Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректордың блогына қош келдіңіз!

 

 

Құрметті сайт қонақтары!
 
Ректор блогы университет студенттерімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер сұрақтарыңызды қойып, өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және үнемі талқылау университет басшылығының жемісті жұмысына көмектеседі.
 
Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.
 

Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

 
 
Электронды пошта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz
 
 
Ректордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы оқу жылы бойы әр айдың 1-ші және 3-ші жұмаларында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
05-08-2021 00-05-58   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5466
Құрметті, Дархан Нұрланұлы. Жаңа қызметіңіз құтты болсын. Мен биылғы жылы 4курсты бітіруші студенттің ата-анасымын. Қызылорда облысынанмын
Өзіңізге белгілі 4 курста балаларымыз онлайн форматында білім алды. Соңғы курста педагогикалық практикадан өтті. Жыл соңында практикадан өткен мектептеріңе келіп, құжаттарыңды тапсырыңдар дегесін бір рет, диплом алуға екі рет Алматыға барды. Енді аяқ астынан диплом жазуда қателіктер жіберіп алыппыз келіп дұрыстап кетіңдер деп тағы шақырып отыр. Және бізге бәрібір, құжат өздеріңе керек деп қоқан лоқы көрсетіп отыр. Құрметті ректор мырза, жер шалғай, оның ұстіне пандемияның өршіп тұрған уақытында балаларымыздың басын бәйгіге тіге алмаймыз. Мұның бір шешімі бола ма деген оймен сізге жазып отырмын. Егер шешімін таппайтын болса, Асхат Қанатұлының блогына жазамыз. Не масқара, мемлекеттік құжатты толтыруда мыңдаған студенттен қателіктер жіберіп.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Биылғы оқу жылында Университет өзіндік үлгідегі диплом берді. Дипломда техникалық қателіктер кеткені үшін кешірім сұраймыз! Дипломда жіберілген кейбір техникалық қателіктерді жоюға барлық мүмкіндікті жасаймыз.Оқу үрдісіне қатысты қосымша сұрақтарыңыз болса, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлына хабарласуыңызға болады. Телефон: 291-13-71, 87776662620.

04-08-2021 22-41-19   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Нұрқаділқызы Мөлдір

Сұрақ № 5465
Мен биылғы жылғы бітіруші түлекпін. Дипломды зорға дегенде қол қоюда жатыр анау мынау деп жүріп созып алдық. Енді алған диплом жарамсыз болып отыр. Айтатын жауаптары біз дипломды 3 кунде асығып таңға дейін отырып толтырдық, сол үшін қате кетті деп отыр. Енді диплом өздеріңе керек,өздерің бір амалын тауып алып келіп алып кетіңдер деп отыр. 3 күнде асығып толтырғанына біз кінәлі емеспіз ғой! Өздері жіберген қателіктің орнын толтырып бір амалын неге тауып бермейді? Біз алыс аймақтан құжаттарды салып жібергенше, қайта алып келгенше магистратураға құжат тапсыратын уақыт өтіп кетеді ғой! Тауып тұрған жұмысқа осы университеттің қателігінің кесірінен орналаса алмай отырмын. Басшылық қайда қарап отыр!!
Жауап:

Құрметті түлектер! Университет биылғы оқу жылында өзіндік диплом бергендіктен, техникалық қателіктер кетті. Дипломда жіберілген техникалық қателіктер үшін сіздерден кешірім сұраймыз. Дипломыңызды алып келген жағдайда, шұғыл түрде бір күн ішінде ауыстырып беруге мүмкіндіктер жасаймыз.

04-08-2021 20-51-06   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5464
Біз осы жылы дипломды қолға алып едік, енді диплом нөмірін жазған жерде алдына 000 қойылмағандықтан диплом қате екен. Біз 6 күн соң магистратураға құжат тапсырғалы отырмыз. Ендігі дұрыс дипломның варианты қашан дайын болады. Мәселені 2-3 күнде тездетіп шешсеңіздер екен. Дипломның қате болуы университет тарапына үлкен сын болды!!!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Дипломда техникалық қателіктер кеткен жағдайда институт директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарына хабарласуыңызды сұраймыз. Дипломыңызды шұғыл түрде бір күн ішінде ауыстырып беруге тырысамыз. Рахмет!

04-08-2021 18-08-47   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5463
Саламатсыз ба! Мен Химия мамандыгында (3курс) студентімін!
Грантта оқимын. Мен филология факультетіне (қазақ тілі жіне әлебиеті) ауысатын болсам грант сақталады ма? Және қай курстан бастап оқимын?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Бір білім бағдарламасынан екініші білім бағдарламасына ауысқан жағдайда грант сақталмайды. Сіздің бейіндік пәндеріңіз сәйкес келген жағдайда ғана ауысуыңызға мүмкіндігіңіз бар. Рахмет!

04-08-2021 15-00-48   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5462
сәлеметсіз бе. Мен вакцина салдарушылар арасынан 20000тг ұтып алған студентпін брак ол әлі берілмедіі!!!!!колл центр даа сіздер берген номер да хабарлассам жауап жоқ!!!1апта болды хабарласа алмай отрмыз!бұл сонда жай көзбояушылық па?!
Жауап:

Құрметті студент! Вакцинация бойынша акция ұтыс ойындарының жеңімпаздарына міндетті түрде жүлделері табыс етіледі. Сұрағыңыз бойынша  Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент директоры Қазына Асанқызымен хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 291-03-25, 8-701-664-27-21.Рахмет!

03-08-2021 23-39-33   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5461
Сәлеметсіз бе! Балам қосымша семестрге порталдан өтінім толтырып, шыққан ақшасын төлеп, семестрді аяқтап сессиясын жапты. Кредит бағасы өсті деп тағы 30000 мың төлесін деп балама телефон соғып жатыр. Ақша төлеу үшін негіздеме, төлем құжаты берілу керек емес пе, ауызша шешілеме қаржы сұрақтары? Осы жөнінде мәлімет беруіңізді сұраймын.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша нақты ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлымен хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.:291-13-71, 8-777-666-26-20. Рахмет!

03-08-2021 09-36-32   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Айдана

Сұрақ № 5458
Салеметсізбе.Мен грант конкурсына құжаттарды өткізіп қойып едім.Реттілікті дұрыстап жазбаппын.4универдің 2еуіне немесе 3еуіне түсу мүмкіндігі бар деп ойлаған едім.Абай ұлттық университетіне түскім келіп еді.Бірақ енді бірінші тұрған университет алып кетуі мүмкінғой грантқа.Менің баллмда жоғары еді.Енді не істесем болады?Менің құжаттарымды алып қала алмайсыздарма грант конкурсында.Өтініш көмектесіңіздерші.Не істерімді білмей жатырмын
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Өкінішке орай, енді өзгерте алмайсыз. Грант конкурсының мерзімі аяқталды. Қабылдау комиссиясының байланыс тел.: 8 727 291 57 68; Call-орталығы: 8 727 221 85 14. 

02-08-2021 18-57-42   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5456
Здравствуйте! Я выпускница этого года, недавно узнала, что новость о том, что нам будут менять дипломы правдива. Почему студентам официально не объявляют это? Я как и многие другие уже поступила на магистратуру зарубежом. Крайний срок сдачи документов начало августа 5-10 числа. Для того, чтобы оформить диплом нам необходимо его перевести, нотариально заверить и легализовать в консульстве страны, куда едем учиться. Помимо этого, мы уже купили билеты (невозвратные). Это все отнимает много времени, сил и денег. На поступление уходит около полугода, неужели мой труд пройдёт просто так? К тому же, сам диплом мы получили очень поздно! Как нам быть? Лично я, уже до 10 августа должна отправить свой диплом в будущий университет. Никак не успею получить и оформить новый, к тому же, кто знает, когда он будет готов. Скажите пожалуйста, как мне быть? Если я уже на днях отправляю свой диплом в другую страну.
Жауап:

Здравствуйте! В этом учебном году Университет впервые выдал своим выпускникам дипломы собственного образца. К сожалению, при написании цифр в дипломе произошли технические ошибки, за это приносим свои извинения! При первой же возможности в оперативном порядке в течение дня заменим Вам диплом. Ваши контактные данные направлены директору Департамента по академическим вопросам.  Спасибо!

02-08-2021 12-29-20   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5455
Уважаемый Дархан Билялов! Прошу обратить внимание на мой вопрос, почему университет выдают дипломы с ошибками? Неужели перед выдачей дипломов, они разве не должны пройти через проверку у вас? Мы сейчас из-за ваших же ошибок бегаем за вами, откуда такая халатность и невнимательность к своим обязанностям? Из-за невнимательности, мы сейчас никуда не можем подать на магистратуру.
Жауап:

Здравствуйте! В этом учебном году Университет впервые выдал своим выпускникам диплом собственного образца, да, при написании текста в дипломе произошли технические ошибки, за это приносим свои извинения! При первой же возможности в оперативном порядке в течение дня заменим Вам диплом. Спасибо!

02-08-2021 12-01-27   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5454
Добрый день! Есть ли возможность поступить на грант магистратуру баллом 76 на специальность Подготовка педагогов по химии на каз. группу? При гранте если перевестись на другой вуз сохраниться ли грант?
Жауап:

Уважаемый абитуриент! Приемная комиссия КазНПУ имени Абая проводит онлайн-консультации. По образовательным программам, правилам поступления, оплате за обучение, льготам, сдаче экзаменов и другим вопросам вы можете получить онлайн-консультацию у специалистов каждого института. Для получения консультации у специалистов виртуальной приемной комиссии необходимо подключиться по ссылке, указанной на сайте:​ https://abaiuniversity.edu.kz/kz/2661/page/. Спасибо!

01-08-2021 19-12-51   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Мадина

Сұрақ № 5453
Здравствуйте. Я мама ребёнка - инвалида, очень хочу поступить в ваш университет для получения второго высшего образования (первое образование у меня по специальности Юриспруденция) по специальности "Специальное дошкольное образование" или Олигофрения, заочная или дистанционная форма обучения, так как проживаю в городе Нур-Султан.

Прошу вас позволить мне обучаться бесплатно, так как не имею возможности оплачивать обучение.
Жауап:

Здравствуйте! В КазНПУ имени Абая на второе высшее образование не предоставляются скидки или бесплатное обучение. 

01-08-2021 14-23-49   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Bibinur Ongdassynova

Сұрақ № 5452
Құрметті Дархан Біләлов мырза, мен осы жылы бітірген Филология және көптілді білім беру институтының 4 курс студентімін. Дипломды басқа университет студенттеріне қарағанда кеш алғанымызға қарамастан, дипломымыз әлі де дұрыс емес екен. Біз магистартураға 10-шы тамыз күні құжаттар тапсырамыз. Алматыда тұрмайтын студенттер өте көп, сондықтан, тамыз айының 5-не дейін дипломды бітіріп, дұрыстап берсеңіздер. Себебі, әлі дұрыстайтын шаруаларымыз көп. Рақмет.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Биылғы оқу жылында Университет өзіндік үлгідегі диплом берді. Дипломда техникалық қателіктер кеткен жағдайда шұғыл түрде ауыстырып беруге жағдай жасаймыз. Қосымша сұрақтарыңыз болса, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлына хабарласуыңызға болады. Байланыс телефоны: 291-13-71, 87776662620. Рахмет!

31-07-2021 16-34-25   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5451
Саламатсызба вакцина салғандар арасында ойнатылған 20мың теңге көлеміндегі ақшаны ұтып едім енді соны алу үшін кіммен хабарлассам болады?Жауабын 2куннен кейін айтамыз деген еді одан кейін 7кун өтті
Жауап:

Құрметті студент! Вакцинация бойынша акция ұтыс ойындарының жеңімпаздарына Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаментінің қызметкерлері хабарласып, акция ережесіне сәйкес жеңімпаз студенттерге жүлделерін табыстайды. Байланыс тел.:291-03-25,291-83-82. Сұрағыңыз үшін рахмет!

31-07-2021 00-03-43   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Кузекбаева Сая Амангельдиевна

Сұрақ № 5450
Сәлеметсіздерме! География және жаратылыстану институтының 1 курс студентімін.Жазгы доп.семестрде орыс тілі пәнінен Нурбаева Аида Мухтаровна сабак берді.Аида Мухтаровнаға айтар алғысым шексіз!Сабақты жоғары деңгейде тусындіріп,студенттермен кері байланыс жасаудың кас шебері! Осындай ұстаздар коп болсын деп тілеймін! Аида Мухтаровна сізге еңбек жолынызда тек улкен шыңдар мен табыстар тылеймын!Денінізге саулық,отбасынызға амандық пен береке тылеймін! Ізгі ниетпен студентініз: Кузекбаева Сая
Жауап:

Құрметті Сая! Жаратылыстану және география институтының оқытушысы Аида Мұхтарқызына жолдаған алғысыңыз үшін Сізге рахмет айтамыз. Сізге оқу мен еңбек жолында сәттілік тілейміз!

30-07-2021 14-30-28   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Nazym Bagdatova

Сұрақ № 5449
Сәлеметсіздер ме! 14-маусым мен 30-шілде аралығында қосымша жазғы семестр оқыдық. Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы Нурбаева Аида Мухтаровнаға алғысымды білдіргім келеді! Оқытушы мен студенттің арасындағы қарым-қатынасы, сабақ беру әдісі, жаста болса тәжірибелігі өте қатты ұнады. Универімізде осындай білімді жас мамандардың оқытатыны қуантады.
Жауап:

Құрметті студент! Оқытушы туралы пікіріңіз бен алғысыңыз үшін рахмет айтамыз. Білім жолында тек сәттілік тілейміз!

 
30-07-2021 10-10-05   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5448
Сәлеметсіз бе,қайырлы күн,мен акиматтық грантта оқимын,бүгін айдың соңғы жұмыс күні,бірақ бізге стипендия әлі түспеді
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Әкімдік тарапынан қаржыландыру болмағандықтан, шілде айының стипендиясы кешіктіріліп жатыр. Әкімдік гранты иегерлерінің стипендиясын уақытылы төлеу екі жақты шешілетін болады. Түсіністік танытуларыңызды сұраймыз. Рахмет!

29-07-2021 11-29-06   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5447
Саламатсыз ба. Жақында 4 курсты ЖГИ да бітірдік, жұмысқа тұру керекпіз, әлі статус студента алынбаған, звондасам ешкім бермейді, бәрі бір-біре жабады, анаған звонда, мынаған звонда, не сұмдық бір сұраққа дұрыс жауап бере алмайды, бәрі отпускада дейді, жауап бермейді. Ол кісілердің орнына кім жауап береді? Неге біздің ЖГИ да бәрі осылай жәй, апайлар нервный, бір нәрсе сұрауға қорқасың, бірден ұрсып дөрекілік көрсетеді. Кітапханадағы апайларды айтуға аузым бармайды, не деген мәдениетсіздік? Кітапханаға кіргенде аузымды ашпай жатып ұрсып, дөрекілік көрсетеді, бірдеңе айтып түсіндіру мүмкін емес, мен үшін жұмыс істеп жүрген сияқты! ОНДАЙ АДАМДАРДЫ КІМ ЖҰМЫСҚА АЛАДЫ???
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Шағым бойынша тексеріс нәтижесінде Жаратылыстану және география институтындағы кітапхана филиалында жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты келеңсіз жағдайлар орын алғандықтан, түсініспеушілік болғаны аныкталды. Әкімшілік тарапынан Ғылыми кітапхана қызметкерлерімен жиналыс жасалып, мән-жайды аныктап, ескерту берілгендігін хабарлаймыз. Кешірім өтінеміз, шара қолданамыз!

 

29-07-2021 10-54-35   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5446
Сәлеметсіз бе, универ жүйесіндегі "Повышение GPA" деген бөлімге заявка берсек грант сақталады ма? Сол туралы ақпарат бере аласыз ба? Жалпы, осы универ жүйесін қолдану нұсқаулықтарын қайдан көрсек болады?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! GPA көрсеткішін ұлғайту үшін жазғы семестрде студент пәнді таңдау құқығына ие және грант сақталады. Сондықтан, оқу жылы басталар алдында, бағдарлау аптасында тіркеу офисіне таңдаған пәнге тіркелуіңізге болады. Жалпы бұл ереже «Академиялық саясатта» толық жазылған. Сұрағыңыз үшін рахмет!

 

29-07-2021 09-29-48   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Түлек

Сұрақ № 5445
Қайырлы күн, ректор мырза! Мен осы жылы оқу бітірген түлекпін. Үздік дипломға аяқтадым. БІРАҚ!!! Дипломымда көрсетілген QR кодта басқа адамның мәтіметтері шығып тұр! Қандай бейғамдықпен жасалған дүние бұл?! Кімге жолығуым керек осы мәселе бойынша?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Дипломда жіберілген кейбір техникалық қателерді жедел түрде қайта басып шығаруға барлық мүмкіндікті жасаймыз. Ол үшін институт директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарына хабарласуыңызды сұраймыз. Рахмет!
29-07-2021 00-53-51   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5444
Сәлеметсіз бе. 7М01513-Биология мамандығын биыл оқып аяқтаған болатынмын.Диплом қашан аламыз әлі күнге дейін дайын емес. Нақты жауап берілмейді. Осы мәселені қолға алсаңыздар.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Жаратылыстану және география институтының "7М01513-Биология" білім беру бағдарламасы бойынша бітірген магистранттарына дипломдар 18 маусымнан бастап беріліп жатыр. Дипломды №1 оқу ғимаратының 418-кабинетінен сағат 9.00-17.30 аралығында келіп алуға болады. Қосымша ақпарат алу үшін институт директораты қызметкерлерімен хабарласа аласыз. Байланыс тел.: 291-47-66 . Сұрағыңыз үшін рахмет!

Барлығы: 4046

« перв. ... < пред. ...  71  72  73  74  75 76  77  78  79  ... след. > ... посл. »

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Мамыр, 2024
4
Сәуір, 2024
10
Наурыз, 2024
5
Ақпан, 2024
20
Қаңтар, 2024
11
Желтоқсан, 2023
21
Қараша, 2023
19
Қазан, 2023
17
Қыркүйек, 2023
25
Тамыз, 2023
39
Шілде, 2023
29
Маусым, 2023
60
Мамыр, 2023
41
Сәуір, 2023
49
Наурыз, 2023
22
Ақпан, 2023
42
Қаңтар, 2023
68
Желтоқсан, 2022
55
Қараша, 2022
50
Қазан, 2022
62
Қыркүйек, 2022
52
Тамыз, 2022
33
Шілде, 2022
32
Маусым, 2022
49
Мамыр, 2022
139
Сәуір, 2022
64
Наурыз, 2022
45
Ақпан, 2022
46
Қаңтар, 2022
57
Желтоқсан, 2021
29
Қараша, 2021
43
Қазан, 2021
70
Қыркүйек, 2021
75
Тамыз, 2021
109
Шілде, 2021
79
Маусым, 2021
62
Мамыр, 2021
69
Сәуір, 2021
74
Наурыз, 2021
47
Ақпан, 2021
42
Қаңтар, 2021
68
Желтоқсан, 2020
61
Қараша, 2020
62
Қазан, 2020
42
Қыркүйек, 2020
48
Тамыз, 2020
57
Шілде, 2020
81
Маусым, 2020
88
Мамыр, 2020
65
Сәуір, 2020
86
Наурыз, 2020
57
Ақпан, 2020
37
Қаңтар, 2020
28
Желтоқсан, 2019
47
Қараша, 2019
72
Қазан, 2019
70
Қыркүйек, 2019
61
Тамыз, 2019
88
Шілде, 2019
47
Маусым, 2019
71
Мамыр, 2019
54
Сәуір, 2019
70
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений