26-09-2019 21-07-36
From students
Author: Anonymous Question # 1528 Мен 2курс студенты боламын. Мен сызге жатахана жонынде жазып турмын. Коп балалы отбасынан щыкканмын. Анам жумыссыз. Квартирада турып жатырмын осы аптада босатуым керек. Комектесуынызды отынемын. Баратын туыстарым жок. Квартирада туруга жагдайым келмейды
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Өтінішіңізді және әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды алып, институт директорына немесе «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығының директоры Тимур Абдрашұлы Сейлхановқа жолығуыңызды сұраймыз. Тел.: 8 (727) 291-64-97. Рахмет!
24-09-2019 22-32-14
From applicant
Author: Аноним Question # 1525 Құрметті Такир Оспанұлы!Біз Филология және көптілді білім беру институтының студенттеріміз.
Сизге айтарымыз бар және айтқанымызға құлақ асады деген сенімдеміз. Мемлекеттік практикага бару және мектептерге бөлініп қойған бұйрық шықса да коптеген студенттер Мансап орталығының басшысы Рақымберді ағай және филология институтындағы практикага жауапты оқытушылармен келісіп таңдаған мектептеріне қалай болса солай кетіп жатыр.Биз еки үш пересадкамен практикага баратын мектебіміз қашық биздинде тұратын жерімізге жақын мектепке барғымыз келеді.Бирак биздин акша беретин жағдайымыз жоқ. Былтыр да бираз студенттер акша беріп рұқсат алып практиканы ауылдарында өтіп келгенін естигенбіз. Приказда кай мектепте тұр сол мектепке бару керек деп ойлаймыз барлығымыздын құқығымыз бірдей. Осыған бир шара қолдансаныз
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Сұрағыңызда көрсетілген мәселе бойынша «Мансап» орталығынан биылғы іс-тәжірибеде отбасы мәселесіне байланысты 2 студент ауылына жіберілгені туралы ақпарат алынды. Студенттерді мектептерге бөлу жұмысын әр кафедра өзі жүргізеді. Сондықтан іс-тәжірбиеден өту орындарын келісіп таңдау үшін ақша талап еткен тұлғаның аты-жөнін көрсетуіңізді сұраймыз. Шағымыңыз бойынша қабылдауыма жазылсаңыз болады. Рахмет!
24-09-2019 16-33-05
From parents
Author: Куанышбаева Мадина Аблаевна Question # 1524 Здравствуйте, уважаемый ректор! Я являюсь многодетной матерью. В Вашем ВУЗе учится моя старшая дочь. Кроме нее в семье три школьника. Может ли моя дочь получить скидку в оплате за обучение? Что для этого надо сделать? В данный момент мы оплачиваем 100 процентов стоимости обучения.Дочь учится отлично. Буду очень благодарна за ответ!
Answer:
Здравствуйте, Мадина Аблаевна!
Да, определенную скидку Вы получить можете. Для определения ее размера Вам необходимо сдать документы в директорат вуза.
24-09-2019 14-20-35
From students
Author: Абай Раушан Әзімханқыз Question # 1523 Сәлеметсіз бе,Құрметті Тахир Оспанұлы! Мен 2011-2015 жж 5В012200-Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті 4 курс,күндізгі бөлімінен Абай Раушан!2015 жылы 1-ші мамырынан университетпен байланыс үзгендігім үшін оқудан шығарылдым! Қазір Диплом алуым үшін не істеуім керек! Гранттан,ақылы бөлімге ауысатыным хақ! Енді неше ақша төлеуім керек?! Қайда барамын,кімнен ақпарат ала аламын! Және дипломымды бірден ала аламын ба? Әлде тағы 1 курстан бастап оқуым қажет па?
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Сұрағыңыз бойынша толық ақпаратты Академиялық мәселелер жөніндегі департаментіне келіп немесе 8 (727) 291-13-71, 291-71-06 телефон нөмерлері арқылы алсаңыз болады. Рахмет!
24-09-2019 12-42-17
From applicant
Author: Саттибаева Айсулу Question # 1522 Сәлеметсіз бе? Менин кайын синилим сиз басшылык ететин оку орнында 4 курс окиды.ози 3-топтагы мүгедек.бирак жатақханадан бөлме ала алмай жүр.Мумкиндиги шектеули студенттерге неге жағдай жасалмайды?
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Жатақханаға орналасу үшін әлеуметтік жағдайын растайтын құжаттарын және өтінішін алып,институт директорына немесе «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығының директоры Тимур Абдрашұлы Сейлхановқа жолығуы қажет. Тел.: 291-64-97. Рахмет!
23-09-2019 10-24-53
From students
Author: Нурымов Ермек Question # 1520 Құрметті Тахир Оспанұлы!
Қара шаңырағымыз еліміздің беделді университеттің бірі. Бірақ соған бір нәрсе жетіспей тұр. Әлем 5G интернет саласына көшіп кеткеніне біраз жыл болды. Бізде соған енді келіп жатырмыз. Айтайын деген бір мәселем: Университет қабырғасына толығымен интернет жүйесімен жабыдықтау керек. Ол қалай болады. Қазір IT - деген бір маман бар. Барлық оқу корпусы Wi-Fi мен жабыдқталса арнайы IT-кабинетте студенттерге интернет қосып беретін жер болса дұрыс. Студенттерге бір бөлек, Ұстаздарға бір бөлек қосылу атаулары болуы керек. Студент еркін түрде білім алып, еш кедергісіз кез келген жерде ноутбугын ашып дайындала берсе білім сапасының артатынына сенім білдіремін.
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Биыл университеттің оқу ғимараттарын Wi-Fi сымсыз желісімен қамту мақсатында 120 құрылғылар сатып алынды. Қазіргі уақытта орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Студенттерге және университет персоналының жеке атаулары бойынша ұсыныстарыңызды қарастырамыз. Рахмет!
23-09-2019 10-13-26
From students
Author: Нурымов Ермек Question # 1519 Құрметті Тахир Оспанұлы!
Сіздің Университет қабырғасына келеглі бері білім ордасын қан жүріп біраз өзгерістер мен жаңартулар енгізілуде. Бірақ, мына нәрсеге де мән беруіңізді сұраймын. Мен осы жылы докторантураға оқуға қабылдандым.
Осы қара шаңыраққа ең алғаш 2003 жылы аяқ басып, білім нәрімен сусындап шықтым. Сол жылдары оқыған кезеңдегі кітапхана жүйесі сол қалыпында 17 жыл өтседе әлі күнге дейін өзгеріс таппай межелеп тұрғаны қынжылтады. Нақты атап айтсам бас корпус кітапханасы және 7 қабатты корпус кітапханасы. Батыста "Болашақ"бағдарламасымен білім алып сол жердің тәжірбиесін көріп, біздің де қара шаңырағымыз 100% соған лайықты деп есептеймін.
Нені өзгерту керек:
- Кітап базасын (жаңа кітаптарға толтыру) біздегі кітаптар бұрынғыдан қалғандар, қазір заман күнделікті дамуда
- Кітапхана аудиториясын кеңейту әрі ашық ету
- Кітапхананы компьютермен қамтамасыз ету
- Кітапханада түрлі акциялар өткізіп тұру (мысалы: bookcrosing жобасы) және тағы басқа
- Кітапханаға психологиялық мотивациялық кітаптарын қол жетімді ету
- Кітапханада кітап беру жүйесін өзгерту.
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Ғылыми кітапхана Физика, математика және информатика институтының ғимаратында орналасқан, ал №7 оқу ғимараты мен бас оқу ғимаратында оқу залдары және шағын филиал орналасқан. Ол жерлердің аумағы шағын болғандықтан, кітаптар шамалап қана бөлінеді. Негізгі кітап қоры орталық кітапханада жинақталған (Төлеби 86, 2-қабат). Онда 2000 000 жуық кітап бар. Жылына орта есеппен 50 мыңға жуық жаңа кітап түседі.
Қазіргі таңда орталық кітапхана толық жөндеуден өтті. Оқу залында барлық электронды оқу-әдебиеттерге қолжетімді, студенттер жеке логині арқылы керекті әдебиетін қарай алады. Кітапхана сайтында 10-нан астам толық мәтінді базалар, 100 мыңнан аса ресурстар бар. Толық ақпаратты кітапхана сайтынан (Lidrari kaznpu.kz) көруіңізге болады. Жоспар бойынша барлық оқу залдарына компьютерлер қойылады. Кітапхана жұмысына қатысты сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңыз болса, Ғылыми кітапхана директоры Нүргүл Жайлауқызы Имансыдықовамен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 8 (727) 261-22-43, 272-81-97. Ұсынысыңыз үшін рахмет!
22-09-2019 21-28-31
Other
Author: Родители ребенка Question # 1518 Здравствуйте, Такир Оспанович! Хотим выразить благодарность студенческо-волонтерскому клубу «Мейірім», под руководством очень доброго и отзывчивого человека -проф. Ширинбаевой Г.К., за оказанную помощь в сборе средств на лечение нашей маленькой дочери Айару, за границей. В организованной акции, в мае 2019 года, приняли активное участие огромное количество студентов , профессорско-преподавательский состав, администрация университета, а также просто добрые люди. На собранные средства были приобретены авиабилеты, остаток мы прибавили к сумме оплаты лечения. Огромное Всем спасибо! Уважаемый, Такир Оспанович! От всей души благодарим Вас за поддержку и помощь! Ниже имена всех студентов, принимавших непосредственное участие в организации и проведении акции: Аманжолова Диана (рук. клуба«Мейірім» 4 курс), Абу Инабат, Әнуарбек Айжұлдыз, Тоқтасын Ақпейіл, Еркебаева Акерке, Кудайбергенова Айзада, Халмахан Айнұр, Тілекова Динара, Тансық Ұлболсын, Орынбек Назира, Аманжанова Гүлвира, Құдайберген Жансая, Әлімбек Салтанат, Медетова Лаура, Жұмабек Дінмұхаммед, Құдайберген Ұлжан, Сейткерім Айжан, Сейтқазы Ажар, Утегенова Айнура 1 курс, Кәдірбек Динара, Зұлпан Айсұлу, Тилешова Мадина, Әшімхан Ақерке 3 курс, спец. «Соц. педагогика и самопознание», Бейсембиева Аида 1 курс, спец «Психология», Алдибекова Жанеля 1 курс, спец. «Дошкольное образов. и соц. педагогика», Байғоңырова Аяулым, Сайлаубекова Сымбат, Қылышбайқызы Жанила 1 курс, спец. «Дефектология».
Answer:
Здравствуйте!
Спасибо за добрые слова. Мы всегда готовы поддержать и помочь детям. Обязательно передам коллективу и обучающимся Вашу искреннюю благодарность.
21-09-2019 11-45-51
Other
Author: Несипбаева Индира Ерсинбаевна Question # 1516 Сәлеметсізбе! Мен Несипбаева Индира Ерсинбаевна 2008 жылы География және биология факультетін осы университеттен бітіргенмін. Дипломның приложениесін жоғалтып алуыма байланысты Сіздерден қайтадан көшірмесін алуыма болады ма?Факс арқылы жібере аласыздар ма? Рахмет!
Answer:
Құрметті Индира Ерсінбайқызы!
Тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш беруіңіз қажет. Өтінішіңіз қарастырылып, 30 күннің ішінде университеттің Құжатпен қамтамасыз ету және бақылау бөлімі арқылы дипломдық қосымшаңыз берілетін болады. Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Тел.: 8 (727) 291-64-97. Рахмет!
20-09-2019 13-52-39
From students
Author: Anonymous Question # 1515 Құрметті Тахир Оспанұлы! Өзім 2 курс студентімін. Менің сұрайын дегенім осы ҚазҰПУ дан ЖенПу га ауыскан жағдайда грант сақталады ма? Толығырақ жауап берсеңіз. Алдын ала рахмет.
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Егер студентке білім беру гранты университет квотасы негізінде берілген болса, грант сақталынбайды.Мемлекеттік грант республикалық конкурс нәтижесінде берілген болса, грант сақталады.
19-09-2019 22-28-29
From students
Author: Өтеш Диана Сапарғалиқызы Question # 1514 Сәлеметсіз бе Тахир Оспанұлы. Мен Өтеш Диана Сапарғалиқызы филология және көптілді білім беру институты екі шет тілі мамандығының 2 курс студентімін. Мен жатақхана бойынша өтініш білдірмекпін. Қазіргі уақыттағы жағдайыма байланысты жатақханамен қамтамасыз етуіңізді өтініп сұраймын.Анам үшінші топтағы мүгедек. Қаржы жағынан қиналып жүрміз. Қазіргі кезде пәтер жалдап тұрудамын.Бірақ пәтер ақысын төлей алмай жүрмін. Сізден өтініш жатақхана мәселесін қарастырып беріңізші.
Answer:
Құрметті Диана!
Жатақханадан орын алуыңыз үшін өтінішіңізді және әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды алып, «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығының директоры Тимур Абдрашұлы Сейлхановқа жолығуыңызды сұраймыз. Тел.: 8 (727) 291-64-97. Рахмет!
19-09-2019 21-31-30
From students
Author: Ерболганова Айжан Question # 1512 Сәлеметсіз бе Тахир Оспанұлы! Мен сізге жатақхана мәселесімен жазып тұрмын.Әлеуметтік жағдайым жартылай жетіммін,аз қамтылған отбасыданмын,әлеуметтік жағдайым төмен.Жатақханаға онлайн өтініш беріп едім,дұрыс қаралмапты.Тұратын тұрақты баспанам жоқ.Қазіргі дейін жалдамалы пәтерде тұрған едім,бірақ ақысын төлей алмаған соң,шығарып жатыр.Сізден өтініш осы әлеуметтік жағдайларымды ескере отырып,жатақханамен қамтамасыз етуіңізді өтініп сұраймын!Жатақханаға өте қатты мұқтажбын.
Answer:
Құрметті Айжан!
Жатақханадан орын алуыңыз үшін өтінішіңізді және әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды алып, институт директорына немесе «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығының директоры Тимур Абдрашұлы Сейлхановқа жолығуыңызды сұраймыз. Тел.: 8 (727) 291-64-97. Рахмет!
19-09-2019 21-20-23
From students
Author: Anonymous Question # 1511 Сәлеметсіз бе Тахир Оспанұлы. Мен жатақана бойынша біраз нәрсе айтайын. Филология және көптілді білім беру инситутының тәрбие және білім жөніндегі орынбасарлар Алмас және Ерлан ағайларға ең алдымен мәдениетті сөйлеуді үйретсеңіздер екен. Ол кісілер студенттермен өте дөрекі. Келген жеріңе қайтып сонда оқы деп жатады. Сонымен қатар таныс арқылы кейбір студенттерге ешқандай әлеуметтік жағдайы болмаса да орын беріп жатыр. 3 жатақана меңгерушісі таныс қыздарын айына 15 мың теңгемен тұрғызып жатыр
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Филология және көптілді білім беру инcтитутының қызметкерлеріне қатысты шағымыңыз назарға алынды. Жатақхана бойынша берген ақпаратыңыз міндетті түрде тексеріледі. Рахмет!
19-09-2019 20-24-00
From students
Author: Сандибекова Алзира Question # 1510 "Шапағат"студенттерге қызмет көрсету орталығы өз жұмысын жоғарғы деңғейде атқаруда.Қызметкерлердің жақсы қызмет көрсетуінің арқасында студенттер өздеріне қажетті құжаттар мен анықтамаларды оңай әрі тез алуда.Орталық қызметкерлеріне үлкен алғыс айтып,алдағы уақытта табыс тілейміз.
Answer:
Құрметті Алзира!
«Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне жолдаған алғысыңыз үшін рахмет!
19-09-2019 20-02-38
From applicant
Author: Озатханұлы Шыңғыс Question # 1509 Құрметті Тахир Балықбаев мырза Шапағат орталығын ашып студенттердің жагдайын ойлағаныңызға рахмет орталыққа кіріп өзімізге қажетті ақпаратты аламыз,қызметкерлер мәдиенетті, өз жұмыстарын біледі.
Answer:
Сәлеметсіз бе!
«Шапағат» орталығының қызметіне қатысты пікір білдіргеніңіз үшін рахмет!
19-09-2019 18-39-08
From parents
Author: Мадина Куанышбаева Question # 1507 Здравствуйте! В Вашем ВУЗе на третьем курсе успешно учится моя дочь. Кроме нее, в семье три школьника. Может ли моя дочь претендовать на ректорский грант или на скидку на обучение, если учитывать, что учится она отлично и семья наша является многодетной. Что нужно сделать для получения скидки в обучении? Спасибо большое!
Answer:
Здравствуйте.
Скидки и льготы для отдельных категорий обучающихся в университете, безусловно, предусмотрены. Для определения (и получения) причитающегося Вам конкретного вида льгот необходимо собрать нужные документы и обратиться к директору института либо к директору Департамента по воспитательной, социальной работе и молодежной политике. В первую очередь свяжитесь, пожалуйста, с директором института. Спасибо!
19-09-2019 17-03-34
From students
Author: Айжан Ерболганова Question # 1506 Сәлеметсіз бе Тахир Оспанұлы. Сізге жатақхана мәселесімен жазып жатырмын. Әлеуметтік жағдайыма келетін болсам, жартылай жетіммін, әлеуметтік жағдайым төмен, аз қамтылған отбасыданмын. Онлайн түрде өтініш жазып едім, дұрыс қаралмапты. А
Answer:
Құрметті Айжан!
Өтінішіңізді және әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды алып, «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығының директоры Тимур Абдрашұлы Сейлхановқа жолығуыңыз қажет. Тел.: 291-64-97. Рахмет!
19-09-2019 16-26-17
From students
Author: Абдуғаппар Сарыбаев Question # 1505 Мен 2ші курс студенті боламын. Ректормен жиналыс кезінде Ректор жатақхана 3-4 курс студенттеріне көп балалы отбасыларға берілді деген болатын. Мен 2ші курс болсамда əрі аз қамтылған отбасы құжатын алып барсамда берілмеуде.
Answer:
Құрметті Абдуғаппар!
Жатақханадан орын алуыңыз үшін өтінішіңізді және әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды алып, институт директорына немесе «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығының директоры Тимур Абдрашұлы Сейлхановқа жолығуыңызды сұраймыз. Тел.: 8 (727) 291-64-97. Рахмет!
19-09-2019 15-06-04
From students
Author: Anonymous Question # 1504 Мен 3 курс студентімін. Мен жатақхана беруді сұраймын.Мен көпбалалы отбасынан шыққанмын және мен пәтерге тұруға қаражатым жетпейді, ата- анам жұмыссыз. Неге 1 курстарды тездетіп бітірмейді? Бізге күтесіңдер қыркүйек айының ортасына дейін деді, міне айдың ортасынан асып бара жатыр , бірақ әлі бітпеген.
Answer:
Құрметті студент!
Студенттер жатақханадан орын алуы үшін «Univer» жүйесіндегі Е-қызметтер арқылы онлайн өтінім беруі қажет. Студенттердің онлайн өтінімдері мен жатақханаға аса мұқтаждықтарын растайтын құжаттары арнайы комиссия құрамымен қарастырылады.
Бірінші кезекте жатақханадағы орындар аса мұқтаж (толық жетім, көп балалы отбасынан шыққан, мүмкіндігі шектеулі) білім алушыларға және 1 курс студенттеріне үлестіріледі. Жатақханадан орын алу мәселесі бойынша институт директорына немесе «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығының директоры Тимур Абдрашұлы Сейлхановпен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-64-97. Рахмет!
19-09-2019 12-59-02
From students
Author: Anonymous Question # 1503 Сәлеметсіз бе, ағай!Ұзақ ойланып сізге жазуды жөн көрдім. Мен студентпін. Осы жылы шет елге мобильность бойынша кеткім келген. Мамыр айында конкурсқа қатысу үшін тоефл емтиханын тапсырып, жоғарғы балдардың бірін алдым яғни 11адамнан 4ші орын. Дж пи эй баллым 3,5 болған. Бірақ кейін конкурс жауабын көргенде, өтпеппін. Менен төмен балл алған студенттердің көбісі өтіп кеткен. Кейін министерствоға звандағанда, менің құжаттарым мүлде бармағанын білдім. Өкінішті, себебі, тест үшін 50мың жұмсап, жүгіріп дайындалып, үміттеніп едім. Ал мен конкурсқа да қатыспаппын. Не себепті екенін анықтауыңызды сұраймын. Назарыңызға рақмет!
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Шағымыңыздағы мәселеге қатысты Академиялық ұтқырлық секторы Сіздің академиялық ұтқырлық бағдарламасының конкурсына қатысу үшін тапсырған құжаттарыңыздың толық жиынтығы уақтылы ұсынылмағандығы, сондай-ақ, құжаттарыңыздың ҚР Білім және ғылым министрлігінің талаптарына сәйкес келмегендігі туралы ақпарат берді.
Сіз академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша конкурсқа 2019/2020 оқу жылының көктемгі семестрінде Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген ережелерге сәйкес құжаттарыңызды тапсырып, конкурсқа қатыса аласыз. Рахмет!
Total records: 4046