
16-07-2019 03-53-34

From applicant
Author: Anonymous Question # 1285 Сәлеметсіз бе Такир Оспанович. Сізге қояр сұрағым 2018-2019 оқу жылында босаған гранттарға өтініш жазған болатынбыз. Енді оның нәтижесін қай уақытта біле аламыз.
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Жазғы емтихан сессиясы нәтижесінде босаған білім беру грантына арналған конкурс туралы толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаментімен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефондары: 291-13-71, 291-71-06.

12-07-2019 20-55-02

From applicant
Author: Лаура Question # 1282 Тахир Оспанович, здравствуйте ! Являясь сотрудником университета , хочу узнать , в летний период какие цены на базу отдыха «Устаз», могу ли я с семьёй воспользоваться зоной отдыха «Устаз», кто заведует этой базой, к кому обращаться по поводу отдыхакак им объяснить что я сотрудник университета, или у них имеются списки преподавателей и сотрудников, какие цены на проживание для взрослых и детей, вообщем прошу вас опубликовать здесь всю информацию и прайс на проживание и еду на этой базе отдыха.спасибо!
Answer:
Здравствуйте!
По данному вопросу Вам следует обратиться в Департамент по развитию инфраструктуры. Контактные данные: 291-37-59, 291-37-59. Спасибо!

11-07-2019 15-13-21

From parents
Author: Абилова Гульнара Question # 1280 Саламатсыз ба. Менің балам былтыр гумманитарлық колледжді бітіріп, Сіздің Университетке оқуға түскен еді. Бірақ құжаттарын қысқартылған оқу бөліміне емес, 4 жылдық оқуға қабылдаған. Қыста ауытырамыз деген екен, бірақ солай қалды.3 жылдыққа ауысуға болады ма?
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-13-71, 291-71-06. Рахмет!

11-07-2019 00-31-40

Other
Author: Anonymous Question # 1279 Здравствуйте, уважаемый ректор! Хотел(а) сказать почему не делают ремонт в корпусе в Центральном парке, он выглядит ужасно как козарма, студенты столько платят за учебу а учиться в таких усоловиях не хочется, желание пропадает, выпускники школы приходят в большой город что бы учиться в хороших условиях, а тут такое, я даже не могл(а) представить что уборная будет на улице. Когда едишь в большой город ты представляешь огромный университет с условиями, а не такое. Надеюсь вы услышите меня!
Answer:
Здравствуйте!
Ремонт во всех корпусах университета проводится по плану. Мы по возможности стараемся создать все условия для наших студентов, для этого требуется определенное время, просим проявить терпение и понимание. Спасибо!

10-07-2019 09-10-44

From students
Author: Anonymous Question # 1277 Қайырлы күн, Такир Оспанұлы!
Сіз КазҰПУ-ін көтеруге үлес салып жатсыз, бірақ Сіз білмейтін былық өте көп. Мен жақында осы университетті тәмәмдадым. Оқу барысындағы кейбір "мәдени рекет" туралы айтқым келеді. Сейсен Найля Бақытбекқызы сабақ берудің орнына бізді барлығымызды пайдаланатын. Аудармасын, мақалаларын, УМК, УДК барлығын магистрант/докторанттарға жасатады, көлігі барлар жеке шопыры болуға дейін баратын, жоқ деген сөз мүлдем жүрмейді. Кафедраның жұмысын бізге міндет қылатын. Аузынан "тұқымы құрғыр" деген сөз түспейтін Мұқажанова Альмира Жаппаровна да, студенттерді түнгі 12-ге дейін алып қалып, кафедраның жұмысын жасататын, біз келісетінбіз, дипломымыз үшін. Студенттердің көзінше осы екі "профессор" бір бірін жерден алып жерге салғанда жағамызды ұстайтынбыз, бүкіл кафедра біледі екеуі күндес екенің. Тіпті Сіз тапсырған "Кодекс этики" құжатын магистранттарға жасатқан, кейін ұялмай-қызармай МЕН жасадым деп кеудесін соғады проректорлар алдында. Бұл айсбергтін тек бергі жағы. Өз мамандықтарымыз бойынша біз білім алдық деп айта алмаймыз. ППС құрамы өте әлсіз, кейде сауатсыздығын да байқадық, тіпті транскриптідегі қателерді де көрмеген. Қолымызға қатеге толы транскрипт алдық. Білім берудің орнына "мәдени рекет" жүргізіледі. Біз де соған көндік, себебі аман есен бітіп шығу керек болды грантқа түскен соң. Керек болса факті де бар. Осы өтініш жариялансың! Мұғалімдердің өздері байқамайтын ерсі әрекетін қатаң қадағалауыңызды сұраймыз.
Answer:
Құрметті студент!
Шағымыңызда көрсетілген мәселелер назарға алынды. Жолдаған ақпаратыңыз үшін рахмет!

09-07-2019 10-48-52

From students
Author: Сейітқасымова Беназир Question # 1276 Құрметті Такир Оспанович !
Елдің болашақтағы дамуы жастардың қолында,яғни,болашақты құрушы - білімді жас ұрпақ екені баршамызға аян. Тұңғыш Елбасының биылғы 2019 жылды - Жастар жылы деп жариялауына орай,жастардың оқуға,келешекке,Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру және студенттердің өзара ауызбіршілігі мен ынтымақтастығын нығайту,салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып ,демалыс уақыттарын тиымды пайдалану мақсатында ұйымдастырылған озат студенттерді "Алакөл" жағалауында орналасқан демалыс орнына тынығуға жолдама беріп , студенттерге үлкен қуаныш сыйлағаныңыз үшін шынайы АЛҒЫСЫМДЫ білдіремін.
Әрқашан деніңізге саулық,қажымас қайрат,еңбегіңізге толағай табыс,отбасыңызға амандық және жаңа оқу жылында заман талабына сай тың серпілістер мен қуанышқа толы жағымды жаңалықтар тілей отырып,алдағы уақытта да осындай игі істердің басы- қасынан табылып,еліміздің талантты да дарынды жастарына қолдау көрсетуде көпке үлгі болуыңызға тілектеспін.
Құрметпен 2- курс студенті : Сейітқасымова Беназир.
Answer:
Құрметті Беназир!
Университет басшылығы білім алушыларымызға мүмкіндігінше жағдай жасап, қолдау көрсетуге әрдайым дайын. Тілеген әрбір ізгі тілектеріңіз үшін рахмет!

09-07-2019 01-57-26

From applicant
Author: Anonymous Question # 1275 Салеметсиздерме! 1 жатакхана комендантын ауыстыруынызды сураймын.Студенттерды кинап осы ректор блогына озин мактап жаздыртады.Оте лас,тарбие атымен жок жатакханада темекы акелип сатады жогары курстар,терезеден секирип минип тусип туны бойы ойларына келгенин жасайды.Видеокамерадан барин коруге болады жатакханада орналаскан адейылеп оширип тастамаса егерде
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Жатақхана меңгерушісіне қатысты жолдаған ақпаратыңыз міндетті түрде тексеріледі. Рахмет!

08-07-2019 21-30-14

From parents
Author: Сарсенова Кунайм Шайдуллаевна Question # 1274 Басқа қаладан келген І курсқа қабылданған студенттерге жатақхана беріле ме? Қашаннан бастап беріледі?
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Білім алушыларды жатақханаға орналастыру тәртібі ҚР Білім және ғылым министрінің «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, әрбір институт жанынан құрылған арнайы комиссия шешімінің негізінде жүзеге асырылады. Жатақханадан орын алу үшін өтінішіңізді және әлеуметтік жағдайыңызды растайтын тиісті құжаттарыңызды институт директоратына тапсыруыңыз қажет. Жатақханаға өтініш қабылдау 25 тамыздан кейін басталады.

08-07-2019 13-52-40

From applicant
Author: aziza Question # 1272 Саламатсызба Тахир мырза!
Мен физика математика институтынын 4 курс уздик битирушы тулегимин.Мен Международный правага тапсырайын деп едим.Соган дайындалу үшін сұрақтарды қалай ,қайдан алсам болады.Және биыл басқаша форматта тапсырады деген.сол жайлы билсем деп дим.Рахмет
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Сұрағыңыз бойынша нақты ақпарат алу үшін Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 8(727)291-57-68, 291-73-71. Рахмет!

07-07-2019 11-16-35

From students
Author: Symbat Question # 1271 Сәлеметсіз бе? Құрметті Такир Оспанович! Менің қояр сұрағым... Мен осы жылы Физматты информатика мамандығын бітірдім. Енді Тарих және құқық институтына магистратураға тапсырсам деген едім, ол үшін разница төлеу керек бола ма? Екінші сұрағым Тарих және құқық институтына сырттай тапсыруға бола ма, ол жағын да білгім келеді,қалай болады.Осы жайында нақтырақ айтып ертерек жауап берсеңіз жақсы болар еді. Алдын-ала рахмет!
Answer:
Сәлеметсіз бе, Сымбат!
Магистратура білім беру бағдарламасы бойынша мамандық ауыстыруыңызға байланысты пәнаралық айырмашылық төлейсіз. Екінші сұрағыңызға келетін болсақ, 2019 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда сырттай оқу формасы тоқтатылған.
Екінші жоғарғы білім аламын десеңіз, қашықтықтан оқыту формасы бойынша құжаттарыңызды қабылдау комиссиясына тапсыруыңызға болады. Магистратурада қашықтықтан оқыту бөлімі жоқ.

06-07-2019 16-32-04

From students
Author: 2-курс Педагогика психология магистратура Question # 1269 Саламатсыздар, құрметті Казнпу, біз осы 2019-жылдың магистрант бітіруші түлектеріміз,ең алдымен құрметті ректор мырзаға алғысымызды білдіреміз, Тахир мырза келгелі университетімізде көптеген жақсы өзгерістер орын алды, Балықбаев Тахир мырзаға мың алғыс, магистранттарды шетелдік стажировкага жиберип,білім алмасуымызға көп мүмкіндіктер жасадыңыз. Абай университетінде білім алғанымыз үшін қуанамыз . Ерекше алғысымызды өзіміздің кафедра Педагогика психология, кураторымыз Ибраимова Жанар Қажыбаеваға барша топтың атынан алғыс білдіреміз,бізге екі жылда топтың Анасы болып,қамкорлық пен жанашырлық танытып, өзінің адамгершілік, рухани моральдық қасиеттерімен ерекше жүрегімізде орын алды.Әрдайым көмек беріп, бағыт бағдар бергені үшін, әрдайым бізге сенім артқаны үшін, бізді уайымдап,қолдау көрсеткені үшін эдвайзерімізге Рахметімізді білдіреміз. Екі жылда қимастықпен өтті де кетті. ҚазҰпу біз сіздерді жақсы көреміз!!!!
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Ізгі тілектеріңіз бен алғыстарыңыз үшін Сіздерге үлкен рахмет. Университет қабырғасында алған білімдеріңіз жемісті болсын!

05-07-2019 19-11-29

Other
Author: Anonymous Question # 1268 Құрметті Тахир Оспанұлы! Университеттің жақсаруы, жаңаруы білімді жастардың келуімен байланысты деп ойлаймыз. Біз студенттер жасы келген ұстаздардың сабағына қанағат емеспіз. Олардың біліміне күмән келтірмейміз. тек апайларымыз бен ағайлардың жасының келуі олардың білім беруі барасында үнемі байқалады. Осымен байланысты оң шешім қабылдарсыз деген сенімдеміз.
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Ұстаздарымызға қатысты пікіріңізді міндетті түрде ескереміз. Рахмет!

05-07-2019 10-04-27

From students
Author: Студент Question # 1267 Сәлеметсіз бе, құрметті Тахир Оспанұлы! Студенттер атынан сізге мынадай ұсыныс шағымымызды білдіргіміз келген еді. Шапағат студенттерге қызмет көрсету орталылығындағы барлық қызметкерлер студенттерге қызмет көрсетуде өте дөрекі, амандаспайды, зекіп сөйлеседі. Бұл орталықтың басты міндеті студенттерге қызмет көрсету емес пе? Студенттермен неге дөрекі сөйлеседі? Егер амандасуды білмесе, әрбір келген студентке адам сияқты жауап беруді білмесе, дөрекі сөйлесе онда неге сол орталықта жұмыс істейді, кетсін, орнын босатсын, олардың орнына адаммен адам құсап сөйлесе алатын қызметкерлер келсін. Тіпті сол орталықтың директоры-басшысының өзі дөрекі сөйлеседі. "Не керек?" деп дауыс көтеріп, адамды ыңғайсыз жағдайға қалдырды. Егер де мұндай жағдай қайталана берсе, әрбір студент сол қызметкерлердің дөрекі қылықтарын бейне жазбаға тартып алып, орындарынан кетуін талап етеміз. Мәдениетті ортада мұндай дөрекі қызметкерлердің жұмыс істеп жүре беруіне қарсымыз.
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Шағымыңыз назарға алынды. «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне міндетті түрде ескерту жасалады. Алдағы уақытта бұл мәселе қайталанбауы тиіс. Ұсынысыңызды ескереміз. Рахмет!

05-07-2019 07-56-56

Other
Author: Anonymous Question # 1265 Мен Алмахан А.Е ұстаз демалыс орталығна бағбан болып жумыска турдым аилык 80 000 мын деген бірак 65 800 төледі оның 10 000 тенгесі тамака сондаиак жумыс кестесі 24сағ. 7 кун мулдем демалыс жок 25.06.2019 да аилык 44 550 тенге тусті біз сол жердегі басшысы Дархан ағаға аитык бизге аикаилап уұрысты өз енбегімізді даулаганымыз ға дазыкты болдык күнде кырылып 02.07.2019ж 20 250 тенге тусірді кыздар да ұлдар да сол себепті жумыстан екеті Дархан аға өз қызыметін асыра паидалана отыра бңзге зекіп аихаилап сөлиді бөлме тазалаушы Ержанова Калампыр деген кісі аилык алады бірак жумыста жок мулдем кемиді ол кісіні корген емеспін 2 ай жумыс жасадым Калампырды кормедім осыган тез арада шара қолданыңызды менін жаиымды ескерерсіз сураимын сұранушы Алмахан Алмас Ержанұлы 3.072019жыл 21:50де жазылды
Answer:
Сәлеметсіз бе, Алмас Ержанұлы!
Шағымыңыз міндетті түрде қарастырылады.

04-07-2019 17-57-14

From students
Author: Anonymous Question # 1263 Салеметсиз бе, Тахир Оспанович. Мен биыл 6м011300--биология мамандыгы бойынша 1-курсты битирген магистрантпын. Биз мугалимдердин айтулары бойынша полеязычный группа екенбиз(ягни сабакты уш тилде отемиз). Бирак диплом алганда дипломга жазылмайды деп айтуда. Биз келеси жылы тагы уш тилде окимыз сонда бизнес не панда? Уш тилде окып е дипломда жазылмаса, е сертификат алмасак, 2жыл киналып окыганымыз зая келеди гой. Бизге осы маселени шешип берсениз нур устине нур болгар еди. Рахмет
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Сұрағыңыз бойынша нақты жауап алу үшін Оқу ісі жөніндегі проректор Асан Адасбекұлы Сәтмырзаевқа хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 293-81-53.

04-07-2019 10-45-52

From students
Author: Anonymous Question # 1261 Добрый день, я студентка института Педагогики и психологии. Хочу узнать насчет требовании красного диплома. Спасибо
Answer:
Здравствуйте!
Для получения подробного разъяснения по данному обращению Вам следует обратиться к директору Департамента по академическим вопросам Хайрулле Нышановичу Жанбекову (главный учебный корпус, каб. 221). Контактные тел.: 291-13-71. Спасибо!

04-07-2019 10-21-16

From students
Author: Anonymous Question # 1260 Здравствуйте, уважаемый Такир Оспанович! Пишу вам от лица выпускников магистратуры ИИКиС. Мы, магистранты следующих специальностей: "6М041600-Искусствоведение", "6М010700-Изобразительное искусство и черчение", "6M010800-Физическая культура и спорт" крайне огорчены тем, что не сможем получить дипломы о присвоенной нами научной степени магистра торжественно, получив ваше благословение, как ректора ВУЗа, в котором получали образование 2 года, а многие из нас все 6 лет, после окончания школы.
Причиной нашего возмущения является то, что администрация нашего института, ответственная за заполнение дипломов проявила некомпетентность, не успев своевременно подготовить все необходимые документы. Мы пробовали выйти в диалог с заместителем директора по учебной части - Ерланом Кенжебаевичем, но он не дал нам объективного ответа, а лишь проявил агрессию и велел ждать, а затем подойти в деканат и забрать дипломы.
Мы не знаем к кому обращаться. Как для любого выпускника КазНПУ, для нас важно получить плод наших стараний, усердного труда - в торжественной обстановке, услышать ваше напутствие.
03.07-04.07 все обучавшиеся, в возглавляемым вами университете, получили свои дипломы о присуждении степени магистра, кроме перечисленных выше специальностей, и, неизвестно когда получим.
Просим вас посодействовать в ускорении процесса подготовки подтверждающих обучение документов, и, по возможности, организовать нам праздник, которого наш лишили, ведь ждали мы его как малые дети.
Answer:
Здравствуйте!
Для разъяснения данного вопроса Вам следует записаться на прием к проректору по учебной работе Асану Адасбековичу Сатмырзаеву. Ваше обращение будет учтено. Спасибо!

04-07-2019 10-19-17

Other
Author: Anonymous Question # 1259 Хочу выразить слова благодарности нашему ректору. При вручении диплома выпускникам, каждого из нас встречал с тёплой улыбкой на лице. Спасибо Вам большое!
Относительно системы университета, конечно есть кое какие минусы, которые оставляют желать лучшего. При распределении сотрудников в приемную комиссию, необходимо обучить их и дать полную информацию об условиях обучения. При поступлении из за халатного отношения состава приемной комиссии или же просто неграмотности мы (поступившие) были дезинформированы((((. О чем стало ясно уже во втором году обучения, в конце 3-го семестра.,
Относительно работы Центра карьеры при университете, работают неквалифицированные сотрудники, которые говорят то одно, потом другое. Не говоря об отработке гос гранта, не дают возможности определится с выбором места работы. Не имея диплома на руках, требуют трудоустроиться и представить соответсвующие документы в короткие сроки. Также пол года назад в Центре карьеры нами были подписаны договора по оказанию образовательных услуг, однако до сегодняшнего дня не получили второй экземпляр причитающий для обучающего.
Спасибо!!
Answer:
Здравствуйте!
Спасибо Вам за теплые слова в мой адрес. Касательно работы приемной комиссии и центра «Карьера» Ваши замечания обязательно будут рассмотрены и по результатам их проверки приняты соответствующие меры.

04-07-2019 01-04-09

From applicant
Author: Anonymous Question # 1258 Сәлеметсізбе,Тахир Оспанович!Сізге қояр сұрағым,мен 2018 жылы бітірген түлікпен.Сол жылы ҰБТ тест нәтижесі бойынша ЖенПУ жоғарғы оқу орнына грантқа тапсырған болатынмын,бірақ мамандық бойынша баллым жетпей түсе алмай қалдым,содан сұрайын дегенім осы жылы тағы да сол көрсеткішпен тапсыруыма бола ма,грантқа?
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Оқуға тапсыруға байланысты сұрақтарыңызға толық жауап алу үшін Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 8(727)291-57-68, 291-73-71. Рахмет!

03-07-2019 20-03-05

From applicant
Author: Anonymous Question # 1257 Саламатсыз ба,ағай.Менің ҰБТ-дан жинаған баллым 93.Мен де ауыл квотасы бар.Шығыстану факультетіне грантқа шанс бар ма?Шығыстану болмаса да басқа қандай мамандықтарға шанс бар?Сұрағыма жауап күтемін.Алдын ала Рахмет
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмахан Әуесбекұлымен хабарласуыңызға болады. Тел.:291-57-68. Сұрағыңыз үшін рахмет!
Total records: 3791