Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректордың блогына қош келдіңіз!

 

 

Құрметті сайт қонақтары!
 
Ректор блогы университет студенттерімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер сұрақтарыңызды қойып, өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және үнемі талқылау университет басшылығының жемісті жұмысына көмектеседі.
 
Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.
 

Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

 
 
Электронды пошта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz
 
 
Ректордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы оқу жылы бойы әр айдың 1-ші және 3-ші жұмаларында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
19-08-2021 22-29-56   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Маржан Оразбаева

Сұрақ № 5537
Сәлеметсіз бе! Қабылдау комиссиясына звондап ала алмадық. Филология факультеті Қазақ тілі мен әдебиет мамандығының бағасы қанша? Алтын белгіге бітіріп, ҰБТдан 94 балл алды. Көп балалы отбасыдан болады. Жеңілдіктер бар ма? Және жатақхана мәселесі жайлы білсем деп едім. Орын бар ма? Жатақхананның жылдық ақысы қанша? Оқу ақшасын алғаш қанша % төлеу керек? Алдын ала рахмет
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Оқу ақысы бойынша толық ақпаратты келесі сілтеме арқылы алсаңыз болады: https://abaiuniversity.edu.kz/docs/postupaushim1_1/bac_21_kaz.pdf. Жатақханадан орын алу үшін студент жатақханаға мұқтаждығы туралы өтінішін жазып, әлеуметтік жағдайын растайтын құжаттарын өткізуі керек. Оқуға тапсыру туралы қосымша ақпаратты Қабылдау комиссиясының мамандарынан алуыңызға болады. Байланыс тел.: 8 727 291 57 68; Call-орталығы: 8 727 221 85 14. Рахмет!

19-08-2021 21-58-28   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5536
Сәлеметсіз бе! Мен екі шет тілі мамандығының 3-ші курс студенті боламын. Алтын белгі иегерімін, сабақтарымның бырлығы 5, сол себепті 1-ші курстан бастап 100% жеңілдікпен оқып келе жатырмын. Сізден сұрарым осы жылы да сол жеңілдікті сақтауыңызды сұраймын. Әлеуметтік жағдайым анам жалғыз басты және жұмысқа жарамайды.
Жауап:

Құрметті студент! Университет тарапынан берілетін жеңілдіктер тек 1 оқу жылына ғана қарастырылған. 2021-2022 оқу жылына жеңілдік алу үшін өтінішіңіз бен құжаттарыңызды тапсырсаңыз болады. Өтінішіңіз міндетті түрде қарастырылады. Рахмет!

 
19-08-2021 21-56-05   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аяулым

Сұрақ № 5535
Сәлеметсіз бе! Мен Екі шет тілі. Шет тіл мамандығының 3 курс студентімін. 1 курста “Алтын белгі” 100% жеңілдігімен түскен болатынмын және Балықбаев Тахир Оспанұлы әр курсты беске жапсақ 4 курс аяқталғанға дейін жеңілдікті сақтаймыз деп еді. Сізге өтінішіміз биылғы жылы да “ Алтын белгі” 100% жеңілдікпен оқитын студенттердің жеңілдігі сақталсыншы!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Оқу орнымыздың ақылы бөлімінде оқитын білім алушыларына бірқатар жеңілдік қарастырылған. Университет тарапынан берілетін жеңілдік тек 1 оқу жылына ғана қарастырылады. Жеңілдік алу үшін өтінішіңізді жазып, ереже талаптарына сәйкес құжаттарыңызды тапсыруыңызға болады. Жеңілдіктер ережесімен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: https://abaiuniversity.edu.kz/docs/postupaushim1_1/skidka_2021-22.pdf. Сұрағыңыз үшін рахмет!

19-08-2021 20-03-40   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5534
Здраствуйте уважаемый ректор! Я учусь в 4 курсе на педагогической специальности. Я родом из другого города.Нам сказали что учеба пройдет онлайн,а практика оффлайн. Просим дать вазможность студентам перевисты педагогическую практику по месту проживания. Это не мыслимо учиться онлайн 4-5 девчонкам в сьемной квартире в Алмате. Просим относиться с пониманием.
Жауап:

Здравствуйте, уважаемый студент! По принятым правилам студенты имеют право пройти обучение по месту жительства в трех случаях:

  1. лица, имеющиеся детей до 3-х лет;
  2. беременные женщины;
  3. работающий студент по месту жительства.

Все остальные студенты проходят практику в организациях среднего образования на базе университета.

19-08-2021 19-52-08   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5533
Сәлеметсіз бе!Қызым Абай университетіне педагогикалық тест тапсырған болатын.Педагогикалық тесттің печать қойылған допускты қалай алуға болады?Сайтқа кіріп,сілтемені бассақ мүлдем ашылмайды! Абай университетіне барып аламыз ба,нақтылап түсіндіріп өтесіз бе?Бірақ біз басқа оқу орнының грантын жеңіп алдық,университет тарапынан пед.тесттің печать қойылған допускын сұрап жатыр!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Педагогикалық емтихан нәтижесі мен анықтама келесі сілтемеде жарияланды: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/2200/page/. Қосымша ақпарат алу үшін Қабылдау комиссиясының мамандарымен хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 8 727 291 57 68; Call-орталығы: 8 727 221 85 14. Рахмет!

19-08-2021 15-29-30   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5532
Сәлеметсіз бе! Мен педагогика және психология институтының 3-курс студентімін. Осы жылы бізге жатақхана беріле ме? Жатақхана туралы ақпаратты кімнен алуыма болады? Байланыс номері болса беруіңізді сұраймын.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Жатақхана бойынша ақпарат алу үшін «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291 64 97, centr.shapagat@mail.ru. Рахмет!

19-08-2021 11-29-36   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Талғат

Сұрақ № 5531
Сәлеметсізбе ! Менің қызым шетел тілі пәні мұғалімі мамандығы бойынша колледжді үстіміздегі жылы аяқтап, осы университетке әрі қарай колледжде оқыған мамандығы бойынша қысқартылған оқу түрінен грантқа ие болды.
Енді осы оқу жылында қызым бірінші курс студенті болып жатақханаға орналаса алама?
Қысқартылған оқу түрі бойынша барлығы неше жыл оқиды ?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Грант иегері атануымен шын жүректен құттықтаймыз!

Жатақханадан орын алуы үшін өтініші мен әлеуметтік жағдайын растайтын құжаттарын тапсыруы қажет. Өтініші мен құжаттарын арнайы комиссия қарастырады. Рахмет!

19-08-2021 08-37-59   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5530
Сәлеметсіз бе! 2020-2021 оқу жылында босаган білім грант иегерлерінің тізімі қашан шығады?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 2020/2021 оқу жылындағы жоғары білім алу барысында босаған білім гранттарына үміткерлер туралы ақпарат ресми сайтта жарияланған: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/3955/notice/ 

18-08-2021 22-03-18   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5529
Добрый вечер! Хотелось бы узнать на счет общежития, мы поступили в Ваш Вуз на грант, родственников у нас в Алматы нет, прошу помочь с общежитием ( так как снимать квартиру в том районе очень дорого) . Я одна вырастила дочь, являюсь матерью одиночкой. Надеюсь вы поможете молодому поколению получить достойное образование ! С/У, мама с города Тараз!
Жауап:

Добрый день! Для получения соответствующей информации на счет общежития, можете обратиться к сотрудникам центра «Шапағат». Тел.: 291-64-97.

18-08-2021 12-12-00   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Салтанат Бахытжанқызы

Сұрақ № 5528
Сәлем,мен шартты түрде оқуға түсейін десем база жабық дейді.Өтініш базаның күнін ұзартасыз ба?Алыстан келіп едік
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша қабылдау комиссиясының мамандарымен хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 8 727 291 57 68; Call-орталығы: 8 727 221 85 14. Рахмет!

18-08-2021 11-39-04   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5526
қайырлы күн.Мен грантқа биылғы оқу жылына өте алмадым. Бірінші семестрден кейін Сіздерде грантқа ауысуға мүмкіндіктер бар ма? Музыкалық білім беру бөлімінде?
Жауап:

Сәлеметсіз бе!  Бос мемлекеттік грант орындары бойынша конкурс жарияланғанда өтінішіңізді берсеңіз болады. Грант орындарына байланысты толық ақпаратты Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қызметкерлерінен ала аласыз. Байланыс деректері: 291-13-71, 291-71-06, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!

 
17-08-2021 18-31-49   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5525
Салеметсизбе, Дархан Біләлов мырза!
Кабылдау комиссиясына конырау шалу мумкин емес жане зум аркылы да жауап ала алмадык.
Сурагым; Баска каладан келген 1 курс студентине жатакханадан орын бериле ме? биз Кызылорда каласынан/
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Жатақханадан орын бөлу ережелеріне сәйкес әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңыз бен өтінішіңізді өткізуіңіз қажет. Өтінішіңізді арнайы комиссия құрамы қарастыратын болады. Жатақхана бойынша қосымша ақпарат алу үшін «Шапағат» цифрлық студенттерге қызмет көрсету орталығының мамандарымен хабарласа аласыз. Тел .: 291 64 97, centr.shapagat@mail.ru. Рахмет!

17-08-2021 14-21-34   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Әкімова Сымбат

Сұрақ № 5523
Оқу ақысын семестрға немесе айға бөліп төлеуге болады ма?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Оқу ақысы келісім-шартта көрсетілген талаптарға сәйкес төленеді. Қосымша ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс деректері: 291-13-71, 291-71-06, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!

17-08-2021 12-37-31   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5522
Саламатсызба. Үшінші курс докторанттар атынан сізден сұрайын дегеніміз июль, август айына басқа ВУЗ дар степендия төлеп жатыр. Неге біздің университет ол степендияны төлемейді. Ол оқу жылының басында МОН РК дан докторантка бөлініп қойған қаржы емеспе.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! 2021 жылдың 30 маусымдағы №05-03-07/124 бұйрығына сәйкес 3 курс докторанттары 2021 жылдың 1 шілдеден бастап оқудан шығарылуына байланысты және ҚР Үкіметінің 2008 жылдың 7 ақпандағы «Білім беру ұйымдарында білім алушылардың мемлекеттік стипендиясын тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» қаулысына (04.11.2020 ж. өзгертулер мен толықтырулар енгізілді) сәйкес стипендия толеу тоқтатылды.

17-08-2021 12-24-09   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5521
Сәлеметсіздер ме!? Мен ҚазҰПУ-нің қабылдау комиссиясына қоңырау шала алмай жатырмын. Әр жұмыс күні сайын қоңырау шаламын бірақ қоңырау бармайды немесе ешкім алмайды. Неге? Біз өзімізге керекті ақпаратты толық ала алмай отырмыз. Осы жағын қарастырсаңыздар.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Қабылдау комиссиясының мамандарына ескерту жасалды. Оқуға тапсыру туралы сұрақтарыңызға әр институт мамандарынан онлайн-кеңес алуыңызға болады. Ол үшін ZOOM конференциясына қосылып, институт бойынша қажетті сілтемені таңдауыңыз қажет.

Бакалавриат бойынша виртуалды қабылдау комиссиясы: https://www.kaznpu.kz/kz/2673/page/

Магистратура және PhD докторантура бойынша виртуалды қабылдау комиссиясы: https://www.kaznpu.kz/kz/2674/page/

 

17-08-2021 10-31-52   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5520
Сәлеметсіз бе,мен Педагогика және психология институтының 3курс студентімін жатахана алу мәселесі бойынша биыл беріле ме?Менде инвалидность 3 ші группа және көп балалы отбасы деп 1курста берілгеген еді,сол данныйлар системада сақталы ма ?Осы жолы Тағы да онлайн өтініш берсем жатахана беріле ме?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Жатақханадан орын алу үшін өтініш жазып, әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды директоратқа өткізуіңізді сұраймыз.  Өтінішіңізді арнайы комиссия құрамы қарастыратын болады. Жатақхана мәселесі бойынша қосымша ақпарат алу үшін «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығының мамандарымен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291 64 97, centr.shapagat@mail.ru. Рахмет!

17-08-2021 09-57-48   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Қайрат

Сұрақ № 5519
Сәлеметсіз бе, Мен Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылының тұрғынымын. Көп балалы отбасымыз. Қызым ҰБТ-дан 93 балл алып, Абай атындағы ҚҰПУ-ды және басқа 3 университетті таңдап электронды түрде өтініш тапсырғанбыз (көп балалы отбасы туралы тиісті құжаттар қоса жіберілді). Таңдаған пәніміз ағылшын тілі мен дүние жүзі тарихы болатын. Алайда, Мемлекеттік грант бұйырмады. Осыған байланысты Сізден сұрайтыным, университет тарапынан жеңілдіктер қарастырылған ба көп балалы отбасыларына? Егер қарастырылмаған жағдайда бір жыл ақылы оқып келесі жылы грантқа өтініш бере аламыз ба? Немесе оқу жылы барысында. Көңіл бөлгеніңіз үшін көп-көп рахмет!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Оқу орнымыздың ақылы бөлімінде оқитын білім алушыларына бірқатар жеңілдік қарастырылған. Жеңілдік алу үшін өтінішіңізді жазып, әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды тапсыруыңыз қажет. Өтінішіңіз арнайы комиссия құрамымен қарастырылып, жеңілдік деңгейі анықталатын болады. Жеңілдіктер ережесімен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: https://abaiuniversity.edu.kz/docs/postupaushim1_1/skidka_2021-22.pdf. Сұрағыңыз үшін рахмет!

16-08-2021 22-43-12   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5518
Шет тілдері мұғалімі мамандығына 101 баллмен гранқа өтпей қалды қызым. Әкесі әскери қызметші ары бері көшіп жүреміз. Отбасында 7 перзенттің ең үлкені осы қызым еді . Енді ақылы бөлімге құжат тапсыруға бүгін барып талапкерлер өте көп болып тапсырып үлгере алмай қайттық. Ертең тапсыруға қайта бармыз. Көп балалы жанұяларға жеңілдіктер болама оқу ақысына. Рахмет.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Оқу орнымыздың ақылы бөлімінде оқитын білім алушыларына бірқатар жеңілдік қарастырылған. Жеңілдік алу үшін өтінішіңізді жазып, әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды тапсыруыңызға болады. Жеңілдіктер ережесімен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: https://abaiuniversity.edu.kz/docs/postupaushim1_1/skidka_2021-22.pdf. Сұрағыңыз үшін рахмет!

16-08-2021 21-11-30   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5517
Саламатсызба? Кешіріңіз, 2 курс студенттеріне оқу форматы онлайнба или оффлайнба? Біраз универлер нақты жауап айтқан. Егер оффлайн болса, тұратын жер, жол жүру мәселелерін қарастыру қажет болады. Жақындағанда барлығы қымбаттайды, әр студенттің тұрмыстық жағдайлары әртүрлі екенін ескерсеңіздер.
Жауап:

Құрметті студент! Оқу үрдісі санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтай отырып, ҚР Білім және ғылым министрлігінің нұсқаулықтары негізінде аралас форматта ұйымдастырылады. Дәріс сабақтары - онлайн, семинар, практика, зертхана, дене шынықтыру сабақтары - офлайн форматында өткізіледі. Рахмет!

16-08-2021 20-08-37   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5516
Здравствуйте, хотела бы уточнить, могу ли я перевестись после 1 семестра в другой ВУЗ сохранив грант ? (Ускоренник, педагогического факультета)
Жауап:

Здравствуйте! Для получения информации о переводе из одного учебного заведения в другое вы можете обратиться к сотрудникам Департамента по академическим вопросам. Контакты: 291-13-71, 291-71-06, e-mail: okubolimi220@mail.ru. Спасибо!

Барлығы: 4032

« перв. ... < пред. ...  67  68  69  70  71 72  73  74  75  ... след. > ... посл. »

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Наурыз, 2024
5
Ақпан, 2024
20
Қаңтар, 2024
11
Желтоқсан, 2023
21
Қараша, 2023
19
Қазан, 2023
17
Қыркүйек, 2023
25
Тамыз, 2023
39
Шілде, 2023
29
Маусым, 2023
60
Мамыр, 2023
41
Сәуір, 2023
49
Наурыз, 2023
22
Ақпан, 2023
42
Қаңтар, 2023
68
Желтоқсан, 2022
55
Қараша, 2022
50
Қазан, 2022
62
Қыркүйек, 2022
52
Тамыз, 2022
33
Шілде, 2022
32
Маусым, 2022
49
Мамыр, 2022
139
Сәуір, 2022
64
Наурыз, 2022
45
Ақпан, 2022
46
Қаңтар, 2022
57
Желтоқсан, 2021
29
Қараша, 2021
43
Қазан, 2021
70
Қыркүйек, 2021
75
Тамыз, 2021
109
Шілде, 2021
79
Маусым, 2021
62
Мамыр, 2021
69
Сәуір, 2021
74
Наурыз, 2021
47
Ақпан, 2021
42
Қаңтар, 2021
68
Желтоқсан, 2020
61
Қараша, 2020
62
Қазан, 2020
42
Қыркүйек, 2020
48
Тамыз, 2020
57
Шілде, 2020
81
Маусым, 2020
88
Мамыр, 2020
65
Сәуір, 2020
86
Наурыз, 2020
57
Ақпан, 2020
37
Қаңтар, 2020
28
Желтоқсан, 2019
47
Қараша, 2019
72
Қазан, 2019
70
Қыркүйек, 2019
61
Тамыз, 2019
88
Шілде, 2019
47
Маусым, 2019
71
Мамыр, 2019
54
Сәуір, 2019
70
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений