # 7774 Сәлеметсіз бе!
Қызыл диплом алу үшін 2 семестрдің gpa баллы қосылып 3,5 болу керек пе?
Әлде тек 1 семестрдің өзі 3,5 болуы керек пе?
Қызыл дипломға үміткер екендігін қай жерден көруге болады?
Тіркеу бөлімі деген кай жер ?
Answer:
Сәлеметсіз бе! Университеттің Академиялық саясатының 368, 369 тармақтарына сәйкес:
368. А, А- «өте жақсы», В+, В, В -С+ (С+ 2019 ж. 1-ші қаңтардан бастап), «жақсы» бағаларымен емтихан тапсырған және оқудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ кешенді мемлекеттік емтихан тапсырған немесе А, А- «өте жақсы» бағаларымен дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлық бойынша бағаны есепке алмағанда) беріледі.
369. Оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсыруы бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.
Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Тіркеу кеңсесінің мамандарына жолықсаңыз болады. Мекенжайы: Қазыбек би к/сі, 30, 1 этаж.
05-01-2024 17-16-04
From applicant
Author: Anonymous Question # 7773 Сәлеметсіз бе! Қысқы емтихан сессиясы нәтижесінде 2023/2024 оқу жылы бойынша босаған білім беру гранттарының бос орындарына арналған конкурсқа академиялық ұтқырлық бағдарламасымен оқып жатқан студенттер неге қатыса алмайды? Құжаттар тек 15.01.2024 ж. дейін қабылданады екен, ал ұтқырлық бағдарламасы бойынша біздің сессиямыз 25.02.2024ж.күні аяқталады, транскриптті сол кезде ғана ала аламыз. Гранттан үмітіміз бар, біздің де конкурсқа қатысқымыз келеді.... Рақмет!!!
Answer:
Құрметті студенттер! Ағымдағы жылдың 25 қаңтарында ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 25.08.2023 жылғы № 443 бұйрығымен бекітілген "бакалавр "немесе" магистр" дәрежесін бере отырып, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімге ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларының" 23-тармағына сәйкес бос грант орындарына ауысатын үміткерлердің тізімі министрлікке жолданып, республикалық комиссияның қарауына ұсынылады.
Сіз семестрді тек 25 ақпанда аяқтайтындықтан, мерзімдер бойынша үлгермейсіз. Өйткені грант ағымдағы аралық аттестаттау нәтижелері негізінде беріледі. Бірақ Сіз жазғы емтихан сессиясынан кейін конкурсқа қатыса аласыз. Бос грант орындарына ауысу туралы толық ақпаратты директарат қызметкерлерінен білуіңізге болады. Рақмет!
03-01-2024 16-50-17
From students
Author: Anonymous Question # 7768 Сәлеметсізбе құрметті Тілеп Болат Анапияұлы. Келіп жеткен жаңа жылыңызбен шын жүректен құттықтаймын, шығармашылық табыстар тілеймін!!! Мендегі сұрақ егер студентте С+ болса қызыл диплом ала алады ма? Мысалы рк1-80 рк2-88 ал сессиядан 54 алып ортақ джипи баллы 72ні құрап С+ болса?
Answer:
Сәлеметсіз бе! Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқу пәндері және оқу қызметінің басқа түрлері бойынша қорытынды бағаларын А, А- «өте жақсы», В+, В, В -С+ (2019 ж. 1-ші қаңтардан бастап), «жақсы» бағаларымен емтихан тапсырған және оқудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ кешенді мемлекеттік емтихан тапсырған немесе дипломдық жұмысты (жобаны) А, А- «өте жақсы» бағаларымен қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлық бойынша бағаны есепке алмағанда) беріледі. Оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды қайта тапсыруы немесе пәндерді қайта тапсыруы (F, FX) бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.
Қызыл дипломға үміткер екеніңізді оқу орнымыздың Тіркеу кеңсесінен біле аласыз. Сауалыңыз үшін рақмет!
29-12-2023 15-41-57
From students
Author: Қоңтай Гүлжан Question # 7764 Сәлеметсіз бе, мен Қоңтай Гүлжан Ерболқызы, МФжИи, 1курс магистранты ретінде ғылыми жетекшім Нурмухамедова Жанара Муратовнаға алғысымды білдіргім келіп отыр.Жанара Муратовна ғылыми жетекші ретінде өз қызметін асқан жауапкершілікпен атқарып, әрдайым дұрыс бағдар беріп отырды. Өз ісін профессионалдық деңгейде жетік меңгергендігін көрсете отырып, біздің ғылым жолымыздағы үздік үлгі болды деп нық сеніммен айта аламын!
Answer:
Сәлеметсіз бе! Математика, физика және информатика институтының оқытушысы Жанар Мұратқызының қызметіне жоғары баға беріп, пікір білдіргеніңіз үшін рақмет. Сіздердің қолдауларыңыз бен пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды және білім беру ортамызды жақсартуға елеулі үлес қосады. Сізге шығармашылық табыс және кәсіби қызметіңізде үлкен жетістіктер тілейміз!
28-12-2023 14-56-11
From applicant
Author: Anonymous Question # 7755 Сәлеметсіз бе, құрметті ректор-мырза. Біз жазған себебіміз бізге кейбір сабақтардан сессияны тапсыру қиын болды.Бізге сабақ өткізген мұғалім Ардабаева апай мүлдем сабақ түсіндірген жоқ, бізге тапсырма бере салады, сосын кетеді аудиториядан немесе күйеуімен отырады өз жұмыстарын бітіріп. Басқа топтарға осы сабақты берген мұғалім бәрін түсіндіріп өтеді, олар неше түрлі қызық есептерді шығарады сабақта, ал біз өзіміз шамамыз келгенше түсініп шешіп отырамыз. келешекте пед.практикадан өтетін кезде қорқамыз, өзіміз түсінбей оқушыларға қалай түсіндіреміз. Айтып жатыр ғой лицейлерге де, гимназияларға да жібереді практикаға. Неге осындай мұғалімдерді ешкім қадағаламайды? Тиісті шаралар қабылдауыңызды сұраймыз.
Answer:
Сәлеметсіз бе! Хатыңыз жауапты тұлғаларға жолданды. Шағымыңыз бойынша тексеру жұмыстары жүргізіледі.
27-12-2023 21-34-22
From students
Author: Anonymous Question # 7754 Қайырлы күн! Құрметті Тілеп Болат Анапияұлы! Мен ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ГЕОГРАФИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ 1 курс география наука студентімін Бізді жертану пәнінен беретін Касенов С ағай дұрыс бағаламайды бізде тіпті лекция баллын қоймайды мысалы бізде 1 рк 8 дәріс болды силлабус бойынша бызге 1 дәріске 2 балл қойылады яғни бізде 1 рк да 16 балл болу керек дегенмен бізде 1рк 10 балл
Ал 2 рк келетін болсақ онда 7 дәріс яғни 14 балл болу қажет бұл жолы тағы солай 10 балл қойды Біз мүлде дәрістен қалмағанбыз.Қарапайым дәрістің өзінен 10 баллмызды қоймаған !!!
Срсп кезінде уақыт болмай жатып кетіп қалатын Жылдың басында каб таппайда 1-2 сабақ өтілмей қалды
Біз 1 курс болған соң онлайнға өттік ОНЛАЙН кезде бізге САБАҚ ӨТІЛМЕДІ! Дәрісте срсп өтілген жоқ. Біз ағай ағай өтейікші деп қанша мәрте айттық бірақ ешкандай сабақ өтілген жоқ!
Біз ағайға балл айтсақ бізге жауап бермейді және ведомосты жауып тастадым деп балл қойып бермейді
СІЗГЕ АЙТАРЫМ ОСЫ МӘСЕЛЕНІ ШЕШІП БЕРУІҢІЗДІ ӨТІНЕМІН
Бізге қойылмай қалған баллдарымызды қойып берсе дұрыс болар еді
Сізді осы мәселені қарастырады деп ойлаймын!
Answer:
Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз жауапты тұлғаларға жолданды. Тексеру жұмыстары жүргізіледі.
27-12-2023 17-25-40
From applicant
Author: Д Question # 7752 Мен ЖГИ жер туралы ғылым 1 курс студентімін, бізге Касенов Солтанбек ағайдың сабағы мүлдем дұрыс өтілмейді. бүкіл ГНК тобында лекция баллдарын дұрыс қоймаған, бүгін 27.12.2023 болған Жертану пәніндегі сессияны қайта қарастырып, коммиссия құруларыңызды, әділ балл қойып беруін сұраймыз, баллды ауадан алып қойған мүлдем аз.Барлық сабағымыз 70,80+ тек осы ағай баллымызды дұрыс қоймады, Сессияда запись экрана көрсеңіздер болады. Өзіңе звандап айтсақ нақты жауап бере алмайды, істеген жобамызды да тексерген жоқ, әрқайсымызға жобаны қорғап сөйлеуге мүмкіндік бермеді.
Answer:
Сәлеметсіз бе! Жаратылыстану және география институтының оқытушысына қатысты шағымыңыз басшылыққа жолданды. Шағымыңызда аталған мәселелер тексеріледі.
27-12-2023 12-10-15
From students
Author: Жолдасхан Әсем Question # 7749 Саламатсыз ба, құрметті Тілеп Болат Анапияұлы. Мен Жолдасхан Әсем Бастауыш білім беру бизнес инновациямен тобынының студентімін.Біз Бастауыш Бизнес Инновация тобы тарих мұғалімі Саурыкова Жанар Сансызбайқызына алғысымызды білдіреміз.Біз үшін әрбір семинар өте керемет өтілді. Мектеп қабырғасында түсіне білмеген жерлерін тереңнен оқып, жан жақты қамтып білдік.Отанға,елге деген сүйіспеншілдік, тарихха деген қызығушылықты одан әрі тереңдете оята түскен Жанар апайға рақмет айтамыз!Мемлекеттік емтихан тамаша өтті. Барлығына рақмет.
Answer:
Сәлеметсіз бе! Оқытушыңыздың еңбегін бағалап, алғыс білдіргеніңіз үшін рақмет айтамыз. Сізге білім мен ізденіс жолында шабыт, алға қойған мақсаттарыңызға жетуде табандылық тілейміз.
26-12-2023 18-13-30
Other
Author: Anonymous Question # 7748 Құрметті ректор! Сізден біздің университеттің институттарында тәртіп орнатуыңызды сұраймын. Кейбір институттарда Директорлар мүлдем жұмыс істемейді, барлық жұмыс өз орынбасарларына жүктеледі. Ғылыми кеңеске Назар Салсақ, олар талқыланатын мәселелер оларға ешқандай қатысы жоқ сияқты отырады, телефонға қооданып, талқылауға қатыспайды, өйткені олар болып жатқан жайдың мәнін түсінбейді. Тіпті орынбасарлар дайындаған есептер бойынша есеп бере алмайды. Олар не үшін жалақы алады? Креслода отырып, құжаттарға қол қою үшін бе? Сондай-ақ, кейбір меңгерушілердің (негізінен ,зейнеткерлік жастағы) өз орынбасарлары бар (негізі мұндай лауазым болмаса да), олар меңгерушінің барлық жұмысын орындайды. Сонымен қатар, көптеген адамдар жұмысқа ыңғайлы болған кезде 2-3 сағатқа келеді, тіпті күн сайын емес. Сонда олар не үшін 0,75 ставка алады? Мәдениет және спорт институтына, математика, физика және информатика институтына, тарих және құқық институтына ерекше назар аударуыңызды сұраймын.
Answer:
Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз бойынша институт басшылығы мен директорат қызметкерлерінің қызметін жүйелеу бойынша жауапты тұлғаларға тапсырма берілді. Хатыңызда көрсетілген мәселелер қарастырылып, алдағы уақытта міндетті түрде ескерілетін болады.
24-12-2023 03-48-30
From students
Author: Anonymous Question # 7747 Қайырлы кеш!Маған 2024 тің қызыл диплом алу бойынша критерийлары керек.4 курстың баллы да джипи баллға әсер етеді ме ? Транскрипте С+ баллы кездессе,ол да кедергі ме?Дипломдық жұмыстан міндетті түрде А+ алу қажет пе әлде А,А- та бола береді ме?
Answer:
Сәлеметсіз бе! Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқу пәндері және оқу қызметінің басқа түрлері бойынша қорытынды бағаларын А, А- «өте жақсы», В+, В, В -С+ (2019 ж. 1-ші қаңтардан бастап), «жақсы» бағаларымен емтихан тапсырған және оқудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ кешенді мемлекеттік емтихан тапсырған немесе дипломдық жұмысты (жобаны) А, А- «өте жақсы» бағаларымен қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлық бойынша бағаны есепке алмағанда) беріледі. Оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды қайта тапсыруы немесе пәндерді қайта тапсыруы (F, FX) бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.
Қызыл дипломға үміткер екеніңізді оқу орнымыздың Тіркеу кеңсесінен біле аласыз. Сауалыңыз үшін рақмет!
21-12-2023 20-14-17
From students
Author: Anonymous Question # 7743 Саламатсыз ба! Ректор мырза, сессияның форматын өзгертуге бола ма? Неге ашық сұрақ немесе проект қорғау арқылы тапсыруға таңдауға бермейсіздер? Неге демократиялық Қазақстанда тұрып, мен өз таңдауымды жасамаймын????
Мұғалімдерге оңай тест береді, ал емтиханды жасау қиын ба?
Answer:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпаратты институт басшылығынан алуыңызға болады.
21-12-2023 12-08-20
From students
Author: Төлеуова Құндызай Question # 7742 Құрметті Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, Тілеп Болат Анапияұлы! Біз Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің “Педагогика және психология” білім бағдарламасы бойынша 2 курс магистранттары Төлеуова Құндызай және Мұқатова Жұлдыз академиялық ұтқырлық бағдарламасы арқылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің “Педагогика және психология” кафедрасына “Педагогика және психология” білім беру бағдарламасында 1 семестр оқыдық. Ендігі емтихандарымызды аяқтап, Алматы қаласы және сіз басқарып отырған университет сыйлаған керемет естеліктермен өз қаламызға қайтып бара жатырмыз. Университет қабырғасында өткен семестрде оқытушылар тарапынан қолдауды сезіндік. Атап өтетін болсақ, “Педагогика және психология” кафедрасының меңгерушісі Айгерім Нұралықызы мен эдвайзеріміз Амангүл Шахарбекқызына алғысымыз шексіз! Сонымен қатар пән оқытушылары Гүлдана Атымтайқызы, Гүлжайна Құралбекқызы, Ұлжарқын Муслимқызына бізбен бөліскен құнды тәжірибелері үшін алғыс білдіреміз.
Бізге бұл тәжірибе баға жетпес білім, білік және дағдыларды бойымызға сіңіру мүмкіндігін берді. Университеттің бізге берген құнды тәжірибесі болашақта тірек болмақ. Құрметті ректор, бұл мүмкіндікті сыйлаған, екі университет арасындағы бағдарламаның іске асуына ат салысқаныңыз үшін рахмет! Киелі шаңырақтың мәртебесі өсіп, өмірдің өрінінен көріне берсін!
Answer:
Құрметті Құндызай Төлеуова және Жұлдыз Мұқатова! Ізгі тілектеріңіз үшін Сіздерге алғысымызды білдіреміз. Сіздердің пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды. Білім және ғылым жолындағы жаңа бастамаларыңызға тек сәттілік тілейміз!
20-12-2023 21-35-44
From students
Author: Anonymous Question # 7740 2023 жылы Қызыл диплом алу шарттары қандай?GPA баллы 3,5тен жоғары болса,пересдача болмаса,гос экзамен және практика бағасы А болса болды ма?С+ баллы болса транскрипта қызыл диплом алуға мүмкіндік қанша?4 курс баллың қосқанда джипи 3,5тен асу керек пе.Дипломдық жобада А- алса да бола ма,әлде өте жақсы баллы А+ міндетті ме ?Нақты бәрің айтасыз ба?
Answer:
Сәлеметсіз бе! Университеттің Академиялық саясатының 368, 369 тармақтарына сәйкес:
368. А, А- «өте жақсы», В+, В, В -С+ (С+ 2019 ж. 1-ші қаңтардан бастап), «жақсы» бағаларымен емтихан тапсырған және оқудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ кешенді мемлекеттік емтихан тапсырған немесе А, А- «өте жақсы» бағаларымен дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлық бойынша бағаны есепке алмағанда) беріледі.
369. Оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсыруы бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.
Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Тіркеу кеңсесінің мамандарына жолықсаңыз болады. Мекенжайы: Қазыбек би к/сі, 30, 1 этаж.
Total records: 4046