Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Welcome to the rector’s blog!

 

 

Dear visitors to the website!
 
The Rector`s blog was created to connect with students, staff and teachers of the University. You can leave your comments, ask questions and make suggestions. Open and regular discussion of issues will help the University administration to work fruitfully.
 
I hope that this platform will expand opportunities for the solution of many problems in our common work, will become an important mechanism for effective mutual exchange of information and implementation of tasks.
 
We are open for dialogue, all appeals will be considered. Every question will be answered.
 
Yours faithfully,
Chairman of the Board - rector
Darkhan Bilyalov
 
 
Email: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 
 
 
 
 
The Rector's personal reception takes place on the 1st and 3rd Fridays of each month during the academic year - from 3.00 p.m. to 5.00 p.m.
  • Quessions-answers
  • Ask a question
  • Statistics
04-08-2019 21-21-16   From applicant

Author: Құралай

Question # 1319
Сәлеметсіз бе. Менің ұбтдағы баллым 103балл,сіздерде 30% жеңілдік бар екен. Және мен edtech білім орталығында оқығанмын.Орталықтан осы универге 30% жеңілдік бар.Екі жеңілдікті қосып ақылы түрде оқуға болады ма?
Answer:

Құрметті талапкер!

Университетіміздің жеңілдіктер туралы ережесіне сәйкес талапкер тек бір жеңілдік түрін пайдалана алады. Сізге 2019/2020 оқу жылына тек 30% жеңілдік беріледі.

 

03-08-2019 16-47-48   From applicant

Author: Момбеков Нұрмұхан Сейдрахманұлы

Question # 1316
Сәлеметсізбе? 2019 жылы 9-11 шілде аралығында дене шынықтыру және спорт бөліміне шығармашылық тапсырып конкурсқа түскен болатынмын. Жалпы балл 113 болды .Алайда конкурстың жауабы шыққан болатын. Ол тізімде ең төменгі балл 113 балл оқуға грандқа түскен, мен ілінбей қалдым. Мен жартылай жетім және ауыл квотасына өтініш жазған едім оған ешқандай көмек көрсетілмейма. Соның себебін біле алмай отырымын. Сізден нақты жауап күтемін?
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Университетіміздің білім беру бағдарламаларына республикалық конкурс нәтижесі бойынша тек жоғары балл жинаған талапкерлер ғана мемлекеттік грант орындарына оқуға түсті. «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша ақылы бөлімге қабылдану үшін талапкер шығармашылық емтихан тапсыруы қажет. Ақылы бөлімге түскен жағдайда, әлеуметтік жеңілдікке өтініш жазу арқылы жеңілдік алуға болады. Рахмет!

03-08-2019 16-42-04   From applicant

Author: Anonymous

Question # 1315
Сәлеметсізбе? 2019 жылы 9-11 шілде аралығында дене шынықтыру және спорт бөліміне шығармашылық тапсырып конкурсқа түскен болатынмын. Жалпы балл 113 болды .Алайда конкурстың жауабы шыққан болатын. Ол тізімде ең төменгі балл 113 балл оқуға грандқа түскен, мен ілінбей қалдым. Мен жартылай жетім және ауыл квотасына өтініш жазған едім оған ешқандай көмек көрсетілмейма. Соның себебін біле алмай отырымын. Сізден нақты жауап күтемін?
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Университетіміздің білім беру бағдарламаларына республикалық конкурс нәтижесі бойынша тек жоғары балл жинаған талапкерлер ғана мемлекеттік грант орындарына оқуға түсті. «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша ақылы бөлімге қабылдану үшін талапкер шығармашылық емтихан тапсыруы қажет. Ақылы бөлімге түскен жағдайда, әлеуметтік жеңілдікке өтініш жазу арқылы жеңілдік алуға болады. Рахмет!

02-08-2019 16-36-35   From applicant

Author: Anonymous

Question # 1313
Саламатсыз ба, Такир Оспанович!Мен Закина Альбина биылғы оқу жылының мектеп түлегі.Алтын белгі иегерімін. ҰБТ 119 балл жинадым. 2017-2018 оқу жылында республикалық пән олимпиадасының 1-орын иегерімін.2018 - 2019 оқу жылында да қатысып, республикалық пән олимпиадасынан 2-орын алдым. Алайда, мемлекеттік грантқа тапсырып, басым құқықты иелене алмадым. Құқықтану мамандығы бойынша грант бөлінді деп естігенмін. документтер тапсыруға болады ма?
Answer:

Қайырлы күн!

Университетімізге  «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша грант бөлінген жоқ. Егер құжатыңызды ақылы бөлімге тапсыруды жоспарласаңыз, құжаттарды 25 тамызға дейін тапсыруыңыз қажет.

02-08-2019 12-27-46   From students

Author: Жазыкова Амангуль

Question # 1312
Сәлеметсізбе Таxир Оспанұлы! Мен, Филология және көп тілді білім беру институтының Филология(қазақша бөлім) мамандығы бойынша білім алып жатырмын. Мен ақылы бөлімде оқып жатырған студентпін, ешқандай грант жоқ.
Қазіргі уақытта 1 курсты 3,81GPA баллмен аяқтадым. Сізге қояр өтінішім: бізге (ақылы бөлімдегі студенттерге) оқу үлгерімне қарай ең болмаса ректорлық грант бөлінсе екен деймін! Өтінішімді ескерерсіз деген ойдамын, раxмет!
Answer:

Сәлеметсіз бе, Амангүл!

Сіздің қойған сұрағыңызға бұған дейін де жауап берілген болатын. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековке (бас оқу ғимараты, 221-кабинет) жолығыңыз. Рахмет!

01-08-2019 13-36-01   From students

Author: Жибек Орынбасар

Question # 1311
Салеметсиз бе! Менин билгим келгеним
Биздин универ Туркия елимен келисими бар ма екен?
Дефектология мамандыгымен кай елге барып,окуымды жалгастыра аламын?
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Халықаралық ынтымақтастық департаментінің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-36-92, 291-62-30.

01-08-2019 11-18-26   From applicant

Author: Абуова Айда Маханқызы

Question # 1309
Құрметті Такир Оспанович! Мен, Абуова Айда "Бейнелеу өнерінен" шығармашылық емтихан тапсырып жалпы конкурсқа 112 балмен қатысып М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің грант иегері атандым.Қояр сұрағым, мамандығымның грантымды сақтап, сіздердің университетіңізге ауысуға бола ма?
Answer:

Құрметті Айда, Сізді мемлекеттік грант иегері атануыңызбен құттықтаймыз!

Мемлекеттік білім беру гранты М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне бөлінгендіктен, мамандығыңыз бойынша басқа жоғары оқу орнына ауысу кезінде мемлекеттік грант сақталмайды. Бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысу туралы толық мәліметті университетіміздің Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің қызметкерлерінен алуыңызға болады. Байланыс телефондары: 8 (727) 291-13-71, 291-71-06.

01-08-2019 11-15-13   From students

Author: Хауспай Әселя Асылбекқызы

Question # 1308
Сәлеметсізбе, Такир Оспанович!
Менің сізге сұрағым: студенттердің барлығына бұл жылы жатақxана қарастырылады ма, әлде екінші курс студенттеріне берілмейді ме?
Мен 1 курсты аяқтап 2 курсқа көштім, Алматы қаласында ешқандай тума-туысқандарым жоқ. Оңтүстік Қазақстан, Шымкент қаласынанмын, мемлекеттік грант иегерімін, оқу үлгерімім өте жақсы, филология институтының "қазақ тілі мен әдебиет" мамандығында оқимын(104), және де жатақxананы қажет етемін.
Сізден бұл жылы студенттер, әсіресе, екінші курстағы басқа қаладан келген білім алушылар жатақxанамен қамтамасыз етіледі ме деп сұрағым келеді. Жауабыңызды асыға күтемін
Answer:

Құрметті Әсел!

Университетіміздің жатақханаларына студенттерді орналастыру тәртібі бекітілген ережеге сәйкес жүргізіледі. Жатақханадан орын алу үшін өтінішіңізді және әлеуметтік жағдайыңызды растайтын тиісті құжаттарыңызды институт директоратына тапсыруыңыз қажет. Жатақханаға өтініш қабылдау 25 тамыздан кейін басталады.

Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі басшылық тарапынан қарастырылып жатыр.

29-07-2019 04-01-54   From applicant

Author: Anonymous

Question # 1306
Сәлеметсіз бе!Сіз басқарып отырған университет студентімін.2 курс МФиИ .Сізге қояр сұрағым биыл жатаханаға орналастыру қашан басталады.Қанша орын бөлінеді.2курстарды жатахана алу мүмкіндігі қандай.Ертерек хабарласаныз деген өтінішім бар еді.РАХМЕТ
Answer:

Құрметті студент!

Жатақханаға студенттерді орналастыру тәртібі бекітілген ережеге сәйкес жүргізіледі. Студенттерді жатақханаға орналастыру кезінде арнайы құрылған комиссия студенттің оқитын курсын, әлеуметтік жағдайын, мемлекеттік грант иегері болуын ескереді. Жатақханадан орын алу үшін өтінішіңізді және әлеуметтік жағдайыңызды растайтын тиісті құжаттарыңызды институт директоратына тапсыруыңыз қажет. Жатақханаға өтініш қабылдау 25 тамыздан кейін басталады.  Рахмет! 

27-07-2019 04-46-08   From students

Author: Anonymous

Question # 1304
Сәлеметсіз бе, ректор мырза! Сізге барша 4-ші курс студенттері атынан жазып отырмын деп қабылдарсыз. Өзіңізге аян, бізге жатақхана берілмейді. Естуіміз бойынша,соңғы оқу жылында бір жыл көлемінде практика болады екен мектепте. Дипломдық жұмыс тағысын тағы оқуға байланысты жұмыстарды есептемегенде, пәтер жалдап тұрудың өзі ауыр мәселе. Жатақханаға өтініш білдірген барша төртінші курс студенттерін бірінші курс студенттерінен қалған орындармен қамтамасыз етсеңіз екен деген тілегіміз бар. Егер түске дейін сабақ, түстен кейін практика болса, жұмыс жасауға да уақыт жоқ. Көптеген студенттің ата-анасы қаржы жіберетін жағдайда емес. Егер практика туралы ақпарат жалған болса, онда, тым құрығанда сабақ кестесімен мәселе болмаса екен... Таңғы 8-де сабақта болу үшін қала сыртында Қаскелеңде, Айнабұлақта тұратындар бар екенін де ескерсеңіз. Сабақ 9-дан кете басталса...Осы мәселелер
бойынша нақты жауап берсеңіз. Рахмет!
Answer:

Құрметті студент!

Білім алушыларымызды жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі университет басшысы ретінде менің басты назарымда.

Жатақханаға студенттерді орналастыру тәртібі бекітілген ережеге сәйкес жүргізіліп, жолдама беру кезінде арнайы құрылған комиссия студенттің оқитын курсын, әлеуметтік жағдайын, мемлекеттік грант иегері болуын ескереді.  Сұрағыңызда көрсетілген мәселелерді міндетті түрде қарастырамыз. Рахмет! 

25-07-2019 17-12-43   Other

Author: Anonymous

Question # 1301
Сәлеметсізбе құрметті Тахир Оспанұлы! Мен ҚазҰПУ-дың жатақханасында жұмыс істеймін. Біздің жатақханада вахтада отыратын жұмыскерлердің бәрі пенсионерлер. Мен өтінішім пенсионерлер жұмыс орнын босатса, себебі олар айлықта және пенсияда алады. Ал, жасы 50 ден асып жұмыс таппай тентіреп жүрген адамдар қаншама?. Бір айлықпен бүткіл отбасыны асырап отқан әйел адамдар бар. Менің ойымша пенсияға шыққан соң жұмыс орныңды босату керек. Өтінішіме жауап бересіз деген ниеттемін рахмет!
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Жаңа оқу жылында зейнет жасындағы қызметкерлер саны қысқартылып, жас мамандар қабылданады. Өтінішіңізді ескереміз. Рахмет!

25-07-2019 16-45-02   From students

Author: Anonymous

Question # 1300
Саламатсызба курметти Такир Оспанулы! Сизден сурайын дегеним аскери кафедранын биылгы жылгы психологиялык жане дене тарбиеси нормативтери кай уакытта тапсырылатынын билсем деп едим? Рахмет!
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін әскери кафедра қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 382-27-36.

25-07-2019 14-52-28   From applicant

Author: Аноним

Question # 1299
Курметти Такир Оспанулв. Мен 2018-2019 оку жылында 6Д000101 мамандыны бойынша емтихандардан отип, конкурстан отпей калым биыл мол корытвндв бойынша окуга кабылдануга отиниш берсерку бола ма
Answer:

Құрметті талапкер!

Докторантура бойынша білім беру бағдарламаларына түсу үшін 2019/2020 оқу жылының жаңа типтік ережесіне сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын IELTS (межелік балл - 4.5-ден кем емес), TOEFL ITP (межелік балл - 460) халықаралық сертификаттарын тапсыру қажет. 2018/2019 жылғы емтихан қорытындысы бойынша докторантураға қабылданбайды. 

24-07-2019 23-29-17   From students

Author: Anonymous

Question # 1298
Саламатсызба курметти Такир Оспанулы! Сизден сурайын дегеним аскери кафедранын биылгы жылгы психологиялык жане дене тарбиеси нормативтери кай уакытта тапсырылатынын билсем деп едим? Рахмет!
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін әскери кафедра қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 382-27-36.

22-07-2019 14-34-23   From students

Author: Anonymous

Question # 1297
Сəлеметсіз бе құрметті Тахир Оспанұлы!
Менің қояр сұрағым 1курста 50% жеңілдікпен оқыдым.2курста жеңілдік сақталады ма?Ата-анам жұмыссыз көп балалы отбасы жəне агам да ақылы бөлімде жоғары оқу орнында окиды.2курста кандай жеңілдіктер болады?
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Оқу үлгерімінің көрсеткіштері «өте жақсы» деген бағада болса, келесі оқу жылында жеңілдік сақталынады. Оқу үрдісіне байланысты сұрақтарыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін институт директорымен хабарласуыңызға болады. Рахмет!

20-07-2019 15-32-05   From students

Author: Жазыкова Амангуль

Question # 1295
Сәлеметсізбе Таxир Оспанұлы! Мен, Филология және көп тілді білім беру институтының Филология(қазақша бөлім) мамандығы бойынша білім алып жатырмын. Мен ақылы бөлімде оқып жатырған студентпін, ешқандай грант жоқ.
Қазіргі уақытта 1 курсты 3,81GPA баллмен аяқтадым. Сізге қояр өтінішім: бізге (ақылы бөлімдегі студенттерге) оқу үлгерімне қарай ең болмаса ректорлық грант бөлінсе екен деймін! Өтінішімді ескерерсіз деген ойдамын, раxмет!
Answer:

Құрметті Амангүл!

Мемлекеттік бос грант орындарына арнайы конкурс жарияланып, грант үміткерлері бекітілген ережелер мен талаптарға сәйкес іріктеледі. Конкурс нәтижесінде анықталған үміткерлер тізімін Білім және ғылым министрлігі бекітеді.

Конкурс бойынша оқу үлгеріміңіз үміткерлерге қойылатын талаптарға сәйкес болса, өтінішіңізге қажетті құжаттарыңызды тіркеп, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековке (бас оқу ғимараты, 221-кабинет) жолығуыңыз қажет. Сұрағыңызға рахмет!

20-07-2019 09-47-09   From students

Author: Anonymous

Question # 1293
Сəлеметсіз бе! Мен 1курстың 1семестрдан бастап повышкада едім. Енді 2семестрда барлық сабағым 90-нан жоғары болды. Тек практикадан төмен болып қалды. Практика балы повышкаға əсер ете ме?
Answer:

Құрметті студент!

Сұрағыңыз бойынша нақты ақпаратты Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінен немесе директорат қызметкерлерінен білуіңізге болады. Рахмет!

19-07-2019 21-44-55   From students

Author: Anonymous

Question # 1292
Сәлеметсіз бе, Таxир Оспанұлы! Менің айтатыным математика, физика және информатика институтына қарайтын тіркеу бөліміндегі(офис регистрация) Гуля Алексеевна xанымның үстінен студенттердің атынан шағымданайын деп едім. Ол кісі өте дөрекі адам. Ешқандай жұмысты дәл соңына жеткізбейді. Ол кісі бізге не үшін ашуланады. Бүкіл университеттің студенттеріне қарайтын болса түсінер едік. Тек қана бір институтқа ғой. Ол өзі менің WhatsApp желісі арқылы жазыңыз деп алады да, істі соңына дейін тыңдамай, заблокировать етіп тастайды. Сізден өтінеріміз екі тілде де еркін сөйлейтіні, түсінігі мол, жұмысты жақсы жасайтын адамды орнына ауыстырсаңыз! Көп көп раxмет!
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Шағымыңыз әкімшілік тарапынан міндетті түрде қарастырылады. 

17-07-2019 15-24-47   From parents

Author: Шайланова К.А.

Question # 1290
Добрый день, Такир Оспанович на каких условиях можно устроиться в общежитие Вашего Вуза при поступлении.
Answer:

Уважаемый абитуриент!
Для получения места в общежитии Вам необходимо написать заявление на имя ректора и сдать в директорат. Заявления и все необходимые документы обучающихся будут рассмотрены специальной комиссией. Для более подробного ответа Вам следует обратиться в Центр профориентационной работы и приема обучающихся. Спасибо!
 
16-07-2019 11-49-58   From students

Author: Anonymous

Question # 1287
Салеметсизбе курметти Такир Оспанұлы! Мен екы шет тили мамандыгы бойынша 1 курс битирдим. Алтын белги бойынша 100% скидкамен окыдым. Gpa 3.67ден асса сакталады деген единиздер, меники 3.82 болды. Бирак физкультурадан гана "4" алым калдым. Кетерде отиниш жазып кетип едим скидка сакталсыншы деп, сол карастырылып жатыр ма? Озиниз накты жауап берсениз?!
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Оқу үрдісіне байланысты сұрағыңызға нақты жауап алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековке (бас оқу ғимараты, 221-кабинет) жолықсаңыз болады. Сұрағыңызға рахмет!

Total records: 3791

« перв. ... < пред. ...  133  134  135  136  137 138  139  140  141  ... след. > ... посл. »

First name: *


E-mail:



Phone:



Subject:


Question: *


Enter the code from the image: *


Number of questions

June, 2023
5
May, 2023
41
April, 2023
49
March, 2023
22
February, 2023
42
January, 2023
68
December, 2022
55
November, 2022
50
October, 2022
62
September, 2022
52
August, 2022
33
July, 2022
32
June, 2022
49
May, 2022
139
April, 2022
64
March, 2022
45
February, 2022
46
January, 2022
57
December, 2021
29
November, 2021
43
October, 2021
70
September, 2021
75
August, 2021
109
July, 2021
79
June, 2021
62
May, 2021
69
April, 2021
74
March, 2021
47
February, 2021
42
January, 2021
68
December, 2020
61
November, 2020
62
October, 2020
42
September, 2020
48
August, 2020
57
July, 2020
81
June, 2020
88
May, 2020
65
April, 2020
86
March, 2020
57
February, 2020
37
January, 2020
28
December, 2019
47
November, 2019
72
October, 2019
70
September, 2019
61
August, 2019
88
July, 2019
47
June, 2019
71
May, 2019
54
April, 2019
70
March, 2019
51
February, 2019
45
January, 2019
75
December, 2018
87
November, 2018
51
October, 2018
54
September, 2018
77
August, 2018
105
July, 2018
46
June, 2018
43
May, 2018
45
April, 2018
36
March, 2018
30
February, 2018
28
January, 2018
17
December, 2017
17
November, 2017
12
October, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений