06-05-2022 20-38-46
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6230 Саламатсызба. Менің қояр сұрағым осы емтиханға байланысты. ҚР Білім және Ғылым Министірлігінің 2022 жылғы 18 сәуірдегі №4-14-2,1549-И хаты туралы бүгін, яғни 6 мамырда көріп естіп отырмыз. Және ол хатты бізге бүгін жіберді. Біз қашықтан оқытуды таңдаған да айтты тек предзащитаға уелсіздер болды бәрі онлайн деп. Не үшін қашықтан тқытуды таңдадық? Себебі семья жағдайымыз, қаржымыз әр қалаға барып келуге жарай бермитындіктен. Және заманауи оқу шыққанына риза болдық, міне неді келіп ең соңында оффлайн диді. Біз Алматыдан жақында келдік, тіпті пойызбен жүріп үйіне бүгін жеткендер де бар. Енді ертең ол пойызға қайта міну керек пе? Кеше сол предзащитаға барғанда сұрадық нақтылап алайық деп,«онлайн»-деді. Енді бүгін айтып тұр оффлайн болады деп. Әр оқу орын студент мүддесін қорғауға тиіс деп ойлаймын. Біз бекерден бекер ҚО таңдамадық. Сіздерден өтініш емтиханымызды онлайн етіп бекітулеріңізді сұраймыз. Ең болмаса бәрін жібермесеңіздер, алыс облыстағылар онлайн болсын. Біздің сұранысымызды қаағаттандырасыздар деген ойдамын. Рахмет!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша институт басшылығымен хабарласуыңызды сұраймыз.
06-05-2022 20-08-55
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6229 Саламатсыздарма университет басшылығы! Осы хатымды оқып, жауап болады деген үмітпен жазып отырмын. ҚОТ білім алып жатырған студент едім, Ақтау қаласынанмын. Біздер осы уақытқа дейін барлық емтихандарымызды онлайн форматта тапсырып келдік. Енді бітірер жыл жақындағанда офлайн форматта деген хабар естіп жатырмыз. Ол сорақысы уақыт жақындағанда айтылып отыр. Біздер осы сәуір айының 27 күні Алматыға диплом алды дайындыққа қорғауға бардық, сол барғанда қайта қайта деканаттан сұрап өттік, алыстан келетін болғасын емтихандар онлайн формат болады деп қайтарды бізді. Енді үйімізге ауылымға қайтқаннан кейін емтихан оффлайн формартта болады Алматыға келіп тапсырасыздар, бұйрық солай деп шорт кесіп отырсыздар? Бұл қалай? Өзі қашықтықтан білім беріп жатырма емтиханыда қашықтықпен өтсін! Соны талап етеміз! Қайта қайта бара беруге қалтамыз көтермейді, қазір барлығы қымбатшылық, бір оқуды бітіріп шығу осыншама жыр болады деген ой келмепті басымызға. Алыстағы студент қыздарға емтихандар Онлайн форматта өткізілсін, талабымыз осы!
Жауап:
Құрметті студент! ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 18 сәуірдегі №4-14-2/1549-И хатына сәйкес ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау офлайн форматта өтеді. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін институт басшылығымен хабарласуыңызға болады. Рахмет!
06-05-2022 19-39-37
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6227 Салеметсизбе!Менин сурайын дегеним-егер студент жукпалы аурумен мысалы ветрянкамен ауырып калатын болса,сессияны уйден тапсырадыма алде барып тапсырадыма?егер справка корсететин болса,уйден тапсыруга боладыма?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Ауырғандығыңызды растайтын анықтамаларды тіркеп ректор атына өтініш жазыңыз, институт директораты қарастырады.
06-05-2022 14-48-55
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6226 Здравствуйте! До начала сессии осталась буквальна неделя, почему до сих пор нет расписание экзаменов? Институт филологии кормят завтраками
Жауап:
Здравствуйте! Расписания экзаменов утверждены. Просим обращаться к руководству своего института. Спасибо!
06-05-2022 14-18-39
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6225 сәлеметсізбе! біз онлайн форматқа өткен студенттер сессияныңда бізге онлайн болуын қалаймыз! біздің онлайнға шыққан себебіміз: жүктілік, денсаулық ақаулығы, біздің мамандықта бізден кейін курс жок болғандықтан академиялық жыл алу мүмкіндігі болмады. алыс аймақтан денсаулық ақаулығымен емханада жатқан студенттер бар. осы жаздық емтиханды онлайн форматтағы студенттерге онлайн болуын сұраймыз, түсіністікпен қарайсыздар деген ойдамыз
Жауап:
Құрметті студент! ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 18 сәуірдегі №4-14-2/1549-И хатына сәйкес ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау офлайн форматта өтеді. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін институт басшылығымен хабарласуыңызға болады. Рахмет!
06-05-2022 13-25-00
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6221 сәлеметсізбе! Бұл Абай атындағы Қазақ Ұлттық ПЕДАГОГИКАЛЫҚ университеті, ендеше неге педагогтар өздерін мәдени ұстамайды?! Султанова Жанагуль Сердалиевна бұл педагог шектен шығып кетті! Жеке басқа тіл тигізетіндей оның қандай қақысы бар? Сабағын оқып жүрсек, тыныш жүрсекте шектен шығып бара жатыр. Прошу разберитесь!
Жауап:
Құрметті студент! Шағымыңыз назарға алынды. Оқытушыға қатысты шағымыңыз міндетті түрде тексерілетін болады.
06-05-2022 13-19-37
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6220 сәлеметсізбе. бізге бүгін прокторингпен тапсыратын емтихандар аудиторияда өзіміздің телефонмен тапсыратынымызды хабарлады. 1. телефонмен тапсыру қателік, дұрыс белгіленбей сақталмайды, сондай жағдайлар болған телефонмен тапсырып дұрыс болмай летоға қалғандар. 2. менің ситуациямда біз 4 студентке 1 ноутбук кезек-кезек тапсырып жүрдік. Өтініш, қарастырыңызшы!
Жауап:
Құрметті студент! ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 18 сәуірдегі №4-14-2/1549-И хатына сәйкес ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау офлайн форматта өтеді. Ноутбукпен немесе смартфонмен тапсыруға мүмкіндігі жоқ студенттер үшін арнайы кезекші компьютерлік сыныптар ұйымдастырылған. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін институт басшылығымен хабарласуыңызға болады. Рахмет!
06-05-2022 13-13-18
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6219 Сәлеметсізбе! Прокторингпен тапсыратын емтихандар онлайн болуын талап етеміз! Өйткені, біріншіден аудитория бөлінгенімен компьютер бөлінмепті, әркім өз смартфонымен тапсырады екен. Смартфонмен мүмкін емес деп айтуға болады. Түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз!
Жауап:
Құрметті студент! ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 18 сәуірдегі №4-14-2/1549-И хатына сәйкес ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау офлайн форматта өтеді. Ноутбукпен немесе смартфонмен тапсыруға мүмкіндігі жоқ студенттер үшін арнайы кезекші компьютерлік сыныптар ұйымдастырылған. Сұрағыңыз бойынша институт басшылығымен хабарласуыңызға болады. Рахмет!
06-05-2022 08-17-34
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6218 Здравствуйте Уважаевмый Дархан Нурланович. Мы студенты 2го курса. Специальность иностранный язык: два иностранных языка. Требуем чтобы все (подчеркиваем ВСЕ) наши сессии были проведены в онлайн формате по всем предметам. Так как вы сказали что второкурсникам сессия будет в онлайн формате. Поверивь вашим словам, мы купили билеты. Эти билеты безвозвратные. Вы не подумали о последствиях? Мы подготовили видеообращение Господину К.К Токаеву и А.К. Аймагамбетову, о халатном отношений к студентам. Мы не будем терпеть такого отношения. В понедельник мы опубликуем видеообращение в сети инстаграмм, но нам бы не хотелось этого сделать. Надеюсь вы до этого предпримете какие нибудь меры и сделаете все как мы просим. и мы надеемся что вы поддержите студентов вашего вуза!
Жауап:
Уважаемый студент! В соответствии с письмом Министерства образования и науки РК от 18 апреля 2022 года №4-14-2/1549-И текущий контроль, промежуточная и итоговая аттестация проводятся в офлайн-формате. Ваше обращение направлено ответственным лицам на рассмотрение. Для получения ответа Вам необходимо обратиться к руководству института. Спасибо!
06-05-2022 02-36-48
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6211 Сәлеметсіз бе!
Мұғалім өзі сабаққа қатыспайды.Келе алмаймын деп те ескертпейді күтіп-күтіп қайтамыз.Осы семестрде сабақтарға барынша қатыстым.Бірақ ол кісі қалай бағалайды түсінбедім.Білгенімде сабаққа қатыспай рубежка күні келіп басқа оқушылар сияқты 85-90 баллымды алып риза болып отыра беруші едім.Ең ауыр болғаны мұғалімнің ара-қатынасы.Қалай мұғалім болып жүр егер оқушылармен тілдесіп, сөйлесе алмаса?
Ол кісімен сөйлесе де алмадық,аузымызды жауып тастайды,сөз бермейді.
Тыңдай алатын адам бар ма бұл университетте?
Шағым жазу керек болса оны да жазамын.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз назарға алынды. Міндетті түрде қарастырамыз.
06-05-2022 00-12-27
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6210 Добрый день, пишу повторно вам (от 21.04.2022 вопрос № 6164)
Я студент достанционного обучения, сдавал НКТ, не набрал пороговый балл, теперь эдвайзер заставляет сдавать платно еще раз. Я ранее говорил мне не нужен квал. тест. Я его сдал, не набрал пороговый далее сдавать платно не собираюсь, вы сами сказали ранее что если даже студент не сдаст, это не влияет на выдачу диплома. Переговорите со своими эдвайзерами, сделайте собрание, объясните своим подчиненным что заставлять они не имеют право. Платить за повторный тест я не собираюсь, он мне не нужен учителем я не буду, я буду работать по родственной специальности, в журналистике.
Жауап:
Здравствуйте! Если вы не сдадите НКТ или не наберете пороговый балл, это не повлияет на выдачу диплома. Спасибо!
05-05-2022 22-06-37
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6209 Саламатсыз ба! Бізге әлі сессияның расписаниясы шықпады,10 басталады деді.Егер қашан,қай пәннен екенін білмесек қалай дайындаламыз.Әрі біз онлайн форматта ғана өтіп жүргендіктен оффлайн бізге қиын!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сессияға қажетті ақпараттың барлығы "Univer" жүйесіне жарияланып, директорат және Тестілеу орталығы тарапынан хабарланды. Сұрағыңыз бойынша директорат қызметкерлерімен хабарласуыңызды сұраймыз. Рахмет!
05-05-2022 21-50-01
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6208 Салеметсіз бе құрметті ректорат!Көріп отқандарыңыздай көктемгі сессия оффлайн дастурли форматта өткізілетін болдый,бірақ студенттерден универге өз ноутбуктарымен,мегабайттарынды толыктырып келиндер деді.Сонда университеттің қауқары студенттерді құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге жағдайлары жетпесе неге оффлайн қылып жатыр.Ноутбугы жоқ студенттер не істейді?? Осы уақытқа дейін не онлайн не оффлайн екені жария болмады.Осының бәрі ұйымдастырушылықтың төменділігінен.Дорожный мәселесін қозғамай-ақ қойайық.Бірақ осындай кемшіліктердің бәрі университетімізге сын емеспе,білдей қарашаныраққа?!Жатахана мәселесін қозғап қозғап болдық,жағдайымызға қарамастан жатахана берілместен квартирадан квартираға көшіп қонып жүрміз. Осыны бір жақты қылсаныздар.
Жауап:
Құрметті студент! ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 18 сәуірдегі №4-14-2/1549-И хатына сәйкес ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау офлайн форматта өтеді. Ноутбукпен немесе смартфонмен тапсыруға мүмкіндігі жоқ студенттер үшін арнайы кезекші компьютерлік сыныптар ұйымдастырылған. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін институт басшылығымен хабарласуыңызға болады. Рахмет!
05-05-2022 20-55-48
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6207 Сәлемеосізбе!Сессия баллын автомат зачет алу үшін өтініш жазуға боладыма және қандай шарттар қажет?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша институт директоратына хабарласуыңызды сұраймыз.
05-05-2022 20-38-07
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6206 Өзіңіз сессия онлайн болады дедіңіз. Айтылған сөз, атылған оқпен тең. Соны жолдауымыз керек. Студенттерді ойламай әр түрлі шешім шығарып қажет емес. Сөзіңізде тұрыңыз.
Жауап:
Құрметті студент! ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 18 сәуірдегі №4-14-2/1549-И хатына сәйкес ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау офлайн форматта өтеді.
05-05-2022 20-33-57
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6205 Дархан мырза, сізден сессияны 2 курс студенттеріне онлайн өткізуіңізді сұраймыз. Біздің жағдайымыз жоқ, Алматыда жүріп тұру қымбат. Студенттердің жағдайын неге түсініп қарамайсыз? Неге министерстводан хат келсе де студенттердің сөзін жақтамайсыз? Біздер интернет желісіне Тоқаев мырзаға үндеу жолдаймыз, егер біздің (студенттердің) жағдайын түсініп, қолдау көрсетпейтін болсаңыз. Ректор болғасын жерде сіз біздерді қолдауыңыз керек деп ойлаймын. Түсініп қарауыңызды сұраймын. Біздер ескерттік, бізге қиын болғасын группамен осындай қадам жасаймыз.
Жауап:
Құрметті студент! ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 18 сәуірдегі №4-14-2/1549-И хатына сәйкес ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау офлайн форматта өтеді. Сұрағыңыз бойынша институт басшылығына хабарласуыңызды сұраймыз.
05-05-2022 20-16-06
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6204 Біз 1 курс студенттері 2021-2022 оқу жылдарында толық онлайн форматта оқып келіп,сонгы 1 ай уакыт калганда бізді оффлайн форматта оқуға шақырды.Біз 1 курс студенттеріне сессиялық емтихан мен мемлекеттік емтиханның оффлайн өтуіне түгелдей қарсымыз.Біздің емтихан онлайн форматты өтуін талап етеміз.
Жауап:
Құрметті студент! ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 18 сәуірдегі №4-14-2/1549-И хатына сәйкес ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау офлайн форматта өтеді. Ноутбукпен немесе смартфонмен тапсыруға мүмкіндігі жоқ студенттер үшін арнайы кезекші компьютерлік сыныптар ұйымдастырылған. Сұрағыңыз бойынша институт басшылығымен хабарласуыңызға болады. Рахмет!
05-05-2022 20-06-52
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6203 Біз 1 курс студенттері 2021-2022 оқу жылдарында толық онлайн форматта оқып келіп,сонгы 1 ай уакыт калганда бізді оффлайн форматта оқуға шақырды.Біз 1 курс студенттеріне сессиялық емтихан мен мемлекеттік емтиханның оффлайн өтуіне түгелдей қарсымыз.Біздің емтихан онлайн форматты өтуін талап етеміз.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 18 сәуірдегі №4-14-2/1549-И хатына сәйкес ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау офлайн форматта өтетінін хабарлаймыз. Сессияның форматына қатысты сұрақтар бойынша институт басшылығымен хабарласуыңызға болады. Рахмет!
05-05-2022 05-59-50
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6202 Сессия онлайн болуын калаймыз!!!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 18 сәуірдегі №4-14-2/1549-И хатына сәйкес ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау офлайн форматта өтеді. Сессияның форматына қатысты сұрақтар бойынша институт басшылығымен хабарласуыңызға болады. Рахмет!
05-05-2022 05-47-07
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6201 Сәлеметсіздерме! Сіздерден сұрайын дегенім шәкіртақы қайтқан жағдайда қай айдан бастап берілетін болады? Және тағы да сұрайтыным жазғы (лето) семестр онлайн түрде оқытылама? Әлде оффлайн ба? Сол (лето) жазғы семестрде оқитын сабақ бізде онлайн форматта өтіп еді?! Онлайнға өткізсек болады ма?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! ҚР Білім және ғылым вице министрі Қ.Ерғалиевтің 2022 жылдың 18 сәуірдегі №4-14-2/1549-И хатына сәйкес ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау офлайн форматта өтеді.
Шәкіртақы сұрақтары бойынша институт директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарына хабарласуыңызға болады.
Барлығы: 4046