12-03-2022 21-52-10
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6077 Здравствуйте, Уважаемый Дархан Нурланович. Пишут вам студенты 3 курса русского отделения Института Математики, Физики и Информатики. В недавней беседе с куратором, мы узнали что нашу специальность могут закрыть, так как мы малокомплектная группа. Мы учимся на Гранте и оплачиваем жилье сами, так как в общежитии нет мест.
Доучившись в этом вузе до 3 курса, на каком основании от нас требуют переводиться в другой Вуз? Существует ли такой приказ? Поинтересовавшись образовательной программой другого вуза вышло то, что возникает очень большая разница в предметах. И чтобы сдать эту разницу, нужно оплатить огромное количество кредитов, примерно 300-400 тысяч тенге, которые мы не в состоянии оплатить, не по карману.
Проси решить данную проблему и разрешить доучиться нам в этом Вузе.
Жауап:
Уважаемые студенты! В настоящее время, действительно, проводятся работы по оптимизации нерентабельных малочисленных учебных групп. Для получения полной информации просим вас обратиться в директорат Института математики, физики и информатики, и вам будут разъяснены все вопросы, которые вас волнуют. Спасибо!
12-03-2022 16-20-09
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Муратова Айзере Сұрақ № 6076 Саламатсыз ба құрметті Дархан Нұрланұлы! 2021-2022 оқу жылының 2 семестрінде ,24 наурыздан бастап 1 курс студенттері дәстүрлі форматта оқиды деген ақпарат алдық. Алайда, денсаулық жағдайыма байланысты қазіргі кезде сырттай ем қабылдап жүргеніме орай осы семестрді онлайн форматта аяқтауға мүмкіндік бола ма екен? Себебі,ем қабылдауды үйден алу ыңғайлы болар еді.Тұрғылықты мекен жайым Батыс Қазақстан облысы.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық мәлімет алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қызметкерлерімен хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс деректері: 291-13-71, 291-71-06, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!
11-03-2022 18-48-42
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6075 Құрметті, Дархан Нұржанұлы, мен 2 курс студенти болам. Қазіргі таңда жатвқханада тұрып жатырмын. Бірінші курс келетін жағдайда, біз общежитиеден шығарыламыз. Ал бізге басқа квартира тауып оны жалдау қаржы жағынан қиынға соғып тұр. Мүмкін болса енді қалған екі айға жатақханадан шыққымыз келмейді. Осы мцселе жағын қарастырасыздар ма?!!!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Жатақхана мәселесі бойынша оқып жатқан институт директоратына немесе директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына хабарласуыңызды сұраймыз. Рахмет!
11-03-2022 15-17-48
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6074 Оқытушының өзіне жағымпазданған студентке жоғары балл қоюы, сонымен қоса басқалардың оқып келгенін елемеуі, бағаламауы қаншалықты дұрыс?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңызды қарастыру үшін нақты оқытушының аты-жөнін жазуыңызды сұраймыз. Сұрағыңыз ескеріледі.
11-03-2022 14-22-28
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6073 Сәлеметсіз бе, үшінші курста оқимыз . Әлі бір де бір практика өтпедік! Практиканы енді қай уақытта өтеміз оған кім жауапты?
Жауапты адамның номерін қалдырсаңыздар...
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Хатыңыз бойынша жауапты тұлғаларға тапсырма берілді. Практикадан өту мәселесімен институт директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарымен хабарласуыңызға болады. Рахмет!
11-03-2022 12-34-20
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6072 Сәлеметсіз бе, ректор мырза! Мен Сорбонна институтында 2 курс оқимын. Менің айтайын дегенім, 1 курстардың келуіне байланысты 25 наурыз күні жатақхананы босатасыңдар деді. Семестрдің ортасында қайда барып жатамыз. Сабақтың бітуіне 2ай ғана қалды. Мен көпбалалы отбасынанмын. Грантта оқимын. Алыс аймақтанмын және қалада туыстарым жоқ. Пәтер жалдауға жағдай келмейді. Ал мен не істеймін барар жерім жоқ. Институт жатақхана сендерге берілмейді, енді сұрап келмеңдер дейді. Сонда біз не істеуіміз керек. Сорбоннадан көпте студент жатпайды, 25-35 шақты орын бөлсеңіздерде болады ғой. Мен жатақхананы босата алмаймын. Түсіністікпен қарасаңыз деймін. Мәселені шешерсіз деген ойдамын. Жатақханада қалуыма рұқсат беріңіз. Рақмет!
Жауап:
Құрметті студент! Қазіргі уақытта Абай университетіне қарасты жалпы сыйымдылығы 1 287 білім алушыға арналған 5 жатақхана бар. Білім алушыларды жатақханаға орналастыру жұмыстары «Univer» жүйесі арқылы жүргізіледі. «Univer» жүйесіне түскен өтініштерді арнайы комиссия құрамы қарастырып, белгіленген әлеуметтік категорияларға сәйкес үлестіреді.
Жатақханадан орын беру басымдылығы бірінші курс студенттеріне, толық жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын; көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан тұлғаларға беріледі. Жатақханадан орын беру ережесімен сайтымыздан танысуыңызға болады: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/2660/page/ .
Биыл университеттегі жатақхана тапшылығын ескере отырып, университет басшылығы 156 орынға жалдамалы жатақхананы жалға алып, әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан жоғары курс студенттерін де жатақханамен қамтамасыз етіп отыр. Қазіргі уақытта елдегі ахуалдың тұрақталуына байланысты 1 курс студенттері 2022 жылдың 20 наурызынан бастап офлайн форматта оқуға келеді. Түсіністік танытуыңызды сұраймыз. Жатақханадан орын алуыңыз үшін белгіленген ережеге сәйкес өтінішіңіз бен әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды өткізуіңізге болады. Рахмет!
11-03-2022 07-49-06
Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Ата ана Сұрақ № 6071 Құрметті ректор мырза!
Мен ата ана ретінде айтар шағымым бар.
Бұрынғы ректор Балыкбаевтын кезінде жатақаналардың коменданттарында тәрті болатын.
Қазір олар қайта өз әндеріне басып жатыр.№5 жатақананың коменданты осы 8 наурызға студенттерден ақшалай сыйлық талап еткен.Оларда ақша қайдан болады ата аналарынан алмаса. Содан олар дастархан жайған.Сонымен қатар Гулмира деген душ пен прачкаға жауапты жұмыскер 09.03.22 күні не душты ашпаған не прачканы ашпаған. Айқайлап ұрсып дөрекі сөздер айтқан. 09 наурыз күні сабаққа жуынып бармақшы болған студенттерге. Ол Гулмира прачкаға өзінің жеке мақсатына пайдаланады дейди студенттер.Бұл недеген сұмдық егер шамаларыңыз келмесе мен ТВ шақыртамын.Анау комендант кабинетине кирип алып диванда уйықтайды екен барлық қағаздарын өзінің сүйікті студенттеріне істетеді екен. Оларда дөрекі сқйлейди екен.
Тағы бір мәселе осы комендант№5 тің физ-маттың тәрбие орынбасарынмен бірігіп направлениені жатақханаға алған заңды соны ақщаға сатып ақщасын бөліп алып отырған. Студенттерден ештеңе жасыра алмайсыз. Олар бәрін біліп айтып жүр өз араларында.Осыған шара қолданбасаңыз мен 31 каналды шақыртамын. Дардай университетке уят!
Жауап:
Құрметті ата-ана! Шағымыңыз назарға алынды. Хатыңыздағы мәселені анықтау үшін жауапты тұлғаларға тапсырма берілді. Тексеру жұмыстарының нәтижесіне сәйкес қызметкерлерге қатысты тиісті шешім қабылданатын болады.
10-03-2022 20-30-38
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6070 Арт билим бизге не ушин керек?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Арт білім беру пәні 2019 жылдан бастап енгізілген. Арт білім беру пәні пәнаралық жоғары оқу орны таңдаған пән ретінде студенттерді өнерге баулу және жан-жақты мәдениетті етіп тәрбиелеуге арналған курс болып табылады.
Пәннің мақсаты - Қазақстан ғылымының түрлі салаларындағы болашақ мамандарды ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі тарихи кезеңдерде Қазақстанның бірегей мәдени сан алуандығының қалыптасу ерекшеліктері мен генезисі туралы базалық біліммен қамтамасыз ету. Курс аясында Қазақстанның көркем мәдениетінің дамуының негізгі кезеңдері қарастырылады, бейнелеу және орындаушылық өнердің әртүрлі түрлерінің генезисінің ерекшеліктеріне қысқаша талдау жасалады. Қалыптасатын құзреттіліктер: шығармашылық және ғылыми қызметті тиімді ұйымдастыру үшін қажетті іскерліктер, сыни ойлау негіздері, жобалау қабілеттілігі, ой құру және шабыттануды дамыту.
09-03-2022 17-38-49
Басқа
Сұрақ қоюшы: Меирбекова Гульжазира Болатовна Сұрақ № 6068 Құрметті Дархан Нұрланұлы!
90 жылдан астам тарихы бар, жоғары оқу орындарының тұңғыш қара шаңырағы Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық университетімізде тұңғыш рет ұстаз-ана, ұстаз ару қыз-келіншектерге халықаралық дәрежеде тойланатын өздерінің төл мерекесінде сыйақы берілмей қалды. «Байдың малын байғұс қызғанады»-деп айтпақшы, мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын Ұлттық Университетте Аналар мерекесіне 5-10 мың теңге табылмай қалды деп айту, естір құлаққа да ұят екен.
Еліміздің педагог мамандарын дайындайтын университеттің 90 пайызы ару қыз-келіншектер, ардақты аналар, аяулы әжелер. Олардың алды сонау марқұм Садықов Тоқмұхамед Сәлменұлы басқарған кезден келе жатқан, одан Пралиев Серік Жайлауұлы және Балықбаев Тахир Оспанұлы басқарған университетіміздің гүлденуіне, осындай дәрежеге жетуіне атсалысқан ардақты ұстаздар.
Осы кісілер басшылық жасаған кезде, Біз осы кезге дейін 8-наурызда сыйақы алмай қалған кезіміз болған емес. Өйткені, бұл мерекеде сыйақы беру дәстүрге айналған еді. Сыйақымен бірге, ректор әр ұстаздарға гүлімен, конфетімен әр факультет, кейін институтқа өкілдері арқылы құттықтауларын жіберетін. Кәсіподақ өз тарапынан әр кафедраға шай ішетін сервизімен сыйлық жасайтын. Ректордың өзі Ұстаздарды құттықтайтын мерекелік шарада барлық ұстаздарға сыйақы түсетінін хабарлап қуантатын. Сондықтан болар, Бізде осы жолы «Жас келсе іске»- деп, Сізден де бүгінге дейін үмітімізді үзбей, сыйақы, өз аузыңыздан құттықтау күттік, «открытка» емес.... Ия, Ол бес он теңгеде тұрған ешнәрсе жоқ. Одан Сіз де, Біз де байып кетпейміз. Ол Сіздің қоластыңызда аянбай қызмет жасап, университетіміздің өсіп, өркендеуіне үлес қосып жатқан аналарға деген, қыз келіншектерге деген көңіліңізді, ол Сіздің Ұстаз аналарға деген құрметіңізді көрсетті....
«Аналарға, ұстаздарға күнде құрмет көрсетілуі керек» - деп жатқан кезде, бір күндік мерекеде аналардан, ұстаздардан ақшасын үнемдеп қалған экономист қызметкеріңізді ауыстырыңыз. Осындай кішкентай болсада жасалатын қайырымды істерден, құрметтен құр қалдырған, абыройыңызға үлкен дақ түсіретін ондай Экономист қызметкер Сізді ғана емес, бүкіл Университеттің абыройына нұқсан келтірері хақ. Осындай мерекеде бір шараға атсалыса алмаған Кәсіподақ ұйымына, Профкомыңызға ескертіңіз. Ол өзінің қаражатынан емес, осында жүрген мыңдаған ұстаз оқытушылардың аударған қаражатын өздеріне көрсетіп, жақсылап жұмсай алмаса, мерекеде елеп, қуанта алмаса, ондай профкомның да ешкімге керегі жоқ. Ондай профкомды таратып жіберу керек!
Бұл бір ғана менің ойымда қалған «неге» деген сұрақ - деп ойламаймын, бұл осы университеттің қабырғасында еңбек етіп жүрген барша ұстаздардың көкейінде күман боп қалған сұрақ деп ойлаймын...
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Басқарма шешімімен қабылданған еңбекақы төлеу Ережесіне сәйкес белгілі бір мереке күндеріне сыйақы беріледі. Акционерлік қоғам туралы заңға сәйкес университетте корпоративтік басқару жұмыс істейді, сыйақы беру туралы шешімді экономистер де, бухгалтерлер де қабылдамайды. Сонымен қатар, кәсіподақ қызметкерлердің қоғамдық ұйымы болып табылатынын және университет басшылығы ұйымның қызметіне ықпал етпейтінін хабарлаймыз. Біз өз ұжымымыздың барлық мүшелерін бағалайтынымызды және университеттің дамуына қосқан үлесі үшін қызметкердің үздіктерін арнайы сыйақымен марапаттайтынымызды атап өткіміз келеді. Рахмет!
09-03-2022 14-03-56
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6067 Сәлеметсіз бе,мен қазіргі таңда 3 курс студентімін
Отбасылық жағдайыма байланысты 4 курста мобильностьпен Орал қаласындағы БҚМУ-ға ауысқым келеді.
4 курста мобильность қарастырылғанба?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша ақпарат алу үшін Халықаралық ынтымақтастық департаментіне хабарласуыңызға болады. Байланыс деректері: Алматы қ., көш. Қазыбек би, 30/1, 2 кабинет, тел. 8 777 444 09 91 немесе e-mail: gulnara_t@mail.ru, acadmob@kaznpu.kz.
09-03-2022 13-34-32
Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Жолшиева Шолпан Сұрақ № 6066 Уважаемый Дархан Нурланович! Обращаемся к Вам от имени родителей юридического факультета 1 курса очного отделения. Убедительно просим Вас решить вопрос о нахождении для иногородних студентов мест в общежитиях ВУЗа.
Жауап:
Здравствуйте! Уважаемые родители, по вопросам общежития просим обращаться к директору Института истории и права либо к заместителю директора по воспитательной работе. Контакты: 291-03-09,291-78-24. Спасибо!
08-03-2022 23-24-55
Басқа
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6065 Саламатсыз ба! Ақтөбе қаласы Жубанов Университетінің 2 курс магистранты едім. Сіздің университеттің ғылыми журналына желтоқсан айында мақаламды жіберген болатынмын. Әлі сол мақала бойынша ешқандай ақпарат ала алмай жүрмін, сайтта да жүктелмеген. Сонда журналға жариялау үшін не істеу керек? Осылай жауапсыз қала бере ме? Диссертация қорғайтын уақыт та келіп қалғасын, жарияланғаны керек
Жауап:
Құрметті Жұлдыз Аманкелдіқызы!
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысының «Филология ғылымдары» сериясына келіп түсетін мақалалардың легі өте көп. Редакциямызға күніне 200-ге дейін әртүрлі мазмұндағы мақалалар жолданады. Осыған байланысты, олардың мазмұнын, мақалаларға қойылатын талаптарға сай рәсімделуін, этикалық нормалардың сақталуын және антиплагиаттық тексерістен өткізу жұмыстары көп уақытты қажет ететіндіктен, мақалаларды қарау уақыты 1,5-2 айды құрайды. Рецензенттердің ескертуіне сәйкес, түзету мен өңдеуге қайтарылған мақалаларды автордың қайта қарап, түзеп шығуы да біршама уақытты алуы мүмкін. Бұл да мақаланы жариялауға дайындау уақытының созылуына ықпал етеді.
Сізге «Реалия түсінігі және оның ерекшеліктері» тақырыбындағы мақалаңыз бойынша 14 қаңтар күні мақалаға қойылатын талаптарға сәйкес рәсімдеу керектігін көрсетіп хат жібердік. Алайда, Сіздің тарапыңыздан рәсімдеу жұмыстары жылдам және тиянақты орындалмады.Жұмысыңыз 2-ші рет тексерістен кейін ғана антиплагиаттық тексерістен сәтті өтті. Ұзақ уақытқа созылған түзетулерден кейін ғана мақалаңыз жариялауға қабылданғандығын және «Филология ғылымдары» сериясының 2022 жыл 1-ші санында жарияланатындығын хабарлаймыз.Сұрағыңыз үшін рахмет!
06-03-2022 22-07-50
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6064 Сәлеметсіз бе Дархан Нұрланұлы! Біз 3-курс педагогикалық бағытта оқитын студенттер атынан жазып отырмыз. Сізге өтінішіміз бар. Алдағы наурыздың 24-25-26 күндердегі сабақтарды наурыздың 28-29-30 күндеріне ауыстырсаңыз. Сөйтіп 28.03-02.04 аптасын толық оқысақ, ал 21-26 наурыз аралығында ауылға барып-қайтсақ деп едік. Өтінішімізді жерге қалдырмассыз деген үміттеміз!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық мәлімет алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс деректері: 291-13-71, 291-71-06, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!
05-03-2022 15-29-52
Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6063 Құрметті ректор мырза! Сіз басқарып отырған Университет қызметкерлерінің қателігінңі салдарынан менің бауырымның оқу грантын жою туралы бұйрық шығарылған. Қызметкерлеріңіз қателігін мойындап кешірім сұрап шығарып салды. Ол үшін біршама Заңды көтеріп, құжаттармен заңнамаларды көрсетіп жәлелдеәге тура келді. Өз қателіктерін мойындаған қызметкерлеріңіз әлі күнге бауырымның оқу грантын қайтармады, сонждай-ақ 4 ай бойы шәкірт ақыдан қағылып отыр. Балаға психикалық, моральдық залал келтірілді. Осы мәселенің шешімін тауып беруіңізді сұраймын. Бұл сұрақмпен сіздің көмекшіңіз Сеитов Рашид Қызырбекұлына бірнеше рет хабарласқан болатынмын, бірақ әлі не жауап не шешім жоқ. Бауырым бала кезінен мүгедек, анас 2 топтағы, әкесі 3 топтың мүгедегі. Шәкіртаұысыз қалу қазіргі таңда қиын болып тұр. Мәселеніің шешілмеуіне байланысты сіздің қабылдауыңызға қанша жазылуға сұраныс білдірсекте сіз орныңызда эоқ, жиналсыта, Нұр-Сұлтан қаласында деген жауап аламын. Бауырымның оқу грантын себепсіз жоюына байланыс Университетпен қызметкерлеріңіздің үстінен құзырлы органдарға, сондай-ақ сотқа шағымдануыма тура келеді. Сіздің қызметкерлеріңіздің қателіктерін жасырғысы келген, сондай-ақ келесі күні мойындап қателіктерін кешірім сұраған барлық видео-аудио материалдар бар. Сізден қысқа мерзімде осы сұрақтың шешімін тауып беруіңізді сұраймын.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Хатыңыздағы мәселе қарастырылып, жауапты тұлғаларға тапсырма берілді.
Филология және көптілді білім беру инcтитутының 1 курс студенті Айгерім Найзаеваның оқу үлгерімінің жоғарылығы, 3-ші топ мүгедектігі және әлеуметтік жағдайының төмендігі ескеріліп, 2021-2022 оқу жылының қысқы оқу семестрінен кейін босаған бос грант орындарына ұсынылды. Бірінші семестр қорытындысы бойынша босаған бос грант орындарының иегерлерінің тізімі министрлік тарапынан бекітілгеннен кейін Айгерім Найзаеваға екінші семестрден бастап шәкіртақы тағайындалады. Бұл мәселе басшылықтың қадағалауында болады.
05-03-2022 14-12-57
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6062 Сәлеметсіз бе! Қысқы емтихан нәтижесі бойынша бос грант орындарына ауысқан магистранттарының тізімі қашан шығады?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс деректері: 291-13-71, 291-71-06, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!
05-03-2022 13-08-37
Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Дельманова Бакытгуль Бакитжановна Сұрақ № 6061 Председателю Правления – ректору
Дархану Нурлановичу Билялову
от родительницы
Дельмановой Бакытгуль Бакитжановны
Обращение
Уважаемый, Дархан Нурланович!
Я, мама студентки 1 курса по специальности 6В01709 – Учитель восточных языков со знанием английского (очная) Дельмановой Ленары Сисенбаевны, обращаюсь к Вам с просьбой посодействовать в остром для нас вопросе обучения в формате оффлайн.
Прошу Вас оставить нас на обучении в формате онлайн до конца 1 курса и позволить нам обучаться оставшиеся два месяца онлайн, так как мы относимся к живущим в дальнем регионе, в г.Актобе
Прошу учесть еще тот факт, что я одна воспитываю дочь и у нас остро стоит жилищный вопрос. Мы не сможем в данный момент найти сьемную квартиру и тем более оплачивать, а вопрос размещения в общежитии неопределенный. И самое главное, немаловажный вопрос о безопасности детей в стране еще очень актуальный. Не получится ли опять, что приехав на обучение, нам придется снова возвращаться из-за нестабильной обстановки в стране! Из-за независящих и от нас и от вас ситуаций в стране, мы уже дважды за один год обучения были вынуждены сдавать жд и авиабилеты (в одном из них нам так и не вернули деньги)
25 августа я произвела оплату сразу за весь год обучения дочери.
Прошу принять во внимание все мои доводы и позвольте остаться на обучении онлайн.
С уважением к Вам, Дельманова Б.Б.
Жауап:
Здравствуйте, уважаемая Бакытгуль Бакитжановна! Вам нужно обратиться с соответствующим заявлением к директору Института филологии и полиязычного образования Танжарыковой Алуа Васильевне. Контакты: 291-16-06.
05-03-2022 03-32-52
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6060 Сәлеметсіз бе Ректор мырза, АРТ білімнен беретін Айдын Кожагулов ағай басқа өнер институтына қатысы жоқ мамандықтарға сабақ бермесе екен. Өте эгоист ағай. Әр тапсырмасында тың деректер күтеді. Оқулық болмағасын АРТ білімнен ғаламторда немесе басқа кітаптардан қол жетімді ақпараттарды ғана оқимыз, ал Айдын ағай оған қанағаттанбайды төмен балл қоямын деп қорқытады. Не үшін біздің мамандығымызға қатысы жоқ пәнді тереңінен оқуымыз қажет. Басқа топтарға АРТ білімнен беретін мұғалімдер
ондай қатал емес. 3 курста мамандығымызға қатысы жоқ пәндерді не үшін оқуымыз қажет? Неге АРТ білім сияқты пәндерді 1 2 курста оқытпасқа? Айдын Кожагулов пен жұмыс жасау өте қиын. Лекциясында айтатын ақпараттары өте аз, ал сұрайтыны таудай дүние. Интерактивті тақта дұрыс жұмыс жасамаса да студенттерге ұрсады. Семинар сабағында лекция дәптерді талап етеді. Ұмытып кеткен студенттерге қатты ұрсады. Ешбір студент міндетті емес қой лекция дәптерді семинар сабаққа тасып жүруге. Оның үстіне әрбір студент музей мен театрға баруы керек. Музейде экскурсавод жалдаңдар тарихын біліңдер деп тапсырма берді. Экскурсавод жалдау қымбат екен. Топпен баруға мүмкіндік жоқ себебі 3 курс болған соң сабақтан тыс уақытта көпшілік студенттер жұмыс жасайды. Ал 2 3 студентке қаржылық тұрғыдан қиын экскурсавод жалдап музейдегі әр туындының тарихын сұрау. Жалпы бұл ағай студенттер мен дұрыс жұмыс жасай алмайды, бұл мұғалімді ауыстыруыңызды талап етеміз.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз назарға алынды. Рахмет!
04-03-2022 18-11-18
Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6059 Сәлеметсіз бе! 2 наурыз күні жатақхана туралы сұрақ қойып едім, нақты жауап ала алмадым. 1 курс студенттері 24 наурыздан бастап оффлайн форматқа көшсе, неге жатақхана берілмейді?
Жауап:
Құрметті студент! Қазіргі уақытта Абай университетіне қарасты жалпы сыйымдылығы 1 287 білім алушыға арналған 5 жатақхана бар. Білім алушыларды жатақханаға орналастыру жұмыстары «Univer» жүйесі арқылы жүргізіледі. «Univer» жүйесіне түскен өтініштерді арнайы комиссия құрамы қарастырып, белгіленген әлеуметтік категорияларға сәйкес үлестіреді.
Жатақханадан орын беру басымдылығы бірінші курс студенттеріне, толық жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын тұлғалар; көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан тұлғаларға беріледі. Жатақханадан орын беру ережесімен сайтымыздан танысуыңызға болады: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/2660/page/ .
Биыл университеттегі жатақхана тапшылығын ескере отырып, университет басшылығы 156 орынға жалдамалы жатақхананы жалға алып, әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан жоғары курс студенттерін де жатақханамен қамтамасыз етіп отыр. Түсіністік танытып, белгіленген тәртіпке сәйкес өтінішіңіз бен әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарды өткізуіңізді сұраймыз. Рахмет!
03-03-2022 11-07-40
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6058 Сәлеметсіз бе! Наурыз айының стипендиясы қашан беріледі?
Жауап:
Құрметті студент! Стипендия әр айдың 20-на дейін беріледі. Көрсетілген мерзімде берілмеген жағдайда институттың директоратына немесе бухгалтерия қызметкерлеріне хабарласуыңызды сұраймыз. Рахмет.
02-03-2022 21-28-57
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6057 Құрметті Дархан Нұрланұлы! Мен филология факультетінің 4-курс студентімін. Күзгі семестр уақытында ковидпен ауыруыма байланысты «1960-2000 жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы» пәнінен 1 рк 4 балл, 2 рк 62 балл жинап,қысқы емтиханға рұқсат ала алмай қалдым. Желтоқсан айының 24 күні Сіздің атыңызға жоғарыда аталған сабақты қайта оқу бойынша өтініш жазғанмын. Алайда, өтінішке тек қаңтар айының соңында ғана «ректорат» рұқсат берген жоқ деген жауап алдым (ауызша түрде). Енді маған не істеу қажет деген сұраққа деканат басқа универден құлаған сабағыңды кредитін төлеп оқып кел деп отыр. Алайда, басқа универлер біз секілді 4-курста қысқы емтиханға рұқсат ала алмай қалған студенттерді қабылдағысы жоқ. Қабылдамақ түгілі өзге универдегі қабылдау комиссиялары мен жауапты деканаттар бұндай тәсілді бірінші рет естуіміз деп таңырқап отыр. Енді Сізге сұрақ бізге не істеу қажет? Өзіміз оқып отырған университет қайта оқуға рұқсат бермесе, өзге универлер қайдан рұқсат береді? 4 жыл оқыған еңбегіміз бен құйып отырған ақшамыз желге ұшқаны ма? Бізге қайта оқуға рұқсат беруіңізді сұраймын! Оның үстіне қазір пед практика өтудеміз. Жоғарыда аталған сабақтан шешілмеуіне байланысты дипломдық жұмысқада тақырып таңдай алмай отырмыз. Сізден кері байланыс күтемін. Рақмет.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Университеттің Академиялық саясатының 331, 332 тармақтарына сәйкес студенттің жеке жұмыс жоспары бойынша пәндер толық игерілмегендіктен, қайта оқу курсына қалдырылады.
331. Қорытынды аттестаттауға Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының, білім беру бағдарламасының, жұмыс және жеке оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларының талаптарына сәйкес білім беру процесін толық аяқтаған білім алушылар жіберіледі.
332. Білім беру бағдарламасының, Жеке оқу жоспарының, жұмыс оқу бағдарламаларының талаптарын орындамаған бітіруші курстың білім алушысы қорытынды аттестаттауға жіберілмейді және қайта оқу курсына қалдырылады.
Сұрағыңыз бойынша институт директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарына немесе Тіркеу кеңсесінің мамандарына хабарласып, толық ақпарат алуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-18-35, 291-18-53.
Барлығы: 4046