17-01-2019 19-56-12
From students
Author: Anonymous Question # 807 Салеметсизбе мен сессия дан томен бал алып пересдача тапсырып жогары бал алдым Сурак Маган степендия берема
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Егер емтиханды қайта тапсыру кезінде жоғары балл алсаңыз, емтихан нәтижесіне сәйкес шәкіртақы төленеді.
17-01-2019 17-37-07
Other
Author: Anonymous Question # 806
Уважаемый, Такир Оспанович!
Это мое не первое обращение. Однако на предыдущие свои обращения я не получила ответа ни у Вас в блоге и ни в почту. Надеюсь на это мое обращение Вы обратите должное внимание.
В конце прошлого года на сайте университета и в системе универ была информация для претендентов с условиями (перечень документов) о сдаче документов для получения Президентской стипендии. Срок сдачи был указан 14 января текущего года. Мною были сданы все документы 10 января 2019 года.
Сегодня 17 января 2019 года ближе к четырем часам дня я узнаю от другого магистранта, что необходимо срочно явится в универ и до 17.00 донести другие документы (необходимо было написать пару заявлении). Так как сегодня вечером сотрудники университета через почту отправляют все документы претендентов в МО РК.
При всём моём желании я не успела бы донести документы, в виду того, что я живу за городом, в п.Кыргауылды, Алматинской области.
Почему такие ньюансы не сообщают заранее, в первой половине дня например, чтобы претендент на Президентскую стипендию успел бы все сдать как положено. Мне лично для себя очень обидно, по вине «некоторых» мои документы не будут отправлены.
Почему сотрудники университета, а именно те которые размещали информацию для сайта и системы универ не дополнили перечень документов?!
Прошу Вас обратить внимание на сложившуюся ситуацию и привлечь к ответственности ответственных сотрудников.
Спасибо!
Answer:
Здравствуйте. Мы стараемся ответить на все вопросы и жалобы. Вы можете указать дату и текст обращения? Дело в том, что при мониторинге вопросов именно от Вашего имени вопросы не поступали.
Информация о конкурсе на присуждение вакантных образовательных грантов поступила от директора Департамента по академическим вопросам 25 декабря 2018 года в 12.39, в тот же день, в 14.30 была размещена на официальном сайте, в соц. сетях размещена в 14.52 сотрудниками Отдела по связям с общественностью. После размещения информации никто не обращался о внесении изменений в текст объявления.
Информацию о необходимых документах и времени сдачи заявления претендентами должно дать руководство институтов и курирующий департамент. С 25 декабря по 14 января у Вас было время обратиться к сотрудникам или куратору Вашего института.
17-01-2019 15-04-53
Other
Author: Конканова Сандуғаш Елікқызы Question # 805 Сәлеметсіз бе! Құрметті Такир Оспанұлы! Мен 2017 ж.31 желтоқсанынан келісім шарт бойынша жұмыстан босатылдым. Енді Жаратылыстану ғылымдарының мәселелері және экологиялық реконструкция зертханасының мәселесі осы күнге дейін шешілмеді. Мен қыркүйектің 20 нан М. Бектемесовке, юрист Даулет ағайға зертханадағы материалды жауапты тұлға ретінде құрал жабдықтарды, приборларды, т.б. заттарды қабылдап алуын өтінгенмін. Мені басшылықта бір-біріне жұмсаумен болды. Такир Оспанұлы кешіріңіз сіз басқарып отырған университетте 3 проректор, ғылым департаменті, ғылыми инновациялық паркке жауапты тұлғалар біздің келісім шартымыз аяқталғанына 1 жылдан асқанын біледі. Зертхана біреуіне керек болса, кезінде Н.К. Аралбай, мен бар кезде комиссия құрып, зертханадағы заттарды қабылдап алмады ма? Ол жағына ешкім көңіл бөлмеді. Енді мен жұмыстан шыққаныма 1 жыл болғанда бухгалтериядан Рима апай, жаңадан зертхананы қабылдап жатқан Б.Мыңбаева маған звондап мазамды алып жатыр. Менің аяғым ауыр екенін бәрі көріп жүріп, енді босануға күнім жақындағанда сен келіп акт передачи жаса деп мазамды алады. Бүгін қаңтардың 17 сі Рима апай кел деп 9 рет звондады. Мен телефонды көтермедім. Жауап беретін болсам, мені кінәлайды не істеп жүрсің зертханадағы заттарды тапсырмай деп өзіңе кінә тағады. Мен кезінде Данияр Даулетұлына осы мәселенің бәрін айтқанмын. Ол кісі жаз айында Рима апайға барып, мені зертханада штаттық бірлікте жоқ екенімді, зертханадағы заттарды қабылдап алуын айтып кеткен екен. Рима апай естімегендей отыра берді дейді. Менің кінәм не, мен зертханадағы заттарға тамыз айының 31 не дейін жұмысқа келіп, қарап жүрдім. 1 қыркүйектен мектепке жұмысқа орналасып, университетке Н. Аралбай 3-4 шақырған соң келіп жүрдім. Енді зертханада көптеген заттар жоқ, пробиркалардың, кейбір құрал жабдықтар жетіспей жатыр деп сен Аралбай екеуің сатқан шығарсыңдар деген әңгімелерді естіп жүрмін. Менің арым таза, мен зертханадан ештеңкені сатқан емеспін, дүние есігін ашпаған ішімдегі баламен ант етейін. Маған университет тарапынан кінә тағатын болсаңыздар, нақты дәлелдермен, қағаз жүзінде шақыртыңыздаршы. Осы мәселені өз қолыңызға алып, әділ шешім қабылдауыңызды сұраймын. Мен сізге желтоқсан айынан қабылдауыңызға кіре алмадым. Соңғы звондағанымда, менің нөмерімді жазып алып, маған өзіміз хабарласамыз деп хабарласпады.
Answer:
Құрметті Сандуғаш!
Шағымыңыз бойынша арнайы комиссия құрылып, тексеріс жүргізілді. Тексеріс нәтижесінде зертхана жабдықтары түгенделіп, комиссия шешіміне сәйкес шағымыңызда аталған қызметкерлердің қатысуымен қабылдау актісі жасалынды.
Сіз университеттің зертханасындағы жабдықтарға жауапты емессіз. Университет тарапынан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
17-01-2019 12-36-27
From students
Author: Anonymous Question # 804 Сәлеметсіз бе. Біздің кітапхана залымызды жабайын деп жатыр. Жаппасыншы. Бізге бұл залда ыңғайлы. Сабақты осы жерде оқимыз, дайындаламыз, топтық жұмыстарға дайындаламыз. Зал кең әрі бізге қолайлы.
Топ болып өтініш жасап жатырмыз. Рахмет!
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Өтініштеріңіз міндетті түрде қарастырылатын болады.
16-01-2019 10-43-00
From students
Author: Мұса Аян Дастанұлы Question # 803 Құрметті Ректор мырза мен Халықаралық құқық мамандығының 3 курс студенті Мұса Аян Дастанұлы бір сұрағыма жауап алайын деп едим маған және менің группаластарыма біз жақсы бағаға тапсырып кеткен пәндерге университет жүйесі летник қойып берді. Қыркүйектен бастап жан-жаққа бардық өтініш жаздық бірақ осы уақытқа дейін ешқандай өзгеріс көрмедік.Осы мәселе тезірек шешілсе қуанышты болатын едік.
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Сұрағыңызда көрсетілген мәселе бойынша Оқу ісі жөніндегі проректор Асан Адасбекұлы Сәтмырзаевқа жолығыңыз. Байланыс тел.: 293-81-53.
15-01-2019 18-14-54
From students
Author: Anonymous Question # 802 Здравствуйте. Мне бы хотелось узнать подробности поступления в магистратуру с сменой одной педагогической специальности на другую. Есть ли при этом возможность поступления на грант и какие при этом нюансы подачи документов ?
Answer:
Здравствуйте. По всем вопросам, касающимся поступления в магистратуру, следует обращаться к сотрудникам Центра профориентационной работы и приема обучающихся. Контактные тел.: 8(727)291-57-68, 291-73-71, 291-87-80.
15-01-2019 11-35-23
From applicant
Author: Anonymous Question # 801 Салеметсіздерма мен пересдача тапсырып жоғары алдым енді менде степендия каладыма
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Егер емтиханды «А», «А-», «В+», «В», «В-», «С+» (70-74) – «жақсы» бағаларына тапсырсаңыз, Сізге шәкіртақы төленеді. Сұрағыңызға рахмет!
12-01-2019 13-22-26
From parents
Author: Мананбаева Фарида Question # 800 Құрметті Такир Оспанұлы, мен Мананбаева Фарида Алматы облысы, Райымбек ауданы, Талас ауылының тұрғынымын. Көпбалалы анамын. «Алтын алқа» төс белгісінің иегерімін. Менің немере қызым, Нурғалық Марфуға осы университеттің филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2-курсының күндізгі бөлімінде ақылы түрде білім алып жатыр. Былтырғы жылы немерем ҰБТ-дан 95 бал алған. Бірақ сіздердің қызметкерлеріңіздің салғырттығының кесірінен 30% жеңілдікке қол жеткізе алмай келеміз. Оған қоса әлеуметтік жағдайға байланысты жеңілдік те берілмеді. Сізге жазған кезімізде «келесі жылы міндетті түрде қарастырамыз» деп жауап қайтарған едіңіз. Биылғы оқу жылында әлеуметтік жеңілдікке байланысты, атап айтқанда «көпбалалы және ата-анасы жұмыс істемейді» деген құжаттарды 14-қыркүйек күні Филология және көптілді білім беру институтының директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Молдасанов Ерсайынға өткізген болатынбыз. Міндетті түрде қарастырылады деген болатын. Биыл да жеңілдік берілмеді. Немере қызым 5 ағайынды, ұлым мен келінім жұмыс жасамайды. Осыған байланысты бір көмек беруіңізді сұраймын. Немесе уақытыңызды бөліп мені қабылдауыңызды өтінемін.
Answer:
Құрметті ата-ана!
Сіздің сұрағыңызға бұған дейін жауап (№719 сұрақ) берілген болатын. Сұрағыңыз бойынша нақты ақпарат алу үшін институт директоры Балтабай Әбдіғазиұлымен хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 291-16-06, 291-18-35. Сұрағыңызға рахмет!
11-01-2019 22-33-52
From applicant
Author: Anonymous Question # 799 Курметти ректор мырза, сизге айтарым отинишим, тест орталыгынын кызметкерлери, практиканттар, (жас мамандар) оздерин оте нашар тартиптик корсеткишьерин корсетип, оздерин университеттин жогары сатысындагы адамдар катыра енгизетин негиз корсетип жур! Тест орталыгынын бас маманы , биздин айыбымызды тындамай, терис кылык арекеттерин корсетеди! Отиниш тест орталыгынын кызметкерлеримен, бас маманымен тарбие исин жургизуинизди сураймыз.. Ракмет!!
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Тестілеу орталығының қызметкерлері «Тестілеу емтиханын қабылдау» ережесіне сәйкес жұмыс жүргізеді.
Емтихан барысын қадағалаушы комиссия және видеобақалаушылар студенттің немесе магистранттың тестілеу емтиханы ережесін бұзғандығын анықтаса, емтихан нәтижесін жоюға құқығы бар.
Басшылық аталған ережеге сай емес түрлі ереже бұзушылық мәселелері дәлелденбеген жағдайда, студенттердің өтініштерін қанағаттандыра алмайды.
11-01-2019 17-39-04
From applicant
Author: Anonymous Question # 798 Құрметті ректор мырза!Менің сізге сұрағым мынадай: неге студенттер,магистранттар, докторанттар тапсырған индивидуальный пландарын, отчеттарын жыл сайын тексеріс келген сайын қайта тапсыру керек? Кафедраларда тапсырған құжаттарды өмірі таба алмайды, бір тапсырған затты әр тексеріс келген сайын қайта жасатады. Іс-қағаздарын жүргізу жұмысы неге дұрыс жолға қойылмаған?
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Шағымыңызда аталған құжаттар үш данада жасалынып, әрі қарай өзгеріске ұшырауы тоқтатылады. Құжаттың бір данасы Сізге, екіншісі директоратқа, үшіншісі Ғылым департаментінде сақталуы тиіс. Іс-қағаздарын жүргізу жұмыстарына қатысты шағымыңыз бойынша институт басшылығына ескерту жасалатын болады.
11-01-2019 13-03-21
From applicant
Author: Атабек Консбеков Question # 797 Окуга тапсыруга не кужжаттар кажет
Answer:
Құрметті талапкер!
Оқуға тапсыруға қажетті құжаттар тізімімен және мамандықтар туралы қосымша ақпараттармен сайтымыздың талапкерлерге арналған бөлімі арқылы таныса аласыз: http://www.kaznpu.kz/kz/2175/page/.
Сұрағыңыз бойынша Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының қызметкерлерінен толық ақпарат алуыңызға болады. Байланыс тел.: 8(727)291-57-68, 291-73-71, 291-87-80.
11-01-2019 10-59-43
From students
Author: Оразбаева Фатима Question # 796 Салеметсізбе Тахир Оспанович! Менің сізге сұрағым мен пересдачадан 100 балл алдым общий рубежкамен қосқанда балымм 90 болып тұр. Мен пресдача тапсырғандықтан степендияға іліге алмаймынба барлық сабағым В+
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Егер емтиханды қайта тапсыру нәтижесінде біліміңіз «В+» көрсеткішімен бағаланған болса, Сізге шәкіртақы төленеді.
11-01-2019 00-41-11
From students
Author: Anonymous Question # 795 Сәлеметсіз бе? Менің ИКС Нөмерім 112093 болатын... Өкінішке орай 2014 жылдың екінші семестрінде мен оқудан шығарылдым! 2011 жылдың грант иегері едім! Енді маған қазір диплом қажет! Бірақ 5 жыл өтіп кетті! Не істеуіме болады!?
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Өтінішіңізді жазып, «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығының директоры Тимур Абдрашұлы Сейлхановқа жолығыңыз. Байланыс тел.: 291 64 97.
10-01-2019 18-10-04
From applicant
Author: Атабек Консбеков Question # 794 Мен Өзбекстан республикасынан сурак койып жатырмын
Осы жылы колежди битиремин
Казакстанга университетке калай дакумент тактап окуга тапсырсам болады
Спорт саласына
Answer:
Құрметті талапкер!
Спорт саласының маманы болғыңыз келсе, оқу орнымызда Өнер мәдениет және спорт институтына қарасты «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы оқытылады. Оқуға тапсыруға қажетті құжаттар тізімі және қосымша ақпараттар ресми сайтымызда көрсетілген: http://www.kaznpu.kz/kz/2150/page/.
Сұрақтарыңыз бойынша Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының қызметкерлерінен толық ақпарат алуыңызға болады. Байланыс тел.: 8(727)291-57-68, 291-73-71, 291-87-80.
10-01-2019 17-44-07
From students
Author: Аида Question # 793 Сәлеметсізбе! Мен Шымкент қаласында бір оқу орында 3курста сырттай бөлімінде оқитын едім. Осы көктемде сіздердің оқу орнына ауыстыруға болама? Рақмет!
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысу туралы толық мәліметті Академиялық мәселелер жөніндегі департамент қызметкерлерінен алуыңызға болады. Байланыс телефондары: 8 (727) 291-13-71, 291-71-06.
10-01-2019 17-33-43
From students
Author: Anonymous Question # 792 Сәлеметсізбе! Мен Шымкент қаласында бір оқу орнында оқимын. 3курс сырттай бөлімінде. Енді сіздерге ауыса аламынба? Рақмет!
Answer:
Құрметті Аида!
Университетімізге ауысу жолдары туралы нақты ақпаратты Академиялық мәселелер жөніндегі департамент қызметкерлерінен алуыңызға болады. Байланыс телефондары: 8 (727) 291-13-71, 291-71-06.
10-01-2019 15-13-03
From students
Author: Anonymous Question # 791 Қайырлы күн! Мен 2-ші курс магистарнтымын ПиП, жақында Президенттік стипенидияға конкурс жайлы оқыдым. Бірақ ол жайлы ешкім білмейді, Шапағат Центрі нақты білмейді, Институт ол да нақты ештене білмейді. Нақты кім айналысады осы сұрақпенен? Хайрулла Нышанович маған емес, Шапағат Центріні дейді, ондағы инспектор ештене білмейді. Қорытындысы қашан болады? Неше үміткер таңдалады? Бакаларвлар секілді магистранттар рейтингісін шығаруыңызды сұраймын. Толық жауап күтемін, себебі бұл стипендия мен үшін үлкен материалды көмек болғалы тұр.
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Университеттің ресми сайтында 2018/2019 оқу жылына Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген шәкіртақыға үміткерлерді Білім және ғылым министрлігіне ұсынуға арналған конкурс туралы хабарландыру 2018 жылдың 25 қаңтарында жарияланған болатын. Хабарландыру мәтінінде үміткерлерге арналған талаптар мен ұсынылатын құжаттар тізімі көрсетілген.
Оқу үрдісіне қатысты мәліметтерді Академиялық мәселелер жөніндегі департамент және директорат қызметкерлері білмеуі мүмкін емес.
Конкурс туралы нақты ақпарат алу үшін Оқу ісі жөніндегі проректор Асан Адасбекұлы Сәтмырзаевқа жолығуыңызға болады. Байланыс тел.: 293-81-53.
10-01-2019 13-37-08
From applicant
Author: Anonymous Question # 790 Сәлеметсіз бе! Мен магистратурада оқимын, тестілеу емтихан тапсыру барысында екі студенттен телефон(простушка), шпор қолданды деп бізді біреуімизге тесттен шығарып жіберсе, бірімізді жинап шыққан баллды жоққа шығарып отыр, қолданбағанды қолданды деп, олар кобірек студентті жазған сайын жалақы көп төленема әлде? НЕГЕ ӘДІЛДІК ЖОҚ!!! ОСЫЛАЙ ӨТІРІК ЖАЛАМЕН СТЕПЕНДИЯДАН ҚҰЛАУ ҮШІН АГУДІ ТАҢДАДЫҚПА? Неге соншалықты қиындатып жатқандарын түсіне алмадық, неге не ушін? Сіздің алдыңызға кіруге де рухсат бермеді?
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Оқу үрдісіндегі кез-келген білімді бақылау формалары мен түрлерін жүзеге асыру кезінде (ағымдағы аттестаттау, аралық бақылау және т.б.) білім алушылар академиялық адалдық нормаларын бұзған жағдайда, университеттің ішкі Ережелеріне сәйкес ескерту беру, қатаң сөгіс жариялау, оқудан шығару шаралары қолданылады.
Тест тапсыру кезінде емтихан тапсырушылардың немесе комиссия мүшелерінің тарапынан емтихан ережесі мен тәртіп бұзушылық әрекеттерін қадағалау мақсатында орнатылған аудиториялардағы видеоқұрылғылар арқылы тиым салынған кез-келген тәртіп бұзушылық әрекеттер анықталып, скриншотпен тіркелетіндігін ескертеміз.
Егер шағымыңызды видеодағы мәліметтер арқылы дәлелдей алсаңыз, аптаның бейсенбі күні сағат 15:00-17:00 аралығында қабылдауыма келсеңіз болады.
10-01-2019 13-20-27
From applicant
Author: Anonymous Question # 789 Cалеметсиз бе Такир Оспанович! Мен емтиханнан(тест) 0 балл алуыма байланысты, кредит толеп пересдачага кируиме боладыма жане де степендиядан умиттенуге болама?
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлына (221-кабинет) жолығуыңызға болады.
10-01-2019 02-24-46
Other
Author: Алмас Жұмаділов Сансызбайұлы Question # 788 Саламатсыз ба? Балықбаев Такир Оспанович. Мен осы 2018 жылы "Тарих жене Құқық" институтының "Мəдениеттану"мамандығының магистрі дипломын алдым. Енді осы сіз басқарып отырған оқу орнында жұмыс жасағым келеді. Бакалавр мамандығым Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының "Өнертану" мамандығын бітіргем. Сіз басқарып отырған оқу орнына мəдениетпен өнер жағынан сəлде болса еңбегімді тигізссем деймін. Неге екені Университтеттің аурасы маған ұнайды жəне талмай қызмет жасағым келеді.Магистиратураны бітере салғанда отбасы жағдайыма байланысты жағдай болған еді,енді өзіңіздің блогыңызға жазып тұрған ұсынысым. Ізгі ниетпен Университет түлегі Жұмаділов Алмас Сансызбайұлы. Рахмет.
Answer:
Құрметті Алмас Сансызбайұлы!
Университет туралы пікіріңіз үшін рахмет!
Мамандығыңыз бойынша бос жұмыс орындары туралы мәлімет алу үшін Әкімшілік департаментінің Персоналды басқару жөніндегі бөлімімен хабарласуыңызға болады. Мекен-жайы: Достық даңғылы, 13, тел.: +7 (727) 291-18-29.
Total records: 4046