29-10-2021 15-44-27
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5748 Мен физика математика жане информатика факультетынын 2-курс магистранты едым , менин босану срогым желтоксан айынын 20-22 кундеры болуына байланысты сессиядан босатуга немесе кейнрек тапсыру жайлы кайдан білсек болады
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Өтінішіңізді жазып, еңбекке жарамсыздық туралы анықтамаңызды институт директоратына тапсыруыңыз қажет. Сұрағыңыз бойынша Математика, физика және информатика институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ш.И. Хамраевпен хабарласуыңызға болады. Тел.: 8 (727) 261-15-76. Рахмет!
28-10-2021 19-45-11
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5747 Кайырлы кун, Дархан Мырза! Мен 1-курс магистрантымын жане мен ушин де, баска группаластарым ушын де сабактын тускы 1-2де батлуы ынгайсыз. Озыныз де билесиз казир тек оку окып кана журетин заман емес, косымша педагогтык кызметты де аткарып журмыз. Биздин жагдайымызга да кирип сабакты 4-5 уакытына немесе онлайн етуынызды сураймыз. Казир биз аптасына 2 кун офлайн баруымыз керек. Сабактын тапа-тал тусте басталуы колайсыздык турады, калаынын бир шетинен екинши шетине журип ак уакыт жогалтамыз. Отиниш, толык онлайнга отуды карастырынызшы, студенттер пикирин билуге анкета жасап кориниз. Баска каладан келип окып, я жони дурыс жумыс истей алмайтындарга да киын. Магистранттар мектеп битирген тулек емес кой, ересек адамдар, тек кана сабакпен шектеле алмайды. Оган алеуметтик, отбасылык факторлар асер етеди. Отинишимди, кабыл алып, магистранттар арасынан да сухбат жургизулеринизди сураймын. Жагдайымызга тусинистикпен карауды отинемин.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! ҚР Білім және ғылым министрлігінің нұсқаулық хатына сәйкес студенттерді қашықтан оқыту COVID-19, өкпе пневмониясының немесе басқа вирустық аурулардың белгілері болған жағдайда, олардың өтініші негізінде жүзеге асырылады.Санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтай отырып, сабақтар келесідей форматта оқытылады: дәріс сабақтары - онлайн, семинарлар, практикалар, зертханалар, дене шынықтыру сабағы - офлайн өткізіледі.
28-10-2021 09-45-19
Басқа
Сұрақ қоюшы: Жанна Акназарова Сұрақ № 5746 Құрметті
Дархан Біләлов мырза!
Мен Сізге тапсырыс берген құжатымның кешіктіріліп жатқандығын хабарлап,қадағалауға алуыңызды сұраған едім. Құжатты тұрғылықты жерімнің ХҚКО почтасынан алдым. Тапсырған мамандарыңыз,департамент басшысы,Нұрсағила Байкенқызы хабарласып ,құжаттың кешіктірілу себебін айтып,түсіністікпен қарауымды өтінген болатын. Рас,тегім өзгерген болатын.Бүгінгі күнде менің ешкімге ешқандай шағымым жоқ.
Құжатты мүмкіндігінше тездетуге тырысты.
Сіздерге үлкен рахмет! Қара шаңырақтың көркеюін тілеймін.
Ешкімге зияным тимегенін қалаймын.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Пікір білдіргеніңіз үшін рахмет!
28-10-2021 08-07-52
Басқа
Сұрақ қоюшы: Жадыра Сұрақ № 5745 Сұрақ қоюшы: Жанна Акназарова
Сұрақ № 5727
Дархан Біләлов мырза!Менің осы үшінші өтінішім.Дипломның қосымшасын не үшін жібере алмай отырғандықтарыңызды ресми хат арқылы түсіндірулеріңізді сұраймын. Менің жұмыс орнымнан қойылып отырған талапқа сай мемлекеттік тапсырыс бергеніме 2 ай болып жатыр.Жауап күтемін.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Диплом қосымшасының электронды нұсқасы Сіздің электронды поштаңызға, түпнұсқасы Степногорск қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығына жолданды. Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін Тіркеу кеңсесінің маманы Н.Б. Исабаевамен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефондары: 87029467358, 8(727) 291 18 53. Рахмет!
Құрметті ректор мырза!!! осы блогты жүргізіп не қажеті бар? егер нәтиже болмаса, шешым шығармасыңыз..... қанша рет жазсақта Н.Б.Исабаеваға еш шара қолданбасаңыз, сол зейнеткер осыншама арыздардан соң жұмысында тексерыс жоқ, қайта күшейып дауысын көтеріп қалыпты бізге, не істеп аласындар дегендей..... әлде келісіп алама бастықтармен? Министрлікке шағым жибердік, ол жақтан хабар болмаса сыбайлас жемқорлық комитетін ашық түрде шақырып тексеріс жүргізуді талап етеміз. ол кісідей адам сіздің басқарып отырған ұжымымызға кедергі келтіріп отыр, университеттің үнемі дЕңгейін түсіріп, парадан көз ашпай отыр, қазыр біздің арыздан соң тынышталып қалыпты, бірақ уақыт өте қайталайды деп ойлаймыз.жауап күтеміз.
Жауап:
Құрметті Жадыра! Қызметкер Н.Б. Исабаеваның жұмысына қатысты шағымдар мен Жанна Акназарованың өтініші бойынша қызметкерден түсініктеме алынып, басшылық тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілген болатын. Сіздің бүгінгі шағымыңызды қарастыру үшін қызметкердің нақты пара алу фактісіне қатысы бар екенін дәлелдейтін мәлеметтеріңізді rector_blog@abaiuniversity.edu.kz электронды поштасына жолдауыңызды сұраймыз.
Егер шағымыңызда аталған мәліметтерді растайтын дәлелдер болмаған жағдайда шағымыңыз Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша жала жабу, яғни адамның ар-намысына нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн жалған мәлiметтер тарату әрекеті ретінде қабылданатынын ескертеміз. Рахмет!
27-10-2021 23-08-17
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5744 Сәлеметсіз бе? Мен МЕК-203 тобының студентімін.Қазіргі таңда Алгебра и теория чисел пәнінен Сеитова А.А беріп жатыр.Біз сол мұғалімді ауыстыруыңызды өтінеміз! Себебі, сабаққа орысша дайындалып келеді біздің біраз уақытымыз сол орысшаны қазақшаға аударумен өтеді.Өзі де қазақша дұрыс білмейді десем қателеспеймін.Сонын нәтижесінде біз сабақты дұрыс түсінбейміз! Онымен қоса универ жүйесіне баллдарымызды уақытылы қоймайды.Қорытынды балл шығатын уақытта қойып, баллымыз дұрыс қойылмағанын, кей баллды есептемегенін ескертсек, қазір кеш мен жөндемеймін деген сияқты сөздер айтып өзінің қателерін бізге жабады. Және студенттерге боғауыз сөздерді де айтатын кездері болып тұрады. Өтінішімізді бей-жай қалдырмайды деген үміттеміз,Дархан Біләлов!
Жауап:
Құрметті студент! Шағымыңыз назарға алынды. Хатыңызда аталған мәселелерді тексеру үшін жауапты тұлғаларға тапсырма берілді.
27-10-2021 16-26-21
Басқа
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5743 Здравствуйте, Дархан Нурланович! Сегодня 27 октября, а заработная плата за октябрь до сих пор не поступила. Обычно зп поступала до 25 числа. Нам ипотеку, комуслуги на какие деньги платить? Пожалуйста, примите меры.
Жауап:
Уважаемый сотрудник! Согласно Положения об оплате труда, материальном стимулировании и социальной поддержке работников НАО «КазНПУ им. Абая» часть заработной платы за текущий месяц (аванс) выплачивается до 20-го числа каждого месяца, вторая часть - до 5-го числа следующего месяца. Спасибо!
27-10-2021 13-12-59
Басқа
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5742 Құрметті Дархан Нурланович! Біздің айтайын деген мәселеміз сіздің қоластыңыздағы қызметкердің қызметтік этикасының төмендігі туралы. Ол қызметкер АХЧ істейтін Нұрлан деген азамат туралы. Бұл Ұлттық педагогикалық университет болған соң барлық қызметкердің өз қол астындағы жұмыскерлеріне мәдениетті сөйлеуі керек қой. Ал мына Нұрлан өте дөрекі алдында әйел адам тұр ма ер адам тұрма ажыратып жатпайды боқауыз сөздермен жекіп айқайлап ұрысып сөйлейді. Және коменданттар болсын басқада қызметкерлер болсын бірінші қоятын сұрағы сен мен жақсың ба алде менің жауымсыңба деп айқайлап береді, Бұл адам нағыз жемқор адам,сіз білмейсіз сіздің сыртыңыздан бұлардың не істеп жүргендерін , Яғни тонаушылықпен айналысады. Жатақханаға студенттердің постеліне двухспалка алып тендрден өз қалтасын қампитты. Басқа корпустар мен жатақханалардан списаниеге шыққан заттарды өздері уйді уйлерині артып әкетеді. Завсклад Жігер Пралиев кетіп Балықбаев келіп жатқан кезді пайдаланып 6 камаз университеттің жабдықтарын үйлеріне тасып әкетті. Бұндай жемқорлардың көзін құртпай университет көркеймейді. Бұрындары сол АХЧ да жұмыс жасаған Әмірхан деген жігіт те осы университеттің арқасында котедж салып алды деп естідік. Сонымен қатар Клара ханым сіздің де құлағыңызды түре жүргеніңіз жақсы болады.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз бойынша жауапты тұлғаларға тапсырма берілді. Басшылық тарапынан тексеру жұмыстары жүргізіледі. Тексеру нәтижесіне сәйкес тиісті шешім қабылданады. Рахмет!
27-10-2021 11-36-17
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Сымбат Сұрақ № 5741 Здраствуйте. Когда публикация студентов бакалавра, о том что мы перевелись на грант. Мы летом жпи балл сдали. Уже ноябрь, говорят чтобы мы уже половину оплатили. Родители спрашивают дату. ЖГИ спасибо.
Жауап:
Уважаемый студент! Список обучающихся, назначенных на вакантные образовательные гранты, размещается на сайте университета в разделе «Объявление». Также Вы можете узнать подробную информацию в директорате своего института. Спасибо!
26-10-2021 16-40-07
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5740 Саламатсыз ба?! Қызыл диплом алу шарты GPA балл 3,7ден жоғары болу керек дегкн шын ба? Қызыл диплом алу шарттары және ол үшін не істеу керек?
Жауап:
Құрметті білім алушы! Жоғары білім берудің білім беру бағдарламасы бойынша А, А- - «өте жақсы», В-, В, В+, С+ - «жақсы» деген бағаға емтихан тапсырған және оқу үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ кешенді емтихан тапсырған немесе диплом жұмысын (жобасын) А, А- - «өте жақсы» деген бағаға қорғаған білім алушыға үздік диплом (оқытудың қосымша түрлері бойынша бағаларын есепке алмағанда) беріледі.
Оқу кезеңінде емтиханды қайта тапсырған немесе қайталап тапсырған білім алушы үздік диплом алмайды.
Қорытынды аттестаттауға дейін GPA көрсеткіші 3,5-тен төмен болған білім алушы үздік диплом ала алмайды.
25-10-2021 22-42-52
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5739 Сәлеметсіз бе ректор мырза! Сізден 2021-2022 оқу жылын онлайн форматқа ауыстыруыңызды сұраймыз. Сабақ кестесі бойынша, университетке аптасына 1-2 рет қана барамыз. Сол үшін қымбатқа пәтер жалдап отырмыз. ҚР Білім және ғылым министрлігінің нұсқаулығына сәйкес әрбір оқу орны өзінің академиялық саясаты мен шарттарына байланысты аралас оқыту форматына көштік ол бойынша студенттер дәріс сабағын онлайн, ал семинар сабақтарын оффлайн форматта оқуымыз керек. Бірақ біз дәріс сабақтарын ғана емес, семинар сабақтарының жартысынан көбін онлайн форматта оқып жүрміз. Ол дегеніміз біз нұсқаулыққа сәйкес оқып жүрген жоқпыз! Көптеген студенттерге жатақханадан орын бөлінбеді. Жатақхана жетіспеушілігінен біз 2-3 қыз бірігіп, ай сайын 200 мыңға бір бөлмелі пәтер жалдап отырмыз. Пәтер бағасы әр студентке 40-50 мыңнан айналып отыр. Сонда аптасына бір күн 4 сабаққа 4 сағат отыруға барамыз. Шәкіртақымыз 50мың теңге болса да, ол пәтерақымызды төлеуге, тамаққа, киімге, ары-бері жүрісімізге жетпейді. Жетіспеген соң жұмысқа тұруға мәжбүр болдық. Сол себепті сабақпен бірге жұмысты алып жүру бізге қиын! Арамызда короновируспен ауырып қалғандар да бар. Ата-анамыз біздің денсаулығымыз үшін алаңдаулы. Қаладағы өзге ЖОО "оффлайн" форматынан студенттердің қалауымен "онлайн" форматқа ауысқан көрінеді. Ұзын сөздің қысқасы сізден ҚазҰПУ-дың 2-3 курс студенттерінің атынан осы семестрді онлайн форматқа ауыстыруыңызды сұраймыз!!! Студенттердің талап-тілектеріне құлақ асарсыз деп үміттенеміз.
Жауап:
Құрметті студент! Оқу үрдісі университеттің Академиялық күнтізбесіне сәйкес және қазіргі пандемия жағдайына байланысты аралас форматта өткізілуде. Сіз университет білім алушысы ретінде оқу орны бекіткен талаптарға сәйкес сабаққа қатысып, толыққанды білім алуыңыз керек. Сұрағыңыз үшін рахмет!
25-10-2021 15-35-40
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5738 Добрый день!13 октября текущего года была в университете в районе 15:30-16:00. Необходимо было проконсультироваться в отделе Шапагат. При входе сидели две девушки с ноутбуком. На мой вопрос одна из девушек славянской национальности попросила продиктовать ИИН, номер телефона, а также код подтверждения, объяснив это тем, что проверит меня по базе медицинской страховки, т.к. для студентов это обязательно. В итоге 14.10.2021г. мне пришло уведомление, что у меня поменялась поликлиника. Эта девушка без моего ведома, обманным путем прикрепила меня в частную поликлинику, что создало для меня проблемы, т.к я проживаю территориально в другом районе и не могу более попасть к своему лечащему врачу. Повторно открепиться не получилось ни в самой поликлинике, ни через ЦОН. Просьба проводить разъяснительную работу со студентами,которые привлекаются к такой работе, чтобы избежать в будущем таких инцидентов.
Жауап:
Здравствуйте! Ваше обращение для рассмотрения ситуации направлено проректору по социальному развитию Нурланову Шынгысу Нурлановичу. Для получения ответа просим позвонить ему или записаться на личный прием. Тел.: 293-81-85. Спасибо!
25-10-2021 14-22-04
Басқа
Сұрақ қоюшы: Бексултанова Мадина Болатовна Сұрақ № 5737 Сұрақ қоюшы: Бексултанова Мадина Болатовна
Сұрақ № 5735
Сіздердің қызметкерлеріңіз Нурсагила Байкенова менің 19.10.2021ж. диплом қосымшсының дубликатын алу туралы жіберген сұранымды қабылдап, орындауға жібергеніні туралы хабарлады. Үлкен рахмет. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Университет қызметкерлерінің жұмысына пікір білдіріп, байланыс орнатқаныңызға рахмет!
24-10-2021 19-16-30
Басқа
Сұрақ қоюшы: БББ Сұрақ № 5736 құрметті ректор! сізге қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы ретінде жазып отырмын. Біз әлі күнге дейін көпшілігіміз студентердың құжаттарын тапсыра алмай журмыз, өйткені студенттік бөлімі, атап айтқанда Ултуар, Сая ханымдар қабылдамайды, әр ұсақ -түйектен кемшілік табады, мысалы, фамилияны 3 тылде склонение жасандар деп талап етеді, біз жасаған болсақ та баска сылтау табады, ата - аналар туралы ақпарат жазып бер деп (документ кабылдаганда анкетада ондай толық мәлімет жаз деп талап етілмеген) и т.б. қатысы жок нарсе жасандар деп талап етеді.Студенттертік бөлімі қабылдау комиссиясы кезінде бізге не және қалай толтыру керектігін көрсеткен жоқ. Оқу бөлімінің қызметкерлерінен жиі дөрекі сөздер естиміз. Жұма әріптесім екеуміз оны түскі астан 1,5 сағат бойы күтіп отырдық. Қабылдау комиссиясының мүшелеріне деген немқұрайдылық сезіледі. Оқу бөлімінің қызметкері айқайлайды және оны қалай жасау керектігін түсіндірместен кабинеттен шығуды сұрайды. 21 ғасырда біз өмір сүріп жатырмыз! неліктен техникалық хатшылардың барлық жұмысы 1 адамға байланысты болуы керек.
Жауап:
Құрметті техникалық хатшы! Университеттің «Univer» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі мәліметтер Ұлттық білім беру деректер қорына енгізілетіндіктен, әрбір студент туралы мәліметтің толық, айқын енгізілетіндігін талап етіп отырғаны дұрыс.
Шағымыңыз бойынша басшылық тарапынан қызметкерлерден түсініктеме алынып, ескерту жасалды. Қызметкердің қызметтік әдеп нормаларын бұзғандығы туралы хабардар еткеніңізге рахмет!
22-10-2021 12-20-24
Басқа
Сұрақ қоюшы: Бексултанова Мадина Болатовна Сұрақ № 5735 Мен 1992 жылы осы университеттің филология факультетін қазақ бөлімін бітіргенмін. Қазіргі уақытта осы мамандық бойынша жұмыс істеп жүрмін. Жақында диплом қосымшасын жоғарлып алдым. Қалпына келтіру үшін ЦОНға тіркеліп өтініш жаздым, олар сіздерге запрос жіберіпті. Осы жұмысты тездетуге бола ма?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Диплом қосымшасын қалпына келтіру мәселесі бойынша Тіркеу кеңсесінің маманы Н.Б. Исабаеваға хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 87029467358, 2911853, 2911665. Рахмет!
20-10-2021 01-13-55
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5734 Сәлеметсіз бе?!Осымен 3ші рет сұрақ қойып отырмын!Шығарсыңыздаршы!Бұл тек 1 ғана студенттің емес бірнеше студенттің көкейіндегі сұрақ!Эдвайзерден мардымды жауап ала алмаған соң осында жазып тұрмын!Бізге осы семестрде жол ақысы түседі ме?Өзге ЖОО алып жатыр екен.Атап айтқанда Ату ЖенПу Сәтпаев IT т.с.с.Бізге қашан бөлінеді?Ол туралы қайдан білсек болады?ЖАУАП КҮТЕМІІІН!!!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Стипендия әр айдың 20 күні беріледі. Білім алушыларға жол ақысын төлеу туралы бұйрық және министрлік тарапынан қаржыландыру болса, міндетті түрде төленеді. Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпаратты Қаржы-экономикалық департаменті қызметкерлерінен алуыңызға болады. Байланыс тел.:291 30 67, 291 34 57. Сұрағыңыз үшін рахмет!
19-10-2021 22-05-43
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5733 Салеметсизбе?!менин сурагым жауапсыз калмаса екен мен оку акылы болиминде химия-Биология -химия факултетинде география-биология мамандыгында окыдым 1групада 2007ж тусип 2011ж 4 курста жеке омириме байланысты битире алмай 4 курстын ортасында оплата толей алмадым турмыска шыкансон киындыктар инвалид перзент дуниеге акелип диплом жайлы ойлауга муршам болмады сол себепти калай болады 3 курс толык толенген 4 курсты жалгастырсам болама оган женилдикпен карайсыздарма алде окдемический бересиздерма орхивтен кужатты алып окуымды жалгастыруыма болама.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Оқуыңызды жалғастыра аласыз. Сұрағыңыз бойынша Жаратылыстану және география институтының директоратына (291-47-66) немесе білім алушылармен жұмыс бөлімінің жетекшісі Л.Н.Демеуоваға хабарласуыңызға болады. 291-64-57, 8 701 851 04 29. Рахмет!
19-10-2021 21-41-24
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5732 Сәлеметсізбе ағай. Біздерді 2 курстарды 1 курстар келгенше жіберіңізші онлайнға 2 семестр келеді дедіңізғой 1 курстар біздерді де сол семестрге дейін. Өтініш ағай. 2 семестрге дейін 2-3 айғой қалғаны. Сол уақыттың оқу форматын өзгертіңізші онлайнға өтініш сізден ағай.
Басқа университет ректорлары тіпті 4 курстарды да жіберіп жатырғой. Өтініш ағай 2 курстарды жіберіңізші онлайнға 1 курстар келгенше.
Ағай өзіңіздіңде балаларыңыз бар шығар, бізді де солардан кем көрмей түсініңізші. Түсіністікпен қарап 2 курстарды жібересіз деп ойлаймын онлайнға
Ағай өтініш сізге. Құрметті Дархан Билялов.
Жауап:
Құрметті студент! Оқу форматына қатысты өтінішіңізді түсінеміз. Сіздер толыққанды білім алып, бәсекеге қабілетті маман болуларыңыз үшін дәстүрлі оқыту форматында оқуларыңыз қажет. Қазіргі уақытта университет өз тарапынан аз қамтылған отбасынан шыққан жоғары курс студенттерін де жатақханамен қамтамасыз етіп, барынша жағдай жасап жатыр. Сәл шыдамдылық танытуларыңызды сұраймыз. Рахмет!
19-10-2021 21-35-31
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5731 Сәлеметсізбе, Дархан Билялов?! Сізбен қашан жиналыс болады? Оқу жылы басталғалы сізбен бірде бір рет жиналыс болмапты. Оқу форматы туралы өтініштеріміз бар, соны талқыласақ студенттер мен ректор болып жиналыста
2 курс студенттері
Жауап:
Құрметті студент! Оқу жылының басында өзін-өзі басқару ұйымдарының белсенділерімен және профессор-оқытушылар құрамымен кездесу өткізілді. Алдағы уақытта білім алушылармен кездесу өтеді. Кездесу уақыты мен күні алдына ала институт тарапынан хабарланады. Рахмет!
19-10-2021 17-01-38
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Жандарбеков Ерлан Сұрақ № 5729 Салеметсизбе Дархан Нураланұлы мен 4 курс студентімін ауылдан Алматыға келгеніме 3 күн болды.Сізге жатақхана мәселесі бойынша жазып отырмын. #5 жатақханада 10 орын бос екендігін естідім алайда Манапбаев Нұрболат ағай 10 орын бос тұр бірақ бере алмаймын деп қайтарып жатыр. ал менің Алматыда туысқандарым жоқ болғандықтан 3 күннен бері көлікте түнеп жүрмін. сізден өтінерім жатақханаға жайғастырып беруіңізді сұранамын!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Жатақхана мәселесі бойынша өтінішіңіз әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шынғыс Нұрланұлы Нұрлановқа жолданды.Өтінішіңіз міндетті түрде қарастырылады. Рахмет!
18-10-2021 21-55-10
Студенттен
Сұрақ қоюшы: арман Сұрақ № 5728 здраствуйте , я студент 2 курса ускоренник , фил факультет , как я могу перевестись в другой универ с сохранением гранта ?
Жауап:
Здравствуйте! По поводу перевода просим обращаться к заместителю директора по учебной работе института, в котором Вы обучаетесь.
Барлығы: 4046