12-07-2021 10-03-00
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Галымжанова Акмарал Галымжановна Сұрақ № 5393 Педагогикалық арнайы тестті тапсырғандығы туралы сертификат берілмей ма?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Педагогикалық білім беру бағдарламалары бойынша арнайы емтихан тапсырғаны туралы анықтамалар сайтта жарияланған. Анықтама келесі сілтеме арқылы қолжетімді: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/2200/page/ . Сұрағыңыз үшін рахмет!
11-07-2021 20-29-33
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5391 Кайырлы кеш! Сурак: келеси Оку жылы Кай форматта болады? Жумыска орналаса алмай отырмыз, себеби баска каладанбыз!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Бүгінгі күні нақты қандай форматта оқитындарыңызды айта алмаймыз. Алматы қаласы бойынша эпидемиологиялық жағдай жақсаратын болса, офлайн немесе аралас форматта немесе онлайн форматта өтуі мүмкін. Оқу форматына қатысты нақты шешім тамыз айында хабарланады.
10-07-2021 18-54-19
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аружан Баймахан Сұрақ № 5390 Саламатсыз ба! Мен психологиялық тест тапсырдым, результаты допуск деп шықты. Енді сұрақ, оны біз pdf форматында қалай аламыз. Сіздер кесте түрінде шығардыңыздар, ал бізге жеке сертификат туріндегі pdf керек. рахмет!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша Қабылдау комиссиясының мамандарына хабарласуыңызды сұраймыз. 291-57-68, 221-85-14.Рахмет!
10-07-2021 18-39-15
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5389 Добрый день!
В связи с нынешней ситуацией пандемии, мы понимаем, что вручение проходило онлайн, однако хочется заметить, что подготовки к онлайн-вручению видимо не было. Потому что, онлайн-вручение прошло наипозорнешим образом. Давайте разберем:
1) Презентацию сделали со многими техническими ошибками, почему Презентацию даже не соизволили проверить, прежде чем показывать студентам?
2) Было выступление девушки, поющей песню в онлайн-формате. Для кого и для чего такой позор?
Дополнительно, она пела песню Гарри Стайл - Adore You. Каккое отношение имеет эта песня, девушка, которую поет песню - к онлайн вручению дипломов студентам, закончивших КАЗНПУ?
3) МНОГИХ СТУДЕНТОВ ЭЛЕМЕНТАРНО ДАЖЕ НЕ ПОКАЗАЛИ В ПРЕЗЕНТАЦИИ. Потому что их забыли добавить.
Как можно было допустить такое?
Уважаемый Ректор,
Это Онлайн-вручение - позор и показывает настоящую картину ситуации в КАЗНПУ. А именно, что даже нет специалистов, которые умеют делать презентации.
Жауап:
Здравствуйте! В этом году церемония вручения дипломов организована каждым институтом в отдельности, поэтому возможны такие недоразумения. Руководство института будет уведомлено об этих замечаниях. Спасибо за основательное замечание, мы учтем Ваши замечания. Уверяем: в будущем такое не повторится.
10-07-2021 17-43-32
Басқа
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5388 Құрметті Дархан Нұрланұлы!
Мен осы университеттің бітіруші курс докторантымын. Оқу жылдары төленген шәкіртақы оқу жылы аяқталғаннан кейін, яғни шілде және тамыз айларына төлнебейді екен, ал басқа ЖОО-нда төлем толықтай сақталған. Осы сұраққа жауап беріп, шешімні табуға қолқабыс жасауыңызды өтінемін.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім алушыларды қаржыландыру ережесіне сәйкес, білім алушылар оқудан шығарылған күні шәкіртақы төлеу тоқтатылады. Қосымша ақпарат алу үшін Қаржы департаментіне хабарласуыңызға болады: 291-30-67. Рахмет!
10-07-2021 10-35-20
Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5387 Салеметсизба менин кызым Кайнар университет тинин2курс студентки,биыл 3 Курска оту керек.Университеттин казак тили Жане казак адебиет мамандыктарын жауып тастады,биздин кызды Абай атындагы педагогикалык университет ее ауыстырылды деген.Документердин барин кабылдады деди кызым еки курсты отлично битирди,енди документом кайтарып жиберди деп кайта документти колымызга берди.ЕНТ баллы томен деп61балл болган ,биз платныйга тапсырсакболама десек ешкандай жауап ала алмай отырмыз.Енди не истеумиз керек жауып тастаганга биз Киналы емеспизгой Кайнар университет тин ,енди ешкандай жауап ала алмай отырмыз.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Білім алушыны бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауыстыру кезінде екі университеттен құрылған арнайы комиссия жұмыс жасайды. Ұлттық университетке ауысу үшін бекітілген ережеге сәйкес ҰБТ балы 65-тен жоғары болуы керек. Білім алушы Қайнар университетінен ұлттық емес басқа кез келген университетке ауыса алады. Сұрағыңыз үшін рахмет!
09-07-2021 18-58-54
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5386 Сәлеметсіздер ме! Бітіруші түлектердің қолына қашан дипломымызды табыстайды? Қанша уақыт күтуге болады? Студенттер сұрақ қойса тек онлайн табыстайтын күннің уақытын айтасыздар, оны онсыз да білеміз. Бізге онлайн диплом табыстайтын күннің уақыты түкке де керегі жоқ. Қолымызға диплом алатын күнді нақты айтса әрі тездетсе дейміз. Диплом алмағандықтан тауып отырған жұмысымыздан да айырылып отырған студенттер бар. Дипломды қорғап бітіргенімізге 1 айдан асты енді қанша күтуге болады. Басқа жақтан келетін студенттер бар олар да дипломын күтіп Алматыда жатқанына біраз болды. Университет талап еткен нәрсені студенттер уақытында орындайтыны секілді , сіздер де студенттер талап еткенді ұзақ созбай уақытында ертерақ берсеңіздер дейміз.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша өзіңіз оқыған институт директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарына хабарласа аласыз. Дипломды табыстау мәселесі бойынша директорат басшыларынан нақты ақпарат алуыңызға болады.Рахмет!
09-07-2021 17-00-36
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5385 Добрый день! С этого года высшие учебные заведения выдают дипломы собственного образца. Можно ли будет получить диплом по окончанию бакалавриата в формате A4 (пример дизайнов Nazarbayev University, KazNU, NARXOZ, KIMEP или AlmaU). Спасибо
Жауап:
Здравствуйте! Да, с этого учебного года дипломы выдаются собственного образца, в КазНПУ имени Абая имеется формат А4.
09-07-2021 16-47-13
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Кумаров Айдос Сұрақ № 5384 Сәлеметсіз бе! Сізге сұрағым, пед-қ емтиханды барлық талаптарына сәйкес толтырдым, орындадым. . Бірақ, көрсетілген нәтижелер арасында атымды таппадым. Ол неліктен болуы мүмкін? Бұл емтиханнан құлауым мүмкін емес. Кімге хабарлассам болады?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Педагогикалық емтихан тапсыру кезінде аты-жөніңіз немесе мамандығыңыз толық немесе дұрыс көрсетілмеген жағдайда тест жауаптары қабылданбайды. Сондықтан тест тапсыру кезінде мұқият болуларыңызды сұраймыз. Педагогикалық тест нәтижелеріне қатысты сұрақтарыңызбен жауапты қызметкер Ибраева Мағрипа Құрманбекқызымен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефоны: 87072556366. Рахмет!
09-07-2021 15-46-21
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5383 Добрый день! Прошу Вас ответить на заданный вопрос ранее. Студент явно не спрашиват об онлайн вручении, нам нужно знать, когда точно мы получим диплом на руки! Вы тратите наше время, ни директор, ни зам. директор Института Филологии и Полиязычного образования не сидят на рабочем месте, не отвечают на письма в почте, не берут телефон и не отвечают на заданные вопросы студентами! Из-за вашей безответственной организации, люди теряют очень много времени, точнее уже потеряли, и потеряли не только время, но и возможность получить образование в зарубежных вузах.
Как деньги за обучение платить, так вы за пол года вперед просите, а как своб работу выполнять, так крайнего нет, никто ничего не занет.
Ответьте конкретно на вопрос: Когда студенты получат диплом на руки, живой и ощущаемый?
Жауап:
Здравствуйте! Церемония вручения дипломов пройдет в онлайн-формате 12 июля. Выдача диплома будет производиться по специальному графику, об этом сообщим заранее. Для получения более подробной информации просим обратиться в Департамент по академическим вопросам. Контактная информация: 291-13-71, 291-71-06, e-mail: okubolimi220@mail.ru. Спасибо!
09-07-2021 15-26-30
Басқа
Сұрақ қоюшы: Бекжанова Гульнара Чапаевна Сұрақ № 5382 Я, Бекжанова Гульнара Чапаевна – учитель начальных классов КГУ «ОСШ имени Ильяса Есенберлина»
отдела образования района Бәйтерек управления образования акимата ЗКО
Западно-Казахстанская область, район Бәйтерек, п.Железново
Принимала активное участие в Международном онлайн-форум «Современные тренды педагогического образования», который проходил 24-25 июня 2021 года.
Организаторы обещали на электронную почту выслать сертификат, но до сей поры нет.
Вопрос, как получить СЕРТИФИКАТ?
Жауап:
Здравствуйте! Ваш вопрос и контактные данные направлены организаторам мероприятия. В скором времени они свяжутся с Вами. Спасибо!
09-07-2021 12-38-38
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Ме Сұрақ № 5381 Мой сын 29 июня сдал психотест для постуления на педагогический факультет. Среди опубликованных списков моего сына нет. Хотела бы узнать причину
Жауап:
Здравствуйте! При сдаче педагогического экзамена в случае неполного или неправильного указания ФИО или специальности ответы на тесты не будут засчитаны. Поэтому просим всех абитуриентов быть очень внимательными при сдаче педагогического теста. С вопросами, касающимися его результатов, просим обращаться к ответственному сотруднику Ибраевой Магрипе Курманбековне. Контактный телефон: 87072556366. Спасибо!
08-07-2021 23-27-34
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5380 Сәлеметсіздер ме! Бітіруші топтарға не себепті диплом уақыты берілмейді?! 12- сі күні деп белгілеп, басқа қаладан келетін студенттер билет алып қойған соң, басқа күнге ауыстырылды дегендеріңіз қалай?! Жауакершілік болу керек кой! Небір нақты жауап айтпайды мұғалімдер де, басшылықта! Күйдіріп біттіңіздер ғой! 12- сі күніне дейін дайындауға тырысыңыздар өтініш!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Бітіруші түлектерге диплом табыстау рәсімі 2021 жылдың 8-15 шілде күндері аралығында бекітілген кестеге сәйкес ZOOM платформасы мен YouTube каналында өткізіледі. Кестемен келесі сілтеме арқылы танысуыңызға болады: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/3919/notice/ . Сұрағыңыз үшін рахмет!
08-07-2021 21-19-53
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Выпускник Сұрақ № 5379 Диплом дайын болмаса неге вручение жасағалы жатырсыздар? 15-дейін диплом аламыз деп қайтар билеттерін алып қойған алыстан келетін студенттер құр қайта ма? Оны қалай алмақшы сонда?
Мантия бәріне заказ беріп қойдық! Дипломымыз жоқ болса, несіне сонша жүгіріп жүрміз? Қолымызға қашан алатынымызды неге ешкім білмейді? Неге ешкім жауап бермейді? Сұраймыз, - жауап жоқ. Неге дипломды алатын уақытымызды ешкім атай алмайды?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантиндік талаптар сақталуы қажет. Диплом табыстау рәсімі 2021 жылдың 8-15 шілде күндері аралығында бекітілген арнайы кестеге сәйкес ZOOM платформасы мен YouTube каналында өткізіледі. Бітіруші түлектерге диплом табыстау рәсімінің кестесімен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/3919/notice/ .Қосымша ақпарат директорат тарапынан хабарланады. Түсіністік танытуыңызды сұраймыз. Рахмет!
08-07-2021 20-50-20
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5378 Ректор мырза! Қайырлы кеш!
Біздің эдвайзеріміз диплом беру шараларының бірі ретінде ТРАНСКРИПТ пен РУП-тың сәйкес келе ме, жоқ па әркімге өзімізге тексеруге міндеттеп жатыр?
Қашаннан бері мұндай жауапты істерді студенттерге тапсыратын болған? Ертең құжаттар сәйкес келмей, қателіктер болса кім жауап береді?
Мұндайы болса, сразц дипломды бірге барлық құжаттарын жіберсін, ақыры өзіміз толтырады екенбіз, сразу бәрін бірақ жасайық!!!
Кафедра не істеп жүр айналдырған 4 топты толтыра алмай?! 2 апта бұрын куәлікті сұраған , кеше қайта сұратты!!!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз назарға алынды. Институт басшылығы мен қызметкерлеріне ескерту жасалынады. Рахмет!
08-07-2021 20-12-38
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Нақты ақпарат ала алмай жүрген түлек Сұрақ № 5377 Құрметті ректор мырза, бұл мәселеде сіздің қатысыңыз аз екенін түсінемін және сіхге дейін қалыптасқан ахуалдың негативті салдары үшін кешірім сұраймын.
Нақты кафедра тарапынан болған оқиғаларды баяндаймын:
1.” Квалтест тапсырып, модератор болып шығасыңдар” ӨТІРІК ЕКЕН!
2. “Юстадидің платный тестін тапсыруға міндеттісіңдер, сертификат береді” ӨТІРІК ЕКЕН
3. “ҰБТ тапсырмасаңдар, диплом берілмейді” ӨТІРІК ЕКЕН
4. “ 12 диплом беріледі” ӨТІРІК ЕКЕН
5. “ 1 жылдық практика — 1 жылдық еңбек өтілі” ӨТІРІК ЕКЕН
Диплом ттлтырамыз деп куәлік копиясын 2 апта бұрын жинаған, БҮГІН ТАҒЫ СҰРАП ЖАЗДЫ. Сонды 2 апта бойы , кешіріңіз, не істеді? Ол кезде толтырамыз деп өтірік не үшін айтты?
Эдвайзер мен апайларымыздың ЕКІ СӨЗІНІҢ БІРІ ӨТІРІК. Өздерінің үлгермеген , дұрыс орындамаған былықтарын жабу үшін БІЗДІ , түлектерді, қорқытып, шантажируют. Біресе, диплом бермейміз, біресе жұмысқа алмайды деп.
МНЕ, честно, СТЫДНО, что наши преподаватели работают в Педагогическом ВУЗе и не в курсе того,что происходит в сфере образования. Не могут точно ответить ни на один вопрос! Это тоже самое если бы в Казахстане проходили Олимпийские игры и об этом не знали ВУЗ-ы спортивного направления. Устроили цирк, то и дело обманывают, шантажируют и не могут ноомально ответить.
Предоставляю ответ моего куратора ( я б даже закрепила скрин):
Я: Апай,квалтест бойынша биз ешкандай санат алып шыкпадык иа?
КУРАТОР: Тек кім өтті, өтпеді солардың тізымын жасатып жатыр. Жинаған баллға қарай берілетін шығар, ол жағын білмеймін
Жауабында нақытылық та, осы тақырып бойынша білімі жоқ екені де байқалады.
Кімге сұрайық десек те айтпайды.
Секретная миссия орындап жургендер сиакты накты тукте айтпайды.
Назардан тыс қалдырмайсыз деген уміттемін!
Жауап:
Құрметті студент! Оқу үрдісіне қатысты толық ақпаратты эдвайзерден ала алмаған жағдайда Сіз институт директораты басшылығымен хабарласып, өзіңізге қажетті ақпаратты сұрауыңызға болады. Шағымыңыз бойынша оқу үрдісіне жауапты тұлғаларға тапсырма берілді. Түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Сұрағыңыз үшін рахмет!
08-07-2021 18-40-19
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5376 Сәлеметсіз бе! Сізге сұрағым, пед-қ емтиханды барлық талаптарына сәйкес толтырдым, орындадым. Өзімнің өткен практикама байланысты жағдаяттарға жауап бердім. Бірақ, көрсетілген нәтижелер арасында атымды таппадым. Ол неліктен болуы мүмкін? Колледжді қызыл дипломмен аяқтадым, педагогикалық практикадан да өткенмін. Бұл емтиханнан құлауым мүмкін емес. Кімге хабарлассам болады?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Педагогикалық емтихан тапсыру кезінде аты-жөніңіз немесе мамандығыңыз толық немесе дұрыс көрсетілмеген жағдайда тест жауаптары қабылданбайды. Сондықтан тест тапсыру кезінде мұқият болуларыңызды сұраймыз. Педагогикалық тест нәтижелеріне қатысты сұрақтарыңызбен жауапты қызметкер Ибраева Мағрипа Құрманбекқызымен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефоны: 87072556366. Рахмет!
08-07-2021 16-23-01
Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Жаннат Жақанқызы Сұрақ № 5375 Сәлеметсіз бе. егер балам педагогикалық емтихан тапсырып,ол тесттен өтпесе қайта тапсыруға мүмкіншілік болады ма? рахмет
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Қабылдау комиссиясы онлайн-кеңес жүргізеді. Білім беру бағдарламалары, оқуға түсу ережелері, оқу ақысы, жеңілдіктер, емтихан тапсыру және тағы да басқа сұрақтарыңыз бойынша әр институт мамандарынан онлайн-кеңес алуыңызға болады. Виртуалды қабылдау комиссиясының мамандарынан кеңес алу үшін сайтта көрсетілген сілтемеге қосылуыңыз қажет. https://abaiuniversity.edu.kz/kz/2661/page/.
08-07-2021 14-23-59
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: салтанат Сұрақ № 5374 Сәлеметсіз бе ректор мырза мен педогогикалық экзаменді 29 июнь күні тапсырған болатынмын бірақ шыққан результатында менің есімім жоқ. Қандай жағдай қарастырсам болады. Жауабын енді қайдан білемін? Аты-жөнім: Ортаева Салтанат Қуандыққызы
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Қабылдау комиссиясы онлайн-кеңес жүргізеді. Білім беру бағдарламалары, оқуға түсу ережелері, оқу ақысы, жеңілдіктер, емтихан тапсыру және тағы да басқа сұрақтарыңыз бойынша әр институт мамандарынан онлайн-кеңес алуыңызға болады. Виртуалды қабылдау комиссиясының мамандарынан кеңес алу үшін сайтта көрсетілген сілтемеге қосылуыңыз қажет. https://abaiuniversity.edu.kz/kz/2661/page/.
07-07-2021 14-55-57
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5373 Сәлеметсіз бе! Дипломды қолма-қол қашан барып аламыз? Шілде айының ортасы болып қалды. Бізге жұмысқа орналасу керек. Дипломсыз жұмысқа қабылдамайды. Орнымызға басқа мамандарды алып қойса кім жауап береді?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Бітіруші түлектерге диплом табыстау рәсімі туралы ақпарат сайтта жарияланған: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/3919/notice/. Сұрақтарыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін директорат басшылығымен хабарласуыңызға болады. Рахмет!
Барлығы: 4046