Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Welcome to the rector’s blog!

 

 

Dear visitors to the website!
 
The Rector`s blog was created to connect with students, staff and teachers of the University. You can leave your comments, ask questions and make suggestions. Open and regular discussion of issues will help the University administration to work fruitfully.
 
I hope that this platform will expand opportunities for the solution of many problems in our common work, will become an important mechanism for effective mutual exchange of information and implementation of tasks.
 
We are open for dialogue, all appeals will be considered. Every question will be answered.
 
 
Email: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 
 
 
 
 
The Rector's personal reception takes place on the 1st and 3rd Fridays of each month during the academic year - from 3.00 p.m. to 5.00 p.m.
  • Quessions-answers
  • Ask a question
  • Statistics
08-03-2018 18-34-03   From students

Author: Anonymous

Question # 108
Сәлеметсізбе құрметті Таxир Оспанұлы! Мен Өнер,мәдениет және спорт институтының Графикалық дизайнер мамандығының ақылы бөлімінде оқимын. 3 курс студенті Маулешова Акзер Ерлановна.Биылғы оқу жылында 15%-тік жеңілдікке іліндім.Сізге улкен раxмет.Болашақта оқып жатырған мамандығыма грант бөлінеме.
Answer:

Құрметті студент! Оқу жылының әрбір оқу семестрі аяқталғаннан кейін Білім және ғылым министрлігі әрбір мамандық бойынша босаған мемлекеттік грант орындарына конкурс жариялайды. Егер Сіздің оқып жатқан «Графика» мамандығының оқу курсына байланысты мемлекеттік грант орны босап, сол орынға конкурс жарияланатын болса, оқу үлгеріміңіз бен әлеуметтік жағдайыңызды ескере отырып, босаған білім гранты орнына ауыстыру мүмкіндігі бар. Сұрағыңызға қатысты толық ақпарат алу үшін Университетіміздің Академиялық мәселелер жөніндегі департаментімен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефондары: 291-71-06, 291-16-65.

05-03-2018 10-13-06   From students

Author: Кенжебеков Есенгельды Ниетбекович

Question # 107
Кұрметті Тахир Оспанұлы.Мен Кенжебеков Есенгельды 1курс студенті шартты қайта кта тапсырып 108 балл алдым маған оқу ақысына жеңілдіктер қарастырылама.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Сіздің жағдайыңызда жеңілдік мүмкіндігі ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін кешенді тестілеуді қайта тапсырушыларға байланысты қарастырылатын болады.

04-03-2018 13-34-55   From applicant

Author: Anonymous

Question # 106
Сәлеметсіз бе? Мен мына сұрақтар мен шаағымдарды оқып отырып, бұл оку орнына түсуге ойланып қалдым... Сұрайын дегенім музыкалық білім беру бағыты бойынша сабақ беретін мұғалімдеріңіз қазір қандай? Сіздерде жоғарғы музыкалық білім алуға бола ма? Содан соң, тағы бір мәселе, оқуға түсу үшін алдын ала сіздерге ақша беруіміз қажет пе? Қазіргі кезде көп оқу орындарында оқуға түсушілерден ақша талап етіледі.
Answer:

Құрметті талапкер! Сұрақтарыңыз өте орынды. Қоғаммен жұмыс жасау барысында шағымдар мен ұсыныстар болады, ол қалыпты жағдай. Университет жұмысындағы орын алған мәселелерді шешу үшін білім алушылар тарапынан түскен шағымдар мен өтініштер қадағаланып, сол бойынша тиісті тексеру шаралары жүргізіліп, заңды шешімдер қабылданады.

Жоғары оқу орындарына талапкерлерді қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары» ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Яғни, жоғары оқу орындарына талапкерлерді ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) немесе кешенді тестілеу (КТ) нәтижесі бойынша берілетін сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде қабылдайды. Оқуға тапсыру кезінде алдын-ала ақша талап етілмейді.

Сіз қызығушылық танытып отырған «5В010600-Музыкалық білім» мамандығы бойынша мамандарды даярлайтын Өнер, мәдениет және спорт институтының Музыкалық білім беру және хореография кафедрасында кәсіби біліктілігі жоғары ұстаздар қызмет етеді. Кафедра құрамы туралы ақпараттар Университетіміздің ресми сайтының «Институттар» бөлімінде (http://www.kaznpu.kz/kz/861/page/) орналасқан. «Музыкалық білім» мамандығына қатысты толық мәлімет алу үшін институт директоры Исабек Нұрдәулет Еркінұлымен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефоны: 291-76-08.

03-03-2018 20-48-37   From students

Author: Хайретдинова Камиля Рамильевна

Question # 105
Здравствуйте, Такир Оспанович! Возможно, поздно,но все же хотелось бы обратить внимание на работу комиссии во время сдачи сессии. Хотелось бы отметить не их строгость, а отношение к студентам. Преподаватели садятся к студентам, тем самым сбивая с толку, грубят, мешают, слишком близко подходят, торопят. Мы будущие педагоги, взрослые люди, не школьники. Почему такое отношение? Научите преподавательский состав тактичному отношению к студентам. Мы не звери в клетках. Хочется добавить, что это сбивает с толку, давит психологически в итак напряженной обстановке. Скоро нас ожидает весенняя сессия, не хотелось бы, чтобы такая ситуация повторялась снова.
Также хочу отметить работу апелляционной комиссии. Не идут на встречу студентам, не хотят элементарно услышать. Никакого содействия с их стороны. Некоторым студентам не хватило по одному или два балла. Писали заявления на апелляцию, а ответа так и не было получено.
С уважением студенты Института Педагогики и психологии.
Answer:

Здравствуйте! Спасибо за обращение! Проведение экзаменов во время сессии - очень ответственный период, которому мы уделяем особое внимание. Мы прилагаем все усилия, чтобы оценивание знаний обучающихся проводилось в строгом соответствии с существующими правилами. Подчеркнем, что во время проведения зимней экзаменационной сессии каких-либо нарушений со стороны экзаменаторов зафиксировано не было.
Директоратами институтов будут еще раз организованы беседы о необходимости соблюдения «Этического кодекса профессорско-преподавательского состава и сотрудников» с целью предотвращения конфликтных ситуаций и недоразумений во время экзаменационной сессии.
Что касается работы апелляционной комиссии, то она проводилась в соответствии с инструкцией по проведению тестирования. До экзаменов студенты всех институтов были ознакомлены с соответствующей инструкцией. Заявление на апелляцию рассматривалось в том случае, если заявление было оформлено в установленный срок. Обращавшимся с апелляцией добавляли по 1-2 балла при выявлении некорректно составленных тестовых заданий. 
При возникновении каких-либо вопросов Вам следует обращаться к директору департамента по академическим вопросам Хайрулле Нышановичу Жаныбекову или директору института педагогики и психологии Берикжану Айткуловичу Альмухамбетову. Контакты: 291-13-71, 291-33-53.
 
03-03-2018 19-14-29   From applicant

Author: Жанат Умирзакова

Question # 104
Сəлеметсізбе!Құрметті Такир Оспанович мен осы жыл педогогика психология мамандығына тапсырайын деп едім.5 пəн болады деп жатыр 3 пəні міндетті оларды білемін бірақ қалған екі пəні биология мен химия болама соны білмей жатырмын мен басқа қаладанмын толық мəлімет алайын деп едім.Жауабыңыз үшін алдын ала рахмет
Answer:

Құрметті Жанат! Университетіміздің «5В010300-Педагогика және психология» мамандығына түсу үшін 1-ші бейіндік пән - биология, 2-ші бейіндік пән - география пәндерінен тест тапсырылады. Сұрағыңызда көрсетілген мамандық туралы нақты ақпарат алу үшін 8 (727)-291-57-68 телефонына хабарласуыңызға болады.

02-03-2018 13-45-34   From applicant

Author: Аноним

Question # 102
Салеметсизбе, құрметті Тахир Оспанұлы сиз біздің университетіміздің беделін котеру мақсатында коптеген жұмыстар атқарып жатырсыз. Сізге қоятын екі сұрағым бар. Біріншісі, Сіздің бастамаңызбен биыл мұғалімдердің "Жаңартылған білім беру мазмұны" бойынша біліктілікті арттыру мақсатында "Қысқы мектеп" жұмыс істеді. Біз сол курста оқып сертификать алдық, біздің еңбек жалақымызға Елбасымыздың жолдауында көрсеткендей пайыздық ақша қосылмайма? екінші сұрағым, оқуға қабылдау комиссиясы бойынша былтыр 2017 ж.қабылдау комиссиясында жұмыс істеген "Тарих және құқық институтының" қызметкерлері магистратураға, доктарантураға бакалавриатты биология, филология ж.т.б. мамандықтар бойынша бітірген студенттерді қабылдады, факт бар, қазіргі таңда олар оқып жатыр. Базалық білімі жоқ талапкерлерді қандай жолмен тарих факультетіне қабылдап жатыр? Тарихтан білімі жоқ магистранттар мен доктаранттар ертенгі күні жасұрпақтарға қандай білім береді?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Елбасы Жолдауларында білім саласына қатысты айтылған мәселелерді жүзеге асыру  және Университетіміздің деңгейін көтеру мақсатында бірқатар жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атқарылған жұмыстарымыздың нәтижесі ұжымымыздың жетістігі болып есептеледі. Сол себепті оқытушыларымызға және білім алушыларымызға мүмкіндігінше жағдай жасау біз үшін басты міндет.  «Кәсібилік және педагогикалық шеберлік» қысқы мектебінің аясында жүргізілген «Жаңартылған білім беру мазмұны» бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен университет оқытушы-профессорлар құрамының еңбекақысын көтеру мәселесі Елбасы Жолдауында және Үкімет бағдарламасында көрсетілген мерзімнен бастап жүзеге асырылады. Жалақыны көтеру кезінде оқытушылардың ағылшын тілін меңгеру деңгейі және IELTS сертификаты ескеріледі.

Сұрағыңыздағы екінші мәселеге келетін болсақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысының 2 тармағындағы 15 пунктіне сәйкес магистратураға түскен үміткердің бакалавриат бойынша мамандықтары сәйкес келмей, қажетті пререквизиттер болмаған жағдайда магистрантқа оларды ақылы түрде меңгеруге рұқсат берілген. Сұрағыңызға қатысты нақты мәлімет алу үшін Университетіміздің Оқу ісі жөніндегі проректоры Сәтмырзаев Асан Адасбекұлымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 293-81-53.

02-03-2018 11-39-50   From students

Author: Эмиль Сагинтаев

Question # 101
Добрый день!
Я увидел план благоустройства территории перед главным корпусом. Выглядит хорошо, но на схеме показано меньше деревьев, чем уже есть сейчас. Значит ли это, что деревья будут спиливать? Хотел бы попросить не спиливать уже растущие деревья, а если возможно то провести и высадку дополнительно. Деревья - наше достояние, надо, чтобы их было как можно больше.

С уважением.
Answer:

Добрый день! Спасибо за обращение!

Проект по благоустройству и озеленению территории КазНПУ им. Абая в первую очередь предполагает пересадку деревьев, а также газонное покрытие с декоративными растениями. Все это делается для того, чтобы студенты и гости нашего университета  имели комфортные условия для отдыха и ожидания. 

За подробной информацией по благоустройству и озеленению университетской территории  Вы можете обращаться к  советнику ректора Каныбеку Ережеповичу Калдыбаеву (пр. Достык, 13, главный учебный корпус, кабинет 203). 

01-03-2018 15-06-38   From parents

Author: Даулбаева Сапура Буркитбековна

Question # 100
Ұстаз - жас ұрпақтың рухани жанашыры, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі.
Олар сол сенімді ақтай отырып, зерделі шығармашылығы мол, өз бетінше шемім қабылдай алатын, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғалар тәрбиелеуде.
Осы тұста айтар болсақ,ақпан айының 15-і мен 23-і аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың "Педагогика және психология" институтының " Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығының 3-ші курс студенті Кеңес Гүлжанат №181 Жалпыға білім беретін мектепте практикадан өтті. Практика барысында Гүлжанат өзінің теориялық білімі мен практикалық білімін ұштастыра алды. Гүлжанат сабақты оқушыларға ұғынарлықтай әрі жаңа әдіс-тәсілдермен іздене жүріп қызықты өткізді. Ол әр баланың мінез-құлқына қарай қадам жасады. Әрбір өткен сабақтарына оқушылар: "Гүлжанат апай сабақты қызықты өткізді, біз оны жақсы көреміз!" - деп баға береді.
Біз ата-аналар осындай студент тәрбиелегені үшін " Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" кафедрасына, кафедра жетекшісі Жұмабаева Әзия Елупанқызына,әсіресе студенттермен көп жұмыс жасап, тәжірибесін аянбай үйреткен ұлағатты ұстаз - практика жетекшісі Омарова Гүлнар Жолдасқызына алғысымыз шексіз.
Осы мақаланы пайдалана оытрып, ұрпақты ұлы мұраты жолында талмай еңбек ететін тағы бір маман тәрбиелегені үшін үлкен рақмет!
Алғысымызды айта отырып,Сізден өтініш: ата-аналардың сұрауымен 3-курс студенті Кеңес Гүлжанатты 2018-2019 оқу жылындағы өткізілетін өндірістік практикаға №181 Жалпы білім беретін мектепке қайта жіберуіңізді өтінеміз. Ата-аналар тарапынан жасалынған бұл ұсынысымыз жауапсыз қалмайды деген үміттеміз.
Answer:

Құрметті Сапура Бүркітбекқызы! Ұстаздарымыздың еңбегін, студентіміздің қабілетін бағалап, жақсы пікір білдіргеніңіз үшін Сізге алғыс айтамыз.  

Университетіміздің Педагогика және психология институты тарапынан «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының білім алушылары ағылшын тілі және информатика пәндері бойынша қосымша мамандандыру мақсатында білім беру нысандарына жіберіледі. 2018-2019 оқу жылында білім беру нысандарының оқу жоспарларына сәйкес «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенттерін өндірістік тәжірибеге жіберу кезінде Кеңес Гүлжанатты №181 жалпы білім беру мектебіне жіберу туралы өтінішіңізді міндетті түрде ескеретін боламыз.

01-03-2018 14-16-42   From students

Author: Кенжебеков Есенгельды Ниетбекович

Question # 99
Салеметсиз бе?Мен филология жане коптилди билим беру иниститутынын 1 курс студентимин.Шартты оку жуйесимен окып кта-дан 108 балл алдым.Алеуметтик жагдайыма байланысты маган женилдиктер карастыралама?Ата анам жумыссыз.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Сіздің жағдайыңызда жеңілдік мүмкіндігі ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін кешенді тестілеуді қайта тапсырушыларға байланысты қарастырылатын болады.

28-02-2018 18-32-42   From parents

Author: Anonymous

Question # 98
Сәлеметсіз бе Тахир мырза!менің балам Жги-да ағылшын бөлімінде 2 курста оқиды.бірақ 1курстан бері көріп келе жатқанымыз мұғалімдердің барлығы дерлік ағылшын тобындағы студенттерге төмен баға қойып,жазғы семестрге калдырып жатыр.осы жолы кыскы семестрде баламды жане онын тобының жартысынан көбін жазға қалдырды.тестті жақсы жаттап 3 қана сұрақтан қате бар екенін тексерді.бірақ аппеляцияға бере алмадық.баланың көз жасына қалып отыр ғой.тағы бір шағымым Унербаева Зульфия Оралбаевна менің жұмысымды істемесеңдер рубежкаларына жақсы балл қоймаймын деп боп салап жатыр.тек менің өзімнің жұмысымды жасаған студенттерге баллды жақсы коямын дейди.сабагын отпейди.тек жұмысын жасатады екен.дәлел бар.балалар ертен сессияны калай тапсырмақ.сонда біз не үшін шырылдап ақша жинап баламызды оқытып отырмыз ұстаздары осылай болса.ұстаз деуге де тілім бармайды.балама зияны тиеп кете ме деп коркам.себеби 4курска дейін озим берем депті.осы жағдайға көз жұма карамасаныз деймін.Нәтиже күтемін.Ертеңгі күнде сіздің тарапыңыздан нәтиже болмаса, ол кісіні сотқа беруге дейін барам!рахмет!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Сіздің Жаратылыстану және география институтының «5В011200-Химия» мамандығының оқытушыларына қатысты шағымыңыз қарастырылып, Зульфия Унербаевадан түсініктеме алынды. Аталған шағымдар бойынша тиісті тексеріс жұмыстары жүргізілді. Хатыңызда «1 курстан бері көріп келе жатқанымыз мұғалімдердің барлығы дерлік ағылшын тобындағы студенттерге төмен баға қойып, жазғы семестрге қалдырып жатыр.осы жолы кыскы семестрде баламды жане онын тобының жартысынан көбін жазға қалдырды» деп көрсетілген шағымыңыз бойынша тексеріс нәтижесінде анықталған мәліметтер: Топта оқитын 25 студенттің 5-уі ақылы бөлімде оқиды. Топтың 1 курстан бері оқу үлгерімдерін талдау барысында 1 курстағы сессиялар қорытындысы бойынша тек  1 студент, ал  2017-2018 оқу жылындағы қысқы сессия қорытындысы бойынша «Ақпараттық-коммуникациялық технология» пәнінен 3 студент тест тапсыра алмай, жазғы семестрге қалдырылғаны туралы мәлімет алынды.

Тестілеу кезінде кеткен қателіктерге келетін болсақ, директорат тарапынан студенттерге апелляция туралы толық мәлімет берілді. Апелляцияға өтініш тестілеу кезінде бірнеше мәрте тест тапсырмаларының сәйкессіздігі айғақтары немесе тестілеу нәтижелерін есептеудегі техникалық ақаулар орын алған жағдайдаларда беріледі. Тест қорытындысы бойынша шағымыңызға байланысты жоғарыда аталған жағдайларды ескеру қажет. Оқытушы Зульфия Унербаеваның білім беру талаптарын сақтамауына қатысты нақты дәлелдеріңіз болса, аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 15:00-17:00 аралығында қабылдауыма келсеңіз болады. Сұрағыңызға рахмет!

26-02-2018 15-11-32   From students

Author: Сүгірбаев Әкежан Қайратұлы

Question # 97
Салеметсиз бе құрметті Такир Оспанович! Мен биыл Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтын екі шет тілі мамандығы бойынша бітіремін! Менің сізден сұрайын дегенім сіздердің университеттеріңіз магистратураға бөлетін мақсатты (целевой) грант жайында болып отыр. Сіздер басқа жоғары оқу орнын бітірген студенттерге магистратура үшін мақсатты грантты бере аласыздар ма және осы грант түрі екі шет тілі мамандығы бойынша сіздердің жоғары оқу орындарыңызға жыл сайын білім және ғылым министрлігі тарапынан қанша грант бөлінеді? Алдын ала үлкен рахмет!
Answer:

Құрметті Әкежан Қайратұлы! Абай атындағы ҚазҰПУ өз мамандықтарына сіздер үшін мақсатты грант сұрай алмайды. «6М011900-Шет тілі: екі шет тілі» мамандығына Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтынан мақсатты грантқа түскіңіз келетін болса, Білім және ғылым министрлігінен мақсатты грантқа орын бөлуді өзіңіз бітіргелі отырған жоғары оқу орны сұрауы қажет.

Университетімізге 2017-2018 оқу жылында «6М011900-Шет тілі: екі шет тілі» мамандағы бойынша 12 мемлекеттік грант бөлінген болатын,бірақ мақсатты грант болған жоқ.

25-02-2018 23-50-18   From applicant

Author: Абильхаирова Р. Р.

Question # 96
Здравствуйте! Я заканчиваю бакалавриат по специальности "Информационные системы" могу ли поступить на второе высшее на специальность"Сурдопедагогика"? Подскажите сроки обучения, заочно или очно?
Answer:

Здравствуйте! Для получения второго высшего образования Вы можете поступить на любую специальность. Обучение заочное, срок обучения - 2 года.

25-02-2018 14-00-51   From students

Author: Студент

Question # 95
Құрметті Ректор мырза, мен Педагогика және психология институтында 5В050300-Психология мамандығында оқимын. Бізге өткен аптада институт директоры мен орынбасарлары жиналыс өткізді. олардың айтуынша, 1 курс студентінің ата-анасы менің қызымды жұмсай береді деп арыз жазыпты. Бұрын блокта не жазылатынын білмейді екенмін. Содан соң бүгін кіріп оқып отырып таң қалдым. Егер ол кісіге ұнамаса өзі жеке өтініш айтуына болар еді ғой, неге бәріміздің атымыздан сөйлейді? Мысалы, менің ата-анам сабағыңды да оқы, қоғамдық жұмыстарға да қатыс, үлкендердің айтқанын орында, одан жаман болмайсың деп отырады. Өзім барлық болып жатқан қосымша жұмыстардан тыс қалмауға тырысамын. Бұл маған ұнайды. Өз жұмыстарына жұмсап жатқан да ешкім жоқ қой, тек түрлі концерт, жиналыс, спорттық жарыстарға алып барады. Оның несі жаман? Қатысқысы келмесе ашық айтуына болады ғой арыз жазып шулатпай. Сабақты да оқимыз, коғамдық жұмыстарға да қатысамыз, студенттік өмір осынысымен қызық емес пе?
Answer:

Құрметті студент! Пікіріңіз үшін рахмет! Оқу үдерісімен қатар университеттің қоғамдық-мәдени өміріне белсене араласып, жоғары жетістіктерге жетіп жүрген білім алушыларды әрқашан қолдаймыз.

23-02-2018 16-52-42   From students

Author: Anonymous

Question # 94
Сәлеметсіз бе,ректор мырза! Сіз басшылыққа келгелі оң өзгерістер болып жатқаны белгілі.Жатақханаға келіп студенттер жағдайын біліп тұрғаныңыздың өзі бір қуаныш. Сол дәстүрден адаспаспыз деп үміттенемін. Менің 1 мәселем, 1 ұсынысым бар. Менің мәселем ғана емес, жалпы барлық студенттерге ортақ мәселе.
1.Интернет желісі "КАЗНПУ" деп "уайфай" шығып тұрғанынан не пайда, ешқашан жасамайды. Жатақханада да сол жағдай интернеттің аты бар да, заты жоқ. Студенттер игілігіне қолданбаса ол интернеттің неғып тұрғанын түсінбедім. Бүкіл университетке, жатақханаға ғаламторды қолжетімді ету қиын мәселе емес деп ойлаймын. Ғаламтор ылғи керек нәрсе екені анық. Осы мәселе тезірек шешілер деп үміттенемін.
2. Университте тіл үйірмесі ашылса, нақтылап айтқанда ағылшын тілі үйірмесі. Ағылшынсыз қайда бармақпыз? Менің ағылшын курсына баруға қаржылық жағдайым жетпейді.Егер ағылшын тілі үйірмесі ашылар болса, студенттер шексіз риза болушы еді деген ойдамын. Ойымды жақсы жағынан түсініңіз. Жалпы көптеген қызықты үйірмелер қатары көбейсе біз тек қуанамыз. Қолөнер, домбыра деген сияқты үйірмелер ашылса да біз шексіз қуанамыз.
Одан кейінгі айтарым, жастарға арналған көптеген қызықты шаралар ұйымдастырылып, студенттік өміріміз білім мен қызықтарға толы болса ғой деп тілеймін.
Жұмысыңыз жемісті болғай! Осы бетіңіізден таймай, жемісті жұмыстар жасай беріңіз!
Answer:

Құрметті студент! Ағымдағы жылда Университетіміздің барлық жатақханаларында, кітапханалар мен оқу ғимараттардың фойесінде жоғары жылдамдықтағы Wi-Fi желісін орнату жоспарланған. Қазіргі уақытта Wi-Fi желісін күшейту мен Wi-Fi зоналарын кеңейту жұмыстары мемлекеттік сатып алу ережелеріне сәйкес жүргізіліп жатыр. Сұрағыңызда көрсетілген ұсыныстарыңыз міндетті түрде қарастырылатын болады.

22-02-2018 20-07-08   From students

Author: Айнур Сыздыкова

Question # 93
Сәлеметсіз бе!мен 2010 жылдын физика-математика факультетінің түлегімін,казирги уакытта Павлодар облысында жумыс жамаудамын.электронды окулык курган едим,енди рецензияны сиздерден алсам бола ма? Кашыктыктан алу мумкиндиги бар ма?улкен рахмет сиздерге!КазНПУ тулеги болганыма куанамын!
Answer:

Құрметті Айнұр! Қазақ ұлттық педагогикалық университеті өз түлектеріне әрдайым қолдау көрсетуге дайын. Рецензентті тағайындау үшін Сіз құрған электронды оқулық құралы туралы мағлұмат жеткіліксіз. Сұрағыңызға байланысты нақты ақпарат алу үшін Университетіміздің оқу-әдістемелік бөлімімен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефоны: 291-43-61. E-mail: umo_2012@mail.ru.

22-02-2018 17-31-59   From applicant

Author: Назира

Question # 92
Салеметсызбе Ректор Агай! Менин сизге бир сурагым бар еди. Мысалы, Ата- анасы жок сырттай окып жаткан студенттерге комек бересиздерме? Мен келеси жылы ауысайын деп едим Филология факультетине. Отиниш Ректор агай жауап беринизши. Алдын ала улкен рахмет.
Answer:

Құрметті Назира! Сіздің өтінішіңіз міндетті түрде қарастырылатын болады. Университет тарапынан әлеуметтік қолдауға мұқтаж білім алушылардың оқу ақысына жеңілдіктер көрсетіледі. Сұрағыңыз бойынша нақты ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директорымен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефоны: 8 (727) 291-13-71.

21-02-2018 14-58-12   From students

Author: Anonymous

Question # 89
Господин ректор прошу предпринять меры с Худ графа НВП И ФКС требуют собрать с каждого студента по 2000тыс тенге как мы слышали главный студент ФКС са говорять студент 4 курса по имени Думан говорят живет в общаге собирает он с каждого был намёк тип кто не соберёт с теми будем решать ! Сказали собрать до пятницы я не знаю давать нам деньги или нет хотя у нас нет денег все думают что делать мы все приежиии ! Прошу помочь как нибудь пишу пока не стало поздно . У него видимо как говориться много братишек вот они и собирают !
Answer:

Здравствуйте! По Вашему обращению были взяты объяснительные от руководства института, коменданта общежития и указанного лица. Если у Вас есть доказательства по факту вымогательства, Вы можете записаться ко мне на прием (дни приема: вторник и четверг, с 15:00 до 17:00).

21-02-2018 12-24-35   From applicant

Author: Anonymous

Question # 87
Құрметті Такир Оспанұлы, менің қояр сұрағым келесідей , осы жылы қабылдау комиссиясында өткен жылы отырған адамдар бола ма? Осылай сұрап отырғаным, өткен жылы отырған қабылдау комиссия құрамындағы адамдар мәдениетсіз, білімсіз. Олар: Серикова Самал - оқытушы, Саметова Жаңагүл -Директордың ғылым жөніндегі орынбасары, менің көзімше ата-аналармен және студенттермен ұрысты, құжаттарды толтырған үшін 500 теңгеден жинады. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті қаншама ауылдан келген балалар үшін екінші үй, осында өздерінің болашақ армандарын іске асыруға үмітпен келеді, бір қарын майды бір құмалақ шірітеді дегендей, сол комиссия құрамының адамдары университет атына кір келтіреді. Сіз осындай адамдардың жұмысын қолға аласыз деп үміттенемін.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Сіздің шағымыңыз бойынша аталған қызметкерлерден түсініктеме алынып, басшылық тарапынан ескерту жасалды. Қабылдау комиссиясы құрамындағы қызметкерлердің жұмысына қатысты шағымыңызды ескере отырып, университет қабырғасында пара алу фактілерін жою, қызметкерлердің этика талаптарын және тәртіп нормаларын сақтауын қадағалау мақсатында тиісті шаралар қабылданатын болады.

20-02-2018 12-09-02   From students

Author: Anonymous

Question # 86
Мен юриспруденция мамандығы бойынша оқып жатырмын,бірақ, оқып жатқан мамандығым бойынша, соған қатысты пандер сағаты өте аз, аптасына 1ак рет десек те болады, мамандығыма қатысы жоқ сабақтар өте көп, атап отетин болсам "мангилик ел,мадениет географиясы, казак халқының рухани мадениети тб, бул сабақтар менин және баска да студенттердин кызыгушылыгына керек емес, бул пәндер бойынша мен ЮРИСТ мамандығын алып шыға аламын ба??? СУРАЙТЫНЫМ не юридический сабақтарды кыскартсаныз деймін, оның орнына мамандығыма қатысты сабақтарды кобейтсениздер!!! Менин сурауым миндетти турде каралады деп сенеминə!!!!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Университетімізде барлық мамандықтар бойынша 1-2 курс студенттеріне Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқу жоспары бойынша міндетті компоненттегі сабақтар өткізіледі. Сонымен қатар, қосымша оқу түрі  оқытылады. Болашақ заңгер және жеке тұлға ретінде қалыптасуыңызға өтіліп жатқан пәндердің өз үлесі бар. Негізгі мамандықтар бойынша кәсіби пәндер 3-4 курстарда жалғасын табады. Құқықтану емес пәндерді қысқарту университет құзырына кірмейді.Ол пәндер Білім және ғылым салаларындағы құзырлы органдармен қаралып, бекітіледі.

19-02-2018 19-44-07   From students

Author: Сүгірбаев Əкежан Қайратұлы

Question # 85
Салеметсіз бе құрметті ректор мырза! Мен биыл университетті бітіріп сіз басқарып отырған оқу ордасына екі шет тілі мамандығына магистратураға түсейін деген едім. Биылдан бастап магистратураның бірінші яғни ағылшын тілі турына IELTS емтиханының сертификаты міндетті түрде керек дейді. Менің сұрайын дегенім сіздерде де IELTS сертификаты болуы міндетті ме? Алдын ала үлкен рахмет!
Answer:

Құрметті Əкежан Қайратұлы! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары» бойынша дәл қазіргі уақытта магистратураға түсу үшін IELTS сертификаты талап етілмейді. Бірақ, магистратураға түсу үшін құжат қабылдау уақыты басталатын 10-шілдеге дейін алда бес ай бар екенін ескере отырып, қабылдаудың үлгілік қағидаларына өзгеріс болар-болмасын біз айта алмаймыз.

Сондықтан, бізге қойып отырған сұрағыңызды үнемі назарда ұстағаныңыз жөн. Алдағы уақытта сұрақтарыңыз болып жатса, 8(727)-291-57-68 телефонына хабарласып, толыққанды жауап алуға болады.

Total records: 4045

« перв. ... < пред. ...  195  196  197  198  199 200  201  202  203  ... след. >

First name: *


E-mail:



Phone:



Subject:


Question: *


Enter the code from the image: *


Number of questions

May, 2024
3
April, 2024
10
March, 2024
5
February, 2024
20
January, 2024
11
December, 2023
21
November, 2023
19
October, 2023
17
September, 2023
25
August, 2023
39
July, 2023
29
June, 2023
60
May, 2023
41
April, 2023
49
March, 2023
22
February, 2023
42
January, 2023
68
December, 2022
55
November, 2022
50
October, 2022
62
September, 2022
52
August, 2022
33
July, 2022
32
June, 2022
49
May, 2022
139
April, 2022
64
March, 2022
45
February, 2022
46
January, 2022
57
December, 2021
29
November, 2021
43
October, 2021
70
September, 2021
75
August, 2021
109
July, 2021
79
June, 2021
62
May, 2021
69
April, 2021
74
March, 2021
47
February, 2021
42
January, 2021
68
December, 2020
61
November, 2020
62
October, 2020
42
September, 2020
48
August, 2020
57
July, 2020
81
June, 2020
88
May, 2020
65
April, 2020
86
March, 2020
57
February, 2020
37
January, 2020
28
December, 2019
47
November, 2019
72
October, 2019
70
September, 2019
61
August, 2019
88
July, 2019
47
June, 2019
71
May, 2019
54
April, 2019
70
March, 2019
51
February, 2019
45
January, 2019
75
December, 2018
87
November, 2018
51
October, 2018
54
September, 2018
77
August, 2018
105
July, 2018
46
June, 2018
43
May, 2018
45
April, 2018
36
March, 2018
30
February, 2018
28
January, 2018
17
December, 2017
17
November, 2017
12
October, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений