Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Welcome to the rector’s blog!

 

 

Dear visitors to the website!
 
The Rector`s blog was created to connect with students, staff and teachers of the University. You can leave your comments, ask questions and make suggestions. Open and regular discussion of issues will help the University administration to work fruitfully.
 
I hope that this platform will expand opportunities for the solution of many problems in our common work, will become an important mechanism for effective mutual exchange of information and implementation of tasks.
 
We are open for dialogue, all appeals will be considered. Every question will be answered.
 
 
Email: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 
 
 
 
 
The Rector's personal reception takes place on the 1st and 3rd Fridays of each month during the academic year - from 3.00 p.m. to 5.00 p.m.
  • Quessions-answers
  • Ask a question
  • Statistics
20-12-2018 15-58-31   From students

Author: Anonymous

Question # 722
Уважаемый Тахир Оспанович! Не давно наши эдвайзеры ,показали приказ ,что с 70 баллов оценка являеться удовлетворительно. То есть снизили порог допустимых баллов для получение стипенди. Почему тогда и не снизить минимальный проходной балл хотя бы начиная с 45? И еще один вопрос если при получение 25-49 баллов на экзамене , подоют заевление на повторное прохождения экзамена, но даже если при повторном прохождения экзамена при удовлетворительном баллах , стипендия все же лишается , почему так происходит? И можно ли ее вернуть на зимней сессии? Просто толком ни кто не может дать ответы , на эти вопросы.
Answer:

Здравствуйте. Для получения исчерпывающего, т.е. полного и подробного разъяснения по этим вопросам Вам следует обратиться к проректору по учебной работе Асану Адасбековичу Сатмырзаеву (Главный учебный корпус, каб. 210). Контактные тел.: 293-81-53.

20-12-2018 14-11-48   From students

Author: Аноним

Question # 721
Сәлеметсіз бе! Менің білгім келгені неге емтиханға бар болғаны 1-ақ сағат беріледі. Бір сағатта 3 сұраққа жауап беру мүмкін емес.Ой жинақтау, ой қорыту деген сияқты нәрселер болады ғой. ҚазҰУ-да,мысалы, 2,5 сағат беріледі. Осыған шара қолдансаңыз!
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Шағымыңыз міндетті түрде қарастырылады.

19-12-2018 23-22-47   From students

Author: Anonymous

Question # 720
Сәлеметсіз бе ?! Сізге қояр сауалым 70 баллдан жоғары жинаған студен степендия ала ма ? Осы жүйе енгізілді ме? Универ жүйесінде тұр.
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа шкаласына сәйкес, мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқитын білім алушыларға аралық аттестаттау бойынша барлық емтихандарды «А», «А-», «В+», «В», «В-», «С+» (70-74) – «жақсы» бағаларына тапсыру шартымен стипендия төленеді. Жүйе енгізіледі.

19-12-2018 21-40-40   From parents

Author: Фарида Мананбаева

Question # 719
Құрметті Такир Оспанұлы, мен Мананбаева Фарида Алматы облысы, Райымбек ауданы, Талас ауылының тұрғынымын. Көпбалалы анамын. «Алтын алқа» төс белгісінің иегерімін. Менің немере қызым, Нурғалық Марфуға осы университеттің филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2-курсының күндізгі бөлімінде ақылы түрде білім алып жатыр. Былтырғы жылы немерем ҰБТ-дан 95 бал алған. Бірақ сіздердің қызметкерлеріңіздің салғырттығының кесірінен 30% жеңілдікке қол жеткізе алмай келеміз. Оған қоса әлеуметтік жағдайға байланысты жеңілдік те берілмеді. Сізге жазған кезімізде «келесі жылы міндетті түрде қарастырамыз» деп жауап қайтарған едіңіз. Биылғы оқу жылында әлеуметтік жеңілдікке байланысты, атап айтқанда «көпбалалы және ата-анасы жұмыс істемейді» деген құжаттарды 14-қыркүйек күні Филология және көптілді білім беру институтының директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Молдасанов Ерсайынға өткізген болатынбыз. Міндетті түрде қарастырылады деген болатын. Биыл да жеңілдік берілмеді. Немере қызым 5 ағайынды, ұлым мен келінім жұмыс жасамайды. Осыған байланысты бір көмек беруіңізді сұраймын. Немесе уақытыңызды бөліп мені қабылдауыңызды өтінемін.


Құрметпен ардақты ана Мананбаева Фарида!
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Университет бойынша 2018/2019 оқу жылында Филология және көптілді білім беру институтына оқу ақысына жеңілдік көрсетуге 91 орын бөлінді. Институт бойынша білім алушылар тарапынан 137 студент өтініш берді. Өтініштерді қарастыру барысында институт жанынан құрылған комиссия мүшелерінің шешімі бойынша әлеуметтік қолдауға зәру толық және жартылай жетім,мүгедектігі туралы анықтамасы бар, көпбалалы отбасынан шыққан толық емес отбасына байланысты әлеуметтік жағдайы төмен білім алушылар, сондай-ақ университеттің жастар саясатын дамыту және институттың студенттік өзін-өзі басқару жұмыстарына белсене қатысатын студенттер жеңілдікке ұсынылды.

Студент Марфуға Нұрғалыққа ата-анасының 40/48 жаста екендігін ескере отырып, жұмысқа қабілетті және әлеуметтік жағдай мүмкіндігі шектеулі топқа жатпайтындығына және сіңілісінің ақылы бөлімде оқитындығы туралы құжаты жоқ болуына байланысты жеңілдік берілмегені анықталды.

Сұрағыңыз бойынша нақты ақпарат алу үшін институт директоры Балтабай Әбдіғазиұлымен хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 291-16-06, 291-18-35. Сұрағыңызға рахмет!

19-12-2018 21-19-50   From applicant

Author: Аяжан Арxимедқызы

Question # 718
Сәлеметсіз бе?! Мен Аяжан Арxимедқызы мектеп оқушысымын. Алла қаласы келесі жылы осы Абай атындағы ҚазҰпу-не дизайн мамандығына оқуға түспек ойым бар. Сізден сұрайын дегенім осы дизайн мамандығының оқу ақысы қанша? Дизайнға грант бөліне ме? Оқуға түсу үшін қандай құжаттар жинайды? Осы сұрақтарға толық жауап берсеңіз, жақсы болар еді!
Answer:

Сәлеметсіз бе, Аяжан Архимедқызы! 
Университетіміздің «5В042100 – Дизайн» мамандығы бойынша 1 жылдық оқу ақысы 506 000 теңгені құрайды. 2018-2019 оқу жылына республика бойынша қазақ бөліміне - 49, орыс бөліміне - 16 орын, барлығы 65 орын бөлінген. Университетке оқуға тапсыру үшін төмендегідей құжаттар керек:
1) ЖОО-ның қабылдау комиссиясына оқуға қабылдау туралы өтініш беріледі; 
2) Жалпы орта білім туралы құжаттың төлнұсқасы;
3) 3х4 көлемдегі 6 фотосурет;
4) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) ҰБТ сертификаты (бар болса);
6) 086-У нысанындағы медициналық анықтама.

Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін оқу орнымыздың Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.:  8(727)291-57-68, 291-73-71, 291-87-80.

19-12-2018 17-21-16   From applicant

Author: Anonymous

Question # 717
Құрметті Ректор мырза!!! Сізге 1 курс студенттері артынан үлкен өтініш болып тұр!!! Біз енді ғана үлкен қалаға келіп, жаңа өмірге аяқ бастық. Ата-анамыздан мұнша уақыт алыстап көрмеген едік!!! 4 ай уақыт болды. Сізге деген өтінішіміз. Қысқы демалыс мерзімін қарастырыңызшы өтініш. Естуімізше демалыс тек қаңтар айының 12 жұлдызына дейін болады екен. Өтініш бір жылдары университетте демалыс мерзімі қаңтар айының 22-24 жұлдызына дейін болған екен. Осы жылғы демалыс мерзімі де сол уақытқа дейін болса екен деген үлкен өтінішіміз бар!!!
Answer:

Құрметті студент!

Университеттегі әр оқу жылының академиялық күнтізбесі Ғылыми кеңес мәжілісінде бекітіледі. Осы күнтізбе негізінде кез-келген білімді бақылау формалары (ағымдағы аттестаттау, аралық бақылау және т.б.) мен семестр кезеңдерінің мерзімдері, тәжірибеден өту уақыты, демалыс күндері белгіленеді.

Демалыс мерзімін қарастыру туралы өтінішіңіз міндетті түрде ескеріледі. Рахмет!

19-12-2018 16-30-13   From students

Author: Гүлсара Ерболатқызы

Question # 716
Құрметті Тахир Оспанұлы. Мен осы университеттің 1-курс магистрантымын. Мен бүгінгі өткен сессияға қатыса алмадым. Үлкен күрделі себептер болып. Бакалавр оқып жүрген кезде де бірде бір сессияны жіберген емеспін. Енді себебімді айтып өтініш жазып тапсырсам болады ма десем болмайды деп отыр. Әркімде әртүрлі жағдай болады, түсіністікпен қарауға болады ғой ағай.Көп адамнан сұрадым, біреуі нақты жауап бермейді. Сізден сұрайыншы өтінішімді жазып себебімді айтып тапсырсам болады ма? Рұқсат беріледі ме?
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Сұрағыңыз бойынша нақты жауап алу үшін Оқу ісі жөніндегі проректор Асан Адасбекұлы Сәтмырзаевқа хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 293-81-53.

18-12-2018 22-00-14   From students

Author: Anonymous

Question # 715
Саламатсыз ба? Балыкбаев Такир Оспанович айтайын дегенім,мен филология және көп тілді білім беру институтының 1 курс студентімін. Бізге биылғы жылы 1 рет сессия тапсырайын деп жатырмыз! Мен түсінбеймін неге 3-4 камерадан қойылып жатыр,біз биылғы жылы 1курс болғандықтан ондай қысымның қажеті жоқ!өйткені бұл ҰБТ емес қой,сол себепті сізден сұрайтыным бізге қатты қайыншылық көрсетпесінші, сізден сұрайтыным.
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Аудиториялардағы видеоқұрылғылар емтихан кезінде білім алушылар мен комиссия мүшелері тарапынан тест тапсыру ережелерінің бұзылмауын қадағалау үшін орнатылды. Білім алушыларға қысым көрсетілмейді.

17-12-2018 19-16-33   From students

Author: Қобландина Аружан Сұлтанбекқызы

Question # 713
Мен,Қобландина Аружан Сұлтанбекқызы, "Құқықтану" мамандығының 1-курс студенті боламын. Осы блогты пайдалана отырып, барлық оқытушыларға алғысымды білдіремін. Әсіресе, Қасымбек Алия Орынбасарқызы, білімі мол, жоғары білікті, ой өрісі кең, жан-жақты оқытушы. Сабақ өткізу барысында аудиторияны өзіне тез бағындырып, сабағын қызықты өткізеді. Осы уақытқа дейін Қасымбек Алия Орынбасарқызының жетекшілігімен түрлі конференцияларға қатысып, сертификаттармен марапатталдым.
Answer:

Құрметті Аружан! Оқытушыңыз Алия Орынбасарқызы Қасымбек туралы пікір қалдырғаныңыз үшін алғыс айтамыз.
 
Білім алушылар оқу барысында конференциялар мен университет қабырғасындағы маңызды іс-шараларға қатысу арқылы болашақта зерттеу жұмыстарын жүргізуге және пайдалы тәжірбиелермен алмасуға мүмкіндік алады. Рахмет!
17-12-2018 12-13-30   From students

Author: Anonymous

Question # 712
Салеметсіз бе!
жатаханада тұрғандар массовкаға баруға міндетті ме? Сессияға 2 күн қалса да, 1 күн қалса да қинап апартады. Сол массовканы өз еркімен барц үшін бір шара ойлап табу керек сияқты. Мысалы: әр барған массовкасына 1 балдан қойылса барлығы таласа барар еді.Өтініш осы сұрағыма жауап берсеңіз!!!
Answer:

Құрметті студент!

Университетте өткізілетін маңызды іс-шараларға білім алушылар міндетті түрде қатысуы қажет. Массовкаға қатысу арқылы білім алушылардың қызығушылығы артады. 

17-12-2018 01-24-43   From students

Author: Anonymous

Question # 711
Сəлеметсізбе! Тахир Оспанұлы мен "Мектепке дейінгі оқыту жəне тəрбиелеу" мамандығына ауысайын деп едім қашан ауысуға болады өзім Математика физика жəне информатика институтының студентімін.Толық мəлімет бере кетсеңіз өтініш. Жауабыңыз үшін алдын ала рахмет.
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысу жазғы және қысқы каникул кезеңінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Сіз өтініш жазу арқылы 2019 жылдың 3-12 қаңтар аралығында ауысуыңызға болады. Сұрағыңызға рахмет!

16-12-2018 16-29-20   From students

Author: Ізтұрған Айбек Сандібекұлы

Question # 710
Құрметті, Балықбаев Тахир Оспанұлы! Мен Ізтұрған Айбек Сандібекұлы ҚазҰПУ-нің Тарих және құқық институты Құқықтану мамандығының 1 курс студенті. Ерекше ниетпен университет қабырғасында маған сабақ беретін оқытушыларыма алғыс білдіргім келеді. Соның ішінде Қасымбек Алия Орынбасарқызына, Керімқұлов Әділ Темірұлына, Бекишева Рысжан Ибрайқызына, Молдахожаев Шакен Шабденұлына,Байсымақова Дана Сабитқызына,Тулбасиева Сәуле Калидилдайқызына алғыс білдіргім келеді. Ерекше атап өтіп келетіні Қасымбек Алия Орынбасарқызына,мені 7-ші желтоқсан күні Халықаралық деңгейде өткен «Жас ғалым» конференциясында жетекшілік танытып, өз тәжірбиесімен бөлісіп, осындай дәрежеде өткен жиынға қатыстырғаны үшін шексіз алғыс білдіргім келеді.
Сіздерге орасан зор еңбектеріңіз үшін үлкен алғыс білдіріп, зор ден-саулық, жаңа шығармашылық табыстар, істеріңізге сəттілік, отбасыларыңызға амандық тілеймін!
Answer:

Құрметті Айбек!

Ұстаздарыңызға құрмет көрсетіп, алғыс жолдағаныңыз үшін Сізге рахмет! Болашақта ұстаздарыңыздың үмітін ақтап, үлкен жетістіктерге жетуіңізге тілектеспіз.

16-12-2018 12-24-22   Other

Author: Anonymous

Question # 709
Құрметті Такир Оспанұлы! Сізді Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! 15 желтоқсан күні Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты кешке қатыстық. Өзіміздің институтта да жиын өткізілді. Осы жиындарда мерейтойлық төсбелгімен көптеген оқытушылар, өзге де қызметкерлер марапатталды. Олардың ішінде биыл ғана жұмысқа тұрған оқытушылар, 0,5 ставкадағы магистранттар, лаборанттар, сондай-ақ белсенді студенттер де бар. Олар үшін қуаныштымыз, құтты болсын дейміз! Бірақ олардың жанында біраз жыл істеп келе жатқан мен ала алмай қалдым. Өзім туралы айтар болсам, 6 жыл еңбек етіп келе жатырмын осы университетте, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып жүрмін, 5-ші жыл кафедра бойынша тәрбие ісіне жауаптымын. Директор барлығын ұсындық деген болатын, бірақ комиссия өз қалауы бойынша қысқартқаны жайлы айтылды. Қандай критерий бойынша іріктеп алынды екен? Неліктен мен ілінбей қалдым екен? Рахмет!
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Тәуелсіздік күніне орай «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне – 90 жыл» мерекелік медалімен университет қызметкерлері институт директорларының, құрылымдық бөлім басшыларының ұсынысы негізінде марапатталды. Барлық түскен ұсыныстар 2018 жылдың 1 қарашасындағы №287 бұйрықпен құрылған комиссия отырысында қаралды. Комиссия шешімі бойынша университетте атқарып жүрген еңбек өтілі бар штаттық қызметкерлер және  90 жылдық мерейтой аясында өткізілген іс-шараларға белсене атсалысқан білім алушылар марапатқа ұсынылып, қос қызмет атқаратын қызметкерлер марапатқа енгізілмеді.

14-12-2018 21-55-26   From applicant

Author: Каримов Азат

Question # 708
Сәлеметсізбе,сізде Құқықтану мамандығы бойынша минималды балл қанша?Ол мамандықпен мұғалім болуға болама?
Answer:

Құрметті Азамат!

Оқуға тапсыруға қатысты сұрақтарыңыз бойынша оқу орнымыздың Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының қызметкерлерінен толық ақпарат алуыңызға болады. Байланыс тел.:  8(727)291-57-68, 291-73-71, 291-87-80.

14-12-2018 17-07-49   From applicant

Author: Anonymous

Question # 707
Добрый день, уважаемый Такир Оспанович!
У меня имеется такое предложение. Почему бы не сделать платникам за отличную учебу небольшую, но скидку ?
Ведь грантники за отличную учебу получают повышенную стипедию, а у платников отсутсвует какой либо стимул учиться на отлично.
Answer:

Здравствуйте.

Спасибо за предложение, руководство университета его рассмотрит.

14-12-2018 09-35-23   From students

Author: Anonymous

Question # 706
Саламатсызба! Менің айтайын дегенім, маған сабвқ беретін мұғалімдердің бірі сабақтан тыс жеке шаруасын тапсырды. Мен оны орындап жіберген болатынмын, алайда ол кісі жіберген жоқ деп шу шығарып, старостама ұрысты. Орындасаң рубежкада "учту" деді. Маған "жауапсыз студентсің" деді! Студенттермен "грубо" сөйлеседі.
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Шағымыңыздағы мәселені қарастыру үшін оқытушының аты-жөнін көрсетуіңіз қажет.

14-12-2018 00-02-55   From applicant

Author: Anonymous

Question # 705
Курметти Такир Оспанович! Сизге кояйын деген сурагым биыл 2018 жылы Педагогика жане психология мамандыгына магистратурага тапсырдым. Емтихан натижеси бойынша 168 баллмен грантка тусе алмадым.Акылы болимде оку ушин отбасылык жагдайыма байланысты мумкиндик жок. Егерде мумкиндик болса конкурстарга катысып косымша грант алуга боладыма?

Answer:

Құрметті талапкер!

Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековке (Бас оқу ғимараты, 221-кабинет) жолығуыңызға болады.

13-12-2018 22-15-10   From students

Author: Anonymous

Question # 704
Курметти Тахир Оспанович. Мен кукыктану мамандыгынын студенттимин. Акылы болимде окимын. Коп балалы отбасынан шыкканмын. Менин сизге жазайын деп турганым мугалимдер рубежка алу ушин тест паракшасын озимизге шыгартады. Арине бари емес. Орыс тилден беретин Бекишева Р.И. Деген киси мени тест паракшасын шыгарып келмедин деп, рубежка кабылдамай койды. Осыган байланысты менин баллым 36 балл болып, экзаменге оте алмай отырмын. Бул адилдик пе? Кейде тест паракшасын шыгармак тугили, жолга акшамыз жок болып калады. Маган енди не истеуге болады. Бугин барсам базаны жауып тастадым деп отыр. Базаны ашып, рубежка баллын койса болмай ма? Алде летник багасына женилдик бере аласыз ба? Отбасы жагдайыма байланысты.
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Шағымыңыз бойынша тексеріс жүргізіледі. Тексеріс барысында шағымызда аталған мәселе анықталса, басшылық тарапынан шара қолданылады.

13-12-2018 17-24-19   From applicant

Author: Anonymous

Question # 702
Сәлеметсіз бе, құрметті Такир Оспанович!
Мен талапкер ретінде сізге қояр сұрағым: Сіздерде жыл сайын "Абай-сыйы" атты пәндік олимпиада өтеді. Бұл сайысқа қалай қатысуға болады және жеңімпаз 11-сынып оқушысына грант бөлесіздер ме? Филология немесе журналистика факультетіне грантқа түсу үшін қанша балл қажет, қанша грант бөлінеді?
Рақмет.
Answer:

Құрметті талапкер!

Сұрағыңыз бойынша толық мәліметті оқу орнымыздың Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығынан білуіңізге болады. Байланыс тел.: 291-87-80, 291-73-71. Сұрағыңызға рахмет!

13-12-2018 15-18-38   From parents

Author: Кожакова Улмекен

Question # 700
Здравствуйте Такир Оспанович!Я бы хотела чтобы Вы проконтролировали систематичность проведения урока и присутствие преподавателя русского языка на занятиях Дины Алтаевны. По словам моего ребенка она несправедливо относятся к студентам.Прошу Вас чтобы Вы провели с преподавателями беседу об коррупционных мероприятиях.Не у всех родителей бывают возможностей отдавать то, чего просят преподаватели. Я искренне надеюсь в рассмотрении моей просьбы.
Answer:

Здравствуйте. Ваше обращение по поводу  ситуации на занятиях  Дины Сабировой  была принята к сведению. Руководством преподавателю сделано предупреждение. В случае повторения подобного негатива  обращайтесь к проректору по учебной работе Асану Адасбековичу Сатмырзаеву. Тел.: 293-81-53.

Total records: 4046

« перв. ... < пред. ...  169  170  171  172  173 174  175  176  177  ... след. > ... посл. »

First name: *


E-mail:



Phone:



Subject:


Question: *


Enter the code from the image: *


Number of questions

May, 2024
4
April, 2024
10
March, 2024
5
February, 2024
20
January, 2024
11
December, 2023
21
November, 2023
19
October, 2023
17
September, 2023
25
August, 2023
39
July, 2023
29
June, 2023
60
May, 2023
41
April, 2023
49
March, 2023
22
February, 2023
42
January, 2023
68
December, 2022
55
November, 2022
50
October, 2022
62
September, 2022
52
August, 2022
33
July, 2022
32
June, 2022
49
May, 2022
139
April, 2022
64
March, 2022
45
February, 2022
46
January, 2022
57
December, 2021
29
November, 2021
43
October, 2021
70
September, 2021
75
August, 2021
109
July, 2021
79
June, 2021
62
May, 2021
69
April, 2021
74
March, 2021
47
February, 2021
42
January, 2021
68
December, 2020
61
November, 2020
62
October, 2020
42
September, 2020
48
August, 2020
57
July, 2020
81
June, 2020
88
May, 2020
65
April, 2020
86
March, 2020
57
February, 2020
37
January, 2020
28
December, 2019
47
November, 2019
72
October, 2019
70
September, 2019
61
August, 2019
88
July, 2019
47
June, 2019
71
May, 2019
54
April, 2019
70
March, 2019
51
February, 2019
45
January, 2019
75
December, 2018
87
November, 2018
51
October, 2018
54
September, 2018
77
August, 2018
105
July, 2018
46
June, 2018
43
May, 2018
45
April, 2018
36
March, 2018
30
February, 2018
28
January, 2018
17
December, 2017
17
November, 2017
12
October, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений