Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті РЕКТОР БЛОГЫ |
Казахский национальный педагогический университет имени Абая БЛОГ РЕКТОРА |
|||
ҚАЗ РУС ENG |
Welcome to the rector’s blog!
Здравствуйте! Спасибо за обращение! Этим летом планируется провести ремонт во всех учебных корпусах. Надеемся, что после ремонта о подобных проблемах уже можно будет забыть.
Құрметті білім алушы! 2-курстар бойынша жазғы семестр кестесі академиялық күнтізбеге сәйкес 30.04-05.05.2018 ж. аралығында 2 аралық бақылау болса, 08.05-26.05.2018 ж. аралығында жазғы сессия болады. Жазғы емтихандардың кестесі 25-сәуірге дейін бекітіліп, «Univer» жүйесіне және институттың хабарландыру тақтайшасына ілінеді.
Сәлеметсіз бе! 2018-2019 оқу жылына штаттық бірлік қарастыру бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессор-оқытушылар құрамына және ғылыми қызметкерлерінің лауазымдарына конкурс жүргізілетін болады. Конкурстың ережелері Университеттің ресми сайтында (http://kaznpu.kz/kz/1958/page/) берілген. Егер ережеде берілген талаптарға біліктілігіңіз сәйкес келіп жатса, персоналды басқару бөліміне (e-mail: o.zhailaubayeva@kaznpu.kz) түйіндемеңізді қалдырсаңыз болады. Байланыс телефондары: 291-18-29, 291-34-35.
Шағымыңызда аталғын ақша жинау, билет сату фактілері бойынша нақты ақпаратыңыз болса, бірінші проректор Мақтағали Әбдімәжитұлына (208 каб.) жолығуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 291-79-79.
Құрметті талапкер, сұрағыңызға рахмет!
1. Колледжден кейін, оқыған мамандығыңыз бойынша немесе сол мамандыққа «сәйкестіктер кестесі» бойынша сәйкес келетін туыс мамандыққа оқуға түсетін болсаңыз, колледжден кейін қысқартылған білім бағдарламасы бойынша 3 жыл оқисыз. Егер Сіз таңдап отырған «География» мамандығына дипломдағы мамандығыңыз сәйкес келмеген жағдайда, 4 жыл оқисыз және тек күндізгі бөлімге қабылданасыз. Өйткені бакалаврдың 4 жылдық білім бағдарламасында сырттай оқу бөлімі жоқ.
2. Сырттай бөлімге ҚР БжҒМ тарапынан грант бөлінуі де, бөлінбеуі де мүмкін. Мысалы, 2017-2018 оқу жылына «География» мамандығана грант бөлінген жоқ. Грант бөлінбеген жағдайда тек ақылы бөлімге түсуге болады.
3. ҚР барлық азаматтары күндізгі немесе сырттай оқу бөліміне оқуға қабылдану үшін міндетті түрде КТ (кешенді тестілеу) тапсырады.
4. Сырттай оқу бөлімінде қаңтар және мамыр айларында, яғни жылына екі рет оқу болады. Соңынан сессия тапсырылады.
5. КТ тапсыруға құжаттар 1-20 маусым аралығында қабылданады.
6. Оқу ақысы өткен жылы 363 мың теңге болды. 2018-2019 оқу жылының оқу ақысы мамыр айында бекітілетін болады.
Здравствуйте! Хочу Вас заверить, что от студентов не требуется никаких денег на проведение мероприятий, организованных Университетом.
При рассмотрении данного вопроса были взяты объяснения от руководства Института педагогики и психологии. Но для решения проблемы требуется уточнение информации, поэтому прошу Вас записаться на прием к первому проректору Бектемесову Мактагали Абдимажитовичу (главный учебный корпус, каб. 208). Контактный телефон: 291-79-79.
Құрметті студент! Университет тарапынан ұйымдастырылған іс-шараларға студенттерден ақша талап етілмейді. Сіздің сұрағыңыз бойынша Педагогика және психология институт басшылығына және профессор-оқытушылар құрамына ескерту жасалып, түсініктеме алынды. Студенттерден ақша жинау мәселесін шешу нақты ақпаратты қажет етеді. Шағымыңызға қатысты дәйекті мәліметтеріңізбен бірінші проректор Бектемесов Мақтағали Әбдімәжитұлына (208 каб.) жолығуларыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 291-79-79.
Құрметті студент! Университет тарапынан ұйымдастырылған іс-шараларға студенттерден ақша талап етілмейді. Сіздің сұрағыңыз бойынша басшылық тарапынан Институт директорларына ескерту жасалды. Студенттерден ақша жинау мәселесін шешу нақты ақпаратты қажет етеді. Сондықтан шағымыңызға қатысты нақты мәліметтеріңізбен бірінші проректор Бектемесов Мақтағали Әбдімәжитұлына (208 каб.) жолығуларыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 291-79-79.
Құрметті талапкер! Сұрағыңыз бойынша ауылдық квота мәселесі ҚР Үкіметі мен Білім және ғылым министрлігі тарапынан шешіліп, жаз уақытында белгілі болады. Алтын белгі иегерлері грантқа оқуға түспей қалған жағдайда, біздің университетіміздің ақылы оқу бөлімінде бірінші оқу жылына 100 пайыз жеңілдікпен оқуға мүмкіндік беріледі. Ал одан кейінгі жылдары оқу үлгеріміңізге қарай тағы да оқу ақысына арнайы жеңілдіктер қарастырылады.
Құрметті Оңалар Қалибекқызы! Сіздің шағымыңыздағы студенттерге билет сату фактісіне қатысты мәселені шешу нақты мәліметті қажет етеді. Сұрағыңызда көрсетілген мәселені қолға алу үшін Университеттің бірінші проректоры Бектемесов Мақтағали Әбдімәжитұлына жолығуларыңызға болады. Байланыс тел.: 291-79-79.
Құрметті білім алушы! Қорытынды емтихандарды тест, жазбаша, ауызша қабылдаудың университеттің бекіткен өкіміне сәйкес, жазғы семестрдегі пәндерді тест, жазбаша және ауызша қабылдаудың пайыздық өлшеміне байланысты қабылданған шешім. Сондай-ақ, білім алушыларды магистратураға қабылдау барысында шет тілінен емтиханды тест және жазбаша (ауызша) қабылданғанын ескерсек, магистранттар үшін екінші шетел тілінің қорытынды емтихандары қандай үлгіде қабылданатындығы қиындық тудырмауы тиіс.
Сәлеметсіз бе. Ескертулеріңіз бен тілектеріңізге алғыс білдіреміз. Бұл мәселе университетіміздің студенттері мен магистранттарының Этикалық кодексінде ескерілген. Алдағы уақытта университет жастарының киім кию үлгісіне ерекше ден қойып, бұл бағыттағы жұмыстардың әлі де жалғасатындығына сенім білдіреміз.
Құрметті талапкер! 2017-2018 оқу жылында «5В011100-Информатика» мамандығы бойынша 20 талапкер грантқа қабылданды. Грант бөлу ҚР БжҒМ тарапынан ЖОО арасында конкурс жариялау арқылы жүргізіледі. Әр мамандық бойынша 2018-2019 жылына бөлінген грант саны туралы ақпарат шілде айында белгілі болады.
Құрметті Нүргүл Балтабайқызы! Университет қызметкерінің еңбегін жоғары бағалап, пікір білдіргеніңізге рахмет!
Уважаемые преподаватели! Благодарю за обращение. Постоянное совершенствование деятельности Университета - это наша общая задача. За разъяснениями по поводу возникших вопросов прошу записаться на прием к проректору по учебной работе Асану Адасбековичу Сатмурзаеву (главный учебный корпус, 2 этаж, кабинет 210). Контактный тел.:293-81-53.
Сәлеметсіз бе! Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің 14 бөліміне сәйкес магистратурада оқу тек күндізі оқу нысаны түрінде жүзеге асырылады. Сол себепті, сағат 8.00-ден 18.30 аралығында сабақ өтіледі.
Сәлеметсіз бе! Биыл Университетіміздің қызметін автоматтандыру және оқу үдерісін тиімді басқару мақсатында «UNIVER» жүйесі іске қосылды. Биылғы бітіруші студенттерге диплом және оның қосымшасы орталықтандырылған «UNIVER» жүйесі арқылы берілетін болады. Диплом қосымшаларымен қамтамасыз ету жұмыстарына институт директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары жауапты.
Жоғалған диплом мен қосымшаларын беру үшін алдымен тіркеу бөлімінде жасалынған транскрипт директорат қызметкерлеріне қосымшаны жасау үшін беріледі, ал дипломды студенттік офис қызметкерлері толтырады. Сұрағыңыз бойынша толық ақпаратты Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінен алуыңызға болады. Байланыс телефондары: 8 (727) 291-13-71, 291-71-06.
Сәлеметсіз бе! Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректордың хатшысы Әсел Исатаеваға қатысты «жемқорлықпен айналысты» делінген шағымыңыз бойынша нақты дәлелдеріңізбен бірінші проректор Бектемесов Мақтағали Әбдімәжитұлына жолығуыңызға болады.
Шағымыңызға қатысты анықталған мәліметтер: Әсел Исатаева «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығында Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің мақсатты мемлекеттік гранты негізінде, үш жақты келісім шарт бойынша білім алуда. Университетте жатақхана білім алушы студенттерге, магистранттарға және алыс аймақтан келген докторанттарға берілетіндігін және Әсел Исатаеваның отбасылық жағдайын ескере отырып, жатақханадан орын берілген. Білім алушыдан өз тарапынан ережеге сай жатақханаға қажетті төлем ақысын төлегендігі туралы құжаты алынды.
Қызметкердің дөрекі сөйлеуіне қатысты шағымыңыз бойынша түсініктеме алынып, басшылық тарапынан ескерту жасалды.
Сіз көтеріп отырған мәселелер қарастырылып, қабылданған шешімнің нәтижесіне байланысты тиісті шаралар қолданылатын болады.
Құрметті талапкер! Біз «Абай сыйы» олимпиадасының өтетіні туралы барлық облыстық Білім басқармалары мен аудандық білім бөлімдеріне хат жіберген болатынбыз. Егер мектеп директорының атына қатынас хат керек болса, олимпиадаға келетін оқушылардың және мектеп директорының аты-жөні, мектептің толық атауы мен ауданы (облысы) көрсетілген мәліметтерді жіберулеріңіз қажет. Олимпиадаға қатысты сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 8(727)291-57-68, 291-73-71, 291-87-80.
Құрметті талапкер! 2017-2018 оқу жылында «Дефектология» мамандығы бойынша оқу ақысы 506 мың теңге болды. Ал 2018-2019 оқу жылына оқу ақысы әлі бекітілген жоқ. Бұл сұрақтың нақты жауабы мамыр айының соңына қарай белгілі болады.
Сәлеметсіз бе! Химия пәні бойынша олимпиада қорытындысы «Абай сыйы» сайтында жарияланған. Олимпиада пәндерінің тестілеу нәтижелерін көрсетілген сілтеме арқылы қарай аласыз: http://olymp.kaznpu.kz/kz/result2018/
May, 2024 | 4 |
April, 2024 | 10 |
March, 2024 | 5 |
February, 2024 | 20 |
January, 2024 | 11 |
December, 2023 | 21 |
November, 2023 | 19 |
October, 2023 | 17 |
September, 2023 | 25 |
August, 2023 | 39 |
July, 2023 | 29 |
June, 2023 | 60 |
May, 2023 | 41 |
April, 2023 | 49 |
March, 2023 | 22 |
February, 2023 | 42 |
January, 2023 | 68 |
December, 2022 | 55 |
November, 2022 | 50 |
October, 2022 | 62 |
September, 2022 | 52 |
August, 2022 | 33 |
July, 2022 | 32 |
June, 2022 | 49 |
May, 2022 | 139 |
April, 2022 | 64 |
March, 2022 | 45 |
February, 2022 | 46 |
January, 2022 | 57 |
December, 2021 | 29 |
November, 2021 | 43 |
October, 2021 | 70 |
September, 2021 | 75 |
August, 2021 | 109 |
July, 2021 | 79 |
June, 2021 | 62 |
May, 2021 | 69 |
April, 2021 | 74 |
March, 2021 | 47 |
February, 2021 | 42 |
January, 2021 | 68 |
December, 2020 | 61 |
November, 2020 | 62 |
October, 2020 | 42 |
September, 2020 | 48 |
August, 2020 | 57 |
July, 2020 | 81 |
June, 2020 | 88 |
May, 2020 | 65 |
April, 2020 | 86 |
March, 2020 | 57 |
February, 2020 | 37 |
January, 2020 | 28 |
December, 2019 | 47 |
November, 2019 | 72 |
October, 2019 | 70 |
September, 2019 | 61 |
August, 2019 | 88 |
July, 2019 | 47 |
June, 2019 | 71 |
May, 2019 | 54 |
April, 2019 | 70 |
March, 2019 | 51 |
February, 2019 | 45 |
January, 2019 | 75 |
December, 2018 | 87 |
November, 2018 | 51 |
October, 2018 | 54 |
September, 2018 | 77 |
August, 2018 | 105 |
July, 2018 | 46 |
June, 2018 | 43 |
May, 2018 | 45 |
April, 2018 | 36 |
March, 2018 | 30 |
February, 2018 | 28 |
January, 2018 | 17 |
December, 2017 | 17 |
November, 2017 | 12 |
October, 2017 | 2 |