Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Welcome to the rector’s blog!

 

 

Dear visitors to the website!
 
The Rector`s blog was created to connect with students, staff and teachers of the University. You can leave your comments, ask questions and make suggestions. Open and regular discussion of issues will help the University administration to work fruitfully.
 
I hope that this platform will expand opportunities for the solution of many problems in our common work, will become an important mechanism for effective mutual exchange of information and implementation of tasks.
 
We are open for dialogue, all appeals will be considered. Every question will be answered.
 
 
Email: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 
 
 
 
 
The Rector's personal reception takes place on the 1st and 3rd Fridays of each month during the academic year - from 3.00 p.m. to 5.00 p.m.
  • Quessions-answers
  • Ask a question
  • Statistics
11-10-2023 18-44-32   From students

Author: Anonymous

Question # 7392
Сәлеметсіз бе, құрметті Ректор мырза!
Менің 2 рет көңіл қалуым. Президеттік шәкіртақы үміткерлерін тағайындалып, бұйрық шыққаннан кейін бірақ естідік. 3,81 gpa баллмен 2-ші мәрте ілікпей отырмын. Кешіріңіздер сонда бұл, кімнің қарамағындағы мәселе? Үміткерлерді қайдан алып отыр? Gpa баллдары менен төмен студенттер иегер болып отыр. Бұл қалай сонда? Тек таныстары, ақшалары барлар ғана түседі ме? Студенттік бөлімге хабарласып, неге ілікпедім деген сұраққа, соңғы студент gpa баллы 3,76 алтын белгі иегері, квотасы бар деп түсті дейді. Алтын белгі жарайды оқуға түскенінде жеңілдік болар, бірақ қазір емес қой! Неге тек танысы бар адамдар ғана түседі де, біздер, қарапайым студенттер іліге алмаймыз? Біреуіне хабарлассаң, басқаның номерін береді, оған хабарлассаң, басқаның номерін жібереді. Әрі-бері жүруіміз керек пе сонда? Нақты ақпаратты Жоғары білім және Ғылым министрлігінен толық біле аламыз ба?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Хатыңыз жауапты тұлғаларға жолданды. Сұрағыңыз бойынша академиялық мәселелер жөніндегі проректор Нарбекова Бану Мұқатайқызының қабылдауына жазылып, толық ақпарат алуыңызға болады. Байланыс телефоны: +7 (727) 293-81-53.

10-10-2023 15-14-56   From students

Author: Anonymous

Question # 7389
Қайырлы күн!Мен 4 курс студенті едім.Осы сонғы жыл болған соң диплом жайлы сұрайын деп едім.Менде барлық сабақтар 5 ,gpa 3,70,бірақ менде 2 ші курста онлайн сессия кезінде лексикология пәнінен песдача болды техникалық ақаумен,(69 балл жинадым 1 балл жетпей қалды)қайта тапсырғанымда 93 балл болды.Повышкада оқып жүрген студент едім,мен қызыл диплом ала аламын ба?1 балл әсер етпейді ма?Гос барлығы 5 болып тұр.Назарларыңызға рахмет!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес  оқу пәндері және оқу қызметінің басқа түрлері бойынша қорытынды бағаларын А, А- «өте жақсы», В+, В, В -С+ (2019 ж. 1-ші қаңтардан бастап), «жақсы» бағаларымен емтихан тапсырған және оқудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ кешенді мемлекеттік емтихан тапсырған немесе дипломдық жұмысты (жобаны) А, А- «өте жақсы» бағаларымен қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлық бойынша бағаны есепке алмағанда) беріледі. Оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды қайта тапсыруы немесе пәндерді қайта тапсыруы (F, FX) бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.
 
Қызыл дипломға үміткер екеніңізді оқу орнымыздың Тіркеу кеңсесінен біле аласыз. Сауалыңыз үшін рақмет!

 

 

10-10-2023 00-27-46   From students

Author: Anonymous

Question # 7386
Құрметті ректор біз 1-оқу ғимаратында оқитын студенттер біз оқитын ғимаратқа наразылық білдіргіміз келеді екі жылдан бері бітпейтін ремонт жұмыстары бізді қажытып жіберді.Былтыр көп сабақтарымыз онлайн болды одан қала берді корпустан корпусқа көшіп шаршадық биыл енді адам сияқты оқимыз ба деп келсек әлі бітпеген ремонт біздің білім алуымызға қатты кедергісін келтіріп жатыр корпустың іші көк шаң аудиториялар постоянно занято болып тұрады оның үстіне лифт үнемі жұмыс жасамайды деп айтса болады.Біз білім алу үшін емес осы ғимараттың ремонтының қашан бітетінін көру үшін келетін сияқтымыз.Осы ремонт жұмыстарын неге жаз айларында жүргізбейсіздер шаң тозаңнан кейбір студенттер аллергия астыма тағысын тағы аурулар жамап алды.Әр жерде шашылып жатқан құрлыс материалдары ауыстырған ескі терезелер ескі шкафтар сүйеніп тұрған бұның барлығы қауіпсіздік тудырады деп ойламайсыздар ма біздің әке-шешелеріміз бұл жағдайдан бейхабар арамызда платный оқитын да студенттер бар бізде сонда қандай білім ертең диплом алып мамандық алып шықтық дегенде біз мектепке және т.б.жерлерге жұмысқа тұрсақ оқушыларға не үйретеміз не білім береміз?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз назарға алынды. Хатыңызда аталған мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға тапсырма берілді. Рақмет!

06-10-2023 14-24-23   From students

Author: Anonymous

Question # 7385
Хочу поздравить с днём учителя педагога казахского языка - Османову Зейнеп Жалалиевну! Дорогая Зейнеп Жалалиевна,хочу пожелать Вам здоровья, счастья, благодарных учеников, терпения и сил! Мне довелось быть Вашей студенткой всего 2 месяца, но я успела понять, что Вы - настоящий профессионал!Вы одна из немногих педагогов, которых я запомню на всю жизнь. Спасибо за оптимистичный настрой на парах и профессионализм! Я уже не учусь в КазНПУ, но Вы оставили самое приятное впечатление об университете. Спасибо за ваш труд и самоотдачу!
Answer:

 
Здравствуйте! Благодарим за теплые слова в адрес наших преподавателей, в частности З.Ж.Османовой. Для настоящего педагога признание учеников — лучшая награда. 
05-10-2023 11-55-02   From students

Author: Anonymous

Question # 7384
Здравствуйте! Скажите пожалуйста когда выйдет приказ о питании ?
Answer:

 
Здравствуйте! Вы можете уточнить свой вопрос для рассмотрения. Спасибо!
04-10-2023 20-46-39   From applicant

Author: Anonymous

Question # 7383
Сәлеметсіз бе? Филология кафедрасында орыс тілін оқитын студенттерге “Екі диплом” жобасы бойынша Польшаға жіберетін еді. Бір жылға тізім жіберілген екен, соған қосымша көктемгі семестрге тізім жасалынады ма? Әлде сол күйі қалады ма?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы және Польша елінің Слупск қаласындағы Помор университеті арасындағы қосдипломды білім беру бағдарламасы 2017 жылдан бері өз жалғасын тауып келеді. Жол жүру шығындары, жатын орны, білім алуы – барлығы үміткерлердің өз есебінен ақылы түрде жүргізіледі.

Егер ақылы түрде барам десеңіз, осы оқу жылының 2-ші семестрінен бастап баруға болады. Бірақ қосдипломды бағдарламамен диплом алу үшін оқу 1-2 курстан басталатындығын және серіктес оқу орнының талабы бойынша студенттер 3 семестр бойы оқуы қажет екенін ескертеміз. Рақмет!

03-10-2023 22-07-44   From parents

Author: Anonymous

Question # 7382
Сәлеметсіз бе! Бакалавр бойынша президенттік шәкіртақы туралы қайдан білуге болады? Өтінішті қайда, кімге беруге болады? Бұл жақсы оқитын студенттерге мемлекет тарапынан беріліп тұрған үлкен мүмкіндік қой. Универ жүйесінде де, университет сайтында да бұл туралы ешқандай хабарлама жоқ. Алдын ала рақмет!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Президенттік стипендия 3-4 курс студенттеріне тағайындалады. Президенттік стипендия талаптары туралы ақпарат алу үшін институт директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарымен хабарласуыңызға болады. Байланыс деректері: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/3/page/.

03-10-2023 12-45-03   From students

Author: Anonymous

Question # 7381

Курметті Тілеп Болат Анапияулы, ЖГИ-дін 4 курс студенттері, университетте болатын лекцияларды аудиториялардын жетіспеуіне байланысты, онлайнга (лекция) ауыстырунызды сураймыз. 5 апта болып жатыр, ар кез сабак бойы
аудитория іздеумен уакытымыз етеді. Лекциянын уакыты онлаинга ауысса, студенттер мен мугалімдер ушін де тимді
деп ойлаймыз!
Answer:

Құрметті студенттер!  Қазіргі кезде аудитория мәселелері шешілді, 4 курс студенттерінің пәндері өздерінің болашақ мамандығына байланысты болғандықтан, барлық пәндер университет қабырғасында өтеді. 200-ден астам білім алушыны қамтитын №224 үлкен дәрісханада ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Сабақ кестесіне сәйкес 4 курстың барлық пәндері офлайн форматта өтетіндігін хабарлаймыз. Рақмет!

03-10-2023 06-58-15   From students

Author: Anonymous

Question # 7379
Сәлеметсіздер ме! Мен 4курс студенттімін. Менде 1курста онлайн оқыған кезде сессия тапсырып жатқанда, ноутбугым өшіп қалады. Менде техниқалық ақау болады. Сонымен баллым 24балл шығады. Яғни фх-ке де жетпейді. Менде техникалық ақау болғандықтан, сессиямды қайта тапсырамын. Егерде қайта тапсырған студент қызыл диплом алмайды дейді сол рас па? Менде сабақтарым,практикаларым,емтихандарым бәрі-5 болып тұр. Соған нақты жауап айтасыңыздар. Менің ешқандай кінәм жоқ емес пе?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес  оқу пәндері және оқу қызметінің басқа түрлері бойынша қорытынды бағаларын А, А- «өте жақсы», В+, В, В -С+ (2019 ж. 1-ші қаңтардан бастап), «жақсы» бағаларымен емтихан тапсырған және оқудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ кешенді мемлекеттік емтихан тапсырған немесе А, А- «өте жақсы» бағаларымен дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлық бойынша бағаны есепке алмағанда) беріледі.

Дипломдық жобаны қорғаудан және кешенді емтиханнан тек А, А- «өте жақсы» бағалармен тапсырған жағдайда Қазақстан тарихы пәнінен мемлекеттік емтиханнан 85 (В+) балл болса, практиканың бағасы 80 (В) баллдан жоғары болса, қызыл диплом ала аласыз. Оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды қайта тапсыруы немесе пәндерді қайта тапсыруы (F, FX) бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.

Қызыл дипломға үміткер екеніңізді оқу орнымыздың Тіркеу кеңсесінен біле аласыз.

02-10-2023 22-38-26   Other

Author: Anonymous

Question # 7378
Здравствуйте! Хотела бы получить полную информацию о курсе переподготовки, но к сожалению полное ИГНОРИРОВАНИЕ со стороны сотрудников. Дали контакты 2х человек, первый сотрудник как и второй поставила таймер 24 часа В ВАТСАПЕ , при этом игнорирует сообщение а когда отвечают уже сообщение очищено и так несколько раз по кругу. Можете пожалуйста дать контакты которые дадут полный ответ на мои вопросы. Спасибо. Также звоним по телефону который указан в 2гис ТЕЛЕФОН ЛИБО НЕ ДОСТУПЕН либо ПОДНИМАЕТ ТРУБКУ И СРАЗУ ЖЕ БРОСАЮТ. Хотела узнать есть второе высшее и стоимость.
Answer:

Здравствуйте, курсами переподготовки занимается Центр педагогического мастерства, контактные данные – моб. телефон 87016642721. Данные курсы могут проходить лица, имеющие базовое не педагогическое образование. На второе высшее образование обучающиеся принимаются в период приема в университет (июнь-август) и только на дневное отделение. Стоимость обучения - 816 656 тенге в год.

02-10-2023 14-23-54   From applicant

Author: Anonymous

Question # 7377
Құрметті Тілеп Болат Анапияұлы сабақ басталғалы бері бүкіл сабақтын жарты уақытын кабинет іздеумен өткіземіз.Уақытымыз неге сабақ оқумен емес бүкіл 7 этаждан бос кабинет іздеумен өтуі керек.Осы үлкен проблеманың шешімі болса жақсы болар еді.4 курс ЖГИ институтынан
Answer:

Сәлеметсіз бе! Қазіргі кезде аудитория мәселелері шешілді, 4 курс студенттерінің пәндері өздерінің болашақ мамандығына байланысты болғандықтан, барлық пәндер университет қабырғасында өтеді. 200-ден астам білім алушыны қамтитын №224 үлкен дәрісханада ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Сабақ кестесіне сәйкес 4 курстың барлық пәндері офлайн форматта өтетіндігін хабарлаймыз. Рақмет!

02-10-2023 14-20-08   From students

Author: Anonymous

Question # 7376
Биология 4 курс студенттері лекция семинар сабақтары өтуге мүлде аудитория таппай сабактын ортасына дейін іздеп жүріп қаламыз Осы проблеманы шешіп берсеңіз. Аудитория жетіспегендіктен тек қана лекция сабақтарына бір күнге қою арқылы онлайнге аустырып берсеңіз.
Answer:

Құрметті студенттер!  Қазіргі кезде аудитория мәселелері шешілді, 4 курс студенттерінің пәндері өздерінің болашақ мамандығына байланысты болғандықтан, барлық пәндер университет қабырғасында өтеді. 200-ден астам білім алушыны қамтитын 224-ші үлкен дәрісханада ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Сабақ кестесіне сәйкес 4 курстың барлық пәндері офлайн форматта өтетіндігін хабарлаймыз. Рақмет!

01-10-2023 19-04-34   From applicant

Author: Аноним

Question # 7371
Егер университтетке оқуға түсіп бакалавр и магистратура битирип сол жерде мугалим болса бола ма?Егер құпия болмаса жалақы қанша?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Оқу орнымызда оқытушылық қызметке жұмысқа алу ережесіне сәйкес үміткердің ғылыми атағы мен жұмыс өтілі ескерілетіндіктен, жалақы көлемін нақты айта алмаймыз. Егер Сіз оқуыңызды аяқтаған болсаңыз, оқу орнымыздың бос жұмыс орындары бойынша конкурсқа қатыса аласыз. Бос жұмыс орындары туралы ақпаратты Кадр саясаты басқармасынан білуіңізге болады. Абай университеті түлектерін әрдайым қолдауға дайын. Еңбек жолында Сізге тек сәттілік тілейміз. Рақмет!

29-09-2023 21-16-26   Other

Author: Мустафаев Ерболат Жумашович

Question # 7370
Құрметті Болат Анапияевич! Жаңа орныңыз ел игілігіне жарасын.
Мен осы университетте 2012 жылдан бері жұмыс жасап келемін. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерімін. "Өнертану" мамандығының қауымдастырылған профессорымын. Жақында "Халық күйшісі"деген атақ алдым.Менің атағыма қосымша берілетін ақы бар, соны 7-8 жыл университет төледі. Соңғы 2-3 жылда төлемей қойды. Ол негізгі жұмыс орнында берілетін заңды міндетті ақы болатын. Өткен жылы сол қосымша ақы туралы заңды университет юристіне көрсеттім, ол кісі "беріледі" деп айтқан еді. Бірақ , берілген жоқ. Берілмеуі қаншалықты заңды, соны білейін деп едім. Көңіл қойғаныңызға рахмет.
Answer:

Сәлеметсіз бе! «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі - Қоғам) сіздің «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына қатысты өтінішіңізді қарап келесіні хабарлайды. 

Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына сәйкес азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне республиканың құрметті атақтары үшін үстемеақы төленеді. 

Абай атындағы ҚазҰПУ мемлекеттік мекеменің құқықтық нысанында болған кезде ҚР Үкіметінің жоғарыда аталған қаулысы университет қызметкерлеріне қолданылды.

Қазіргі уақытта Қоғам коммерциялық емес акционерлік қоғамның құқықтық нысанында екенін ескерсек, өкінішке орай, Үкіметтің жоғарыда аталған қаулысы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қызметкерлеріне қолданылмайды. 

Сонымен қатар, қазіргі уақытта ішкі құжаттарда «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы үшін үстемеақылар мен қосымша ақылар төлеу нормаларын бекіту жөнінде шаралар қабылданатын болады. 

28-09-2023 17-27-28   From applicant

Author: Anonymous

Question # 7367
Қайырлы күн! Мен педагогика және психология институтының 1 курс магистранты боламын. Бізде мәселе туғызып отырған нәрсе , ол 15 ші оқу залындағы проэктордың жұмыс жасамауы. Сабақ беретін ұстаздардың дайындап келген материалдарын көре алмай жүрміз. Одан бөлек не үшін студент немесе магистрант өзінің жеке ноутбугын үйден тасып жүруі қажет? Неге компьютер класстарындағы компьютерлерімен жұмыс жасамаймыз? Және де еліміздегі бетке ұстар Университеттің педагогика және психология институтының әжетханасының иісінен бөлек 50 теңге тұратын әжетхана қағазы болмағаны және де қол жуатын сусабынның жоқтығы шынымен қатты қынжылтады. Әкімшілік бөлімі сіздерден өтінер өтінішіміз осы мәселені қолға алсаңыздар!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Хатыңызда көрсетілген мәселелер назарға алынды. Бірінші мәселеге келетін болсақ, қазіргі уақытта аудиторияларды интерактивті панельдермен қамтамасыз ету бойынша Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы келісім шарт жасалып, Білім беруді цифрландыру департаменті  тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде. Компьютердің орнына қызметті интерактивті подиум арқылы қосуға болады және ол үшін жеке ноутбуктің қажеті жоқ екенін ескертеміз.

Оқу ғимараттарын гигиеналық құралдармен (әжетхана қағазы, сусабын және т.б.) қамтамасыз ету, санитарлық талаптарға сәйкес күнделікті тазалық жүргізу жұмыстары тұрақты түрде тексеріледі. Сауалыңыз үшін рақмет!

 

27-09-2023 21-57-24   From students

Author: Anonymous

Question # 7365
Саламатсызба құрметті ректор мырза. Университетте аудитория мәселелесін шешіп бере аласызба. Бүгін расписание бойынша сабаққа барсақ ол жерде бізден басқа тағы 2 топ аудиторияға таласып отырдық.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Хатыңыз назарға алынды.

27-09-2023 15-05-30   Other

Author: Байдаулетқызы Арайлым

Question # 7364
Сәлеметсізбе?! Мен 05.09.2023 жылдан бастап официально жұмыс жасамаймын. Бұйрық шыққанына 22 күн өтті бірақ маған август айының больничныйда болған уақытым да әлі төленген емес. Отдель кадр телефон көтермейді. Бухгалтерияға барса ертең түсіріп берем дейді де, телефонмен хабарлассам, 05.10.2023 жылы зарплатамен жібереміз дейді. Бүгін расчетный толенбесе, заңды тұлғаларға жүгінсембе деп отырмын.
Answer:

Сәлеметсіз бе! ҚР Еңбек кодексінің 133-бабының 2-тармағына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен берілген еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы парақтар еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақылар төлеу үшін негіз болып табылады.
«Мансап» орталығының табелінің толтырылуына жауапты тұлға Сіздің уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парағыңызды 2023 жылғы 25 қыркүйекте қыркүйектегі жұмыс уақытын есепке алу табелімен бірге ұсынды. Осыған байланысты «Абай атындағы ҚазҰПУ» КеАҚ Сізге еңбекке уақытша жарамсыздық парағына сәйкес әлеуметтік жәрдемақы төлеу үшін негіз бар екенін хабарлайды.
27-09-2023 14-17-44   From parents

Author: Ата ана

Question # 7363
Сәлеметсіз бе, құрметті ректор мырза! Баламның қандай жерде оқып жатқанын көргім келген. Бас ғимаратта әжетхана жұмыс жасамайды, есіктері қирап тұр, ғимарат меңгеушісі жоқ, тазалық жоқ дәлелге 3 қабатқа келіп тексеріңіз. Іші толған қоқыс Сұмдық, қандай жерде оқып жатыр деп ойлап қалдым!
Answer:

Құрметті ата-ана! Шағымыңыз бойынша жауапты тұлғаларға тапсырма беріліп, тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру нәтижесінде әжетханадағы  қоқыстар мен лас жағдайлары анықталған жоқ. Әжетханадағы әдейлеп күшпен сындырылған есік қалпына келтірілді. Ғимараттағы (аудиториялар, дәліздер, дәретханалар) санитарлық талаптарға сәйкес күнделікті тазалық жүргізу жұмыстары тұрақты түрде тексерілетін болады. 
 
Университет білім алатын орын болғандықтан, оның әрбір заты ұқыптылық пен күтімді қажет етеді. Ондағы тазалыққа жауап беретін тұлғалардың еңбегіне деген құрмет болу керек. Оқу орнындағы мәдениеттің, тазалықтың сақталуы, оның әрбір затына ұқыптылық таныту қызметкерлер мен білім алушылардың өздеріне байланысты екенін ұмытпаған жөн.Сұрағыңыз үшін рақмет!
27-09-2023 11-03-41   From students

Author: Anonymous

Question # 7362
Сәлеметсіздер ме! Биылғы бітіруші студент боламын. Қазіргі таңда мектепте өндірістік тәжірибеде жүрген жайым бар. Сұрақ: неге біз мектепте өзімізді қызметші немесе құл секілді сезінуіміз керек? Мектепке кірсең барлығы жақтырмай, ала көзбен қарайды. Қайтсем осыны пайдалынып қалсам деп жүрген 1040 адам. Оның үстіне біз тегін барып жатқан жоқпыз. Оларға ақша бөлінетінін біз де білеміз. Егер мұғалім Абайдың бір өлеңінің мағынасын дұрыс ашып бере алмаса, ол маған не үйретеді? Сол үшін мен мектеп ауыстырғым келеді. 3курста болған мектеп әлдеқайда күшті еді. Мұғалім де білімді. Осы хаттан кейін мені универ және мектеп мұғалімдері қыспаққа алмайды деген ойдамын. Себебі мектепке барғанда бізді олай да қорқытқандай болды. Менің қалауым: мектеп ауыстыру
Answer:

Сәлеметсіз бе! Хатыңыздағы мәселе назарға алынды. Жауапты тұлғаларға тапсырма берілді. Сұрағыңыз бойынша Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.:291-13-71. Рақмет!

26-09-2023 03-19-09   From applicant

Author: Anonymous

Question # 7361
Здравствуйте, уважаемый ректор! Я обнаружила неточности по моему диплому ,подскажите где в архивах университета мне могут найти мой договор чтобы я могла сверить заполняемые данные?
Answer:

Здравствуйте! Архив университета находится по адресу: Толе би, 31, тел. 291-84-04. 

Total records: 4032

< пред. ...  1  2  3  4  5 6  7  8  9  ... след. > ... посл. »

First name: *


E-mail:



Phone:



Subject:


Question: *


Enter the code from the image: *


Number of questions

March, 2024
5
February, 2024
20
January, 2024
11
December, 2023
21
November, 2023
19
October, 2023
17
September, 2023
25
August, 2023
39
July, 2023
29
June, 2023
60
May, 2023
41
April, 2023
49
March, 2023
22
February, 2023
42
January, 2023
68
December, 2022
55
November, 2022
50
October, 2022
62
September, 2022
52
August, 2022
33
July, 2022
32
June, 2022
49
May, 2022
139
April, 2022
64
March, 2022
45
February, 2022
46
January, 2022
57
December, 2021
29
November, 2021
43
October, 2021
70
September, 2021
75
August, 2021
109
July, 2021
79
June, 2021
62
May, 2021
69
April, 2021
74
March, 2021
47
February, 2021
42
January, 2021
68
December, 2020
61
November, 2020
62
October, 2020
42
September, 2020
48
August, 2020
57
July, 2020
81
June, 2020
88
May, 2020
65
April, 2020
86
March, 2020
57
February, 2020
37
January, 2020
28
December, 2019
47
November, 2019
72
October, 2019
70
September, 2019
61
August, 2019
88
July, 2019
47
June, 2019
71
May, 2019
54
April, 2019
70
March, 2019
51
February, 2019
45
January, 2019
75
December, 2018
87
November, 2018
51
October, 2018
54
September, 2018
77
August, 2018
105
July, 2018
46
June, 2018
43
May, 2018
45
April, 2018
36
March, 2018
30
February, 2018
28
January, 2018
17
December, 2017
17
November, 2017
12
October, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений