Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Welcome to the rector’s blog!

 

 

Dear visitors to the website!
 
The Rector`s blog was created to connect with students, staff and teachers of the University. You can leave your comments, ask questions and make suggestions. Open and regular discussion of issues will help the University administration to work fruitfully.
 
I hope that this platform will expand opportunities for the solution of many problems in our common work, will become an important mechanism for effective mutual exchange of information and implementation of tasks.
 
We are open for dialogue, all appeals will be considered. Every question will be answered.
 
 
Email: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 
 
 
 
 
The Rector's personal reception takes place on the 1st and 3rd Fridays of each month during the academic year - from 3.00 p.m. to 5.00 p.m.
  • Quessions-answers
  • Ask a question
  • Statistics
14-07-2018 00-50-40   From students

Author: Anonymous

Question # 296
Құрметті Тахир Оспанұлы! Мен, сіз жасап жатқан істің барлығына көңілім толады, университетіміз одан әрі өсіп өркендеп келеді. Бірақ сізге сұрағым бар! Неге хореография мамандығына аса көңіл бөлмейсіз? Қашан бізге зал бересіз? Бізде грант жоқ, мейлі ақылы оқи береміз, бірақ біздің би залының көлемі өте кішкентай болғанымен қоса ешқандай жағдай жасалмаған.Универдің барлық концерттерінде хореографтар, іш шараларында да біз билейміз ғой ағай: 1)Зал өте тар
2)Қыстың аязында жылу жоқ (жерде бір қабат линолеум ғана. Біз онда қысы жазы чешулямен жүреміз ғой
Answer:

Құрметті студент! Университеттің оқу ғимараттарына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Бас оқу ғимаратының жөндеу жұмыстары басталған соң, Өнер, мәдениет және спорт институтының оқу ғимаратында жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Шағымдарыңызда көрсетілген мәселелердің шешімі уақытты талап етеді. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтініп, түсіністік танытуларыңызды сұраймыз. Сұрағыңызға рахмет!

14-07-2018 00-46-47   From students

Author: Anonymous

Question # 294
Қашан бізге зал бересіз? Бізде грант жоқ, мейлі ақылы оқи береміз, бірақ біздің би залының көлемі өте кішкентай болғанымен қоса ешқандай жағдай жасалмаған.Универдің барлық концерттерінде хореографтар, іш шараларында да біз билейміз ғой ағай
Answer:

Құрметті студент! Шағымдарыңызда көрсетілген мәселелердің шешімі уақытты талап етеді. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтініп, түсіністік танытуларыңызды сұраймыз. Сұрағыңызға рахмет!

13-07-2018 13-05-16   From applicant

Author: Anonymous

Question # 292
Сәлеметсізбе Балықбаев Такир Оспанович.сізден сұрайын дегенім сіздерде филология:ағылшын тілі мамандығы барма?бар болса оқу ақысы жылына қанша?
Answer:

Құрметті талапкер! Университетімізде  «5В020500 – Филология» (510 000 тг.) және  «5В011900 – Шет тілі: екі шет тілі» (520 000 тг.) мамандықтары бар.

11-07-2018 18-57-23   From applicant

Author: Anonymous

Question # 291
Сәлеметсіз бе?
Сізге қоятын сұрағым: мен физика математика пәнінен ұбт дан 59 балл жинадым
Мұғалім мамандығы бойынша Абай атындағы Педагокиқалық Университетіне түсуім үшін жеткілікті ме? Грант барма ? Немесе ақылы ма?
Answer:

Құрметті талапкер! Сіз 25 шілде мен 3 тамыз аралығында қосымша кешенді тестілеуге құжат тапсыра аласыз. Кешенді тестілеуде кем дегенде 60 балл жинап, ақылы бөлімге түсуіңізге болады.

Университетіміздің педагогикалық мамандықтарына межелік балл (ақылы немесе грант) – 60 балл, ал басқа бағыттағы мамандықтар үшін межелік балл – 65 балл.

11-07-2018 11-28-26   From students

Author: Anonymous

Question # 290
Сәлеметсіз бе. 2018-2019 оқу жылына КазНПУга магистратура жалпы қанша грант бөлінгендігін қайдан білуге болады??
Answer:

Сәлеметсіз бе! Бүгінгі таңда 2018/2019 оқу жылына университеттерге бөлінген грант орындары жарияланбады. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 2018/2019 оқу жылына магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша білім беру гранттарының тізімі белгілі болса, ақпарат ресми сайтымыздың «Хабарландырулар» бөлімінде жарияланатын болады. Сондай-ақ, гранттар тізімі мен саны туралы ақпаратты ҚР БҒМ сайтынан (www.edu.gov.kz) көре аласыз.

09-07-2018 18-02-47   From students

Author: Anonymous

Question # 289
Салеметсізбе ағай! Мен осы жылы физмат институтын бітірдім, сізге ондағы оқытушылардың сабақ бермеуі,дөрекі сөйлеуі туралы жазып едім, жауап алған жоқпын. Қазір қарап отырсам, басқа да студенттер университет мұғалімдеріне қатысты шағымдарын айтып жатыр екен. Искакова М, Кабулова А, Сыдыкова Ж деген апайлар сабақтарын көбінесе отпейди немесе докторанттарга сабак бергізіп, баллдарды әділетсіз қояды, өздерінің жұмыстарын студенттерге істетіп қояды. Университет қабырғасында біз көрген сұмдықтарды басқалары көрмесе екен
Answer:

Сәлеметсіз бе! Профессор-оқытушылар құрамының оқытатын пәндерінің сабақ кестесіне сай уақытта, аудиторияда өтілуі университет басшылығы тарапынан қатаң тексеріліп, бақыланады. Докторанттар кәсіби-өндірістік іс-тәжірибеден өту барысында студенттерге сабақ беруі мүмкін екендігін ескеру қажет. Білім алушыларды бағалау тікелей «Univer» жүйесінің енгізілуімен байланысты күнделікті қойылып отырады. Сондықтан «әділетсіз» бағалау білім алушылардың ықпалымен (сабаққа қатыспау, берілген тапсырмаларды уақытылы орындамау және т.б.) бағалануы мүмкін.

Дегенмен, жаңа оқу жылында шағымыңызда аталған мәселелер қайталанған жағдайда, нақты дәлелдеріңізбен Университетіміздің бірінші проректоры Мақтағали Әбдімәжитұлына (208 каб.) жолығуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-79-79. Сұрағыңызға рахмет!

06-07-2018 19-22-50   From applicant

Author: Докторант

Question # 288
Құрметті ректор мырза, мен биыл "Дефектология" мамандығы бойынша докторантураға түсуші едім. Бірақ, мамандық бойынша емтихан сұрақтары сайтта жарияланбаған. Қабылдау емтиханның сұрақтарының уақтылы жариялануына жәрдемедесуіңізді сұраймын.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Мамандықтар бойынша магистратураға және докторантураға түсушілерге арналған емтихан бағдарламалары ресми сайтта жарияланған. Сіз таңдап отырған мамандық бойынша бағдарламаны келесі тікелей сілтеме арқылы жүктей аласыз: http://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/spec/6D010500_kaz.pdf. Сұрақтар осы бағдарламаның негізінде беріледі. Сұрағыңызға рахмет!

06-07-2018 14-44-17   From applicant

Author: Anonymous

Question # 287
Саламатсызба Тахир мирза! Менің сізге xат жазу себебім, мен бітіруші магистрантпын. Неге диплом алу рәсімімізді ресми түрде бермеске? Магистр атағын аламыз, оны неге аудиторияда бере салады? Бакалавр сиякты улкен көлемде өткізсеңіздер жаксы бол еді.
Уйімізден ата анамыз келеді. Калай болса солай, ешкандай іс шарасыз, куры аудиторияда дипломымызды тарата салу бул недеген менсінбеушілік мвгистранттарды? Өкпеміз кара казандай....Өзіміз емес университет уйымдастырып беру кереккой...

Answer:

Сәлеметсіз бе! Дипломды табыс ету рәсімі ресми түрде, Университет ректорының, проректорлар мен институт директорларының қатысуымен өтеді. Университет қабырғасында өткізілетін іс-шараларға жауапты Тәрбие әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті ұйымдастырады. Түлектерге диплом табыстау рәсімі маңызды іс-шара болғандықтан, білім алушылардың ұйымдастыруы мүмкін емес. Сұрағыңызға рахмет!

06-07-2018 03-20-19   Other

Author: Меруерт

Question # 284
Саламатсыз ба, құрметті, Балықбаев Такир Оспанұлы! Мен 1-курс магистранты боламын (2-жылдық, 6М011000-физика мамандығы). Менің сізге қояин деген сұрағым: мен ағымдағы оқу жылын (1-2 семестр) үздікке (повышка) тәмамдадым. Енді менің "президенттік шәкіртақы(степендия)" алуға толықтай мүмкіндігім бар деп ойлаймын (GPA-3,87). Себебі, оқу озатынан бөлек, университет ішіндегі шараларға жиі қатысамын. Айталық Астанада өткен (ЕНУ) 72-ғылыми конференцияға біздің университтің атынан ӨЗ ЕРКІММЕН барып (университет бойынша1 өзім ғана құрбыммен)конференцияға қатысып 1-орын, университетаралық конференциялардан да 1 орын алып жүрген білім алушымын. Оған қоса мақалаларым да бар, атап айтқанда, "Абай университеті" газетінде университетіміздің ішкі тынысы жайында жазған болсам, одан бөлек ғылыми-республикалық журналдарға бірнеше ғылыми мақаламды беріп жарыққа шығардым. Одан өзге институт ішіндеге көптеген конференцияларлың жүлдегерімін. 2018 ж сәуір айында Республикалық магистранттар мен докторанттар арасында өткен ғылыми жобалар сайысының жүлделі орын иегері атандым! Университет атынан Европада жарты жыл білім алып келдім! Қысқасы, бұдан өзге де көптеген біраз жетістікерім баршылық. (барлығын тізіп жазып отыруға уақыт тапшы). Осындай мүмкіндіктерім бола тұра бұл шәкіртақыны(степендия) "қалай ала аламын?" деп сұрағанымда ешқандай нақты жауап ала алмадым! Сондықтан, сіздің көмегіңізге жүгініп отырмын. Осы шәкіртақыны қашан жане қалай алуға болатындығы жайында біраз ақпарат бере аласызба? Сондай- ақ ,айтарым белсенді білім алушыларға көбірек қолдау көрсетілсе екен деймін. Өйткені, сіздердің қолдауларыңыз арқылы біздің білімге, ғылымға деген ізденісіміз, құлшынысымыз одан әрі арта түседі! Сізге алдын-ала раxмет!
Answer:

Құрметті Меруерт! Сіздің қойған сұрағыңызға бұған дейін де жауап берілген болатын. Өтінішіңізді және тиісті құжаттарыңызды директоратқа өткізуіңізді сұраймыз. Сіздің шәкіртақы иегері болуға мүмкіндігіңіз бар.

Шәкіртақыға қатысты қосымша сұрақтарыңыз болса, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлына (221-кабинет) жолығуыңызға болады. Сұрағыңызға рахмет!

05-07-2018 21-42-32   From applicant

Author: Кыдырманова Маржан Серикжановна

Question # 283
Сәлеметсізбе Таxир Оспанұлы мен сұрақ емес алгыс білдірейін деп едім.мен бітіруші тулекпін биыл буйыртса мвгистратурага осы лз универіме тапсырмакпын!!сиз арнайы дайындаган агылшын куосы отте пайдалы болып жатыр.Тегін турде окып жатырмыз!Тілімізде үйреніп қалды!! сіз өтте қарапайым адамсыз!болашактада биздин универди буданда жогары дарежеге котеруінізге тилектеспин!!
Answer:

Құрметті Маржан! Тілегіңізге рахмет! Сіздер үшін Университетіміздің есігі әрдайым ашық.

Оқу орнымыздың дәрежесін көтеру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы сапалы мамандарды даярлау үшін жасалып отыр. Сондықтан университет қабырғасында алған білімдеріңізді және тәжірбиелеріңізді болашақта елімізді дамыту жолындағы игілікті істер үшін қолдансаңыздар біздер үшін мақтаныш. Білім жолындағы жаңа қадамыңызға тек сәттілік тілеймін!

04-07-2018 08-30-09   From applicant

Author: Anonymous

Question # 282
Сәлеметсіздер ме мен ұлтым қазақ емес бірақ осы жақта оқып бітірдім быйыл ЕНТ тапсырдым. Менде қазақстанның азаматтығы жоқ бірақ вид на жительство бар мен сонымен грантка корнкурска түсе аламын ба (18-26 болатын)
Answer:

Құрметті талапкер! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №111 «Жоғары оқу орындарында оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының» 10 тармағына сәйкес  шетел азаматтарын жоғары оқу орындарына қабылдау сұхбаттасу арқылы ақылы негізде жүргізіледі. Сіз шетел азаматы болғандықтан, мемлекеттік білім грантына конкурсқа қатыса алмайсыз.

Сұрағыңыз бойынша толық ақпаратты Университетіміздің Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығынан алуыңызға болады. Байланыс тел.:  8(727)291-57-68, 291-73-71, 291-87-80.

04-07-2018 00-31-48   From applicant

Author: Anonymous

Question # 281
Салеметсизбе? Менин сизге сурагым мен 11 сыныпты 2017 жылы битирген болатынмын,барлыгы 57 балл кейннен отбасылык себептермен окуымды 1 жылга шегертип койдык.Осы жылы тапсырайын деген едим осы тамыз айынын 25 де база ашылады деди акылы турдеги оку ягни тек пратныйга сол шынба?алде тагы 2018 жылга арналган окуга кабылдау жумыс уакыты аякталдыма???Жауап жазып жатсаныз рахмет!!!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Мемлекеттік білім беру конкурсына қатысу үшін тапсырылатын кешенді тестілеуге құжат тапсыру кезеңі 1-20 маусым аралығында өтіп кетті. Сіз 2018/2019 оқу жылында тек ақылы түрде оқу үшін тапсырылатын кешенді тестілеуге қатыса аласыз, құжаттар 25 шілде мен 3 тамыз аралығында қабылданады.

03-07-2018 04-03-13   From applicant

Author: Асел Турсынбай

Question # 280
Саламатсызба.мен 74 балмен гранқа тусе аламба?муғалімдікке
Answer:

Құрметті Әсел! Мемлекеттік білім беру грантының конкурсына құжаттар 18-26 шілде аралығында қабылданады. Грант иегері атануыңыз Сіз таңдаған мамандыққа және мемлекет тарапынан бөлінген гранттың санына байланысты. Оқуға тапсырарда 2018/2019 оқу жылына білім беру гранттар санының артқандығын және педагогикалық мамандықтарда ауылдық квота қарастырылғандығын ескеріңіз.

Сұрақтарыңызға толық ақпарат алу үшін Университетіміздің қабылдау комиссиясына хабарласыңыз.

01-07-2018 17-50-02   From applicant

Author: Жанарбек Нұршырақ

Question # 279
Сәлеметсіз бе менің есімім Нұршырақ
мен ҰБТда 95балл алған едім. Биология география пәні бойынша.95 баллмен осы пәндерарқылы грантқа түсуге боладыма. Дефектологмамандығына ше
Answer:

Құрметті Нұршырақ! Ұлттық бірыңғай тестілеуді сәтті тапсыруыңызбен құттықтаймыз! Болашақта біздің университеттің студенті атанып, білікті маман болуға тілектеспіз.

Сұрағыңызға келетін болсақ, өзіңіздің таңдау жасаған пәндеріңізге сәйкес келетін мамандықтар бойынша ағымдағы жылдың 18 - 26 шілде аралығында мемлекеттік білім беру грантының конкурсына құжат тапсырып көруіңізге болады. Конкурс нәтижесі тамыз айының 5-нен кейін арнайы ақпарат құралдарында немесе «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланады.

01-07-2018 17-27-41   From applicant

Author: Нағыметуллаев Жансерік

Question # 278
Саламатсыз ба? Мен ҰБТ дан 75 бал алдым, таңдау пәнім ағылшын + дүние жүзі тарихы. Сізден сұрағым келгені осы университетте ақылы оқу үшін таңдау пәні маңызды ма? Алде таңдау пәніме сай келетін мамандыққа қана түсе аламын ба? Рахмет! Сізден жауап күтемін.
Answer:

Құрметті талапкер! Жоғары оқу орнына ақылы түрде түсу үшін таңдау пәні маңызды, міндетті түрде таңдау пәніне сәйкес келетін мамандықтарға тапсыру керек. 
Егер басқа мамандыққа түскіңіз келсе, онда алдымен осы таңдау пәніңізге сәйкес келетін мамандыққа ақылы түрде түсіп, 1 оқу семестрін аяқтағаннан кейін өзіңіз қалаған мамандыққа ректордың атына өтініш жаза отырып, ауысуыңызға болады. Бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысқан жағдайда пән айырмашылықтары болуы мүмкін, оны тапсыру керек.Сұрағыңызға рахмет!
 
01-07-2018 08-02-23   From parents

Author: Anonymous

Question # 277
Салеметсизбе Такир Оспанович. Меним кызым ЕНТдан 87 балл алып калды, бирак мектепти "алтын белги" мен битирди. 87 баллмен грантка тусе алама. Коп РАХМЕТ.
Answer:

Құрметті ата-ана! Мемлекеттік білім беру грантының конкурсына құжаттар 18-26 шілде аралығында қабылданады. Мемлекет тарапынан бөлінген гранттардың саны мен абитуриенттердің санына байланысты болғандықтан, грантқа түсетіндігі туралы нақты жауап айта алмаймыз. Бірақ биыл білім беру гранттарының саны артқандығын ескерген жөн.

Сұрақтарыңызға толық ақпарат алу үшін Университетіміздің қабылдау комиссиясына хабарласыңыз.

29-06-2018 15-48-48   From applicant

Author: Сатыбалдиева Акжаркын

Question # 276
Саламатсыз ба мен ұбт дан 103балл алып едим сиздин ЖОО на шет тілі және екі шет тілі мамандығына грант бола ма екен
Answer:

Құрметті талапкер! Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) көрсеткішіңіз жақсы. 2018/2019 оқу жылына жалпы республика бойынша Сіз таңдаған мамандыққа 285 орын бөлініп отыр. Сіз грант иегері атану үшін 18-26 шілде аралығында болатын мемлекеттік білім беру грантының байқауына құжат тапсыруыңыз қажет. Сұрағыңызға рахмет!
 

29-06-2018 12-19-00   From parents

Author: Anonymous

Question # 275
Моя дочь по результатам ЕНт получила 77 балов, из них по профильным предметам английский 23 балла, всемирная история 16 балов, имеет ли она право подать заявление на грант с учетом того что, она окончила школу с уйгурским языком обучения в сельской местности
Answer:

Здравствуйте! Выпускник любой казахстанской школы имеет право подать документы с 18 по 26 июля 2018 года для участия в конкурсе на присуждение государственного образовательного гранта. Сельская квота учитывается в зависимости от выбора специальности.

27-06-2018 20-49-15   From applicant

Author: Ару Адилхановна

Question # 274
Салематсызба. Мен 2017 жылы жоғарғы оқу орнын қазақ тілі мен əдебиеті мамандығы бойынша бітіріп едім. Енді осы оқу жылында сіздің университетке магистратураға түскім келеді. Дефектрлогия мамандығына магистратураға түсуге мүмкіндігім бар ма? Болмаса қандай мамандыққа түсе аламын? Сонымен қатар магистратураға құжаттар қабылдау уақыты қандай? Емтихан қандай пəндерден болады? Алдын ала рахмет!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Магистратураға құжат қабылдау ағымдағы жылдың  3-31 шілде аралығында жүргізіледі. Міндетті екі емтихан тапсырылады. Оның біреуі, шет тілі (ағылшын, неміс, француз) бойынша 10-15 тамыз және мамандық бойынша емтихан 16-20 тамыз аралығында  өткізіледі. Құжаттарды қабылдау кезінде Сіз тамамдаған «Қазақ тілі мен əдебиеті» мамандығының  «Дефектология»  мамандығына сай келуі анықталып, пән айырмашылықтары шығарылады. Сұрақтарыңызға нақты жауапты Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығынан алуыңызға болады. Байланыс тел.:  8(727)291-57-68, 291-73-71, 291-87-80.

27-06-2018 14-40-16   From applicant

Author: Жумабаева Карлыгаш

Question # 273
Здравствуйте, я Жумабаева Карлыгаш студентка института педагоги и психологии. Я получила от государства пособие по утере кормильца. У меня такая проблема: я сейчас нахожусь в своём родном городе Экибастуз, но мне для того чтобы получать пособие от государства необходима справка с места учебы. Ехать за одной справкой в Алматы очень затратно для меня. Я попросила свою подругу получить справку за меня и отправить мне по почте, но ей отказали в этом. Как я могу получить справку? Какие есть для таких случаев решения? Можно ли получить электронный вариант справки?
Answer:

Уважаемая Карлыгаш! Вы можете оформить нотариально заверенную доверенность на имя подруги. Для получения необходимых документов Вашему доверенному лицу нужно обратиться в Цифровой центр обслуживания студентов «Шапағат» (Казыбек би, 30). Контактный тел.:8 (727) 291-64-97.

Total records: 4046

« перв. ... < пред. ...  187  188  189  190  191 192  193  194  195  ... след. > ... посл. »

First name: *


E-mail:



Phone:



Subject:


Question: *


Enter the code from the image: *


Number of questions

May, 2024
4
April, 2024
10
March, 2024
5
February, 2024
20
January, 2024
11
December, 2023
21
November, 2023
19
October, 2023
17
September, 2023
25
August, 2023
39
July, 2023
29
June, 2023
60
May, 2023
41
April, 2023
49
March, 2023
22
February, 2023
42
January, 2023
68
December, 2022
55
November, 2022
50
October, 2022
62
September, 2022
52
August, 2022
33
July, 2022
32
June, 2022
49
May, 2022
139
April, 2022
64
March, 2022
45
February, 2022
46
January, 2022
57
December, 2021
29
November, 2021
43
October, 2021
70
September, 2021
75
August, 2021
109
July, 2021
79
June, 2021
62
May, 2021
69
April, 2021
74
March, 2021
47
February, 2021
42
January, 2021
68
December, 2020
61
November, 2020
62
October, 2020
42
September, 2020
48
August, 2020
57
July, 2020
81
June, 2020
88
May, 2020
65
April, 2020
86
March, 2020
57
February, 2020
37
January, 2020
28
December, 2019
47
November, 2019
72
October, 2019
70
September, 2019
61
August, 2019
88
July, 2019
47
June, 2019
71
May, 2019
54
April, 2019
70
March, 2019
51
February, 2019
45
January, 2019
75
December, 2018
87
November, 2018
51
October, 2018
54
September, 2018
77
August, 2018
105
July, 2018
46
June, 2018
43
May, 2018
45
April, 2018
36
March, 2018
30
February, 2018
28
January, 2018
17
December, 2017
17
November, 2017
12
October, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений