Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректордың блогына қош келдіңіз!

 

 

Құрметті сайт қонақтары!
 
Ректор блогы университет студенттерімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер сұрақтарыңызды қойып, өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және үнемі талқылау университет басшылығының жемісті жұмысына көмектеседі.
 
Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.
 

Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

 
 
Электронды пошта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz
 
 
Ректордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы оқу жылы бойы әр айдың 1-ші және 3-ші жұмаларында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
19-05-2022 22-13-50   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6347
Сәлеметсізбе Дархан Нұрланұлы! Мен 1 курс студенті едім,аеро платформасы арқылы сессия тапсырып жатыр едім.1 емес бірнеше сабақтан пересдачаға қалдым,оның себебі универде интернет желісінің нашар болуы,аеро платформасының бірден бірнеше студент кіргеннен көтере алмай шығарып жіберуі болды.Сізден сұрарым біз пересдача тапсыратын кезде интернеті жақсы ұстайтын компьютерлік сыныпта немесе аеро платформасында тексеріс жүреді академиялық адалдықты сақтай отырып онлайн форматты интернеті жақсы ұстайтын жерде өзіміз тапсырсақ.Бірнеше сабақтан пересдачаға қалғанымыздан біз психологиялық күйзеліске түсіп жатырмыз,менің ғана емес бірнеше студенттерде солай.Біздің сұранысымыз қаралады деген ойдамын.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша институт басшылығымен хабарласуыңызды сұраймыз. Рахмет!

19-05-2022 11-44-00   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Мамырхан Аяжан

Сұрақ № 6346
Мен Мамырхан Аяжан Нұрланқызы Мәдени-тынығу жұмысы мамандығының 2-курс студентімін. Мен Сұлтанова Жаңагүл Сердалиевна кураторыма алғыс айтқым келеді. Себебі мен Жаңагүл апайдың арқасында театрға деген махаббатым ашылып, театрға баруды жиілеттім. Апайымның арқасында түрлі пьеса, поэма оқып білім алуға деген құштарлығым оянды. Өзімнің таңдап түскен мамандығыма деген махаббатымды ашты. Жаңагүл Сердалиевнаның арқасында көп нәрсе біліп, үйрендім. Жанагүл апайыма алғысым шексіз!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Оқытушыңызға алғыс білдіргеніңіз үшін рахмет!

18-05-2022 19-21-09   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6345
Сәлеметсіз бе,Дархан Біләлұлы!Мамыр айының 11-12-ші күндері тапсырылған сессия бағалары неге әлі универ жүйесіне қойылмай жатыр?Жазғы семестрге қалатын студенттер үйлеріне,ауылдарына барып келуі керек қой!Олар 10-күнге ауылдарына барып,келе алмайды ғой.Сондықтан,тесттің бағасы тезірек универ жүйесіне қойылуын сұраймын және талап етемін!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Хатыңыз жауапты тұлғаларға жолданды. Рахмет!

18-05-2022 14-36-56   Басқа

Сұрақ қоюшы: қызметкерлер

Сұрақ № 6341
Cәлеметсіз бе ректор мырза!!! Біз бір топ қызметкерлерміз, сіздің басқарып отырған университеттін. Бізде екі сұрақ бар: 1.Диплом көшірмелерін жасауда өте көп наразылық бар сайтынызда, қателер, уақытымен орындамау деген сияқты, ал енды сол жұмыста басқарып отырған Исабаева Нұрсагиля Байкеновна жазаланбайды, жанында журген быз сияқты адамдар сөз, ұрыс естудемыз. неге?
2. Келесім шарттын (жұмысқа алу туралы) үнемі министрлікке хабарласып создырып отырады, Жанбеков мырзада үстірт ұрысып қояды, түбі қорқуда... неге? әлде бізде министрліктен таныс табуымыз керек па, осылай жазасыз, зейнеткер болсада, сапасыз жұмысымызға сөгіс естімей жүретін? Нурсагиля Байкеновнанын орнына жұмысын орындауға көмекшілер үнемі беріліп отырады, өзі жаза алмайды, осылай қорғаштағанша орнына сауатты жас адам табуға болмайма? сізден, нақты жауап күтеміз. болмаса жоғары жақа шағымдануға мәжбүрліміз. сайттан осы жазғанымызды көреміз деп үміттенеміз, цензураға ұшырамай....
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Диплом дубликатына өтініш берілген уақытта Университет тарапынан уақытылы орындау міндеттелген, себебі бұл мемлекеттік қызмет көрсету санатына жатады және жоғары оқу орны тапсырысты ХҚКО (ЦОН) арқылы орындайды. Диплом бойынша құжаттарды рәсімдеу кафедра меңгерушілері мен білім беру бағдарламалары жетекшілерінің басшылығымен аға лаборанттарға жүктелген.

Хатта айтылған кемшіліктерді жою және диплом қосымшасын әзірлеуді ұйымдастырудың оңтайлы жүйесі қарастырылуда. Қызметкер Н.Б. Исабаеваның еңбек шарты ҚР Еңбек туралы кодексімен реттеледі.

18-05-2022 13-20-35   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6340
Сәлеметсіздерме! Сұрайын дегенім жазғы семестрді оқу қандай форматта? Онлайн форматқа ауыстыруға болады ма? Назарларыңызға рахмет!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Жазғы семестр офлайн форматта өтеді, толық ақпарат алу үшін институт директоратына хабарласуыңызды сұраймыз.

18-05-2022 12-03-41   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Даулетова Айгерим

Сұрақ № 6336
Салеметсизбе! Мен КДР мамандыгынын 2 курс студентимин. Эдвайзеримиз Жанагүл Сердалиевнага тускен арызды көріп жазып отырмын. Апайдын ар такырыпты сауатты тусиндируi мен сабак өту тактикасы студент ретинде маган унайды. Тек эдвайзер ретінде емес психологиялық тұргыдан да көмектесіп журетинине группаластарымнын барлығы куә. Өнерге берілген, өте мәдениетті, студентпен қалай жұмыс жасауды білетін осындай ұстаздар бізге қажет-ақ. Қаталдық пен мәдениетсіздікті шатастырмағанымыз жөн. Ескерерсіз деген үміттемін! Рахмет!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Пікір білдіргеніңіз үшін рахмет! 

18-05-2022 11-20-13   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6335
Қайырлы күн ҚазҰПУ! Сіздерге жақсы пікір қалдырғым келіп отыр. Сіздердің университеттеріңіз студеттерді жұмысқа орналастыруға жақсы көмектеседі екенсіздер, Жұмысқа орналасу бойынша жылда жақсы нәтиже көрсетесіздер. Өткен аптада Жәрмеңке өтіпті. Абай студенттері ғана емес басқа ЖОО студенттері де келіп жұмыс тауып кеттік деп жатыр екен.. Сіздерге оқуға түспегеніме өкінемін. Жұмыстарыңыз жандана берсін! Сәттілік
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сіз үшін университетіміздің есігі әрдайым ашық. Абай атындағы ҚазҰПУ-ға оқуға түсуге әлі де кеш емес. 20 маусым-25 тамыз аралығында университетіміздің қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастайды. Университетімізге оқуға түсуге шақырамыз. Пікір білдіргеніңіз үшін рахмет!

17-05-2022 21-17-54   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6334
Сәлеметсізбе, 4 курс предзащита күндері қашан белгілі болады? Басқа универлермен бірдей болып,ерте тапсыру немесе онлайн түрде тапсыруға боладыма? Ақылы түрде оқығасын, жүріп тұру, квартира, барып келудің өзі қиын болып жатыр.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша институт басшылығымен хабарласыуыңызды сұраймыз. Рахмет!

17-05-2022 20-48-23   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6333
Сәлеметсіз бе! Сұрайын дегенім 4 курс студенттері үшін стипендия қай айға дейін төленеді?Алдын ала рақмет!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Шәкіртақы төлеу шарттары туралы Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасының қызметкерлерінен білуіңізге болады. Байланыс тел.:291-30-67. 

17-05-2022 15-17-19   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Кайназарова Ж.

Сұрақ № 6331
Здравствуйте, г-н Билялов. Д, 06.05.2022 я написала письмо в Ваш блог, с просьбой о переносе сессии на онлайн формат, 10.05.2022 у нас прошло собрание с участием г-жи Абаевой Г.А и Аутаевой А.Н в результате чего дата сдача сессии была передвинута на неделю позже. Благодаря этому мы успели приехать на сессию и успешно по графику сдаем.

Жауап:

Здравствуйте! Спасибо! Руководство университета старается, по возможности, учитывать все просьбы обучающихся. 

17-05-2022 13-58-33   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6330
Сәлеметсіздер ме?
Қазақ тіл білімінде сөйлесім әрекетінің түрлерінің атауы: оқылым (reading), жазылым (writing), тыңдалым (listening), айтылым (speaking) болып термин ретінде бектілген және қалыптасқан. Ол туралы университетіміздің белгілі ғалымы ҚР ҰҒА корреспондет-мүшесі, педагогика ғылымының докторы, профессор, Ф.Оразбаева "Тілдік қатынас негіздері" атты оқулығынан білуге болады. Орыс тіліндегі "письмо" сөзі ағылшын тіліне "letter" және "writing" болып аударылады. Екі сөздің беретін мағынасы екі түрлі. Қазақ тілінен "Академиялық хат" ағылшын тіліне "Academic letter" деп аударылады. Осы себепті оқу бөлімінің Академиялық хат пәнінің атауын академиялық жазылым деп өзгертуін қарастырып берсеңізлер. Бұл тақырып қайтадан жабулы күйі қалмаса екен деп сенеміз!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым  - тіл үйрету әдістемесіне тән терминдер. Көрсетілген пән әдістеме емес, ғылыми жұмыстарды жазудың методологиясына арналған ғылыми курс. Сондықтан қазақ бөліміне арналған білім беру бағдарламасында "Академиялық жазу" деп берілген. Ағылшын тілінде өтетін топтарда "Academic writing" түрінде ағылшынша жазылған. 

17-05-2022 11-57-58   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6329
Сәлеметсіз бе! Менің қояиын деген сұрағым бар еді.
Қазіргі таңда бізге педпрактика балын төмен қойып жатыр НКТ балын есептеп қоямыз дейді.
НКТ*0,3
+пед мектеп*0,4
+педпрактика*0,3
Осылай есептеп бал қоямыз дейді бұл қалай сонда...
Сонда біздің 1жыл практикада жүрген еңбегіміз еш кетеді ме?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс деректері: 291-13-71, 291-71-06, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!

17-05-2022 11-20-48   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6328
Сәлеметсіздер ме! 12 мамыр күні кіре алмай қалған студенттерге 28 нен кейін бірақ 2 аптаның 1 күні қойылады деп айтыпсыз. Доступты 20 сына дейін ашып беруіңізді сұраймыз! Өйткені бізде қайтуға билет алып қойған студенттер өте көп. Қайта келіп жүре алмаймыз ғой. Қаншама ақшамыз кетеді дегендей. Сол үшін тестке доступты мамырдың 20 сына дейін ашып беріңіздерші
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін институт басшылығымен хабарласуыңызды сұраймыз. 
16-05-2022 23-51-06   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Еркін Назгүл

Сұрақ № 6327
Құрметті ректор!
ЖГИ-4 курс студенттері: Квал тесстен өтпей қалған студенттерге неге 3деген баға қойылуы керек.3 деген баға қойылсын деген қандай заңда жазылған. Студенттерді қорқытып, қинаудан шаршамадыңыздар ма? Неге тек рейтингті ғана ойлайсыздар, сонда біздің болашағымыз ше? Сонша1 жыл барып бәрін тастап мектепте таңнан кешке дейін 3 алу үшін жүрдік па. Бағаны қашан шынайы,әділ қойылады. Қаншама стресс. Неге сіздер студенттердің болашағын байлайсыздар? Өтініш пед.практика бағасын әділ қоюын сұраймын
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша Жаратылыстану және география институтының басшылығы тарапынан түсініктеме алынды.

Жаратылыстану және география институтының "Химия", "Биология", "География" мамандықтарының 4 курс студенттері сәуір, мамыр айларында Ұлттық біліктілік тестілеу тапсырып, тестілеу нәтижесі бойынша студенттердің 70-80% өткен. 4 курс студенттерінің педагогикалық практикасы 7 мамырда аяқталып, студенттерге практика барысында көрсеткен көрсеткіштері бойынша тиесілі бағалар қойылған. ҰБТ бағалары педпрактика бағаларына әсер еткен жоқ. 

Егер Сізге оқу барысында қысым жасалған болса, оқу орнымыздың академиялық мәселелер жөніндегі проректоры  Мақтағали Әбдімәжитұлы Бектемесовке хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс телефоны:+7 (727) 293-81-53. Рахмет!

 

 

16-05-2022 23-09-49   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6326
Құрметті ректор мырза. Біз 4 курс студенттері. Біз квал тесттен өтпей 1-2 балл жетпей қалғаны үшін бізге педпрактикадан 3 деген баға қойып жатыр. Неге әділетсіз бәрі. Біз сонда 1 жыл бойы күні бойын мектепте бекер сабақ өттік па, 3 деген баға алатын болсақ. Квал тестті әр студент өзі үшін ғой. Олай бағамызды түсіріп баға қоюға қарсымыз . ЖГИ студенттері.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша Жаратылыстану және география институтының басшылығы тарапынан түсініктеме алынды.

Жаратылыстану және география институтының "Химия", "Биология", "География" мамандықтарының 4 курс студенттері сәуір, мамыр айларында Ұлттық біліктілік тестілеу тапсырып, тестілеу нәтижесі бойынша студенттердің 70-80% өткен. 4 курс студенттерінің педагогикалық практикасы 7 мамырда аяқталып, студенттерге практика барысында көрсеткен көрсеткіштері бойынша тиесілі бағалар қойылған. ҰБТ бағалары педпрактика бағаларына әсер еткен жоқ. Сұрағыңыз бойынша оқу орнымыздың академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Мақтағали Әбдімәжитұлы Бектемесовтің қабылдауына жазылсаңыз болады. Байланыс телефоны:+7 (727) 293-81-53. Рахмет!

16-05-2022 22-08-56   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6325
Сәлеметсіз бе! Менің қояиын деген сұрағым бар еді.
Қазіргі таңда бізге педпрактика балын төмен қойып жатыр НКТ балын есептеп қоямыз дейді.
НКТ*0,3
+пед мектеп*0,4
+педпрактика*0,3
Осылай есептеп бал қоямыз дейді бұл қалай сонда...
Сонда біздің 1жыл практикада жүрген еңбегіміз еш кетеді ме?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша институт директоратына хабарласуыңызды сұраймыз. Рахмет!

16-05-2022 19-51-14   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6324
Сессиядан алған баға неге әлі аттестацияға қойылмай жатыр?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Толық ақпаратты Универ жүйесінен алуыңызға болады.

16-05-2022 10-54-38   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6323
Саламатсыз ба, біз 2 курс студенттері едік, бізде сессия практикалық түрде 3 сабақ өтіп жатыр еді, жақсы жазбаша жазып тимсқа салып, оны тек 5 күнге ашты әр бір сабақты, тек бізде үш сабақты да қатарынан кезек кезек қойған, 5 күн ішінде біз 3 сабақтын практикалығын жазып тимсқа салдық, тек енді бізде барлық уақытымыз, сол жұмыстарыд жазуға және салуға кетті енді, 3 ауызша сабақ бірден кезек кезегімен тұр, бізде мысалы бір сабаққа дайындаламыз, келесі күні екінші сабақ солай 3 сабақ тұр, 1 апта уақыт көлемінде, 3 сабақ жазбаша жазып, олардың әр қайсысынан 50 билеттен берілген, және оны ауызша дайындалуға адами тұрғыдан үлгермеудеміз, келесі жолы осы мәсселені болдырмасаңыздар, арасына тіпті 1 күн қалдырса да, әйтеуір аздап дайындалуға уақыт берілсе.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыздағы мәселені анықтап, Сізге толық ақпарат беру үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбеков хабарласады. Өтінішіңіз міндетті түрде ескеріледі. Рахмет!

 
15-05-2022 22-35-29   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6321
Добрый вечер! Пишет вам студентка ДОТ 2 курс. Хотела высказать вам своё недовольство. Как всем известно сессия будет проходить офлайн, но не у всех как оказалось. Ладно с этим мы уже все смирилась. Только один вопрос какие знания вы хотите проверить? Те что дал нам университет? Тогда вам не удастся. Я учусь в институте педагогики и психологии
У нас было собрание с ректором Абаевой на котором она лично извинилась за то что преподаватели некомпетентны. Наш куратор вечно нам грубит, на любой вопрос получаем только грубость. Когда мы поступали ваш сотрудник сказал нам у вас все будет дистанционно. Оказалось не все, 80 % дистанционно, а остальные 20% в универе. На вопрос почему именно сессия, а не лекции нам сказали что за нас мало платят. Тогда может всем обратиться в МОН для решения вопроса. Когда для педагога стали важны деньги, разве мы не должны учить детей бескорыстно. Я безумно рада что пришла к вам после колледжа, иначе была бы педагогом которому если мало платит, забивает на детей. Осенью я обратилась к своему куратору и университету по поводу ОСМС. Так как, сильно болела, а меня не принимали в больнице. Заплатить не могла, казначейство не принимало оплаты. Ведь я студент. На что универ сказал у нас ошибок нет. Я написала в МОН, и оказалось что ошибка была в НОБД. Но никто не хотел её исправлять. В частности Жаппар которому меня отправили в универе. Пока моя мама не позвонила и не повысила тон никто не исправил ошибку в НОБД. Просто хочется чтобы высшее учебное заведение могло дать будущему педагогу знания. И я рада что пришла к вам после колледжа, иначе ушла бы от вас без элементарных знаний о педагогике.
Жауап:

Здравствуйте! Ваше письмо для разъяснения ситуации и принятия соответствующего решения направлено проректору по академическим вопросам Мактагали Абдимажитовичу. Тел.:293-81-53. Спасибо!
 
15-05-2022 10-07-37   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6320
Сәлеметсіз бе,мамыр айының стипендиясы мен жол ақысы қашан беріледі?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Стипендия 20 мамыр күніне дейін беріледі. Жол ақысын рәсімдеу үшін білім алушылар барлық құжаттарды (теміржол, автобус билеттерін) тапсырғаннан кейін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті бұйрық шығарады. Бұйрыққа сәйкес жол жүру ақысы төленеді. Сұрағыңыз бойынша институт қызметкерлерінен қосымша ақпарат алуыңызға болады.

Барлығы: 4046

« перв. ... < пред. ...  39  40  41  42  43 44  45  46  47  ... след. > ... посл. »

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Мамыр, 2024
4
Сәуір, 2024
10
Наурыз, 2024
5
Ақпан, 2024
20
Қаңтар, 2024
11
Желтоқсан, 2023
21
Қараша, 2023
19
Қазан, 2023
17
Қыркүйек, 2023
25
Тамыз, 2023
39
Шілде, 2023
29
Маусым, 2023
60
Мамыр, 2023
41
Сәуір, 2023
49
Наурыз, 2023
22
Ақпан, 2023
42
Қаңтар, 2023
68
Желтоқсан, 2022
55
Қараша, 2022
50
Қазан, 2022
62
Қыркүйек, 2022
52
Тамыз, 2022
33
Шілде, 2022
32
Маусым, 2022
49
Мамыр, 2022
139
Сәуір, 2022
64
Наурыз, 2022
45
Ақпан, 2022
46
Қаңтар, 2022
57
Желтоқсан, 2021
29
Қараша, 2021
43
Қазан, 2021
70
Қыркүйек, 2021
75
Тамыз, 2021
109
Шілде, 2021
79
Маусым, 2021
62
Мамыр, 2021
69
Сәуір, 2021
74
Наурыз, 2021
47
Ақпан, 2021
42
Қаңтар, 2021
68
Желтоқсан, 2020
61
Қараша, 2020
62
Қазан, 2020
42
Қыркүйек, 2020
48
Тамыз, 2020
57
Шілде, 2020
81
Маусым, 2020
88
Мамыр, 2020
65
Сәуір, 2020
86
Наурыз, 2020
57
Ақпан, 2020
37
Қаңтар, 2020
28
Желтоқсан, 2019
47
Қараша, 2019
72
Қазан, 2019
70
Қыркүйек, 2019
61
Тамыз, 2019
88
Шілде, 2019
47
Маусым, 2019
71
Мамыр, 2019
54
Сәуір, 2019
70
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений