Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Welcome to the rector’s blog!

 

 

Dear visitors to the website!
 
The Rector`s blog was created to connect with students, staff and teachers of the University. You can leave your comments, ask questions and make suggestions. Open and regular discussion of issues will help the University administration to work fruitfully.
 
I hope that this platform will expand opportunities for the solution of many problems in our common work, will become an important mechanism for effective mutual exchange of information and implementation of tasks.
 
We are open for dialogue, all appeals will be considered. Every question will be answered.
 
 
Email: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 
 
 
 
 
The Rector's personal reception takes place on the 1st and 3rd Fridays of each month during the academic year - from 3.00 p.m. to 5.00 p.m.
  • Quessions-answers
  • Ask a question
  • Statistics
20-12-2023 18-45-46   From applicant

Author: Anonymous

Question # 7739
Рубежтің қабылау 15і бітті 16-17сі Тәуелсіздік пен жексенбі күндердің демалысы. Сессия 18і әрі қарай арада бір күн жоқ мұрнымыздан шаншылып сессия тапсырып қадалып жатырмыз!!! Неге рубежден соң демалыс берілмейді? Неге әр сессияның арасына кемінде 1 күн берілмейді. Вунберкингтің баласы болсада келесі элективті пәніңні сабағына қалайша дайындалып үлгересің? Рк бойы терлеп тепшіп алған 90-95 балл сессияның 60-70 баллына сай ма? Студент неге жарты күнде дайындалып қана сессия тапсыруы керек? Ркда өз еңбегімен алған бала сессиядан қадалып өзін кінәлі сезініп апайдан ұялу керек???? Неге студент сонша нерв талшықтарын жұмсау керек? Ректор мырза келесі сессияларды ескерсеңіз) былтыр олай болмап еді)))
Answer:

Сәлеметсіз бе! 

Академиялық күнтізбеге сәйкес 2-ші межелік бақылаудың өту уақыты 11-15.12.2023 ж., қысқы сессия емтихандардың өтуі уақыты 18-30.12.2023 ж. (10 күн сессияға берілген). 2-ші межелік бақылау мен қысқы сессия емтихандары осы академиялық күнтізбеге сәйкес өтеді.

Сіз оқитын курс, мамандықта қысқы сессияда 6 пәннен емтихан болады, яғни 18 - 25.12.2023 ж. аралығында өтеді. Тәуелсіздік күніне орай 6 күн жұмыс жасайтын ұжымдарға 18 желтоқсан жұмыс күні болып есептеледі, сол себептен қысқы сессия 18 желтоқсанда басталды.

Сессияның соңғы емтихан күні 2023 жылдың  30 желтоқсанға дейін болмас үшін студенттердің ұсыныстарын, яғни,  алыс аймақтарда тұратын білім алушылар үйлеріне жету үшін 3 күн уақыт кететінін ескеріп соңғы емтихан күні 25 желтоқсанға қойылды.

Көктемдегі сессия уақыты академиялық күнтізбе бойынша 06.05-25.05.23 ж. (18 күн сессияға берілген) аралығында өткізіледі. Сіздердің ұсыныстарыңызды болашақта ескереміз.

20-12-2023 11-07-33   From students

Author: Anonymous

Question # 7736
Саламатсызба Ректор мырза. Мен ақылы оқитын студентпін, енді келесі семестрге грантқа өтініш берейін дегенмін, сол туралы айта өтсеңіз, ортақ балл 70 баллды құрайды ма? Барлық сабақтарымды жақсы бағаға жауып шықтым. Назар салып қарағаныңызға рахмет.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Оқу үрдісіне қатысты сұрақтарыңызға толық жауапты Сіз өзіңіз оқып жатқан Тарих және құқық институтының директоратынан немесе институт директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарынан білуіңізге болады. Мекенжайы: Жамбыл, 25, 504 кабинет, тел.: 8 (727) 2 93-03-09. Сұрағыңызға рақмет! 

 

19-12-2023 04-19-34   From applicant

Author: Anonymous

Question # 7733
Сәлеметсізбе ректор мырза демалыс кундери ауылға каитканмын казирги сатте ауа райына байланысты жол жабык болып тур Алматыға сол себепті сессияга бара алмайын деп турмын соган байланысты сессияны онлайн форматта тапсыруга боладыма?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша өзіңіз оқып жатқан институт директоратына хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс деректері: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/3/page/

15-12-2023 14-26-19   Other

Author: Anonymous

Question # 7731
Сәлеметсіз бе?! Мен осы университеттің 2021жылғы түлегімін. Менің дипломым прокуратуралық тексеруден шықпай қалды? Не істесем болады?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Өтінішіңіз бойынша мұрағаттық анықтамаға сұраныс хат жазуыңыз қажет. Байланыс деректері: 291-48-74, 291-37-23 (факс), info@abaiuniversity.edu.kz.
 
 
 
 
15-12-2023 03-41-42   From students

Author: Anonymous

Question # 7730
Добрый день, Уважаемый Ректор.

Обращаюсь к вам с просьбой рассмотреть мою жалобу по поводу несправедливого оценивания с моей стороны преподавателем Береке Мадины преподавательницы института физмата в текущем семестре.

Из-за семейных обстоятельств, я была вынуждена пропустить урок, и, в попытке компенсировать упущенные материалы, обратилась к преподавательнице с просьбой выполнить дополнительные задания. Однако, мои попытки были отвергнуты, и мне было отказано в возможности восполнить пропущенный материал.

На последующем контрольном событии (рк), я была удивлена тем, что за два пропуска меня оценили на 38 баллов меньше, чем ожидалось, итоговая оценка составила всего 62 балла. Если судить по силлабусу, учитывая выполненные задания, я ожидала получить 86 баллов.

При попытке выяснить причины такой низкой оценки, преподаватель ответила, что "не знает". В процессе обучения она не проводит лекции и ее методы оценивания не являются объективными. Я участвовала в выполнении всех самостоятельных работ, на что получила лишь общие комментарии, как "хорошо", что было воспринято мной как «5» однако дальнейшая оценка в конце рк говорит об обратном. То, что преподаватель сразу не озвучила свои возможные претензии к моей работе, а в дальнейшем, её отказ объяснить причину низкой оценки говорят об отсутствии с ее стороны здоровой коммуникации со студентами, что может тормозить учебный процесс в общем.

Прошу вас рассмотреть данную ситуацию и принять соответствующие меры. Я стремлюсь к справедливому и объективному оцениванию, а также к прозрачным методам обучения.

Спасибо за внимание к данному вопросу, и я надеюсь на вашу поддержку и справедливость в данной ситуации.
Answer:

Здравствуйте! Ваше обращение направлено ответственным лицам, будет проведена тщательная проверка выставленных оценок. Результаты данной работы будут доведены до Вашего сведения. Спасибо!

08-12-2023 12-37-40   From students

Author: Қожатай Айдос

Question # 7715
Ассаляму әлейкум! Мен физика,математика және информатика университетітінің 4 курс студентімін. Ата-бабамыз ғасырлар бойы ұстанып келген асыл дініміз-ислам. Аталар жолын жалғап мұсылманның парызы болған намаз оқитын студенттеріміз баршылық. Біздің корпуста кез келген уақытта араласаңыз,кемінде 10 бос кабинет табуға болады. Тілеп Болат Анапияұлы сізден бір ғана кабинет кішкентай әлде орташа болсада беруіңізді сұраймын. Ішіндегі заттарды көшіруге өзімізде ат салыса аламыз. Сабаққа кедіргі келтірмейді,жай ғана намаз оқып алсақ болғаны.Намазды қаза етуге болмайтындығын түсінерсіз. Біз басқа жаққа барып оқып келеміз дегенше сабаққа кешігіп қаламыз.Универге турникет арқылы кіреміз тек өзіміздің студенттер болғандықтан еш қауіп жоқ. Алла алдында,халық алдында абыройыңыз көтерілетін ізгі істің бастамашысы өзіңіз болыңыз!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Өтінішіңізге сәйкес келесіні хабарлаймыз. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының 3-тарау, 7-бап, 3-тармақ, 3-тармақшасында діни жоралар мен рәсімдер діни оқу орындарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының ғимараттарында және оларға бөлінген аумақта өткізуге (орындауға) жол берілмейді. Яғни  арнайы ғибадат ғимараттарында және оларға бөлінген аумақта ғана орындалады, білім беру ұйымдарында құлшылық ету орындары қарастырылмайды. Біз Сіздің ұстанымыңызға зор құрметпен қараймыз. Осыған орай түсіністік танытып, университеттен тыс арнайы орындарда құлшылық етуіңізді сұраймыз. Сұрағыңыз үшін рақмет!

05-12-2023 19-30-46   From students

Author: Anonymous

Question # 7708
Қайырлы кеш, Тілеп Болат Анапия ұлы! ЖГИ институтында 6В015013 мамандығында оқитын 3 курс, 2 поток студенттерінен 3 студент корьмен ауырып ауруханаға жатуына байланысты бізді онлайнға шығуымызды сұраймын. Сабаққа барып, бір аудиторияда отыруға қорқамыз.Себебі өзіміз де ОРВИ мен қайталап ауырып, иммунитет әлсіз болып кетті
Answer:

Сәлеметсіз бе! Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, студенттеріміздің қауіпсіздігі мен денсаулығын барынша қамтамасыз ету үшін білім алушылар мен ата-аналардың өтініші бойынша оқу орнымыздың 1 және 2 курс студенттері уақытша онлайн режимге көшірілді. Бұл ретте денсаулығына байланысты сабаққа қатыса алмайтын 3 және 4 курс студенттеріне онлайн оқуға мүмкіндік берілген. Яғни денсаулығы жақсарғанша студент онлайн сабаққа қатысуына болады. Бұл шаралар маңызды медициналық кеңестерді сақтай отырып, сапалы білім беруді қамтамасыз етуге және академиялық процесті жалғастыруға бағытталған.
Біз үшін әр студенттің денсаулығы және қауіпсіздігімен қатар болашақ педагогтардың сапалы білім алуы да маңызды. Осыны ескере отырып, сапалы білім беру үшін барынша жағдай жасалуда. Инфекцияның таралу ықтималдығын азайту мақсатында маскалық режим ұсынылып, медициналық қызмет күшейтілді. Бұл мәселе университет басшылығының бақылуында. Рақмет! 
01-12-2023 16-00-18   From applicant

Author: Anonymous

Question # 7687
Сәлеметсіз бе,Ректор мырза!Мен Педагогика және психология институтныңы 4 курс білім алушысы боламын.Қазіргі таңда Алматы бойынша өрбіп жатқан жұқпалы аруға(ОРВИ) байланысты бізді онлайн форматқа өткізуіңізді сұраймын.Себебі біздің топтың өзінде ауырып жатқан студенттердің саны күрт өсуде.Сізден кері байланыс күтемін.Алдын ала рақмет!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, студенттеріміздің қауіпсіздігі мен денсаулығын барынша қамтамасыз ету үшін білім алушылар мен ата-аналардың өтініші бойынша оқу орнымыздың 1 және 2 курс студенттері уақытша онлайн режимге көшірілді. Бұл ретте денсаулығына байланысты сабаққа қатыса алмайтын 3 және 4 курс студенттеріне онлайн оқуға мүмкіндік берілген. Яғни денсаулығы жақсарғанша студент онлайн сабаққа қатысуына болады. Бұл шаралар маңызды медициналық кеңестерді сақтай отырып, сапалы білім беруді қамтамасыз етуге және академиялық процесті жалғастыруға бағытталған.
Біз үшін әр студенттің денсаулығы және қауіпсіздігімен қатар болашақ педагогтардың сапалы білім алуы да маңызды. Осыны ескере отырып, сапалы білім беру үшін барынша жағдай жасалуда. Инфекцияның таралу ықтималдығын азайту мақсатында маскалық режим ұсынылып, медициналық қызмет күшейтілді. Бұл мәселе университет басшылығының бақылуында. Рақмет! 
01-12-2023 15-48-55   From applicant

Author: Жұмабаева Жаңылай

Question # 7680
Сәлеметсіз бе! Біз Педагогика және Психология институтының студенттері сізден қазірлі болып жатқан инфекциялық ауруға байланысты онлайнға жіберуіңізді сұраймыз! Себебі, топтағы әрбір екінші студент ауырып жатыр. Соған байланысты сабақтардан да қалып жатырмыз.Инфекция күннен күнге күшеюде.Сол себепті ауру басылғанша қашықтан оқытуға жіберуіңізді сұраймыз!
Answer:

Құрметті студент! Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, студенттеріміздің қауіпсіздігі мен денсаулығын барынша қамтамасыз ету үшін білім алушылар мен ата-аналардың өтініші бойынша оқу орнымыздың 1 және 2 курс студенттері уақытша онлайн режимге көшірілді. Бұл ретте денсаулығына байланысты сабаққа қатыса алмайтын 3 және 4 курс студенттеріне онлайн оқуға мүмкіндік берілген. Яғни денсаулығы жақсарғанша студент онлайн сабаққа қатысуына болады. Бұл шаралар маңызды медициналық кеңестерді сақтай отырып, сапалы білім беруді қамтамасыз етуге және академиялық процесті жалғастыруға бағытталған.
Біз үшін әр студенттің денсаулығы және қауіпсіздігімен қатар болашақ педагогтардың сапалы білім алуы да маңызды. Осыны ескере отырып, сапалы білім беру үшін барынша жағдай жасалуда. Бұл мәселе университет басшылығының бақылуында. Рақмет! 
01-12-2023 15-44-06   From students

Author: Anonymous

Question # 7678
Педагогика және Психология институтының студенттері сізден қазірлі болып жатқан инфекциялық ауруға байланысты онлайнға жіберуіңізді сұраймыз! Себебі, топтағы әрбір екінші студент ауырып жатыр. Соған байланысты сабақтардан да қалып жатырмыз.Инфекция күннен күнге күшеюде.Сол себепті ауру басылғанша қашықтан оқытуға жіберуіңізді сұраймыз!
Өтініш онлайнға жіюеруіңізді сұраймыз. Бізге денсаулық маңызды
Answer:

Сәлеметсіз бе! Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, студенттеріміздің қауіпсіздігі мен денсаулығын барынша қамтамасыз ету үшін білім алушылар мен ата-аналардың өтініші бойынша оқу орнымыздың 1 және 2 курс студенттері уақытша онлайн режимге көшірілді. Бұл ретте денсаулығына байланысты сабаққа қатыса алмайтын 3 және 4 курс студенттеріне онлайн оқуға мүмкіндік берілген. Яғни денсаулығы жақсарғанша студент онлайн сабаққа қатысуына болады. Бұл шаралар маңызды медициналық кеңестерді сақтай отырып, сапалы білім беруді қамтамасыз етуге және академиялық процесті жалғастыруға бағытталған.
Біз үшін әр студенттің денсаулығы және қауіпсіздігімен қатар болашақ педагогтардың сапалы білім алуы да маңызды. Осыны ескере отырып, сапалы білім беру үшін барынша жағдай жасалуда. Инфекцияның таралу ықтималдығын азайту мақсатында маскалық режим ұсынылып, медициналық қызмет күшейтілді. Бұл мәселе университет басшылығының бақылуында.
01-12-2023 10-48-23   From students

Author: Anonymous

Question # 7672
Қайырлы күн! Құрметті Тілеп Болат Анапияұлы!
Мен ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ГЕОГРАФИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ 3 курс студентімін. Қазіргі таңда барлық студенттер қатты ауырып жатыр. Группаның жартысы қатты ауырғаннан сабаққа келе алмай отыр. Ал қалған студенттер ауырсада келіп жатыр, тіпті ауырып жазылған студеннтер қайта екінші мәрте ауырып жатыр. Басында бір студент коньюктивит болып онлайнға кетіп еді, бүгіннің өзінде үшінші студентте коньюктивит белгілері байқалып жатыр.Барлығы өте тез жұғатын аурулар болғандықтан 3 курс студенттерін онлайнға жіберуіңізді сұраймыз!
Басқада ЖОО-лар студенттердің барлығын толық онлайнға шығарып жатыр. Біздіде толық онлайнға шығаруыңызды сұраймыз. Университетініміздің алды жедел жәрдем көліктерінен босамай жүргенін аңғарған боларсыз.

Біз өз денсулығымыз үшін алаңдаймыз және басқа студенттер мен мұғалімдердіңде денсаулығына зиянымызды тигізгіміз келмейді!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, студенттеріміздің қауіпсіздігі мен денсаулығын барынша қамтамасыз ету үшін білім алушылар мен ата-аналардың өтініші бойынша оқу орнымыздың 1 және 2 курс студенттері уақытша онлайн режимге көшірілді. Бұл ретте денсаулығына байланысты сабаққа қатыса алмайтын 3 және 4 курс студенттеріне онлайн оқуға мүмкіндік берілген. Яғни денсаулығы жақсарғанша студент онлайн сабаққа қатысуына болады. Бұл шаралар маңызды медициналық кеңестерді сақтай отырып, сапалы білім беруді қамтамасыз етуге және академиялық процесті жалғастыруға бағытталған.
Біз үшін әр студенттің денсаулығы және қауіпсіздігімен қатар болашақ педагогтардың сапалы білім алуы да маңызды. Осыны ескере отырып, сапалы білім беру үшін барынша жағдай жасалуда. Инфекцияның таралу ықтималдығын азайту мақсатында маскалық режим ұсынылып, медициналық қызмет күшейтілді. Бұл мәселе университет басшылығының бақылуында.
30-11-2023 23-31-42   From students

Author: Anonymous

Question # 7669
Қайырлы кеш Болат Анапияұлы! 3 курс студентімін, қазіргі таңда болып жатқан жаңалықтардан хабардарсыз, корь ауруы күшейіп жатыр. Сәтпаев, ЖенПу универлерінің барлық студенттері, КазНПУ универінің 1-2 курстары ауруға байланысты онлайн режимге көшіп жатыр. Ал 3-4 курстар ше? Біз де өз денсаулығымызға қатты алаңдаудамыз. Күн сайын 3-4 курстардан студенттер ауырып жатыр бірақ та бізді карантинге жаппады, онлайнға жібермеді! Ертең біз ауырған күні біздің денсаулығымызға кім жауап береді? Онлайн режимге шығаруды талап етеміз!!!
Answer:

Құрметті студент! Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, студенттеріміздің қауіпсіздігі мен денсаулығын барынша қамтамасыз ету үшін білім алушылар мен ата-аналардың өтініші бойынша оқу орнымыздың 1 және 2 курс студенттері уақытша онлайн режимге көшірілді. Бұл ретте денсаулығына байланысты сабаққа қатыса алмайтын 3 және 4 курс студенттеріне онлайн оқуға мүмкіндік берілген. Яғни денсаулығы жақсарғанша студент онлайн сабаққа қатысуына болады. Рақмет! 
30-11-2023 16-56-45   From applicant

Author: Anonymous

Question # 7664
Я прошу вас перевести на онлайн обучение 2 курс института филологии по причине , что в городе начала развиваться болезнь «корь» инфекция начала распространяться по всему городу
Answer:

Здравствуйте! С связи с эпидемиологической ситуацией в стране для максимального обеспечения безопасности и здоровья наших студентов по просьбе обучающихся и родителей студенты 1 и 2 курсов нашего учебного заведения временно переведены в онлайн-режим. При этом студентам 3 и 4 курсов, которые по состоянию здоровья не могут посещать занятия, предоставляется возможность учиться онлайн. То есть студент может посещать онлайн-занятия, пока его здоровье не улучшится. Эти меры направлены на обеспечение качественного образования и продолжение академического процесса при сохранении важных медицинских рекомендаций.
Для нас важны здоровье и безопасность каждого студента, также необходимо, чтобы будущие педагоги получали качественное образование. Для этого создаются все условия. В целях снижения вероятности распространения инфекции предложен масочный режим и усилена медицинская деятельность. Этот вопрос находится под контролем руководства университета. Спасибо!
30-11-2023 15-53-59   From applicant

Author: Anonymous

Question # 7663
Құрметті Тілепов Болат Анапияұлы, ҚазҰпудың 2 курс студенттері біздің оқуымызды онлайн форматқа ауыстыруыңызды өтінеміз, өйткені Алматы қаласында қарқынды тарап жатқан жұқпалы ауру тек басқа университеттерде ғана емес біздің Абай университетінің жатақханаларында да өршіп барады. Біздің университеттің 2 курс студенттерінің сабаққа қатысу қарқындылығы төмендеп, күннен күнге тұмау, инфекция ушығып жатыр. Біздің топта 23 студент болса, оның жартысы ОРВИ мен ауырып жатыр, бұл студенттердің Алматы қаласында пропискі болмағандықтан ешбір аурухана қабылдамай, тіпті емделуге мүмкіндіктері жоқ. Оған қоса, жұқпалы ауру болғандықтан сабаққа келмейін десе, оларға нб қойылып жатыр. Біз өзіміздің және жақындарымыздың денсаулығына уайымдаудамыз, сол себепті біздің өтінішімізді қабылдайсыз деген ойдамыз.
Алдын-ала рақмет!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, студенттеріміздің қауіпсіздігі мен денсаулығын барынша қамтамасыз ету үшін білім алушылар мен ата-аналардың өтініші бойынша оқу орнымыздың 1 және 2 курс студенттері уақытша онлайн режимге көшірілді. Рақмет! 
30-11-2023 14-25-50   From applicant

Author: Anonymous

Question # 7652
Құрметті Тілепов Болат Анапияұлы, ҚазҰпудың 2 курс студенттері біздің оқуымызды онлайн форматқа ауыстыруыңызды өтінеміз, өйткені Алматы қаласында қарқынды тарап жатқан жұқпалы ауру тек басқа университеттерде ғана емес біздің Абай университетінің жатақханаларында да өршіп барады. Біздің университтің 2 курс студенттерінің сабаққа қатысу қарқыдығы төмендеп, күннен күнге тұмау, инфекция ушығып жатыр.Біз өзіміздің және жарқындарымыздың денсаулығына уайымдаудыз, сол себепті біздің өтінішімізді қабылдайсыз деген ойдамыз.
Алдын-ала рақмет!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, студенттеріміздің қауіпсіздігі мен денсаулығын барынша қамтамасыз ету үшін білім алушылар мен ата-аналардың өтініші бойынша оқу орнымыздың 1 және 2 курс студенттері уақытша онлайн режимге көшірілді. Рақмет! 

30-11-2023 14-05-47   From applicant

Author: Anonymous

Question # 7650
Здравствуйте, я бы хотела попросить Вас перевести на онлайн обучение 2 курс Филологического факультета, РЯЛ. Причины - высокая заболеваемость корью и возможность митинга. Пожалуйста, обратите внимание.
Answer:

Здравствуйте! С связи с эпидемиологической ситуацией в стране для максимального обеспечения безопасности и здоровья наших студентов по просьбе обучающихся и родителей студенты 1 и 2 курсов нашего учебного заведения временно переведены в онлайн-режим. При этом студентам 3 и 4 курсов, которые по состоянию здоровья не могут посещать занятия, предоставляется возможность учиться онлайн. То есть студент может посещать онлайн-занятия, пока его здоровье не улучшится. Эти меры направлены на обеспечение качественного образования и продолжение академического процесса при сохранении важных медицинских рекомендаций.
Для нас важны здоровье и безопасность каждого студента, также необходимо, чтобы будущие педагоги получали качественное образование. Для этого создаются все условия. В целях снижения вероятности распространения инфекции предложен масочный режим и усилена медицинская деятельность. Этот вопрос находится под контролем руководства университета. Спасибо!
30-11-2023 13-15-03   From students

Author: Anonymous

Question # 7645
Құрметті Тілепов Болат Анапияұлы, ҚазҰпудың 2 курс студенттері біздің оқуымызды онлайн форматқа ауыстыруыңызды өтінеміз, өйткені Алматы қаласында қарқынды тарап жатқан жұқпалы ауру тек басқа университеттерде ғана емес біздің Абай университетінің жатақханаларында да өршіп барады. Біздің университтің 2 курс студенттерінің сабаққа қатысу қарқыдығы төмендеп, күннен күнге тұмау, инфекция ушығып жатыр.Өзімнің тобымда да,жарты студенттер ауырып,семестрдың соңы болғаннан кейін,қиналып келіп жүр.Әркім өз үйінде емделгені дұрысырақ деп ойлаймын.Біз өзіміздің және жарқындарымыздың денсаулығына уайымдаудыз, сол себепті біздің өтінішімізді қабылдайсыз деген ойдамыз.
Алдын-ала рақмет!
Answer:

Құрметті студент! Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, студенттеріміздің қауіпсіздігі мен денсаулығын барынша қамтамасыз ету үшін білім алушылар мен ата-аналардың өтініші бойынша оқу орнымыздың 1 және 2 курс студенттері уақытша онлайн режимге көшірілді. . Рақмет! 

30-11-2023 13-12-12   From applicant

Author: Anonymous

Question # 7644
Здравствуйте, я бы хотела попросить Вас перевести на онлайн обучение 2 курс факультета Филологии, направление РЯЛ, по причине высокого процента заражаемости кори. От себя, я боюсь заразиться и принести болезнь в дом, так как моя семья не вся получила вакцину от кори.
Answer:

Уважаемый студент! С учетом эпидемиологической ситуации в стране, для максимального обеспечения безопасности и здоровья наших студентов по просьбе обучающихся и родителей студенты 1-го и 2-го курсов нашего учебного заведения временно переведены в онлайн-режим. Спасибо!

30-11-2023 13-02-12   From students

Author: Anonymous

Question # 7642
Құрметті Тілепов Болат Анапияұлы, ҚазҰпудың 2 курс студенттері біздің оқуымызды онлайн форматқа ауыстыруыңызды өтінеміз, өйткені Алматы қаласында қарқынды тарап жатқан жұқпалы ауру тек басқа университеттерде ғана емес біздің Абай университетінің жатақханаларында да өршіп барады. Біздің университтің 2 курс студенттерінің сабаққа қатысу қарқыдығы төмендеп, күннен күнге тұмау, инфекция ушығып жатыр.Біз өзіміздің және жарқындарымыздың денсаулығына уайымдаудыз, сол себепті біздің өтінішімізді қабылдайсыз деген ойдамыз. Үйде менің отбасым бәрі ауырып жатыр, мен қорқам сол инфекцияны жуқтырып аламба деп басқа студенттерге, апайларга.
Алдын-ала рақмет!
Answer:

Құрметті студент! Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, студенттеріміздің қауіпсіздігі мен денсаулығын барынша қамтамасыз ету мақсатында студенттер мен ата-аналардың өтініші бойынша оқу орнымыздың 1 және 2 курс студенттері уақытша онлайн режиміне көшірілді. Рақмет!

30-11-2023 08-24-17   From students

Author: Anonymous

Question # 7625
Сәлеметсіз бе, Болат Анапияұлы Тілеп мырза!
Мен 6В01512 Химия-биология мамандығының 3-ші курс студентімін. Сессияның шығарылған соңғы кестесіндегі мәліметке сүйенетін болсақ, барлығы 8 пәннен 1 тест, 1 ауызша және 6 пән жазбаша болады екен. Дәл осындай пәндері бар ХНК мамандығында барлығы дерлік тест форматында. Не себепті бұлай? Біз моральдық және физикалық тұрғыдан 3жоба жасап, 3сабақ 45-60сұрақтан 150-180 сұраққа жауап жазып, оған дайындалып бар жоғы 10 күнде 18-28аралығында үлгеруіміз керек. Сессияның уақыты 23, 25, 26, 27, 28, 29. Студенттерге моральдық, физиологиялық тұрғыдан қатты соққы болып жатыр. Денсаулығымыз жаман, барлығы ауырып жатыр группада, бірақ, сабақтан балл үшін қалмайды. Айтыңыздаршы, осындай жағдайымызбен біз 10күнде қалай ғана 150-180 сұраққа жауап тауып, 3 жоба жасап, ауызша және тестке дайындалып үлгереміз? Біздің жан-тәніміздің саулығын кім ойлайды? 10күн қатарынан ұйықтамай денсаулықты құрытып дайындалғаннан бізге, сізге, біздің елімізге не көмек болады? Әділеттілік қайда? Неліктен бізде барлық дерлік сабағымыз жазбаша? Неге 3-ші курстар онлайнға шықпайды да, 1-2курс онлайн? Біз ауырмаймыз ба? Өтініш, бұл біздің жан айқайымыз! Бізден қаншама студент неше қайтара ауырып жатырмыз, иммунитет өте төмен, барлығы күркілдеп жөтеліп жүреді, аптасына 10мыңға дәрі аламыз. Түсінеміз, бекітілген академиялық жоспармен жүреміз деп жатырсыздар, сонда 1-2 курс онлайн тапсыратыны басынан айқын болғаны ма? Өтініш, ректор мырза! Сізден шынайы жауап күтеміз, адамгершілік танытуды сұраймыз!
Answer:

Сәлеметсіз бе! «6В01512 Химия-биология» мамандығының 3-ші курс студенттері қосарланған білім беру бағдарламасында оқитындықтан, 6 семестрде 8 пән оқиды. 1 тест, 1 ауызша және 3 пәннен жобалық жазбаша емтихан, 3 пәннен практикалық жазбаша емтихан болады.
Жобалық жазбаша емтиханда студент 1 тақырып бойынша презентация жасап, жұмыс қорғайды. 
Практикалық жазбаша емтихан сұрақтары (3 пән бойынша барлығы 45-60 сұрақ) «Univer» жүйесіндегі пәннің ОӘК бөлімінде қорытынды емтихан сұрақтарының бағдарламасына салынып қойылды. Студент емтихан болатын уақытты күтіп отырмай, әр сұраққа жауап жазып, дайындап қоюына болады. 
«Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы қабылданғаннан бері  мұғалімдік мамандықта оқитын студенттердің стипендиясы көтеріліп, оларға қойылатын талап та күшейтілді. Мұғалім өз ісінің шебері болу үшін заман талабына сай болуы шарт. Пәндік білімін арнайы оқу орынында алған дипломы дәлеледейтіні анық, сондықтан жаңа ақпараттармен жетілдіріп отыру керек. Мұғалім заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс жасап, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгеруі қажет. Осы мақсатта жобалық және жазбаша практикалық емтихандар тапсыру қажет.
Total records: 4046

< пред. ...  1  2  3  4 5  6  7  8  ... след. > ... посл. »

First name: *


E-mail:



Phone:



Subject:


Question: *


Enter the code from the image: *


Number of questions

May, 2024
4
April, 2024
10
March, 2024
5
February, 2024
20
January, 2024
11
December, 2023
21
November, 2023
19
October, 2023
17
September, 2023
25
August, 2023
39
July, 2023
29
June, 2023
60
May, 2023
41
April, 2023
49
March, 2023
22
February, 2023
42
January, 2023
68
December, 2022
55
November, 2022
50
October, 2022
62
September, 2022
52
August, 2022
33
July, 2022
32
June, 2022
49
May, 2022
139
April, 2022
64
March, 2022
45
February, 2022
46
January, 2022
57
December, 2021
29
November, 2021
43
October, 2021
70
September, 2021
75
August, 2021
109
July, 2021
79
June, 2021
62
May, 2021
69
April, 2021
74
March, 2021
47
February, 2021
42
January, 2021
68
December, 2020
61
November, 2020
62
October, 2020
42
September, 2020
48
August, 2020
57
July, 2020
81
June, 2020
88
May, 2020
65
April, 2020
86
March, 2020
57
February, 2020
37
January, 2020
28
December, 2019
47
November, 2019
72
October, 2019
70
September, 2019
61
August, 2019
88
July, 2019
47
June, 2019
71
May, 2019
54
April, 2019
70
March, 2019
51
February, 2019
45
January, 2019
75
December, 2018
87
November, 2018
51
October, 2018
54
September, 2018
77
August, 2018
105
July, 2018
46
June, 2018
43
May, 2018
45
April, 2018
36
March, 2018
30
February, 2018
28
January, 2018
17
December, 2017
17
November, 2017
12
October, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений