Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректордың блогына қош келдіңіз!

 

 

Құрметті сайт қонақтары!
 
Ректор блогы университет студенттерімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер сұрақтарыңызды қойып, өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және үнемі талқылау университет басшылығының жемісті жұмысына көмектеседі.
 
Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.
 

Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

 
 
Электронды пошта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz
 
 
Ректордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы оқу жылы бойы әр айдың 1-ші және 3-ші жұмаларында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
28-04-2022 13-11-09   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6180
1,2-курстар сессия онлайн , 3- курстар неге оффлайн тапсырамыз?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 18 сәуірдегі №4-14-2/1549-И хатына сәйкес ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау офлайн форматта өтеді. Сессияның форматына қатысты сұрақтар бойынша институт басшылығымен хабарласуыңызға болады. Рахмет! 

28-04-2022 13-07-01   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6179
Сәлеметсіз бе, мен 3курс студенті тессессияны онлайн тапсыруға рұқсат беруіңізді сұраймын.
Жауап:

Құрметті студент! ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 18 сәуірдегі №4-14-2/1549-И хатына сәйкес ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау офлайн форматта өтеді. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін  институт басшылығымен хабарласуыңызға болады. Рахмет!

28-04-2022 12-35-53   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Ray

Сұрақ № 6178
Здравствуйте,Дархан Билялов, пишет студентка 3 курса, специальности Регионоведение. Прошу рассмотреть учебный план данной специальности, ибо он не то что не соответствует современным требованиям ,но не соответствует требованиям профессии как таковой. Акцент идёт на историю Ближнего Востока( которую можно пройти за один семестр,а не растягивать на четыре семестра) хотя моя специализация это Азия и Китай в частности. Некоторые дисциплины либо не изучены впринципе, либо имеют скудное количество информации и публикаций ( недостаточных для освоения дисциплины в полной мере). Необходимых же для профессии дисциплин, таких как культура, литература и религия,этнология, экономика,социально-политическая ситуация,международные отношения и внешняя политика, мировая экономикп и международные отношения изучаемого региона ,основы дипломатии и дипломатического этикета, государственная службу в регионе , вовсе нет.По своей квалификации регионовед должен получить знания по сопутствующим, смежным и вспомогательным дисциплинам, что позволит выпускникам с этим дипломом исполнять функции референта, эксперта, консультанта в данной области, переводчика при работе в государственных органах, научных и образовательных учреждениях. Однако по данному учебному плану сделать это невозможно.


Жауап:

Здравствуйте! По Вашему обращению сообщаем, что данная образовательная программа в 2019 году подтверждена экспертом МОН РК на соответствие наименования ОП содержанию программы и заданной области образования, направлению подготовки.
 
Так как у Вас регион специализации «Восток», поэтому изучается только один модуль - «История региона специализации» (Цивилизации древнего Востока, История средневекового Востока, История Востока нового времени, История Востока новейшего времени) и всё, больше нет модулей по истории.
 
Дисциплины компонента по выбору «Ближний Восток: экономика и политика» и «Цивилизации стран Ближневосточного региона» (См. скрин) изучаются в 6-м семестре, в названии дисциплины нет слова «история», поэтому регион рассматривается комплексно (экономика, политика, культура, место региона в системе МО).
 
Также в 6-м семестре студент изучает дисциплину «Китай в мировой геополитике» (См. скрин). К сожалению, Вы не уточняете, по каким именно дисциплинам не хватает учебных материалов. В эпоху информационных технологий сложно согласиться с этим утверждением.
 
Вот перечень дисциплин, предусмотренных по специализации «Регионоведение (востоковедение)»:
 
- Введение в регионоведение;
 
- Современные интеграционные процессы и международные региональные организации; 
 
- Азиатско-Тихоокеанский регион в мировом сообществе; 
 
- Дипломатические отношения РК со странами региона специализаций; 
 
- Введение в теорию международных отношений;  
 
- Современные концепции государственного и регионального управления;
 
- Китай в мировой геополитике;  
 
- Этно-демографическое развитие региона; 
 
- Цифровое регионоведение; 
 
- Дипломатия в эпоху цифровых технологий; 
 
- Россия и другие страны СНГ в системе международных отношений.
 
По учебному плану 7-8 семестра предусмотрены следующие дисциплины по выбору:
 
- Региональные аспекты международных отношений;
 
- Политическая система стран региона специализации;
 
- Региональные конфликты и методы их решения;
 
- История культуры арабских стран;
 
- Центральная Азия в современной системе международных отношений;
 
- Туристское регионоведение;
 
- Интеграционные процессы в пост-советском пространстве.
 
 
 
Кроме этих предусмотрено изучение дисциплины «Практический иностранный язык стран изучаемого региона» – 20 кредитов.  
28-04-2022 11-59-20   Басқа

Сұрақ қоюшы: аноним

Сұрақ № 6177
Құрметті ректор мырза, сізге хат жолдамас бұрын көп ойландық, бірақ болмады...Мен жай ғана қызметкермін, жұмысымды адал атқарып жүрген жанмын, бірақ біреудің қызметтік міндеттерін орындап шаршадық. Ол Нұрсағиля Байкенқызы, өте сауатсыз, дөрекі сөйлейді, жұмысына үлгермеуде, жабылып Шапағат бөлімінің барлық қызметкерлері көмектесуде, айлық бізден жоғары алады деп естідік, зейнеткерлік ақысын алуда, неге жастарды жұмысқа алмайсыздар? барлық жұмысты автоматтандыру керек, цифрлау керек, алы 20 ғасырда отырмыз. басқа университеттерде өте сапалы орындалуда сол жұмыс. Бір құмалақ, бір қарын майды шірітіп отыр, өте өкінішті.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Хатыңызда аталған мәселелер өте орынды. Шапағат орталығының қызметін толық автоматтандыру жоспарда бар. Қызметкерге қатысты шағымыңыз бойынша жауапты тұлғаларға тапсырма берілді. Алдағы уақытта бұл мәселе шешіледі. Рахмет!

27-04-2022 19-10-57   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6176
Сәлеметсізбе, құрметті Дархан Билялов ағай.
Ағай сізге бір өтінішіміз бар еді 1-2 курстар атынан. Біздерде сессия 17сіне дейін болады дейді, 28іне дейін пересдачага калгандар тапсырады деді.
Сол соны сессия 17сіне дейін болса, 31іне дейін практиканы тапсырып. Ал пересдачалар июньда болса жаксы болар еді. Себебі пересдачага дайындалыпта улгереміз. Және де кейбір студенттерде июньда туратын квартирасы жок соны да ескеріңіздерші.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Білім алушылардың үлгеріміне аралық бақылау 2021/2022 оқу жылына бекітілген Академиялық күнтізбеге сәйкес өтеді. Сұрақтарыңыз бойынша қосымша ақпаратты институт басшылығынан алсаңыз болады. Рахмет! 

27-04-2022 12-16-37   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6175
Мен мәдени-тынығу жұмысы мамандығының 2 курс студентімін. Бізде шығармашылық сабақтарды өтуге ешқандай жағдай жасалмаған, кем дегенде сахна жоқ, АКТ залын сұрасақ бермейді, тіпті дайындыққа кабинетті әрең сұрап аламыз. Сабақ подвалда өтіледі, ол жерде ешқандай реквизит, қажетті жарақтар жоқ. Бізге сахна берілсе, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамассыз етілсе. Өнер және мәдениет институтына сахна берілсе.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Хатыңызда аталған мәселе бойынша жауапты тұлғаларға тапсырма берілді. Өтінішіңіз міндетті түрде қарастырылады. Рахмет! 

27-04-2022 12-06-00   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Даулетова Айгерим

Сұрақ № 6174
Сәлеметсізбе! Мен КДР мамандығының 2 курс студентімін. Біз сабағымызды осыған дейін сыз тартқан, суық, дым жоқ подвалда өтіп жатырмыз. Қарашаңырақтағы университетке бұл сын емес па жертөледе сабақ өткен. Физика матиматика институтына үлкен зал берілген, бірақ ол физматтын студенттеріне не үшін керек? Ол сахна ӨМСИ институтына берілсін деген өтініш айтамын. Воколист микрофон ұстасын, біз сахнамен актерский мастерствоны өтейік, сахнамен дайындалайық. Біз де өзіміздің мамандығымызды сеезініп, жоғары деңгейде білім алған студент болып шыққымыз келеді. Подвалда не білім аламыз? Тек педагогтарды тәрбиелейміз деп ӨМСИ студенттеріне ат үсті қарамасаңыз екен. Қашанға дейін сабағымызды жертөледе өтеміз? Жауапкершілікпен қарайсыз деген үміттемін. Рахмет!
Жауап:

Құрметті студент! Шағымыңыз бойынша жауапты тұлғаларға тапсырма берілді. Өтінішіңіз ескерусіз қалмайды, міндетті түрде қарастырамыз. Рахмет!

26-04-2022 23-44-55   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6172
Сәлеметсізбе. 3 курс студенттерінеде сессия онлайн форматта өтуін талап етеміз.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қ.Ерғалиевтің 2022 жылдың 18 сәуірдегі №4-14-2/1549-И хатына сәйкес ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау офлайн форматта өтетінін хабарлаймыз. Рахмет!

26-04-2022 20-16-31   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6171
Сәлеметсізбе. Сессия форматы бойынша жазып отырмын. Неге 1-2 курс студенттеріне онлайн форматта өтеді де? 3 курс студенттеріне неге оффлайн. 3 курс студенттерінеде онлайн форматта өткенін қалаймыз!
Жауап:

Құрметті студент! ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 18 сәуірдегі №4-14-2/1549-И хатына сәйкес ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау офлайн форматта өтеді. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін  институт басшылығымен хабарласуыңызға болады. Рахмет!

25-04-2022 14-10-04   Басқа

Сұрақ қоюшы: Магистрант

Сұрақ № 6170
ҚҰрметті ректор мырза, сізден өтінер кішігірім өтінішіміз бар! ескерерсіз деген үміттеміз.
Бізге магистранттарға екі шет тілі бөлімі бойынша диссертацияның қорғау уақытын 10 майдан басталады деді. Ендігі біздегі мәселелер:
1. Барлығымызға онлайн болғаны өте ыңғайлы болар еді. Келер уақытқа билеттер қарап едік, бағалары өсіп кеткен, праздникке байланысты, және самолет поезд билет саны шектеулі.
2.Алматыға келгеннен кейін, максимум 1 аптаға жатар орын табу қажетпіз, оған қаражат керек. өзіңіз білетіндей алматыда отель бағасы 1 кунге 15-20000 тг.
3. барлығымыз өзге қаладанбыз, және жұмысымызда басқа қалада, жұмыстан сұрану қажетпіз.
4. арамызда аяғы ауыл қыздар да бар, медициналық тұрғыдан, аяғы ауыр кісілерге алыс жолға шығу рұқсат етілмейді.
Ректор мырза! Біздің өтінішімізді сұраусыз, жауапсыз қалдырмайсыз деген үміттеміз! ТЕК СІЗДЕН ҒАНА КӨМЕК КҮТЕМІЗ!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! ҚР Білім және ғылым вице министрі Қ.Ерғалиевтің 2022 жылдың 18 сәуірдегі №4-14-2/1549-И хатына сәйкес ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау офлайн форматта өтеді.

25-04-2022 11-07-59   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: аноним

Сұрақ № 6169
Здравствуйте! Обращаюсь к руководству университета! Прошу Вас обратить внимание на то, что при входе на территорию университета со стороны ул. Уалиханова. где расположены ворота для въезда транспорта на парковку, извините за подробности, но весь торец здания , где расположен Институт Педагогики и психологии превратили в туалет, страшно разит мочой, и не только углы здания. сами пройдите вдоль железных заборов по дороге в институт психологии, отовсюду несет мочой. У охраны открывающих и закрывающих ворота нет туалета что ли? сейчас на дворе весна. что будет летом. когда будет жара. Ввиду этических соображении данное замечание не для публикации на сайт. Это только для того чтобы вы обратили внимание
Жауап:

Здравствуйте! Ваше обращение принято к сведению. По данному вопросу даны поручения ответственным лицам. Спасибо за сигнал, за Ваше неравнодушие и тактичность.

24-04-2022 22-12-47   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6168
Сәлеметсізбе?Сессия қандай форматта өтетіні жайлы толығырақ айтсаңыздар.Егерде онлайн форматта өтетін болса,біз ертерек билет алуымыз қажет.Өтініш,осы сұраққа тезірек жауап берсеңіздер!Недегенмен аз ғана уақыт қалды!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сессия форматы бойынша толық ақпарат сайтқа жарияланып, институт тарапынан міндетті түрде хабарланатын болады. Сұрағыңыз үшін рахмет!

 
24-04-2022 12-32-36   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6167
Салеметсіз бе, ректор. Сессиямыз қандай форматта өтеді?
Лекцияларымыз онлайн форматта, сессиямызда онлайн форматта болуды сұраймыз!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! 2021/2022 оқу жылының көктемгі сессиясы Академиялық күндізбеге сәйкес өткізіледі, яғни:

Бакалавр (күндізгі бөлім):

1 курс: (пед. мамандықтар) -  16 мамыр - 4 маусым аралығында; (пед. емес мамандықтар) - 10 мамыр - 28 мамыр аралығында.

2-3 курс, 1-курс СПО, 2-курс СПО - 10 мамыр - 28 мамыр аралығында.

4-5 курс, 3 курс СПО - 6 маусым – 25 маусым аралығында.

Сессияның өткізілуі төмендегідей форматта өтеді: 

1 курс – онлайн тестілеу, 2 курс – онлайн тестілеу, 3 курс - оффлайн тестілеу. 

 

22-04-2022 14-58-17   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6166
Құрметті ректор!
Біз МФжИ 3 курс студенттері жазғы сессияны онлай етіп беруіңізді сұраймыз.
Универ техникалары біз тапсырған сәтте қолайсыздық тудырып әсері сессияға тиген болатын.
Техниканың дұрыс істемеуімен қоса бізде толық жетпейді. Тапсыру үшін кезек күтетін сәттер болған.
Біз 3курс студенттері тест түріндегі сессияның онлайн болғанын сұраймыз
Жауап:

Сәлеметсіз бе! ҚР Білім және ғылым вице министрі Қ.Ерғалиевтің 2022 жылдың 18 сәуірдегі №4-14-2/1549-И хатына сәйкес ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау офлайн форматта өтеді. Толық ақпаратты институт басшылығынан алсаңыз болады. Рахмет!

21-04-2022 22-17-00   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6164
Добрый день. Подскажите мы сдаем НКТ, если мы не сдадим, нам отдадут диплом?
И если студент не будет работать учителем, то зачем он нужен? Я например хочу работать в сфере журналистики, хотя у меня специальность казахский язык и литература, зачем он мне нужен? Можно ли отказаться от теста, по собственному желанию? И в соответствии от какого пункта или постановления, мы сдаем этот тест, можно выдержку?
Жауап:

Уважаемый студент, в соответствии с протокольным поручением Министерства образования и науки РК выпускники вузов текущего учебного года и педагоги, не работавшие в школе до этого времени, должны сдать Национальное квалификационное тестирование. На работу в школы будут принимать только тех, кто наберет необходимый балл по итогам сдачи НКТ.

Диплом будет выдан не зависимо от того, сдадите ли Вы НКТ или нет. Спасибо!

21-04-2022 08-55-35   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6163
Саламатсыз ба? Универдің стоматологиясы бар ма?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Жоқ.

19-04-2022 12-49-32   Басқа

Сұрақ қоюшы: қызметкерден

Сұрақ № 6161
Дархан Нұрланұлы, салеметсиз бе! Өздеріңізге белгілі стипендия немесе форумдарда шақыруға әр институт приказды өзі шығарады. Менің наразылығым келесі мәселеде болып тұр:
1. Өзіңізге мәлім болса стипендия шығарарда қол жинаймыз заң бөлімінен бастап. Бірақта приказді тексертіп жүргенде заңгер бейсенбі күні басқа кісі отырады ол жөндеп береді, келесі күні әйел адам отырады, ол кісі өз поправкаларын еңгізіп қайтарып жіюерді. Ешқандай организованность жоқ.
2. Барлық директор департаменттерінен қол жинап болғанда, Мақтағали Абдимажитовичке барғанда хатшысы Майра "Академиялық істер жөнінде проректор" емес, "Академиялық мәселелер бойынша проректор", өзгертіңіздер! деп дөрекі формада жауап қайтарады.
СҰРАҚ:
Заң бөлімі қол қоярда неліктен барлығын тексеріп, қатетіні шығармайды?
Неліктен Мақтағали Абдимажитовичтің должностьі телефон анықтамасында бөлек, бірақ РЕКТОРАТ тарапынан келетін БҰЙРЫҚТА бөлек жазылады?
Организованность жоқтығынан директорат тарапынан біз-жәй қызметкер сөз естиміз. Қалай шешуге болады? Бас оқу ғимаратына да корпусымыз жақын емес. Міндетсіну жоқ, бірақ екі бет қағаз үшін екі ортада шапқылап жүріп-ақ сөз естиміз. Бұл сұрақтарымызға жауап қайтарылады деген ойдамыз. Рақмет!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз бойынша жауапты тұлғаларға тапсырма берілді. Қызметкердің дөрекі жауап беруі бойынша басшылық тарапынан ескерту жасалды. 

19-04-2022 09-57-44   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6160
Сәлеметсіздер ме? Кітапхана мәселесі ретке келіп қалған сияқты,алдында өтініш жазған едім, назарға алғандарыңызға рақмет. Тағы бір өтініш білдірсем, өздеріңізді осы орынға қойып көрсеңіздер. Үстіңгі этажда Акт залы орналасқан, концерт конференция кезінде мәдениетті кештер өтіп жатады, бірақ күнде артық дайындық,дүкілдеген музыка қатты кедергі жасайды, махаббат әнін тыңдап жалықтық таңнан кешке дейін сол бір әнге репитиция жасай береді,қатты кедергі келтіреді,репитицияны бүкіл далаға шығармай аз дауыста дайындалса,қажет десеңіздер аудиосын виеосы салып жіберейін , басқа студенттерге кедергі келтірмеуі керек деп білемін, акт зал тура кітапхана үстінде орналасқанын ескерсе екен деймін дайындық кезінде, рақмет!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Өтінішіңіз назарға алынды. Қазіргі уақытта Математика, физика және информатика институтындағы акт залында студенттеріміз 20 сәуір күні өтетін «Екі жұлдыз» іс-шарасына дайындық жүргізіп жатқандықтан, дайындықты тоқтата алмаймыз. Келтірілген уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Рахмет!

18-04-2022 12-47-37   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6159
Құрметті Дархан Біләлұлы! Филология және көптілді білім беру институты, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығында оқитын 4 курс студентіміз. Біз үшін қазіргі жүріп жатқан дайындық формасы тиімсіз. Үлкен аудиторияда әр студенттің қабылдауы, психологиялық жағдайы әртүрлі. Тыныш әрі жеке дайындалу пайдалырақ. Әр студент өз балы үшін, өз білімі үшін дайындалуы керек деп санаймыз. Нкт тестін платформада ноутбук арқылы жеке тапсыру және қосымша кітаптарды оқу үшін бізге аудиторияда бірігіп отыру кедергі келтіреді. Алыс жақтан келетін студенттер 8 де басталатын нкт дайындық үшін 5 те тұрып келуге мәжбүр.
Ректор ретінде студенттердің пікірін сұрап, ұйымдастыру тиімді болар еді.НКТ тест біздің болашағымызға әсер етеді. Ал бізге топпен, 8:00-ден 18:00-ге дейін шулы аудиторияда дайындалған тиімсіз. Сондықтан, біздің нәтижеге алаңдайтын болсаңыздар, біздің көзқарасты сұраңыздар. Адамның психологиясы мен қабылдауы әртүрлі екенін, зейінінің шоғырлану жері де өзге екенін ескеріңіздерші.
Құрметті Дархан Біләлұлы! Біздің ойды ескеріңізші!
Жауап:

Құрметті студенттер!  Өтініштеріңіз қарастырылды. Қазіргі уақытта түлектеріміздің  Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындығын күшейту үшін Филология институты білім алушыларды ҰБТ-ға дайындау бойынша кеңес беру жұмыстарын сағат 9.00-ден түске дейін, ал түстен кейін кеңес беру жекелеген топтарға және 3 аудиторияға бөлініп жүргізілетін болады. Сұрақтарыңыз бойынша институт басшыларымен хабарласып, толық  ақпарат алуларыңызға болады. Түлектерімізге ҰБТ-да  тек  сәттілік тілейміз!

18-04-2022 12-06-49   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Қалымбет Айзат

Сұрақ № 6158
Құрметті Дархан Біләлұлы! Филология және көптілді білім беру институты, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығында оқитын 4 курс студентіміз. Біз үшін қазіргі жүріп жатқан дайындық формасы тиімсіз. Үлкен аудиторияда әр студенттің қабылдауы, психологиялық жағдайы әртүрлі. Тыныш әрі жеке дайындалу пайдалырақ. Әр студент өз балы үшін, өз білімі үшін дайындалуы керек деп санаймыз. Нкт тестін платформада ноутбук арқылы жеке тапсыру және қосымша кітаптарды оқу үшін бізге аудиторияда бірігіп отыру кедергі келтіреді. Алыс жақтан келетін студенттер 8 де басталатын нкт дайындық үшін 5 те тұрып келуге мәжбүр.
Ректор ретінде студенттердің пікірін сұрап, ұйымдастыру тиімді болар еді.НКТ тест біздің болашағымызға әсер етеді. Ал бізге топпен, 8:00-ден 18:00-ге дейін шулы аудиторияда дайындалған тиімсіз. Сондықтан, біздің нәтижеге алаңдайтын болсаңыздар, біздің көзқарасты сұраңыздар. Адамның психологиясы мен қабылдауы әртүрлі екенін, зейінінің шоғырлану жері де өзге екенін ескеріңіздерші.
Құрметті Дархан Біләлұлы! Біздің ойды ескеріңізші!
Жауап:

Құрметті студенттер! Өтініштеріңіз қарастырылды. Қазіргі уақытта түлектеріміздің Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындығын жақсарту мақсатында Филология институты білім алушыларға қосымша кеңес беру жұмыстарын сағат 9.00-ден түске дейін, ал түстен кейін кеңес беру жекелеген топтарға және 3 аудиторияға бөліп жүргізеді. Сұрақтарыңыз бойынша институт басшыларымен хабарласып, толық  ақпарат алуларыңызға болады. Түлектерімізге ҰБТ-да  тек  сәттілік тілейміз!

Барлығы: 4046

« перв. ... < пред. ...  45  46  47  48  49 50  51  52  53  ... след. > ... посл. »

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Мамыр, 2024
4
Сәуір, 2024
10
Наурыз, 2024
5
Ақпан, 2024
20
Қаңтар, 2024
11
Желтоқсан, 2023
21
Қараша, 2023
19
Қазан, 2023
17
Қыркүйек, 2023
25
Тамыз, 2023
39
Шілде, 2023
29
Маусым, 2023
60
Мамыр, 2023
41
Сәуір, 2023
49
Наурыз, 2023
22
Ақпан, 2023
42
Қаңтар, 2023
68
Желтоқсан, 2022
55
Қараша, 2022
50
Қазан, 2022
62
Қыркүйек, 2022
52
Тамыз, 2022
33
Шілде, 2022
32
Маусым, 2022
49
Мамыр, 2022
139
Сәуір, 2022
64
Наурыз, 2022
45
Ақпан, 2022
46
Қаңтар, 2022
57
Желтоқсан, 2021
29
Қараша, 2021
43
Қазан, 2021
70
Қыркүйек, 2021
75
Тамыз, 2021
109
Шілде, 2021
79
Маусым, 2021
62
Мамыр, 2021
69
Сәуір, 2021
74
Наурыз, 2021
47
Ақпан, 2021
42
Қаңтар, 2021
68
Желтоқсан, 2020
61
Қараша, 2020
62
Қазан, 2020
42
Қыркүйек, 2020
48
Тамыз, 2020
57
Шілде, 2020
81
Маусым, 2020
88
Мамыр, 2020
65
Сәуір, 2020
86
Наурыз, 2020
57
Ақпан, 2020
37
Қаңтар, 2020
28
Желтоқсан, 2019
47
Қараша, 2019
72
Қазан, 2019
70
Қыркүйек, 2019
61
Тамыз, 2019
88
Шілде, 2019
47
Маусым, 2019
71
Мамыр, 2019
54
Сәуір, 2019
70
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений