Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Welcome to the rector’s blog!

 

 

Dear visitors to the website!
 
The Rector`s blog was created to connect with students, staff and teachers of the University. You can leave your comments, ask questions and make suggestions. Open and regular discussion of issues will help the University administration to work fruitfully.
 
I hope that this platform will expand opportunities for the solution of many problems in our common work, will become an important mechanism for effective mutual exchange of information and implementation of tasks.
 
We are open for dialogue, all appeals will be considered. Every question will be answered.
 
Yours faithfully,
Chairman of the Board - rector
Darkhan Bilyalov
 
 
Email: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 
 
 
 
 
The Rector's personal reception takes place on the 1st and 3rd Fridays of each month during the academic year - from 3.00 p.m. to 5.00 p.m.
  • Quessions-answers
  • Ask a question
  • Statistics
11-08-2019 21-02-11   From applicant

Author: Anonymous

Question # 1352
Саламатсыз ба, Балықбаев Такир Оспанович! Осы жылы магистратураға тапсырған студенттер саны көп. Мүмкіндік болған жағдайда, жақсы балл жинап, бірақ басқа студенттермен салыстырмалы түрде мемлекеттік грантқа Ілікпеген жағдайда, Абай университетін бітірген, оқу деңгейі бакалаврда жақсы болған студенттерге ректор грантын бөле аласыз ба? Тестте әрдайым біз тырысқандай балл бола бермейді. Бірақ біршама студенттерге жол ашар едіңіз. Сіз келіп университетіміз жақсы жағына бұрылды. Сондықтан бір өтінетінім қосымша гранттар бөлсеңіз.
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Өтінішіңізді ескереміз. Рахмет!

11-08-2019 00-46-07   From applicant

Author: Anon

Question # 1349
Сәлеметсіз бе Құрметті Тахир Оспанұлы Сізге қояр сұрағым босаған орындарға грант конкурсының нәтижесі кай уақытта белгілі болвды? Алдын ала рахмет!!!
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Мемлекеттік бос грант орындарына арналған конкурс нәтижесі институт директораттарына хабарланады. Сондықтан оқу үлгеріміңіз конкурс үміткерлеріне қойылатын талаптарға сәйкес болса, өтінішіңіз бен қажетті құжаттарыңызды тапсырған болсаңыз, институт директорына жолығуыңызға болады. Сұрағыңызға рахмет!

11-08-2019 00-21-27   From applicant

Author: Anonymous

Question # 1348
Сәлеметсіз бе?Ақылы бөлімге оқуға құжаттарды қай күнге дейін қабылдайсыздар?
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Құжаттарды қабылдау бойынша сұрақтарыңызға жауап алу үшін Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмахан Әуесбекұлымен хабарласуыңызға болады. Тел.:8 (727) 291-57-68. Рахмет!

10-08-2019 16-57-03   From applicant

Author: Anonymous

Question # 1346
Сәлеметсіз бе.Мен 2019 түлегімін.ұбт-дан төмен балл алып қалдым.Наурыздағы сертификатпен (110балл)ақылы бөлімге 50% жеңілдік беріледі екен.оқу үлгерімі жақсы болып жатса грантқа ауысуға мүмкіндік бар ма?Ректор грантына ше?Отбасылық жағдайға қарайсыздар ма?Жеңілдік келесі жылға болады ма?
Answer:

Құрметті талапкер!

Сұрақтарыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмахан Әуесбекұлымен хабарласуыңызға болады. Тел.:8 (727) 291-57-68. Рахмет!

10-08-2019 11-45-52   From applicant

Author: Anonymous

Question # 1345
Здравствуйте, когда будут известны имена обладателей вакантных образовательных грантов?
Answer:

Здравствуйте!

С датой оглашения и списком обладателей государственных образовательных грантов Вы можете ознакомиться в директорате университета. Спасибо!

10-08-2019 11-33-01   From applicant

Author: Anonymous

Question # 1344
Здравствуйте! Почему вот так произвольно меняют даты вступительных по докторантуре!? Были утверждены официально даты 8-16 августа, на сайте все это время стоял график экзаменов, с печатью, с подписями, мы готовились к экзамену на 14-число, а 9-августа изменили даты вступительных на конец августа. 2-раза сроки приёма меняют по докторантуре. А как быть тем кто не сможет присутствовать по новым датам?! В таком случае дайте возможность сдать экзамен по прежним датам, тем кто не сможет сдать в конце августа?
Answer:

Здравствуйте! Для получения подробного ответа Вам нужно обратиться к сотрудникам приемной комиссии. Все назначения и изменения в датах приема документов и сдачи экзаменов производятся согласно приказам МОН РК и Центра тестирования. Спасибо!

09-08-2019 17-58-50   From applicant

Author: Anonymous

Question # 1342
Сәлеметсіз бе! 4 курстарға сабақ нешесі басталады екен? Және сабақ кестесін ыңғайлы етіп құруына аса қатты назар аударуларыңызды өтінемін.
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Жаңа оқу жылының сабақ кестесін институт директоратынан немесе Оқу үрдісін ұйымдастыру бөлімінің қызметкерлерінен білуіңізге болады. Байланыс тел.: 291-71-06.

09-08-2019 16-34-27   From students

Author: Anonymous

Question # 1341
Сәлеметсіз бе,құрметті Тахир Оспанұлы!Мен Педагогика және психология мамандығының студентімін.Мен Сахиева Ләйла апайға тағылған айыпты оқи отырып,оның бұл өрескел әрекеттерді жібермегенін,сабағын уақытылы өтіп,студенттермен дұрыс қарым-қатынас орната білген оқытушылардың бірі екендігін айтқым келеді.
Answer:

Құрметті студент, жолдаған пікіріңіз үшін рахмет!

09-08-2019 16-15-21   From parents

Author: Галымжан

Question # 1340
Сіз басқаратын университетте 2018-2019 жылғы бітірушілерге, атап айтқанда үздік бітіргендерге жылдықы төлемнен 30 пайыз жеңілдік, ал алтын белгі иегерлеріне бір жыл төлемақысыз оқыту жеңілдік қарастырылған дейді осы жағдайды түсіндіруіңізді сұраймын. Қызым алтын белгі иегері, алайда ҰБТ-дан 77 балл жинап қалған еді.
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Университетімізде «Алтын белгі» иегерлеріне жеңілдік қарастырылған. Бірінші оқу жылында 100% жеңілдікпен оқып, оқу үлгерімін «өте жақсы» көрсеткішпен аяқтаған білім алушылар мемлекеттік бос грант орындарына ауыстырылады. Жеңілдіктер туралы Ережемен келесі сілтеме арқылы танысуыңызға болады: http://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/Skidka_kaz_2019_page-0001.pdf.

Сұрағыңызға байланысты қосымша ақпаратты Академиялық мәселелер жөніндегі департаментіне келіп немесе 8 (727) 291-13-71, 291-71-06 телефон нөмерлері арқылы алсаңыз болады. Сұрағыңызға рахмет!

09-08-2019 15-26-20   From applicant

Author: Саурбай Аружан Ғаниқызы

Question # 1339
Сәлеметсіз бе Тахир Оспанұлы мен Педагогика және психология мамандығының 3 курс студентімін. Топ жетекшім Сахиева Лейлаға қарсы арыз шағым тускені 100%жалған . Мен Сахиева Лейла апайдын старостасымын ешқашанда сабағына кешігіп сабағын өтпей қалған күні болмаған.Үнемі сабағына дайындықпен қызықты ақпаратқа толы дерек көздерді қолдана отырып бізге сабақ жүргізеді.
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Педагогика және психология институтының оқытушысына қатысты жолдаған пікіріңіз үшін рахмет!

09-08-2019 15-18-19   From students

Author: Anonymous

Question # 1338
сахиева лейла апай быздын куратор и сабак берып жургенине 2жыл болды
акша немесе тагы баска нарселер сурап,талап еткенин кормеппн
сабакты барин жаксы тусндыреды ,сабагын откизеды болды баска ешнарсе сурамайды
Answer:

Сәлеметсіз бе! Пікіріңізді ескереміз.

09-08-2019 15-09-05   From applicant

Author: Нуриахмет Айдана

Question # 1334
Сәлеметсіздерме? Мен Сахиева Лейла апайдың студентімін.Біздің кураторға қатысты хат жолданған екен, соған өз ойымды білдірейін деген едім. Мен биыл 3 курс оқимын. Лейла апай бізге 3 ші жыл куратор. Бізге 1 ші курстан бері сабақ береді, ондай мәселелер біздің басымыздан өткен емес.Сабағымызды күнделікті өз уақытысында өтеді. Жәнеде бізден ештеңке талап еткен емес.
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Пікір жолдағаныңыз үшін рахмет!

09-08-2019 15-03-11   From students

Author: пип 3 курс

Question # 1333
Құрметті ректор мырза, блокты қарап отырып, Сахиева Лайла және Исаева Жақсгүл апайларға қатысты ақпараттың жалғандығын айтқым келеді. Менде сол апайлардын студентімен, біздің тобымызғада сабақ береді. Алайда ол жерде көрсетілген ақпараттардың барлығы жалған.Егер студент төмен баға алса, демек өзі кінәлі.Қазіргі кезде студенттер өз қателеріне көз жүгірітпей, оқытушыларды кіналауға себеп іздейдігой.Бұлда соның көрсеткіші деп ойлаймын.Керісінше бізге осындай жас мұғалімдер ауадай қажет, университетімәзге келгелі Сахиева Л.М және Исаева Ж.И студенттермен сабақтан тыс қаншама іс- шаралар өткізіп, жастарға демеу болып жүр. Неге осындай тұстарды айтпасқа. Біз тобымызбен бұл оқытушыларды қолдаймыз.Және ақпараттың жалғандығын 100% айта аламыз
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Жолдаған пікірлеріңіз үшін рахмет!

08-08-2019 20-49-20   From students

Author: Қадырова Құралай

Question # 1332
Сәлеметсізбе, Балықбаев Такир Оспанович! Мен Қадырова Құраралай Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің жаратылыстану-математика факультетінің математика мамандығының 2 ші( енді 3) курс студенті боламын. Сізден сұрағым келгені: Қазіргі таңда мен грантымды (мемлекеттік грант, ауылдық квота) сақтап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне өз мамандығыма ауыса аламын ба? Қандай мүмкіндіктер бар? Немесе бұл мүлдем мүмкін емеспе? Жауабыңызды күтемін. Уақыт бөліп оқығаныңызға рахмет!
Answer:

Құрметті Құралай!

Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмахан Әуесбекұлымен хабарласуыңызға болады. Тел.:291-57-68. Рахмет!

08-08-2019 18-40-02   From applicant

Author: Anonymous

Question # 1331
Дайындық факультетіндегі апай ағайларға алғысымды білдіргім келеді. Жанібек ағай, Халида апай, Ляззат апай, Шайзат апай, Баңтыгул апай, Даурен ағай, Анар апай т.б сіздерге көп рахмет сіздер ең керемек кошеметке лайықсыздар
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Ұстаздарыңыздың еңбегін бағалап, алғыс білдіргеніңіз үшін Сізге көп рахмет!

08-08-2019 16-38-20   From applicant

Author: Асель Атабеккызы

Question # 1330
Саламатсызба! Есимим Асель Атабеккызы. Магистратурага документ тапсырган болатынмын. Хатшылардын кателигинен мени базадан оширип тастаган екен. Кателиги гражданства Казакстан деген жерге, Кыргызстан азаматы деп жазган. Уакытыныз болса сиздин есигиниз алдындамын. Кабылдасаныз
Answer:

Сәлеметсіз бе, Әсел!
Шағымыңыз бойынша қабылдауыма жазылсаңыз болады. 
 
07-08-2019 11-44-23   From parents

Author: Жумадилова Жанара Досмухановна

Question # 1326
Добрый день!Подскажите,пожалуйста,дочь давала заявку на социологию,но грант не получила,можно получить грант на специальность наука о земле?Что для этого нужно?
Answer:

Уважаемая Жанара Досмухановна!

По вопросу поступления Вашей дочери на данную специальность Вам следует обращаться в Центр профориентационной работы и приема обучающихся. Контактные данные: 291-73-71, 291-87-80.

07-08-2019 11-40-22   From parents

Author: Anonymous

Question # 1325
Салематсызба құрметті ректор. Мен Жанаозен қаласының тұрғыны қызым ақылы оқу бөлімінде биыл 2 курс студенті. Өзім көп балалы анамын. Отбасымда 9 балам бар. З студент бар. Кызыма жатақхана беруіңізді сұраймын.
Answer:

Құрметті ата-ана!

Жатақханадан орын алу үшін өтінішіңізді және әлеуметтік жағдайыңызды растайтын тиісті құжаттарыңызды институт директоратына тапсыруыңыз қажет. Студенттерге жолдама беру кезінде институт жанынан арнайы құрылған комиссия студенттің оқитын курсын, әлеуметтік жағдайын, мемлекеттік грант иегері болуын міндетті түрде ескереді.

06-08-2019 11-17-59   From students

Author: Anonymous

Question # 1322
Құрметті Такир Оспанович! Сізден сұрарым осы жылы 2курс студенттеріне жатақхана берілсе екен. Алдынғы жылы жатақхана қарастырылады деді, бірақ қаншама студент далада қалды. Енді алдамасаңыздар екен. Сіздерге сендік.
Answer:

Құрметті студент!

Білім алушыларымызды жатақханамен қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылады. Жатақхана мәселесін түбегейлі шешу уақыт пен қаражатты талап етеді, сондықтан бұл мәселеге түсіністік танытуларыңызды сұраймыз.

Жатақханаға қатысты сұрақтарыңыз бойынша университетіміздің Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментінің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-03-25, 291-83-82.

06-08-2019 01-36-18   From parents

Author: Ақжайық

Question # 1321
Сәлеметсіз бе Такир Оспанович, мен Дошимова Ақжайық, көп балалы анамын,5 балам бар,отбасымызда жалғыз өзім жұмыс істеймін, қызым Математика, физика және информатика институтының МОК 172 3-курсы Муханбетжанова Алия Амантаевна, 1,2 курсты ақылы бөлімде оқыды.
2019-2020жж оқу жылына білім грантына өтініш жазылған болатын, сізден өтінішім қызымды грантқа ауыстыруыңызды сұранамын, 1,2 курстарда оқу үлгерімі өте жақсы оқыды.
Answer:

Құрметті ата-ана!

Университетімізде мемлекеттік грант орындары босаған жағдайда конкурс жарияланып, үміткерлер бекітілген ережеге сәйкес іріктеледі. Конкурсқа қатысу үшін ақылы бөлімде оқитын білім алушы конкурс талаптары бойынша әлеуметтік жағдайын растайтын құжаттары мен өтінішін өткізуі қажет.

Грант мәселесіне қатысты сұрағыңызға нақты жауап алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековке (бас оқу ғимараты, 221-кабинет) жолығуыңызға болады. Рахмет!

Total records: 3791

« перв. ... < пред. ...  132  133  134  135  136 137  138  139  140  ... след. > ... посл. »

First name: *


E-mail:



Phone:



Subject:


Question: *


Enter the code from the image: *


Number of questions

June, 2023
5
May, 2023
41
April, 2023
49
March, 2023
22
February, 2023
42
January, 2023
68
December, 2022
55
November, 2022
50
October, 2022
62
September, 2022
52
August, 2022
33
July, 2022
32
June, 2022
49
May, 2022
139
April, 2022
64
March, 2022
45
February, 2022
46
January, 2022
57
December, 2021
29
November, 2021
43
October, 2021
70
September, 2021
75
August, 2021
109
July, 2021
79
June, 2021
62
May, 2021
69
April, 2021
74
March, 2021
47
February, 2021
42
January, 2021
68
December, 2020
61
November, 2020
62
October, 2020
42
September, 2020
48
August, 2020
57
July, 2020
81
June, 2020
88
May, 2020
65
April, 2020
86
March, 2020
57
February, 2020
37
January, 2020
28
December, 2019
47
November, 2019
72
October, 2019
70
September, 2019
61
August, 2019
88
July, 2019
47
June, 2019
71
May, 2019
54
April, 2019
70
March, 2019
51
February, 2019
45
January, 2019
75
December, 2018
87
November, 2018
51
October, 2018
54
September, 2018
77
August, 2018
105
July, 2018
46
June, 2018
43
May, 2018
45
April, 2018
36
March, 2018
30
February, 2018
28
January, 2018
17
December, 2017
17
November, 2017
12
October, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений