Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректордың блогына қош келдіңіз!

 

 

Құрметті сайт қонақтары!
 
Ректор блогы университет студенттерімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер сұрақтарыңызды қойып, өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және үнемі талқылау университет басшылығының жемісті жұмысына көмектеседі.
 
Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.
 

Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

 
 
Электронды пошта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz
 
 
Ректордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы оқу жылы бойы әр айдың 1-ші және 3-ші жұмаларында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
07-07-2021 14-47-55   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5372
Сәлеметсізбе! Педагогика және Психология институтының студенттеріне тезірек дипломды берулеріңізді сұраймын. Үлгермей жатса,жұмысқа көмектесетін адам жіберуіңізді сұраймын. Жұмысқа орналасуға керек болып жатыр. Жылдамдатыңыздаршы
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Бітіруші түлектерге диплом табыстау рәсімі туралы ақпарат сайтта жарияланған: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/3919/notice/. Сұрақтарыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін директорат басшылығымен хабарласуыңызға болады. Рахмет! 

07-07-2021 14-30-01   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Замкенова Азиза

Сұрақ № 5370
Сәлеметсіз бе!
Мен Замкенова Азиза Бегенчбаевна. БОПӘ мамандығының 4 курс студенті. Биыл бізге дипломды неге кешіктіріп жатыр. Бізге жұмысқа тұруға керек болып жатыр. Ал басқа мамандықтарға нақты алатын уақыт айтылған. Біз оныда айтқан жоқ. Кейбір студенттер дипломдарын алып жатыр. Біз жұмысқа тұруға керек. Мектептерде жұмыс орындары шектеулі ғой.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Бітіруші түлектерге диплом табыстау рәсімі туралы ақпаратпен келесі сілтеме арқылы таныссаңыз болады: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/3919/notice/ . Сұрақтарыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін директорат басшылығымен хабарласуыңызға болады. Рахмет! 

07-07-2021 10-52-52   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аманова Шолпан

Сұрақ № 5368
Cәлеметсіз бе! Бітіруші курс студентімін,қашан Еговтан студент статусы алынады? маған шұғыл жумыс істемейді деген статус керек еді.Жұмыспен қамту орталығыннан курс өтуім керек еді, ол курс 12.06 баствалады, бұдан қалсам келесі жылға қалып кетеді. Өтініш, осы мәселені тездетуге болар ма екен? ол үшін БІТІРДІ ДЕГЕН бұйрық министрлікке жіберілу керек шығар, тездетулеріңізді өтінемеін. Маған бұл мәселе 11.06 на дейін шешілгені жақсы болар еді. Рақмет!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс деректері: 291-13-71, 291-71-06, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!

06-07-2021 17-12-37   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5366
Биылғы жылғы түсетін талапкерлер қандай документті дайындап келу қажет? Және жатаханаға қандай документтер қажет?
Жауап:

Құрметті талапкер! Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Қабылдау комиссиясы онлайн-кеңес жүргізеді. Білім беру бағдарламалары, оқуға түсу ережелері, оқу ақысы, жеңілдіктер, емтихан тапсыру және тағы да басқа сұрақтарыңыз бойынша әр институт мамандарынан онлайн-кеңес алуыңызға болады. Виртуалды қабылдау комиссиясының мамандарынан кеңес алу үшін сайтта көрсетілген сілтемеге қосылуыңыз қажет. https://abaiuniversity.edu.kz/kz/2661/page/. Сұрағыңыз үшін рахмет!

06-07-2021 16-24-00   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5365
Сәлеметсіз бе!Мен осы жылдың мектеп түлегімін.22.06.2021 жылы психометриялық тест тапсырдым бірақ жауабы әлі шыққан жоқ.Сіздердің сайтта 1 апта көлемінде шығады делінген.Біз бұл тесттің жауабын 13 не дейін алуымыз керек осы жағдайды реттесеңіз жақсы болар еді
Жауап:

Құрметті талапкер! Педагогикалық білім беру бағдарламалары бойынша арнайы емтихан нәтижелері университеттің ресми сайтында жарияланып, ол туралы әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда хабарланған болатын.

Педагогикалық емтихан тапсыру кезінде аты-жөніңіз немесе мамандығыңыз толық немесе дұрыс көрсетілмеген жағдайда тест жауаптары қабылданбайды. Сондықтан тест тапсыру кезінде мұқият болуларыңызды сұраймыз. Педагогикалық тест нәтижелеріне қатысты сұрақтарыңызбен жауапты қызметкер Ибраева Мағрипа Құрманбекқызымен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефоны: 87072556366. Рахмет!

06-07-2021 12-38-34   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5364
Сәлеметсіз бе құрметті ректор мырза! Сұрайын дегенім менің қызым 4курсты бітіреді. Алдында список жіберген еді қызыл дипломға үміткер деп, бұл жолы қызыл дипломнан алынып тастапты. Сұрап көрсек 1 курста С+ деген баға бар депті, шкала бойынша С+ деген 4 бағағой, GPA 3,74. Неге қызыл берілмейді, неге босқа үміттендіреді, сұрағым жауапсыз қалмайды деген ойдамын , рахмет!
Жауап:

Құрметті ата-ана! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 8 (727) 291-13-71. Рахмет!

06-07-2021 05-57-20   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5363
Құрметті Тахир Оспанұлы,Сәлеметсіз бе!Мен осы жылғы бітіруші түлек едім.Осы жылы карантиндік сақтану шараларына байланысты біздің вручение онлайн түрге ауыстырылыпты.Басқа университеттерде оффлайн түрде өткізіліп жатыр.Есімізде естелік болып қалатын осы сәтімізді оффлайн түрге ауыстыруыңызды сұраймын! Осы мәселені қайта қарастыруыңызды өтінеміз!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Университет үшін білім алушылар мен оқытушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі маңызды.Түсіністік танытуларыңызды сұраймыз. Карантиндік талаптарға байланысты димпломды табыстау рәсімі 2021 жылдың 8-15 шілде күндері аралығында бекітілген кестеге сәйкес ZOOM платформасы мен YouTube каналында өткізіледі. Дипломды табыстау рәсімінің кестесімен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/3919/notice/ . Рахмет!

04-07-2021 00-04-40   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5362
Саламатсыз ба. Сіздің университетте қандай вакансиялар бар екендігін қалай білуге болады?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Оқу орнымыздағы бос жұмыс орындары туралы ақпаратты Персоналды басқару бөлімінің қызметкерлерінен білуіңізге болады. Байланыс тел.:291-18-29,291-34-35. Сұрағыңыз үшін рахмет!

02-07-2021 14-18-28   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5361
НКТ дан АКТ толтырып шығарылған жағдайда диплом беріледі ме?!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Педагогикалық бағытта білім алушылар мен түлектердің біліктілігін растауды қамтамасыз ету мақсатында «Педагогтердің аттестациядан өту қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрық жобасы әзірленгенін хабарлаймыз. Жобаға сәйкес жоғары оқу орындарында педагогикалық бағыттар бойынша:

1) жоғары білім беру бағдарламалары;

2) техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім негізінде қысқартылған білім беру бағдарламалары;

3) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары (ғылыми-педагогикалық магистратура) бойынша бітіруші курстардың білім алушыларының Ұлттық біліктілік тестілеуден өтуі қарастырылған. 

Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы пилоттық жобасының талаптары бойынша бітіруші түлек Ұлттық біліктілік тестілеуге (НКТ) қатысуға міндетті. Түлек үшін ең бастысы - тест тапсыру. Диплом беріледі.

01-07-2021 16-31-44   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5360
Психологиялық тест қалай тапсырамыз? Толығырақ түсіндіріп берсеңіздер
Жауап:

Құрметті талапкер! Педагогикалық емтиханды онлайн режимде тапсыруыңызға болады. Онлайн-тест келесі сілтеме арқылы тапсырылады:  http://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeEiDenpLtpzCwbVygvR2DcSKAw8SKLfND0UI-pa-WzjREWBQ/viewform. Педагогикалық емтихан нәтижесі ресми сайтта жарияланатын болады. Рахмет!

01-07-2021 13-53-22   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5358
Здравствуйте, хотел бы узнать как можно восстановится после отчисления из зарубежного ВУЗа, правила и требования
Жауап:

Здравствуйте! Сообщите, по какой специальности Вы обучались? Подойтите к заместителю директора института по учебной работе. 

30-06-2021 22-43-01   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5357
Дене шынықтыру және спорт кафедрасының 4 курс студенті қызыл дипломға үміткер студент едім бірақ мені үміткерліктен алып тастапты бұл жердегі қателік 2 курста болған Философия сабағынан тест тапсырғанда база дұрыс жасамай тұрыпты бірақ бізге ол туралы ескертпеді біз тест тапсырып шығып кеткен соң сол жердегі студенттердің интернеті дұрыс емес деп базаны жауып тастапты мен оны тапсырып болған соң білдім. Сол күні барып бәрін айтып түсіндіріп қайта тапсыртты, бірақ ол ештеңеге әсер етпейді деген енді сол үшін қызыл дипломнан шектетілемінбе? Менде ешқандай пересдача лето болмаған тек сол бір универдің қателігі...
Универдің қателігіне студент жауап бере ме?
Сабақтарымның бәрі А, А- , В, В-, мемлекеттік емтиханым А- (92 балл)
Практикаларым бәрі А+
Осыған нақты жауап беріле ме?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Хатыңызда көрсетілген мәселені анықтап, сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 8 (727) 291-13-71. Рахмет!

30-06-2021 22-15-50   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5356
Құрметті Ректор мырза! Біз бітіруші түлекпіз. Диплом қашан алатынымызды білмейміз. Шілде басталды. 12-сі онлайн екенін естідік. Сонда нақты емес деп басын ала қашып отыр. Осы диплом үшін деп басқа қаладан келеміз. Сырты да әлі жасалмады дейді. Министрліктен келуі қажет екен. Нақтылық жоқ. Ресми сайтта да жарияланбай жатыр. Қолға алсаңыз екен. Рахмет!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Дипломды табыстау рәсімі 2021 жылдың 8-15 шілде күндері аралығында бекітілген кестеге сәйкес ZOOM платформасы мен YouTube каналында өткізіледі. Кестемен келесі сілтеме арқылы танысуыңызға болады: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/3919/notice/ . Сұрағыңыз үшін рахмет!
30-06-2021 21-56-39   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5355
I қайырлы кеш!!!
Квалтесттен отпесе, диплом берілмейді деген хабар келді. Осы жолы проходной алмаса, келеси жолы тапсырып квалтесттен тапсыргасын гана келип дипломды алады. Коктемде тапсырса— коктемде диплом алып кетеді дейді.
“Диплом алмайды. Диплом берілмейді деген министерствонын тапсырмасы бар...диплом керек емес болса, тапсырмай ак койсын” апайдын деген накты аудиозапись бар.

Жауап:

Сәлеметсіз бе! Педагогикалық бағытта білім алушылар мен түлектердің біліктілігін растауды қамтамасыз ету мақсатында «Педагогтердің аттестациядан өту қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленгенін хабарлаймыз. Жобаға сәйкес жоғары оқу орындарында педагогикалық бағыттар бойынша:

1) жоғары білім беру бағдарламалары;

2) техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім негізінде қысқартылған білім беру бағдарламалары;

3) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары (ғылыми-педагогикалық магистратура) бойынша бітіруші курстардың білім алушыларының Ұлттық біліктілік тестілеуден өтуі қарастырылған. 

Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы пилоттық жобасының талаптары бойынша бітіруші түлек ҰБТ-ға (НКТ) қатысуға міндетті. Диплом беріледі. 

30-06-2021 20-30-42   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5354
Кайырлы кеш! Пед.мамандыктардын 4-курс битирген студенттери квалт.тест тапсырганда модераторга умиткер болып,сол санатпен шыгамыз деген. Кеше толтырган отиниште “ педагог” санатына умиткер деп турды. Биз ертен тапсырып боогасын кандай санатты мугалим болып шыгамыз, нактылап айтынызшы??? Апайларымыз накты жауап айтпауда
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Бітіруші түлектердің біліктілік санаттарын беру (растау) ережелеріне сәйкес әр санат бойынша қажетті өту көрсеткіштерін ұсынамыз:

- "педагог-модератор" санаты үшін  - 49 балл;

- "педагог-сарапшы"  санаты үшін өту  – 58 балл;

- "педагог-зерттеуші" санаты үшін – 64 балл;

- педагог-шебер санаты үшін  – 69 балл.

30-06-2021 16-10-55   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5353
Сәлеметсіз бе? Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс магистранты едім. Бітіруші түлектердің ҰБТ өтуі жайлы сұрақ. Мектепте жұмыс істеп көрмеген түлектер ғана тапсырып жұмысқа қабылданады ма? Мектепте жұмыс істейтін педагогтер не үшін ҰБТ тапсыруы керек? Біздің мұғалімдер сондай Заң келді деп 100% тапсырсын деген хабар берді. ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми парақшасында бұл тестілеу мектепте жұмыс жасайтын педагогтерге қатысы жоқ деп жазылған...
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Педагогикалық бағытта білім алушылар мен түлектердің біліктілігін растауды қамтамасыз ету мақсатында «Педагогтердің аттестациядан өту қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрық жобасы әзірленгенін хабарлаймыз. Жобаға сәйкес жоғары оқу орындарында педагогикалық бағыттар бойынша:

1) жоғары білім беру бағдарламалары;

2) техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім негізінде қысқартылған білім беру бағдарламалары;

3) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары (ғылыми-педагогикалық магистратура) бойынша бітіруші курстардың білім алушыларының Ұлттық біліктілік тестілеуден өтуі қарастырылған. 

Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы пилоттық жобасының талаптары бойынша бітіруші түлек Ұлттық біліктілік тестілеуге (НКТ) қатысуға міндетті. Түлек үшін ең бастысы - тест тапсыру. Диплом беріледі.

30-06-2021 14-39-18   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5352
Құрметті Тахир Оспанұлы,Сәлеметсіз бе!Мен осы жылғы бітіруші түлек едім.Осы жылы карантиндік сақтану шараларына байланысты біздің вручение онлайн түрге ауыстырылыпты.Басқа университеттерде оффлайн түрде өткізіліп жатыр.Есімізде естелік болып қалатын осы сәтімізді оффлайн түрге ауыстыруыңызды сұраймын! Осы мәселені қайта қарастыруыңызды өтінеміз!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Дипломды табыстау рәсімі 2021 жылдың 8-15 шілде күндері аралығында бекітілген кестеге сәйкес ZOOM платформасы мен YouTube каналында өткізіледі. Кестемен келесі сілтеме арқылы танысуыңызға болады: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/3919/notice/ . Сұрағыңыз үшін рахмет!

30-06-2021 13-34-47   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5351
Сәлеметсіз ректор мырза, ме магистратура бітіруші түлекпін, менің қоятын сұрағым, мен мысалы мектепте мұғалім мамандық бойынша жұмыс жасаймын, біз жұмыс жасап жүргендер НКТ тапсырмаса болады ғой, себебі НКТ ол конкурсқа қатысуға керек, жұмысқа орналастыру үшін, ал біз жұмыс жасап жатырмыз. осы сұраққа жауап берсеңіз, рахмет сізге көп көп
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Педагогикалық бағытта білім алушылар мен түлектердің біліктілігін растауды қамтамасыз ету мақсатында «Педагогтердің аттестациядан өту қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрық жобасы әзірленгенін хабарлаймыз. Министрліктің 2021 жылғы пилоттық жобасының талаптары бойынша бітіруші түлек Ұлттық біліктілік тестілеуге (НКТ) қатысуға міндетті. Түлек үшін ең бастысы - тест тапсыру. Диплом беріледі.

29-06-2021 22-50-02   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5349
Сәлеметсізбе ректор мырза!Мен биылғы жылдың түлектері атынан жазып отырмын.Біздің университет Қазақстандағы ,сонымен қатар әлемдеде алар орны бар университеттердің бірі.Бірақ соған қарамастан бітіруші түлектерге диплом табыстау кешінен,диплом табыстау рәсімі қашан болатынан әлі хабарымыз жоқ!Бізге жұмысқа тұру үшін,магистратураға тапсыру үшін диплом нөмері қажет.Неге біздің университет үнемі кешігіп жүруіміз керек?!Сонымен қатар Еліміздің басқа өңіріндегі ,және Елордамыздағы университеттерде димлом табыстау рәсімі оффлайн түрде өтіп жатыр,университет өз талапкерлеріне диплом табыстау рәсімін ұйымдастырып беріп отыр,біздің университет сонда шамасы жетпеді ме ?Жәнеде Ұлттық біліктілікті тапсыру мәселесі:Басқа педогогикалық университеттер тесттен өтпестен ақ алып жатыр диплом ,ал бізге тест тапсырмасаңдар диплом берілмейді дейді,неге?Бүгін 29.06 кешкі уақыт болды ,бізге 1-3.07 арасында тапсырыңыздар деп отырсыздар,соншалықты маңызы бар тестке студенттерді алдын ала дайындап ,қалай тапсыру жөнінде неге көрсетпейсіздер?Сонда біздің университеттің беделі ,студенттерге жасаған жағдайы тек қағаз жүзінде болғаныма?Неге тестке ,Университеттегі мерекелік шараларға жауапты тұлғалар унсіз отыр???
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Университет үшін білім алушылар мен қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігі маңызды. Карантиндік талаптарға байланысты димпломды табыстау рәсімі 2021 жылдың 8-15 шілде күндері аралығында бекітілген кестеге сәйкес ZOOM платформасы мен YouTube каналында өткізіледі. Дипломды табыстау рәсімінің кестесімен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/3919/notice/ . 

Ұлттық біліктілік тестілеуге келетін болсақ, педагогикалық бағытта білім алушылар мен түлектердің біліктілігін растауды қамтамасыз ету мақсатында «Педагогтердің аттестациядан өту қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрық жобасы әзірленгенін хабарлаймыз. Министрліктің 2021 жылғы пилоттық жобасының талаптары бойынша бітіруші түлек Ұлттық біліктілік тестілеуге (НКТ) қатысуға міндетті. Түлек үшін ең бастысы - тест тапсыру. Диплом беріледі.
29-06-2021 22-14-37   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5348
Бітіруші түлектің анасымын! Балаларға диплом беріледі ма? Басқа университет түлектері алып алған. Кейбір университет түлектері офлайн форматта алған. Сіздер не күтіп отырсыздар? Қазақстандағы 1 нші дәрежелі университет атағы не себепті берілген? Егер тіпті түлектеріңіз диплом ала алмай жатырса? Аттестаттау тесті болама болмайма балалардың әбден басын қатырдыңыздар күнде әр түрлі ақпарат келеді. 1-3 тапсырамыздар депсіздер бірақ әлі тіркелу жағы дұрысталмаған. Біз батыста тұрамыз.Аяқ астынан балама билет қайдан тауып беремін бағалары белгілі. Қазақстандағы жағдай белгілі. Бәрімізді бай көресіздер ма?
Жауап:

Құрметті ата-ана! Университет үшін білім алушылар мен оқытушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі маңызды. Сондықтан карантиндік талаптарға сәйкес дипломды табыстау рәсімі 2021 жылдың 8-15 шілде күндері аралығында бекітілген кестеге сәйкес ZOOM платформасы мен YouTube каналында өткізіледі. Дипломды табыстау рәсімінің кестесімен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/3919/notice/ .Қосымша ақпарат директорат тарапынан хабарланады. Рахмет!
Барлығы: 4046

« перв. ... < пред. ...  75  76  77  78  79 80  81  82  83  ... след. > ... посл. »

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Мамыр, 2024
4
Сәуір, 2024
10
Наурыз, 2024
5
Ақпан, 2024
20
Қаңтар, 2024
11
Желтоқсан, 2023
21
Қараша, 2023
19
Қазан, 2023
17
Қыркүйек, 2023
25
Тамыз, 2023
39
Шілде, 2023
29
Маусым, 2023
60
Мамыр, 2023
41
Сәуір, 2023
49
Наурыз, 2023
22
Ақпан, 2023
42
Қаңтар, 2023
68
Желтоқсан, 2022
55
Қараша, 2022
50
Қазан, 2022
62
Қыркүйек, 2022
52
Тамыз, 2022
33
Шілде, 2022
32
Маусым, 2022
49
Мамыр, 2022
139
Сәуір, 2022
64
Наурыз, 2022
45
Ақпан, 2022
46
Қаңтар, 2022
57
Желтоқсан, 2021
29
Қараша, 2021
43
Қазан, 2021
70
Қыркүйек, 2021
75
Тамыз, 2021
109
Шілде, 2021
79
Маусым, 2021
62
Мамыр, 2021
69
Сәуір, 2021
74
Наурыз, 2021
47
Ақпан, 2021
42
Қаңтар, 2021
68
Желтоқсан, 2020
61
Қараша, 2020
62
Қазан, 2020
42
Қыркүйек, 2020
48
Тамыз, 2020
57
Шілде, 2020
81
Маусым, 2020
88
Мамыр, 2020
65
Сәуір, 2020
86
Наурыз, 2020
57
Ақпан, 2020
37
Қаңтар, 2020
28
Желтоқсан, 2019
47
Қараша, 2019
72
Қазан, 2019
70
Қыркүйек, 2019
61
Тамыз, 2019
88
Шілде, 2019
47
Маусым, 2019
71
Мамыр, 2019
54
Сәуір, 2019
70
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений