29-03-2022 20-46-49
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6100 Саламатсыз ба, мен осы КазНПУдың 2 курс студенттімін, мен үйім Алматының шетті болған соң, осы семестрда феварль айының 18-інде 2 айға ақшасын төлеп кірдім, 8 жатаханаға, мен сол кезде сұрап едім, мартта 1 курстар келсе, біздің 1 айымыз артық қалады ғой деп, жоқ ол солай болу керек деді, жақсы бір ай тұрдым, дәл, 20 мартта бостыңдар деді, мен 19-ы жиналып кетіп қалдым, және өз ауылыма жолға шығып кеттім, бірден, артық 1 ай ақшаны қайтара мс деп сұрап едім, жоқ феварль бір ай март бір ай болып есептеледі деді, жақсы дедім, 22 марттың демалыстары біткен соң, жатаханадан шағармады деп естідім, 2 курстарды, 24 ауылымнан келген соң барып, сұрадым жәй, 2 курстарды шығармайдя екен ғой иә деп, иә ертең кел деп еді, мен заттарымды жинап ертеңінде заттарымды жинап келгенде жоқ симайсың, мерекелерге дейін келу керек еді дейді, мен мереке кезінде ауылыма кетіп қалдым, қалай барып сөйлесемін қызық, мен Алматының шетіне бостан бос заттарымды сүйреп апарып, таксимен барып, таксимен қайттым( Енді тым болмағанда тұрмаған 1 айдың ақшасын қайтарсын, ол аз ақша емес, анам жалғыз басты, өз степендияма өмір сүріп жүрген адаммын, және педагогикалық мамандардан бізде қымбат алды, айына 12600 осы сұрақты қарастырсаңыз!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша институт басшылығымен хабарласуыңызды сұраймыз. Рахмет!
28-03-2022 21-29-53
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6099 Здравствуйте, Дархан Біләлович! Подскажите пожалуйста к кому мне подойти на счет внесения правок в диплом и приложения? Закончила в 2021 году Институт педагогики и психологии, кафедра специальная педагогика, специальность: дефектология. Очень буду ждать вашего ответа.
Жауап:
Здравствуйте! Вы можете обратиться в Цифровой центр обслуживания студентов «Шапағат». Тел. 291-64-97. Спасибо!
28-03-2022 11-55-45
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6098 Саламатсыз ба, мен осы КазНПУдың 2 курс студенттімін, туыстарымның үйі Алматының шетті болған соң, осы семестрда феварль айының 18-інде 2 айға ақшасын төлеп кірдім, 8 жатаханаға, мен сол кезде сұрап едім, мартта 1 курстар келсе, біздің 1 айымыз артық қалады ғой деп, жоқ ол солай болу керек деді, жақсы бір ай тұрдым, дәл, 20 мартта бостыңдар деді, мен 19-ы жиналып кетіп қалдым, және өз ауылыма жолға шығып кеттім, бірден, артық 1 ай ақшаны қайтара мс деп сұрап едім, жоқ феварль бір ай март бір ай болып есептеледі деді, жақсы дедім, 22 марттың демалыстары біткен соң, жатаханадан шығармады деп естідім, 2 курстарды, 24 ауылымнан келген соң барып, сұрадым жәй, 2 курстарды шығармайды екен ғой иә деп, иә ертең кел деп еді, мен заттарымды жинап ертеңінде заттарымды жинап келгенде жоқ симайсың, мерекелерге дейін келу керек еді дейді, мен мереке кезінде ауылыма кетіп қалдым, қалай барып сөйлесемін қызық, мен Алматының шетіне бостан бос заттарымды сүйреп апарып, таксимен барып, таксимен қайттым( Енді тым болмағанда тұрмаған 1 айдың ақшасын қайтарсын, ол аз ақша емес, анам жалғыз басты, өз степендияма өмір сүріп жүрген адаммын, және педагогикалық мамандардан бізде қымбат алды, айына 12600 осы сұрақты қарастырсаңыз! Қазір квартиралар уудай қымбат, осы ақшамен 4/1 бөлігін жапсамда, анамнан ақша бер дегеннен жақсы.
Жауап:
Құрметті студент! Жатақхана мәселесі бойынша институт басшылығымен хабарласуыңызды сұраймыз. Оқу орнымыздың институт басшылығының байланыс телефондары келесі сілтемеде көрсетілген: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/3/page/ . Рахмет!
27-03-2022 12-17-12
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6096 Сәлеметсіз бе,біздің қойған сұрағымыз жауапсыз қалмайды деп үміттенеміз!
Біз ЖГИдің 1 курс студенттеріміз.Бізге 24 бастап сабақтар оффлайн форматта өтетінін айтты.енді біз жатақханадан орын берілуін сұрасақ орын жок дейді.Алыс жерден келгендіктен,қаланы дұрыс білмегендіктен сонымен қатар 1 курс студенттері болғандықтан бізді жатақханамен толық қамтуға тиіс деп есептейміз!Ал қазір біз амалдың жоқтығынан квартира жалдауымызға тура келді және ол универге алыс,бағасына жағдайы сай емес(клопы,таракан,құмырсқа) іші лас,ал біздің кымбат квартира жалдауга жағдайымыз келмейді! Бізді жатақханамен қамтыңыздар немесе онлайнға шығарыңыздар!!!
Жауап:
Құрметті студент! Жатақханадан орын алу үшін өтінішіңіз бен әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды тапсыруыңыз қажет. Сұрағыңыз бойынша Жаратылыстану және география институтының басшылығымен хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс деректері: Қазыбек би,30; №1корпус, 4 этаж, 414 кабинет. Тел.:+7 (727) 291-47-66. Рахмет!
25-03-2022 20-13-16
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6095 Қайырлы кеш ! Мен ЖГИ студенті,наурыз айы демалысынан енді келіп жатақханаға кірейн деп жатқанда,вахташы және старосталардың ,ұрысы және шеттетуімен кіре алмадым! Студент ұзақ жолдан келіп,өз бөлмесіне барайн десе,орын жоқ,1 курс келіп жатыр дейді,бірақ іште жатқан студенттердің сөзіне сүйенсем іште орын бос екен,келген 1 курстар аз дейді!!! Наурыз демалстарында *қайта келіңдер,орындарың сақталады* деп еді,но ол сөзінде ещкім тұрмады.Ақшасы жоқ,ауыр жүктері қолындағы маған қайда баруға болады? Деканатка хабарлассам алмайды,жауапкершілік кімнің мойнында?
Жауап:
Құрметті студент! Шағымыңыз бойынша Жаратылыстану және география институтының жауапты тұлғаларына ескерту жасалды. Білім алушыларды жатақхана орындарымен қамтамасыз ету мәселесі университет басшылығының басты назарында болғандықтан, студенттерді кіргізбей қою жағдайының болуы мүмкін емес.
Қазіргі уақытта жатақханаға мұқтаж студенттердің өтінішін қарастыру бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Т. Манапов және эдвайзерлер студенттермен ұдайы байланыста екенін мәлімдейміз. Жаратылыстану және география институтының студенттері тарапынан мұндай шағым тіркелмеген. Жатақханаға қатысты қосымша сұрақтарыңыз болса, институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен хабарласуыңызды сұраймыз. Рахмет!
25-03-2022 15-01-29
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6094 Магистратураға ЖОО нан кейін грантқа тапсыру мүмкін ба?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Біздің университетке оқуға тапсыру бойынша сұрақтарыңызбен Қабылдау комиссиясының мамандарымен хабарлассаңыз болады. Байланыс тел.: 8 727 291 57 68; Call-орталығы: 8 727 221 85 14. Рахмет!14:52
24-03-2022 23-36-54
Басқа
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6092 Сәлеметсіздерме,мен 11 сынып оқушысымын.Осы универға "Киім дизайнері" мамандығына түскім келеді.Шығармашылық емтиханда қандай тақырыптарда сурет саламыз?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Университетімізге оқуға тапсыру туралы сұрақтар бойынша толық ақпарат алу үшін Қабылдау комиссиясының басшысы Нұрмахан Әуесбекұлына хабарласуыңызға болады. Байланыс телефондары: 8 727 291 57 68; Call-center: 8 727 221 85 14. Рахмет!
24-03-2022 09-21-20
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6091 Сәлеметсіз бе? Дархан Біләлов мырза! Менің қояйын деген сұрағым мен оқу ақысы бойынша 10%( көп балалы отбасы) деген жеңілдік алған болатынмын. Бізге жақын арада оқудың 75% ақысын құюды талап етті. Сол кезде мен өзімнің жеңілдігім бар екенін айтқан болатынмын, бірақ оны универ бухгалтериясы есептемеген. Ол неге есептелмейді, сонда жеңілдік ала алмаймыз ба? Сонымен қатар басқада студенттердің жеңілдіктердіде есепке алынбаған!
Жауап:
Құрметті студент! Оқу ақысына қатысты өтінішіңізді қарастыру үшін Сіздің аты-жөніңіз қажет. Сұрағыңыз бойынша институт басшылығымен хабарласуыңызға болады. Рахмет!
24-03-2022 09-17-18
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6090 Сәлеметсіз бе Дархан мырза, 24 офлайн форматта сабаққа бару керек болғанбыз, ағылшын тілін меңгерген шығыс тілі мұғалімдеріне әлі расписание бермеді? Ол қашан дайын болады?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Хатыңыз бойынша жауапты тұлғаларға тапсырма берілді. Сабақ кестесіне қатысты қосымша сұрақтарыңыз болса, институт басшылығымен хабарласуыңызға болады. Институт бойынша байланыс деректер келесі сілтемеде берілген: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/3/page/ . Рахмет!
20-03-2022 14-56-02
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6089 Сәлеметсіздерме!
Менің сұрағым жауапсыз қалмас деген үміттемін. Бізде универ жүйесінде оқытушылар бағаны жинап рубежкада бірақ қояды уақытылы қоймағандықтан бағамызды білми жүреміз. Бізге үнемі студенттер көп сидыра алмаймыз, сендерді құлату керек деп айтады және рубежка болғанда өте төмен бағаны қояды. Оқимын деген баланың бетін қағады. Осы жайында мұғалімдермен жұмыс жүргізілсе екен.
Жауап:
Құрметті студент! Хатыңыз назарға алынды. Рахмет!
17-03-2022 11-28-06
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Сулейменов Темірлан Асқарұлы Сұрақ № 6087 Ассаламуалейкум! Құрметті Дархан Нурланулы. Сізге қойылатын сұрағым. Мен Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің жабылуына байланысты ауысып осы Абай университетіне. Мен Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде 3 курс толықтай бітірген болатынмың. Бірақ академиялық разницага байланысты Төртінші курска өтпей қалдым. Осы жылдың бірінші семестрда мен разница жапқан болатынмын. Кәзір төртінші курска ауыссам болама.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысу жолдары бойынша ақпарат алу үшін «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығының директоры Сейлханов Тимур Абдрашұлымен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291 64 97, centr.shapagat@mail.ru. Рахмет!
16-03-2022 20-43-44
Басқа
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6086 С прошлого года не могу получить дубликат диплома и Приложения. Ваши сотрудники третий раз допускают одни и те же, элементарные ошибки, при заполнении документов. Не могут правильно указать фамилию, год поступления и выпуска, а про перечень предметов отдельная тема. Почему и до каких пор я должна тратить свое рабочее время на то чтобы указывать на одни и те же ошибки.
Безграмотность и наплевательское отношение к работе. Прошу разобраться с данным вопросом.Надеюсь наконец получить правильные документы
Жауап:
Здравствуйте! По Вашему вопросу ответственным лицам дано специальное поручение. Для разъяснения ситуации с Вами свяжутся сотрудники соответствующего подразделения. Приносим извинения и сообщаем, что делаем все, чтобы такие инциденты не повторялись. Спасибо!
16-03-2022 15-21-23
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6085 Сәлеметсіз бе?Математика, физика және информатика институтының 1 курс магистрантымын. Отбасылық жағдайларға байланысты оқу форматын өзгертсем болады ма? Оффлайн сабақ онлайнға алмаса алады ма? Басқа университеттерде отбасы жағдайына байланысты оқу форматын өзгертуге болады екен, бізде ондай жағдай қарастырылған ба?
Жауап:
Құрметті студент! Оқу форматына қатысты сұрақтарыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін институт басшылығымен хабарласуыңызға болады. Байланыс деректері: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/3/page/. Рахмет!
15-03-2022 17-57-25
Басқа
Сұрақ қоюшы: Олжас Сұрақ № 6084 Армысыз Дархан НҰРЛАНҰЛЫ!
Мемлекет басшысы "ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ" бірге құруға шақырды. Осыған орай өзіңізбен, "Жаңа қазақстанды" қалыптастыру, ғылымды өркендету, мәдениет бағыттарында СҰХБАТ жасағымыз келеді. Қайтіп, қалай хабарлассақ болады?
"Алматы Ақшамы" газеті тілшісі Олжас МҰРАТБЕКҰЛЫ
Тел: 8775 734 69 38
Жауап:
Құрметті Олжас Мұратбекұлы! Әрине, сұхбат беруге дайынбыз. Сұхбат бойынша Сіз қоғаммен байланыс жөніндегі көмекшім Римма Абдықадырқызымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.:293-86-38, 8 778 908 09 20. Рахмет!
15-03-2022 12-54-28
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Shahlo Abduqahhorovna Ganieva Сұрақ № 6083 Здраствуйте, я из Узбекистана. Закончила бакалавриат биологию в 2011г. Есть ли у вас возможность учить дистанционно в магистраруре в направлении педагогика психология или по отдельному.
Спасибо за ответ за ранее.
Жауап:
Здравствуйте! По всем вопросам поступления в наш университет просим обращаться к руководителю Приемной комиссии Нурмахану Ауесбековичу. Контакты - 8 727 291 57 68; Call-центр: 8 727 221 85 14. Спасибо!
14-03-2022 17-36-04
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6082 Сәлеметсізбедерме! Менің сұрағым степендия туралы еді. Мен алдыңғы семестрде Польшада академиялық ұтқырлықпен 1 семестрге оқуға бардым. Ол жақтағы сабақтарым ағылшын тілінде болу керек еді, бірақ біз поляк тілінде сабақ өттік және менің мамандығым бойынша пәндер таңдай алмай басқа инстуттардан пәндер алдым. Осындай себеппен менің бір пәнім 3 болып қалды. Бірақ ол пән менің бұл жақтағы пәндеріммен сәйкес келмейді. Деканатта 3 болса степендия бермейміз деген, ал халықаралық бөлімде ол пән бұл жақта болмаса қойылмайды степендия беріледі барлығыңа деген. Ешкім нақты жауап айтпай жатыр. Егерде сабақтар ағылшын тілінде болып, мен өз мамандығымды оқығанда 3 деген баға алмас едім. Осы мәселені шешіп берсеңіздер.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Стипендия Сіздің транскрипттегі бағаларыңыздың негізінде тағайындалады. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қызметкерлерімен хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс деректері: 291-13-71, 291-71-06, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!
14-03-2022 10-48-35
Басқа
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6081 Здравствуйте многоуважаемый ректор!!! хотела бы вам пожаловаться на счет изготовления приложения к диплому, я окончила несколько лет назад, но при аттестации обнаружили кучу ошибок в приложении к диплому и в самом дипломе, также диплом выписан от руки, также задали мне вопрос в комиссии, почему? я ответила, значит университет не владеет данной техникой для печатного издания, созвонившись с сокурсниками, обнаружили кучу ошибок в приложении и дипломе. как это можно допустить, ведь это самый главный документ, который вы выдаете. позвонив в университет узнала, что этим занимается престарелая сотрудница, неудивительно что такой сотрудник допускает такие ошибки. думаю должно быть стыдно... вашему руководству... прошу навести порядок и упростить процедуру выдачи дубликатов дипломов и приложении...
Жауап:
Здравствуйте! В целях разъяснения сложившейся ситуации прошу Вас указать полную информацию о себе: год окончания, ФИО, специальность. Мы готовы исправить ошибки при их выявлении. С сотрудниками данного подразделения будет проведена дополнительная работа по недопущению таких проблем в будущем. Спасибо!
14-03-2022 10-35-34
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6080 Сәлеметсізбе Дархан ағай. Біздің өтінішімізді назарға аласыз деп ойлаймын.
Жги институтында студенттерге арналған жағдай жоқ. Кейде ертерек келіп қойсаң немесе перерыв уақытында келесі сабаққа дайындалайын деп бос кабинетте отырсақ мұғалімдер болмайды деп қуып шығады.
Ал коридорда студенттер отыратын жер барлық уақытта толып турады, бос болмайды. Және де ол жерде еден жуушыларда еден жууымыз керек, басқа жаққа барыңдар деп қуып жібереді. Тек қана коридорда емес, әжетханаларда да бір біріне сілтейді. Мына этажга тексеріс келе жатыр,мен тазалап жатырмын үстіне барыңдар немесе астына деп.
Жауап:
Құрметті студент! Хатыңызда аталған мәселе міндетті түрде қарастырылады. Қазіргі уақытта оқу ғимараттарында студенттерге қолайлы орта қалыптастыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оқу ғимараттарына қатысты бұл мәселені шешуге тырысамыз. Әрине, мұның бәрі қаражатты, уақытты талап етеді. Түсіністік танытуларыңызды сұраймыз. Сұрағыңыз үшін рахмет!
14-03-2022 10-23-33
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6079 Сәлеметсізбе, құрметті Дархан Біләлов ағай. Сізге біздің Химия В053 мамандығы 2 курстар атынан өтінішіміз бар.
Біздер аптасына 5 күн оқимыз, кейде 1 сабакка бола келеміз. Хотябы сабақ уақыттары да ыңғайсыз, я таңертең емес немесе түстен кейін емес.5 күн болса да расписаниені таңертеңнен түске дейін етіп жинақтап беруге болатын едіғой.
Біздер сол расписаниені 3 күнге жинақтап бергенін қалаймыз. Себебі 5 күн бізге тиімсіз. Жұмыспен және алыстан келетін студенттерге тиімсізғой.
Кейбір мамандықтарда саясаттану, психология, әлеуметтану, мәдениеттану сынды сабақтар осы рубежка апталығында қосылып жатыр. Демек біздіңде расписаниені дұрыстап 3 күнге жинап беруге мүмкіндіктері барғой.
Институт директорына хабарлассакта өтінішіміз қарастырылмайды. Біздің өтінішімізді қарастырасыз деп үміттенеміз. Рахмет.
Жауап:
Құрметті студент! Университеттің күндізгі бөлім бойынша оқу үрдісі аптасына 6 күн 2 ауысыммен ұйымдастырылады. Сабақ кестесі Академиялық күнтізбеге және оқытушылардың педагогикалық жүктемесіне сәйкес құрылады. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін институт дирекциясына хабарласыңыз, институт басшылығы оқу үрдісіне қатысты барлық сұрақтарыңызға жауап береді. Рахмет!
13-03-2022 16-43-33
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6078 Сәлеметсіз бе Құрметті Ректор мырза мен академиялық демалысты дистанционно ала аламын ба әлде ол ушин миндетти түрде Алматыға баруым керек пе отбасылық мәселелер бойынша академиялық демалыс алуға отиниш билдиргим келеди.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Академиялық демалыс – бұл білім беру ұйымдарында білім алушылар өздерінің оқуын медициналық көрсеткіштермен және өзге де ерекше жағдайларда уақытша тоқтататын кезең.
Университеттің Академиялық саясатының төмендегідей тармақтарына сәйкес академиялық демалыс ала аласыз:
479. Академиялық демалысты ресімдеу үшін білім алушы университет ректорының атына өтініш береді және оқуды үзудің негізділігін растайтын құжаттарды ұсынады.
480. Білім алушыға медициналық көрсеткіштер бойынша академиялық демалыс келесі жағдайларда беріледі:
1) ауруы бойынша ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейінгі амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі – ДКК) қорытындысы;
2) туберкулезбен ауырған жағдайда туберкулезге қарсы медициналық ұйым жанындағы Орталық дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысы.
481. Академиялық демалыс келесі білім алушыға келесі негізде беріледі:
1) заңнамада белгіленген жағдайларда әскери қызметке шақыру кезеңінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына шақыру туралы шақыру қағаздары;
2) заңнамада белгіленген жағдайларда ұзақтығы 3 жылға дейін бала туған, асырап алған;
3) заңнамада көзделген өзге де жағдайларда.
Барлығы: 4046