Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректордың блогына қош келдіңіз!

 

 

Құрметті сайт қонақтары!
 
Ректор блогы университет студенттерімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер сұрақтарыңызды қойып, өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және үнемі талқылау университет басшылығының жемісті жұмысына көмектеседі.
 
Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.
 

Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

 
 
Электронды пошта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz
 
 
Ректордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы оқу жылы бойы әр айдың 1-ші және 3-ші жұмаларында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
26-09-2021 09-48-44   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5657
Саламатсыз,Дархан мырза! Мен магистратура 1 курс грант иегеримин, осы мамандыкка ЕНУ-га ауысу ушин кандай арекеттер орындауым керек, кимге хабарласуым керек айтып жиберинизши
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін институт директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарына хабарласуыңызға болады.

25-09-2021 18-07-18   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5656
Қайырлы кеш, ректор мырза! Магистратура студенттерінің екінші курсы онлайн, ал бірінші курс не себепті семинарды офлайн оқуы қажет?? Өткен жылы олар барлығын онлайн оқыды ғой, демек ондай мүмкіндік бар. Біз үшін аз сабақ үшін қалаға қатынау ыңғайсыз. Қызыл аймақта тұрып денсаулығымызды рисковать тоже не хотим. Елдегі ахуалды ескере отырып, басқа ЖОО сиақты егер барлық топ студенттері келіссе магистранттар бірінші курсын да онлайн етуді өтінеміз. Түсіністікпен қарайсыз деген үміттемін.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтай отырып, сабақтар бекітілген оқу форматына сәйкес жүргізіледі. Оқу үрдісіне қатысты сұрағыңыз бойынша институт басшылығымен хабарласуыңызға болады. Рахмет!

24-09-2021 15-12-08   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5655
Құрметті Дархан Біләлов!
Студенттің стипендиясы неге кеш түсірілетін туралы шешім қабылдадыныздар?
Стипендия әр айдын 17-20 күні аралығында түсуге бейімділіп кетіп едік. Айдын 3ші аптасында түсу заңбұзушылық емес шығар. Жатақхананың ақшасы өзінің деңгейіне тұрмайды, жатақхана уақытын ол қысқартып тастадыныздар, Бекішов өзі карантин талабын жеңілдеткен өзінде. Асханалар жабық. Ештене демей отырмыз. Но студентке ертерек түсіп отқан ақша сіздерге кедергі келтірді ме? Үкімет сіздерге грантта оқитын студенттер үшін қаншама милларды түсіріп отыр. 3-4жыл уақытылы алып жүрген стипендияның күні именно ректор алмасқанда заңсыз болып қалдыма? Тым болмағанда ертерек ескертсе болар еді ғой. Енді соңғы 500тг неге жеткіземіз?
Жауап:

Құрметті студент! Қыркүйек айының стипендиясы оқу орнымыздың 1 курс студенттеріне 2021 жылдың 1 қазанында, ал 2-3-4 курс білім алушыларына 27 қыркүйек күні төленді. Жыл сайын қыркүйек айының стипендиясы бірінші курсқа қабылданған студенттердің құжатарын рәсімдеу жұмыстарына байланысты кешіктіріледі. Алдағы уақытта стипендия әр айдың 20-на дейін төленетін болады.
Екінші сұрағыңызға келетін болсақ, қазіргі уақытта санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес университетіміздің екі асханасы жұмыс жасауда. Оқу орнымыздың басқа да ғимараттарындағы асханаларды іске қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 
Жатақханада стденттер үшін барлық жағдай жасалған. Жатақхана бойынша сұрақтарыңыз болса, әлеуметтік даму жөніндегі проректор Нұрланов Шынғыс Нұрланұлымен хабарласуыңызға болады. Тел.: 293-81-85.
23-09-2021 23-38-36   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5654
Здравствуйте. Как можно получить место в общежитии? Моя дочь учится на 1 курсе в институте истории и права. Мы многодетная семья 4ро детей. Проживаем в Нур-султане. Квартиру снимать очень дорого.
Жауап:

Здравствуйте! По вопросам предоставления мест в общежитии просим обратиться к заместителю директора по воспитательной работе Института истории и права Нұрболату Бекболатұлы Манапбаеву: 291-78-24, 87071331980.

23-09-2021 15-08-59   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: аноним

Сұрақ № 5652
Құрметті Дархан Нұрланұлы! көптеген оқытушылардың атынан сізге айтар назымыхз бар. Осы уақытқа дейін еңбекақымызды әр айдың 25 алып жүргенбіз, ендігі қай басшының өзгерткені белгісіз әр айдың 10 күніне ауыстырылған. КӨПТЕГЕН ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ КРЕДИТТЕРІНІҢ ЖАБУ УАҚЫТЫ ӘР АЙДЫҢ 01 бекітілген. Сонда қалай болады? Кредитімізді уақытында жаба алмай пенясы өсіп кететін болды. Осы мәселені оң шеді деп сізге сенеміз.Не болмаса жоғарғы жаққа шағымданатынымзды жеткіземіз. Рахмет!!!
Жауап:

Құрметті оқытушы! Жаңа оқу жылында профессор-оқытушылар құрамы оқу жоспарына сәйкес  қабылданып, оқу жүктемесіне байланысты жаңа төлемақы тағайындау жұмыстары жүргізілетіндіктен, жыл сайын қыркүйек айындағы жалақы қазан айында берілетін.  
 
Алдағы уақытта Еңбекақы төлеу туралы ереже қарастырылып, Басқарма шешімімен бекітілетін болады. Қызметкерлерге еңбекақы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нақты жұмыс істелінген уақыт үшін төленетіндігін ескертеміз. Сұрағыңыз үшін рахмет!
23-09-2021 13-54-04   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5651
Құрметті Дархан мырза!Бір сәт студенттердің үніне құлақ салсаңыз. Жоғарғы курс студенттері жатақхана ала алмай үй ,хостел жалдап тұрып жатыр.Өзіңіз білетіндей қазыр бүкіл үйдің бағасын 100мыңнан кем түсірмей отыр,студенттер амалдың жоқтығынан сол ақшаға жалдап тұрып жатыр.
Бір күн ғана офлайн сабақ үшін қанша ақшаға жалдап жатқандары дұрыс па?
Осы мәселені шешіп студенттерді толық онлайн немесе толық офлайн форматына ауыстырсаңыздар!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Оқу форматы жаңа оқу жылында бекітілген сабақ кестесіне сәйкес жүргізіледі. Жатақханадан орын алу үшін өтінішіңізді жазып, әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды өткізуіңіз қажет. Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін институт басшылығымен хабарласуыңызға болады. Рахмет!

22-09-2021 17-06-50   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5649
Саламатсыз ба. Мен 3 курс студентимин. 1 курстар онлайн форматына ауысканы себептен бизге жатакханадан орын беруинизди сураймын. Жатакханадан орын алу ушин кайда отиниш жазамыз.
Жауап:

Құрметті студент! Өтінішіңіз бен әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды тапсырып, институт директорының орынбасарымен хабарласуыңызды сұраймыз. Өтінішіңіз қарастырылады. Рахмет!

22-09-2021 12-39-47   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Сафронова Л.В.

Сұрақ № 5648
Уважаемый Дархан Нурланович,

согласно приказу Министра образования и науки РК, в нашем университете принято решение о повышении с сентября заработной платы ППС. Пока на кафедрах формируется штатное расписание, просим уточнить, предполагается ли с этого учебного года повышение зарплаты также профессорам-исследователям и постдокторантам до уровня, не ниже заработной платы ППС, как было сказано на Вашей отчетной встрече с населением. А также будут ли выплачены премиальные за публикации ППС университета, проиндексированные в базах Scopus/WoS в 2020 г.?

С уважением,
профессора-исследователи,
постдокторанты КазНПУ им. Абая
Жауап:

Здравствуйте! Согласно поручения Президента РК и рекомендательного письма МОН РК увеличена заработная плата ППС и других работников образования. В настоящее время в целях реализации Послания Главы государства рассматривается положение о системе оплаты труда в зависимости от категории профессорско-преподавательского состава. Вопросы повышения заработной платы педагогических кадров и сотрудников, также выплаты премиальных за научные публикации ППС в международных журналах будут рассмотрены и утверждены Решением Правления университета в ближайшее время. Спасибо!

22-09-2021 09-59-38   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5647
Сәлеметсіз бе, Дархан Нұрланұлы. Біз МФжИ институның 3 студенттеріміз. Сізге сауалымыз-биылғы оқу жылы аптасына 2 ақ рет оффлайн, онын үстіне 2 3 сағат қана, ал қалған күндері онлайн. Сонда біз платныйда оқитын студенттер, жағдайы жоқ студенттер осы аптасына 2 рет қана универге бару үшін, 150-200,000 ға кв жалдап ар қайсымыз 30-40мындап төлейміз ай сайын, бұл недеген сұмдық. Оқу жылынын ақшасын төлеу, квартираға төлеу, жейтін тамағымызға, киімізге дейін ақша табу қиын соқтырып жатыр. Аптасына 2 рет бару, біз үшін не стоит, ақшаның соры болып жатыр,оданда оффлайн 2 күндіде онлайн оқи салғанымыз ӨТЕ ТИІМДІ болар еді біз үшін . Осы мәселені қолға алсаныз.
Жауап:

Құрметті Математика, физика және информатика институтының 3 курс студенттері!  Диплом алу үшін сіздер 4 жылда 240 кредит игерулеріңіз қажет. Яғни, жылына 60 кредит. Бір жылда 2 семестр. Сонда 1 семестрде 30 кредит игеруіңіз міндетті. Бір кредит 30 сағат, сонда 1 семестрде 30 кредитті 30 сағатқа көбейтсеңіз 900 сағат шығады. Семестрде 15 апта оқисыз, 900 сағатты 15 аптаға бөлсеңіз, аптасына 60 сағат игеруіңіз тиіс. Аптасына 60 сағаттың 12 сағаты практикалық сабақ (офлайн), күніне 6 сағаттан 2 күн - офлайн, 1 күн - 6 сағаты дәріс (онлайн). Қалған 42 сағат студенттің өзіндік жұмысы (ОБСӨЖ, СӨЖ).  Қазіргі уақытта аудиториялық сабақтардың 66% офлайн, 33% онлайн жүргізілуде.

Егер барлық сабақтар офлайн форматта өтсін десеңіздер, аптасына  3 күн 6 сағаттан сабаққа келесіздер. 2 күніңізге 1 күн дәрістер қосылады. Жалпы сабаққа аптасына 18 сағат келуіңіз міндетті (6 сағаттан 3 күн), қалған 42 сағат өзіндік жұмыс (қосымша тарауларды оқу, үй тапсырмаларын орындау және т.б.).

 

 

21-09-2021 14-09-19   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Алина

Сұрақ № 5642
Здравствуйте! Я обращаюсь к вам с просьбой улучшить качество преподавателей. Полная безответственность! Мне, как студенту, хочется получать качественное образование от (грубо говоря КАЧЕСТВЕННЫХ) преподавателей. Но наши преподаватели теряют нашу работу и через пол года просят заново переделать! (Весенняя практика, это уже предыдущий завершённый курс) По вашему это нормально несколько раз переделывать работу? И такое случается часто! У нас и без того задании достаточно, иногда даже не успеваем. Мы теперь и практику прошлого года должны переделывать?
Жауап:

Здравствуйте! Просим Вас быть более объективным. Нельзя из-за некорректных действий отдельных преподавателей, что, увы, бывает, обвинять в плохой работе весь ППС вуза. Просим Вас назвать конкретные имена. По каждому случаю будем проводить тщательное расследование. Спасибо!

20-09-2021 19-19-02   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5636
Неге жатахана да куттырып кояды? Кылтты быр кыз алып кеткен деген сылтау? Ол кысылердын мындеттеры кылтты алып, жатаханадан кым шыкканын кадагалауы мындетты меспа? Жауапсыз, казыр келып калды деп 2 сагат бойы кутып отырдым. Жолдаг келген адам документтермен тагы журдым ар жерге сандалатып, и жатаханада мынадай жагдай? Недеген бассыздык?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз назарға алынды, тексереміз. Рахмет! 

20-09-2021 11-05-20   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5635
Сәлеметсіз бе! Мен Өнер,мәдениет және спорт институтында Музыкалық білім мамандығының күндізгі-ақылы бөлімде оқитын 4 курс студентімін.Соңғы оқу жылына келгенімізде ұстазым Бекмухамедов Бекен Мажитович және бірқатар көпжылдық тәжірибесі бар ұстаздар жұмыстан шығыпты.Ұстаздарды қайтаруға атсалысуыңызды сұраймыз.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Жаңа оқу жылында профессор-оқытушылар құрамы конкурс нәтижесінің негізінде жұмысқа қабылданды.Өтінішіңізді қарастырамыз. Рахмет!

20-09-2021 10-55-38   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Тұрсун Елмурат Нұрсұлтанұлы

Сұрақ № 5634
Құрметті ректор мұрза!
Мен Өнер, мәдениет және спорт институтының,
Музыкалық білім мамандығының күндізгі, ақылы бөлімінде оқитын 4 курс студентімін.
Бізде осы жылы Жаңадан кафедра меңгерушісі ауысып келді.
бізде Мынандай жағдай орын алды, бізде бұрыннан істеп кележатқан яғни зейнетке шыққан мұғалімдерді себепсізден жұмыстан босатты. Бекмұхамедов Бекен Мажидович, Айтуарова Ажар және Т.б
Осы ұстаздарды қайтадан қайтаруларыңызды сұраймыз!!!
Мен 3 жыл бойы осы кісілерден білім алдым.
Әр студент қай мұғалімде оқығысы келетініне толықтай құқығы бар!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз бойынша Өнер, мәдениет және спорт институты басшылығынан түсініктеме алынды. Түсініктемеде шағымыңызда аталған оқытушылардың жұмыстан шығарылу себептері нақты көрсетілген. 

Жоғарыда аталған педагогтар Б.М. Бекмұхамедов пен А.Т. Айтуарованың жасалған еңбек шарттарының мерзімі 2021 жылғы 31 тамызда аяқталған. Бұл туралы олар ҚР Еңбек кодексінің 51 бабының 1-тармаққа сәйкес уақтылы хабардар етілген. Қазіргі таңда олар басқа мекемелерге қызметке орналасып, жұмыс атқаруда.

Қазіргі уақытта Өнер, мәдениет және спорт институтының музыкалық білім беру және хореография кафедрасы профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурстан өткен, барлық біліктілік талаптарына сәйкес келетін педагогтармен толық жасақталған. Сіздер 2021-2022 оқу жылына бекітілген кафедра профессор-оқытушылар құрамының ішінен ғана педагогтарды таңдауларыңыз қажет. Рахмет!

 

18-09-2021 21-38-55   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Жармаханова Аруай

Сұрақ № 5632
Сәлеметсіз бе! Мен жаратылыстану және география институтының 1-ші курс студентімін. Жатақхана мәселесі бойынша жазып отырмын. Мен Қызылорда обылысы, Қармақшы ауданы,3-ші Интернационал ауылында тұрамын. Отбасылық жағдайым: әкем жұмыссыз, анам "сахарный диабет 2 тип" науқасы, ағам ақылы бөлімде оқиды. Сол себепті менің әр айсайын жалдамалы үйде тұруға жағдайым толықтай жеткіліксіз. Грантта оқимын, Алматы қаласын толықтай білмеймін, туыстарым жоқ. Сізден ЖОО жатақханасынан бір орын беруіңізді сұраймын. Мәселені бей жайсыз қалдырмайсыз деген үміттемін.
Жауап:

Құрметті студент! Өтінішіңіз бен әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды тапсырып, институт директорының орынбасарымен хабарласуыңызды сұраймыз. Өтінішіңіз міндетті түрде қарастырылады. Рахмет!

18-09-2021 18-55-51   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5631
Сәлеметсіз бе? Менің сұрайын деп отқан сұрағым: біз оффлайн оқып жатырмыз иа? Неге 2 ак кун барамыз? Біз алыстан келген студенттерге квартира жалдап тұрып жатырмыз, 2 кун болганша, онлайн уйден оқығанымыз дұрыс еді. Себебі өздерініз білесіздер казирги таңда квартира да қымбат, бари киын болып жатыр. Алдын ала рахмееетт!!!!
Жауап:

Құрметті студент! Оқу форматы мен сабақ кестесіне қатысты сұрағыңызға институт басшылығынан толық жауап алуыңызға болады. Рахмет!

17-09-2021 21-19-36   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5629
Құрметті, ректор мырза. Мен ҚазҰПУ-дың қазақ тілі мен әдебиеті факультетінің 4-ші курс студентімін. Бізге жыл басында семинар және лекция бойынша оқытушылар бекітілген болатын. Ертең, яғни 18-і бізге сабақ басталады.Біз күтпеген жерден басқа оқытушыларды көріп отырмыз.Бізге бұл оқытушылармен жұмыс жасаған тиімсіз. Бір емес, бірнеше оқытушы ауысқан. Бізге жыл басында бекітілген оқытушыларды қалдыруыңызды сұраймын.Бізде кредиттік жүйе бойынша, оқытушыларды өзіміз таңдауға құқымыз бар емес пе?! Мәселе шешіледі деген ойдамын,алдын-ала рақмет!
Жауап:

Құрметті білім алушы! Оқу үрдісіне немесе қандай да бір пәннен сабақ беретін оқытушыға қатысты шағымдарыңыз болса, бірінші кезекте институт басшылығына ескертуіңізді сұраймыз. Рахмет!

17-09-2021 20-40-55   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Шарипбаева Назгул

Сұрақ № 5628
Менин балам 1 курска тусти коп балалы отбасынан жане баска облыстан келген жане баскагрант иегери соган карамастан жатаганадан орынга жетеалмай калды сонын себебин билгим келеди
Жауап:

Құрметті ата-ана! Балаңызға жатақханадан орын берілуі үшін әлеуметтік жағдайын растайтын құжаттарымен бірге өтінішін жазып, өз институтының тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарына құжаттарын өткізуі қажет. Жатақханадан орын беру тәртібімен келесі сілтеме арқылы танысуыңызға болады:https://abaiuniversity.edu.kz/kz/2660/page/ . Рахмет!

17-09-2021 17-17-56   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5627
Сәлеметсізбе, Дархан Билялов?!
Сізден онлайн сабаққа көшуімізді сұраймыз 2-курстар. Аптасына 1-2 рет, сондағы 2-3 сабаққой оқитынымыз оффлайнда. Одан онлайн оқығанымыз жақсы емеспе?!
Алматыда қызыл зонада жатыр ковид бойынша. Біздер жұқтырып алсақ ше? Барлығымыз вакцина алдық, бірақ вакцина алсақта жұғып кету қауіпі барғой.
Ертең бізге де жұғып кетсе, уақытылы қарап хабар алатын ата-анамыз, туыстарымыз, отбасымызда жанымызда емес. Басқа қалада тұрады.
Алматыға қарағанда өзімнің үйімде сеть жақсы ұстайтын еді.
Сол себепті онлайн оқуды талап етеміз сізден?!!!!!!
Жауап:

Құрметті білім алушылар! Оқу үрдісін жүргізу форматы оқу жылының басында бекітілді, университет білім алушысы ретінде Академиялық күнтізбеге сай университетке келіп сабақ оқисыздар. Пандемия жағдайына байланысты кейбір сабақтарыңыз онлайн форматта ғана өтуде.

17-09-2021 17-12-33   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5626
Здравствуйте. Извините когда будет онлайн учеба? Почему вы в красном зоне приглашаете студентов учиться! Отправьте нас на онлайн учебу. Если нам что то случится вы будете отвечать за нас?
Мы требуем от вас онлайн учебу!!! Зачем учиться оффлайн, всего 1-2 раз будет оффлайн.Лучше отправьте нас на онлайн учебу.
Жауап:

Уважаемый студент! Формат учебного процесса был утвержден в начале учебного года. Как студент вуза Вы приходите в университет на учебу в соответствии с Академическим календарем. В связи с пандемической ситуацией некоторые из ваших занятий проходят только в онлайн-формате.

17-09-2021 16-08-58   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Жумагалиева Алмажан

Сұрақ № 5625
Қайырлы күн !Сәлеметсіз бе ? Менің ата -ана ретінде сұрайын дегенім ұлым Жумагали Дияс сіздің басшылық ететін университетіңіздің 3курсында география педагогика мамандығы бойынша оқиды. Менің алты баламның үлкені Дияс 18ге толған тек өзі , әкесі үш жыл бұрын онкологиялық аурудан қайтыс болған. Қазіргі таңда жатақханадан алдын -ала өтініш бермеген сіз деп орын ала алмай отырмын.Мүмкіндігінше резервтік орындар болса да менің баламды жатақханаға орналасуға мүмкіндік жасауыңызды өтініп сұраймын. Әрі өзім "Күміс алқалы" көп балалы анамын, әрі толық емес отбасынан бала он сегізге толған тек өзі қалған 5баланы кәмелетке толмаған өзім бағып отырғандықтан пәтер жалдап тұрғызу қиындық тудыруда.Балама жатақханадан орын берулеріңізді өтініп сұраймын.
Жауап:

Құрметті ата-ана! Білім алушы әлеуметтік жағдайын растайтын құжаттары мен өтінішін институт директорының орынбасарына тапсыруы қажет. Жатақхана мәселесі бойынша оқу орнымыздың әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шынғыс Нұрланұлы Нұрлановпен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 8 (727) 293-81-85, Достық,13.

Барлығы: 4046

« перв. ... < пред. ...  63  64  65  66  67 68  69  70  71  ... след. > ... посл. »

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Мамыр, 2024
4
Сәуір, 2024
10
Наурыз, 2024
5
Ақпан, 2024
20
Қаңтар, 2024
11
Желтоқсан, 2023
21
Қараша, 2023
19
Қазан, 2023
17
Қыркүйек, 2023
25
Тамыз, 2023
39
Шілде, 2023
29
Маусым, 2023
60
Мамыр, 2023
41
Сәуір, 2023
49
Наурыз, 2023
22
Ақпан, 2023
42
Қаңтар, 2023
68
Желтоқсан, 2022
55
Қараша, 2022
50
Қазан, 2022
62
Қыркүйек, 2022
52
Тамыз, 2022
33
Шілде, 2022
32
Маусым, 2022
49
Мамыр, 2022
139
Сәуір, 2022
64
Наурыз, 2022
45
Ақпан, 2022
46
Қаңтар, 2022
57
Желтоқсан, 2021
29
Қараша, 2021
43
Қазан, 2021
70
Қыркүйек, 2021
75
Тамыз, 2021
109
Шілде, 2021
79
Маусым, 2021
62
Мамыр, 2021
69
Сәуір, 2021
74
Наурыз, 2021
47
Ақпан, 2021
42
Қаңтар, 2021
68
Желтоқсан, 2020
61
Қараша, 2020
62
Қазан, 2020
42
Қыркүйек, 2020
48
Тамыз, 2020
57
Шілде, 2020
81
Маусым, 2020
88
Мамыр, 2020
65
Сәуір, 2020
86
Наурыз, 2020
57
Ақпан, 2020
37
Қаңтар, 2020
28
Желтоқсан, 2019
47
Қараша, 2019
72
Қазан, 2019
70
Қыркүйек, 2019
61
Тамыз, 2019
88
Шілде, 2019
47
Маусым, 2019
71
Мамыр, 2019
54
Сәуір, 2019
70
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений