06-08-2018 19-08-44
From parents
Author: Жиенбаева Раушан Question # 341 Сәлеметсізбе! менің ұлым 76 балл жинап отыр дене шынықтыру мамандығына грант барма сіздерде? Құжат тапсырудан кеш қалып отыр, өтініш көмектесіңіздерші грантқа іліктіріп жіберіңіздерші.
Answer:
Құрметті ата-ана! Мемлекеттік білім беру грантына өтініштер 18-29 шілде аралығында қабылданды. Өкінішке орай, құжаттарды тапсыру мерзімінен кеш қалдыңыздар. Университетіміздің ақылы бөліміне оқуға тапсыруларыңызға болады. Оқу орнымызда ақылы бөлімнің білім алушыларына арнайы жеңілдіктер қарастырылған. Жеңілдіктер туралы ақпаратпен Университетіміздің ресми сайтынан келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: http://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/skidka_kaz.pdf.
06-08-2018 18-22-34
From applicant
Author: құлтаева мадина Question # 340 саламатсыздар ма сіздерде география мұғалімдікке жылына қанша?
Answer:
Құрметті Мадина! «5В011600- География» мамандығының жылдық оқу ақысы 506 000 теңге. Оқу орнымыздың ақылы бөлімінің білім алушыларына арнайы жеңілдіктер қарастырылған. Жеңілдіктер туралы ақпаратпен Университетіміздің ресми сайтынан келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: http://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/skidka_kaz.pdf.
06-08-2018 16-37-11
From students
Author: Anonymous Question # 339 Сәлеметсізбе. Мен осы университеттің 2- курс студентімін. Биылғы оқу жылында қандай да бір жеңілдіктер (көп балалы ана, ата- анасы жұмыс істемейді, т.б) бола ма? Болған жағдайда қай уақыт аралығына дейін өткізу керек? Рахмет.
Answer:
Құрметті студент! Университетімізде студенттеріміздің әлеуметтік жағдайына байланысты 10%-100% дейін жеңілдіктер қарастырылған. Жеңілдіктер туралы ақпаратпен Университетіміздің ресми сайтынан келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: http://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/skidka_kaz.pdf.
Ағымдағы жылдың қыркүйек, қазан айларында әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды және ректордың атына жазылған өтінішіңізді директоратыңызға өткізуіңізге болады.
06-08-2018 16-00-40
From applicant
Author: Anonymous Question # 338 Салеметсизбе сурайын дегеним бастауыш мұғалімінің ақылы оқығанда қанша төлейді жане де ақылы оқыған кезде жатаханада берілеме?
Answer:
Құрметті талапкер! Университетіміздің «5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» және «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының жылдық оқу ақысы 506 000 тенге. Жатақхана шалғай аудандардан келген барлық бірінші курс студенттеріне беріледі. Сұрағыңызға рахмет!
06-08-2018 15-56-39
From applicant
Author: Дюсенбаева Бибигуль Question # 337 Здравствуйте! В программе вступительного экзамена по специальностям PhD докторантуры по специальности Дефектология остается 4 направления без изменения? По каким вопросам готовиться? Скажите пожалуйста дату проведения вступительного экзамена по специальности Дефектология. Спасибо!
Answer:
Здравствуйте!
Программы по докторантуре PhD выставлены на сайте, и они не изменятся.
Вопросы будут составлены по темам, включенным в программу.
Экзамены по иностранному языку будут проходить с 10 по 15 августа. Расписание вступительных экзаменов по специальным предметам будет вывешено на сайт 13 августа.
06-08-2018 14-06-21
From applicant
Author: Айдана Бекен Question # 335 саламатсызба мен осы ЖОО педагогика психология мамандығына түсемін бірақ ақылы түрде
жылына қанша тенге төлейміз
Answer:
Құрметті талапкер! Университетіміздің бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларының оқу ақысы туралы ақпаратымен ресми сайтымыздың келесі сілтемесі арқылы таныса аласыз: http://www.kaznpu.kz/kz/2150/page/. Сұрағыңызға рахмет!
04-08-2018 15-40-54
From students
Author: Anonymous Question # 334 Сәлеметсізбе Тахир Оспанұлы. Мен магистратураға өзіміздің университетке тапсырайын деп жүрген талапкер едім. Сіздің мына бір мәселеге көңіл бөлуіңізді сұраймын. Жыл сайынғы магитратураға тапсырған түлектерден естігенім бойынша ағылшын тілінен ақша арқылы өтеді екен. Ол студенттердің мамандандырылған пәнінен де ақша бермейтініне кім кепіл. Барлығына топырақ шашпайпын, бірақ магистратураға ақша беру арқылы түскендердің талайын білемін. Өз күшімен дайындалып жүргендер 65-70 алып жатса, ақша бергендер 90-95 алып балды көтереді, соның әсерінен өз білімімен дайындалған түсе алмайды. Педагогика және психология институтының педагогика және психология мамандығын бітірген биылғы түлектерге мұғалімдерінің өздері магистратураға түсу үшін 1000000 ақша сұраған, сонда ол ақшаны бермей-ақ түсу мүмкін емеспа? Осы биылғы магистратураға тапсыратын түлектер ақшамен емес өз күшімен түссін. Ертеңгі біздің болашақ ұрпағымызды тәрбиелейтін осы жастар. Сондықта олардың білімді болғаны абзал. Сізден өтініш барлығы әділ әрі таза болсыншы.
Answer:
Құрметті талапкер! Сіз қозғап отырған мәселе өте орынды. Университетімізде пара алу, не пара беру және парақорлыққа делдал болу әрекеттерін жою үшін бірлесе жұмыс атқаруымыз керек. Аталған фактілерді түбегейлі жою мақсатында арнайы тексеріс жүргізіліп, қабылданған шешім негізінде тиісті шаралар қолданылатын болады. Ол үшін шағымыңыздағы мәселеге қатысты қызметкерлердің есімі мен қосымша ақпараттар қажет.
04-08-2018 04-50-38
From students
Author: Ерекенова Жамиля Question # 333 Здравствуйте , Такир Оспанович я хочу перевестись на 2 курс ваш в вуз с Астаны, какие документы нужны для переводыи даты приём документов подскажите
Заранее благодарю!
Answer:
Уважаемая Жамиля! Вы можете ознакомиться с правилами перевода в КазНПУ им. Абая на официальном сайте Университета по ссылке: http://www.kaznpu.kz/ru/123/page/ либо получить консультацию у директора Департамента по академическим вопросам Жанбекова Хайруллы Нышановича. Тел.: 291-13-71.
01-08-2018 18-52-27
From applicant
Author: Anonymous Question # 332 Салеметсиз бе Такир Оспанулы! Мен кабылдау комиссиясында жумыс истеймин. Биз тунги 1 ге дейин жумыс истеп, 39000т жалакы толенди. Жане жол каражатымыз оз калтамыздан. Сизден сурарым, барлык техникалык хатшылардын жалакысын бирдей етип койсаныздар. Барлыгымыз бирдей жумыла жумыс жасаудамыз. Тангы 8:00 ден тунги 1:00 ге дейин. Рахмет!
Answer:
Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз міндетті түрде қарастырылатын болады.
01-08-2018 02-18-28
From parents
Author: Алимбекова Жанар Question # 331 Құрметті Тахир Оспанұлы 2017-2018 жылғы ҰБТ дан кызым 76 балл жинап калды сиздердин университетеріңізді таңдап конкурсқа катыстық қалай болар екен ауылдық квота канша қосылады екен сиздердин университетеринзге тусе мүмкіндік барма?
Answer:
Құрметті ата-ана! Барлық құжаттарыңызды рәсімдеп, республикалық конкурсқа ұсыныңыз. Өздеріңіз таңдаған мамандық бойынша конкурсқа қатысушылар арасында баллдық көрсеткішіңіз жоғары болса, біздің университетке оқуға мүмкіндік ала аласыз.
31-07-2018 02-09-43
From students
Author: Anonymous Question # 329 Сыздерде 31 шылде куны кужаттар кабылданады ма?Мен магистратурага тапсырайын деп едым.Уакытын кеш былып калыппын.Жетысайдан келе жатыр едым.Осы оку орнында окыгым келеды.
Answer:
Құрметті талапкер! Құжаттар 2 тамыз, сағат 12.00 дейін қабылданды.
27-07-2018 22-14-49
From applicant
Author: Anonymous Question # 328 Құрметті Такир Оспанұлы, мен психология және педагогика институтының докторантура бағдарламасына үміткермін. Бүгін құжаттарымды тапсыра алмай жүргеніме 3-күн болды.. Менің ойымша қабылдау комиссиясы Университтің айнасы, келген талапкерді адам ретінде санамай, уақыттарын елемей, сонымен қатар құжат қабылдауда отырған Бауыржан сықылды тех.хатшылар құлағынан ұялы телефоны түспей, өзінің жұмыс орнында отырмай, 2-сағатта бір талапкердің құжатын ғана қабылдап, сонымен қатар бір сын айтайын десең аузыңды аштырмай, педагогикалық тактиканы ұстанбақ түгілі, оның не екенін білмей отырғаны қарныңды аштырады. Және бір мәселе бакалаврдың базасы дұрыс істемейді деп соған бәрін итеріп салып, сол үшін магистратурамен докторантураның құжатын қабылдамай, әбден мезі қылды. 21-ғасырдың таңында бір парақ қағазға аты-жөнімізді жазып, кезекке тұрып және таңда барып кешке дейін сол кезегімізге жете алмай құжатымызды тапсыра алмай жүрміз, ал кезектен тыс тамыр-таныстарының құжаттары кезексіз қабылданып жатқанын сондағы талапкердің бәрі көріп отыр. Осы мәселеге қатысты бір шара қолдануыңызды сұраймын.
Answer:
Құрметті талапкер! Шағымыңыз міндетті түрде қарастырылады. Құжаттарыңызды қабылдау және тіркеу кезінде жіберілген қателіктер мен келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
26-07-2018 09-51-43
From applicant
Author: Мусабаева Ардак Question # 327 Сәлеметсізбе. Магистратураға өткізу үшін ағылшын тілінен және мамандық Физика бойынша тест қай күндері өткізіледі?
Answer:
Құрметті талапкер! Құжаттар 31 шілдеге дейін қабылданады. Оқуға тапсыру үшін 10-15 тамыз аралығында ағылшын тілінен тест, ал мамандық бойынша емтихан 16-20 тамыз аралығында тапсырылады.
25-07-2018 21-13-53
From parents
Author: Мусина Алмажай Question # 325 Саламатсыз ба, Такир Оспанович.
Мен Ақтөбе қаласынан хабарлысып отырмын. 24.07.2018 күні грантқа баласының документін тапсырып едім. Маған Абай атындағы университетінде Математика-информатика пәні мұғалімі жоқ деп қайта-қайта қайтарды. Амалсыздан басқа мамандық таңдауға тура келді.
Сұрағым:
Сіздерге электронды түрде тапсыруға бола ма?
Қандай амал жасауымыз керек?
Answer:
Құрметті ата-ана! Мемлекеттік білім беру грантына құжатты қабылдау кезеңі 26 шілде күні аяқталды. Сіз таңдаған «Математика-Информатика» мамандығына лицензия келесі жылы болады.
Конкурсқа құжат тапсыру барысында таңдаған оқу орныңыздың кодын және мамандықтың шифрын белгілеуіңізге болады. Сұрағыңызға рахмет!
24-07-2018 21-45-40
From parents
Author: Еркегалиa Question # 324 Мой сын в этом году сдал ЕНТ и набрал 92 балла, окончил школу с казахским языком обучения, предмет по выбору - каз. язык и литература. Есть ли возможность поступления на грант? на филологию? или другие специальности по данному направлению? какие есть родственные специальности?
Answer:
Уважаемая Еркегалия! Гранты присуждаются по итогам участия абитуриентов в конкурсе. С перечнем специальностей нашего Университета и необходимой для поступления информацией Вы можете ознакомиться на официальном сайте, пройдя по ссылке: http://www.kaznpu.kz/ru/2150/page/. Спасибо за обращение!
24-07-2018 14-00-06
From applicant
Author: Anonymous Question # 323 Дорогой наш ректор, я обращаюсь к вам и пишу это потому что крайне озадачена поведением заведующей 1 - общежития (Маржан). Этот человек не отвечает за свои поступки и слова. Грубо говоря, орет студентам, мирно живущим в том общежитии. Просит деньги в долг и не возвращает. Ещё даёт студентам место в общежитии за плату без направления с деканата. Мелкие ремонты общаги делают ее родственники. Я прошу не потому что зла на неё, недавние события в городе и стране дают знать о том что в наше время нашим врагом является коррупция. И если мы не начнём с себя окружающих, то никогда не победим это, а последствия не вынудят ждать долго. Я верю что справедливость ещё жива поэтому прошу принять меры по этому поводу.
Answer:
Здравствуйте! Ваше обращение направлено к проректору по экономическим и производственным вопросам Букебаеву Асылбеку Еримбаевичу. Если у Вас есть доказательства того, о чем говорится в письме, просим записаться на прием к проректору. Спасибо за обращение!
24-07-2018 02-34-42
From applicant
Author: Anonymous Question # 322 Салеметсизбе .Биыл колледж бітіріп КТ тапсырдым 30 балл жинадым. Осы ЖОО грантка
түсуге мумкиндигим бар ма?
Answer:
Құрметті талапкер! Мемлекеттік білім беру грантының конкурсына құжаттарыңызды тапсырып көріңіз.
23-07-2018 21-58-53
From applicant
Author: Anonymous Question # 321 Сіздерге түспекші едім, жатахана жөнінде сұрайын деп едім:
Сіздерде неше жатахана бар ма жəне универмен арақашықтық қандай? Бағасы неше?
Answer:
Құрметті талапкер! Бізді таңдағаныңызға қуаныштымыз! Оқу орнымызда білім алушылардың талаптары мен тілектері ескеріліп, қолайлы жағдай жасау үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Университетіміздің оқу ғимараттары мен жатақханалары бір-біріне жақын орналасқан.
Оқу үрдісіне қатысты сұрақтарыңыз болса, Университетіміздің Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлына (221-кабинет) жолығуыңызға болады.
23-07-2018 20-41-06
From applicant
Author: Алема Question # 320 Магистратураға түсу үшін толтырылатын құжаттардың үлгілерін (магистратураға түсушінің анкетасы және ректордың атына өтініш) Сіздің сайттарыңыздың қай жерінен табуға болады? Өзім басқа қаладан болғандықтан бірден толтырып жіберуді жөн көрдім.
Answer:
Құрметті талапкер! Оқуға түсу кезінде толтырылатын құжаттар Университеттің қабылдау комиссиясына келген кезде толтырылады. Егер Сіз басқа қаладан болсаңыз, сенімді тұлғаға нотариалды түрде сенімхат жазып бере аласыз. Магистратураға құжатты 31 шілдеге дейін қабылдайды.
23-07-2018 14-21-35
From students
Author: Anonymous Question # 319 Уважаемый господин ректор!
Мы учились в КАЗНПУ 2 года в магистратуре. Изучали русский язык на кафедре филологических специальностей для иностранных граждан и довузовской подготовки. За это время мы получили знания и большой опыт жизни в другой стране. Мы много узнали о Казахстане, о культуре и истории казахов. Это очень важно, потому что наши народы хотят стать близкими.
В этом году мы будем изучать казахский язык. Это будет очень интересно и полезно нам.
Мы рады, что закончили магистратуру, когда университету 90 лет. Это время мы будем помнить на всю жизнь.
Спасибо нашим преподавателям! Спасибо КАЗНПУ! Спасибо Казахстану!
Нгуен Тхань Чунг(Вьетнам), Ораз Шугыла(КНР), Цай Линпэй(КНР), Жан Чао(КНР)
Answer:
Уважаемые магистры! Благодарим за приятный отзыв в наш адрес. Поздравляем вас с завершением обучения в магистратуре. Надеемся, полученные знания помогут вам добиться высот в выбранной профессии. Мы будем рады, если вы продолжите обучение в нашем университете.
Total records: 4046