19-02-2018 19-44-07
From students
Author: Сүгірбаев Əкежан Қайратұлы Question # 85 Салеметсіз бе құрметті ректор мырза! Мен биыл университетті бітіріп сіз басқарып отырған оқу ордасына екі шет тілі мамандығына магистратураға түсейін деген едім. Биылдан бастап магистратураның бірінші яғни ағылшын тілі турына IELTS емтиханының сертификаты міндетті түрде керек дейді. Менің сұрайын дегенім сіздерде де IELTS сертификаты болуы міндетті ме? Алдын ала үлкен рахмет!
Answer:
Құрметті Əкежан Қайратұлы! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары» бойынша дәл қазіргі уақытта магистратураға түсу үшін IELTS сертификаты талап етілмейді. Бірақ, магистратураға түсу үшін құжат қабылдау уақыты басталатын 10-шілдеге дейін алда бес ай бар екенін ескере отырып, қабылдаудың үлгілік қағидаларына өзгеріс болар-болмасын біз айта алмаймыз.
Сондықтан, бізге қойып отырған сұрағыңызды үнемі назарда ұстағаныңыз жөн. Алдағы уақытта сұрақтарыңыз болып жатса, 8(727)-291-57-68 телефонына хабарласып, толыққанды жауап алуға болады.
19-02-2018 02-23-57
From students
Author: Anonymous Question # 84 Мен 3 курс студентімін. Осы 3 жылда академиялық болимге шет елде білім алуға көп мәрте барып шаршадым акылы болимде оқитын сштуденттер ге неге шет елге шыгуга болмайды. Оз калтамыздан толеу керек екенбиз. Ақылы бөлімде грантта оқитын студенттерден гөрі тіл білетіндері коп.
Answer:
Құрметті студент! Университетіміздің бекітілген академиялық саясат талаптары бойынша үлгерім көрсеткіштері «А», «А-», «В+», «В», «В-» болған жағдайда ғана студентті академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде шетелдік жоғары оқу орындарына жіберуге болады. Сұрағыңызға қатысты нақты ақпаратты алу үшін Оқу ісі жөніндегі проректоры Сәтмырзаев Асан Адасбекұлына жолығуыңызға болады. Байланыс тел.: 293-81-53.
18-02-2018 20-49-11
From parents
Author: Anonymous Question # 83 саламатсызба осы универге грантқа түсу үшін мектеп оқушыларына олимпиада конкурстар өткізесіздерма баска универлерде сондай олимпиадалар өтіп жатыр мен сіздердің КазНПУ университеттеріңізде сондай конкурс болганын калаймын ракмет
Answer:
Сәлеметсіз бе! Ағымдағы жылдың наурыз айында Университет тарапынан мектеп оқушыларына арналған «Абай сыйы» олимпиадасы жүргізіледі. Олимпиаданың ережелері наурыз айының басында ресми сайтымыздың «Хабарландырулар» бөлімінде жарияланатын болады. Олимпиада 2 кезеңнен тұрады: І кезең онлайн түрде өткізіледі. Іріктеу нәтижесінде өткен қатысушылар университетте өткізілетін ІІ кезеңге қатысуға жолдама алады. Олимпиадаға қатысып, жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздарға Университетімізде оқуға 20%-дан 50%-ға дейін жеңілдік беру қарастырылған.
18-02-2018 00-23-48
From students
Author: Aidana Question # 81 Здравствуйте, ректор в тот раз проводил собрание но мы не смогли задать свой вопрос, у нас такая проблема, почему нас заставляют собирать деньги о покупать мебель в кабинет, это ведь не наше обязанность именно факультет педагогики и психологии, еще хотим сказать от всей группы, почему магистрантам и докторонтам не проходят занятие сидим от безделие не знаем куда деваться уже, на том семестре у нас собирали деньги преподы по английскому языку это не наше профессия но все равно они тоже занятие проходили как попало, и очень загружают магистрантов эти учителя со своими документами это тоже не наша работа, мы пришли сюда учиться а не собирать деньги и сидеть на занятиях ничего не делая, сделайте что нибудь, и пусть нас не заставляют собирать деньги на мебель или на бумагу в кабинет мы тоже студенты учимся на платном отделении
Answer:
Здравствуйте! Содержание Вашего обращения обсуждалось с руководством Института педагогики и психологии. В частности, принято решение о создании специальной комиссии, которая ведет контроль за проведением занятий в магистратуре. На собрании Института заведующим и преподавателям было рекомендовано строго соблюдать "Кодекс честности". Если у Вас есть доказательства по факту вымогательства, Вы можете записаться ко мне на прием (дни приема: вторник и четверг, с 15:00 до 17:00).
16-02-2018 16-44-37
From applicant
Author: Сулейменова Данира Аягановна Question # 79 Добрый день, требуется архивная справка о подтверждении в том что обучалась на факультете музыки, хореографии и народного искусства по специальности фортепиано с 1992 по 1995 годы, очная форма обучения. Для трудового стажа. Нет возможности приехать, живём в Астане. Можно выслать по адресу: 010000 город Астана, улица 188, дом 19/2, квартира 12. Заранее благодарю
Answer:
Здравствуйте! По Вашему запросу на указанный Вами адрес 23.02.2018 г. была направлена архивная справка. Для получения более детальной информации свяжитесь с сотрудниками Отдела документационного обеспечения и контроля КазНПУ им. Абая: 291-48-74.
15-02-2018 01-30-13
From students
Author: Сүгірбаев Əкежан Қайратұлы Question # 77 Салеметсіз бе, Такир Оспанович! Мен қазірде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 4 курс студентімін. Мен сіз басқарып отырған қасиетті оқу орнына магистратураға түскім келеді. Соған орай биыл таныстарымнан есітіп едім магистратураға түсу үшін міндетті түрде IELTS сертификаты талап етіледі дейді. Соған орай сұрағым осыған байланысты: Биылдан бастап сіздерге магистратураға түсу үшін IELTS сертификаты қажет пе? Алдын ала үлкен рахмет!!!
Answer:
Құрметті Əкежан Қайратұлы! Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары» бойынша дәл қазіргі уақытта магистратураға түсу үшін IELTS сертификаты талап етілмейді. Бірақ, қазір оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына өзгеріс болар-болмасын біз айта алмаймыз. Сондықтан, бізге қойып отырған сұрағыңызды үнемі назарда ұстағаныңыз жөн. Алдағы уақытта сұрақтарыңыз болып жатса, 8(727)-291-57-68 телефонына хабарласып, толыққанды жауап алуға болады.
13-02-2018 21-25-28
From students
Author: Cтудент Question # 76 Құрметті ректор мырза, Студенттердің білім алуына барынша жақсы жағдай жасап жатқандарыңызға, біздер студенттер атынан алғысымызды білдіреміз. ҚР Тұңғыш ЖОО-сында оқып жатқаныма өз басым қуанышытымын. ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық технологияның дамыған заманы, сабақ кезінде осындай технологияларды қолдану білім алуда өте үлкен септігін тигізеді. Менің Сізге айтарым, университеттің компьютерлік сыныптарында орналасқан компьютерлерді жаңартуды, интерактивті тақтамен қамтамасыз етуді өтінемін. Кейбір компьютерлік сыныптағы Компьютерлер ескі, жұмыс жасауға кедергісін тигізетін кездер болады. Сонымен қатар, университетке қызмет көрсетіп жүрген қызметкерлер студенттерге мәдениетті сөйлеуді үйренсе екен. Бұл жағдайды бірнеше рет байқадым, мысалы, физика-математика институтындағы кітапханадағы кітап беретін қызметкерлер, университтің бас ғимаратындағы асханадағы қызметкерлер және күзетшілер студенттермен дөрекі сөйлеседі. Бұл мәдениетті ортаны, университетті, студенттерді сыйламау деп түсінемін. Осы жағдайды қатаң ескертуіңізді өтінемін. Назар аударғаныңызға үлкен рахмет. Жұмысыңызға мол табыс, деніңізге саулық тілеймін!
Answer:
Құрметті студент! Биыл 90 жылдық мерейтой аясында Университетіміздің инфрақұрылымын дамыту, материалдық-техникалық базасын нығайту, білім деңгейін арттыру бағытында жоспарланған шаралар жүзеге асырылатын болады. Сұрағыңызда көрсетілген екінші мәселені міндетті түрде қарастыратын боламыз. Қазіргі уақытта білім алушылар тарапынан түскен шағымдарды ескере отырып, университет қабырғасында пара алу фактілерін жою, қызметкерлердің этика талаптарын сақтауын және тәртіп нормаларының бұзылмауын жіті бақылау мақсатында арнайы комиссия құрамы жұмыс жасауда.
13-02-2018 14-57-46
From students
Author: Anonymous Question # 75 Салеметсізбе ректор мырза!Менің сізге сұрағым студенттерге байланысты болып отыр.Музыкалық білім мамандығы бойынша мұғалімдеріңің сабақ өтпей,шай ішіп, сабакка кешігіп келеді. Мұғалімдеріңіздің педагогикалық этикасы мүлдем жоқ, дөрекі сөйлеп,кейде балағаттайды. Стажы бар білікті мұгалімдер студенттің көзінше айқайлап, ұрысып жатады. Бұл мұғалімдерден қандай тәрбие-тәлім аламыз. Болашақ жас маманбыз. Ертесіне болашағымыз не болмақ?
Сізден Музыкалық білім және хореография кафедрасының мұғалімдеріңіздің этикасы және тәрбие жайлы мәселені шешуіңізді сұраймыз.
Answer:
Сәлеметсіз бе! Сіздің шағымыңызда көрсетілген Музыкалық білім беру және хореография кафедрасының оқытушыларына қатысты шағымыңыз бойынша институт директорына және кафедра меңгерушісіне ескерту жасалынды. Қазіргі уақытта оқытушылардың пара алу фактілері және педагогикалық этика мәселелері бойынша университетімізде арнайы комиссия құрамы жұмыс жасауда.
13-02-2018 12-30-24
Other
Author: Асема Question # 74 Саламатсыз? Осы Университеттің түлегі едім. Естуімше биыл 90 жылдық жоспарланып отыр екен кай уакытта болады? Мақала беріп қатысуға бола ма
Answer:
Құрметті Әсем! Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің 90-жылдық мерейтойын 2018 жылдың қазан айында атап өту жоспарлануда. Университетіміздің мерейтойына орай бірқатар халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастырылады. Жуырда өтетін конференциялар туралы ақпараттар Университетіміздің ресми сайтының «Хабарландырулар» бөлімінде берілген. Мақалаңыздың жариялануы туралы нақты жауап алу үшін Ғылым департаментімен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефоны: 291-10-22, e-mail: nauka_kaznpu@bk.ru.
13-02-2018 12-25-17
From students
Author: Нұрсұлтан Әшіржанұлы Question # 73 Сәлеметсіз бе. Құрметті ректор мырза мен Алматы технологиялық университетінің 1 курс студентімін. Мен өз ұстазымның яғни Абай атындағы ҚазҰПУ-нің 90 жылдығына орай , 1979-1984 жылдар арасында "Абай группасы" болған топ мүшесі Ахатаева Ғалия ұстазымның естелік мақаласын сіздердің сайттарыңызға ұсынсақ деп едік. Сізге біз қалай жіберсек болады?
Answer:
Сәлеметсіз бе! Мақалаңызды web_info@kaznpu.kz электронды поштасына жіберіп, мақалаңыздың мазмұнына байланысты жариялану мүмкіндігі туралы нақты жауап алу үшін Университетіміздің Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімімен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефоны: 293-86-38.
11-02-2018 18-08-01
From applicant
Author: Солтанбеков Серік Question # 72 Сәлеметсіз бе. Менің сұрайм дегенім мен ақылы түрде универде оқимын, бос грант туралы: яғни қалай өтініш беруге болады? GPA корсеткіші менде жоғары, грантка калай умиткер болуга болады?
Answer:
Сәлеметсіз бе! Білім беру грантының бос орындарына арналған конкурс туралы ақпарат Университетіміздің ресми сайтының «Хабарландырулар» бөлімінде (http://www.kaznpu.kz/kz/1110/notice/) жарияланған болатын. Хабарландыруда конкурсқа қатысты талаптар мен құжаттар тізімі көрсетілген. Қажетті құжаттарды өзіңіз оқитын институт директоратыңызға немесе «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығына өткізуіңізге болады.
11-02-2018 15-02-29
From students
Author: Anonymous Question # 70 Құрметті Такир Оспанұлы,
ғылыми зерттеу диссертациясын ағылшын тілінде жазып, қорғауға мүмкіндік бересіз бе? Барлық докторанттардың шетелдік және отандық кеңесшілері бар. Қазақ әліпбиі латынша болатын болса, біздің жазған ғылыми еңбекті кім оқиды. Қазақстанда 3 тілділік деген дамып жатыр. Неге ағылшын тілінде қолғауға болмайды? Мен почти барлық информацияны ағылшын және неміс тілдерінде аламын, қазақ тілінде ғылыми еңбектер аз.
Құрметпен, Жайна
Answer:
Сәлеметсіз бе! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 31- наурызындағы «Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы» №126 бұйрығымен бекітілген ереженің 11-тармағына сәйкес докторант өзінің диссертациялық жұмысын мемлекеттік, орыс немесе ағылшын тілдерінің бірінде орындауға және қорғауға құқылы.
10-02-2018 23-32-51
From parents
Author: Батыр Максатович Question # 69 ППИ-нын зам.директор (тәрбие ісі жөніндегі ) . Менің 1 курс окиттің қызымды орынсыз жұмсай береді. Қандай құқығы бар. Мен звандаган кезімде "сіз кымсыз" деп телефонды қойып тастай береді. Қабылдау бөлімге звандасам "бастық жоқ, дейді " , қандай масқара. Енді кімге барып айтуга болады. Орынсыз жумсамандар студент жастарды . Олар ойыншық емес. Ректор мырза, осы мәселені шешып беріңіз.
Answer:
Құрметті ата-ана! Сіздің шағымыңыз бойынша Педагогика және психология институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына ескерту жасалынды. Оқу үрдісіне байланысты шешілмей жатқан тағы да басқа сұрақтарыңыз болса, Университеттің Оқу ісі жөніндегі проректоры Сәтмырзаев Асан Адасбекұлына хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 293-81-53.
10-02-2018 20-23-22
From applicant
Author: Anonymous Question # 68 Саламатсыз ба, мен 2018 жылдың түлегімін. ҚазҰПУ-ға, бастауыш мұғалімі мамандығына түсемін деп жүрмін. Осы мамандыққа қанша грант бөлінгенін және шамамен қанша баллмен грантқа түсуге болады екен?
Answer:
Құрметті талапкер! Сіз сұрап отырған «5В010200 – Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына 2017 жылы Қазақстан Республикасы бойынша қазақ бөліміне 83 грант, орыс бөліміне 27 грант берілді. Абай атындағы ҚазҰПУ үшін арнайы 17 грант (10 грант – қазақ бөлімі үшін, 7 грант – орыс бөлімі үшін) бөлінді.
Республика бойынша өткен конкурстың нәтижесінде Абай атындағы ҚазҰПУ-ға аталмыш мамандық бойынша грантқа 21 талапкер қабылданды (14-і қазақ бөліміне, 7-уі орыс бөліміне). 2017 жылғы конкурс нәтижесі бойынша аталмыш мамандыққа ауыл квотасы бойынша ең төменгі өту балы - 98 балл болғанын хабарлаймыз.
09-02-2018 12-58-21
From students
Author: Жагипарова Гульназ Бекежанкызы Question # 67 Здравствуйте, уважаемый Такир Оспанович!
Меня зовут Жагипарова Гульназ, я магистрантка 1 курса специальности 6М010500- Дефектология. Пишу Вам письмо, так как, к Вам «как к президенту - не пройти, не дыхнуть». В день, когда проводилась Ваша встреча с магистрантами и докторантами университета у меня было занятие, на мою просьбу отпустить меня на встречу с Вами, была на столько бурная отрицательная реакция, что в итоге меня так и не отпустили.
А обратиться я к Вам хотела со следующим вопросом: обучаюсь я на платном отделении, отец умер, мать инвалид 2 группы. С сентября бегала по всем инстанциям, прося хотя бы минимальной скидки, везде двери закрывали со словами «магистрантам скидки нет, все!».
В данный момент, на сколько я знаю, освободился один грант на специальности 6М010300-Педагогика и психология, возможно ли перевести меня на эту специальность или грант перевести на мою специальность (у меня нет академической задолжности, GPA бал выше 3.0), если нет, то прошу Вас о помощи в виде хотя бы самой минимальной скидки. Сильная нужда заставила меня обратиться к Вам за помощью, так как оплачивать 630.000 тенге за обучение очень-очень сложно для меня в данный момент.
Я слышала, как Вы помогли многим абитуриентам в этом году со скидками за обучение, это меня сильно тронуло и я была на столько восхищена этим, что во мне зародились надежда и энтузиазм, однако встретиться с Вами, к сожалению, так и не удалось.
Спасибо, буду ждать ответа.
С уважением, Жагипарова Гульназ.
Answer:
Уважаемая Гульназ! Перевод с платной основы на образовательный грант осуществляется в каникулярное время при наличии вакантных мест на конкурсной основе в соответствии с Правилами присуждения образовательного гранта МОН РК. По Вашему обращению директор Департамента по академическим вопросам Хайрулла Нышанович Жанибеков будет ходатайствовать о Вашем переводе на специальность «6М010300 - Педагогика и психология».
06-02-2018 13-47-06
Other
Author: Гүлсая Құттыбекқызы Question # 66 Құрметті Тахир Оспанұлы! Мен Сіз басқарып отырған университет қызметкерімін. Яғни кафедраның аға лабрантымын.Кафедраның барлық құжаттарымен айналысамыз.Қысқасы барлық жұмыс біздің мойнымызға артылған. Бас ғимааратқа бір қағазға қолқойдыруға бастықтардың алдында 2 сағат тұрамыз. Кафедрадағы ер балдар жасайтын кейбір жұмыстарды да біз жасаймыз. Таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін жұмыста отырамыз. Оқытушылармен бірдей жұмыс жасаймыз.Мен Гуманитарлық ғылымдардың магистрімін.дінтану мамандығын бітіргенмін.бірақ маған сағат берілмеді. Жастарға орын бермейді. Лаборанттықтың айлығы мүлде аз. 36000 теңге ғана. Өзім пәтер жалдап тұрамын 25мыңға. тамағыма да жетпейді қалған ақша. Осы мәселені қарасаңыз деймін. Бізді ешкім елегісі де келмейді. Жұмыс көлеміне қарай айлық көрсеткішімізді де сай болу керек ғой. осы мәселені қарап, шешіп берсеңіз екен.Алдын-ала рахмет!
Answer:
Құрметті Гүлсая Құттыбекқызы! Сіздің шағымыңыз бойынша жалақы мәселесін қарастыратын боламыз. Сұрағыңызға қатысты толық мәліметті алу үшін Тарих және құқық институтының директоры Жұмағұлов Болат Сағидоллаұлымен хабарласуыңызға болады.
05-02-2018 14-04-27
Other
Author: женский коллектив ИМФИ Question # 64 Здравствуйте уважаемый Такир Оспанович!
хотели бы знать, когда наконец откроют женские туалеты на этажах в корпусе № 5 (Физ-мат факультет)? потому что вот уже полгода и студенты и ППС (женского пола) вынуждены пользоваться одним туалетом на первом этаже, причем ни дверей ничего там нет. уже не говоря о соблюдении этических норм, там выстраиваются большие очереди на переменках.
хотим знать, когда будут нормальные условия. Просим Вас принять меры.
Answer:
Здравствуйте! Ваш вопрос направлен в Департамент по развитию инфраструктуры. В течение марта 2018 года в корпусе №5 будут проведены соответствующие ремонтные работы.
03-02-2018 10-52-11
From applicant
Author: Асем Question # 61 Cәлеметсізбе.Мен 11-сынып оқушысы едім,психология және дифектология мамандықтарына грантқа түсу үшін неше балл жинау керек ҰБТ-дан?
Answer:
Құрметті Әсем! Университетіміздің Сіз қызығушылық танытып отырған «Психология» және «Дефектология» мамандықтарына талапкерлер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысымен бекітілген «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары» ережелеріне сәйкес қабылданады. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін 8 (727)-291-57-68 телефонына хабарласуыңызға болады.
31-01-2018 23-07-59
From students
Author: Anonymous Question # 59 Салеметсізбе ректор мырза!Менің сізге сұрағым докторанттарға байланысты болып отыр. Мұғалімдеріңің сабақ өтпей,шай ішіп, өз сабақтарын докторанттарға жүктеп қояды екен.Мұғалімдеріңіздің педагогикалық этикасы мүлдем жоқ, дөрекі сөйлеп,барлық жұмыстарын істетеді екен. Күнде сабаққа келу керексің деп міндеттейді, бірақ қазіргі қиын уақытта көп докторант жұмыс істейді ғой, олар тек стипендияға қарап отыра алмайды ғой, көбінің отбасы бар. Мұғалімдер сабақ кестелерін әркім өзіне ыңғайлы етіп алған, ал докторанттарға ыңғайсыз. Барлық басқа жоғарғы оқу орнындарында магистранттар мен докторанттарға барлық жағдай жасалып, сабақтарының барлығы кешкі 6-дан кейін қойылған. Неге сіздерге де солай жасамасқа? Сізден докторанттардың сабақ кестесі мен мұғалімдеріңіздің этикасы жайлы мәселені шешуіңізді сұраймын.
Answer:
Құрметті студент! PhD докторанттардың оқу жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.08.2012 ж. №1080 қаулысымен бекітілген,13.05.2016 ж. №292 қаулысының «Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына» сәйкес жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда Университетімізде PhD докторантура бағдарламасы бойынша оқитын докторанттарымыздың 80% оқытушылық қызмет атқарады. Сұрағыңызда көрсетілген екінші мәселе бойынша арнайы комиссия құрылып, оқытушыларға қатысты шағымдар қарастырылуда.
Оқу үрдісіне қатысты сұрақтарыңыз болса, 8 ақпан күні сағат 11:00 –де Бас оқу ғимаратының 225 конференц залында өтетін докторанттармен кездесуіме келсеңіз болады.
30-01-2018 18-07-37
From students
Author: Студент Question # 58 Уважаемый Такир Оспанович!
В связи с тем, что уже все накипело, не мог не написать Вам! Поскольку Вы являетесь высшей инстанцией в нашей (к сожалению) альма-матер. Я студент старших курсов, работаю на протяжении нескольких лет, как поступил к Вам. Учусь на платном. Но это вовсе не означает, что я раздолбай, извините за выражение, двоечник, к моему и родительскому сожалению не поступил на грант. Дело не в этом. Дело в том, что я своей зарплатой кормлю взяточников кафедры военной подготовки, который мог бы расходовать в личных целях, либо на благое дело. Всей этой системе коррупции и безнаказанности нет конца! Прошу Вас разобраться, в противном случае, придется обратиться в органы. Я покину стены университета, но после меня будут приходить и учится другие будущие абитуриенты. Они, в том числе, я, будущие педагоги, чему нас учат?
Answer:
Здравствуйте! Благодарю за своевременное обращение. В нашем университете, как и в обществе в целом, должна быть нулевая терпимость ко всем проявлениям коррупции. По Вашему обращению от руководителя военной кафедры получены объяснения. С целью выявления и устранения фактов коррупции работает специальная комиссия. По итогам ее работы будут приняты соответствующие меры.
Если у Вас есть доказательства по факту вымогательства, Вы можете записаться ко мне на прием (дни приема: вторник и четверг, с 15:00 до 17:00).
Total records: 4046