01-08-2019 13-36-01
From students
Author: Жибек Орынбасар Question # 1311 Салеметсиз бе! Менин билгим келгеним
Биздин универ Туркия елимен келисими бар ма екен?
Дефектология мамандыгымен кай елге барып,окуымды жалгастыра аламын?
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Халықаралық ынтымақтастық департаментінің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-36-92, 291-62-30.
01-08-2019 11-18-26
From applicant
Author: Абуова Айда Маханқызы Question # 1309 Құрметті Такир Оспанович! Мен, Абуова Айда "Бейнелеу өнерінен" шығармашылық емтихан тапсырып жалпы конкурсқа 112 балмен қатысып М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің грант иегері атандым.Қояр сұрағым, мамандығымның грантымды сақтап, сіздердің университетіңізге ауысуға бола ма?
Answer:
Құрметті Айда, Сізді мемлекеттік грант иегері атануыңызбен құттықтаймыз!
Мемлекеттік білім беру гранты М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне бөлінгендіктен, мамандығыңыз бойынша басқа жоғары оқу орнына ауысу кезінде мемлекеттік грант сақталмайды. Бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысу туралы толық мәліметті университетіміздің Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің қызметкерлерінен алуыңызға болады. Байланыс телефондары: 8 (727) 291-13-71, 291-71-06.
01-08-2019 11-15-13
From students
Author: Хауспай Әселя Асылбекқызы Question # 1308 Сәлеметсізбе, Такир Оспанович!
Менің сізге сұрағым: студенттердің барлығына бұл жылы жатақxана қарастырылады ма, әлде екінші курс студенттеріне берілмейді ме?
Мен 1 курсты аяқтап 2 курсқа көштім, Алматы қаласында ешқандай тума-туысқандарым жоқ. Оңтүстік Қазақстан, Шымкент қаласынанмын, мемлекеттік грант иегерімін, оқу үлгерімім өте жақсы, филология институтының "қазақ тілі мен әдебиет" мамандығында оқимын(104), және де жатақxананы қажет етемін.
Сізден бұл жылы студенттер, әсіресе, екінші курстағы басқа қаладан келген білім алушылар жатақxанамен қамтамасыз етіледі ме деп сұрағым келеді. Жауабыңызды асыға күтемін
Answer:
Құрметті Әсел!
Университетіміздің жатақханаларына студенттерді орналастыру тәртібі бекітілген ережеге сәйкес жүргізіледі. Жатақханадан орын алу үшін өтінішіңізді және әлеуметтік жағдайыңызды растайтын тиісті құжаттарыңызды институт директоратына тапсыруыңыз қажет. Жатақханаға өтініш қабылдау 25 тамыздан кейін басталады.
Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі басшылық тарапынан қарастырылып жатыр.
29-07-2019 04-01-54
From applicant
Author: Anonymous Question # 1306 Сәлеметсіз бе!Сіз басқарып отырған университет студентімін.2 курс МФиИ .Сізге қояр сұрағым биыл жатаханаға орналастыру қашан басталады.Қанша орын бөлінеді.2курстарды жатахана алу мүмкіндігі қандай.Ертерек хабарласаныз деген өтінішім бар еді.РАХМЕТ
Answer:
Құрметті студент!
Жатақханаға студенттерді орналастыру тәртібі бекітілген ережеге сәйкес жүргізіледі. Студенттерді жатақханаға орналастыру кезінде арнайы құрылған комиссия студенттің оқитын курсын, әлеуметтік жағдайын, мемлекеттік грант иегері болуын ескереді. Жатақханадан орын алу үшін өтінішіңізді және әлеуметтік жағдайыңызды растайтын тиісті құжаттарыңызды институт директоратына тапсыруыңыз қажет. Жатақханаға өтініш қабылдау 25 тамыздан кейін басталады. Рахмет!
27-07-2019 04-46-08
From students
Author: Anonymous Question # 1304 Сәлеметсіз бе, ректор мырза! Сізге барша 4-ші курс студенттері атынан жазып отырмын деп қабылдарсыз. Өзіңізге аян, бізге жатақхана берілмейді. Естуіміз бойынша,соңғы оқу жылында бір жыл көлемінде практика болады екен мектепте. Дипломдық жұмыс тағысын тағы оқуға байланысты жұмыстарды есептемегенде, пәтер жалдап тұрудың өзі ауыр мәселе. Жатақханаға өтініш білдірген барша төртінші курс студенттерін бірінші курс студенттерінен қалған орындармен қамтамасыз етсеңіз екен деген тілегіміз бар. Егер түске дейін сабақ, түстен кейін практика болса, жұмыс жасауға да уақыт жоқ. Көптеген студенттің ата-анасы қаржы жіберетін жағдайда емес. Егер практика туралы ақпарат жалған болса, онда, тым құрығанда сабақ кестесімен мәселе болмаса екен... Таңғы 8-де сабақта болу үшін қала сыртында Қаскелеңде, Айнабұлақта тұратындар бар екенін де ескерсеңіз. Сабақ 9-дан кете басталса...Осы мәселелер
бойынша нақты жауап берсеңіз. Рахмет!
Answer:
Құрметті студент!
Білім алушыларымызды жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі университет басшысы ретінде менің басты назарымда.
Жатақханаға студенттерді орналастыру тәртібі бекітілген ережеге сәйкес жүргізіліп, жолдама беру кезінде арнайы құрылған комиссия студенттің оқитын курсын, әлеуметтік жағдайын, мемлекеттік грант иегері болуын ескереді. Сұрағыңызда көрсетілген мәселелерді міндетті түрде қарастырамыз. Рахмет!
25-07-2019 17-12-43
Other
Author: Anonymous Question # 1301 Сәлеметсізбе құрметті Тахир Оспанұлы! Мен ҚазҰПУ-дың жатақханасында жұмыс істеймін. Біздің жатақханада вахтада отыратын жұмыскерлердің бәрі пенсионерлер. Мен өтінішім пенсионерлер жұмыс орнын босатса, себебі олар айлықта және пенсияда алады. Ал, жасы 50 ден асып жұмыс таппай тентіреп жүрген адамдар қаншама?. Бір айлықпен бүткіл отбасыны асырап отқан әйел адамдар бар. Менің ойымша пенсияға шыққан соң жұмыс орныңды босату керек. Өтінішіме жауап бересіз деген ниеттемін рахмет!
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Жаңа оқу жылында зейнет жасындағы қызметкерлер саны қысқартылып, жас мамандар қабылданады. Өтінішіңізді ескереміз. Рахмет!
25-07-2019 16-45-02
From students
Author: Anonymous Question # 1300 Саламатсызба курметти Такир Оспанулы! Сизден сурайын дегеним аскери кафедранын биылгы жылгы психологиялык жане дене тарбиеси нормативтери кай уакытта тапсырылатынын билсем деп едим? Рахмет!
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін әскери кафедра қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 382-27-36.
25-07-2019 14-52-28
From applicant
Author: Аноним Question # 1299 Курметти Такир Оспанулв. Мен 2018-2019 оку жылында 6Д000101 мамандыны бойынша емтихандардан отип, конкурстан отпей калым биыл мол корытвндв бойынша окуга кабылдануга отиниш берсерку бола ма
Answer:
Құрметті талапкер!
Докторантура бойынша білім беру бағдарламаларына түсу үшін 2019/2020 оқу жылының жаңа типтік ережесіне сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын IELTS (межелік балл - 4.5-ден кем емес), TOEFL ITP (межелік балл - 460) халықаралық сертификаттарын тапсыру қажет. 2018/2019 жылғы емтихан қорытындысы бойынша докторантураға қабылданбайды.
24-07-2019 23-29-17
From students
Author: Anonymous Question # 1298 Саламатсызба курметти Такир Оспанулы! Сизден сурайын дегеним аскери кафедранын биылгы жылгы психологиялык жане дене тарбиеси нормативтери кай уакытта тапсырылатынын билсем деп едим? Рахмет!
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін әскери кафедра қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 382-27-36.
22-07-2019 14-34-23
From students
Author: Anonymous Question # 1297 Сəлеметсіз бе құрметті Тахир Оспанұлы!
Менің қояр сұрағым 1курста 50% жеңілдікпен оқыдым.2курста жеңілдік сақталады ма?Ата-анам жұмыссыз көп балалы отбасы жəне агам да ақылы бөлімде жоғары оқу орнында окиды.2курста кандай жеңілдіктер болады?
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Оқу үлгерімінің көрсеткіштері «өте жақсы» деген бағада болса, келесі оқу жылында жеңілдік сақталынады. Оқу үрдісіне байланысты сұрақтарыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін институт директорымен хабарласуыңызға болады. Рахмет!
20-07-2019 15-32-05
From students
Author: Жазыкова Амангуль Question # 1295 Сәлеметсізбе Таxир Оспанұлы! Мен, Филология және көп тілді білім беру институтының Филология(қазақша бөлім) мамандығы бойынша білім алып жатырмын. Мен ақылы бөлімде оқып жатырған студентпін, ешқандай грант жоқ.
Қазіргі уақытта 1 курсты 3,81GPA баллмен аяқтадым. Сізге қояр өтінішім: бізге (ақылы бөлімдегі студенттерге) оқу үлгерімне қарай ең болмаса ректорлық грант бөлінсе екен деймін! Өтінішімді ескерерсіз деген ойдамын, раxмет!
Answer:
Құрметті Амангүл!
Мемлекеттік бос грант орындарына арнайы конкурс жарияланып, грант үміткерлері бекітілген ережелер мен талаптарға сәйкес іріктеледі. Конкурс нәтижесінде анықталған үміткерлер тізімін Білім және ғылым министрлігі бекітеді.
Конкурс бойынша оқу үлгеріміңіз үміткерлерге қойылатын талаптарға сәйкес болса, өтінішіңізге қажетті құжаттарыңызды тіркеп, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековке (бас оқу ғимараты, 221-кабинет) жолығуыңыз қажет. Сұрағыңызға рахмет!
20-07-2019 09-47-09
From students
Author: Anonymous Question # 1293 Сəлеметсіз бе! Мен 1курстың 1семестрдан бастап повышкада едім. Енді 2семестрда барлық сабағым 90-нан жоғары болды. Тек практикадан төмен болып қалды. Практика балы повышкаға əсер ете ме?
Answer:
Құрметті студент!
Сұрағыңыз бойынша нақты ақпаратты Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінен немесе директорат қызметкерлерінен білуіңізге болады. Рахмет!
19-07-2019 21-44-55
From students
Author: Anonymous Question # 1292 Сәлеметсіз бе, Таxир Оспанұлы! Менің айтатыным математика, физика және информатика институтына қарайтын тіркеу бөліміндегі(офис регистрация) Гуля Алексеевна xанымның үстінен студенттердің атынан шағымданайын деп едім. Ол кісі өте дөрекі адам. Ешқандай жұмысты дәл соңына жеткізбейді. Ол кісі бізге не үшін ашуланады. Бүкіл университеттің студенттеріне қарайтын болса түсінер едік. Тек қана бір институтқа ғой. Ол өзі менің WhatsApp желісі арқылы жазыңыз деп алады да, істі соңына дейін тыңдамай, заблокировать етіп тастайды. Сізден өтінеріміз екі тілде де еркін сөйлейтіні, түсінігі мол, жұмысты жақсы жасайтын адамды орнына ауыстырсаңыз! Көп көп раxмет!
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Шағымыңыз әкімшілік тарапынан міндетті түрде қарастырылады.
17-07-2019 15-24-47
From parents
Author: Шайланова К.А. Question # 1290 Добрый день, Такир Оспанович на каких условиях можно устроиться в общежитие Вашего Вуза при поступлении.
Answer:
Уважаемый абитуриент!
Для получения места в общежитии Вам необходимо написать заявление на имя ректора и сдать в директорат. Заявления и все необходимые документы обучающихся будут рассмотрены специальной комиссией. Для более подробного ответа Вам следует обратиться в Центр профориентационной работы и приема обучающихся. Спасибо!
16-07-2019 11-49-58
From students
Author: Anonymous Question # 1287 Салеметсизбе курметти Такир Оспанұлы! Мен екы шет тили мамандыгы бойынша 1 курс битирдим. Алтын белги бойынша 100% скидкамен окыдым. Gpa 3.67ден асса сакталады деген единиздер, меники 3.82 болды. Бирак физкультурадан гана "4" алым калдым. Кетерде отиниш жазып кетип едим скидка сакталсыншы деп, сол карастырылып жатыр ма? Озиниз накты жауап берсениз?!
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Оқу үрдісіне байланысты сұрағыңызға нақты жауап алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековке (бас оқу ғимараты, 221-кабинет) жолықсаңыз болады. Сұрағыңызға рахмет!
16-07-2019 03-53-34
From applicant
Author: Anonymous Question # 1285 Сәлеметсіз бе Такир Оспанович. Сізге қояр сұрағым 2018-2019 оқу жылында босаған гранттарға өтініш жазған болатынбыз. Енді оның нәтижесін қай уақытта біле аламыз.
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Жазғы емтихан сессиясы нәтижесінде босаған білім беру грантына арналған конкурс туралы толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаментімен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефондары: 291-13-71, 291-71-06.
12-07-2019 20-55-02
From applicant
Author: Лаура Question # 1282 Тахир Оспанович, здравствуйте ! Являясь сотрудником университета , хочу узнать , в летний период какие цены на базу отдыха «Устаз», могу ли я с семьёй воспользоваться зоной отдыха «Устаз», кто заведует этой базой, к кому обращаться по поводу отдыхакак им объяснить что я сотрудник университета, или у них имеются списки преподавателей и сотрудников, какие цены на проживание для взрослых и детей, вообщем прошу вас опубликовать здесь всю информацию и прайс на проживание и еду на этой базе отдыха.спасибо!
Answer:
Здравствуйте!
По данному вопросу Вам следует обратиться в Департамент по развитию инфраструктуры. Контактные данные: 291-37-59, 291-37-59. Спасибо!
11-07-2019 15-13-21
From parents
Author: Абилова Гульнара Question # 1280 Саламатсыз ба. Менің балам былтыр гумманитарлық колледжді бітіріп, Сіздің Университетке оқуға түскен еді. Бірақ құжаттарын қысқартылған оқу бөліміне емес, 4 жылдық оқуға қабылдаған. Қыста ауытырамыз деген екен, бірақ солай қалды.3 жылдыққа ауысуға болады ма?
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-13-71, 291-71-06. Рахмет!
11-07-2019 00-31-40
Other
Author: Anonymous Question # 1279 Здравствуйте, уважаемый ректор! Хотел(а) сказать почему не делают ремонт в корпусе в Центральном парке, он выглядит ужасно как козарма, студенты столько платят за учебу а учиться в таких усоловиях не хочется, желание пропадает, выпускники школы приходят в большой город что бы учиться в хороших условиях, а тут такое, я даже не могл(а) представить что уборная будет на улице. Когда едишь в большой город ты представляешь огромный университет с условиями, а не такое. Надеюсь вы услышите меня!
Answer:
Здравствуйте!
Ремонт во всех корпусах университета проводится по плану. Мы по возможности стараемся создать все условия для наших студентов, для этого требуется определенное время, просим проявить терпение и понимание. Спасибо!
10-07-2019 09-10-44
From students
Author: Anonymous Question # 1277 Қайырлы күн, Такир Оспанұлы!
Сіз КазҰПУ-ін көтеруге үлес салып жатсыз, бірақ Сіз білмейтін былық өте көп. Мен жақында осы университетті тәмәмдадым. Оқу барысындағы кейбір "мәдени рекет" туралы айтқым келеді. Сейсен Найля Бақытбекқызы сабақ берудің орнына бізді барлығымызды пайдаланатын. Аудармасын, мақалаларын, УМК, УДК барлығын магистрант/докторанттарға жасатады, көлігі барлар жеке шопыры болуға дейін баратын, жоқ деген сөз мүлдем жүрмейді. Кафедраның жұмысын бізге міндет қылатын. Аузынан "тұқымы құрғыр" деген сөз түспейтін Мұқажанова Альмира Жаппаровна да, студенттерді түнгі 12-ге дейін алып қалып, кафедраның жұмысын жасататын, біз келісетінбіз, дипломымыз үшін. Студенттердің көзінше осы екі "профессор" бір бірін жерден алып жерге салғанда жағамызды ұстайтынбыз, бүкіл кафедра біледі екеуі күндес екенің. Тіпті Сіз тапсырған "Кодекс этики" құжатын магистранттарға жасатқан, кейін ұялмай-қызармай МЕН жасадым деп кеудесін соғады проректорлар алдында. Бұл айсбергтін тек бергі жағы. Өз мамандықтарымыз бойынша біз білім алдық деп айта алмаймыз. ППС құрамы өте әлсіз, кейде сауатсыздығын да байқадық, тіпті транскриптідегі қателерді де көрмеген. Қолымызға қатеге толы транскрипт алдық. Білім берудің орнына "мәдени рекет" жүргізіледі. Біз де соған көндік, себебі аман есен бітіп шығу керек болды грантқа түскен соң. Керек болса факті де бар. Осы өтініш жариялансың! Мұғалімдердің өздері байқамайтын ерсі әрекетін қатаң қадағалауыңызды сұраймыз.
Answer:
Құрметті студент!
Шағымыңызда көрсетілген мәселелер назарға алынды. Жолдаған ақпаратыңыз үшін рахмет!
Total records: 4046