Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Welcome to the rector’s blog!

 

 

Dear visitors to the website!
 
The Rector`s blog was created to connect with students, staff and teachers of the University. You can leave your comments, ask questions and make suggestions. Open and regular discussion of issues will help the University administration to work fruitfully.
 
I hope that this platform will expand opportunities for the solution of many problems in our common work, will become an important mechanism for effective mutual exchange of information and implementation of tasks.
 
We are open for dialogue, all appeals will be considered. Every question will be answered.
 
 
Email: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 
 
 
 
 
The Rector's personal reception takes place on the 1st and 3rd Fridays of each month during the academic year - from 3.00 p.m. to 5.00 p.m.
  • Quessions-answers
  • Ask a question
  • Statistics
28-12-2018 19-02-53   Other

Author: Anonymous

Question # 766
Сәлеметсіз бе , Ректор мырза!
Біз Физика, Математика және Информатика институтының 1-курс магистранттарымыз. Біз 26.12.2018ж сағат 9/00-10/00 аралығында "Ғылыми - зерттеу жұмысының әдістемесі" (Методические основы научно - исследовательской работы) пәнінен емтихан (тест) тапсырдық. Тексеруші комиссия мүшелері тест тапсыру барысында бізге тыңғылықты,нақты түсіндірмегендіктен қасымызда отырған көршімізден компьютердің техникалық нұсқаулығын сұраған сәтте Тексеруші комиссия шпор қолдандыңдар деген ЖАЛҒАН АЙЫП тағып, мен Сарсен Рауан және Құдияр Жадыраны ЖАЛҒАН АКТ толтырып емтиханнан (тесттен) шығарды. Шыны керек, білдей бір ӘЛЕМДІК АРЕНАДА ойып алар орны бар, абыройы АСҚАҚ Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінен бұндай іш ашитындай ӘДІЛЕТСІЗДІК көреміз деп ойламадық. Шырылдап шындық іздеп , бармаған жеріміз, баспаған тауымыз қалмады. Әділетті қоғамда ӘДІЛЕТ таппадық. Тестілеу орталығы басшысының да есігін сан мәрте қақтық. Ол жақтан да ӘДІЛЕТ таппадық. Шпормен кіретіндей біліміміз таяз емес(шүкір). Видеобақылаудан көрсеңіздер екен деймін. Жадыра үздік степендия үміткері , менің де сабақтарым көз қуантарлық. Мемлекеттік степендия жақсы оқығандар үшін ғой. БАР ҮМІТІМІЗ сізде ғана РЕКТОР МЫРЗА! Қайта тапсыруға мүмкіндік беруіңізді сұраймыз. Бұл бассыздықты бұлай қалдырмайды деген сенімдеміз. Рақмет!
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Емтихан кезінде тест тапсыру барысын қадағалау мақсатында аудиторияларда видеоқұрылғылар орнатылған болатын. Тест тапсыру кезінде емтихан тапсырушылардың немесе комиссия мүшелерінің тарапынан емтихан ережесі мен тәртіп бұзушылық жағдайлары кездескен болса, ол видеоқұрылғылардағы жазба арқылы анықталып, скриншотпен тіркеледі.

Егер шағымыңызды видеодағы мәліметтер арқылы дәлелдей алсаңыз, Оқу ісі жөніндегі проректор Асан Адасбекұлы Сәтмырзаевқа жолығуыңызға болады. Байланыс тел.: 293-81-53.

28-12-2018 17-16-03   From applicant

Author: Anonymous

Question # 765
Сәлеметсіз бе ректор мырза! МЕН педагогика және психология институтының ПМНО мамандыгында күндізгі болимнин 2курс студентимин. МЕН окуымды белгили себептерге байланысты кешки болимге ауыстыргым келеди. Кешки болимге ауысу УШИН отиништи қай уақытта жазамын
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Сұрағыңыз бойынша нақты ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефондары: 8 (727) 291-13-71, 291-71-06.

28-12-2018 16-08-43   From students

Author: Anonymous

Question # 764
Сәлеметсіз бе,ректор мырза.Менын сұрағым стипендия қанша балдан беріледі.
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқитын білім алушыларға аралық аттестаттау бойынша барлық емтихандарды «А», «А-», «В+», «В», «В-», «С+» (70-74) – «жақсы» бағаларына тапсырған жағдайда ғана шәкіртақы төленеді.

27-12-2018 22-35-55   From students

Author: Anonymous

Question # 763
Сәлеметсіз бе!!!
Мен сұрағым осы семестрден стпипендияда қалу үшін жалпы балым 70 балл болса жеткілікті ме?
Answer:

Құрметті студент!

Емтихан нәтижесі білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа шкаласына сәйкес бағаланады. Яғни мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқитын білім алушыларға аралық аттестаттау бойынша барлық емтихандарды «А», «А-», «В+», «В», «В-», «С+» (70-74) – «жақсы» бағаларына тапсыру шартымен шәкіртақы төленеді.

27-12-2018 21-06-23   From students

Author: Anonymous

Question # 762
Салеметсиз бе!
Мен Дефектология мамандыгында грантта окитын едим баска калага немесе Женпига Дефектология мамандыгына ауыса аламын ба? Егер ауыссам грантымды сактап кала аламын ба?
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Мемлекеттік білім беру гранты Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне бөлінгендіктен, мамандығыңыз бойынша басқа жоғары оқу орнына ауысу кезінде мемлекеттік грант сақталмайды. Бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысу туралы толық мәліметті Академиялық мәселелер жөніндегі департамент қызметкерлерінен алуыңызға болады. Байланыс телефондары: 8 (727) 291-13-71, 291-71-06.

27-12-2018 19-41-02   From students

Author: Anonymous

Question # 761
Сәлеметсіз бе, ректор мырза! Мен емтиханнан 45 алдым проходной ала алмадым бірақ, екі рубежканы қосқанда 78 болып тұр мен енді степендия алмаймын ба?
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Егер емтиханды қайта тапсыру нәтижесінде біліміңіз «С+» (70-74)  көрсеткішінен жоғары бағаланған болса, Сізге шәкіртақы төленеді.

27-12-2018 17-28-50   From applicant

Author: Anonymous

Question # 760
Сәлеметсіз бе, ректор мырза!
Мен магистратура 1-курс 27.12.2018. бүгін педагогикадан тест тапсырдым 411 аудиторияда 100 балл алдым. Тест барысында ескерту алмадым,қасымдағы қыздын 1-2 сұрағын қарап бердім, мен ол кісінің мазасын алған жоқпын, сенің атың кім деп мені жазып алды комиссия мүшесі Ақтоты Каметова деген апай мен айттым енді мен алған 100 балымды өзім көрдім, менің алған балымды жойып мені летникке қалдырып отыр неге деп сұрасам сен тәртіп бұздың дейді, мен ескерту алмасам қалай тәртіп бұзамын, мен 210 кабинеттегі Асан ағайға да бардым ол кісі маған дөрекілік танытты, сонда біз қарапайым студентпіз біздің шағымымызды кім қарайды, мен бүгін тек жүгірдім еш нәтиже шықпады сізден басқа ешкім де дұрыс қарамайды деді, студенттер тарапы маған. Бұл ойын емес ғой ұнамаса балды жоятын, ескертусіз. Менің балым қайда кімнен талап етемін....Жауап беріңізші өтініш. Раxмет!
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Егер шағымыңызда көрсетілген мәліметті видеоқұрылғыдағы жазбалар арқылы дәлелдей алсаңыз, Оқу ісі жөніндегі проректор Асан Адасбекұлы Сәтмырзаевқа жолығуыңызға болады. Байланыс тел.: 293-81-53.

27-12-2018 00-38-49   From applicant

Author: Тобышбай Мəншүк Тобышбайқызы

Question # 759
Сəлеметсізбе ! Мен бұйырса келесі жылы осы универге түсейіндеп едім мұғалім (география ) мамандығына . География пəнінде грант аз дейді шамамен неше баллмен түсе аламын ? Акылы оқуда неше мың тенге? тандау пəнім география биология.
Answer:

Құрметті Мәншүк!

Университетіміздегі «География» мамандығының оқу ақысы 510 000 теңгені құрайды. Бейіндік пәндер: биология және география. Мамандықтарға грант орындары мемлекет тарапынан берілетіндіктен,  2018/2019 оқу жылына қанша грант бөлінетіндігі туралы ақпарат бере алмаймыз.

Оқуға тапсыруға қатысты сұрақтарыңыз бойынша оқу орнымыздың Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының қызметкерлерінен толық ақпарат алуыңызға болады. Байланыс тел.:  8(727)291-57-68, 291-73-71, 291-87-80.

26-12-2018 23-45-04   From students

Author: Anonymous

Question # 758
Жатақханада явка деп өзін өзі басқару комитетінің мүшелері пропусктарымызды жинап алады. Өз еркінімізбен барғымыз келмесе де қинап, бізге дауыс көтеріп алып кетеді. Ол іс шараларға және мейрамдарға әр кім өз қалауымен бармаса ол несіне ұйымдастырылады. 8 жатақхана
Answer:

Құрметті студент!

Шағымыңыз міндетті түрде ескеріледі.

26-12-2018 23-25-36   From students

Author: Anonymous

Question # 757
Здравствуйте уважаемый Тахир Оспанович. Я магистрант 1го курса. 19.12.2018г я сдавала экзамен по Философии истории и науки, в итоге получила 48 баллов(FX). В начале теста с компьютером были проблемы, он часто отключался. Из за того, что студентов было много меня не могли пересадить, и во время теста были сбои компьютера и это очень сильно отвлекало. По всем остальным предметам получила оценки на отлично. Так как у меня проблемы со здоровьем (справка прилагается) мне очень необходима стипендия. Прошу рассмотреть мой вопрос. Спасибо большое!!!
Answer:

Здравствуйте. Итоговый балл экзамена (сессии) должен быть не менее 50. Согласно новой шкале оценки студентов, в этом году студентам, которые сдали экзамен по шкале «FX», то есть набрали 25-49 баллов, была предоставлена ​​возможность повторной сдачи экзамена, который состоится 11-12 января. Если вы набрали между 25-49 баллами, то Вам следует подать заявление. 
Вы сможете получить стипендию только в том случае, если результат экзамена превышает 50, а ваш общий балл – «C +» и выше.
Для получения более подробного ответа Вам следует обратиться к директору Департамента по академическим вопросам Хайрулле Нышановичу Жанбекову. Тел.: 291-13-71.
 
26-12-2018 13-12-38   From students

Author: Аяпберген Ануар Боранбайулы

Question # 756
Сәлеметсізбе Тахир Оспанұлы. Мен сізге 24.12.18 күні ауырып қалу себебінен 2 аралық бақылауға келе алмадым деп жазып едім. Менде сол үшін емтиханға кіруге допуск болмай тұр. Мен сонғы 2 курс магистарнтымын. Мен сұрағанымда экзаменге допуск болмаған себебінен мені 2 курсты қайта оқисын немесе оқудан шығасын деді. 1.5 жыл бойы оқып соңғы сессия кезінде ауырып келе алмай оқуды қайта оқыған дұрыс емес деп ойлаймын. Мен Павлодар қаласынан целевой грантпен келген студентпін. Осы мәселеге комектесіп жүруінізді сұраймын.
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Сұрағыңыздағы мәселе бойынша Оқу ісі жөніндегі проректор Асан Адасбекұлы Сәтмырзаевқа жолығыңыз. Байланыс тел.: 293-81-53.

26-12-2018 13-09-56   From students

Author: Anonymous

Question # 755
Сәлеметсіз бе,ректор мырза. Мен магистрантпын. Бізді мәжбүрлеу арқылы Мансап орталығында келісім шартқа қол қойдыртып жатыр, келісім шартқа қол қою әркімнің өз құқығы емес па. Және де қай заң, қандай шешім екені жайлы ақпарат берілмеді. Студентті емтиханға жібермейміз, оқудан шығарамыз деп қорқытып оны күдік туғызатын құжатқа мәжбүрлеп қол қойғызу қаншалықты заңды? Қол қоймаған адамдар тізімі сізге жіберіледі деп айтылды, маған ешкім тек бұйрық беруден басқа нақты ақпарат бермегендіктен сізге жазып отырмын. Үш жыл мемлекеттік мекемеде істеуге міндетті екенбіз. Бірақ бұрын бітірген азаматтардан сұрағанымда, олар жұмыспен қамту орталығы ешқандай нәтижелі жұмыс жасамағанын айтты. Мені дәл осындай шантаж арқылы бакалавр студенті кезімде құжатқа қол қойдыртып, ол кезде де грантта едім, оқу ақысынан әлдеқайда жоғары ақша сомасын сот арқылы жеңіп төлетіп жатыр. Неге біз міндетті жұмыс істеу керектігіміз жайлы оқуға түспей жатып айтылмады екен. Ол жағдайда мен ақылы,несие алып болсын оқи салатын едім.
Answer:

Сәлеметсіз бе!

«Мансап» орталығы тарапынан білім алушыларға «Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту және «Білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №390 Қаулысының 4-тармағына сәйкес, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары ЖОО-ны бітіргеннен кейін мемлекеттік білім беру ұйымдарында кемінде міндетті түрде үш жыл жұмыс істеуге тиіс екені туралы ақпараттармен таныстыру жұмыстары жүргізілген. Құжаттарға қол қоюға мәжбүрлеу шаралары қолданылған жоқ.   

26-12-2018 12-47-44   From students

Author: Нұрсәлім Қастер

Question # 754
Саламатсыз ба Тахир Оспанұлы!
Мен қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1 курс студентімін.
Мені 22.12.2018ж болған Әдебиеттануға кіріспе пәнінен емтиханда жанында отырған баламен сөйлестің деп емтиханнан шығарып жіберді жәнеде заявление жазып қайтадан тапсыруына болады деген. Ал заявление жазуға барғанда болды сен тапсыра алмайсың жазғы семестрға қалдың деді. Емтиханды қайта тапсыруыңызға рұқсат беруіңізді сұраймын.
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Емтиханды қайта тапсыру үшін өтінішіңізді институт директоратына өткізуіңіз қажет. Өтінішіңіз міндетті түрде қарастырылады.

26-12-2018 12-19-45   From students

Author: Anonymous

Question # 753
Сәлеметсіз бе, ректор мырза. Менің қояйын деген сұрағым стипендияға қатысты. Менің рубежкадан баллдарым - 94,97. Ал эмтиханнан аз балл алып қалдым, яғни 48 балл. Осындай жағдайда менің стипендия алуға мүмкіндігім бар ма? Жауабыңызға алдын ала рахмет!!!
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Биылғы білім алушыларды бағалаудың жаңа шкаласына сәйкес, емтиханнан 25-49 аралығында «FX» балл алған студенттерге жазғы семестрге қалдырылмауы үшін екі реттен артық емес қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі.

Егер Сіз 48 балл алсаңыз, «FX» жағдайына сәйкес өтініш жазу арқылы 11-12 қаңтарда өтетін емтиханды қайта тапсыруға қатысуыңыз қажет. Емтихан нәтижесі 50-ден жоғары, жалпы қорытынды көрсеткішіңіз «С+» және одан жоғары балл алған жағдайда ғана шәкірақы алуға мүмкіндігіңіз бар.

26-12-2018 11-22-48   From students

Author: Anonymous

Question # 752
Сәлеметсіз бе! Мен МфиИ 1ші курс студенті боламын.Сұрайн дегенім біздің университетіміз 70 баллдыққа көшті ма.70тен жоғары жинасақ степендия алуға мүмкіндігіміз бар ма?
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Емтихан нәтижесі білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа шкаласына сәйкес бағаланады. Яғни мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқитын білім алушыларға аралық аттестаттау бойынша барлық емтихандарды «А», «А-», «В+», «В», «В-», «С+» (70-74) – «жақсы» бағаларына тапсыру шартымен шәкіртақы төленеді. Сұрағыңызға рахмет!

25-12-2018 18-32-54   From applicant

Author: Наргизп

Question # 750
Сәлеметсіз бе!менің сұрайын дегенім биыл қызыл диплом алу үшін Gpa балл қанша болу
керек және шарттары қандай?
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Биыл қызыл диплом алу талаптары өзгеріссіз қалады, яғни: 
- мемлекеттік емтихандарды және диплом жұмысын (жобасын) тек «үздік» бағамен қорғау қажет;
- барлық оқу жылы барысында «қанағаттанарлық» бағаның болмауы;
- барлық оқу жылы барысында бағаны түзету, көтеру мақсатында «қайта тапсыру емтихан парақшаларының» болмауы;
- барлық оқу жылы барысындағы сабақ үлгерімінің GPA баллы – 3,5 жоғары болуы қажет.

25-12-2018 17-20-34   From parents

Author: Anonymous

Question # 749
Салеметсиз бе?Мен жалгызбасты анамын.Кызым Бидасова Назерке Максаткызы тарих жане динтану болиминин 1 курс студенти.Агылшыннан 55 балл алып калды,баска 3 панди жогары денгейде тапсырды.Енди 3 пан калды.Сизден отинерим Кызым степендиядан айырылып в алмасыншв.Мугалимиин,патер жалдап турамын.Кредит бар.Кызым тарихты суйип окиды,агылшынга да кызыгушылыгы жогары.Алда жаксы корсеткиш корсетеди деп сенемин.
Answer:

Құрметті ата-ана! 

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа шкаласына сәйкес, мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқитын білім алушыларға аралық аттестаттау бойынша барлық емтихандарды «А», «А-», «В+», «В», «В-», «С+» (70-74) – «жақсы» бағаларына тапсыру шартымен стипендия төленеді. Сондықтан білім алушы қорытынды емтихан нәтижесі бойынша барлық пәннен 70 баллдан жоғары жинауы қажет.

25-12-2018 15-09-01   Other

Author: Anonymous

Question # 748
Добрый день, уважаемый Такир Оспанович!
Во время сессии сотрудники центра тестирования ведут себя неподобающий (как короли), привышая своими должностными полномочиями, тем самым нарушают права обучающихся и этику гос.слушащего. После оставлют плохое впечатление и портят репутацию нашего ВУЗа. Хотелось бы все так и права каждого человека (в стенах ВУЗа обувающего) не нарушались.
Answer:

Здравствуйте. Во время тестовых экзаменах присутствует комиссия утвержденной учебным проректором, в число комиссии входили преподаватель военной кафедры,  преподаватель кафедры физической культуры и спорта, практиканты политехнического государственного колледжа, сотрудники Центра тестирования. Мониторинг процесса экзамена контролируется при помощи видеокамер тремя департаментами.

В случае превышения должностных полномочии со стороны комиссии во время тестирования просим обучающихся обращаться напрямую к Начальнику Центра тестирования.

25-12-2018 15-00-49   From students

Author: Anonymous

Question # 747
Сәлеметсізбе? мен икт-дан fx алдым, қайта тапсыруға өтініш жаздым. Каникулға дейін тапсырамын деген оймен. Енді мен қайта тапсыру экзамені 11,12 екенін білдім. Сол күні келіп тапсырсам мен степендияға қайта іліне аламынба? яғни келесі семестрде. Әлде ілінбеймінбе? Естуім бойынша іліне алмайды екенмін, яғни бір айырылғаннан кейін сонысымен қалып тек баға жөнделеді екен. Сосын жазғы экзамендерден кейін ілінеді екенмін. Бұл болжамым қаншалықты рас? Толықтай жауап берсеңіз?
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Қайта тапсыру емтихандары 11-12 қаңтар күндері жүргізіледі. Емтихан нәтижесінде С+ (70-74) және одан жоғары балл жинасаңыз, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа шкаласына сәйкес  стипендия төленеді.

 

25-12-2018 14-02-52   From students

Author: Anonymous

Question # 746
Сәлеметсіз бе.. Мен Анарбекова Данира физика, математика және информатика институтының 4курс студентімін..Менің бір сұраныс бар еді. 70 балдық университет жүйесіне қашаннан бастап енгізілді.Толығырақ мәлімет бересіз бе жүйе туралы
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Данира, сұрағыңыз бойынша толық мәлімет алу үшін институт директорына немесе Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековке жолығуыңызға болады.

Total records: 4046

« перв. ... < пред. ...  167  168  169  170  171 172  173  174  175  ... след. > ... посл. »

First name: *


E-mail:



Phone:



Subject:


Question: *


Enter the code from the image: *


Number of questions

May, 2024
4
April, 2024
10
March, 2024
5
February, 2024
20
January, 2024
11
December, 2023
21
November, 2023
19
October, 2023
17
September, 2023
25
August, 2023
39
July, 2023
29
June, 2023
60
May, 2023
41
April, 2023
49
March, 2023
22
February, 2023
42
January, 2023
68
December, 2022
55
November, 2022
50
October, 2022
62
September, 2022
52
August, 2022
33
July, 2022
32
June, 2022
49
May, 2022
139
April, 2022
64
March, 2022
45
February, 2022
46
January, 2022
57
December, 2021
29
November, 2021
43
October, 2021
70
September, 2021
75
August, 2021
109
July, 2021
79
June, 2021
62
May, 2021
69
April, 2021
74
March, 2021
47
February, 2021
42
January, 2021
68
December, 2020
61
November, 2020
62
October, 2020
42
September, 2020
48
August, 2020
57
July, 2020
81
June, 2020
88
May, 2020
65
April, 2020
86
March, 2020
57
February, 2020
37
January, 2020
28
December, 2019
47
November, 2019
72
October, 2019
70
September, 2019
61
August, 2019
88
July, 2019
47
June, 2019
71
May, 2019
54
April, 2019
70
March, 2019
51
February, 2019
45
January, 2019
75
December, 2018
87
November, 2018
51
October, 2018
54
September, 2018
77
August, 2018
105
July, 2018
46
June, 2018
43
May, 2018
45
April, 2018
36
March, 2018
30
February, 2018
28
January, 2018
17
December, 2017
17
November, 2017
12
October, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений