Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректордың блогына қош келдіңіз!

 

 

Құрметті сайт қонақтары!
 
Ректор блогы университет студенттерімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер сұрақтарыңызды қойып, өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және үнемі талқылау университет басшылығының жемісті жұмысына көмектеседі.
 
Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.
 

Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

 
 
Электронды пошта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz
 
 
Ректордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы оқу жылы бойы әр айдың 1-ші және 3-ші жұмаларында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
17-09-2021 11-49-08   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Барахатов Шапагат Нурбергенович

Сұрақ № 5624
Қайырлы күн! Менің інім осы жылы физика мамандығы бойынша гранта оқу түсті, құжаттарын тапсырып, жатаханаға өтініш жазған, бірақ өтініш әлі күнге қанағаттандырылмады. Інімнің ата-анасы жұмыссыз, 4 балалы отбасы, өзінен үлкен апасы мен ағасы да грантта Актөбе және Алматы қаласында оқиды(жатаханада орналасқан), өзінен кіші қарындасы мектепте.
Енді Сізден алыс аймақтан(Маңғыстау облысы) барғанын және жоғарғы жағдайларды ескере отырып, жатаханадан 1 орынға көмек сұраймыз. Сұранысымызды қанағаттандырады деген сенімдеміз.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Өтінішіңіз бен әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды тапсырып, институт директорының орынбасарымен хабарласуыңызды сұраймыз. Өтінішіңіз міндетті түрде қарастырылады. Рахмет!

16-09-2021 22-18-46   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5623
Саламатсыз! Мен,Қызылорда облысы, Шиелі ауданынан, көп балалы анамын, үйде жалғыз өзім жұмыс жасаймын.Ұлым биыл Сіз басқарып отырған оқу орнына ақылы бөлімге түсті, енді жатақхана мәселесін шешіп беруінізді сұраймын.
Жауап:

Құрметті ата-ана! Білім алушыға жатақханадан орын берілуі үшін әлеуметтік жағдайын растайтын құжаттарымен бірге өтінішін жазып, өз институтының тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарына құжаттарын өткізуі қажет. Жатақханадан орын беру тәртібімен келесі сілтеме арқылы танысуыңызға болады:https://abaiuniversity.edu.kz/kz/2660/page/ . Рахмет!

16-09-2021 21-12-29   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5622
Сәлеметсізбе Дархан Нұрланұлы. Сізден 2 курстарға онлайн оқуға рұқсат беруіңізді сұраймын немесе студент қалауынша қойыңыздаршы. Аль Фараби атындағы ҚАЗҰУ-да студенттерін тыңдап және солардың денсаулығын ойлап, студент қалауынша қойып кейбірін онлайнға жіберіп жатырғой. Бізде сіздің біздің өтінішімізді қарастырғаныңызды қалаймыз.
Уақыт бөлгеніңіз үшін рахмет
Жауап:

Құрметті білім алушы! Оқу үрдісін жүргізу форматы оқу жылының басында бекітілді, университет білім алушысы ретінде Академиялық күнтізбеге сәйкес сабақ кестесі бойынша оқисыздар. Пандемия жағдайына байланысты кейбір сабақтарыңыз онлайн форматта өтуде.

16-09-2021 19-01-18   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5621
Абай университетінің ректоры, басшылығы менің бұл жазғанымды кешіріңіздер әрине, бірақ жазбасқа болмады...
Психология пәнінен беретін Майра Қуанәлі апай зумға кір деп еді біз қосыла алмай жатырсақ айқайлап бізге, мақаусыңдарма деп, неге маған келгенде істемей қалады деп ауыр сөздер айтты. ол апайды мүлде психолгия сабағынан бергенін қаламаймын. Студентке қалай сөйлеу керекгін сол кісіден үйренетін біз емеспе, неге өзі олай жаман сөздер айтады? Басқа апайға ауыстыруыңызды өтінем
Жауап:

Құрметті студент! Шағымыңыз Академиялық мәселелер жөніндегі департамент басшылығына жолданды. Хатыңызда аталған мәселе тексеріледі. Рахмет!

 
16-09-2021 10-22-34   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5620
Сәлеметсіз бе. Мен 2014 жылы информатика мамандығы бойынша оқуды аяқтағанмын. Диплом приложениесі үш тілде берілді. Назарбаев Университетіне магистратураға тапсыру үшін осы университетте ағылшын тілінде білім алғандығы жөнінде анықтама керек екен. (Документ, подтверждающий обучение на английском языке (для кандидатов, желающих получить освобождение от предоставления результатов IELTS или TOEFL).Требуется предоставить подробную справку с ВУЗа с указанием количества и перечня предметов, пройденных на английском языке.) Мен Халықаралық IELTS емтиханынан босатыла аламын ба?
Жауап:

Құрметті білім алушы! Диплом қосымшасына сәйкес, егер белгілі бір кредит көлемінде ағылшын тілінде пәндерді оқыған болсаңыз, бұл туралы анықтаманы өзіңіз бітірген институт директоратынан ала аласыз. Егер ағылшын тілінде білім алмаған болсаңыз, сәйкесінше мұндай анықтама берілмейді.

15-09-2021 17-11-45   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5619
Сәлеметсіз бе құрметті Д.Біләлов мырза! Мен 3-курс студенті,Алтын белгі иегерімін. Біз оқуға түскенде оқу ақысына 100% скидка берілген болатын. Егер сабағымыздың бәрін 5 тік бағамен жапсақ, бұл скидка міндетті түрде сақталады делінген болатын. Ал биылғы оқу жылында ол скидка сақталмайды деп естідік. Сабағымның бәрі 90+. Сізден өтінерім тым болмаса осы жылға скидка сақталынса екен деймін. Оқу ақысын төлеуге әлеуметтік жағдайым келмейді.
Жауап:

Құрметті білім алушы! Өзіңіздің өткен оқу жылы бойынша транскриптіңізді (оқу үлгеріміңізді растайтын) тіркей отырып, жеңілдік қарастыру туралы өтініш жазуыңызға болады. Өтінішіңізді комиссия қарастырып, шешімін шығарады. Рахмет!

15-09-2021 08-22-40   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5618
Здравствуйте, подскажите пожалуйста как быть,девочка поступила на грант иногородняя с Актобе,в список по общежитию не попала, очень нужно общежитие,квартиры дорогие
Жауап:

Здравствуйте! Для предоставления места в общежитии обучающемуся необходимо написать заявление с предоставлением документов, подтверждающих социальное положение, заместителю директора по воспитательной работе своего института. С Порядком предоставления мест в общежитии можно ознакомиться по ссылке: https://abaiuniversity.edu.kz/ru/2660/page/. Спасибо!

14-09-2021 17-19-50   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Турдақын Мерей Серікқызынан

Сұрақ № 5617
Құрметті Ректор мырза! Мен қазақ тілі мен әдебиеті мамандығында оқитын 1-курс студентімін.Мемлекет тарапымнан ойнатылған грантты ұта алмадым. Енді универдің ішінде қосымша гранттар барма? Ақылы бөлімде оқимын грантқа ауысуға мүмкіндік барма?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Оқу орнымызда ректорлық және ішкі гранттар қарастырылмаған.Оқу барысында мемлекеттік грант орындары босаған жағдайда бос мемлекеттік грант орындарына конкурс жарияланады. Конкурсқа қатысуыңызға болады. Ол үшін конкурс талаптарына сай құжаттарыңызды тапсыруыңыз қажет. Толық ақпаратты институт директораты қызметкерлерінен сұрауыңызға болады. Рахмет!

14-09-2021 11-21-33   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Қабылбаева Айгерім

Сұрақ № 5616
Салеметсіз бе ректор мырза! сізге сұрағым бар еді мен ТҚИ студенті физ мат кітапханасынан кітап ала алмай кетіім. Кітапханашылардын кітабын тасыған студенттерге кітабып карыз болса да кітап берді бұл не сонда мен адам емеспн ба?
Жауап:

Құрметті студент! Кітапхананы пайдалану ережесіне сәйкес, студенттер оқу жылының соңында алынған кітаптарды қайтаруы тиіс. Кітапхана қорынан алынған кітапты қайтармаған борышкерлерге кітап берілмейді.

Шағымыңыз бойынша Ғылыми кітапхана қызметкерлеріне ескерту жасалды.

11-09-2021 11-15-25   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Смайлова Динара

Сұрақ № 5615
Құрметті Дархан Біләлов мырза Сізден барлық 1 курс студенттерін Жатаханамен қамтылуын сұраймын. Себебі квартирада тұру өте қауіпті, ол квартира қандай жерде орналасқаннын білмейміз.Жарайды квартирада тұрсын 4-5 адам болып оларға баскөз болатын адам болмайды 18ге толмаған жас өспірімдер ертең оларға бір нәрсе болып қалуынан қорқамыз. Ал жатаханада өзінің ережесі бар балаларымызда қорықпай жіберер едік. Өзіңіз ойлап көріңізші сондай үлкен қалаға балаларымыз енді аяқ басып келіп отыр ауылдан. Квартира ақшасыда қалта көтермейді ай сайын төлеуге. Сізден осының бәрін ескеруіңізді өтінеміз! Менің өзімде бес бала 18геде толмаған. Тұңғышым қызым осы Алла қалап сіздің универіңізге түсіп грант иегері болды!Жатаханаға онлайн өтініш жібергенбіз. Осындай отбасылардың өтінішін қайта қарап шешім қабылдаңызды сұраймыз.
Жауап:

Құрметті ата-ана! Биыл білім алушылар санының артуы мен карантиндік талаптарға сәйкес жатақхана орындарының шектелуіне байланысты барлық білім алушыларды жатақханамен қамту мүмкін емес болып отыр. Биыл студенттердің әлеуметтік, денсаулық жағдайын ескере отырып, жатақханаларда орынмен қамтамасыз етілетін студенттер санаттары анықталып, бірінші кезекте 1 курстың жатақханаға аса мұқтаж студенттері қамтамасыз етілді.

Білім алушыларды жатақханамен қамтамасыз ету мәселенін толыққанды шешу уақыт пен қаражатты талап етеді. Қазіргі уақытта жатақхана мәселесін шешудің басқа да жолдарын қарастырып жатырмыз. Түсіністік танытуларыңызды сұраймыз. Рахмет!

10-09-2021 16-32-43   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5614
Здравствуйте, я учусь на 2 курсе факультета " физика и математика ". И я слышала, что студентки беременные или у кого есть новорожденный ребенок не пишут диссертационных работы. Правда ли это? Если правда, то к кому обратиться за помощью? Сейчас я на 6 месяце беременности. Заранее спасибо.
Жауап:

Здравствуйте! В магистратуре в соответствии с ГОСО РК защита магистерских диссертаций является обязательной. По учебным вопросам можете обращаться к зам.директора Института по учебным вопросам Ш.И.Хамраеву, тел. 261-15-76.

10-09-2021 13-37-14   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5613
Құрметті Дархан Нұрланұлы! Мен өзим кай курста окитынымды айтпай ак кояйын. Бирак жатақхана беру мәселесінде коррупция бар екенін айтқым келеді. Зам.директорлар мансап орталығымен келсисип жатақхананы ақшаға берип жатқандар бар екендігі анық .Оны анкета арқылы білуіңізге болады. Ал жатақханалардағы комнаталарды коменданттар сатып жатыр келісіп жақсы болмелерді. Осыны тоқтатуға шамаңыз жете ме????
Жауап:

Құрметті студент! Жатақханадан орын беруде пара алу фактісі орын алуы мүмкін емес. Университеттің жатақхана орындары білім алушыларға жатақханалардан орын беру критерийлеріне сәйкес, студенттердің өтініштері мен әлеуметтік жағдайын растайтын құжаттардың негізінде үлестірілді.

Егер хатыңыздағы мәліметтерді растайтын нақты дәлелдер (институт атауы мен қызметкердің аты-жөні) болса, rector_blog@abaiuniversity.edu.kz поштасына жолдасаңыз болады.

10-09-2021 12-46-20   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5612
Сәлеметсізбе. ҚАЗҰПУ-дың 4ші курс студентімін. Ақылы бөлімде оқимын. Университетке түскелі бері GPA баллым 3,5-тен түскен емес. Грантқа ауысуға жыл сайын тек бір грант беріледі. Ал жақсы оқитын студенттер көп. Неге универ тарапынан ынталандыру жоқ? Тым болмаса оқу ақысына жеңілдік жасай алмайсыздар ма? ЖеңІлдікке өтініш беру үлгісі келеді, ол жерде тек жартылай жетім, көпбалалы отбасы деген пункттер ғана. Оқу үлгерімі жақсы студент деген пунктты 3жыл бойы кездестірмедім.
Жұмыс істеймін, ата-анамның оқуымды төлеуге жағдайлары жетпейді, жақсы оқимын. Сіздерден көмек сұраймын.
Жауап:

Құрметті студент! Университет ректорының атына өтінішіңізді жазып, әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды директоратқа тапсыруыңызды сұраймыз. Өтінішіңізді арнайы комиссия қарастырады.Рахмет!

09-09-2021 23-01-38   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5611
Құрметті ректор мырза.
Сізден осы жылы Алтын белгі иегерлерінің жеңілдігін сақтап қалуыңызды сұраймын. Балам 3 курста оқиды. Барлық сабақтары 5. Барлық пәнді 90+ ке аяқтаған студенттер көп емес деп ойлаймын. Сол себепті осы ұсынысымды қарастыруыңызды сұраймын. НАЗАР АУДАРҒАНЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Университет ректорының атына өтінішіңізді жазып, директорат басшылығына тапсырсаңыз болады. Өтінішіңіз арнайы комиссия құрамымен қарастырылады.Рахмет!

09-09-2021 10-46-37   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Тапалова Арайлым Аманжановна

Сұрақ № 5608
Қайырлф күн, ректор мырза! Мен, Тапалова Арайлым, 2019жылы Абай ат.ҚазҰПУ-н 6D020300 - "Тарих" мамандығы бойынша докторантура тәмәмдадым. Скопус мақаламның жарамсыз болып қалуына байланысты қорғау мәселесі кешіктірілді. Осы оқу жылында қоғауға ниеттімін. Сұрағым: 6D020300 - "Тарих"(гуманитарлық ғылым) Абай ат.ҚазҰПУ-ң диссертациялық кеңесінен қорғай ала ма?
Жауап:

Құрметті Арайлым Тапалова! Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы «6D020300 – Тарих»  мамандығы бойынша Диссертациялық кеңес қызметі ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 9 наурыздағы №98 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес (ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31-наурыздағы №126 бұйрығымен бекітілген «Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереженің» 2 -тарау, 3 -тармақша) тоқтатылды.
 
Диссертацияның негізгі нәтижелері диссертация тақырыбы бойынша  ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31-наурыздағы №127 бұйрығымен бекітілген «Дәрежелер беру қағидаларының» 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес орындалған жағдайда ғана қорғауға жіберіледі.
 
«6D020300 – Тарих» мамандығы (8D022 – Гуманитарлық ғылымдар) бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Диссертациялық кеңестер құрылып, жұмыс жасауда.
08-09-2021 21-22-36   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Сисенбаева Ардак

Сұрақ № 5607
Сәлеметсіз бе,ректор мырза! Осы айдың 4-і күні 1-курс студенттеріне бөлінген жатақхана орындары туралы тізім шықты. Ішінен қызымның аты-жөнін таппағаныма қатты таңқалдым.
Жатақхана берілуі тиіс талаптардың барлығы бар.
1. Маңғыстау облысынан
2. Жартылай жетім
3. Жергілікті әкім грантының иегері(әлеуметтік жағдайы бойынша)
4. Алтын белгі иегері

Жатақханадан орын берілуі тиіс болса да, берілмеді,енді осы жөнінде қайда,кімге барып жөнін сұраймыз?!
Жауап:

Құрметті ата-ана! Жатақхана мәселесі бойынша оқу орнымыздың әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шынғыс Нұрланұлы Нұрлановпен хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 8 (727) 293-81-85, Достық,13.

08-09-2021 12-42-55   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5606
Құрметті, Дархан Билялов!

Біз көпбалалы отбасы ретінде жатақхана алуға арыз беріп, тізім 05.09.2021ж. шығып бізге жатақхана берілетін болды, рақмет!
Бірақ төлем бағасы бастапқы (25.08.2021ж.көрсетілген Идирисов Д.Т. кабинетінде) айтылған бағадан 2 еседей қымбаттап кеткен, бұл жағдайды ПЕД-стипендия көбейгендігімен ( бұл Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың елімізде сапалы да саналы педагогтар санын көбейтуінің алғышарты деп түсінеміз) түсіндірді. Дегенмен, жатақхана тізіміне ілінгендер жетімдер, жартылай жетім, көпбалалы отбасынан шыққан студенттер үшін бул үлкен сома - 126мың.
Жауап:

Құрметті студент! Білім алушылардың әлеуметтік жағдайына байланысты тек жатақханамен ғана емес, оқу ақысына да жеңілдіктер жасап отырмыз. Білім алушыларды жатақханамен қамтамасыз ету үшін биыл студенттердің әлеуметтік, денсаулық жағдайын ескеріп, бірінші кезекте 1 курстың және аз қамтылған отбасынан шыққан жатақханаға аса мұқтаж студенттер жатақхана орындарымен қамтамасыз етілді. 

Студенттік жатақханаларда 1 айлық тұру ақысы 12 600 теңгені құрайды. Жатақханаларда студенттердің тұруы үшін барлық жағдай жасалған: тұрмыстық бөлмелер мен жуынатын бөлмелерге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тоңазытқыштар, газ плиталар, кір жуғыш машиналар жаңартылып, жоғары жылдамдықты Wi-Fi орнатылған. Компьютерлік кабинеттермен жабдықталған. Білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет талаптарына сәйкес дезинфекциялық құралдармен қамтылып, медициналық қызметпен толықтырылды. Бұл жағдайды жасау үшін университет ақша төлейді. Коммуналдық қызмет бағаларының өсуі ескеріліп, жатақхана орындарына төменгі төлем тағайындалды. Сұрағыңыз үшін рахмет!

08-09-2021 12-13-18   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5605
Здравствуйте! Меня зовут Молчанова Наталья Алексеевна, в этом году я закончила Казахский национальный педагогический университет с отличием.
При поступлении в университет я смогла поступить только на платную основу, но через два года обучения меня перевели на грант, на котором я проучилась да конца.
Сейчас я закончила учебу и у меня следующий вопрос: обязана ли я отрабатывать грант по своей профессии? Если да, то сколько и на каких условиях? Спасибо, надеюсь на скорый ответ.
Жауап:

Здравствуйте! Для получения более подробной информации можете обратиться к сотрудникам Департамента по академическим вопросам. Также просим ознакомиться с информацией по данному вопросу на сайте: https://abaiuniversity.edu.kz/ru/1345/page/. Контактные данные: 291-13-71, 291-71-06, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Спасибо!

07-09-2021 18-02-09   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5604
Сәлеметсіз бе! Мен 1курс студентімін. Биыл карантинге байланысты жатақханадан орындар қысқартылды өкінішті. Сол үшін жатақханаға ілінбей қалдым
Жауап:

Құрметті студент! Университет ректорының атына өтінішіңізді жазып, әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды директоратқа тапсыруыңызды сұраймыз. Өтінішіңізді арнайы комиссия қарастырады. Рахмет!

07-09-2021 16-59-19   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Назерке

Сұрақ № 5603
Сәлеметсіз бе! Мен екі шетел тілі: ағылшын тілі мұғалімдерін даярлау мамандығының 2-курс студентімін. Биылғы оқу жылы тым түсініксіз, яғни аптасына 2рет университетке барып оқуымыз керек басқа күндері онлайн режимде. Сіздер расписание құрғанда тек мұғалімдерді емес, студенттерді де неге ойлмайсыздар. Себебі аптасына 2- ақ универге рет барып, ай сайын қанша тг квартираға бергенше, онлайн бола салмады ма, өз үйімізден оқи беретін едік. Жатақхананы не только 2-курс, даже 1-курс студенттері де ала алмай отыр. Мысалы мен “Алтын белгі” иегерімін, грантта оқимын, Түркістан облысынанмын, көпбалалы отбасымыз, әкем сонымен бірге 4 балаға қамқоршы. Қарап тұрсаныз 1 емес бірнеше категория бойынша жеңілдігім бар. Жатақхана беріңіздер немесе сабақты онлайнға ауыстырыңдар, не деген сұмдық бұл. Бір шара қолдануыңызды сұраймын.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! ҚР БҒМ соңғы мәжіліс отырысында барлық деңгейдегі сабақтар дәстүрлі (офлайн) форматта өткізілетіні айтылған болатын. Санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтай отырып, дәріс сабақтары - онлайн, семинарлар, практикалар, зертханалар, дене шынықтыру сабағы -офлайн өткізіледі. Жатақхана сұрақтары бойынша Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменттің мамандарына хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.: 291-03-25, 293-81-85, 291-83-82. Рахмет!

Барлығы: 4046

« перв. ... < пред. ...  64  65  66  67  68 69  70  71  72  ... след. > ... посл. »

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Мамыр, 2024
4
Сәуір, 2024
10
Наурыз, 2024
5
Ақпан, 2024
20
Қаңтар, 2024
11
Желтоқсан, 2023
21
Қараша, 2023
19
Қазан, 2023
17
Қыркүйек, 2023
25
Тамыз, 2023
39
Шілде, 2023
29
Маусым, 2023
60
Мамыр, 2023
41
Сәуір, 2023
49
Наурыз, 2023
22
Ақпан, 2023
42
Қаңтар, 2023
68
Желтоқсан, 2022
55
Қараша, 2022
50
Қазан, 2022
62
Қыркүйек, 2022
52
Тамыз, 2022
33
Шілде, 2022
32
Маусым, 2022
49
Мамыр, 2022
139
Сәуір, 2022
64
Наурыз, 2022
45
Ақпан, 2022
46
Қаңтар, 2022
57
Желтоқсан, 2021
29
Қараша, 2021
43
Қазан, 2021
70
Қыркүйек, 2021
75
Тамыз, 2021
109
Шілде, 2021
79
Маусым, 2021
62
Мамыр, 2021
69
Сәуір, 2021
74
Наурыз, 2021
47
Ақпан, 2021
42
Қаңтар, 2021
68
Желтоқсан, 2020
61
Қараша, 2020
62
Қазан, 2020
42
Қыркүйек, 2020
48
Тамыз, 2020
57
Шілде, 2020
81
Маусым, 2020
88
Мамыр, 2020
65
Сәуір, 2020
86
Наурыз, 2020
57
Ақпан, 2020
37
Қаңтар, 2020
28
Желтоқсан, 2019
47
Қараша, 2019
72
Қазан, 2019
70
Қыркүйек, 2019
61
Тамыз, 2019
88
Шілде, 2019
47
Маусым, 2019
71
Мамыр, 2019
54
Сәуір, 2019
70
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений