
30-04-2019 17-26-10

Other
Author: Иманқожаева Мәдина Сейсенқызы Question # 1058 Қайырлы күн, құрметті Такир Оспанович! Біз Математика, физика және информатика институтының 6М011100-Информатика мамандығы бойынша магистранттарымыз. Бізде 15.04-27.04 аралығында магистранттар, докторанттар және мұғалімдерге арналған "Білім беруді цифрландыру жағдайында мектеп информатикасын оқыту әдістемесі" атты курс өтті. Ең біріншіден, курсты жұргізген бізге өз тәжірибиесімен бөліскен МПГУ профессорына Л.Л. Босоваға алғысымызды айтқымыз келеді және де осы шараны ұйымдастырушы «Информатика және білімді ақпараттандыру» кафедрасы мұғалімдеріне және кафедра меңгерушісі Е.Ы. Бидайбековке алғысымыз шексіз. Осы өткен шарадан біз мол мағұлмат алдық, болашақта жас ұрпақты цифрландыру заманында оқытуда Л.Л. Босова бөліскен әдіс-тәсілдерді қолданамыз деп ойлаймын. Л.Л Босова тек әдіс-тәсілдерді айтып келтіріп қана қоймай мұғалімге цифрландыру заманында қандай талаптар қойылатыны туралы мол ақпарат берді. Ізгі ниетпен 6М011100-Информатика мамандығы бойынша бірінші курс магистранттары.
Answer:
Құрметті магистранттар!
Математика, физика және информатика институтының информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасы ұжымының жұмысын жоғары бағалағандарыңызға рахмет! Сіздің ұсынысыңыз міндетті түрде ескеріледі. Рахмет!

30-04-2019 17-17-10

From students
Author: Бердияров Болат Амзебайулы Question # 1057 Добрый день, Такир Оспанович!
Хочу выразить благодарность от имени магистрантов, по специальности Информатика, института Математики, Физики и Информатики, за организацию курса, с 15 апреля по 27 апреля, с профессором МПГУ, д.п.н. Людмилой Леонидовной Босовой. Вопрос, поднятый на курсе "Методика обучения школьной информатике в условиях цифровизации образования", очень своевременный, в контексте направления стандартов образования в нашей стране. Благодаря которому, мы смогли узнать новые методы, новые слова и новые возможности в образовательном пространстве других стран. Уверены, знания, полученные в данном курсе, обязательно пригодятся в дальнейшем при преподавании и в нашей научно-исследовательской работе к диссертации. Надеемся, что такие мероприятия, республиканского масштаба, в нашем ВУЗе будут проходить частенько. Такие мероприятия помогут познать новые знания, новые методы и новые взгляды для нашей деятельности. Хотим также выразить благодарность зав. кафедры Информатика и Информатизации образования Бидайбекову Е.Ы. и другим преподавателям кафедры.
С уважением, магистранты ИМФиИ.
Answer:
Уважаемый студент!
Спасибо Вам за то, что оценили труд сотрудников кафедры информатики и информатизации образования Института математики, физики и информатики!
Ваше предложение обязательно будет учтено. Желаю Вам удачи!

30-04-2019 11-25-21

Other
Author: Университеттің Ерлер қауымы Question # 1056 Құрметті университет басшысы Тахир Оспанұлы! Біздер, осы университеттің профессор-оқытушы Ерлер қауымы Сізді келе жатқан атаулы мерекелермен құттықтаймыз! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз! Сіздің көрегенді басшы ретінде оқу ордасы үшін атқарып жатқан әрбір ісіңізді барлық университет қызметкерлері қолдайды және шынайы ризашылығын білдіреді. Өзіңізге мәлім, жыл сайынғы "8-наурыз - Халықаралық әйелдер күніне" орай университет тарапынан әрбір әйел қызметшілерге премия түрінде сый-ақы үлестіріледі. Біздер профессор-оқытушы Ер азаматтар және оқытушылардан бөлек қызметтегі Ерлер қауымына өкінішке орай "Ер азаматтар, Отан қорғаушылар" күніне мұндай ақшалай сыйақы алынған емес. Университет қабырғасында қызмет атқарып жүрген Ер азаматтарды қолдауыңызды сұраймыз!
Answer:
Құрметті Ерлер қауымы, келе жатқан мерекелеріміз құтты болсын!
Университет тарапынан мамыр айындағы мерекелерге орай ақшалай сыйақы берілетін болады. Сұрағыңызға рахмет!

30-04-2019 02-22-35

From applicant
Author: Anonymous Question # 1055 Сәлеметсізбе құрметті Такир Оспанұлы!
Мен сіз басқарып отырған оқу орданың, физика, математика және инфлрматика иниституның 4 курс студентімін.
Сізге сұрағым, қызыл дипломның талаптары қандай? ( біз педагогика мамамандықтары гост тапсырмағанбыз)
Answer:
Құрметті студент!
Үздік диплом оқудың барлық кезеңінде емтиханды А, А- «өте жақсы», В-, В, В+ «жақсы» деген бағаға тапсырған, орташа үлгерім баллы (GPA) – 3,5 кем емес, мемлекеттік емтихандарды және диплом (жоба) жұмысын қорғауды А, А- «өте жақсы» бағаға тапсырған, оқудың барлық кезеңінде жазғы (қосымша) семестрді және емтиханды қайта тапсырмаған білім алушыларға беріледі.

29-04-2019 17-17-46

From students
Author: Туленди Айгерим Question # 1053 Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің Математика, физика және информатика институтында «Ғылым онкүндігі»-нің шеңберінде информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасынан Есен Ықыласұлының басшылығымен және Ерболат ағай, Нұржамал Тұрашқызы, Айнұр Есенғазиевна, Шырын Тілеубергеновна, Гүлнар Сатыбалдиевна және Индира Тойшыбекқызының ұйымдастыруымен институтымызда 11.04.2019ж. “робототехникадан” 3-курс студенттері арасында алғаш рет «Цифрландырылған ғылым-білім» атты интеллектуалдық сайыс өтті. Бұл сайыс 3 кезеңнен: бірінші топтардың өзін – өзі таныстыруынан, және «ROBOT-BATTLE» атты роботтар сайысынан және үшінші «Әл-Фарабиден цифрландыруға дейін» атты сұрақ жауап сайысынан тұрды. Жарысқа 6 команда қатысты. Информатика мамандығынан Нурланбек ағайдың жетекшілігімен SMART DREAMS тобы; Информатика ағылшын тобы мамандығынан Қайсар ағайдың топтық жетекшілігімен KEY ТO LIVE тобы; Ақпараттық жүйелер мамандығынан Абишев Нубол және Қайрат ағайдың жетекшілігімен TRANSFORMERS тобы; Математика мамандығынан Бақтыгерей ағайдың жетекшілігімен МАТЕМАТИКТЕР тобы; Кәсіптік оқыту мамандығынан Қамбар ағайдың жетекшілігімен KINEZISТ тобы; Физика мамандығынан Алтынбек ағайдың жетекшілігімен ТУРБО топтары қатысты. Бас жүлдені Нұрланбек ағай жетекшілік еткен Информатика 162 мамандығының SMART DREAMS тобының студенттері алды. Жарыс өте қызықты және әділ өтті. Бәріміздің сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, осы «Цифрландырылған ғылым-білім» атты интеллектуалдық сайысты ұйымдастырып отырған ұлағатты ұстаздарымызға алғысымыз шексіз. Алдағы уақытта тағы осындай жарыстар ұйымдастырылып отырса студенттердің робототехникаға деген қызығушылыға арта түседі деген сенімдеміз.
Answer:
Құрметті Айгерім!
Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының қызметкерлеріне жолдаған алғысыңыз үшін рахмет!
Ұсынысыңыз міндетті түрде ескеріледі.

29-04-2019 16-03-08

From students
Author: Мұстафаева Назерке Махмұтқызы Question # 1052 Қайырлы күн құрметті Такир Оспанович!
Мен аталмыш білім ордасында 1 - ші курс информатика мамандығы бойынша магистрантпын. Бізде
15.04- 27.04 аралығында білім алып жүрген білім ошағына арнайы өз тәжірибесімен бөлісуге МПГУ Ресейден келген профессор Л.Л.Босованың жүргізген семинары мен аранайы ұйымдастырылған Республикалық семинардан үйренгеніміз көп болды. Осы орайда, біздер, яғни болашақ жас ұрпақты цифрлы Қазақстанға еңбек етуге ,жас ұрпақты үйрету мен өз өмірлерінде қолдануға аянбай еңбек етеміз деп сенемін. Сондай- ақ осындай үлкен іс- шараны ұйымдастырған «Информатика және білімді ақпараттандыру» кафедрасы мұғалімдеріне және кафедра меңгерушісі Е.Ы. Бидайбековке алғысымыз шексіз. Ізгі ниетпен 6М011100-Информатика мамандығы бойынша бірінші курс магистрант Мұстафаева Назерке
Answer:
Құрметті Назерке!
Математика, физика және информатика институтына қарасты кафедра қызметкерлерінің еңбегін бағалап, алғыс білдіргеніңіз үшін үлкен рахмет!

27-04-2019 11-58-07

From parents
Author: Anonymous Question # 1050 Құрметті Ректор мырза! Сізді мықты менеджер ретінде Білім және Ғылым министрлігіндегі, МАБ басқару кезеңіңіздегі қызметтеріңіз арқылы білемін! Өтініп сұрайтыным 1 курстың жазғы сессиясы кестесінің өзгеріп кетуі қынжылтуда, біз алыста (Маңғыстау облысынын ауданынан)тұратын балаларымыз үшін алдын ала арзан билет алып қойғанбыз. Енді аяқ асты кесте өзегереді деген хабарды ауызша баларымызға ескерткен ,бірақ нақты академиялық кесте шықпай тұр.Сондықтан қайтадан билет алуға кедергі келтіруде, ұшақтың билеті қымбаттады ,поезбен уш күн жүріп келеді. Балам бар мүмкіндігін пайдаланып повышенная стипендияда окып жүр.Осы жайттарды ескере отырып алыс облыстардың балаларына сессияны бұрынғы кестемен тапсыртып, жіберуіңізді өтінемін!Алдын ала Рахмет!
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Билет алып қойған білім алушыларға емтиханды арнайы кестемен тапсыруға рұқсат берілген. Билетті қайта тапсырудың қажеті жоқ.
Сұрағыңыз бойынша Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-13-71. Сұрағыңызға рахмет!

26-04-2019 16-33-49

From students
Author: Турсынова Сания Question # 1049 Добрый день! У меня вопрос касающийся срока справки, которую я предоставляю для получения гос. пособия, так как я сирота. Гос. выплата прекращается на 3 месяца за лето, из за того, что срок справки с места учебы лишь до мая месяца. Можно ли отметить в справке и летний период, так как и летом мне нужно получать деньги. Спасибо.
Answer:
Здравствуйте!
Вы можете написать заявление и принести его лично или отправить на электронный адрес Цифрового центра обслуживания студентов «Шапағат». Для получения подробного ответа Вам следует связаться с сотрудниками центра «Шапағат». Контактные данные: ул.Казыбек би, 30, тел.: 291-64-97, e-mail: centr.shapagat@mail.ru. Спасибо за вопрос.

26-04-2019 16-28-30

From students
Author: Anonymous Question # 1048 Здравствуйте! Я получаю гос. пособие, так как семья моя считается потерявшей кормильца. Но так как университет не выдает справки в летний период, платеж пособия прекращается на 3 месяца. Можно ли удленить срок справки, так как и летом мне нужна выплата. Спасибо.
Answer:
Здравствуйте!
Вы можете написать заявление и принести лично или отправить на электронный адрес Цифрового центра обслуживания студентов «Шапағат». Контактные данные: ул.Казыбек би, 30, тел.: 291-64-97, e-mail: centr.shapagat@mail.ru. Спасибо за вопрос.

25-04-2019 22-42-04

From applicant
Author: Анонимно Question # 1047 Здравствуйте, Такир Оспанович! Почему нашу сессию продлили чуть ли не конца июня? Вначале нам уже раздали расписание экзаменов, в 20 числах мая мы уже должны были уехать к себе домой, билеты купили, а теперь говорить в связи с выборами президента мы должны быть в городе, мы ведь можем пойти на выборы и у себя в ауле.
Answer:
Уважаемый студент, сроки сессии были перенесены с 13 мая до 10 июня 2019 г. в связи с тем, что
1. с 1 января 2019 года введены новые НПА, регулирующие и регламентирующие деятельность организаций высшего и послевузовского образования. В соответствии с новыми НПА, на подготовку и прохождение промежуточной аттестации отводится 10% от общего количества освоенных кредитов в семестре, что составляет в среднем 90 часов;
2. по решению Ученого совета университета, выпускные курсы сдают комплексный экзамен в тестовой форме, при этом период проведения итоговой аттестации 4 курсов и экзаменационная сессия 1-3 курсов совпадает, что создает неудобства при организации экзаменов и излишнюю нагрузку на центр тестирования;
3. Как показала практика предыдущих экзаменационных сессий, сжатые сроки проведения промежуточной аттестации не позволяет обучающимся в полной мере подготовиться к экзамену (на подготовку отводится 1-2 дня), что сказывается на успеваемости. Спасибо за вопрос.

25-04-2019 22-35-50

From applicant
Author: Магистранты выпускники2019 Question # 1046 Тахир Оспанович , мы магистранты, заканчивающие в этом году. Хотим узнать, можем ли мы в этом году подать документы для поступления в докторантуру? можно ли узнать какие произошли изменения в этом году для поступления в докторантуру? И как будут проходить экзамены? Спасибо!
Answer:
Здравствуйте!
Все необходимые сведения по поступлению в университет размещены на официальном сайте в рубрике «Поступающим» (http://www.kaznpu.kz/ru/2178/page/). Для получения полной информации по данному вопросу также можете связаться с сотрудниками Центра профориентационной работы и приема обучающихся. Тел.: 291-57-68, 291-73-71. Спасибо!

25-04-2019 22-25-35

From applicant
Author: Аноним Question # 1045 Уважаемый Ректор! У нас к Вам просьба: не могли бы Вы установить перед главным корпусом да и вообще перед всеми корпусами лавочки, Урны, а то оставили лавочки только для курильщиков и внутри корпусов тоже можно поставить стулья, кресла или диванчики в коридорах, а то стоим перед кабинетами и присесть негде. Спасибо, надеемся на понимание!
Answer:
Здравствуйте!
Ваше предложение обязательно будет рассмотрено руководством университета, которое постарается сделать все возможное для исправления данной ситуации. Спасибо!

24-04-2019 22-53-52

From applicant
Author: Anonymous Question # 1044 Салеметсизбе Тахир Оспанович. Мен сизге сурак коймаймын институтта корген уят жагдайды айтпакшымын. Жатаххана маселесимен Тарих жане кукык институтынын директоры Жумагулов Болат агайдын кабинетине киргем, кабинеттин есиги ашык тур екен. Кабинетинин алдында секретар отыратын кабинет бар. Болат агайдын кабинетинде есиги ашык тур. Ол кисилер Жумагулов Болат агай мен онын секретары менин киргенимди байкамады. Жумагулов Болат агай секретарынын белин колын сипалап тур. Уялганымнан не киреримди не шыгарымды билмей турып калдым. Уялганымнан шыгып кеттим менин атаммен жасты агайдын мынандай иси уят емес па? Мен озим мына жагдайды оз козиммен корип катты ынгайсыздандым ойыма кайта кайта тусе береди
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Берілген ақпаратыңызды назарға алдық. Бұл мәселеге қатысы бар тұлғалармен міндетті түрде түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Келтірілген ыңғайсыздық үшін кешірім сұраймыз.

24-04-2019 14-11-17

From students
Author: Anonymous Question # 1043 Саламатсызба, емтихан кестесін универ жүйесіне тез арада шығаруыңызды сұраймын.
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Емтихан кестесі міндетті түрде жарияланады. Сұрағыңыз бойынша Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековке (бас оқу ғимараты, 221-кабинет) жолығыңыз. Сұрағыңызға рахмет!

24-04-2019 08-32-59

From applicant
Author: Anonymous Question # 1042 Добрый день! Я учусь на магистратуре в физмате. Прошу Вас, уважаемый ректор полностью заменить коррумпированного декана, зам.декана и многих учителей, которые не преподают, а заставляют и угрожают, если мы не сделаем их работы. Мы уже устали от преподавателей с советскими стереотипами. Думал дальше поступить на докторантуру, когда узнал сколько за это просят, то был в шоке.3000-5000$. Еще раз прошу Вас принять хоть какие то меры
Answer:
Здравствуйте!
Ваше обращение обязательно будет учтено. Касательно сотрудников института, требущих денег, прошу уточнить их данные (ФИО) и доказывающие факты, которые обязательно будут тщательно проверены. Для принятия мер необходимы доказательства.

24-04-2019 00-35-46

From students
Author: Қайрсалиxова Сара Question # 1041 Сәлеметсізбе Таxир Оспанұлы. Мен Атырау қаласынан академиялық ұтқырлық бағдарламасымен келіп едім. Естуім бойынша студенттерді сайлауға байланыста 10 маусымға дейін сабақтарды созып, алып қалып жатыр екен. Біз мобильность болғандықтан маусым айында өзіміздің оқу орнына барып, практикадан өтуіміз қажет. Ал университетте сессияны созып жатқандықтан, біз өз оқу орнымыздағы практикаға үлгермейміз. Тек мен ғана емес, көптеген мобильностьпен келген студенттердің жағдайы солай. Академиялық ұтқырлық бағдарламасымен келген студенттерге маусым айына дейін емтиxанды аяқтауға мүмкіндік туғызсаңыз жақсы болар еді.
Answer:
Құрметті Сара!
Академиялық ұтқырлық бағдаламасымен келген студенттер емтиханды ауызша түрде ағымдағы жылдың 18 мамырына дейін тапсырады.
Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековке (Бас оқу ғимараты, 221-кабинет) жолығуыңызға болады. Сұрағыңызға рахмет!

23-04-2019 23-29-29

From students
Author: Anonymous Question # 1040 Сәлеметсізбе!Мен Бастапқы әскери дайындық мамандығының 2ші курс студентімін,менің сізге қояр сұрағым мен 1ші курста ЖАЗҒЫ СЕМЕСТІРГЕ "лето" 5 сабақтан құлап қалған едім,енді 2ші курста жазда төлеуге өтініш толтырамын,менің отбасылық жағдайым төмен,акем қайтыс болған,көп балалымыз,анам жұмыс жасамайды,жалдамалы пәтерде тұрамыз,үлкен Жалғыз апкем мені оқытып жатр,маған сол 5 сабақты төлеу қиын болып жатыр отбасылық жағдайға қарап жартылай жетімдерге скидка беріледіме,бармаған жерім қалмады,бірақ ешкім нақты жауап бермейді біреулер ия отбасылық жағдай болса скидка беруі мүмкін деген сол үшін өзіңізден сұрап отырмын!Егер скидка болатын болса маган ол үшін не істеу керек және қайда барып өтініш жазсам болады!Ректор мұрза сізге өтініш осы жағын қарастырыңызшы мен осы универде оқығым келеді,1 ші курста әкемнің қайтыс болғанына байланысты сессияға дұрыс қатыса алмадым,маған қатты ауыр болды!!!!
Answer:
Құрметті студент!
Жеңілдік беру туралы өтініш жазып, өтінішке анаңыздың көп балалы екендігі туралы анықтамасын, әкеңіздің қайтыс болғаны туралы куәлігін тіркеуіңіз қажет. Сондай-ақ, өтінішке институт директорының, академиялық мәселелер жөніндегі департамент директорының (Бас оқу ғимараты, 220 каб.), оқу ісі жөніндегі проректордың (210 каб.) қолын қойдырып, Университеттің құжатпен қамтамасыз ету және бақылау бөліміне өткізуіңіз керек. Сұрағыңызға рахмет!

23-04-2019 23-19-53

From students
Author: Айтуғанова Жұлдыз Маxанбетқызы Question # 1039 Саламатсыз ба,Таxир Оспанович!
Біз екінші семестрде мобильностьпен келген студенттер атынан жазып отырмыз.Белгілі бір себептермен емтиxан уақыты 10 маусымға дейін созылды.Ал бізге бұл xабар жетпес,офисрег. 19 мамырға дейін бітеді бүкіл сабақ деген xабарлама келген болатын.Осыдан кейін,бір жағынан бізде Атырауда сабақтар пен жазғы практика болған соң билет алып қойған болатынбыз.Енді сізден сұрарымыз 23-інші мамарға дейін бізге емтиxан барлығын бітіріп қайтуға мүмкіндік туғызсаңыздар.
Answer:
Құрметті студент!
Академиялық ұтқырлық бағдаламасымен келген студенттер емтиханды ауызша түрде ағымдағы жылдың 18 мамырына дейін тапсырады.

23-04-2019 12-32-05

From students
Author: Anonymous Question # 1037 Құрметті, Таxир Оспанович! Мен xимия-ағылшын группасының 2 курс студентімін. Соңғы жаңалықтар бойынша біздің сессия күндеріміз 13.05-10.06 аралығына созылған. Біз бар жоғы 5 сабактан экзамен тапсырамыз. Сол 5 сабақты 1 ай бойына созып жүргенше, бұрынғы кестеміз бойынша 8.05-15.05 аралығында арасына 1-2 күн демалысы бар болғандықтан тиімдірек. Басқа группалардың демалыс жоқ деген шағымының кесірінен біз 1 ай бойына созып жүргіміз келмиді. Маңғыстау облысында тұратндықтан билеттерімізді алдын ала алып қойғанбыз, енді бұл өзгеріс бізге шығын әкеледі. Осы өтінішімді ескеруіңізді сұраймын.
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Көктемгі емтихан сессиясының уақыты төмендегі себептерге байланысты өзгерді:
1. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін және регламенттейтін жаңа нормативті-құқықтық актілер (НҚА) енгізілді. Жаңа НҚА-ға сәйкес аралық аттестацияны дайындауға және өтуге семестрде игерілген кредиттердің жалпы санының 10% бөлінеді, бұл орта есеппен 90 сағатты құрайды;
2. Университеттің Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша бітіруші курстар кешенді емтиханды тест түрінде тапсырады. Ал 4 курстардың қорытынды аттестациясын өткізу кезеңімен 1-3 курстардың емтихан сессиясының кезеңі сәйкес келеді, бұл емтихандарды ұйымдастыру кезінде қолайсыздық тудырады және тестілеу орталығына артық жүктеме жасайды;
3. Алдыңғы емтихан сессияларының тәжірибесі көрсеткендей, аралық аттестаттауды өткізудің қысқа мерзімі білім алушыларға толық көлемде емтиханға дайындалуға мүмкіндік бермейді (дайындыққа 1-2 күн беріледі), бұл үлгерімге әсер етеді.
Билет алып қойған білім алушыларға емтиханды арнайы кестемен тапсыруға рұқсат берілген. Билетті қайта тапсырудың қажеті жоқ. Сұрағыңыз бойынша Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-13-71. Сұрағыңызға рахмет!

23-04-2019 12-30-48

From students
Author: Anonymous Question # 1036 Қіұрметті Таxир Оспанұлы! Мен xимия мамандығы студентімін.Менің сізге жазу себебім сессия күндері туралы жазып отырмын. Біздің группа не бәрі 5 ақ пәннен тапсырады соны апарып 1 айға созып тастаған. Проректордың айтуы бойынша сіздің болгыңызға xат келген. Онда "біздің сессия кундеріміз тығыз орналасқан,бізге қолайсыз" деп жазылған деседі.Сол себепті сол сессия күндері тығыз орналасқан студенттердің уақытын ғана өзгертуіңізді сұраймыз. Бұл өзгерген график бізге қолайсыз.Себебі, бізде 5ақ пән оны 1 ай бойы аптасына бір рет тапсыру керек болады. Ал қалған күндеріше...бізге проректортор айтады студенттерге қолайлы болсын деп сессия күндері арасына 5 күн салдық деп сол аралықта қыдырың киноға барың дейді ол үшін бізге университеттен ақша бөлініп жатқандай, біздіңде отбасымыз бар көп балалы отбасымыз, жатаxанадада тұрмаймыз, ақылы бөлімде оқимыз осының бәрін ойлап қарасақ көп шығын. Басқа студенттердің назарлылығына біздіңде графикті ауыстырмауыңызды сұраймын. Түсіністіктен қарайды және біздің шешімді қабылдайсыз деп ойлаймын.Оқысаңыз раxмет!
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Көктемгі емтихан сессиясының уақыты төмендегі себептерге байланысты өзгерді:
1. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін және регламенттейтін жаңа нормативті-құқықтық актілер (НҚА) енгізілді. Жаңа НҚА-ға сәйкес аралық аттестацияны дайындауға және өтуге семестрде игерілген кредиттердің жалпы санының 10% бөлінеді, бұл орта есеппен 90 сағатты құрайды;
2. Университеттің Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша бітіруші курстар кешенді емтиханды тест түрінде тапсырады. Ал 4 курстардың қорытынды аттестациясын өткізу кезеңімен 1-3 курстардың емтихан сессиясының кезеңі сәйкес келеді, бұл емтихандарды ұйымдастыру кезінде қолайсыздық тудырады және тестілеу орталығына артық жүктеме жасайды;
3. Алдыңғы емтихан сессияларының тәжірибесі көрсеткендей, аралық аттестаттауды өткізудің қысқа мерзімі білім алушыларға толық көлемде емтиханға дайындалуға мүмкіндік бермейді (дайындыққа 1-2 күн беріледі), бұл үлгерімге әсер етеді.
Total records: 3791