23-05-2018 00-02-30
From applicant
Author: Anonymous Question # 201 Сәлеметсізбе ректор мырза? Мен 2 курс оқимын 1 курста кредит алып едім енді сол кредитімді осы жазда жабуым керекпе әлде 4 курсқа дейін жабуға болама?
Answer:
Құрметті студент! Академиялық қарызыңызды 3-курстың жазғы семестрінде міндетті түрде тапсыруыңыз қажет. Себебі, кредиттік оқыту технологиясы ережесіне сәйкес бітіруші 4-курс студенттеріне жазғы семестр ұйымдастырылмайды. Сұрағыңызға рахмет!
22-05-2018 16-58-13
From students
Author: Anonymous Question # 200 Салеметсіз бе, Балықбаев Такир Оспанович! Мен 2 курс студенті едім.сізге қояр сұрағым: мен əлеуметтік жағдайы бойынша толық жетім студентпін.ақылы бөлімде оқимын.биылдан бастап ақылы оқитын толық жетім студенттерге 100% жеңілдік берілді.сізге үлкен рақмет.бірақ мен 2 жыл бойы грантқа ауысуға үміттеніп жүр едім.сабағым 90-95, 2 курстың 2 семестр gpa 4 болды. Жалпы gpa 3.8. 4 семестр бойғы оқу үлгерімім өте жақсы.мен ең болмаса президенттік стипендияға іліксем деп едім.бірақ 1 курстың 1 семестрінде дене шынықтыру сабағынан жалпы бағам 89 балл.себебі мен 1 рет сабаққа ауырып бара алмай қалдым.ол үшін ауырды деген анықтама қағазын да ала алмадым.енді сол дене шынықтыру сабағы үшін 4 семестр жақсы оқып, тырысқан еңбегім зая кетіп тұр.сол сабақтан алған 89 балл грантқа ауысуыма да кедергі болып,gpa 0.2 балл кем болып басқа студент грантқа ауысты.грантқа ауысу үшін əлеуметтік жағдай есепке алынбайды, тек gpa балл жоғары болса ғана ауысады деді декан орынбасары.сізден сұрайын дегенім, президенттік стипендияға ілігу үшін арнайы комиссия өкілдері менің жағдайымды қарастыра алады ма?осы мəселеге көмектесіңізші. Оған қоса грант орны босаған болса деканаттағылар студенттерге хабар бермейді.студенттер грант жөнінде сұрақтар қойса, дұрыс жауап та бермейді.осы жағдайды қолға алыңыздаршы, өтінемін.
Answer:
Құрметті студент! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 07 сәуірдегі №136 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау» Ережесінің 5-, 6-тармақтарында көрсетілгендей, стипендия күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге 3-курстан бастап, магистранттарға – екінші оқу жылынан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде тек «өте жақсы» (А, А-) оқитын студенттерге беріледі.
Университетіміздегі мемлекеттік білім беру грантының бос орындары туралы ақпарат ресми сайтымыздың «Хабарландыру» бөлімінде (http://www.kaznpu.kz/kz/1307/notice/) жарияланған. Сіздің шағымыңызда аталған мәселелер бойынша басшылық тарапынан институт директорларына ескерту жасалды. Егер оқу үрдісіне байланысты шешілмей жатқан мәселелеріңіз және директорат қызметкерлеріне қатысты шағымдарыңыз болса, Оқу ісі жөніндегі проректор Сәтмырзаев Асан Адасбекұлына жолығуыңызға болады. Байланыс тел.: 293-81-53. Сұрағыңызға рахмет!
21-05-2018 11-09-50
Other
Author: Белсенді жастар Question # 199 Құрметті Такир Оспанұлы! Университетіміздің белсенді жастарының атынан жазып отырмыз. Такир Оспанұлы жастармен кездесудің барлығында дерлік белсенді жастардың басын қосатын жастар орталығы туралы мәселе көтеріледі. Сіз де жастар орталығын ашу туралы шешім қабылдап бұйырған едіңіз. Осы шешімнің қабылданғанына 4 айдың көлемі болса да жастар орталығының жөндеу жұмысы тоқтап қалды. Сізден сұрарымыз жастар орталығын ашуды осы оқу жылында бітіріп беруіңізді өтінеміз! Жастар орталығы клуб-үйірмелер мен белсенді жастардың басын қосатын орталық болады деп ойлаймыз ж2не сенеміз...
Answer:
Сәлеметсіздер ме! Жастар коворкинг орталығы ашылады. Орталық – жастар өкілдері мен жастар ұйымдарының жұмысын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ұжымдық кеңсе қызметі болғандықтан, бұл мәселе міндетті түрде шешіледі. 2018 жылға арналған жөндеу жұмыстарының жоспарына сәйкес коворкинг орталығының жөндеу жұмыстарын аяқтау маусым айының соңына жоспарланып отыр.
20-05-2018 17-22-24
From students
Author: Anonymous Question # 198 Сәлеметсізбе ректор мырза! Жатақхана ремонтына студенттерден ақша жинау дұрыспа? Қатарынан 2 жыл беріп келе жатырмыз.Қыркүйекте келгенде ремонтталған бөлмені көрмейміз.Сол баяғы тақтайлары сынған,ұстағыштары жоқ шкафтар.Не секция,не әжетхана жөнделмеген. 8 жатақхана жөнінде жазып отырмын.Айдың соңына қарай студенттер ауылдарына кетеді,қаржы жағыда наразылық тудыртып жатыр.(2000тг)Осы жөнінде жауап алсам деп едім. Рақмет!!!
Answer:
Құрметті студент! Жатақханалардың жөндеу жұмыстарына Университет тарапынан қаражат бөлінетіндіктен, студенттерден ақша жиналмауы тиіс.
Шағымыңыздағы мәселе қайталанатын болса, студенттерден ақша талап ету фактісіне қатысты қызметкерлерге басшылық тарапынан қатаң шара қолданылатын болады. Сұрағыңызға рахмет!
19-05-2018 18-31-32
From students
Author: Anonymous Question # 197 Сәлеметсіз бе,Таxир Оспанұлы! Мен Филология факультетінің студентімін. Сұрағым жатақxанаға байланысты. Жылдың соңында мамырда үйге кетерде 2000 теңге көлемінде,әрбір студенттен ақша жиналады. Ремонтқа деп. Жылдың басында фондқа деп 1000 тг.Бұл қаншалықты дұрыс,бермесек келесі жыл қайтып келетін болған соң...
Answer:
Құрметті студент! Жатақхананың жөндеу жұмыстарына қатысты мәселелер басшылық деңгейде талқыланып, тиісті шешім қабылданады. Қабылданған шешім туралы міндетті түрде хабарланатын болады. Сұрағыңызға рахмет!
18-05-2018 17-55-24
Other
Author: Anonymous Question # 196 Здравствуйте! Я задавал вопрос об"отработке". Но ответ совсем о другом нежели заданный вопрос! И также я читал об этом обо всем. Пожалуйста! Пересмотрите вопрос?
Answer:
Уважаемый студент! К сожалению, это упущение в работе директората Вашего института, а точнее заместителя директора по учебной работе. Каждый год выпускники, обучающиеся по гранту, отправляются на отработку и заполняют договоры в начале учебного года. Если Вы укажете институт, в котором учитесь, то будут приняты соответствующие административные меры.
18-05-2018 01-28-43
From students
Author: Anonymous Question # 195 Сәлеметсізбе! Мен екі шет тілі мамандығының екінші курс студентімін. Сизден сурарым осы коктемги сессияда бир сабактан жалпы есептегенде 73 балл алып калдм. Отбасында 4 баламыз, акем екінші топтағы мүгедек, анам уй шаруасында. Жалгыз күнімді көріп откан табысым ол стипендия болатын. Одан да айырылып қалдым. Енды не істерімді білмеймін. Осы екі балл үшін стипендиядан айырылып қалдым. Кайта тапсыру немесе тағы бір мүмкіндік беруге болмайды ма? Өзім үздік студенттердің қатарында болатынмын және университетіміздің барлық қоғамдық іш-шараларына да қатысып жүремін. Осының бәрін ескере отырып көмек беруіңізді сураймын.
Answer:
Сәлеметсіз бе! Білім алушыларға емтихан кестесі алдын-ала беріледі. Егер студент емтихан тапсырмаса, қайта тапсыруына болады. Ол үшін өтініш жазуы тиіс. Ал, емтиханды тапсырып, төмен нәтиже алған болса (емтихан кестесін дұрыс білмеуіне байланысты дайындықсыз келіп, т.б. себептермен), онда қайта тапсыра алмайды. Мұндай жағдайда қосымша жазғы семестр ұйымдастырылады. Екінші сұрағыңыз бойынша, жоғары балл жинаған студенттерге жеңілдіктер берілгені рас, ол үшін нақты өтінішпен бас оқу ғимаратындағы Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлына (221-кабинет) жолығыңыз!
17-05-2018 17-02-11
From students
Author: Anonymous Question # 194 Саламатсыз ба Балықбаев Такир Оспанұлы! Менің қоятын сұрағым, мен отбасылық жағдайына яғни толық жетім бойынша 45000kzt көлемінде шәкірт ақы алатынмын.Сонымен қатар өз басым сол шәкірт ақымен күн көріп жүрген студентпін! Бірақ осы Мамыр айының шәкірт ақысы тек 6000kzt ғана түскен. Аралық бақылау (рубежка), сессия бағалары жақсы. Менің білгім келгені неге олай болды екен?
Answer:
Сәлеметсіз бе! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қаржыландыруына байланысты студенттердің оқу ақысы әр айдың 20-нан кейін жүзеге асырылады. Сізге 20 740 теңге шәкіртақы, отбасылық жағдайыңызға байланысты 6 223 теңге қосымша ақы және 18 900 теңге тамақтану ақысы есептелініп, жалпы 45 863 тенге көлемінде төлемақы беріледі. Бұған дейін Сіз қосымша ақы 6 223 теңгені алдыңыз, ал қалған негізгі шәкіртақы мен тамақтану ақысы ағымдағы жылдың мамыр айының 22-не дейін жіберілетін болады.
17-05-2018 12-18-20
Other
Author: Лобарант Question # 192 Құрметті Такир Оспанұлы. Сіз осы университетке басшы ретінде келгелі университетте оң өзгерістер мен жаңалықтардың болып жатқанын көріп, біліп, естіп жатырмыз. Оған шын көнілмен ризамыз. Себебі Абай атындағы ҚазҰПУ Қазақстандағы жоғары білім берудің ең алғашқы шаңырағы болып табылады. Сондықтан Ұлттық университет атына заты сай болу ушін және студенттерге сапалы білім беріп, жоғары мамандықтар дайындап кою ғана емес сонымен қатар университет қызметкерлерін, соның ішінде кафедрада жұмыстың басым бөлігін атқаратын лобаранттардың материальдық жағдайын көтеруді қолға алсаңыз. Айлығымыз 37 000 теңге, жұмыс уақытымыз 9.00 ден 17.00 ге дейін. 37 000 теңге жолымыз,түскі асымыз, бала-шағамыздың нанына бәріне бірдей жеткізу мүмкүн емес. Такир Оспанұлы осы жағдайға түсністікпен қарап, жалақы мәселесін қолға алсаныз алғасымыз шексіз болар еді.
Answer:
Сәлеметсіз бе! Жаңа оқу жылында Университеттің стратегиялық жоспарына байланысты құрылымдық өзгерістер мен оқу көмекші кұрамының жалақыларын көбейту жоспарлануда. Университет қызметкерлерінің жалақы мәселесі міндетті түрде қарастырылатын болады.
14-05-2018 19-19-33
From students
Author: Anonymous Question # 191 Сәлеметсіз бе ректор мырза мен осы университетте магистратурада ақылы бөлімде оқитын едім менің сұайын дегенім сессияда бір пәннен құлап салсам оны кайта тапсырып сізге грантқа өтініш жаза алам ба GPA 3,6 асып тур
Answer:
Құрметті студент! Университетіміздің ресми сайтына білім беру грантының бос орындарына арналған конкурс туралы хабарландыру (http://kaznpu.kz/kz/1307/notice/) берілген болатын. Хабарландыруда үміткерлерге арналған талаптар және қажетті құжаттар тізімі көрсетілген. Мемлекеттік білім беру грантының бос орнына ақылы бөлімде білім алатын, академиялық қарызы жоқ, GPA балы 3.0 төмен емес студент қатыса алады.
Сұрақтарыңыз бойынша толық мәлімет алу үшін Университетіміздің Академиялық мәселелер жөніндегі департаментімен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефондары: 291-71-06, 291-16-65.
14-05-2018 14-31-36
Other
Author: Anonymous Question # 189 Саламатсыз ба ректор мырза менің сұрайын дегенім мен бір пәннен кулап калып едім (магистратура) енді оны кайта тапсырып сізге грантка өтініш жаза алам ба GPA баллым жетіп тұр
Answer:
Құрметті студент! Мемлекеттік білім беру грантының бос орындарына арналған конкурсқа оқу үлгерімі бойынша GPA баллы жоғары білім алушылар қатыса алады. Университетіміздің ресми сайтында мемлекеттік білім беру грантының бос орындары туралы ақпарат (http://kaznpu.kz/kz/1307/notice/) берілген, үміткерлерге арналған талаптармен және қажетті құжаттар тізімімен танысуыңызға болады.
Грантқа ауысу бойынша қосымша ақпаратты Академиялық мәселелер жөніндегі департаментіне келіп немесе 8 (727) 291-13-71, 291-71-06 телефон нөмерлері арқылы алсаңыз болады.
13-05-2018 17-25-30
Other
Author: Anonymous Question # 188 Құрметті Балықбаев Такир Оспанович! Менің бакалавриатты бітіргеніме 4 жыл болады. Енді магистратураға түссем деп едім,емтихан қашан болады, қалай тест сұрақтарын алуға болады, өзгерістер бар ма толық ақпаратты қайдан,кімнен алуға болады екен. Рахмет!
Answer:
Құрметті түлек! Сұрағыңызға рахмет! Университетіміздің ресми сайтының «Талапкерлерге» арналған бөлімінде (http://kaznpu.kz/kz/2150/page/ ) «Магистратура» бойынша ақпараттар берілген. Бұл беттен ағымдағы оқу жылы бойынша магистратура мамандықтары мен қабылдаудың типтік ережесі, сонымен қатар емтихан кестесі мен емтихан сұрақтарының бағдарламалары туралы мәліметтер таба аласыз. Жаңа 2018/2019 оқу жылына қабылдау комиссиясы маусым айынан бастап жұмыс жасайды. Сондықтан жаңа оқу жылына магистратураға қабылдау туралы мәліметтердің жариялануын бақылауыңызды өтінеміз. 2018/2019 оқу жылына магистратураға тапсыру үшін шет тілінен (ағылшын тілінен) IELTS, TOEFL сертификатыңыз болуы қажет.
Оқуға тапсыруға қатысты сұрақтарыңыз бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 8(727)291-57-68, 291-73-71, 291-87-80.
12-05-2018 11-26-18
From students
Author: Anonymous Question # 187 Сәлеметсіз бе, Ректор мыза! Осы жылғы қызыл диплом жайында сұрайын деп едім, мемлекеттік емтиханнан яғни Қазақстан тарихи +5. ал өз мамандығының тапсырған пәннен де +5 болып. диплом қорғау 5 болса. және де 8 семестрдің GP 3.60 болып тұр, Бірақ мен 2-курта бір пәннен жазғы семестрге қалып, жазғы семестрде 4 деген бағаға жаптым. Осындай бағалары бар студент қызыл диплом ала алады ма? Алдын ала РАХМЕТ!
Answer:
Сәлеметсіз бе! Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына сәйкес емтихандарды А, А- – «өте жақсы», В-, В, В+ – «жақсы» деген бағаға тапсырған және оқытудың барлық кезеңіндегі үлгерімінің орта балы (G.P.A.) 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ, барлық мемлекеттік емтихан мен диплом жұмысын (жобасын) А, А- – «өте жақсы» деген бағаға тапсырған білім алушыға үздік диплом беріледі.
11-05-2018 20-39-30
From parents
Author: Anonymous Question # 183 Ректор мырза!!! Мен осы университетинин бугунгы телеги,акесиз уш баланын анасымын, менин балам осы университетинин 1 курс студенти . Онер жане спорт факультетинин графикалык дизайн мамандыгында. Менин балам универ жуйеси кестеси бойынша рухани мадинет сабагынан емтиханга барды тапсыру кезинде кестеде жок мадени география сабагынан тапсыру керек деди бирак менин балам ол сабакты тапсырмады ойткени универ жуйесинде ол сабак кестеде болмады. Кестенин дурыс еместигинен малинки география тапсырылмады, Балам отиниш жазган мадени география емтеханын баска кунге коюга бирак ешким отинишин кабылдамады жане ешкандай шешим болмады буран, Былтыр балам проходной балдан 105 балмен 50 процентпен универстетке тускен енди емтихан кезинде баламды жибермеу туралы буйрык шыкты сурастыра келе шатасып балама 103 балмен 30 процентке койган Архивтен балам оз кужаттарын тауып корсетти 105 балмен 50 процент екенин. Егерде он шешим кабылданбайтын болса 100мын толумиз керек жане емтиханга жиберилмейди Осы жазгандарымнын шешимин шешуге бола ма ?
Answer:
Құрметті ата-ана! Шағымыңыздағы мәселелер қарастырылып, Өнер, мәдениет және спорт институты басшылығынан мәлім хат алынды.
Емтиханға қатысты сұрағыңыз бойынша Универ жүйесінің кестесіне енбеген пәндерді қайта тапсыруға рұқсат беріліп, білім алушылар қайта тапсырғандығы және оқуға қабылдау кезінде 50 пайыз жеңілдік берілгендігі анықталды. Талапкерлердің құжаттарын қабылдау және тіркеу кезінде жіберілген қателіктер мен келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
Оқу үрдісіне байланысты сұрақтарыңыз болса, Университетіміздің Академиялық мәселелер жөніндегі департаментімен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефондары: 291-71-06, 291-16-65.
11-05-2018 15-29-29
From applicant
Author: Anonymous Question # 182 Саламатсыз ба? Университетте керекті құжатты алу мәселесі өте қиын. Дәл қазір "Шапағат" орталығына шағым түсіргім келіп тұр. Түскі асқа кеткен офис-регистратор сағат 4ке дейін келген жоқ. Адам көбейіп кеткен соң орнына басқа біреу келіп, программаны аша алмай, тағы күттірді. Құжатты сұры сұмдық, тіпті кейбір сөздері көрінбейтін принтерге шығарып берді. Құжат мұндай болмау керек қой, мұны қалай өткізем деген сөзіме дүрсе қоя берді. 3сағат текке күткеніміз аздай, барлығымызды адам құрлы көрмей ойларына келгенин істеп отыр. Біз мұндай жағдайға әбден етіміз үйреніп бара жатыр,сондықтан осындай жағдайлардың мүлдем болмағанын қалаймын.Раxмет
Answer:
Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз қарастырылып, «Шапағат» орталығы қызметкерлерінің студенттерге қызмет көрсету барысында орын алған кемшіліктерді жою бағытында жұмыстар жүргізілді. Мұндай мәселе қайталанған жағдайда, Университетіміздің Академиялық мәселелер жөніндегі департмент директоры Хайрулла Нышанұлына (221-кабинет) жолығуыңызға болады.
Қызмет көрсету барысында келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Сұрағыңызға рахмет!
11-05-2018 13-12-33
From students
Author: Anonymous Question # 181 Құрметті Тахир Оспанұлы! Мен Педагогика жəне психология институтының студентімін. Біздің кафедраның кейбір мұғалімдері осы соңғы аралық бақылау кезінде өзіне баға сұраған студенттердің кесірінен, бүкіл бір топқа сессияда келетін сұрақтарды бермей қойды.1 топ студенттеріне тест сұрақтарын беріп, 2 топқа бермеуін бұйырған.
Answer:
Құрметті студент! Сіздің шағымыңыз бойынша Педагогика және психология институты басшылығына ескерту жасалды. Институт тарапынан барлық мамандықтардың студенттеріне емтиханға арналған сұрақтардың берілгендігі туралы мәлімхат берілді.
Шағымыңызды растайтын нақты ақпаратыңыз болса, бірінші проректор Бектемесов Мақтағали Әбдімәжитұлына жолығуыңызға болады.
11-05-2018 00-07-12
From students
Author: Алмас Жұмаділов Question # 180 Саламатсыз ба? Құрметті Балқыбаев Такир Оспанович. Мен осы университтеттің "Тарих және Құқық" институтының,"Саясаттану және әлеуметтік-философиялық" пәндер кафедрасының "МӘДЕНИЕТТАНУ" мамандығының 2курс магистранты Жұмаділов Алмаспын. Менің сұрағым өткен апталарда магистранттар мен доктаранттарға жыйналыс ашқаныңызда жұмыс жайлы айтқан едіңіз. Мен осы университетте жұмыс жасағым келеді. Өзім Ж.Қ атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясын бітіргем. Сіздің бастамаңызбен өткен университеттің наурыз меркесінде арнайы "Тарих және Құқық"институтынан домбырамен сіздерге арнау айтқан баламын"). Мәдени шараларды ұйымдастыру жағынан, жалпы өнер-мәдениет жағынан жұмыс атқаруға қолымнан келетініне сенімім мол. Алла қалап жатса магистиратураны бітірген соң жұмысқа осы сіз басқарып жатқан унивреситетке қалуға болама сол жайлы сұрайын дегенім...Көп рахмет.. almas.kias@mail.ru
Answer:
Құрметті Алмас! Түлектерімізді жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында арнайы құрылымдық бөлімшелерге тапсырма берілді. Магистратура бітіргеннен кейін түйіндемеңізді Әкімшілік департаментінің персоналды басқару бөліміне немесе Академиялық мәселелер жөніндегі департаментке өткізуіңізге болады.
06-05-2018 15-53-12
Other
Author: Anonymous Question # 179 Здравствуйте! Я учусь на 4 курсе.
Я поступил на грант. Проучившись все 4 курса т.е. практический в конце 4 курса нам выдали "Договор", который по моему мнению должен быть выдан в начале, а даже не в начале а перед поступлением. Где написано о том, что я должен отрабатывать свой грант в течении 3 лет в школе. У меня вопрос! Почему нам предоставили данный "Договор" в конце всего учебного процесса?! Так как меня не устраивают условия, а если конкретнее "Отработка" потому что я не знал об этом!
Answer:
Уважаемый студент! Как указано в Законе РК «Об образовании», граждане из числа сельской молодежи, поступившие в пределах квоты на обучение по педагогическим, медицинским и ветеринарным специальностям, обязаны отработать соответственно в государственных организациях образования, государственных медицинских организациях, в подразделениях государственных органов, осуществляющих деятельность в области ветеринарии, либо в государственных ветеринарных организациях, расположенных в сельской местности, не менее трех лет после окончания высшего учебного заведения. Граждане, обучающиеся по педагогическим и медицинским специальностям на основе государственного образовательного заказа, обязаны отработать в государственных организациях образования и государственных медицинских организациях в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан.
Обеспечение мониторинга и контроля за соблюдением выполнения лицами, указанными в настоящем пункте, своих обязанностей по отработке или возмещению расходов бюджетных средств в случае не отработки возлагается на поверенного агента уполномоченного органа в области образования!
06-05-2018 12-28-50
From students
Author: Anonymous Question # 178 Добрый день, почему иностранным студентам отказали в сдаче летней экзаменационной сессии устно? В одном факультете разрешили а в другом отказали, хотя один и тот же университет.
Answer:
Уважаемый студент! Всем иностранным студентам разрешено сдавать летнюю экзаменационную сессию в устной форме.
04-05-2018 19-21-54
From students
Author: Анита Question # 177 Здравствуйте уважаемый Ташир Оспанович,хочу обратиться к вам с просьбой о помощи и поддержки.Вся надежда на вас.
Я студентка 1 курса факультета Международных Отношений,Сорбонна классика столкнулась с серьезной проблемой,которая набирает обороты с каждым днем. Расскажу что произошло. На втором семестре нам ввели предмет "Информатики" ИКТ. Дисциплина проводится на английском языке,хочу прежде всего выразить благодарность за отличных преподавателей по всем дисциплинам,включая ИКТ. Дисциплина не всегда проводилась на английском,возможны и казахский и русский языки,то есть самое главное это понимать и отвечать. Преподавателя по лекции зовут Гулира Халикова(физ.мат). Именно с этим преподавателем у меня начались проблемы. Сначала на первой рубежке было все нормально,посещаемость,баллы и тд. Но затем я столкнулась с грубостью со стороны данного преподавателя. Мне приходилось молчать во избежании конфликта,когда преподаватель позволяла не корректные выражения в мой адрес,заявляя,что я отвратительная студентка,не достойна учиться здесь и что я вообще забыла в Казахстане. А все потому что была неорганизованность во времени проведения занятий и преподватель была в отъездах. Я даже не знаю к чему придиралась преподаватель. На первой рубежке мне поставили 90 баллов,за что я была очень благодарна и начала исследовать весь материал,опираясь на Силлабус. На второй рубежке отношение данного преподавателя ко мне заметно ухудшилось. Когда у нас под конец рубежки был тест, я вытащила тетрадь,где вырвала пару листов для написания теста, в тетради не было шпоргалок и тд. На что Халикова Г. начала яро отбирать мою тетрадь,утверждая,что там шпоргалки,хотя явно видела их отсутствие, говоря что я глупая, никакие гранты мне не светят и тому подобное. Соответственно в этот раз я дала слабину и не выдержав начала огрызаться в ответ. После окончания пары я подошла к преподавателю чтобы принести извинения,но она не выслушала меня и выгнала,заявив что поставит мне 0 баллов и не допустит до сессии. Я признаю искренне свою вину в том,что позволила своим негативным эмоциям одержать верх, мне очень стыдно за свое поведение,потому что не важно кто бы что не говорил в любом случае этот человек старше меня. Халикова на отрез отказалась говорить со мной и выслушивать.На протяжении недели я бегала к ней и просила поговорить,не важно что она поставила бы,мой мотив был и есть вновь восстановить взаимоотношения. Подобных конфликтов раннее не имелось,ни в школе,ни в университете. Я имею хороший gpa (3.76),учусь на отлично,школу закончила на отлично,учавствую в студентческой жизни университета,бываю волонтером на различных конференциях,проходящих в Сорбонне,и мне очень полюбился данный университет. Здесь меня устраивает моя кафедра МО с профессионалами своего дела,как доносят информацию,и я рада,то что я оплачиваю учебу не просто так,я действительно получаю знания. Но эта ситуация не дает мне покоя. С преподавателями я не конфликтовала,в хороших отношениях со всеми,и преподаватели обо мне хорошего мнения,поэтому и пытаюстся всеми цивильными методами помочь мне. Понимаете, Халикова Г. набирает обороты в этой ситуации и пытается писать,идти в департамент,в Министерство Образования,в посольство Туркменистана ( я иностранная студентка) чтобы заявить,о том что Я не достойна обучаться в КАЗНПУ,что меня нужно департировать. Мне очень обидно,то что из за такой ситуации ставится под сомнение моя репутация. Также преподаватель обратилась к юристам и пвтается искать,писать на меня какие то бумаги,хочет добиться моего отчисления. Я не знаю почему она занимается этим, ее очень задело,когда я сказала что она не квалифицированный специалист,потому что позволяет себе переходить на личности .Да, понимаю что обидела сильно преподавателя,но это не повод портить мне учебу и жизнь. Для меня это огромный жизненный урок,который я запомнила. Отныне я буду держать язык за зубами,ради своего же блага,так как подобных ситуаций еще не было у меня. Теперь вы в курсе этой проблемы. Пожалуйста помогите мне,я не хочу раздувать эту ситуацию и искать виноватых. Здесь виновата я,в том что повела себя отвратительно,опозорив себя,преподавателя,поставив под угрозу авторитет кафедры своей. Но я осознав свою вину прошу вас защитить меня в этой проблеме. Я очень нуждаюсь в вашей поддержки,мне страшно,здесь я совсем одна и не знаю что мне делать,куда идти. Надежда на вас,в том что вы разрешите этот конфликт путем разговора с Гульирой Халиковой. Искренне надеюсь,что моя просьба не останется без вашего внимания,тем более сессия по Икт будет 25 мая и я прошу вас о помощи. Спасибо вам за внимание и за то что есть прямая связь с вами.
Успешной вам работы.
Answer:
Здравствуйте! Конфликт между студенткой первого курса специальности «Международные отношения» Анитой Халназаровой и преподавателем дисциплины «Информационно-коммуникационные технологии» Халыковой Гулирой Заманбековной был рассмотрен комиссией в составе проректора по учебной работе Сатмурзаева А.А., директора департамента по академическим вопросам Жанбекова Х.Н., директора института математики, физики и информатики Бердышева А.С., начальника офиса-регистраторов Кантарбаевой Р.М., содиректора института Сорбонна-Казахстан Нурлихиной Г.Б., заведующего кафедрой «Международные отношения» Симтикова Ж.К.
В результате стороны пришли к примирению, студентка признала свою вину (объявлено замечание) и принесла извинения преподавателю Халыковой Г.З..
В п.п. 49, 50 Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан № 152 «Правила организации учебного процесса по кредитной технологии обучения» указано: «Пересдача положительной оценки по итоговому контролю с целью повышения в этот же период промежуточной аттестации не разрешается. Для получения положительной оценки обучающийся в следующем академическом периоде или в летнем семестре на платной основе вновь посещает все виды учебных занятий, предусмотренные рабочим учебным планом по данной дисциплине, получает допуск и сдает итоговый контроль».
Total records: 4046