18-10-2019 09-16-36
From students
Author: Anonymous Question # 1584 Біздің оқытушымыз Жұмашева Светлана Сатыбалдықызына жазылған анонимка сабақтарға үнемі дайындықсыз келетін, сабақты көп жіберетін студенттер жазған деп білеміз!
Светлана Сатыбалдықызы нағыз педагог, жоғары жауапкершілікпен әр сабағын өткізеді. "Менің әр студентім талантты" деп, барлықтарына бірыңғай педагогикалық талап қояды. Сапалы білім береді.
МФиИ институтында әрдайым ұжымдық-шығармашылық іс-шаралардың барлығын өткізетін ұстазымыз! Басқа ұстаздардың ондай іс-шара өткізгендерін мүлдем көрмеппіз!
Математика, физика және информатика институтына үнемі педагогикалық пәндерден сабақ беретін ұстазымыз Жұмашева Светлана Сатыбалдықызына барлық сабақтарын сапалы, сауатты өткізгені үшін барлық студенттер атынан алғысымызды білдіреміз!!!Нағыз еңбекқор, адал педагог!!
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Оқытушының еңбегін бағалап, алғыс білдіргендеріңіз үшін рахмет!
16-10-2019 16-37-15
From applicant
Author: Аноним Question # 1580 Салеметсизбе ректор. Мен Тарих жане кукык институтында 1-ши курста окимын. Сабакка дайындалу ушин 511 ши компьютер кабинетине кунде барамын кунде жабык турады. Жатахханада турамын 511 кабинетте компьютер интернет бар, 511 кабинетте отыратын Майра апай унеми орнында отырмайды. Бизге студенттерге осындай колайсыз жагдай тугызады. Бизге комектессениз осы жагдайды шешип берсениз
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Шағымыңыз бойынша Тарих және құқық институты тарапынан түсініктеме алынды. Түсініктемеде №10 корпустағы 511 аудиторияда сабақтар үзіліссіз кесте бойынша өткізілетіндігін аудиторияда орнатылған бейнекамерадағы жазба арқылы, ал инженер Майра Ешенованың жұмысқа уақытында (08.00-17.00) келіп, кетіп жүргенін турникет арқылы бақыланатындығы жазылған.
Тарих және құқық институтына қарасты 511 аудиторияда университеттің бекітілген кестесіне сәйкес сабақтар өткізіліп тұратындықтан, білім алушылар жеке жұмыстарын кітапханаға барып жасауы керек. Рахмет!
16-10-2019 16-23-39
Other
Author: Anonymous Question # 1579 Саламатсызба Такир Оспанұлы
Мен Амантаева Бубісара Көбесқызы Абай атындағы ҚазҰПУ-не 2009 жылы оқуға (күндізгі оқу түрі) түсіп,
2011-жылы оқудан шығарылдым (тұрмыс құруыма байланысты).
Осы жылы окуымды жалгастыру үшін қолымдағы құжаттарды Тараз инновациялық гуманитарлық университетіне тапсырдым.
Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің қызметкерлері ҚазҰПУ-не хат (хаттың нөмері 11.09.2019 № 001/036) жолдады жеткіліксіз құжаттарды жіберуін өтініп. Жауап әлі келген жоқ.
Сол жеткіліксіз құжаттарды тездетіп жіберуіне ықпал етуіңізді сұраймын.
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Құжаттарыңыз университеттің Құжатпен қамтамасыз ету және бақылау бөлімі арқылы 17 қазан күні Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің мекен-жайына жіберілгендігін хабарлаймыз. Рахмет!
16-10-2019 15-00-06
From students
Author: 110Б группа ФиПо (русское отделение) Question # 1578 Уважаемый , Такир Оспанович! Вопрос в том , что с 21.10 числа начинается рубежный контроль, но у нас до сих пор отсутствует преподаватель по иностранному языку и практической фонетике. Мы не раз обращались с вопросом на кафедру , но этот вопрос остался нерешённым. Просим вас назначить нам преподавателя в кратчайшие сроки.
Answer:
Здравствуйте!
Ваше обращение принято к сведению. Спасибо!
16-10-2019 11-06-28
From applicant
Author: Anonymous Question # 1576 Құрметті Тахир Оспанұлы! Мен 4 курс студентімін. Биыл біз бір жылдық практикадан өтудеміз, оған қарсы болмадым. Себебі, молынан тәжірибе жинаймыз деп ойладым. Сізге қояр сұрағым : мектепті қалай таңдадыңыздар? "Мансап" орталығы мектеп таңдағанда неге мән берді? Менің практикадан өтіп жатқан мектебіме көңілім толмайды. Бұл жалғыз менің ойым емес. Осы мектептің практиканттары да қосылады. Мектепте не тәртіп, не білім жоқ. Мұғалімдер мектепке сабағын өткізіп, айлығын алу үшін ғана келеді. Қалай ойлайсыз, біз олардан не үйренеміз? Мектептің завучтарынан бастап практиканттарға тегін жұмыс күші ретінде, қарапайым тілде айтқанда "барып кел, шауып кел"көреді. Кешіріңіз, мен практикаға мұғалімдердің атынан жиналыс, іс-шараларға қатысып, оқушыларды жарыс, іс-шара өтетін кезде мектептен тыс жерлерге тасып жүруге келген жоқпын. Оқушыларға жауап беретіндей басым екеу емес(оларға бірнәрсе болса мен жауап беремін ғой). Мен студентпін, жұмыс істемеймін, отбасымда 3 студент бар. Мектептегі іс-шаралардың тақырыптарын шығаруға, шариктер алуға, безендіруге заттар алуға менің артық ақшам ЖОҚ!!! Сізге өтініш, осы мәселені бір жақты етіңізші.
Answer:
Құрметті студент!
Шағымыңызда аталған мәселелерді шешу үшін Мансап орталығы қызметкерлеріне толық ақпарат беруіңізді сұраймыз. Байланыс тел.: 291-83-50. Рахмет!
15-10-2019 14-48-46
Other
Author: Anonymous Question # 1575 Курметті Тахир Оспаұлы сиз басқарған университетте неліктен марапаттар белгілі адамдармен бір алған адамдар жылына екі үш рет алады университтетікінде, министірліктікінде оның сыры неде. Тарибие баскармасының бастықтары мен орынбасарлары, оқу, ғылым басқармалары, зам директорлар т,б кейнгі бес жылды алып мониторинг жасасаныз коруге болады деп ойлаймын
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Сұрағыңыз назарға алынды. Тексеріледі. Рахмет!
15-10-2019 13-16-35
From applicant
Author: Anonymous Question # 1574 Жатақхана ақшасын төлеп қойғаннан кейін,қайта ақшасын возврат жасауға боладыма?
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Егер Сіз ақшаны университеттің есеп шотына төлеген болсаңыз, онда ақша міндетті түрде қайтарылады. Ол үшін Сіз өтініш жазып, төлем туралы түбіртектің түпнұсқасын өтінішке тіркеп, Құжатпен қамтамасыз ету және бақылау бөлімі арқылы жіберуіңіз керек. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін директорат қызметкерлеріне жолықсаңыз болады. Рахмет!
14-10-2019 23-07-08
From applicant
Author: Anonymous Question # 1573 Салеметсиз бе,ректор мырза!3 жатакханада ордерсиз жаткандар кашан шыгады?
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Жатақханадан жолдамасыз орын алған студенттер туралы нақты ақпаратты (студенттің аты-жөні, оқитын курсы, бөлменің нөмері) rector_blog@kaznpu.kz электронды поштасына жолдауыңызды сұраймыз. Рахмет!
14-10-2019 14-56-58
Other
Author: Профессор оқытушылар құрамы Question # 1572 Саламатсызба Құрметті Такир Оспанович. 2019 жылдың қыркүйек айының еңбек жалақысын 11 қазан күні алдық. Еңбек жалақысының кешіктірілгене қарамастан жалақымыздың мөлшері өткен жылдармен салыстырғанда 10 000 - 12 0000 теңгеге төмендеп кеткен. Нарықтық экономика заманына сәйкес барлық мемлекеттік мекемелерде жалақы өсіп жатқанына қарамастан, біздің оқу орнында жалақы мөлшері кеміп жатыр. Осы мәселелің жағдайын түсіндірсеңіз екен.
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Жалақы мөлшері қысқартылған жоқ. Керісінше, ағымдағы жылдың желтоқсан айынан бастап профессор-оқытушылар құрамының жалақысын көтеру жоспарланып отыр.Қыркүйек айындағы профессор-оқытушылар құрамының жалақысы қайта есептеліп, 17 казанға дейін төленбей қалған жалақы мөлшері оқытушылардың жеке есеп-шоттарына жіберіледі.Рахмет!
14-10-2019 14-29-20
Other
Author: Anonymous Question # 1571 Здравствуйте,уважаемый Такир Оспанович! Почему поступила низкая зарплата? в правительстве говорят о повышении зарплаты педагогов, а у нас в вузе наоборот понижают?
Answer:
Здравствуйте!
Заработная плата не уменьшалась. Более того, с декабря текущего года планируем повысить зарплату преподавательскому составу университета. Заработная плата за сентябрь пересчитывается, недополученные суммы будут выплачены до 17-го октября. Приносим извинения. Надеемся на понимание. Спасибо!
14-10-2019 13-49-47
From students
Author: Anonymous Question # 1570 Курметти Тахир Оспанулы. Менің сурайын дегеним Арыс каласынан келген студенттерге жатакхана бериледиме? Баска универлерде барынша көмек көрсетіп жатыр екен. Сол жайлы сурауга деканатка барсак дореки сөйлеп, дореки жауап береди. Биздин кандай стрессте жургенимизди билмейдигой. Биз тіпті сөйлеуге коркамыз. Бир адам сәл жылы кабылдаса көз жасымыз дайын турады. Сәл мәдениетті сөйлессінші студенттермен.
Answer:
Құрметті студент! Директорат қызметкерлеріне қатысты шағымыңызды міндетті түрде ескереміз.
Арыс қаласынан келген білім алушылардың оқу ақысына жеңілдік жасау мәселесі университеттің Ғылыми кеңесінде арнайы қарастырылып, Кеңес шешімі негізінде 1-4 курс бойынша 11 білім алушының оқу ақысына 50 пайыз жеңілдік көрсетілді. Егер Сіз жеңілдік алушылар тізімінде болмаған жағдайда, өтінішіңізбен Тәрбие және әлеуметтік ісі жөніндегі проректор Жанатбек Ешенқожаұлы Ішпекбаевтың қабылдауына келсеңіз болады. Тел.: 293-81-85. Рахмет!
14-10-2019 11-03-22
From applicant
Author: аноним Question # 1569 Добрый день! Поступив в этом году ваш университет я была в полном шоке от ваших преподавателей, особенно от Абылкасымовой А. Никакой этики и уважения к коллегам, она там как королева сидит и все учителя ее боятся. Атмосфера просто ужасная, у вас других учителей нету, которые бы соответствовали статусу ПЕДАГОГА?
Answer:
Здравствуйте!
По Вашему обращению было получено разъяснение от директора Института математики, физики и информатики. Сообщается, что проведен устный опрос преподавателей кафедры и докторантов 1-го курса специальности «Математика», на котором названный преподаватель читает лекции. По результатам опроса дан положительный отзыв этому преподавателю. Спасибо!
14-10-2019 10-49-40
From applicant
Author: Anonymous Question # 1568 Құрметті ректор мырза! Менің сізге сұрағым докторантураға байланысты болып тұр. Қазіргі таңда мен оқып жатқан мамандық брйынша біздің университетте диссертациялық кеңес бар,бірақ дис.кеңес төрағасының әділетсіздігі мен жемқорлығы, кезінде ақша төлеп түсірген докторанттарын жақтап, олар үшін бар жағдайды жасап, ал қалғандарын қорқытып отыруына байланысты, басқа университеттің дис.кеңесінде қорғау рұқсат етіледі ме, соны білейін деп едім.Жауабыңызды асыға күтемін
Answer:
Сәлеметсіз бе!
2019 жылдың 6 наурызындағы №03-05/72-1 бұйрығымен бекітілген Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Диссертациялық кеңес туралы Ереженің 14 - тармағына сәйкес әр докторант өзі таңдаған ЖОО-ның Диссертациялық кеңесінде қорғауға құқылы.
Жемқорлық мәселесіне байланысты қандай да бір ақпараттарыңыз болса, университеттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясына немесе Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректорына жолығуыңызға болады.Тел.:291-77-32. Рахмет!
11-10-2019 21-41-10
Other
Author: Anonymous Question # 1565 Сәлеметсізбе! Биыл қызметкерлердің жалақысы 10-15% ға азайған. Себебі неде, жауабын кімнен білуге болады?
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Жалақы мөлшері азайған жоқ. Қыркүйек айындағы профессор-оқытушылар құрамының жалақысы қайта есептеліп, 17 казан күні төленбей қалған жалақы мөлшері оқытушылардың жеке есеп-шоттарына жіберіледі. Рахмет!
11-10-2019 21-39-00
Other
Author: Anonymous Question # 1564 Сәлеметсізбе! Бугін оқытушы-профессорлар жалақымызды алдық. Көлемі былтырғымен салыстырғанда азайғанын байқадық. Себебін бухгалтерияданда біле алмаймыз, бұл сұрағымызға кім жауап бере алады?
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Профессор-оқытушылар құрамының жалақысы қайта есептеліп, төленбей қалған жалақы мөлшері оқытушылардың жеке есеп-шоттарына жіберіледі. Рахмет!
11-10-2019 11-36-35
Other
Author: Anonymous Question # 1563 Здравствуйте Такир Оспанович!я хотела пожаловаться на Сеилханова Тимура он от студентов за справку берет деньги которые выдаются бесплатно,и это не первый раз,и у меня брал,и от многих студентов слышал что берет.Пожалуйста возьмите этот вопрос на контроль.
Answer:
Здравствуйте!
Ваше обращение будет рассмотрено и по изложенным фактам будет проведена проверка. По результатам проверки, если Ваша жалоба подтвердится, будут приняты административные меры к данному сотруднику. Спасибо!
10-10-2019 20-54-42
From students
Author: Anonymous Question # 1562 Сәлеметсіз бе Тахир Оспанұлы! Біз ҚазҰПУ студенттер атынан Жұмашева Светлана Сатыбалдықызына шағым түсіргіміз келеді. Ол кісі бізге педагог болуды үйретеді, бірақ оған сай қылықты өзінен байқамаймыз. Өйткені әрқаладан жиналған студенттерді бөліп, өзі Орал қаласынан болғандықтан Батысты батыс деп, оңтүстікті онңтүстік деп бөледі. Және өзінен баска педагогты мойындамай, ол кісілерді жамандайды бізге келіп. Әрі институт директорларын мазақ етіп күліп отырады. Өз жұмысын дұрыс жасамайды, мен оларды менсінбеймін деп отырады. Біз бұдан әрі мынандай қорлыққа шыдай алмаймыз. Бар сенеріміз сіз Тахир Оспанұлы! Бұл кісі бізге сабақ бермесемекен. Біз бүкіл студенттік атынан шағым түсіріп отырған жайымыз бар!
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Педагогика және психология институтының оқытушысына қатысты шағымыңызды міндетті түрде қарастырамыз. Өтініштеріңізді ескереміз. Рахмет!
10-10-2019 12-20-38
From students
Author: Аноним Question # 1561 Сәлеметсіз бе құрметті Такир Оспанулы Арыстыктарға женилдик карастырылама оқу акысына
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Арыс қаласынан келген білім алушылардың оқу ақысына жеңілдік беріледі.
Жеңілдік туралы ақпарат алу үшін институт директорымен немесе Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Рахмет!
09-10-2019 21-18-31
From students
Author: Белова Наталья Олеговна Question # 1560 Доброго времени суток. Пишет Вам студентка 4-го курса. Мы все, в частности я сама, обеспокоины нововведениями связанными с антиплагиатом. Нам сообщили, что с этого года студенты будут проходить антиплагиат только один раз. Во всех доступных документах указывается, что студент имеет полное право на второе прохождение, если его баллов не хватает до проходного. Просьба дать ссылку на документ который запрещает студентам проходить антиплагиат второй раз, прикрепите её в своем ответе. Заранее благодарю.
С уважением, Белова Наталья Олеговна.
Answer:
Здравствуйте!
Данный вопрос по проверке дипломных работ и магистерских диссертаций рассматривается на Ученом совете университета. О принятом решении будут уведомлены все обучающиеся.
Для получения дополнительной информации по антиплагиату можете обращаться к сотрудникам центра «Шапағат». Спасибо!
09-10-2019 14-46-01
Other
Author: Сромятникова Ирина Юрьевна Question # 1559 добрый день я закончила АГУ в 2001 году мне нужно получить архивную справку, в архиве сказали написать запрос на сайт университета (фио; Кулешова Ирина Юрьевна факультет психология, специальность психология год обучения с 1997 по 2001)
Answer:
Здравствуйте!
Ваш запрос направлен в Архив университета. Просим связаться по номеру 291-84-04. Спасибо!
Total records: 4046