Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Welcome to the rector’s blog!

 

 

Dear visitors to the website!
 
The Rector`s blog was created to connect with students, staff and teachers of the University. You can leave your comments, ask questions and make suggestions. Open and regular discussion of issues will help the University administration to work fruitfully.
 
I hope that this platform will expand opportunities for the solution of many problems in our common work, will become an important mechanism for effective mutual exchange of information and implementation of tasks.
 
We are open for dialogue, all appeals will be considered. Every question will be answered.
 
 
Email: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 
 
 
 
 
The Rector's personal reception takes place on the 1st and 3rd Fridays of each month during the academic year - from 3.00 p.m. to 5.00 p.m.
  • Quessions-answers
  • Ask a question
  • Statistics
22-08-2019 10-44-59   From parents

Author: Жанибекова Гульнур Каскырбаевна

Question # 1392
Саламатсызба.менин кызым осы универге тусип еди.билети 29.08.куни.Актобеденбиз.Алматыда тумаларымыз жок.Жатакханадан онын беруинизди отинемиз.
Answer:

Құрметті ата-ана!

Жатақханадан орын алу үшін университетіміздің қабылдау комиссиясына өтінішіңізді және әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды өткізуіңіз қажет.

Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмахан Әуесбекұлымен хабарласуыңызға болады. Тел.:8 (727) 291-57-68. Рахмет!

22-08-2019 01-36-03   Other

Author: Anonymous

Question # 1390
Сәлеметсізбе, құрметті Тахир Оспанұлы! Биылғы оқу жылында 2 курс студенттеріне мүлдем жатақхана берілмейді деп айтып жатыр, себебін де түсініп отырмыз әрине, биыл университетімізге түсішулер саны көп. Айтарым​ 2​ курс студенттерінің арасында университетіміздің оқу үздіктері, белсенділері, түрлі клубтардың мүшесі болып жүрген студенттер, және сонымен қатар көп балалы, жартылай жетім, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан шыққан студенттерге жатақхана беру жағдайын қарастырсаңыздар. Мұндай студенттер Алматы қаласынан пәтер жалдап тұруға жағдайы да, шамасы да жетпейді. Шешімін табасыздар деген үміттеміз!
--
Answer:

Құрметті студент!

Студенттердің барлығын жатақханамен қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан жатақхана бірінші кезекте 1 курс студенттеріне және әлеуметтік қолдауға аса мұқтаж (толық жетім, көп балалы отбасынан шыққан, мүмкіндігі шектеулі) білім алушыларға үлестіріледі.

Жатақханаға мұқтаж 2-4 курс студенттері жатақханадан орын алуы үшін «Univer» жүйесіндегі Е-қызметтер арқылы онлайн өтінім беруіне болады. Өтінім 25 тамыздан бастап қабылданады. Сұрағыңыз үшін рахмет!

21-08-2019 18-02-30   From applicant

Author: Anonymous

Question # 1387
Здравствуйте, хотела спросить когда объявляет список образовательных грантов по программам докторантуры в вашем университете ? спасибо .
Answer:

Здравствуйте!

Перечень распределения образовательных грантов в докторантуру будет опубликован 28 августа 2019 года.

21-08-2019 11-22-57   From applicant

Author: Anonymous

Question # 1385
Сәлеметсіз бе? Жатахананы қашан береді екен?
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Егер Сіз оқу орнымыздың 1 курс студенті болсаңыз, жатақханадан орын алу үшін университетіміздің қабылдау комиссиясына өтінішіңізді және әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды өткізуіңіз қажет.

Сұрағыңыз бойынша толық ақпаратты Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының қызметкерлерінен алсаңыз болады. Тел.:8 (727) 291-57-68, 291-73-71. Рахмет!

20-08-2019 20-12-34   From students

Author: Асия

Question # 1380
Саламатсызба құрметті ректор мырза.Мен Дайындық факультетіндегі ұстаздарға үлкен алғысымды білдіремін.Анар апай, Жəнібек ағай, Халида апай жəне т.б сіздер ең керемет жансыздар
Answer:

Құрметті Әсия!  Алғыс білдіргеніңіз үшін Сізге рахмет!

20-08-2019 18-39-01   From applicant

Author: Алмахан Алмаз

Question # 1378
Устаз демалыс орнына алтын акшамды толык алдым Ержанова Калампыр кісінін сінілісі істеген устаз демалыс орнына баска талабым жок рахмет
Answer:

Сәлеметсіз бе, Алмас Ержанұлы!

Қызметіңізге қатысты мәселеңіз шешілгені туралы жолдаған хатыңыз үшін рахмет!

20-08-2019 18-27-11   From applicant

Author: Anonymous

Question # 1377
Сәлеметсіз бе? Жатақхана нешесінен бастап беріледі?
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Қазіргі таңда білім алушылардың құжаттары арнайы комиссия құрамымен қарастырылып, жатақханаға аса мұқтаж студенттерге жолдама беріліп жатыр. Толық мәліметті институт директоратынан алуыңызға болады.

19-08-2019 08-40-38   Other

Author: Anonymous

Question # 1373
Қайырлы күн! Құрметті Такир Оспанұлы! Сіздердің тарих және құқық факультетінде аға ұстаз болып, докторан Бакауова Гүлстан Бекеновна 15.01.1976 ж. ресми түрде қызмет атқарады ма? Өйткені осы аталған адам -өзін ұстаз ретінде таныстырып, біраз магистр және докторлыққа үміткерлерден үлкен сомада ақша алып қайтармай жасырынып жүр. Осы адам туралы нақты ақпарат берсеңіздер. Рахмет!
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Сіздің жолдаған шағымыңыз бойынша арнайы тапсырма берілді. Шағымыңыздағы мәселеге байланысты нақты мәлімет алу үшін оқу ісі жөніндегі проректор Асан Адасбекұлы Сәтмырзаевқа жолығуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 293-81-53.

18-08-2019 10-12-34   From students

Author: Балжан

Question # 1371
Құрметті Тахир Оспанұлы! Сізге университетімізге қосқан зор үлесіңіз үшін студенттер атынан алғысымызды білдіреміз! Әрбір жасаған істеріңіз, біз үшін үлкен өнеге.
Answer:

Құрметті Балжан!

Ізгі тілектеріңіз бен сенімдеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Рахмет!

18-08-2019 00-46-53   From students

Author: Гульзат

Question # 1370
Құрметті Балықбаев Такир Оспанович, Осы жазда біздің университетіміздің белсенді әрі үздік студенттерін қолдап жазғы демалысқа Алакөлге жібергеніңіз үшін алғысым шексіз. Ол жақтан біз ~жаңа орта, ~мастер класстар, ~шипалы су, ~көтеріңкі көңіл, ~ әр таңда болған пікірталас, ~бір бірімізбен ой бөлісу және ағайларымыздың бізге айтқан пайдалы кеңестерін алып қайттық. Келесі жылы да бұл жоба жалғасын тапса нұр үстіне нұр болар еді.
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Жолдаған сауалыңызды ескереміз. Алғыс білдіргеніңіз үшін рахмет!

16-08-2019 13-26-27   Other

Author: Anonymous

Question # 1366
Салеметсизбе! Менің сұрағым: жакында буйыртса ана атанамын. Осы жылы магистратураның 2- ші курсынп көштім. Соган свободный посещения ала аламынба? Егер болатын болса кімге жолығуым керек? Өтініш жауап берулеріңізді сұраймын.
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Сұрағыңызға байланысты толық ақпаратты Академиялық мәселелер жөніндегі департаментіне келіп немесе 8 (727) 291-13-71, 291-71-06 телефон нөмерлері арқылы алсаңыз болады. Сұрағыңызға рахмет!

14-08-2019 15-45-22   Other

Author: Anonymous

Question # 1364
Құрметті Тахир Оспанович! Мен осы жылы магистратураны бітірдім. Сізден сұрарым, институтта зейнетке шыққан мұғалімдер сабақ бермесе! Ол кісілер сабақ өтпей, студенттерге мораль оқиды, барлық жұмыстарын істетеді, бір сөзбен айтқанда институтқа құры келіп, құры кетеді. Абылкасымова Алма апайға айтар сөз жоқ, аузына келгенді айтып ұрса береді, педагог келбеті жоқ апай, сабақ мүлдем берген емес,орнына баска апайлар келіп кетеді.
Қазір жас, жалындап жатқан мұғалімдер көп қой,институтта жаңа әдістермен сабақтарды қызықты өтетін жас мамандарды көрсек деп едік
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Шағымыңызда есімі аталған тұлғаларға ескерту жасалады. Алдағы уақытта бұл мәселе қайталанатын болса, нақты ақпараттармен оқу ісі жөніндегі проректорын хабардар етуіңізді сұраймыз. Рахмет!

12-08-2019 22-17-26   From applicant

Author: Anonymous

Question # 1357
Саламатсыз ба ректор мырза! Сіз келгелі университетімізде ғылымды дамытуға көңіл бөлініп жатқаныңыз қуантады. Осы алдағы 2019-2020 оқу жылына әр кафедраға 5000 000 (бес млн) көлемінде ғылыми іссапарларға қаражат бөлініпті деп естідік. Осы қаншалықты рас? Егер рас болса, неге біз ППС бұдан хабарсызбыз. Айта кетуіміз керек, көп жағдайда осындай ұтымды жағдайларды кафедра меңгерушілері ұжымға ашық жеткізбей, өз айналасындағы өзіне сыбайлас үш төрт адаммен астыртын шешіп жіберіп жатады. Әсіресе, түрлі сыйлықтарға ұсыну, министрлік тарапынан келетін түрлі комиссия құрамдарын бекіту, іссапарларға жіберу сияқты мәселелер астыртын шешілмей ұжыммен бірлікте шешілсе екен дейміз. Алайда, өкінішке орай, бұл жаппай сыипат алған құбылыс жылдар бойы қайталанып келеді. Осы мәселені қадағалап, декандар мен кафедра меңгерушілеріне ескерту жасап отырсаңыз екен деп сұраймыз.
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Жоғары білім мен ғылым саласы техникалық және технологиялық бағытты дамытудың егіз ілгерлетушісі болғандықтан, ғылыми-зерттеулермен айналысатын профессор-оқытушыларымызға 2018 жылдан бері университет қосымша қаржы бөліп келеді. Ал қаражаттың бөлінуі мен ғылыми жобаларға қатысу мен жеңімпаздарды анықтау: 1) ҚР заңдарына сәйкес, 2) ашық жүргізіліп келеді.

2019 жылғы 21 мамырында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Алматыдағы ғылыми-зерттеу институттарының басшылары мен жетекші ғалымдарының қатысуымен «Жоғары білім мен ғылымның интеграциясы» тақырыбында конференция өткізді (http://www.kaznpu.kz/ru/1966/notice/).

Конференция нәтижесінде ҚазҰПУ мен ҒЗИ ғалымдары біріккен ғылыми-зерттеу жобаларын дайындау туралы шешім қабылдады.

Аталған құжат негізінде Абай атындағы ҚазҰПУ грантына университетіміздің оқытушылары мен ғалымдарының республикалық ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірлескен ғылыми жобалар  конкурсы жарияланды. Конкурс туралы ақпаратпен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: http://www.kaznpu.kz/ru/1978/notice/.

Университет құрылымындағы әр кафедраға ғылыми іс-сапарлар үшін (бес млн. теңге көлемінде) қаржы бөлінген жоқ, яғни ол – жалған ақпарат.

12-08-2019 21-53-15   Other

Author: Anonymous

Question # 1356
Добрый день. Я сдавала вступительный экзамен 11 августа 2019 г. в здании вашего университета для поступления в в магистратуру UIB. Сравнив отзывы согруппников об условиях для проведения экзамена в разных университетах г. Алматы, решила оставить свой отзыв. Выражаю благодарность Вам и вашему коллективу за организацию благополучной спокойной рабочей атмосферы во время проведения экзамена, в просторной проветриваемой аудитории, с качественной техникой для воспроизведения звука, питьевой водой, чистой уборной, доброжелательной встречей, четкой организацией сдачи - хранения вещей, регистрации, своевременным началом без задержки и завершением экзамена по расписанию.
Answer:

Здравствуйте! Спасибо за приятный отзыв. Заверяем: руководство и сотрудники нашего университета делают все возможное, чтобы экзамены и обучение студентов проходили в комфортных условиях.

12-08-2019 16-17-36   From parents

Author: Anonymous

Question # 1354
Саламатсызба Тахир Оспанұлы! Мен 2 курс студентінің анасымын. Менің қызым жаратылыстану және география институтінің биология факультетінде грант бөлімінде оқиды. Мен жалғыз басты анамын, жолдасым қайтыс болған. Өзім Ақтөбе қаласының тұрғынымын. Сізден үлкен өтінішім отбасы жағдайына байланысты, қызымды Ақтөбе қаласына Жұбанов университетіне грантпен ауыстыруды сұраймын. Алматы қаласында оқуға қиындау болып тұр. Тахир Оспанұлы осы өтінішті қабылдап көмек көрсетуінізді сұраймын.
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысу жолдары туралы толық ақпаратты Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті қызметкерлерінен алуыңызға болады. Байланыс телефондары: 8 (727) 291-13-71, 291-71-06. Сұрағыңызға рахмет!

11-08-2019 21-02-11   From applicant

Author: Anonymous

Question # 1352
Саламатсыз ба, Балықбаев Такир Оспанович! Осы жылы магистратураға тапсырған студенттер саны көп. Мүмкіндік болған жағдайда, жақсы балл жинап, бірақ басқа студенттермен салыстырмалы түрде мемлекеттік грантқа Ілікпеген жағдайда, Абай университетін бітірген, оқу деңгейі бакалаврда жақсы болған студенттерге ректор грантын бөле аласыз ба? Тестте әрдайым біз тырысқандай балл бола бермейді. Бірақ біршама студенттерге жол ашар едіңіз. Сіз келіп университетіміз жақсы жағына бұрылды. Сондықтан бір өтінетінім қосымша гранттар бөлсеңіз.
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Өтінішіңізді ескереміз. Рахмет!

11-08-2019 00-46-07   From applicant

Author: Anon

Question # 1349
Сәлеметсіз бе Құрметті Тахир Оспанұлы Сізге қояр сұрағым босаған орындарға грант конкурсының нәтижесі кай уақытта белгілі болвды? Алдын ала рахмет!!!
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Мемлекеттік бос грант орындарына арналған конкурс нәтижесі институт директораттарына хабарланады. Сондықтан оқу үлгеріміңіз конкурс үміткерлеріне қойылатын талаптарға сәйкес болса, өтінішіңіз бен қажетті құжаттарыңызды тапсырған болсаңыз, институт директорына жолығуыңызға болады. Сұрағыңызға рахмет!

11-08-2019 00-21-27   From applicant

Author: Anonymous

Question # 1348
Сәлеметсіз бе?Ақылы бөлімге оқуға құжаттарды қай күнге дейін қабылдайсыздар?
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Құжаттарды қабылдау бойынша сұрақтарыңызға жауап алу үшін Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмахан Әуесбекұлымен хабарласуыңызға болады. Тел.:8 (727) 291-57-68. Рахмет!

10-08-2019 16-57-03   From applicant

Author: Anonymous

Question # 1346
Сәлеметсіз бе.Мен 2019 түлегімін.ұбт-дан төмен балл алып қалдым.Наурыздағы сертификатпен (110балл)ақылы бөлімге 50% жеңілдік беріледі екен.оқу үлгерімі жақсы болып жатса грантқа ауысуға мүмкіндік бар ма?Ректор грантына ше?Отбасылық жағдайға қарайсыздар ма?Жеңілдік келесі жылға болады ма?
Answer:

Құрметті талапкер!

Сұрақтарыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмахан Әуесбекұлымен хабарласуыңызға болады. Тел.:8 (727) 291-57-68. Рахмет!

10-08-2019 11-45-52   From applicant

Author: Anonymous

Question # 1345
Здравствуйте, когда будут известны имена обладателей вакантных образовательных грантов?
Answer:

Здравствуйте!

С датой оглашения и списком обладателей государственных образовательных грантов Вы можете ознакомиться в директорате университета. Спасибо!

Total records: 4046

« перв. ... < пред. ...  144  145  146  147  148 149  150  151  152  ... след. > ... посл. »

First name: *


E-mail:



Phone:



Subject:


Question: *


Enter the code from the image: *


Number of questions

May, 2024
4
April, 2024
10
March, 2024
5
February, 2024
20
January, 2024
11
December, 2023
21
November, 2023
19
October, 2023
17
September, 2023
25
August, 2023
39
July, 2023
29
June, 2023
60
May, 2023
41
April, 2023
49
March, 2023
22
February, 2023
42
January, 2023
68
December, 2022
55
November, 2022
50
October, 2022
62
September, 2022
52
August, 2022
33
July, 2022
32
June, 2022
49
May, 2022
139
April, 2022
64
March, 2022
45
February, 2022
46
January, 2022
57
December, 2021
29
November, 2021
43
October, 2021
70
September, 2021
75
August, 2021
109
July, 2021
79
June, 2021
62
May, 2021
69
April, 2021
74
March, 2021
47
February, 2021
42
January, 2021
68
December, 2020
61
November, 2020
62
October, 2020
42
September, 2020
48
August, 2020
57
July, 2020
81
June, 2020
88
May, 2020
65
April, 2020
86
March, 2020
57
February, 2020
37
January, 2020
28
December, 2019
47
November, 2019
72
October, 2019
70
September, 2019
61
August, 2019
88
July, 2019
47
June, 2019
71
May, 2019
54
April, 2019
70
March, 2019
51
February, 2019
45
January, 2019
75
December, 2018
87
November, 2018
51
October, 2018
54
September, 2018
77
August, 2018
105
July, 2018
46
June, 2018
43
May, 2018
45
April, 2018
36
March, 2018
30
February, 2018
28
January, 2018
17
December, 2017
17
November, 2017
12
October, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений