
19-04-2019 11-37-48

From applicant
Author: Anonymous Question # 1020 саламатсызба
7 этажкадагы шапагат центр неге жай жумыс жасайды
кыздар телефон шукылап жайбыракат журеды
улкен универ болган сон жылдам жумыс жасау керек кой
4 курстар диплом жұмысын антиплагиаттан өткңзу үшін сағаттап кезекте отырады
кашан бәрі жақсарады екен
осыны қолға алсаңыз
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Шағымыңыздағы мәселелерді назарға алдық. Алдағы уақытта «Шапағат» орталығының қызметі қадағаланатын болады.

19-04-2019 11-33-28

From applicant
Author: Anonymous Question # 1019 Сәлеметсізбе,Тахир Оспанұлы. Сізге өтінішіміз бар еді, сіз ұзартқан академиялық уақытты қысқартуынызды өтінеміз.Тым болмаса Мамырдың аяғына дейін қысқартасызба ,қыс кезіндеде демалыс уақыты екі жеті ғана болды. Батыс Қазақстан облысының студенттері билет, алып алдын ала дайыналып қойған болатын.Өтінішімізді ескересіз деген ойдамыз! Рақмет!
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Билет алып қойған білім алушыларға емтиханды арнайы кестемен тапсыруға рұқсат берілген.
Емтихан сессиясының уақытына байланысты сұрақтарға толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен немесе институт директорымен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-13-71. Сұрағыңызға рахмет!

19-04-2019 10-54-49

From students
Author: Назира Question # 1018 4-курстың вручениесі қай уақытта болады?
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Қазіргі таңда түлектерімізге дипломды табыстау рәсімі бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дипломды табыстау күні бекітілгеннен кейін ресми сайтымызға хабарландыру жарияланып, директорат тарапынан білім алушыларымызға ескертіледі. Сұрағыңызға рахмет!

18-04-2019 16-28-38

From applicant
Author: Anonymous Question # 1017 Добрый день, пишу по поводу внезапного продления обучения до 10 июня.
Нас, студентов, интересует по какому принципу принимаются такие решения, и кто идейный вдохновитель.
Также есть информация, о том, что какие-то студенты, жаловались что не успевают подготовиться к рубежному контролю и к экзамену из-за практики, что очень удивительно, ведь практика занимает пол дня максимум, считайте тоже самое что и обычная учеба, даже без нагрузки, кто-то вообще её не посещает.... Собственно говоря, это не причина удлинять обучение, и абсолютно не поддерживается студентами. Многие купили билеты, строили планы, и тут вдруг, из-за какой-то кучки непонятных людей, обрываются все планы и теряются деньги. Вторая причина- это то, что короткие каникулы зимой, были обусловлены тем, что мы раньше закончим обучение, но на деле происходит обратное.
Просим объяснений и немедленного решения этой проблемы.
Answer:
Уважаемый студент, сроки сессии были перенесены с 13 мая до 10 июня т.г. в связи с тем, что:
1. с 1 января 2019 года введены новые НПА, регулирующие и регламентирующие деятельность организаций высшего и послевузовского образования. В соответствии с новыми НПА на подготовку и прохождение промежуточной аттестации отводится 10% от общего количества освоенных кредитов в семестре, что составляет в среднем 90 часов;
2. по решению Ученого совета университета выпускные курсы сдают комплексный экзамен в тестовой форме, при этом время проведения итоговой аттестации 4-х курсов и экзаменационная сессия 1-3 курсов совпадают, что создает неудобства при организации экзаменов и излишнюю нагрузку на центр тестирования;
3. как показала практика предыдущих экзаменационных сессий, сжатые сроки проведения промежуточной аттестации не позволяют обучающимся в полной мере подготовиться к экзамену (на подготовку отводится 1-2 дня), что сказывается на успеваемости.
Студенты, которые взяли билеты, могут сдать экзамен по специальному расписанию. Для получения дополнительной информации по данному вопросу Вы можете связаться с директором Департамента по академическим вопросам Хайруллой Нышановичем Джанбековым. Тел.: 291-13-71. Спасибо за вопрос.

18-04-2019 15-55-09

From students
Author: Рысалдиева Алия Question # 1014 Здравствуйте Тахир Оспанович, я бы хотела сказать о состоянии корпуса Истории и права. У нас просто нету условии для студентов. Все кабинеты не оборудованны,не чистые и даже уже 2 год не работает лифт и никто не собирается отремонтировать, и все уборные ужасном состоянии и многие не работают. Просто не чисто и не красиво, не хочется посещать университет, мы учимся на юриспруденции тем более на платной основе и не малые деньги плотим, где условия для студентов ? Кому только наши студенты не писали, и обещали уже год назад сделать компьютерные классы, установить wifi, но мы никаких изменений не видем. Очень надеемся на то что вы примете меры.
Answer:
Здравствуйте!
Касательно выше указанных жалоб руководство в курсе. В рамках стратегического плана развития нашего университета планируется и проводится ряд мер по улучшению инфраструктуры, в том числе создание надлежащих условий для обучающихся.
В текущем году в компьютерных классах (409, 511, 10) были установлены новые компьютеры, переустановлено программное обеспечение. По Wi-Fi-оборудованию - сейчас проходит открытый конкурс, по окончании которого мы планируем установить его во всех учебных корпусах и общежитиях.
Лифт корпуса №10 работает с 1 мая т.г. Указанные проблемы с туалетами в ходе возникновения будем устранять. Также будем контролировать работу комендантов, ответственных за состояние всех зданий нашего университета.

18-04-2019 15-25-17

From applicant
Author: Anonymous Question # 1013 Қайрлы күн ,құрметті Тахир Оспанұлы . Біздің сізге қояр сұрағымыз:
Біз дефектология мамандығына қысқы демалыста ерте шақыртып сабақты мамыр айында ерте бітіресіңдер деп айтқандықтан 1-апта ерте бастаған едік және практиканы сабакпен бірге зорға алып жүрдік.(ал басқа мамандықтарда сабақ кеш басталып практика сабақтан тыс отеді).Енді бізге келіп мамырдың 13 мен маусымның 10 дейін сессия қойылған, және де біз сабақты 9 апта оқитын болып тұрмыз.Неліктен біз сабақты ерте бастап кеш бітіруіміз керек, жаңа оқу жылы болса тамыз айында..?Осы мәселеге көңіл бөлсеңіз!!
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Көктемгі емтихан сессиясының уақыты төмендегі себептерге байланысты өзгерді:
1. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін және регламенттейтін жаңа нормативті-құқықтық актілер (НҚА) енгізілді. Жаңа НҚА-ға сәйкес аралық аттестацияны дайындауға және өтуге семестрде игерілген кредиттердің жалпы санының 10% бөлінеді, бұл орта есеппен 90 сағатты құрайды;
2. Университеттің Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша бітіруші курстар кешенді емтиханды тест түрінде тапсырады. Ал 4 курстардың қорытынды аттестациясын өткізу кезеңімен 1-3 курстардың емтихан сессиясының кезеңі сәйкес келеді, бұл емтихандарды ұйымдастыру кезінде қолайсыздық тудырады және тестілеу орталығына артық жүктеме жасайды;
3. Алдыңғы емтихан сессияларының тәжірибесі көрсеткендей, аралық аттестаттауды өткізудің қысқа мерзімі білім алушыларға толық көлемде емтиханға дайындалуға мүмкіндік бермейді (дайындыққа 1-2 күн беріледі), бұл үлгерімге әсер етеді.
Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-13-71. Сұрағыңызға рахмет!

17-04-2019 10-43-21

From students
Author: Магистрант Question # 1012 Добрый день, уважаемый Такир Оспанович. Повторно пишу письмо, так как мое письмо осталось без ответа.
Совсем скоро мы как магистры защитимся, получим дипломы, время уже наступило. Но в декабре месяце прошлого года(включительно январь 2019) сдавали документы для Президентской Стипендии, прошло уже много месяцев, а ответа нет. Столько учились, столько старались учиться только на 95 и выше. Для меня лично получить такую стипендию исторически значимое событие. Прошу ваше содействие ускорить назначение данной стипендии для одаренных магистрантов КазНПУ имени Абая.
Answer:
Здравствуйте!
Для получения ответа по данному вопросу Вы можете записаться ко мне на прием. Спасибо!

16-04-2019 21-19-09

From students
Author: Анар Кишкенебаева Question # 1011 Сəлеметсізбе, мен Екі шет тілі мамандығының 4-курс студентімін. Бакалавриаттан кейін магистратураға тапсыруға жоспарлап жүр едім. Магистратураға тапсыру үшін емтихан форматы жаңартылған деп естідім, яғни GMAT тестімен, сол распа? Əлде сол баяғы форматта емтихан тапсырамызба? Егер емтихан жаңа форматта өтілетін болса, сол туралы қысқаша түсініріп кете аласызба?
Рахмет, жауабыңызды асыға күтемін,
Анар Кишкенебаева
Answer:
Құрметті Анар!
Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен (бас оқу ғимараты, 221-кабинет) хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-13-71. Сұрағыңызға рахмет!

13-04-2019 17-31-43

From students
Author: Қаныш Нахан Question # 1009 Сәлеметсізбе Такир Оспанұлы менің сізден сұрайын дегенім бізді неге массовкаға көп алып кетеді сабақ уақытында сабақтан алып кетеді тіпті 1 күнде бірнеше іс шараға еркімізден тыс қатысуға мәжбүрлейді жəне де бізді сабақ уақытынан тыс уақыттада Университетке шақырып алады бара алмаймын десең өздеріне шақырып алып ұрысып жəне ол істерін бұл СӨЖ деп айтады.
Біз мұнда оқуға келдік массовка болу үшін емес.Біз бос уақытымыз да демалғымыз келеді ешкімге қызықсыз іш шараларға қатысқымыз емес.
Сіздер біздің ЖЕКЕ ӨМІРІМІЗГЕ қол сұғып жатыр сыздар.
Студент сіздерге қуыршақ емес қайда қойғыларыңыз келсе сонда отырғызып қоятын мен сіздерге ақшаны массовкаға барғаным үшін емес оқу үшін төлеймін
Answer:
Құрметті студент!
Университет деңгейінде өткізілетін маңызды іс-шаралар арнайы бекітілген жоспар бойынша жүргізіледі. Қазіргі уақытта бірқатар іс-шаралар сабақ уақытынан тыс өткізілуде. Мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен насихаттау мақсатында көптеген іс-шаралар әкімдік, мемлекеттік мекемелердің тапсырмалары бойынша өткізілгендіктен, қызметкерлер мен білім алушыларды ақпараттандыру үшін университет тарапынан аталмыш іс-шараларға қолдау көрсетіледі.
Білім алушыларды іс-шараларға еркінен тыс шақырту мәселесі назарға алынды. Алдағы уақытта университетімізде жоспарланатын іс-шаралар мен жобалардың бағдарламалары мұқият талданып, қадағаланатын болады.

13-04-2019 11-42-33

From applicant
Author: Үсенова Балнұр Еркінқызы Question # 1008 Сəлеметсіз бе, Тахир Оспанұлы!Мен Үсенова Балнұр Еркінқызы, Агу-ға түскім келеді . Сіздерде білім жақсы деп естідім. Мен өткен жылы 2018жылдың түлегімін . ҰБТ тапсырып 98 балл жинадым. Алайда грант ала алмадым. Қазір Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде 1-курс қазақ тілі жəне əдебиеті мамандығында оқимын . КТА тапсырып сіздердің оқу ордаларыңызға түскім келеді. Сұрағым :КТА-ны АГУ-да тапсырамын ба ? Жалпы осы жайлы ойыңыз?
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Университетімізге оқуға тапсыруыңыз үшін 2019 жылдың 10 мамырына дейін құжаттарыңызды тапсырып, 20 маусым - 5 шілде аралығында өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысуыңыз керек.
Егер Ұлттық бірыңғай тестілеуді Тараз қаласында тапсырған болсаңыз, ҰБТ нәтижесі бойынша сертификат алып келуіңіз қажет.
Қабылдау комиссиясының қызметіне қатысты сұрақтарыңыз болса, Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмахан Әуесбекұлымен хабарласуыңызға болады. Тел.:291-57-68. Сұрағыңызға рахмет!

12-04-2019 10-05-57

Other
Author: Бабаханова Эльмира Ардашевна Question # 1007 Құрметті Такир Оспанұлы! Тарих және құқық институтының ұйымдастыруымен өткен,
ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында "Рухани жаңғыру - білім саласының жаңа көкжиегі" атты ғылыми - тәжірибелік конференция аясында "Ұлы даланың жеті қыры" ғылыми жоба сайысы өтті. Аталған шараға Алматы облысы Қарасай ауданы Көкөзек ауылының орта мектебінің 10 - 11 сынып оқушылары қатысты. Аталған шара өте жоғарғы деңгейде өтті. Жарыс жеңімпазы ретінде еліміздегі елеулі атағы мен абыройы бар білім ордасына үлкен рахметімізді айта отырып, алдағы уақытта да осындай іс - шаралар көптеп ұйымдастырылса деген тілегіміз бар.
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Жоба туралы пікіріңіз үшін рахмет! Ұсынысыңыз өте орынды, алдағы уақытта міндетті түрде ескереміз.

11-04-2019 13-00-44

From students
Author: Anonymous Question # 1005 Құрметті,Тахир Оспанұлы.Біз Шетел тілі:екі шетел тілі,101 "а,б"тобы студенттері атынан Дене шынықтыру және спорт кафедрасына алғыс айтамыз.Кафедра мұғалімдері өз жұмыстарын тиянақты атқарады.Соның ішінде бізге сабақ беретін Акмырза Кенджибаев Борисовичті атап өткіміз келеді. Ағай өз жұмысын адал атқарады.Студенттердің сабаққа қатысуына қарай тиісті бағаны әділ қояды.Өз жұмысын тиянақты орындайды.Сол үшін өз ризашылығымызды білдіргіміз келеді.
101 "а,б" тобы студенттері:
Әбдіғаппар Ақбота
Әбділ Аружан
Бақытжанова Әсем
Байганатова Аяулым
Ерген Мадина
Ерболатқызы Әдемі
Дүйсенова Камила
Қайратқызы Айгерім
Төлеген Мадинабану
Абдусаттарова Углай
Абил Ардак
Дуйсенбек Жулдыз
Ерикова Лаура
Кенжеаликызы Раушан
Баткей Гулнур
Балмағамбетова Анель
Зада Айжан
Жүнісқан Алтынай
Әзімхан Алтынай
Answer:
Құрметті студенттер!
Дене шынықтыру және спорт кафедрасы ұжымына жолдаған алғыстарыңыз үшін үлкен рахмет!

11-04-2019 11-25-57

From students
Author: Студенты 1 курса трех групп: 106А, 106Б, 108 специальности иностранный язык: два иностранных языка Института филологии и полиязычного образования КазНПУ им. Абая Question # 1004 Здравствуйте Уважаемый ректор университета Балыкбаев Тахир Оспанович мы студенты 1 курса трех групп: 106 А, 106 Б, 108 специальности иностранный язык: два иностранных языка Института филологии и полиязычного образования КазНПУ им. Абая, хотим выразить благодарность Вам за внимательное и теплое отношение к студентам, а также поблагодарить преподавателей, которые преподают нам в Университете и особую благодарность хотим выразить преподавателю Тусубековой Кунслу Кадыркуловне за высокий профессионализм и компетентность, доброжелательность, терпение, искренность, преданность своему делу.
Спасибо большое за ваш труд! Мы выбрали достойное учебное заведение в профессиональном становлении.
Answer:
Здравствуйте. Благодарим за приятный отзыв. Мы обязательно передадим ваше письмо преподавателю Кунслу Кадыркуловне Тусубековой. Спасибо!

10-04-2019 18-21-45

From applicant
Author: Бенашвили Динара Маратовна Question # 1003 Уважаемый Тахир Оспанович! Я студентка заочного отделения. Прошу Вас разобраться и решить вопрос прохождения антиплагиата. После написания дипломной работы, я несколько раз проверяла в онлайн на сайте антиплагиат.ру где показывал высокий процент уникальности. Я 2 раз проходила антиплагиат в «Шапагат», но почему-то процент уникальности показывает ниже. Что за программа такая? Директор «Шапагат» Задает не корректные вопросы: где работаешь?, кем работаешь?,какая заработная плата?, с кем живешь? Что за не этичные вопросы?! Почему такое отношение к студентам ЗАОЧНОГО ОТДЕЛЕНИЯ. Ведь мы учимся на платной основе.Обратилась к директору Института, к начальнику учебного отдела Жанбекову Х. Н., проректору по учебной работе Сатмурзаеву А.А писала заявление, было подписано! Пожалуйста решите этот вопрос в мою пользу!
Answer:
Здравствуйте!
В Вашем обращении звучат серьезные обвинения в адрес сотрудников нашего университета и они обязательно будут досконально рассмотрены и проверены. И только после этого будут, в случае правдивости приведенных Вами сведений, приняты соответствующие меры. Принятие справедливого решения требует определенного времени. В любом случае решение руководства по данному вопросу будет озвучено. Спасибо.

10-04-2019 17-27-44

Other
Author: Жұмағұлова Қалампыр Әбжаппарқызы Question # 1002 Құрметті Такир Оспанұлы!!!
Сіздің қолдауыңызбен университеттің ғылыми әлеуетін көтеру мақсатында бірқатар іс-шаралар атқарылуда. Атап айтқанда, жас ғалымдарға арналған «Стартап» және 2019 жылға арналған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жариялаған Жас зерттеушілердің ғылыми жобалары бойынша гранттық қаржыландыру конкурсына Жаратылыстану және география институтының магистранттары мен докторанттары қатысып, гранттар ұтып алды.
Сонымен қатар, Ғылым департаментінің қызметкерлері мен оның директоры Сахиев Саябек Қуанышбекұлының ұйымдастыруымен Elsevier, Springer компанияларының өкілдерімен тұрақты кездесулері докторанттар мен жас ғалымдардың халықаралық рейтингтік басылымдарда зерттеу нәтижелерін жариялау мүмкіндігін алып отыр. С.Қ. Сахиев институтымыздың Кеңес мәжілістеріне бірнеше рет қатысып, университеттің зерттеу бағытына қатысты ойларымен бөлісті.
Біздің институтта биылғы жылы ХИРШ индексіне ие профессор-оқытушыларға сыйақы берілуі ғылым жолындағы жас ғалымдарға ғылыми ізденіске деген үлкен құлшыныс тудыруда.
Такир Оспанұлы! Қазақ жоғары білімінің қара шаңырағы атанған Абай университетінің ғылыми әлеуетін даярлау жолындағы еңбегіңіз шексіз. Сізге Жаратылыстану және география институты ұжымы алғыс білдіреді.
Директордың ғылыми істер және халықаралық
қатынастар жөніндегі орынбасары
Жұмағұлова Қ.Ә.
Answer:
Құрметті Қалампыр Әбжаппарқызы!
Университет басшылығына жолдаған алғысыңыз үшін үлкен рахмет! Абай университетінің ғылыми әлеуетін нығайту және оны дамытуда профессор-оқытушылар құрамы мен жас ғалымдарымыздың қосар үлесі зор. Сондықтан алдағы уақытта ғалымдарымыз бен қабілетті білім алушылар үшін ғылым саласында барлық жағдайлар жасалатын болады.

10-04-2019 12-38-23

From applicant
Author: Жанерке Бақтыбекқызы Question # 1000 Салеметсизбе ректор мырза мен осы университетте жұмыс жасаймын.Педагогика және психология институтында ескі,жарамсыз компьютерден шаршадық дистпечер мен бір компьтерге күніміз қарап отыр оның өзі дұрыс жасамайды. Мен әдіскер болып жасаймын. Оқу жылы аяқталып қалды көктемгі емтихандарға билет шығару керек,келу парағын дайындау керек бізге жүктелетін міндет өте көп алайда компьютер істемегендіктен сөз де естіп жатырмыз әр кабинет аралап қай жерде компьбтер бар әркімнен сұрап,жалынғаннан шаршап кеттік.Неге бізге берілмейді? 1 жыл бойы күтіп отырмызғой бұдан арыға шыдай алмаймын.
Answer:
Сәлеметсіз бе, Жанерке!
Сұрағыңызда көрсетілген мәселені шешу Білімді ақпараттандыру департаментіне жүктелді.

10-04-2019 10-19-48

From applicant
Author: Сымбат Аскарова Question # 999 Қайырлы күн, құрметті ректор Тахир Оспанұлы! Менің Сізге мынадай сұрақтарым бар:
1) Биылғы жылы Докторнатураға құжат тапсыру мерзімі қай аралықтан қай аралыққа дейін?
2) Ағылшын тілінен Тест тапсыруды алып тастады ма? IELTS/TOEFL болуы міндетті ме? Егер міндетті болса IELTS неше балдан бастап қабылданады? ОСыны нақты жауап беріп өтуіңізді сұраймын. Өйткені бұл сұраққа ресми нақты жауап ала алмадым.
3) Докторантураға Сіздің университетіңізде ақылы түрде оқығымыз келсе, жылдық оқу ақысы қанша?
4) Не себепті Қабылдау комиссияның телефон номеріне хабарлассақ ешкім жауап бермейді, жауап бергеннің өзінде сол орталықтағы қызметкерлер телефонмен дөрекілеу сөйлеседі, бұл дұрыс емес. Телефонмен сөйлескен кезде дөрекі сөйлеспей, сыпайы сөйлеуді үйренсе екен.
Назар аударғаныңызға рахмет. Жұмысыңызға сәттілік тілеймін!
Answer:
Сәлеметсіз бе, Сымбат!
Университетімізде докторантура бағдарламасы бойынша құжаттар 2019 жылдың 3-25 шілде аралығында қабылданады. Докторантураға түсу үшін тапсырылатын емтихандар ағымдағы жылдың 8-16 тамызы аралығында келесі талапқа сәйкес жүргізіледі: - докторантураға түсуге үміткер ағылшын тілінен тест тапсырмайды, бірақ шет тілін толық меңгергендігін растайтын Халықаралық сертификат TOEFL - 560 балл, IELTS-4.5 балдан кем болмауы керек және сертификаттың жарамдылық мерзімі 2 жылдан аспауы керек.
Таңдаған мамандығыңыз бойынша докторантураның ақылы бөлімінде білім алатын болсаңыз, оқу төлемақысы 2018/2019 оқу жылында 1 307 000 тенге болған. 2019/2020 оқу жылына оқу ақысының сомасы бекітілмегендіктен, нақты қанша төлеу керектігін айта алмаймыз.
Университет сайтында көрсетілген қабылдау комиссиясының барлық телефондары жұмыс жасап тұр. Қабылдау комиссиясының қызметіне қатысты сұрақтарыңыз болса, Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмахан Әуесбекұлымен хабарласуыңызға болады. Тел.:291-57-68. Сұрағыңызға рахмет!

09-04-2019 21-04-33

Other
Author: Мейірбекова Гульжазира Question # 998 Құрметті Такир Оспанұлы!
ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Кезінде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауын осылай бастаған еді. «Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» - деген болатын.
Біздің Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті сіздің келгелі уақытыңыздан бастап жаңа деммен өмір сүріп, енді университетіміздің жаңа тарихи беті ашылып жазыла басталды. Оқу жүйесі, абитуриенттерді университетімізге тарту барысындағы жеңілдіктер, ұстаздар еңбегін бағалау, студент жастарға қолдау көрсетіле отырып білім беріле бастады.
Оның дәлелі, биылғы оқу жылында біздің Тарих және Құқық Институты, «Құқықтану» мамандығы бойынша 1 курста казіргі кезде 100% - 17 студент, 50% - 20 студент, 30% - 10 студент, 20% - 7 студент, 10% - 3 студент білім алуда. Бұл Университетімізде «Құқықтану» мамандығы бойынша жеңілдіктер берілген ең бірінші жыл деп есептеуге болады. Өйткені, «құқықтану» мамандығына Мемлекеттік гранттардың өзі өте аз мөлшерде бөлінетіні белгілі.
Екіншіден, оқытушылардың еңбектері еленіп, Білім және Ғылым Министрлігінің марапаттауларына, Университетіміздің өзінің марапаттарына биылғы оқу жылының өзінде кафедра меңгерушісі з.ғ.д.,профессор Е.Ә.Бурибаевтан бастап, барлық кафедра мүшелері өз еңбектері бойынша алды.
Үшіншіден ғылыми жұмыстар бойынша оқытушылар өз зерттеулерін, еңбектерін алыс жақын шетелге шығарып қорғау мүмкіндіктеріне ие болды. Оған дәлел кафедрамыздың он шақты оқытушылары осы мүмкіндіктерді пайдалануда.
Төртіншіден, шетелдік ғылыми басылымдарда еңбектері шығып, Хиршасы бар біздің кафедраның өзінен сегіз оқытушы ақшалай сыйақымен марапатталды.
Бұлда біздің кафедраның жетістігі деуге болады.
Осы жетістіктерімізді бағалап, көтермелеу шараларымен марапаттап отырған және өз мүмкіндіктерімізге жақсы жағдайлар жасап отырған Университетіміздің ректоры, Сізге құрметті Тахир Оспанұлы, кафедра басшысы және кафедра мүшелері өз алғыстарын білдіреді!
Answer:
Құрметті Гүлжазира!
Университет басшылығына жолдаған алғысыңыз үшін үлкен рахмет!
Бүгінгі оқу ордамыздың білім және ғылым саласындағы әр жетістігіне профессор-оқытушылар қауымының қосар үлесі зор. Абай университетінің білім беру және ғылыми әлеуетін одан әрі дамыту үшін профессор-оқытушылар құрамы мен жас ғалымдарымыздың бастамаларына әрдайым қолдау көрсетуге дайынбыз.

09-04-2019 15-17-16

From applicant
Author: strangler Question # 997 Сәлеметсизбе, құрметті Тахир Оспанұлы. Сіз біздің университетіміз үшін көптеген жұмыстар атқарып жүрсіз және оның дамуына, көркеюіне де игі ыкпал жасап жатырсыз. Қадірменді, Тахир Оспанұлы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев үстіміздегі жылды "Жастар жылы" деп атап, жалынды да, жігерлі, білімді жастарға көп мүмкіншілік беріп отыр.Біздің "Қазақстан тарихы" кафедрасының меңгерушісі Жангуттин Бауыржан Олжабайұлы зейнет жасындағы оқытушы. Елбасымыздың тікелей бастамасымен көтерілген озық бағытты негізгі тірекке ала отырып, неге біз, біздің "Қазақстан тарихы" кафедрасына білімді, ақылды, өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын, шынайы көзқарасты ғана ұстанатын жас оқытушыны қоймасқа.
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Тарих және құқық институтына қарасты «Қазақстан тарихы» кафедрасы меңгерушісіне қатысты ұсынысыңыз міндетті түрде ескеріледі. Рахмет!

08-04-2019 14-00-42

From students
Author: Курманалиев Артық Question # 996 Құрметті,Тахир Оспанұлы! Мен Тарих және құқық институтының, құқық және экономика негіздері мамандығының 2-курс студенті Курманалиев Артық. Тарих және құқық институтында оқитыныма өте қуаныштымын!Өйткені, сабақ беруші мұғалімдеріміз өзіме қатты ұнайды және Институт директорымыз Жұмағұлов Болат Сағидоллаұлына шексіз алғысымды білдіргім келеді.4-5 сәуір аралығында өткен ХІ-ші Республикалық пәндік олимпиадаға қатысуға мүмкіндік бергендеріңіз үшін үлкен рахмет! Алдағы уақытта үміттеріңізді ақтауға тырысамыз!
Answer:
Құрметті Артық!
Тарих және құқық институтының директоры мен оқытушыларына жолдаған алғысыңыз үшін Сізге үлкен рахмет!
Total records: 3678