11-08-2021 16-18-53
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Nur Сұрақ № 5488 Салеметсиз бе! магистратура 2 курс студенттери оффлайн окитын болды ма? сабак кестеси калай болады? август ортасына да жеттик, министерствода собрание болды, енди накты жауабы болатын шыгар! Билет алу, уй издеу деген секилди проблемалар басталады,
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша ақпарат университет сайтында жарияланып, директорат тарапынан нақты нұсқаулықтар беріледі. Рахмет!
11-08-2021 10-54-59
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5487 Қайырлы күн, Дархан мырза! Мені қызықтырып жүрген сұрақ бар еді, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бастауыш білім беру, педагог психолог сынды мамандықтарға жүре ме? Әлде басқа мамандықтарға ғана ма?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Академиялық ұтқырлық бағдарламасына барлық мамандықтар қатыса алады. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Халықаралық ынтымақтастық департаменті қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-36-92, 291-12-45. Рахмет!
10-08-2021 18-45-20
Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5486 Құрметті Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Ректоры Дархан мырза! Сізден өтінеріміз баламыз:
Әшірбек Ақтоты
Нұрсағат Ұлан
Алтай Әлішер
Қазыкен Қасым-Жомарт
оқудың ақысын төлей алмай қалған жағдайға байланысты оқу орнынан шығармауыңызды өтінеміз. Еліміздегі карантиндік іс-шараға байланысты жұмысымыздың тоқтап қалуы осындай мәселенің туындауына әкеліп соқты. Сізден өтінеріміз 1-2 апта уақыт беріп, кешірімдік танытуыңызды сұраймыз! Еліміз аман, Жұртымыз тыныш болсын! Жұмысыңызға табыс тілейміз!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Өтінішіңіз бойынша Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Мақтағали Әбдімәжитұлы Бектемесовпен хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.:293-81-53.
09-08-2021 22-41-05
Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Наталия Сұрақ № 5485 Здравствуйте!
В этом году мой сын закончил 11 класс, набрал 86 баллов ЕНТ. Но, оказывается надо было сдавать педагогический тест, мы этого не знали, база, оказывается, закрылась 19 июля.
Из-за этого мы не смогли подать заявку на грант через электронное правительство в КазНПУ на специальность В014-подготовка учителей географии.
Гранта акима, оказывается, тоже нет. Есть ли у него хоть какой-то шанс поступить на эту специальность в этом году?
Жауап:
Здравствуйте! По всем вопросам поступления в наш университет просим звонить в Приемную комиссию. Контакты - 8 727 291 57 68; Call-центр: 8 727 221 85 14. Спасибо!
09-08-2021 20-31-51
Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5484 Здравствуйте! Останутся ли на Гранте студенты которые нарушили кодекс академической честности на сессии? С какого времени они могут восстановить стипендию?
Жауап:
Здравствуйте! Для получения более подробной информации по Вашему вопросу свяжитесь с сотрудниками Департамента по академическим вопросам. Контактные данные: 291-13-71, 291-71-06, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Спасибо!
09-08-2021 20-22-34
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5483 Саламатсыз ба!Студенттер үшін биылғы оқу форматы,қалай болады,өз пікірімізді айтсақ,онлайн немесе аралас түрде өтсе деген пікір,ата-анамыз мына кездегі індетке уайымдап отыр,ешқайда шықпасаңдар деп.Оқу жылыда басталуға жақын,бір хабарын берсеңіздер.Рахмет!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Жаңа оқу жылында оқу үрдісі еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты ұйымдастырылады. Оқу форматына қатысты ресми ақпарат ҚР Білім және ғылым министрлігінің арнайы нұсқаулықтарына сәйкес жарияланады. Директорат тарапынан міндетті түрде оқу форматы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Түсіністік танытып, ресми ақпаратты күтулеріңізді сұраймыз. Сұрағыңыз үшін рахмет!
09-08-2021 12-51-28
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Қалыбай Арайлым Сұрақ № 5482 Сәлеметсіздерме! Мен 4 курс бітіруші түлекпін. Дипломымызды әрең дегенде қолымызға алдық, енді қателіктер шықты деп жатыр. 2 күннен кейін магистратураға құжат тапсырамын. Бұл диплом жарайды ма? Жарамаса, мен не істейімін?! Сіздердің жіберген қателеріңіз үшін магистратурадан қалып қойсам не болады?! Ақтөбе қаласынанмын, шалғай аймақ болғандықтан барып келетін мүмкіндік жоқ, уақыт та көп емес.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Дипломда жіберілген техникалық қателікті 1-2 күнде жөндеуге тырысамыз. Сіздің сұрағыңыз бен байланыс телефоныңыз Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлына жолданды. Бүгін Сізге департамент тарапынан міндетті түрде толық ақпарат беріледі. Тел.: 291-13-71, +7 747 988 8420. Рахмет!
09-08-2021 11-08-06
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Рахымова Аружан Сұрақ № 5481 Қайырлы күн , құрметті Басқарма төрағасы-ректор Біләлов Дархан мырза! Бітіруші түлек ретінде дипломнан кеткен қателік үшін біздің құжатты магистратураға тапсыру кезінде жарамсыз деп таппайды ма ? Ауыстыруға шалғай ауданда тұратындықтан уақыт жағынанүлгермейтін болып тұрмын . Егер конкрусқа қатысу кезінде диплом жарамсыз болса қандай шара қолданамыз?
Осы мәселені ескеріп, біз алған жарамсыз дипломды конкруска қатыстыруды оқу басқармасынан сұрауыңызды талап етемін, Рахмет!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Дипломда жіберілген техникалық қателікті жоюға барлық мүмкіндікті жасаймыз. Қазіргі уақытта шұғыл түрде дипломдарды ауыстырып беру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Университетіміздің алыс аймақтарда тұрып жатқан білім алушыларына жеткізу жолдарын да қарастырып жатырмыз. Сұрағыңыз бойынша Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлымен хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.:291-13-71, 8-777-666-26-20. Рахмет!
09-08-2021 01-30-18
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5480 Құрметті Дархан Біләлов мырза. 2,3,4 курс студенттері жатақхана тапшылығына байланысты,оқу офллайн болған жағлайда Алматы қаласына маңғыстау,атырау,ақтау т.б алыс шалғайлан келу үшін ерте билет алып,пәтер тауып алу қажет. Сол себепті сабақтың офллайн немесе оллайн басталатынына нақты жауап бнрсеңіз.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Жаңа оқу жылындағы оқу форматы Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж.Бекшиннің қаулысына сәйкес ұйымдастырылады.Қазіргі уақытта Алматы қаласы эпидемиологиялық жағдайды бағалау тұрғысынан қауіпті аймақта екенін ескертеміз. Студенттерге оқу форматы бойынша қабылданған шешім алдын ала хабарланады. Сабырлық танытуларыңызды сұраймыз. Рахмет!
08-08-2021 17-21-22
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5479 Бир сурагым бар еди. Мен али вакцина алмадым. Университеттен Оку оффлайн болады деген турли акпарат алып жатырмыз, кайссы рас? 10. 08.дейин 1 компонент алу керекпиз, 2 ш компонент 31ине дейин делинген. Соны 10 нан кейин алсак, сабакка бара алмаймыз ба? Или басында ПЦР тапсырып. Кейин вакцинааа алсак Калай болады? 2 кун Гана калды 10 тамызга дейин. Неге бул туралы ресми акпарат болмады?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Өзіңізге белгілі, қазіргі таңда коронавирустық инфекциямен күресудің ең тиімді жолы - вакцина алу. Сол арқылы біз ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, дәстүрлі оқуға оралуға мүмкіндік аламыз. Осыған орай, мүмкіндігінше вакцина алып, офлайн оқуға дайын болғаныңыз дұрыс. Оқу форматы туралы ақпарат жақын арада университеттің ресми сайты мен әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланатын болады.
07-08-2021 21-51-07
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5477 Салеметсызбе мен акимат грантта окимын баска калага ауыссам грант куйеме? Жане осынга дейын алган стемендиямды кайтаруым керек болама?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс деректері: 291-13-71, 291-71-06, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!
07-08-2021 14-26-29
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аяжан Сұрақ № 5476 Сәлеметсіз бе!Оқуға түскеннен кейін оффлайн құжаттарды өткізу үшін 18 ге толмаған жағдайда ата-ананың доверенность арқылы баласын басқа кісіге тапсырып, сол кісі документтерге қол қойса болама?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Иә, болады. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін қабылдау комиссиясының мамандарымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 8 727 291 57 68; Call-орталығы: 8 727 221 85 14. Рахмет!
07-08-2021 09-16-30
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5475 Сәлеметсіз бе, оқу онлайн немесе оффлайн болатынын ертерек нақты айтсаңыздар. 80% студент вакцина алмаған жағдайда қайтпай қалуымызда мүмкін бе? Алматы қара қызыл аймаққа кіріп кеткен ғой.
Жауап:
Құрметті студент! Жаңа оқу жылында оқу үрдісі еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты ұйымдастырылады. Оқу форматына қатысты ресми ақпаратты ҚР Білім және ғылым министрлігінің арнайы нұсқаулары және Алматы қаласы Бас мемлекеттік дәрігерінің жаңа Қаулысы жарияланғаннан кейін міндетті түрде хабарлайтын боламыз. Түсіністік танытып, ресми ақпаратты күтулеріңізді сұраймыз. Сұрағыңыз үшін рахмет!
06-08-2021 22-57-42
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5474 Сәлеметсіздер ме? Мен екінші курс студентімін. Менің мәселем жатақхана жайлы. Екінші курстарға берілмеуі мүмкін жеген ақпараттарды естіп жатырмыз. Өзім грантта оқимын. Сондықтан,алыс аймақтан келетін және басқа да (жартылай жетім) деген сынды көмекпен. Жоғары курс студенттеріне жатахқана берулеріңізжі сұраймын!!!!
Жауап:
Құрметті студент! Білім алушыларымызды толықтай жатақханамен қамтамасыз ету мүмкін емес. Жатақхана тапшылығы мәселесін түбегейлі шешу уақыт пен қаражатты талап етеді. Университетімізде 5 жатақхананың жалпы сыйымдылығы 1397 құраса, пандемиялық жағдайға байланысты санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес орындар саны екі есе қысқарып, 814 орынды құрап отыр. Университетке қабылданатын білім алушылардың саны жылдан-жылға артып келеді. Жатақхана мәселесі басшылықтың басты назарында.
Білім алушыларға жатақханадан орын бөлу 2019 жылдан бері автоматты жүйе арқылы жүргізіледі. Жатақханаға орналасу тәртібіне сәйкес толық жетім, мүмкіндігі шектеулі студенттер мен бірінші курс студенттеріне алдыңғы кезекте орын бөлінеді. Жатақханаға орналасу тәртібіне сәйкес Сіз «Univer» жүйесі арқылы Е-қызметтер қосымшасына өтінім беріп, оған коса жатақханаға орналасуға басым құқығыңызды растайтын құжаттар көшірмесін тіркеуіңіз қажет. Жатақханаларға орын бөлу ережелерін және талапкердің/студенттің бірінші кезекте қоныстануға басым құқығын растайтын құжаттар тізімімен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз:
https://abaiuniversity.edu.kz/kz/2660/page/ .
06-08-2021 22-32-16
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Камила Сұрақ № 5473 Қайырлы кеш, Дархан мырза!
Ректор блогын қарап отырып, диплом ауыстыру мәселесі бойынша кеңес беретін, толық мағлұмат беретін көрсетілген нөмірге хабарластым, себебі тапсырып қойған құжатым айтылғандай 2 емес, 4-5 күнге созылу қаупі бар еді, бірақ ЖАНБЕКОВ ХАЙРУЛЛА НЫШАНҰЛЫНЫҢ арқасында уақытында дайын болатын болды. Сондықтан осы ретте ағайға ЗОР алғысымды білдіргім келеді. Сөйлеген мәнерінің өзі, мәселені бейжай қалдырмай бірден шешіп бергені жай ғана өз қызметін жақсы атқару емес, үлкеен адамдықтың көрсеткіші болды. Апайларымыздан жазып,сұрап сәлем де ала алмай жүр едік. Өз атымнан Хайрулла Нышанұлына үлкен алғысымды білдіргім келеді, себебі расымен сондай алаңдаушылық танытып, көмектесуге атсалысты. Расымен студенттер үшін алаңдап тұрғаны білінді, сондай риза болдым. Ағайға зор денсаулық тілеймін, өз міндетін абыройлы атқарып жүргені үшін Алла разы болсын!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековке жолдаған алғысыңыз үшін рахмет айтамыз. Сізге тек сәттілік тілейміз!
05-08-2021 14-26-04
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5471 Вопрос с трудовыми книжками не решён!! Сколько можно ждать , ещё и казус с дипломами , они наверно у нас тоже будут готовы через 1,5 месяца! Что за беспорядок? Возьмите уже все под контроль! Я собираюсь поступать на 2 высшее в другой университет , где первой необходимостью является оригинал диплома, что же делать ?!!!!
Жауап:
Здравствуйте! В этом учебном году Университет впервые выдал своим выпускникам дипломы собственного образца. Да, при написании текста в дипломе произошли технические ошибки, за это приносим свои извинения! При первой же возможности в оперативном порядке в течение дня заменим Вам диплом. Касательно трудовой книжки даны поручения ответственным лицам. В понедельник можете подойти в центр «Мансап». Спасибо!
05-08-2021 13-04-34
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Nur Сұрақ № 5470 салеметсиздер ма? биылгы оку форматы кандай болады? неге ешкандай жауап жок? алыстан келетиндерге киын гой? билет жататын орын, акша жане жумыс маселеси
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Жаңа оқу жылындағы оқу форматы бойынша ресми ақпарат міндетті түрде хабарланады. Рахмет!
05-08-2021 10-11-56
Басқа
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5469 Сәлеметсіз бе. Сіздерде магистратурада BlendedLearning оқу форматы бар деген постты инстаграмнан оқыдым. Бұл форматта грант бойынша оқуға болады ма? Аралас оқу форматы бойынша өндірістен қол үзбей оқуға болады ма?
Жауап:
Құрметті талапкер! Blended Learning оқу форматы бойынша магистратураға түсу жайлы оқу орнымыздың қабылдау комиссиясынан толық ақпарат ала аласыз. Қабылдау комиссиясының байланыс тел.: 8 727 291 57 68; Call-орталығы: 8 727 221 85 14. Рахмет!
05-08-2021 03-28-44
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5468 Сәлеметсіздерме! Менің қояр сұрағым өтініш оқу оффлайн не онлайн өтуін ертерек хабар берсеңіздер себебі біз алыс аймақтағылар тез арада билет тауып 2 кунде жетіп бара алмаимыз. Одан кейін тұратын жеріміздідеқарастыру бір мәселе . Алматы қаласы студенттер келу уақытына қарай пәтер ақысын қымбаттатады бұл барлық студенттерге мәлім жағыдай. Сонымен қатар 3 курстар онлайн дегенді есіттік. Бұл жағдайдың алдын алсаңыздар. Біз 1,2 курсты үйде онлайн оқыдық 3 курс тағы онлайн оқысақ біз қалай 4 курста практика өтей аламыз. 1,2 курс қатып зумменде оқыдық. Егер 3 курс тағы онлайн болса бізден қандай Ұстаз шығады??? Онлайн оқу барысында Қазақстан бойынша білім деңгейі түскені анықталып отыр. Өтініш біз онсызда 2 жыл үйде оқыдық. 3 курсты Университетте оқығымыз келеді. Өтінішіміз ескерілсе екен. Рақмет
Жауап:
Құрметті студент! Қазіргі таңда Алматы қаласы эпидемиялогиялық ахуалды бағалау көрсеткіші бойынша қауіп-қатер деңгейі өте жоғары аймаққа кіргендіктен, биылғы оқу форматы Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес ұйымдастырылатындығын ескертеміз.
Университетіміздің 2021/2022 жылға арналған оқу форматы қарастырылып жатыр. Оқу форматына қатысты қабылданған шешім білім алушыларға алдына ала хабарланатын болады. Қазіргі таңда жаңа оқу жылына оқу ғимараттары мен жатақханаларды дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Түсіністік танытуларыңызды сұраймыз. Рахмет!
05-08-2021 00-43-29
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5467 Здравствуйте! Подскажите пожалуйста дело в том, что я являюсь выпускником этого года, и в номере диплома недостают три нуля, но в транскрипте они есть, и по qr коду также они имеются. Скажите пожалуйста является ли это ошибкой если да то в какой срок нам перевыпустят диплом? Я не хотел бы с этим тянуть и что мне делать? Так как диплом с приложением является одним из документов для сдачи документов для участие в конкурсе на присуждение обр. Грант в магистратуру с 11.08. -15.08❗❗❗
Жауап:
Здравствуйте! В этом учебном году Университет впервые выдал своим выпускникам диплом собственного образца, да, при написании текста в дипломе произошли технические ошибки, за это приносим свои извинения! При первой же возможности в оперативном порядке в течение дня заменим Вам диплом. Спасибо!
Барлығы: 4046