Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректордың блогына қош келдіңіз!

 

 

Құрметті сайт қонақтары!
 
Ректор блогы университет студенттерімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер сұрақтарыңызды қойып, өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және үнемі талқылау университет басшылығының жемісті жұмысына көмектеседі.
 
Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.
 

Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

 
 
Электронды пошта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz
 
 
Ректордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы оқу жылы бойы әр айдың 1-ші және 3-ші жұмаларында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
06-07-2022 18-11-31   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6465
Саламатсыз ба Ректор мырза
Мен ҰБТ дан 80 балл алдым
Маған екі шеттіл(мұғалім)дікке
Ректорлық грант бересіздерме.
Жауап:

Сәлемесіз бе! Оқу орнымызда ректордың гранты қарастырылмаған, ақылы оқитын білім алушыларға арналған жеңілдіктер бар. Қосымша ақпаратты Қабылдау комиссиясының сайтынан алуыңызға болады: https://abiturient.abaiuniversity.edu.kz. Рахмет!

06-07-2022 17-15-49   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6464
Сәлеметсіз бе. Мен 3-курс студентімін. Грант жайлы бухгалтериямен сөйлесейін десем мүлдем жауап бермейді. 1апта болды Шарапат апайдан жауап ала алмай отырғаныма. Хабарламаны көреді, бірақ жауап жоқ. Басқа бухгалтерияға қоңырау соқсам Шапағатқа кел дейді. Шапағатқа қоңырау соқсам, біз жауап бермейміз дейді. Мен басқа қаладанмын, қалай бара аламын?! Бір сұраққа жауап алуым үшін 1күн жол жүруім керек пе?!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Бос грант орындары туралы ақпарат алу үшін Сіз институт директорына немесе директордың оқу iсi жөнiндегi орынбасарымен хабарласуыңызға болады. Институт басшылығының байланыс деректері келесі сілтемеде берілген: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/3/page/ . Сондай-ақ, 2021/2022 оқу жылы бойынша босаған білім беру грантының бос орындарына арналған конкурс туралы ақпарат оқу орнымыздың сайтында жарияланатын болады. Рахмет!

04-07-2022 18-18-29   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6462
Сәлеметсіздер ме! Біз Қазұпу студенттері қазіргі таңда "Жасыл ел" және "ССО"(стройотряд) бойынша жұмыс жасаймыз. Ремонттардың жүруіне байланысты бізді номер 8-жатақханаға орналастырды. Бұл жатақхананың техничкалары жоқ, дәліз бен бөлмелерде таракандар үнемі толып жүреді, тазалық жұмыстары дұрыс жүргізілмейді. Вахтада отырушы апайлар студенттерге түсіністікпен қарай алмайды, ол кісі де біреудің анасы болғандықтан студенттер ол кісілерге құрметпен қарағандықтан, бізге де өз баласындай түсіністікпен қарауды сұраймыз! Бізді жақын арада басқа жатақханаға орналастыруын сұраймыз!!! Таза емес, лас жатақханада тұрғымыз келмейді! Осы жөнінде шешім қабылдасаңыздар!!!Ректоратқа бірнеше рет кірген соң да, шара қолданған жоқ!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Оқу жылының аяқталуына байланысты диплом алушы түлектер, жазғы семестр студенттері, шетелдік студенттер және жазғы еңбек маусымы студенттерін жатақханамен қамтамасыз ету үшін университетіміздің үлкен жатақханасы 8-ші жатақханаға орналастыру туралы шешім қабылданды. Сіздердің талаптарыңыз бойынша жатақханада дезинфекция жұмысы жүргізіліп, жатақхана қызметкерлерімен түсіндіру жұмысы жүргізілген болатын. Қазіргі уақытта оқу орнымыздың басқа жатақханаларында жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлаймыз. Сұрағыңыз үшін рахмет! 

04-07-2022 17-54-39   Басқа

Сұрақ қоюшы: сотрудница

Сұрақ № 6461
здравствуйте, ректор!!! мы уважаем все ваши действия, ваше видение работы. университет значительно улучшился, как говорится привели в порядок, вам за это огромное спасибо. чувствуется смелость, креативность. с 7 июля наш город входит в желтую зону по ковид 19, это значит что сотрудники пенсионеры перейдут на дистанционную работы, это касается не ППС, а тех кто непосредственно в студенческом отделе, офисе студентов, ЦОС и т.д. нас радует, что мы молодые конечно, но думаю содержать состав пенсионеров в таких заживленных отделах нет смысла, нужны молодые и подвижные сотрудники, которым можно вакцинироваться и работать оффлаин. прошу вас пересмотреть договора с сотрудниками пенсионного возраста, получать меньше заработную плату чем они и выполнять их работу, если честно нам надоело, простите конечно, но накипело. заранее спасибо
Жауап:

Здравствуйте! НАО «Казахский национальный​ педагогический университет​ имени Абая»​ (далее - Общество)​ благодарит Вас за обращение, направленное на улучшение условий труда и повышение эффективности работы.​
Вместе с тем сообщаем, что постановление Главного государственного​ санитарного врача г. Алматы от 4 июля 2022 года № 6 «О мерах по предупреждению распространения короновирусной инфекции на территории города Алматы» переход​ сотрудников,​ достигших пенсионного и (или) предпенсионного возраста, на дистанционную работу не предусматривает.​
Кроме того, отмечаем, что в соответствии​ со​ статьей 6 Трудового кодекса Республики Казахстан каждый гражданин имеет равные возможности в реализации своих прав и свобод в сфере труда. ​

03-07-2022 22-13-37   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6459
Сәлеметсіз бе? Менің қоятын сұрағым, допгрантпен ауысып келіп, жазда оқып жатқан студенттерге сессия онлайн болады ма? Біз онлайн болуын сұраймыз. Себебі, бірінші семестрде осы пәндер бойынша онлайн болған және дәл қазіргі уақытты барлығы дерлік алыс жақта. Осыған жауап беріп өтсеңіз.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Емтихандар онлайн болады.

02-07-2022 13-33-35   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6458
Здравствуйте. К кому я могу обратиться по поводу восстановления диплома об окончании? Утерян при переезде. Могу ли я получить дубликат документа? Если я знаю серию и номер своего документа? У меня сохранились фото документа. Заранее спасибо за ответ.
Жауап:

Добрый день! Вам надо обратиться с заявлением в ЦОН. Спасибо!

29-06-2022 16-40-05   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6457
Сәлеметсізбе! Біздің университетте неге қызыл дипломға госэкзамендерге қарайды? Заң бойынша қазір тек gpа баллға қаралынады екенғой, Мысалы Еуразия Ұлттық университетінде gpa баллы 3,5 жоғары студенттерге қызыл диплом беріліп жатыр. Ол нәрсені әр университет өзі шешема?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Университеттің Академиялық саясатының 368, 369 тармақтарына сәйкес:
368. А, А- «өте жақсы», В+, В, В -С+ (С+ 2019 ж. 1-ші қаңтардан бастап), «жақсы» бағаларымен емтихан тапсырған және оқудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ кешенді мемлекеттік емтихан тапсырған немесе А, А- «өте жақсы» бағаларымен дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлық бойынша бағаны есепке алмағанда) беріледі.
369. Оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсыруы немесе қайта тапсыруы бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.

 

28-06-2022 15-48-07   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Дроздова

Сұрақ № 6456
Здравствуйте? прошу обратить внимание на мое письмо, я закончила ваш вуз 2002 году, получила дубликат в прошлом году, так в районном отделе по Смоленской области идут массовые проверки дипломов о высшем образовании, меня значит вызвали в районо и отчитали как маленькую девочку за ошибки в дипломе, т.е. в дубликате выданном в прошлом году, куча ошибок, выписан от руки, квалификации не правильна, специальность шифр не тот, как так!!!! кто занимается дубликатами дипломов!!! ужасно и стыдно!!! за безграмотных сотрудников которые подводят вас, прошу с этим разобраться. заранее спасибо
Жауап:

Здравствуйте! Просим обратиться к директору Департамента по академическим вопросам Хайрулле Нышановичу Жанбекову. Тел.: 291-13-71. 

27-06-2022 14-37-25   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6455
Сәлеметсіз бе! Егер 1 курс 1 сем 1 пәннен С+ болса қызыл дипломға үміткер бола аламын ба? 2018-2022 жылғы түлекпін.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Институт басшылығымен хабарласуыңыз қажет. Рахмет!

27-06-2022 11-17-46   Басқа

Сұрақ қоюшы: Тойбек Серік

Сұрақ № 6454
Құрметті ректор мырза! Сіздерге үш хат жазып, әлі күнге дейін жауап алалмай отырмын. Бір хатымнын заң бойынша жауап беретін мерзімі өтіп кетті, ал жазған екі хатыма Сіздің жұмыскерлеріңіз жауап бермей отыр. Егерде жауап болмаса мен прокуратураға, Білім министірлігіне және әлеуметтік желіге осы сұрақ бойынша хабарласам.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Хатыңызда нақты қандай мәселені қарастыру керек екені толық жазылмағандықтан, сауалыңызды rector_blog@abaiuniversity.edu.kz электронды поштасына жолдауыңызды сұраймыз. 2022 жылға Ректор блогына Сіздің атыңыздан хат түспегендігін мәлімдейміз. Рахмет!

24-06-2022 08-58-52   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6449
Сәлеметсіз бе Ректор мырза!
Мен "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша білім алып жатқан 2 курс студентінің анасымын.Балам әскери кафедраға құжаттарын тапсырып қойған. Бізге әскери кафедраның маңыздылығы өте жоғары. Өзіміздің жоғары оқу орнында кафедраның жабылуына байланысты, құжаттардың бәрі аграрлық университетке ауысып жатқан екен. Бірақ ол тек бірінші курстарға ғана дейді. Сонда біздің екінші курс студенттері далада қалып жатыр. Мұндай әділетсіздікті болдырмауыңызды сұраймыз. Осы проблеманы шешуге бізге көмектесіңіз. Біз, бірнеше ата ана жазбаша өтініште дайындап жатырмыз
Жауап:

Құрметті ата-ана! 2021-2022 оқу жылында әскери кафедраға қабылданған студенттер оқуын толығымен аяқтайды, яғни оқуын жалғастырады.
 
Әскери кафедрада 2023 жылы студенттер оқу-жаттығу жиындарынан (кәсіптік практикасынан) өтеді және әскери кафедра түлектеріне «запастағы лейтенант» әскери атақтары беріліп, олардың жеке істері жергілікті әскери басқару органдарына есепке қойып жіберілгенге дейін әскери кафедра өз жұмысын атқарады. 
 
Жаңа оқу жылында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың әскери кафедрасына талапкерлерді қабылдау жүзеге асырылмайды. Рахмет!  
22-06-2022 08-05-09   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6447
Сәлеметсіз бе! Сізден сұрарым, оқытушы түнгі 12 де студенттерді іздеп, 10 шақты тапсырманы түске дейін жібер деп айтуы дұрыспа? Бұл мұғалімдік этикаға жатпайды! Біз ол кісіге күні бойы жазғанда, ол кісі қабылдамаймын деп қарсы шықты. Кейіннен ол кісі түнгі 12 де жазып, іздеп, түске дейін жіберіңдер түгелімен дейді. Ол жерде 10 шақты тапсырма. Жарайды ұйықтамай жасасақта жасаймыз, бірақ бұл адам құқығын бұзу! Педагогика Психология факультетіне ескертсеңіз.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Шағымыңызды қарастыру үшін оқытушының аты-жөні, пәннің атауы мен мамандығыңыз туралы толық ақпарат көрсетуіңізді сұраймыз. Рахмет!

21-06-2022 19-01-04   Басқа

Сұрақ қоюшы: Малика

Сұрақ № 6446
Сәлеметсіз бе! Сіздің жауабыңызды түсінбедім (сұрақ нөмірі 6399). Бізге Клара Толемисовна жаздық демалыстың ақысын 1,5 ставкаға төлейміз деп едіғой, 200ден аса ПОҚ алдында. Сол онлайн жиналыста тіпті ЗУМ запись қосылып тұрған. Сонда бізге 1 ставкаға ғана төлене ма? Қай ақпарат дұрыс?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сіздің сұрағыңызға жауап ретінде толық ақпарат ZOOM платформасында проректормен кездесуде ұсынылды. Қосымша ақпарат алу үшін Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасына хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-90-12. Рахмет!

21-06-2022 14-17-56   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Абаева Кәмила

Сұрақ № 6445
Қайырлы күн!

Маған WhatsApp мессенджеріне мынадай хабарлама келді, ал оны жіберген Daryn.Online менеджері

"Қайырлы күн!
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің студенті!

Бұл хабарламада айтылған қадамдарды орындау өте маңызды!

Студенттерді платформаға тіркеу жұмыстары жүріп жатыр! Бізге филология, шет тілдері,қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, аударма ісі мамандықтарында оқитын студенттер репетитор ретінде бүгіннен бастап қажет көбірек қажет!

Бұл хабарламаны оқуға 1 минут, біз айтқан қадамдарды орындауға 5 минутыңыз кетеді. Бірақ өте маңызды екенін ескертеміз!

Университетіңіз сіздің контакттіңізді репетитор бола алады, тіркеу керек деп сеніммен жіберген болатын! Біз жасап жатқан жобаға қолдау білдіруіңізді сұраймыз! " (жалғасы бар, ол жерде платформаға тіркелу қадамдары жайлы айтылады).

Мырза, енді осы мәтіннің құрылымы бойынша менің бірнеше келіспейтін тұстарым бар:
1). Университеттің атын пайдаланып, маркетингтік ход ретінде қолдану ЖОО-мыздың абыройына қаншалықты теріс әсер етеді. Білім алушы ретінде менің жеке номерім, менің жеке ақпаратымды университет таратады екен деген пікір қалыптасуы мүмкін.
2). Мәтіннің месседжі - бұйрық ретінде жазылған, яғни университет осы Дарын Онлайн платформасына тіркелуге міндеттімін деп ойлауы мүмкін.
3). Тағы да бір маркетингтік ход ретінде "университетіңіз сіздің контактіңізді репетитор бола алады" деген психологиялық триггерді қолданып, жалған нәрсе айтып тұр.

Жалпы мәтіннің мазмұны "Сен ҚазҰПУ студентісің сондықтан осыларды орында, бұл универдің бұйрығы" дегенге саяды.

Білім беру платформасы мен университетіміздің арасында ынтымақтастық орнатылған шығар, бірақ мұндай теріс мақсатта қолдануға жол бермеуіңізді сұраймын.

Мен бұл хабарламаға "Қайырлы күн! Менің жеке мәліметтерді мен рұқсат бермегендерге таратқаны үшін шағымданамын! ескеріңіздер!" деп жауап бердім және мәселенені нақтылау үшін сол номірге хабарласып едім. Сбрасывать етті де, ақыры мені блокировать етті.

Қысқасы, менің ойымша, университеттің атын қолдана отырып, DarynOnline платформасы коммерциялық мақсатты орындаудың, табыс табудың арам жолын қолданды.

Менің бар қалауым - басқа студенттер алданып, университеттің шараы екен деп коммерциялық жобаның құрбаны болмауы. Қалаған адам өзі репетитор, тютор болып тіркеледі.
Ол үшін өтірік құрастырып, триггерлермен алдаудың қажеті жоқ.

Осыны ескеруіңізді өтінемін.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Университетке қатысты ақпаратты тек институт директораты жолдайды немесе университет сайтында орналастырылады.

20-06-2022 22-15-51   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6444
Саламатсыз ба. 4 курс студенттеріне стипендия шілде айына да береді ме?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасына хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 2913754.

20-06-2022 16-17-13   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6441
Құрметті университетіміздің ректоры Дархан мырза!
Біз бітіруші түлектер ең алғаш ашылған Ұлттық Педагогикалық университетіміздің диплом мұқабасының дизайны өзгертілгенін қалаймыз! Жай ғана құжат болып көрінгенімен біз үшін ол үлкен еңбектің жемісі! Әрі біздің университеттің абыройы деп білеміз! “Жаңа Қазақстанда” зайырлы мемлекетте студенттің үні естілсе екен! Парақшаларда “опрос” жасалса, 100% қолдайды студенттер! Бітіруші магистранттардың диплом мұқабасын қызғылт қоңыр түсті болғанын қалаймыз. Тура сондай көк болса, бакалавриаттан айырмашылығымыз қандай? Креативті студенттер де аз емес, барынша үлес қосуға әзірміз! Бізді естуіңізді сұраймыз! Аз ғана уақытта ең болмағанда түсі қоңыр қызыл болса, 2020 жылға дейін қоңыр қызыл болатын!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз ескеріледі. Рахмет!

20-06-2022 11-25-30   Басқа

Сұрақ қоюшы: Магистрант

Сұрақ № 6439
Саламатсыз ба, құрметті ректор мырза. Осындай сұрақ болған еді. Бірақ берген номерлер бойынша ешкім ешқандай жауап бере алмай жатыр. Сонымен де жауап бермей басқа номерлерді беріп осыған хабарласып көр деп бір жерден екінші жерге жібереді(
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сізде қандай мәселе? Сіздің өтінішіңізді қарастыру үшін сұрағыңызды нақтырақ қоюыңызды сұраймыз.

19-06-2022 21-46-46   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Анон

Сұрақ № 6438
Сәлеметсіз бе, дорожка жайлы сұрацын деп едім, дородка тек пойыз самолет қа билеттіткөрсету арқылы ғана беріледі, ал мен Алматы обл Жаркент каласыныкімін, біз жаққа только такси ғана жүреді.Сонда бізге жол ақылы берілмей ма?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасына немесе институт директораты қызметкерлеріне хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 2913754.

18-06-2022 16-18-42   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6437
Сәлеметсіз бе? Құрметті ректор мырза. Мен 4 курс студенті боламын. Бізге НКТ тестінен шектік балл жинай алмай қалған студенттер 1 шілдеге дейін тест тапсырып сертификатын өткізіңдер, әйтпесе диплом берілмейді дейді. Бұл ақпарат қаншалықты рас? Ал НКТ ға өтініш беру шілде айынан бастап ашылады, ал тестілеу шілде айының ортасында болады деген Testcenter орталығы. Осыған жауап берсеңіз. Рақмет!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Дипломды табыстау рәсімі 2022 жылдың 17 маусымында университет басшылығының келісімімен бекітілген кесте бойынша әрбір институт жеке-жеке өткізетін болады. Өтінішіңізге байланысты толық ақпаратты 87024072674 нөмеріне хабарласып алуыңызға болады. Рахмет!   

18-06-2022 00-15-20   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6436
Сәлеметсіз бе, Дархан Нұрланович. Бітіруші бакалавр түлектері үшін қызыл диплом алудың нақты критерийін қайдан білуге болатынын айтсаңыз. Себебі, нақты критерийлерді ешкім айтпай отыр, әр жерден әртүрлі ақпараттар алудамыз!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Университеттің Академиялық саясатының 368, 369 тармақтарына сәйкес:
368. А, А- «өте жақсы», В+, В, В -С+ (С+ 2019 ж. 1-ші қаңтардан бастап), «жақсы» бағаларымен емтихан тапсырған және оқудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ кешенді мемлекеттік емтихан тапсырған немесе А, А- «өте жақсы» бағаларымен дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлық бойынша бағаны есепке алмағанда) беріледі.
369. Оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсыруы немесе қайта тапсыруы бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.
Барлығы: 4046

« перв. ... < пред. ...  35  36  37  38  39 40  41  42  43  ... след. > ... посл. »

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Мамыр, 2024
4
Сәуір, 2024
10
Наурыз, 2024
5
Ақпан, 2024
20
Қаңтар, 2024
11
Желтоқсан, 2023
21
Қараша, 2023
19
Қазан, 2023
17
Қыркүйек, 2023
25
Тамыз, 2023
39
Шілде, 2023
29
Маусым, 2023
60
Мамыр, 2023
41
Сәуір, 2023
49
Наурыз, 2023
22
Ақпан, 2023
42
Қаңтар, 2023
68
Желтоқсан, 2022
55
Қараша, 2022
50
Қазан, 2022
62
Қыркүйек, 2022
52
Тамыз, 2022
33
Шілде, 2022
32
Маусым, 2022
49
Мамыр, 2022
139
Сәуір, 2022
64
Наурыз, 2022
45
Ақпан, 2022
46
Қаңтар, 2022
57
Желтоқсан, 2021
29
Қараша, 2021
43
Қазан, 2021
70
Қыркүйек, 2021
75
Тамыз, 2021
109
Шілде, 2021
79
Маусым, 2021
62
Мамыр, 2021
69
Сәуір, 2021
74
Наурыз, 2021
47
Ақпан, 2021
42
Қаңтар, 2021
68
Желтоқсан, 2020
61
Қараша, 2020
62
Қазан, 2020
42
Қыркүйек, 2020
48
Тамыз, 2020
57
Шілде, 2020
81
Маусым, 2020
88
Мамыр, 2020
65
Сәуір, 2020
86
Наурыз, 2020
57
Ақпан, 2020
37
Қаңтар, 2020
28
Желтоқсан, 2019
47
Қараша, 2019
72
Қазан, 2019
70
Қыркүйек, 2019
61
Тамыз, 2019
88
Шілде, 2019
47
Маусым, 2019
71
Мамыр, 2019
54
Сәуір, 2019
70
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений