04-10-2021 20-23-11
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5679 Сәлеметсіз бе, пип магистранты едім. Бізге пед дтзайн сабағы дүйсенбі күні таңғы 9 да басталады. Жұмыс барысында кіріп үлгермейміз, көп магистрантьар 0,5 жұмыс жасаймыз. Түске ауыстыруға болама, жәнеде неге бір пән таңда болады?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша Педагогика және психология институтының оқу ісін ұйымдастыру және сүйемелдеу бөлімінің жетекшісі Ақтоты Төлеумұратқызы Ақжоловаға хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 7(727) 291-84-09, aktoty_72@mail.ru. Рахмет!
04-10-2021 19-59-49
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5678 Cәлеметсіз бе? Құрметті Данияр Біләлов сіз неге студенттермен ақылдаспайсыз? Бұрынғы ректор студенттермен акылдасып, сол кісілерге ынгайлы шешім қабылдайтын? Сіз неге біздің қазіргі ахуалымызды түсінбейсіз? Неге екінші ушінші курстар екі ақ күн оқиды? Бізге квартира толеу бари киынга согып жатыр. Екі кун барганша неге онлайн кылмаска, барлыө студент онлайн болганын калайды. себебі автобус қоғамдық орта барлыгана назар салып карасаныз жер коктин бари тумау болып аурыып жатыр, біздің ауырмауымызга кім кепіл? Біздің жағдайымызды тусинип, баримизге ортақ бир накты шешім қабылдайсыз деген умиттенбиз! Алдын ала рахмет!
Жауап:
Құрметті студент! Оқу үрдісі санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтай отырып, аралас форматта жүргізіледі. Сұрағыңыз бойынша институт басшылығымен хабарласуыңызға болады. Рахмет!
04-10-2021 19-20-08
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5677 Саламатсыз ба Дархан Нұрланұлы! "Жас келсе іске" демекші сіздің біздің оқу орнымызды басқаруға келгеніңізге шын қуаныштымыз. Қанша дегенмен шетелдерде оқып, тәлім алып келген білікті мамансыз. Осыған байланысты осы оқу орнында қораланып қалған біраз проблемалардың шешімін табатыныңызға да сеніміміз мол. Өзіңіз білесіз, быйылғы оқу жылынан бастап министр Айтмағамбетов мырза ЖОО оқытушыларының ғылыммен айналысуына көп мүмкіндік жасау қажеттігін, сол үшін жүктемені мейлінше азайту жағын қолға алғандығын бірнеше рет ел алдында баяндады. Алайда, өкінішке орай, біздің университетте жүктеме азаймақ тұрмақ, артып кетті. Әрі сағат бөлуде ғылыми степень де ескерілмейтін болып отыр. Оның себебі неде? Неше жыл жүріп ғылым докторы деген атаққа қол жеткіздік. Алайда, кеше келген магистрант оқытушының да ғылым докторының да жүктемесі бірдей боп кетті. Быйылғы жүктемеміз 560 сағаттан асып кетті. Пәнмен есептесек, бұл әр мұғалімге жеті түрлі пән, одан басқа практика, ғылыми жетекшілік тб жұмыс түрлері болып тұр. Әр пәнге сегіз құжаттан тұратын УМК жасау деген тағы бар. Толған таблицалар мен кестелерден тұратын бұл құжаттарды жай техникалық жағынан жасап шығудың өзі қаншама уақыттың соры екенін білсеңіз ғой! Сіз оқып келген шетелдік оқу орнының қайсысында осындай қағазбастылық бар? Оларда силлабустың өзі ғана еркін түрде жасалатынын сіз де білесіз. Неге қажет осынша формальный дүниелер? Студенттерден сұраңыз шындығын, оларға осы УМК керек па екен? Олар үшін емес, осыны тексеретін бөлімдер үшін ғана жылда толтырылады осы құжаттар. Себебі, әр УМК бір оқу құралы. Ал оны осындай қысқа уақытта бірнеше пән тұрмақ бір пәннен де сапалы жасап шығу мүмкін емес! Себебі, пәндеріміз жыл сайын ауысып түйісіп кетіп жатады. Мендегі пәндер биыл бәрі жаңа пәндер мысалы. Оның әрқайсысын талап бойынша құжатын дайындаймын ба, жоқ сабақ өтемін бе? Бір күнде он екі он төрт сағатқа дейін сабақ өтетін күндерім болады менің. Қатты шаршап жүйкелеп кеттік. Осындай жағдайда қалайша ПОҚ ғылыммен айналысуы мүмкін, айтыңызшы? Қымбатты Дархан Нұрланұлы! Өткенде сізбен кездесуде сұрақ қойғымыз келген, өкінішке орай чат, дауыс функциясы өшірулі тұрды. Сіз шетелдік оқу орындарында тәлім тәрбие алып келген жас мамансыз. Бізді осындай қағазбастылыққа бағытталған формализмнен құтқарасыз деп сенеміз. Біздің мақсатымыз біреуді жамандау, шағымдану емес. Мақсатымыз, осы оқу орнының қалай да абыройын арттырып, беделін асқақтату ғана. Дұрыс түсініп, дұрыс шешім қабылдайсыз деп сенеміз. Құрметпен хат жазушы осы оқу орнының бір топ оқытушылар құрамы деп білерсіз
Жауап:
Құрметті оқытушы! Университет тынысындағы жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша пікір білдіріп отырғандарыңыз қуантады. Сіздердің пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша 2021/2022 оқу жылына сағаттық жүктеменің нормасы 1 штатқа 680 сағаттан кем болмауы керек деп бекітілген. Университет көрсетілген норманы асырмай ең төменгі сағаттық жүктемені бекітті, яғни жүктеме 570 сағаттан асырылмады. Оқытушының ОӘҚ (оқу әдістемелік құралы) жүктелуі міндетті, себебі қазіргі таңда әлемде және Қазақстанда болып жатқан Covіd-19 індетіне байланысты оқу форматы аралас түрде, яғни онлайн-офлайн жүргізілетіндіктен, көп білім алушылар ақпаратсыз қалып қалатын жағдайлар аз емес. Оны жүйелі түрде университеттегі оқу сапасының көрсеткіші жайлы студенттер арасында жүргізіп отыратын сауалнамалар нәтижелері негізінде көз жеткізіп отырмыз. Университеттің барлық жұмысы білім алушыларға бағытталған болғандықтан, біздің басты міндетімізге айналып отыр. Сонымен қатар, қазіргі кезде білім бағдарламаларының авторлары кафедраның өздері екені бәрімізге мәлім, яғни пәндер жүктемесі 2021/2022 оқу жылына дайындық жүргізу барысында 2021 жылдың сәуір-мамыр айында бөлінген жағдайда, ОӘК материалдарын сапалы дайындап шығу үшін жеткілікті уақыт деп санаймыз. Оқытушылардың жұмысын көбейтпеу мақсатында ОӘК материалдарының шаблондарын былтырғы 2019/2020 оқу жылынан өзгертілмеген. Келесі 2022/2023 оқу жылында сағаттық жүктемені бөлу ережесін қайта қарастырамыз.
Сұрағыңызда маңызды мәселелерді көтергеніңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз. Университет қызметіндегі академиялық процестерді жақсарту үшін тиісті қадамдар жасаймыз. Сұрағыңыз үшін рахмет.
04-10-2021 15-15-53
Басқа
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5675 Саламатсызба, мен 2016 жылы педагогика психология мамандығына магистратурасына ақылы бөліміне түскенмін, 2017 жылы бала күтімімен академиялық демалыс алдым. Оқуға 2018 жылы отбасы жағдайымен, аяғым ауырлануына байланысты бара алмадым. 2019 жылы тағы бала босанып , уйде отырып қалдым. 1 жыл оқыған қағазым бар, отчисленмеге жіберіпті. Жалғастырғым келеді дистанционно түрде , восстановлениеге мүмкіндік бар ма?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Оқуға қайта қабылдау бойынша Педагогика және психология институтының оқу ісін ұйымдастыру және сүйемелдеу бөлімінің жетекшісі Ақтоты Төлеумұратқызы Ақжоловаға хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 7(727) 291-84-09, aktoty_72@mail.ru. Рахмет!
04-10-2021 12-23-12
Басқа
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5674 Қайырлы күн, Дархан Нурланович!
Біз ПИП магистрантымыз. Бізде ПЕД дизайн сабагы расписание бойынша өтпейді. Уақытылы өтуін сұрасақ мен өзім шешемін дейді. Яғни бізде бейсенбі болуы керек сабақ, дүйсенбі таңертең болады.
Және лекция сабағын бізге өтпейді.Лекция барысында дайын word - тан лекцияны ашып , озимизге окыткызып кояды. Лекция унеми орыс тилинде жазылган , оздериниз казак тилине аударып алыныздар деп лекция барысындар Марфуга Абсатовна камерасын , микрафонын оширип 15 минутка кетип калады. Бізде көпшілігімізде танертен 0,5 жұмыс, сол себепти бейсенби тустен кейын оз уактысында откенин калаймыз. Марфуга Абсатовна сабақтары, лекциялары бізге түсініксіз!
Жауап:
Құрметті білім алушы! Хатыңыз жауапты тұлғаларға жолданды. Оқытушыға қатысты шағымыңыз тексеріліп, тексеріс нәтижесіне сәйкес шешім қабылданады. Рахмет!
03-10-2021 00-24-44
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5673 Сәлеметсіздер ме? Обшежитие бойынша жащып тұрмын, екі апта өтті общежиетіні 2-4 курстарға береміз деген, әлі ешнәрсе айтылмай жатыр. Қайда барарымызды білмей қалдық. Общежите береді деп біз қайда бараымызды білмей қалдық. Құрметті ректор Дархан мырза осыны қолға алып, дүйсенбіге дейін жауабын айтсаңыз. Студенттерді ойлауларыңызды қалвймын.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Жатақхана бойынша толық ақпарат алу үшін институт директорымен немесе директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен хабарласуыңызды сұраймыз.
02-10-2021 22-59-16
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5672 Сәлеметсіз бе, ректор мырза. Неліктен қазақ группасында, орысша сабақ өтіледі? Кейін мұғалім семинарды орысша түсіндіріп, оны біз түсінбей, бізден мүлде бөлек нәрсені талап етіп отырады. Бекенова Назым апай (жги) сабақты орысша жүргізіп, біздің орысша түсінбегенімізге кінәләйді. Қазақ тобына тек ҚАЗАҚ ұстаздар дәріс оқысын, семинар жүргізсін.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Хатыңыз бойынша жауапты тұлғаларға тапсырма берілді. Өтінішіңіз қарастырылады.
01-10-2021 14-00-21
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5670 Мен Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 1 курс әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану мамандығында оқимын . Педагогикалық мамандықтарға 50400 степендия деп еді . Бізге 31423 тг төленді. Біз педагогикалық мамандыққа жатамызба ?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы педагогикалық мамандыққа жатады. Стипендияға байланысты сұрағыңызға жауап алу үшін Қаржы-экономикалық департаменті немесе институт директораты қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефондары: 291-37-54, 291-84-09. Рахмет!
30-09-2021 14-11-16
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5669 Здравствуйте! У Вас на главным корпусе не работает читальный зал, постоянно закрыто!!!
Жауап:
Здравствуйте! В учебном корпусе №6 на 4 этаже функционирует читальный зал для студентов Института филологии и полиязычного образования. В данном зале 1.10.2021-4.10.2021 проводились ремонтные работы. В связи с этим читальный зал был временно закрыт. С 5.10.2021 читальный зал открыт и принимает своих пользователей. Извините за временные неудобства.
30-09-2021 09-43-16
Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5668 Ректор мырза салематсыз ба?Ұстаздар мерекеміз құтты болсын!Менің сізге қояр сұрағым 1курс онлайнға кеткенге байланысты 2курста оқитын қызыма жатақханаға орналастыруыңызды сұраймын.Мен өзім жалғыз басты анамын.Квартира жалдап тұрғанда жағдайым көтермейді.Қажетті құжаттарды өткізіп қойды қызым.Нәтижесі қашан шығады?
Жауап:
Құрметті ата-ана! Білім алушыға жатақханадан орын берілуі үшін әлеуметтік жағдайын растайтын құжаттарымен бірге өтінішін жазып, өз институтының тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарына құжаттарын өткізуі қажет. Жатақханадан орын беру тәртібімен келесі сілтеме арқылы танысуыңызға болады:https://abaiuniversity.edu.kz/kz/2660/page/ . Рахмет!
29-09-2021 23-31-59
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5667 2021 жылдың түлегімін,биыл БӘД ДШжС мамандығына түстім,биыл грант бөлінбепті,алдағы уақытта грантқа ауысуға мүмкіндігім барма,және ақылы бөлімде 2-3-4 курсстарда оқу ақысына жеңілдіктер болама
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Оқу ақысына жеңілдік алу үшін Университет ректорының атына өтінішіңізді жазып, әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызбен бірге институт директоратына өткізуіңіз қажет. Өтінішіңізді комиссия қарастырады. Сұрағыңыз бойынша Өнер, мәдениет және спорт институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлжазира Бердәліқызы Ахметовамен хабарласуыңызға болады. Тел.: 87024072674.
29-09-2021 22-19-01
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5666 Құрметті, Дархан Біләлов! Сізге алтын белгіге берілетін 100% жеңілдік туралы жазып отырмын. Біз 2019 жылы оқуға түскенде тек ауызша емес,жазба түрде де "жақсы оқыған жағдайда келесі жылға СОЗЫЛАДЫ" деп уәде берілген болатын. 2 курсты 5-ке жаптық. Енді неге бастапқы позициядан бас тартып, жауапкершіліктен қашып отыр?! Біз осы сөзге сеніп, дайын тұрған гранттан бас тартып келдік. 100% жеңілдікті қайта қарастыруыңызды сұраймын.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Оқу ақысына жеңілдік алу үшін әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарды тіркеп, университет ректорының атына өтініш жазуыңыз қажет. Өтінішіңізді арнайы комиссия қарастырады. Рахмет!
29-09-2021 15-16-16
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Алмасаева АИДА Сұрақ № 5665 Сәлеметсіз бе,Дархан Нұрланұлы!Мен қазіргі таңда 3-курс студентімін.1-ші курсқа "Алтын белгі"мен оқуға түсіп,барлық сабағымды жоғарғы баллмен жауып,2-курсты да тегін,ешқандай ақысыз оқып ,білім алдым.Және де оқуға түсер кезде маған барлық курста сабақтарыңызды жоғарғы баллға жабатын болсаңыз,жыл сайын ақысыз тегін білім аласыз делінген болатын.Сонымен қатар,ҚАЗНПУ университетінің студенті,оқып жатыр деген анықтамалығымызда келісім-шарт бойынша делініп тұр.Биылғы 2021-2022 жылғы оқу курсын грантта оқығым келеді.Сізге ұсынатын ұсынысым,дәл менің жағдайымдағы студенттерге арықарай жыл сайын ақыысыз,тегін білім алуға мүмкіндік беруіңізді сұраймын.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Оқу ақысына жеңілдік алу үшін әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарды тіркеп, университет ректорының атына өтініш жазуыңыз қажет. Өтінішіңізді арнайы комиссия қарастырады.
29-09-2021 11-36-20
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5664 Мен БӘД мамандығының 3 курс студентімін, ақылы бөлімде оқимын, грантқа ауысқым келеді. Бос орындар болса , конкурсқа қатысу үшін нестеймін ?
Жауап:
Құрметті студент! Қысқы емтихан сессиясының нәтижесіне (GPA көрсеткіші жоғары болу керек) байланысты білім гранты бойынша босаған бос грант орындары болған жағдайда ауысуға болады. Ол үшін эдвайзеріңізге және Өнер, мәдениет және спорт институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Сауғабаева Гүлайнаға хабарласуыңызға болады: 7(727)-293-81-44, 8-701-687-30-53, gulaina-69@mail.ru.
29-09-2021 10-32-07
Басқа
Сұрақ қоюшы: Қарлығаш Әлішері Сұрақ № 5663 Мен 2017-2021жж. университет түлегімін. Биыл 4-жылдап төлеп алған дипломым қолымда. Дипломның апамның сорпасындай сыздықтап созылған жыры бітті ме десем, енді жаңартылған білім сертификатының әңгімесі басталды. Қанша жылғы еңбегіміздің дәлелі болар бір жапырақ қағазға күніміз қарап, қаншама адамға хабарластым. Заңды қағазымды заңсыз жолмен бергісі келгендері ме, қайдам, баяғыша ешкім “білмейді” қағаздың хабарын… Сонда кімге барамын? “Бармысың, бауырым…”-ға ма?!
Ашындырасыңдар ғой…
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Бітіруші курс студенттері оқу жылының басында 2 апта «Орта білім берудің жаңартылған мазмұны» курсын оқыды. Әр институт өзінің түлектеріне осы аталған курсты оқығанын растайтын сертификат берді. Сондықтан бұл сұрақпен оқыған институтыңыздың директоратына хабарласуыңызды сұраймыз. Сұрағыңыз үшін рахмет!
28-09-2021 21-57-25
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Жумабек Зарина Сұрақ № 5662 Сәлеметсіз бе! Мен СҚИ 3курс студентімін және “Алтын белгі” иегері. 1курстан осы Алтын белгі скидкамен оқып келе жатырмын. Бағаларым бәрі А, А+. Сол скидкамен тегін оқу жалғасуын өтінемін. Бізде келісім бойынша GPA балл 3,67ден төмен болмауы керек делінген. Сондықтан, өтінішімді қабыл алуыңызды сұраймын
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Оқу ақысына жеңілдік алу үшін университет ректорының атына өтініш жазып, әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды институт директораты басшылығына өткізуіңіз қажет. Өтінішіңізді арнайы комиссия қарастырады.
28-09-2021 21-21-50
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Бердешова Аягоз Сұрақ № 5661 Сәлеметсіз бе, Дархан Нұрланұлы! Мен - 3-курс студентімін. 2019 жылы "алтын белгілерге" университет тарапынан грант, яғни 100% жеңілдік ұйымдастырылған болатын. Бір жылға берілгенімен, әр сабақты 90+ жапса онда ол әрімен қарай созылуы керек деген келісімшарт жасалғанды. Қабылдау комиссиясы да түскен кезде жақсы оқысаң жалғасады деп иландырған еді. Екінші жылы ұзартылған жеңілдік, алайда биыл сақталмайды деп жатыр. Осы екі жыл ішінде әр пәннен өте жақсы балл алғанмын. (GPA:4)
Сізден жеңілдікті үзартып беруіңізді өтініп сұраймын. Біздің жағдайымызға еніп, қолдап, түсінеді деген үміттемін. Рақмет!
Жауап:
Құрметті студент! Оқу ақысына берілген жеңілдік тек бір жылға беріледі. Жеңілдік алу үшін университет ректорының атына өтініш жазып, әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды институт директораты басшылығына өткізуіңіз қажет. Өтінішіңізді арнайы комиссия қарастырады. Рахмет!
28-09-2021 12-13-36
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5660 Мы ВТОРОЙ курс хотим учиться онлайн, и требуем от вас. Пожалуйста отправьте нас на ОНЛАЙН. Другие университеты слушает же студентов, а вы когда слушаете нас?
Мы посещаем университет только 1 день,ради 2 урока. Еще Алматы сейчас в красном зоне. Лучще отправьте нас домой, мы волнуемся за нашу здоровье.
Мы ВТОРОЙ курс хотим учиться ОНЛАЙН Пожалуйста отправьте нас домой!!!
Другие университеты отправляют же на онлайн
Жауап:
Здравствуйте! Учебный процесс осуществляется в смешанном формате с соблюдением санитарно-эпидемиологических требований. Касательно решения Вашего вопроса просим обратиться к руководству института. Спасибо!
27-09-2021 22-03-46
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5659 Анау 2-ші жатақханадағы Салтанат апай адамға тыныштық бермейді не өзі де алмайды не бізге демалдырмайды әр студентке тисе береді адамға жекіріп сөйлейді сол апайдың кесірінен аш қалдық бытовканы яғни асхананы 8:30 немесе 9 да жауып тастай береді не тамақ жасап үлгермейміз не ыдыс жуып үлгермейміз ұйықтап жатсақ бөлмемізге рұқсатсыз кіреді басымызда тұрып алады тұр деп өзінің шаруаларын бізге істеткізеді біз апайдың жұмысын жасаушын емес оқу үшін келдік
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз бойынша жауапты тұлғаларға тапсырма берілді. Қызметкерге ескерту жасалады.
27-09-2021 12-54-20
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Студент Сұрақ № 5658 cәлеметсіз бе,Ректор мырза
стипендия неге кешіктіріліп жатыр екен??? әр айдың 20-сншы жұлдызы түсетін еді ғой
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Стипендияға байланысты сұрақтар бойынша студенттік бухгалтерия қызметкерімен хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.: 291-37-54. Рахмет!
Барлығы: 4046