Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті РЕКТОР БЛОГЫ |
![]() |
Казахский национальный педагогический университет имени Абая БЛОГ РЕКТОРА |
||
ҚАЗ РУС ENG |
Welcome to the rector’s blog!
Құрметті студент!
Білім алушыларымызды жатақханамен қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылады. Жатақхана мәселесін түбегейлі шешу уақыт пен қаражатты талап етеді, сондықтан бұл мәселеге түсіністік танытуларыңызды сұраймыз.
Жатақханаға қатысты сұрақтарыңыз бойынша университетіміздің Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментінің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-03-25, 291-83-82.
Құрметті ата-ана!
Университетімізде мемлекеттік грант орындары босаған жағдайда конкурс жарияланып, үміткерлер бекітілген ережеге сәйкес іріктеледі. Конкурсқа қатысу үшін ақылы бөлімде оқитын білім алушы конкурс талаптары бойынша әлеуметтік жағдайын растайтын құжаттары мен өтінішін өткізуі қажет.
Грант мәселесіне қатысты сұрағыңызға нақты жауап алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековке (бас оқу ғимараты, 221-кабинет) жолығуыңызға болады. Рахмет!
Құрметті талапкер!
Университетіміздің жеңілдіктер туралы ережесіне сәйкес талапкер тек бір жеңілдік түрін пайдалана алады. Сізге 2019/2020 оқу жылына тек 30% жеңілдік беріледі.
Сәлеметсіз бе!
Университетіміздің білім беру бағдарламаларына республикалық конкурс нәтижесі бойынша тек жоғары балл жинаған талапкерлер ғана мемлекеттік грант орындарына оқуға түсті. «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша ақылы бөлімге қабылдану үшін талапкер шығармашылық емтихан тапсыруы қажет. Ақылы бөлімге түскен жағдайда, әлеуметтік жеңілдікке өтініш жазу арқылы жеңілдік алуға болады. Рахмет!
Сәлеметсіз бе!
Университетіміздің білім беру бағдарламаларына республикалық конкурс нәтижесі бойынша тек жоғары балл жинаған талапкерлер ғана мемлекеттік грант орындарына оқуға түсті. «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша ақылы бөлімге қабылдану үшін талапкер шығармашылық емтихан тапсыруы қажет. Ақылы бөлімге түскен жағдайда, әлеуметтік жеңілдікке өтініш жазу арқылы жеңілдік алуға болады. Рахмет!
Қайырлы күн!
Университетімізге «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша грант бөлінген жоқ. Егер құжатыңызды ақылы бөлімге тапсыруды жоспарласаңыз, құжаттарды 25 тамызға дейін тапсыруыңыз қажет.
Сәлеметсіз бе, Амангүл!
Сіздің қойған сұрағыңызға бұған дейін де жауап берілген болатын. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековке (бас оқу ғимараты, 221-кабинет) жолығыңыз. Рахмет!
Сәлеметсіз бе!
Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Халықаралық ынтымақтастық департаментінің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-36-92, 291-62-30.
Құрметті Айда, Сізді мемлекеттік грант иегері атануыңызбен құттықтаймыз!
Мемлекеттік білім беру гранты М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне бөлінгендіктен, мамандығыңыз бойынша басқа жоғары оқу орнына ауысу кезінде мемлекеттік грант сақталмайды. Бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысу туралы толық мәліметті университетіміздің Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің қызметкерлерінен алуыңызға болады. Байланыс телефондары: 8 (727) 291-13-71, 291-71-06.
Құрметті Әсел!
Университетіміздің жатақханаларына студенттерді орналастыру тәртібі бекітілген ережеге сәйкес жүргізіледі. Жатақханадан орын алу үшін өтінішіңізді және әлеуметтік жағдайыңызды растайтын тиісті құжаттарыңызды институт директоратына тапсыруыңыз қажет. Жатақханаға өтініш қабылдау 25 тамыздан кейін басталады.
Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі басшылық тарапынан қарастырылып жатыр.
Құрметті студент!
Жатақханаға студенттерді орналастыру тәртібі бекітілген ережеге сәйкес жүргізіледі. Студенттерді жатақханаға орналастыру кезінде арнайы құрылған комиссия студенттің оқитын курсын, әлеуметтік жағдайын, мемлекеттік грант иегері болуын ескереді. Жатақханадан орын алу үшін өтінішіңізді және әлеуметтік жағдайыңызды растайтын тиісті құжаттарыңызды институт директоратына тапсыруыңыз қажет. Жатақханаға өтініш қабылдау 25 тамыздан кейін басталады. Рахмет!
Құрметті студент!
Білім алушыларымызды жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі университет басшысы ретінде менің басты назарымда.
Жатақханаға студенттерді орналастыру тәртібі бекітілген ережеге сәйкес жүргізіліп, жолдама беру кезінде арнайы құрылған комиссия студенттің оқитын курсын, әлеуметтік жағдайын, мемлекеттік грант иегері болуын ескереді. Сұрағыңызда көрсетілген мәселелерді міндетті түрде қарастырамыз. Рахмет!
Сәлеметсіз бе!
Жаңа оқу жылында зейнет жасындағы қызметкерлер саны қысқартылып, жас мамандар қабылданады. Өтінішіңізді ескереміз. Рахмет!
Сәлеметсіз бе!
Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін әскери кафедра қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 382-27-36.
Құрметті талапкер!
Докторантура бойынша білім беру бағдарламаларына түсу үшін 2019/2020 оқу жылының жаңа типтік ережесіне сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын IELTS (межелік балл - 4.5-ден кем емес), TOEFL ITP (межелік балл - 460) халықаралық сертификаттарын тапсыру қажет. 2018/2019 жылғы емтихан қорытындысы бойынша докторантураға қабылданбайды.
Сәлеметсіз бе!
Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін әскери кафедра қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 382-27-36.
Сәлеметсіз бе!
Оқу үлгерімінің көрсеткіштері «өте жақсы» деген бағада болса, келесі оқу жылында жеңілдік сақталынады. Оқу үрдісіне байланысты сұрақтарыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін институт директорымен хабарласуыңызға болады. Рахмет!
Құрметті Амангүл!
Мемлекеттік бос грант орындарына арнайы конкурс жарияланып, грант үміткерлері бекітілген ережелер мен талаптарға сәйкес іріктеледі. Конкурс нәтижесінде анықталған үміткерлер тізімін Білім және ғылым министрлігі бекітеді.
Конкурс бойынша оқу үлгеріміңіз үміткерлерге қойылатын талаптарға сәйкес болса, өтінішіңізге қажетті құжаттарыңызды тіркеп, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековке (бас оқу ғимараты, 221-кабинет) жолығуыңыз қажет. Сұрағыңызға рахмет!
Құрметті студент!
Сұрағыңыз бойынша нақты ақпаратты Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінен немесе директорат қызметкерлерінен білуіңізге болады. Рахмет!
Сәлеметсіз бе!
Шағымыңыз әкімшілік тарапынан міндетті түрде қарастырылады.
September, 2023 | 21 |
August, 2023 | 38 |
July, 2023 | 28 |
June, 2023 | 60 |
May, 2023 | 41 |
April, 2023 | 49 |
March, 2023 | 22 |
February, 2023 | 42 |
January, 2023 | 68 |
December, 2022 | 55 |
November, 2022 | 50 |
October, 2022 | 62 |
September, 2022 | 52 |
August, 2022 | 33 |
July, 2022 | 32 |
June, 2022 | 49 |
May, 2022 | 139 |
April, 2022 | 64 |
March, 2022 | 45 |
February, 2022 | 46 |
January, 2022 | 57 |
December, 2021 | 29 |
November, 2021 | 43 |
October, 2021 | 70 |
September, 2021 | 75 |
August, 2021 | 109 |
July, 2021 | 79 |
June, 2021 | 62 |
May, 2021 | 69 |
April, 2021 | 74 |
March, 2021 | 47 |
February, 2021 | 42 |
January, 2021 | 68 |
December, 2020 | 61 |
November, 2020 | 62 |
October, 2020 | 42 |
September, 2020 | 48 |
August, 2020 | 57 |
July, 2020 | 81 |
June, 2020 | 88 |
May, 2020 | 65 |
April, 2020 | 86 |
March, 2020 | 57 |
February, 2020 | 37 |
January, 2020 | 28 |
December, 2019 | 47 |
November, 2019 | 72 |
October, 2019 | 70 |
September, 2019 | 61 |
August, 2019 | 88 |
July, 2019 | 47 |
June, 2019 | 71 |
May, 2019 | 54 |
April, 2019 | 70 |
March, 2019 | 51 |
February, 2019 | 45 |
January, 2019 | 75 |
December, 2018 | 87 |
November, 2018 | 51 |
October, 2018 | 54 |
September, 2018 | 77 |
August, 2018 | 105 |
July, 2018 | 46 |
June, 2018 | 43 |
May, 2018 | 45 |
April, 2018 | 36 |
March, 2018 | 30 |
February, 2018 | 28 |
January, 2018 | 17 |
December, 2017 | 17 |
November, 2017 | 12 |
October, 2017 | 2 |