Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Welcome to the rector’s blog!

 

 

Dear visitors to the website!
 
The Rector`s blog was created to connect with students, staff and teachers of the University. You can leave your comments, ask questions and make suggestions. Open and regular discussion of issues will help the University administration to work fruitfully.
 
I hope that this platform will expand opportunities for the solution of many problems in our common work, will become an important mechanism for effective mutual exchange of information and implementation of tasks.
 
We are open for dialogue, all appeals will be considered. Every question will be answered.
 
 
Email: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 
 
 
 
 
The Rector's personal reception takes place on the 1st and 3rd Fridays of each month during the academic year - from 3.00 p.m. to 5.00 p.m.
  • Quessions-answers
  • Ask a question
  • Statistics
20-09-2023 10-53-47   From students

Author: Даулет Айгерім

Question # 7352
Қайырлы күн! ӨМСИ институты, Абая 56б корпусындағы тазалық жұмыстары мен асхана ісін қатаң тексеруіңізді сұраймын. Студентке білім алушы ретінде емес, үлкендігін пайдаланып, дауыс көтеру, мәдениетсіз сөйлеу дейтін адамға тән емес қасиеттер толып жатқан, қызметкерлер. Асханадағы тамақтың иісі бүкіл корпусты алып, дұрыс сабақ өте алмаймыз. Сабақ оқуға емес Қағанатқа келген сияқтымыз. Өте ұят. Сабақ оқығың келмейді. Ең болмағанда тазалық жұмысы мен сабақ оқуға жақсы жағдай жасауыңызды сұраймын. Білім алушы ретінде балықтың иісі мүңкіп тұрған корпуста сабақ алу мүмкін емес. Өтінішімді жауапсыз қалдырмайсыз деп ойлаймын. Рахмет!
Answer:

Құрметті студент! Оқу орнымыздың Абай, 56б мекенжайында орналасқан №8 оқу ғимаратына қатысты шағымыңыз назарға алынды. Ғимараттағы (аудиториялар, дәліздер, дәретханалар) санитарлық талаптарға сәйкес күнделікті тазалық жүргізу мәселесі бақылауда болады. Қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Асхана мәселесіне келетін болсақ, тексеру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Қазіргі уақытта асханадағы желдету жүйесінің нашар жұмыс істеуіне байланысты құбырдың ішкі қуысына тазарту жұмыстары жүргізілуде. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Рақмет!

19-09-2023 19-54-27   From students

Author: Anonymous

Question # 7351
Салеметсізбе, қыркүйек айының стипендиясы 4 курс студенттеріне қашан түседі екен?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Стипендия туралы студенттік бухгалтерияға хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.: 291-37-59.

15-09-2023 01-25-16   From parents

Author: Anonymous

Question # 7346
Филология факультеті жатақханасында не деген шектен шығу. түнгі сағат 12 мен бірдің арасында үлкен курстар бірінші курстардың бөлмесіне кеп, қоқан лоқы көрсетіп, Елдің ұйқыға жататын уақытында қандай құқылары бар, беймезгіл мазалауға. Староста деген сондай лауазым ба, жатақханада. Қажет десеңіз бейне жазбаларын жіберемін. Осы мәселені шешіп беруіңізді сұраймын. Номері 1 жатақханада жататын қызым Тлепбергенова Диана түн ортасында хабарласып жатыр. Не деген бассыздық.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз бойынша жауапты тұлғаларға тапсырма берілді. Тексеру жүргізіледі.

14-09-2023 23-22-39   From parents

Author: Байгельдина Айнагуль Мусаевна

Question # 7345
Саламатсыз ба! Менің қызым Байгельдина Сымбат Ринатовна, 1курс студенті,Байқоңыр қаласынанбыз.Ресей азаматы,сондықтан ақылы оқып жатқан. Енді біз РВП істеу үшін тамыз айында Асел ханымға жолыққанбыз ,шет ел азаматтарымен өзім айналысамын деген. 2күн болды қызым посольствода,миграционная да жаңғыз, бөтен қалада табалдырықтарын тоздырып жүр.Мен Асел ханым мойнына алмағанда,Байқоңырға қайтпайтын едім.19.09.23жылы миграционная картасы бітеді.,депортация істейді.Ату,МИТУ да осы орында отырған адам өз міндеттерін орындап жатыр,студенттері еш уайымдамай. Абай студенттері қаңғып табалдырық тоздыруда.

Answer:

Құрметті ата-ана!  Шетел азаматшасы Сымбат Байгельдинаға қатысты Абай атындағы ҚазҰПУ мамандары тарапынан ешқандай құқық бұзушылық және де талаптарды орындамау әрекеттері орын алмағанын хабарлаймыз.

Оқуға қабылдау кезінде шетел азаматшасы Сымбат Байгельдинаның құжаттарын Халықаралық ынтымақтастық департаментінің маманы Әсел Исатаева ережеге сәйкес қабылдап, тіркеуге қою үшін Алматы қаласы көші-қон басқармасына бір емес,  үш рет тапсырған. Алматы қаласы, Медеу аудандық көші-қон басқармасы шетел азаматшасы Сымбат Байгельдинаның ешқандай жерде тіркеуде болмағандықтан, әрі шекарадан өтпегендіктен, тіркеуге қоюдан бас тартты. Себебі құжатты рәсімдеу кезінде шетел азаматшасы тарапынан заң бұзушылық орын алған: С.Р.  Байгельдина кәмілеттік жасқа толып кеткен, ешқандай жерде тіркеуде жоқ. Сондай-ақ, шекарадан тіркеуден өтпеген төлқұжатына мөр басылмаған. Аталған мәселелерді шешу үшін Халықаралық ынтымақтастық департаменті С.Р.Байгельдинаның  ата-анасымен байланысқа шығып, құжатарын дұрыстауы туралы хабарлаған. Барлық құжаттар С.Р.Байгельдинаның  өз қолына тапсырылып, құжаттарын реттеп келу үшін еліне қайтарылған.

13-09-2023 14-33-46   Other

Author: Ксения Стишенко

Question # 7344
Уже третий день не могу дозвониться ни на один из телефонов университета. В 2008 году я закончила КазНПУ им. Абая, сейчас поступаю в еще один университет, и они просят отправить скан моего диплома с любой официальной почты университета. Скан у меня есть, к кому можно обратиться, чтобы переотправить этот скан? Звоню в центр "Шапагат", не берут трубку ни утром, ни после обеда. Звоню в колл-центр - сбрасывает. Звоню в центр карьеры - отправляют в архив, в архиве отправляют в канцелярию ректора, а канцелярия ректора не отвечает также ни утром, ни после обеда. На письмо глава "Шапагат" тоже не отвечает. Какое подразделение вообще работает? к кому обратиться?
Answer:

Здравствуйте! Ваше обращение направлено ответственным лицам, с Вами обязательно свяжутся. Для получения информации касательно учебного процесса  можете  обращаться в Отдел организации учебного процесса КазНПУ имени Абая. Тел.:  8 (727) 291-71-06, okubolimi220@mail.ru

13-09-2023 12-47-54   From students

Author: Anonymous

Question # 7343
Сәлеметсіз бе! Менің қоятын сұрағым, мен дипломды биыл алуым керек еді университеттен, бірақ өзім қазір басқа қалада жұмыс істеп жатқандықтан университетке қараша айында ғана бара аламын ол кезге дейін кеш болмайма
Answer:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін институт директораты немесе Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің мамандарымен хабарласуыңызға болады.Байланыс тел.:291-13-71. Рахмет!

12-09-2023 10-03-15   From applicant

Author: Аноним

Question # 7342
Саламатсыздар ма, магистратура 2 курс педагогикалық мамандықтар бос грант орындарына өтініш жазған едік. Жауабын қайдан, қашан біле аламыз? Универ жүйесіне салынады деп еді жауап ала алмадық. Оқу ақысын төлемей, жауап күтіп отырмыз.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Бос грант орындарына қатысты толық ақпаратты өзіңіз білім алып жатқан институт директоратынан біле аласыз.

12-09-2023 09-53-43   From students

Author: Anonymous

Question # 7341
сәлеметсіз бе, ақылы бөлім 2 курс магистрантымын. 1 курс магистранттарына жеңілдік бар екен, call центр хабарлассам 2 курсқа жеңілдік жоқ дейді . Бұл қалай? Оқу ақысы бірден 50% көбейген жылы (2022-2023оқу жылында) түстік. Ол кезде мүлдем жеңілдік жоқ еді. Бітіруші жылы жеңілдік бізге де көрсетілсе әділетті болар еді??
Answer:

Сәлеметсіз бе! Абай университетінде ақылы негізде оқитын білім алушыларына әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында оқу ақысына жеңілдіктер қарастырылған. Жеңілдік алу үшін әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды тапсыруыңыз қажет. Жеңілдіктер беру тәртібі туралы ережеге сәйкес жеңілдік келесі санаттар бойынша беріледі:
- 23 жасқа дейінгі жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар және оқу кезеңінде ата-анасының екеуінен немесе жалғыз ата-анасынан айырылған тұлғаларға;
- Жалғыз ата-ана тәрбиелеп отырған толық емес отбасынан шыққан білім алушыларға;
- Мүмкіндігі шектеулі білім алушыларға (I, II, III топтағы мүгедектер);
- Көпбалалы отбасылардан, яғни төрт және одан да көп оқушы балалары бар отбасылардан шыққан студенттер;
- Басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, сондай-ақ қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне;
- Ата-анасы Қоғамда (Университет) 3 жылдан астам уақыт жұмыс істейтін білім алушыларға;
- «Өзіміз» – екінші жоғары білім беру бағдарламарына, магистратураға және докторантураға түскен Қоғам (Университет) түлектеріне, оқытушыларына және қызметкерлеріне;
- Республикалық, халықаралық конкурс және фестиваль жеңімпаздарына;
- Спорттық жарыс жеңімпазы (ҚР чемпионаты, Азия, Еуропа және Әлем чемпионаты).
 
Жеңілдік мәселесі бойынша қосымша сұрақтарыңыз болса, Abai student center коворкинг орталығының (Қазыбек би, 30/1 көшесі) қызметкерлеріне жолығып, ақпарат алсаңыз болады. Рақмет!
06-09-2023 18-23-01   From students

Author: Anonymous

Question # 7340
Сәлеметсіз бе, Ректор мырза
Қазіргі таңда 4 курс студентімін
4 курстың алғашқы семестрін Алматы қаласында оқып, соңғы семестрді белгілі бір себептермен тұрғылықты мекен-жайымыз бойынша өз қаламыздан қалай өтуге болады?
Қандай жағдайларда соңғы семестрді сырттай өз қаламызда оқысақ болады?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Абай университетінде сырттай оқу бөлімі жоқ. Абай университетіне оқуға түсу және құжаттарды тапсыру бойынша толық ақпаратты қабылдау комиссиясының сайтынан білуге болады: https://abiturient.abaiuniversity.edu.kz/. Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін қабылдау комиссиясының қызметкерлерімен хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.: 8 727 291 57 68; Call-орталығы: 8 727 221 85 14. Рақмет!

06-09-2023 15-22-10   Other

Author: Anonymous

Question # 7339
Уважаемый ректор университета им Абая .Просим Вас решить вопрос по оплате за практикантов 4 курса за 2022- 2023 учебного года. На сегодняшний день учителя английского языка гимназии 56 не получили оплату за работу со студентами. Нужные документы были сданы в августе Сауле Жантореевне из центра мансап.Акт до сих пор не готов .
Answer:

Здравствуйте! Оплата за практикантов 4-го курса за 2022-2023 учебный год будет произведена в ближайшее время. По данному вопросу просим обращаться в Центр «Карьера». Тел.: 2-91-83-50.

05-09-2023 17-58-09   From parents

Author: Орынша

Question # 7338
Қызылорда облысы, Арал ауданында тұратын балам Рустемұлы Самат Абай университетінің ғылыми-химия мамандығы бойынша сіздерде 2-курс студенті және грант иесі атанды. Алайда, мен Сізге қойып отырған мәселем, біздер шалғай жатқан Арал ауданы экологиялық мекенінде тұратынымызды ескеріп және көп балалы, егіз балаларды бағып отырған анамын. Жолдасым жұмыссыз, Сіздердегі шығармашылық жұмыстарға белсене араласып жүрген студентіңіз Рустемұлы Самат жатақханамен қамтылмай отыр. Алматы да туыс-туғанымыз жоқ. Пәтер, хостел жалдауға тұрмыстық-жағдайым келмейді, 20 күннен бері балам ешқайда орналасқан жоқ. Әр жерде қоныстанып жүр. Ана болғасын күнде балама алаңдап отырамын. Баламның өмір қауіпсіздігіне кім жауапты. Мемлекеттік грант иегері атанып, елдің болашағы үшін жұмыс жасайтын жастарымызды қолдауға, қорғауға неге мүмкіндік жасалмасқа. Осы жатақхана мәселесін шешіп беруіңізді өтініп, Сізден сұраймын. Хат жолдаушы Рустемұлы Саматтың анасы Көлдеева Орынша.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Жатақхана мәселесін міндетті түрде қарастырамыз. Хатыңыз жауапты тұлғаларға жолданды. 

01-09-2023 16-54-21   From students

Author: Anonymous

Question # 7336
Сәлеметсіз бе! Мен 2-курс студентімін, бірақ маған пособиеге 1-курс оқыды деген справка керек болып жатыр. Универ жүйесінен текущий статустағы справкалар ғана алынады. Өзім оқып жатқан институтымның оқу-ісі жөніндегі замдеканыма хабарластым, еш сұрағыма жауап бермеді! Қалай алсам болады?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығымен хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.: 291– 64-97. Рақмет!

30-08-2023 19-17-15   From parents

Author: Anonymous

Question # 7335
Қызым грант игері жатақхана ала алмады.Көпбалалы отбасымыз неге бірінші курс студенттері қамтамасыз етілмейді бізге хостел керек емес
Answer:

Сәлеметсіз бе! Хатыңыз жауапты тұлғаларға жолданды. Ахуалдық орталығының мамандары Сізбен хабарласады. Рақмет!

30-08-2023 00-12-06   From parents

Author: Жансая Кулшаева

Question # 7334
Құрметті, Ректор мырза! Сәлеметсіз бе? Биыл 2023 жылы тамыз айында інім АГУ-ге грантқа түсіп, жатақханадан орын алған болатын. Ініме 5-жатақхананың 1 қабатынан орын бұйырып, орналасты. Дегенмен, сіздердің жатақханаларыңыздың 1-қабатындағы терезелерде қоршау темірлері (решёткасы) жоқ болып шықты. Пластик терезелерден іштегілер сыртқа, сырттағылар ішке еркін кіре алады. Университет әкімшілігінен сұрағанда, барлық жер бейнебақылауда деп құтылды. Егер, бірінші қабаттағы бөлмеден жеке заттарымыз жоғалып, не бөгде адамдар кіретін жағдай болса камераға жүгініп, 1 айлық записьті түгел қарап шығамыз ба? Заң бойынша 1-қабатта міндетті түрде рншётка орнатылуы керек. Осы мәселені қарастырып, шешіп берсеңіздер.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз өте орынды. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы №55 Бұйрығының өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес (8-тармақтың 24-тармақшасы) ғимараттың барлық қабаттарының терезелеріне және жертөле терезелерінің жанындағы шұңқырларға қорғаныш торларын орнатуға тыйым салынатындығын ескертеміз. Біз үшін білім алушыларымыздың  қауіпсіздігі маңызды болғандықтан, өз тарапымыздан әкімдік пен төтенше жағдайлар департаментіне ерекше жағдай ретінде рұқсат беру туралы бірнеше рет өтініш жасадық, өкінішке орай, рұқсат берілмеді. Әрине, бұл мәселе назардан тыс қалмайды. Жауапты тұлғалар тарапынан қадағаланатын болады. Рақмет!

29-08-2023 17-00-06   From students

Author: Жұлдыз Төлеген

Question # 7333
Сәлеметсіз бе! Магистранттар үшін университет тарапынан жеңілдіктер неге жоқ? Көпбалалы отбасынан статусы үшін немесе бакалаврды Абай университетнде бітіргені үшін қандай да бір жеңілдіктер қарастырылады ма? Болса қашан?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Абай университетінде ақалы негізде оқитын білім алушыларына әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында оқу ақысына жеңілдіктер қарастырылған. Жеңілдік алу үшін әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды тапсыруыңыз қажет. Жеңілдіктер беру тәртібі туралы ережеге сәйкес жеңілдік келесі санаттар бойынша беріледі:
- 23 жасқа дейінгі жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар және оқу кезеңінде ата-анасының екеуінен немесе жалғыз ата-анасынан айырылған тұлғаларға;
- Жалғыз ата-ана тәрбиелеп отырған толық емес отбасынан шыққан білім алушыларға;
- Мүмкіндігі шектеулі білім алушыларға (I, II, III топтағы мүгедектер);
- Көпбалалы отбасылардан, яғни төрт және одан да көп оқушы балалары бар отбасылардан шыққан студенттер;
- Басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, сондай-ақ қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне;
- Ата-анасы Қоғамда (Университет) 3 жылдан астам уақыт жұмыс істейтін білім алушыларға;
- «Өзіміз» – екінші жоғары білім беру бағдарламарына, магистратураға және докторантураға түскен Қоғам (Университет) түлектеріне, оқытушыларына және қызметкерлеріне;
- Республикалық, халықаралық конкурс және фестиваль жеңімпаздарына;
- Спорттық жарыс жеңімпазы (ҚР чемпионаты, Азия, Еуропа және Әлем чемпионаты).

Жеңілдік беру мәселесі бойынша қосымша сұрақтарыңыз болса, Abai student center коворкинг орталығының (Қазыбек би, 30/1 көшесі) қызметкерлеріне жолығып, ақпарат алсаңыз болады. Рақмет!

29-08-2023 11-44-11   From parents

Author: Умирбаева Гульназ

Question # 7332
Қызылорда облысы, Арал ауданы Қызым Нағашыбай Айзере кәмелет жасқа толмаған Абай университетінің ғылыми-химия мамандығына сіздерге грант иесі атанды. Ендігі мәселе біздің шалғай мекенінде тұратынымызды ескеріп қызыма жатақханамен қамтамасыз етуіңзді сұраймын. Мен өзім жалғыз басты (ажырасқан) анамын. Алматы да туыс-туғанымыз жоқ. Пәтер, хостел жалдауға тұрмыстық-жағдайым келмейді және де қызыма ешқандай алимент, жәрдемақы алмаймын. Осы жатақхана мәселесін шешіп беруіңізді өтініп Сізден сұраймын. Айзеренің анасы Умирбаева Гульназ.
Answer:

Құрметті ата-ана! Сіздің өтінішіңіз бойынша қызыңыз 1 курс студенті Нағашыбай Айзере жатақхана орынымен қамтылғандығын мәлімдейміз.

 

 

28-08-2023 15-22-54   From parents

Author: Алия

Question # 7331
Моя дочь поступила на первый курс , педагогика и психология , нам не дали общежитие!мы сами живем в городе Караганда, всегда дают детям кто из далека, где должна теперь жить девочка????
Answer:

Здравствуйте! По данному вопросу просим обращаться в Ситуационный центр университета. Тел.: 8 747 848 65 16.

28-08-2023 12-02-57   From parents

Author: Anonymous

Question # 7330
Хотим выразить огромную благодарность всему коллетиву КазНПУ а именно заместителю Директора Департамента по воспитательной работе Тазекел Акнур Галимжанкызы. За организованную работу большое Вам спасибо за индивидуальный подход к каждому студенту.
Answer:

Здравствуйте! Большое спасибо за благодарность коллективу нашего университета и высокую оценку профессионального уровня заместителя директора Департамента по воспитательной, социальной работе и молодежной политике Тазекель Акнур.

26-08-2023 22-37-20   From applicant

Author: Anonymous

Question # 7329
Сәлеметсіз бе,грантта оқығандар отработка жасау үшін қай уақытқа дейін жұмысқа орналасуы керек
Answer:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша  толық ақпарат алу үшін «Мансап» орталығының мамандарымен хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.: 291-83-50. Рақмет! 

25-08-2023 13-42-47   From applicant

Author: ….

Question # 7327
Салеметсиздер ме! Мектеп мұғалімімін, студенттердің практика ақысы қашан толенеді?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Аталған мәселе бойынша «Мансап» орталығына хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.: 291-83-50.

Total records: 4046

« перв. ... < пред. ...  3  4  5  6  7 8  9  10  11  ... след. > ... посл. »

First name: *


E-mail:



Phone:



Subject:


Question: *


Enter the code from the image: *


Number of questions

May, 2024
4
April, 2024
10
March, 2024
5
February, 2024
20
January, 2024
11
December, 2023
21
November, 2023
19
October, 2023
17
September, 2023
25
August, 2023
39
July, 2023
29
June, 2023
60
May, 2023
41
April, 2023
49
March, 2023
22
February, 2023
42
January, 2023
68
December, 2022
55
November, 2022
50
October, 2022
62
September, 2022
52
August, 2022
33
July, 2022
32
June, 2022
49
May, 2022
139
April, 2022
64
March, 2022
45
February, 2022
46
January, 2022
57
December, 2021
29
November, 2021
43
October, 2021
70
September, 2021
75
August, 2021
109
July, 2021
79
June, 2021
62
May, 2021
69
April, 2021
74
March, 2021
47
February, 2021
42
January, 2021
68
December, 2020
61
November, 2020
62
October, 2020
42
September, 2020
48
August, 2020
57
July, 2020
81
June, 2020
88
May, 2020
65
April, 2020
86
March, 2020
57
February, 2020
37
January, 2020
28
December, 2019
47
November, 2019
72
October, 2019
70
September, 2019
61
August, 2019
88
July, 2019
47
June, 2019
71
May, 2019
54
April, 2019
70
March, 2019
51
February, 2019
45
January, 2019
75
December, 2018
87
November, 2018
51
October, 2018
54
September, 2018
77
August, 2018
105
July, 2018
46
June, 2018
43
May, 2018
45
April, 2018
36
March, 2018
30
February, 2018
28
January, 2018
17
December, 2017
17
November, 2017
12
October, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений